Отамалы (әңгіме)


Бұл түнді Отамалы ұмытпайды, Бұл Отамалы туғалы болған ең ұзын түн



бет27/35
Дата06.01.2022
өлшемі62,39 Kb.
#11675
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   35
Бұл түнді Отамалы ұмытпайды, Бұл Отамалы туғалы болған ең ұзын түн.

Бұл түн ерте басталып, кеш бітті. Бірақ бәрін бітіріп барып бітті. Түннің тең жартысын Отамалы ессіздікте өткізді. Өзінің қалай жылжып келе жатқанын я құлаған-құламағанын, үсіген-үсімегенін — бірін білген жоқ. Тек мұның бірнеше айға созылған қара, сондай қара, қап-қара түн екенін білді. Сірә, түн жер бетіне біржолата орнап қалған екен деп ойлады. Өзі туғалы өткен барлық түндерді қосқанда да мына түннің ұзақтығына жете алмас.

Алғашқы қараңғы түскен кезде-ақ Отамалының қолынан жан кетіп еді, бірақ ұстаған таяғы таңертеңге дейін түсіп қалмапты. Таң атқан соң бір шай ішімнен кейін ғана қолына қараған; ол таяғының жоқ екенін көрді. Енді ит қойдың алдына шығуды да қойды, қожасының алдында таяқ тастам жерде келе жатыр.

Қойлар жүрісті азайтты. Бірақ боран да, жел де, аяз да күшін кемітпеді. Көкек айы қаңтарға айналып кетті. Күн сайын бір көрпе төсегендей жер беті қалыңдай берді. Қойлар қарға төстерімен жүзе жылжиды. Отамалы әрең жүріп келеді. Бір жағынан ажалдай ұйқы қысады. Ендігі ұйқы ажал екенін далада туғандардың бәрі біледі. Айнала жарық болған кезде ғана-ол өзіне-өзі келгендей. Жарық бұған аздап жан беріп, тірілткендей. Жарық та үлкен сүйеу екен ғой. Енді жел қанша үріп шәуілдегенімен, тобыр тұралап қалыпты.

«Түннен қойлардың қаншасы қалды екен?» — деп ойлады Отамалы біраздан кейін. Қойларға көз жіберіп еді, топ кішірейген тәрізді. Бірақ ол көзіне сенгісі келмеді. Жаман ойды басынан қуып, басқа нәрсеге алаңдауға күш салып

бақты.

Аспан іріп кеткен. Сірә, аспан орнында жоқ шығар. Отамалы туғалы елу бес жыл мыңқ етпей тұрған аспан, тіпті мұның ата-бабаларының тұсында да берік тұрған аспан, құлаған шығар? «Аспанның аржағы толған боран деуші еді, сірә, солар жер бетін көміп салған шығар? Дүние өзгерген шығар? Ақырзаман болады дейтін еді, сол емес пе екен?! Ендеше, тырысып не керек? Олай болса, құстар ұшуын, кесіртке жорғалауын, өзен ағуын қояды. Осы астымдағы жер қар жамылған болып, сылтаумен кетіп қалған жоқ па екен?!»

Ойына сенгені соншалық, ол жерге жата қалып, қолдарымен қарды қолапайсыз арши бастады. Мұз қолын тіліп кетті, бірақ оған да қараған жоқ, арши берді. Көзіне ақырында қатқан топырақ шалынды.

Отамалы түрегеліп, ойының ессіздігіне таңырқады. Қойлардың соңынан тәлтіректеп тағы жүріп кетті. Енді ол аяқ емес, екі келсап сүйретіп келе жатқандай. Саусақтарда жан жоқ. Денедегі қан да жүрісін жайлатыпты. Олар иық пен тізеден әрі бармай оралатын сияқты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет