Оқулық Алматы, 2014 2 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет32/47
Дата31.03.2017
өлшемі9,2 Mb.
#10684
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   47

Оттегі тасымалдау жүйесі

Жүзу  кезіндегі  физиологиялық  ерекшеліктердің  көпшілігі 

организмнің суда болу реакциясымен (су иммерсиясы), дененің го-

ризонталды қалпымен, денеге қоршаған ортаның қысымы, қолдың 

басым жұмыстарымен негізделген. 

Сыртқы  тыныс.  Жүзгіштерге  жоғары  өкпенің  тіршілік 

сыйымдылығы  (ӨТС)  тəн:  жоғары  класс  ер  жүзгіштерде  –                       

5-6,5 л, əйелдерде – 4-4,5 л. Жүзумен айналыспайтын сол жас пен 

жыныстағы  адамдарға  қарағанда  орта  есеппен 10-20% жоғары. 

Жүзгіштердің тыныс бұлшық ет күші мен өкпенің сыйымдылығы да 

кəдімгі мөлшерден 8-15% көп. 

Ауа ортасында тыныс алудан ерекшелігі суда тыныс алу көлемі 

тыныс алудың қосымша көлемін (ТАҚК) пайдалану есебінен артады. 

Тыныс шығарудың қосымша көлемі (ТШҚК) 1 л-ге дейін (ауа ортасы 

жағдайында 2,5 л-ге дейін) азаяды. Тыныс алу деңгейі функциялық 

қалдық сыйымдылықты азайта қалдық көлем жағына жылжытыла-

ды. Нəтижесінде суда тыныс алу кезінде альвеолалық ауа құрамы əр 

тыныс циклі кезінде өте елеулі өзгереді. Максималды аэробтық жүзу 

кезіндегі (ОМП деңгейінде О

2

 пайдалану) альвеолалық вентиляция 



құрғақтағы максималды аэробтық жұмыс кезіне қарағанда жоғары. 

Тыныштық күйде жəне белсенді жүзуде су иммерсиясы кезінде 

тыныс жолдарындағы ауа ағымының кедергісі 50%-дан аса артады 

жəне  тыныс  бұлшық  ет  белсенділігінің  жоғарылауын  талап  етеді. 

Кролль  əдісімен  жүзу  кезінде  тыныс  алатын  ауаның  əр  литріне 

оттегінің қосымша мөлшері 1,3-2,8 мл-ге жетеді. 

Жүзу  кезінде  тыныс  алу  жүзу  (есу)  циклдерімен  синхрондала-

ды: тыныс алу фазасы ұзақтығы азаяды, ал тыныс шығару ұзарады 

жəне  көбіне,  су  астында  (брасс  əдісімен  жəне  шалқалап  жүзуді 

қоспағанда),  яғни  ауа  ортасына  қарағанда  көп  кедергіге  қарсы 

(қосымша шамамен, 50-100 мм сынап бағанасы) жүргізіледі. 

Оттегіні  субмаксималды  пайдаланумен  жүретін  жүзу  кезінде 

өкпе вентиляциясы, тыныс коэффиценті, О

2

 пайдалануымен байла-



нысты артериялық қанның оттегімен қанығу пайызы мен парциалдық 

кернеуі шамамен, тредбанда жүгіру немесе велоэргометрде жұмыс 

кезіндегі сияқты болады. 

Максималды  аэробтық  жүзу  кезінде  О

2

  вентиляциялық 



эквиваленті баламалы (аналогты) жер үсті жұмысы кезіне қарағанда 

346

төмен  болады.  Мұндай  салыстырмалы  гиповентиляцияның  себеп-

тері  тыныс  экскурсиясын  қиындататын  кеуде  қуысына  судың 

қысымы, тыныс алудың жүзу ырғағына (есу қозғалысының жиілігіне) 

тəуелділігі сияқты ерекше механикалық жағдайлар болып табылады. 

О

2



 пайдаланудың бірдей деңгейі кезінде өкпе вентиляциясы кролль 

əдісімен жүзуде жүгіруге немесе шалқалап жүзуге қарағанда көбіне 

30%-ға азырақ келеді. Максималды аэробтық жүзу кезінде де өкпе 

вентиляциясының орташа мөлшері максималды аэробтық жүгіруге 

(«жердегі» ОМП деңгейіне) қарағанда төмен. Жүзу кезінде жүгіруге 

қарағанда тыныс жиілігі сирек мəнге ие. 

Салыстырмалы  гиповентиляцияға  қарамастан  жүзу  кезінде 

артериялық  қандағы  парциалдық  кернеу  мен  О

2

  мөлшері  шама-



мен,  жер  үсті  бұлшық  ет  əрекеттері  кезіндегідей.  Бірақ  максимал-

ды аэробтық жүзу кезінде максималды аэробтық жүгіруге қарағанда 

альвеолалық-артериялық О

2

-градиент төмен болғанмен, артериялық 



қанның оттегімен қанығуы 91%-ға жуық, яғни сондай мөлшерде бо-

лады.


Сонымен, өкпе вентиляциясы тіпті, максималды аэробтық жүзу 

кезінде  жүгіру  кезіндегідей  артериялық  қанды  оттегімен  сондай 

дəрежеде  қанықтыру  үшін  жеткілікті.  Сəйкесінше,  сыртқы  тыныс 

алу  құрғақтағы  сияқты  ОМП  шектемейді.  Жүзу  кезіндегі  жер  үсті 

локомоциясына қарағанда неғұрлым ОМП аз болуы салыстырмалы 

төмен вентиляциямен байланысты емес. 



Жүрек-тамыр жүйесі. Жүзу кезінде жүректің минуттық қан 

көлемі  О

2

  пайдаланудың  өсуімен  (жүзу  жылдамдығы)  сызықтық 



түрде артады жəне бірдей О

2

 субмаксималды пайдалану кезінде ол 



шамамен,  жүгіру  немесе  велоэргометрде  жұмыс  кезіндегі  сияқты 

болады. 


Жаттыққан  жүзгіштерде  жүзу  кезіндегі  максималды  жүректің 

минуттық  қан  көлемі  жүгіру  кезіндегімен  бірдей,  ал  жаттықпаған 

жүзгіштерде 25%-ға төмен болуы мүмкін. 

Жүректің жиырылу жиілігі жүзу кезінде О

2

 пайдаланудың ар-



туымен (жүзу жылдамдығымен) сызықтық түрде өсіп отырады. Ол 

көбіне, сондай О

2

 пайдалану деңгейімен велоэргометрде жұмыс не-



месе жүгіру кезіндегі мөлшерге қарағанда біраз төмен. Мұны ЖЖЖ 

жүктеме  көрсеткіші  ретінде  қолданылған  кезде  ескеру  қажет.  Су 

температурасының  төмендеуі  ЖЖЖ-н  азайтады,  ол  систолалық 

көлемнің артуымен өтеледі. 



347

Жүзу кезінде максималды ЖЖЖ-де жүгіру кезіне қарағанда орта 

есеппен 10-15 екп/мин. аз. Ер адамдарда ол жүгіру кезінде 200 екп/

мин. жуық, ал жүзгенде – 185 екп/мин. жуық, əйелдерде сəйкесінше, 

200 жəне 190 екп/мин. жуық болады. 

Құрғақтағы  жұмыс  кезіндегі  сияқты  бірдей  салыстырмалы 

аэробтық  жүктеменің  əсер  етуімен  (ОМП %-ға  тең)  жүзу  кезінде 

ЖЖЖ  жаттыққан  жəне  жаттықпаған  жүзгіштерде  орта  есеппен 

бірдей болады. 

Систолалық көлем тыныштық күйден жеңіл жұмысқа көшкенде 

жоғарылайды жəне əрі қарай жұмыстың қуаттылығының өсуімен (О

2

 

пайдалану  жылдамдығымен)  артып  отырады.  Салыстырмалы  көп 



емес  аэробтық  жүктемелер  кезінде  ол  белгілі  бір  деңгейге  жетеді, 

содан  соң  тіпті,  максималдыға  дейін  жүктеменің  артқанына  (жүзу 

жылдамдығына) қарамастан өзгеріссіз қалады немесе тек біраз ғана 

артады. 


Дененің горизонталды қалпы веналық қайтарылудың күшеюіне 

жəне  сəйкесінше  диастола  кезінде  жүрекке  қанның  көп  тол-

тырылуына  қолайлы  жағдай  жасайды.  Сондықтан  бірдей  О

2

 



пайдаланудың  субмаксималды  деңгейі  кезінде  систолалық  көлем 

жүзгенде велоэргометрдегі жұмысқа қарағанда жоғары болады. Бұл 

сəйкесінше жүзу кезінде ЖЖЖ төмендеуіне əкеледі. 

Жүзуде  максималды  аэробтық  жүктеме  кезінде  сол  адам  үшін 

ең  үлкен  систолалық  көлемге  жетеді.  Ол  жаттыққан  жүзгіштерде 

жүгіру кезіндегі сияқты болса, ал жаттықпаған адамдарда жүгіруге 

қарағанда төмен мəнге ие. Төзімділіктің көрінуін қажет ететін басқа 

спорт түрлері өкілдеріндегі сияқты жүзгіштерде систолалық көлем 

айтарлықтай  шамада  жүрек  қуысының  көлемімен  (дилятациямен

анықталады. 

О

2

  пайдаланудың  субмаксималды  деңгейі  кезінде  жүйелік 



АВА-О

2

  жүзуде  де,  жүгіруде  де  бірдей,  ал  максималды  аэробтық 

жүзу  кезінде  максималды  аэробтық  жүгірумен  салыстырғанда 

(сəйкесінше, 15 жəне 16% жуық) біраз төменірек келеді. 

Артериялық  қандағы  О

2

  мөлшері  жүзу  жəне  жүгіру  кезінде 



шамамен,  бірдей  болады.  Қаннан  жұмыс  атқарушы  бұлшық  ет-

тер  арқылы  оттегінің  максималды  экстракциясы  да  бірдей:  сан 

венасының қандағы О

2

 минимальді мөлшері екі жағдайда да 2%-ға 



жуық. Осылайша максималды жүйелік АВА-О

2

-дағы айырмашылық 



жүзу  кезінде  дененің «белсенді  емес»  мүшелері  мен ұлпаларының 

348

қанмен жабдықталуының артуымен жүретін қан айналысының ерек-

ше таратылуын көрсетуі ықтимал.

Жүзу  жəне  жүгіру  кезінде  максималды  АВА-О

2

  бірдей 



болғандықтан  ОМП  жүзу  кезінде  төмендеуі  судағы  (максималды 

ЖЖЖ төмендеуінен) максималды жүректің минуттық қан көлемінің 

азаюымен түсіндіріледі. Алайда, білікті жүзгіштер ЖЖЖ төмендеуін 

өтей жəне максималды жүректің минуттық қан көлемін сақтай оты-

рып жүзу кезінде өздерінің систолалық көлемін арттыруға қабілетті 

келеді. Бұл əсердің механизмі бұлшық ет «насосының» тиімді əрекеті 

есебінен болады. Білікті емес жүзгіштерде бұл механизм жеткілікті 

дамымаған. 

Жүзуде  субмаксималды  жəне  максималды  жүктемелер  кезінде 

орташа  артериялық  қысым  жүгіруге  қарағанда  көбіне, 10-20% 

жоғары  болады.  Бұл  денеге  жоғары  сыртқы  (гидростатикалық) 

қысымның  жəне  төменгі  тері  температурасы (26-28°С)  салдары-

нан тері қан тамырларының тарылуынан қан айналысына шеткі та-

мыр кедергісінің артуының нəтижесі болуы мүмкін. Сонымен қатар 

жұмысқа қатысатын бұлшық ет массасының мөлшері де белгілі бір 

рөл  атқарады.  Аз  бұлшық  ет  тобының  жиырылуы  көп  бұлшық  ет 

тобының ширығуына қарағанда неғұрлым қан қысымының жоғары 

көтерілуін тудыратыны белгілі. 

Құрғақта  дененің  вертикалды  қалпы  кезінде  жұмыс  атқарушы 

аяқ  тамырларының  перфузиялық  қысымы  қан  бағанасының 

гидростатикалық  қысымы  есебінен  жоғарылайды.  Сондықтан 

жүгіру  кезінде  қан  перфузиясы  жүзу  кезінде  дененің  горизонтал-

ды қалпымен салыстырғанда жеңілдетілген. Алайда, жүзу кезіндегі 

жоғары  артериялық  қысым  жұмыс  атқарушы  бұлшық  еттердің 

оттегімен  жабдықталуы  үшін  қолайлы  жағдай  жасай  отырып, 

олардың тамырлары арқылы қан перфузиясының күшеюін тудыра-

ды.

Локалды (бұлшық еттік) факторлар

Басқа  спорт  түрлері  сияқты  жүзуде  де  орындаушы  бұлшық  ет 

аппаратының қызметтік мүмкіндіктері маңызды рөл атқарады. Иық 

белдеуі мен қол бұлшық еттері, ал брасс əдісімен жүзуде аяқ бұлшық 

еттері ерекше орын алады. 


349

Бұлшық 


ет 

композицияларына 

жүргізілген 

зерттеулер 

жүзгіштерде  спортпен  шұғылданбайтын  адамдарға  қарағанда  баяу 

бұлшық  еттер  пайызының  жоғары  екенін  көрсетті  (сəйкесінше 

дельта  тəрізді  бұлшық  етте 74,3% жəне 46%, санның  төрт  басты 

бұлшық  етінде 52,7% жəне 36,1%). Аналогты  мəліметтер  спорт-

шы əйелдермен жаттықпаған əйелдердің бұлшық ет композицияла-

рын зерттеу барысында да алынған. Спринтер-жүзгіштерде (қысқа 

қашықтыққа жүзгіштерде) жылдам талшық барлық дельта тəріздес 

бұлшық еттердің 60-65%-ын құрайды. 

Жүзуге  жаттықтыру  үдерісінде  жылдам  талшықтардың  тотығу 

потенциалының  күшеюі  жүреді,  сондықтан  жұмыс  атқарушы 

бұлшық еттерде жылдам гликолиздік талшықтар (ІІ–В) мүлдем бол-

майды деуге болады, оларда тек жылдам тотығу талшықтары (ІІ–А) 

бар. Баяу талшықтардың жоғары пайызымен жəне олардың тотығу 

потенциалы  деңгейімен  қатар  жылдам  талшықтардың  тез  тотығу 

талшықтарына  өзгеруі  жүзгіштің  жұмыс  атқарушы  бұлшық  еттері 

үшін үлкен аэробтық потенциал жасайды. 

Осыған  жұмыс  атқарушы  бұлшық  еттердің  күшейген  капил-

лярлануын  қосуға  болады.  Ол  тотығу  метаболизмі  ферменттерінің 

белсенділігінің жоғарылауымен, митохондрия саны мен өлшемінің, 

миоглобин  мөлшерінің  артуымен  жəне  т.б.  локалды  өзгерістермен 

қатар 

осы 


бұлшық 

еттердің 

аэробтық 

мүмкіндіктерінің 

жоғарылауына  əкеледі.  Бұл  жүзгіштердің  ОМП  жəне  аэробтық 

жұмысқа қабілеттілігін (төзімділігін) жоғарылауында көрініс таба-

ды. 

Жылу реттелу

Су  температурасы  көбіне  тері  температурасынан  төмен  бола-

ды. Ауамен салыстырғанда су жоғары жылу сыйымдылыққа 25 есе 

жəне жылу өткізгіштікке 5 есе жоғары ие бола отырып, конвекция-

мен  (денені  бойлай  су  қозғалысымен)  бірлесе  суда  айтарлықтай 

жылу жоғалтуға алғышарттар жасайды. Егер ауа температурасының 

үлкен өзгерістеріне қарамастан ауада адам жылу балансын (тұрақты 

дене  температурасын)  сақтап  тұрса,  су  иммерсиясы  жағдайында 

дененің қалыпты температурасын ұстап тұру үшін су температура-

сы 33°С-қа жуық болу керек. Толық тыныштық күйінде жылу балан-



350

сы сақталатын ең төмен су температурасы 22°С-тан (толық адамдар 

үшін) 32°С (арық адамдар үшін) аралығында болады. Суда жылуды 

тез жоғалту əсіресе, суда ұзақ уақыт болатын стайер-жүзгіштер (ұзақ 

қашықтыққа жүзгіштер) мен сүңгушілер үшін қауіпті. 

Теріден  суға  орташа  жылу  ағымы  орташа  тері  температурасы 

мен  су  температурасы  арасындағы  айырмашылықпен  анықталады. 

Тыныштық  күйде  тері  температурасы  су  температурасынан 1-2°С 

жоғары  (66-сурет),  ал  белсенді  жүзу  кезінде  бұл  айырмашылық 

1°С-тан  аз.  Сонда  да  жылу  дене  беткейінен  суға  тез  өтетіндіктен, 

жылу  жоғалту,  ең  бастысы  өз  кезегінде  ішкі  температура  мен  тері 

температурасы  арасындағы  айырмашылыққа  байланысты  ұлпалық 

өткізгіштікпен  анықталады  (лимиттеледі).  Мұнда  жылу  шығару 

жүзу жылдамдығына тəуелді емес (67-сурет).



0

100

200

300

400

500

600

700

0

0,5

1

1,5

2

 

 

,W/

.

-

 

 

 

66-суретТыныштық күйде əртүрлі температуралық градиент (тері 

температурасы (Тт) мен су температурасының (Тс) айырмасы) мəні 

кезінде орташа жылу ағымы (Я. М. Коц бойынша)

Бейтарап (33°С)  температурадан  тек 2°С  төмен  су  темпера-

турасы  кезінде  шеткі  (тері  жəне  бұлшық  ет)  тамырлардың  тары-

луы  тез  жүретіндіктен  ұлпалық  оқшаулануды  арттырады:  дене 

ядросынан  теріге  жылу  шығару  азаяды,  яғни  дененің  жылуды 

жоғалтуы төмендейді. Өте жылы су вазодилятацияға жəне ұлпалық 

оқшауланудың  азаюына  (жылу  жоғалтудың  артуына)  əкеледі. 


351

Ұлпалық оқшаулану тері асты май қабаты қалыңдығына тура бай-

ланысты. Судағы дене ядросы температурасының өзгерісі тері асты 

май  қабатының  қалыңдығымен  кері  байланысты.  Сондықтан  тері 

қан айналысы төмендеуі есебінен жылу өтуінің азаюы əсіресе, арық 

адамдар  үшін  маңызды.  Мысалы, 26°С  су  температурасы  кезінде 

арық жүзгіштерде эзофагалды температура 0,2°С-қа төмендейді, ал 

толық адамдарда тіпті, 0,3-0,9°С-қа артады.



67-сурет. Жүзу кезінде əртүрлі температуралық градиент (тері 

температурасы (Тт)  мен су температурасының (Тс) айырмасы) мəні 

кезінде орташа жылу ағымы (Я. М. Коц бойынша)

Температурасы 10°С  суға  түскеннен 10-20 мин.  кейін  (ауыз 

қуысында өлшенген) дене температурасы 32,5°С-қа дейін, ал қыста 

шомылғанда 30°С-қа дейін түседі. Мұнда тері асты май қабатының 

қалыңдығы мен мұндай жағдайларға жаттығу дəрежесінің маңызы 

зор.  Мəселен,  су  температурасы 16°С  болғанда  жаттықпаған  арық 

адамның  ректалды  температурасы 34,5°С-қа  дейін  төмендеп, 30 

мин. кейін судан шығуға мəжбүр болса, толық, жаттыққан ер адам 

осы жағдайда ректалды температурасы өзгеріссіз 6 сағат бойы жүзе 

алады. 


Жүзу  кезінде  барлық  энергия  өнімінің 95%-ға  жуығы  жылуға 

айналады.  Жүзу  жылудың  ұлпалық  өтуін  арттырады,  бұл  əсіресе, 



352

салқын  суда  дененің  жылу  шығаруын  тудырады.  Мұнда  жылу 

шығару жылу өндіруге қарағанда көбірек. Сəйкесінше салқын суда 

(25°С-тан  төмен)  жүзгіштің  қозғалыссыз  қалпы  кезіне  қарағанда 

белсенді жүзу кезінде дене тезірек салқындайды. 

Судағы қозғалысқа қан айналу реакциясы бір жағынан метабо-

лизмге (жұмыс атқарушы бұлшық еттердің оттегімен жабдықталуы) 

даулы  сауалды  жəне  екінші  жағынан  қалыпты  жылу  реттелуді 

көрсетеді. Осы талаптардың ешқайсы (əсіресе, суық суда) толығы-

мен  қанағаттандырылмайды.  Үлкен  жылу  реттеуші  жүктемелер 

(денені салқындату) тері қан айналымын күшейте отырып, бұлшық 

еттердің қанмен жабдықталуының төмендеуіне əкеледі.

Егер салқындату нəтижесінде ішкі дене температурасы 37°С-қа 

төмен түссе, кез келген субмаксималды жүзу жылдамдығы кезінде 

О

2

 пайдалану шамамен, 0,5 л/мин-қа жоғарылайды. ОМП қалыпты 



дене  температурасы  кезіндегі  ОМП  салыстырғанда 6-18% азаяды. 

Субмаксималды  жүзу  жылдамдығы  кезінде  О

2

  жоғары  пайдалану 



мен ОМП төмендеуі төмен су температурасы жағдайында жүзгіштің 

жұмыс қабілеттілігін (төзімділігін) күшті азайтады. 

Су  температурасы  оптималды  (қолайлы)  кəдімгі  бассейндерде 

қарқынды жəне ұзаққа созылмаған жүзу кезінде жүзгіш организмінің 

жылу  балансы  бұзылмайды.  Сонымен  қатар  ыстық  жағдайларда 

ұзақ  арақашықтыққа  жүгірген  желаяқтарға  қарағанда  жүзгіштерде 

жүректің  минуттық  қан  көлемінің  салыстырмалы  аз  бөлігінің  тері 

торларына бағытталуына (жылу реттеуші механизм ретінде) жағдай 

жасалады. 

Ауамен  салыстырғанда  су  жоғары  жылу  сыйымдылыққа 25 

есе жəне жылу өткізгіштікке 5 есе жоғары болғандықтан тіпті, са-

лыстырмалы  жылы  судың  өзінде  де  ұзақ  уақыт  болу  жылудың 

айтарлықтай  жоғалуынан  дененің  салқындауына  əкеледі.  Деген-

мен, шыныққан жүзгіштерде салқындауға бейімделмеген адамдарға 

қарағанда  температуралық  гомеостазды  қамтамасыз  ететін  меха-

низмдер жақсы жетілген. Сондықтан кез келген жаста жүзумен ай-

налысу шынығудың ең тиімді əдістерінің бірі болып табылады.   


353

ХІ ТАРАУ

ƏЙЕЛДЕРДІҢ СПОРТТЫҚ ШЫНЫҒУЫНЫҢ 

ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Өндіріс саласында, спортта жəне қоғамдық өмірде болсын əйел 

адамның рөлі артып келеді, ал олардың денсаулығының нығаюымен 

болашақ  ұрпақтың  дамуы  байланысты.  Сондықтан  да  əйелдердің 

дене тəрбиесі мен спорттық жаттығуын жан-жақты ғылыми негіздеу 

қажеттілігі  туындайды.  Дене  жүктемесінің  əсеріне  физиологиялық 

реакциялармен  қатар  организмнің  қызметтік  мүмкіндіктерін 

анықтайтын  механизмдер    мен  олардағы  спорттық  жаттығулар 

ықпалынан орын алатын өзгерістердің ерлер мен əйел адамдарда аса 

айырмашылықтары  жоқ.  Алайда,  олардың  арасындағы  кейбір  сан-

дық  айырмашылықтар  əлемдік  спорттық  рекордтарды  саралағанда 

көрініс  береді.  Мəселен,  қашықтықтыққа  жүгіруде  рекордтық 

нəтижелер  əйел  адамдарда  ерлерге  қарағанда 8-13%-ға  төмен.  Ал 

жүзу бойынша əйелдердің көрсеткен рекордтары жүгіруге қарағанда 

ер  адамдардың  көрсеткіштерімен  шамалас,  айырмашылығы  тек 

6-10%  құрайды. 



Организмнің қызметтік мүмкіндіктерінің дене мөлшеріне 

тəуелділігі

Жалпы  биологиялық  тұрғыдан  алып  қарағанда,  ер  адамдар-

мен  салыстырғанда  əйел  адамдар  сыртқы  ортаның  өзгерістеріне 

(температураның ауысуына, аштық, қан жоғалту, кейбір ауруларға) 

тез  бейімделеді,  олардың  орташа  өмір  сүру  ұзақтықтары  да  ба-

сым  келеді.  Əйелдер  мен  ер  адамдар  арасындағы  физиологиялық 

көрсеткіштерді  салыстырғанда  ең  алдымен,  дене  мөлшері 

арасындағы айырмашылықты ескерген жөн. Орта есеппен алғанда 

əйелдердің бойы ер адамдарға қарағанда аласалау келеді. Тіпті, тек 

осы  айырмашылықтың  өзінен  басқа  барлық  бірдей  жағдайларда 

əйел  адамдардың  көптеген  функциялық  көрсеткіштері,  соның 

ішінде  жұмысқа  қабілеттіліктері  ерлердің  сол  көрсеткіштерінен 

ерекшеленеді. 


354

Бойлары 160 см  əйел  мен 176 см  болатын  ер  адамның  барлық 

қатарлық (сызықтық) мөлшерлерін дене ұзындығына пропорциялы 

(L)  деп  жобалап,  олардың  функциялық    мүмкіндіктеріне  салысты-

ру жүргізетін болсақ, ер адам əйел адамнан 1,1 есеге (176:160) биік. 

Бұл жағдайда барлық қатарлық мөлшерлер, яғни дененінің барлық 

бөлімдері мен аяқ-қол ұзындықтары, рычаг ұзындығы (буынның ай-

налмалы осінен бұлшық ет бекіген жерге дейін қашықтық), қозғалыс 

амплитудасы жəне т.б. əйелдерге қарағанда ер адамдарда 1,1 есеге 

көбірек болып келеді.  



Беткейлік мөлшерлер қатарлық мөлшерлердің шаршысына (L

2



пропорциялы.  Сондықтан  аталмыш  мысалда  өкпенің  альвеолалық 

беткейі, дене беткейі, қолқаның, бұлшық еттің көлденең кесіндісінің 

ауданы ер адамдарда əйелдерге қарағанда 1,21 есеге  (1,1

2

) көбірек 



болып келеді. 

Көлемдік  мөлшерлер  қатарлық  мөлщерлердің  кубына (L

3

)  про-



порциялы. Сəйкесінше, ерлерде қан шайналымдағы қан көлемі не-

месе жүрек көлемі, өкпе көлемі əйелдерге қарағанда 1,33 есе (1,1

3

)  


көбірек болуы тиіс. 

Дене  массасы  (салмағы) (М)  да  L

пропорциялы,  сондықтан 



да  басқа  түрлі  жағдайларда  ер  адамның  салмағы  əйел  адамның 

салмағына қарағанда 1,33 есе көп болуы қажет. 

Бұлшық еттерді дамытуға қабілетті максималды күш (Ғ) олардың 

көлденең  кесіндісінің  ауданына,  яғни  L

2

  пропорциялы.  Біздің  мы-



салымызда ерлердегі бұлшық еттердің максималды жиырылу күші 

əйел адамдарға қарағанда 1,21 есе көбірек. 



Механикалық жұмыс (W)  бұлшық еттің күші (F) жəне осы күш 

жұмсалынған  қашықтықпен  (дистанция)  (S) анықталады: W=F*S. 

Бұлшық ет күші (Ғ) L

2  


пропорциялы, ал қашықтық (S)  L пропор-

циялы.  Сəйкесінше  жұмыс  дене  массасының  (салмағының)  неме-

се дененің сызықтық мөлшерінің  кубына (L

3

) пропорциялы. Əйел 



адамға  қарағанда  неғұрлым  бойы  биік  болып  келетін  ер  адам  көп 

жұмыс  атқаруға  қабілетті,  біздің  мысалымызда  ол 1,33 есе  артық 

жұмыс орындай алады. 

Сыртқы  орындалатын  жүктеме  қуаттылығы  (N)  дегеніміз 

–  жұмыс  санының (W) уақыт  бірлігіне (t) қатынасы: N = W/t. 

Жүктеменің  максималды  мүмкін  болатын  қуаттылығы  дененің 

сызықтық мөлшерлерінің шаршысына (L

2

) немесе дене салмағының 



2/3 дəрежесіне  (М

2/3


) пропорциялы.

355

Сонымен,  дене  мөлшеріндегі  айырмашылықтың  өзі    əйелдер 

мен  ерлер  организмдерінің  қандай  да  бір  ерекше  функциялық 

ерекшелігімен байланыссыз жұмысқа қабілеттіліктерінің жыныстық 

өзгешеліктерін анықтай алады. 

Белгілі  қуаттылықты  орындалатын  жұмыс  химиялық  энергия-

мен  (оттегімен)  жұмыс  атқаратын  бұлшық  еттердің  эквивалентті 

қамтылуымен қамтамасыз етілуі керек. Сəйкесінше, энергия шығыны 

2

  пайдалану жылдамдығы) жұмыс атқаратын бұлшық еттер мас-



сасымен жəне дене салмағымен байланысты болуы тиіс. Теориялық 

алғышарттардан  О



2

-ні  максималды  пайдалану  L

немесе  М



2/3 

про-


порциялы  деп  күтуге  болады.  Атап  айтқанда,  дене  мөлшеріндегі 

(дене салмағы мен бұлшық ет массасындағы) айырмашылық ең ал-

дымен, əйелдермен салыстырғанда ер адамдардың ОМП неғұрлым 

жоғары  мəнге  ие  болуының  себебін  түсіндіреді.  Көбіне  əртүрлі 

адамдардағы ОМП салыстыру үшін салыстырмалы көрсеткіш – дене 

салмағына қатысты (мл/кг * мин) ОМП қолданылады. Алайда түрлі 

дене салмақты адамдардағы ОМП салыстыруда ОМП мл/кг/

2/3


*мин-

пен көрсету неғұрлым дұрысырақ əрі нақтырақ болады. 



Жүректің қан айдауы (Q) (жүректің минуттық қан көлемі) уақыт 

бірлігіндегі жүректің айдаған қан көлемімен анықталады. Тиісінше, 

максималды жүректің қан айдауы L

2

 немесе М



2/3 

пропорциялы болуы 

керек. 

Өкпелік  желдену  (вентиляция) (Vе)  тыныс  көлемінің  тыныс 

жиілігіне көбейтіндісі ретінде дене мөлшерінің сызықтық шаршы-

сына (L

2

) пропорциялы болып келеді.



Түрлі  жастағы  əйелдер  мен  ерлердегі  өкпелік  көлем    дене 

мөлшеріне  сəйкес  келеді (L

3  

пропорциялы).  Өкпелік  мөлшердегі 



айырмашылықтар  негізінен  дененің  сызықтық  мөлшерлеріндегі 

жыныстық ерекшеліктермен анықталады. 

Əйелдер  мен  ерлер  арасында  дене  құрамында  айтарлықтай 

айырмашылықтар орын алған. Ересек ер адамның бұлшық ет масса-



сы дене салмағының 40%-ын (орта есеппен, 30 кг-ға жуық) құраса, 

ал  əйелдерде 30%-ын  (орта  есеппен 18 кг)  құрайды.  Сонымен, 

əйелдерде  ерлерге  қарағанда  бұлшық  ет  массасы  абсолюттік  жəне 

салыстырмалы  көрсеткіштер  бойынша  да  неғұрлым  азырақ  болып 

келеді.

Əйел  адамдарда  май  ұлпалары  жалпы  саны  орта  есеппен 



дене  салмағының 25%-ын,  ал  ерлерде 15%-ын  құрайды.  Майдың 

356

абсолюттік мөлшері де əйелдерде ер адамдарға қарағанда шамамен, 

4-8 кг көбірек болады. 

Негізінен бұлшық еттер, сүйектер мен ішкі мүшелер құрайтын 

дене массасының майсыз (дене массасынан май ұлпаларының масса-

сын алып тастағандағы) салмағы ер адамдарға қарағанда əйелдерде 

15-20  кг  азырақ  болып  келеді.  Жаттықпаған  əйелдерге  қарағанда 

спорпен  шұғылданатын  əйелдерде  май  мөлшері  аз  болады.  Бұл 

көрсеткіш  тіпті,  өте  мықты  спортшы  əйелдердің  өзінде,  мəселен, 

ұзақ  қашықтыққа  жүгіру  шеберлерінде  жаттықпаған  ер  адамдарға 

тəн  деңгейге  ғана  жетуі  мүмкін.  Көптеген  спорт  түрлерінде  дене 

жүктемесінің негізгі бөлімі адам дене массасының орын ауыстыруы-

мен  байланысты  болып  келеді.  Сондықтан  да  денедегі  артық  май 

ұлпаларының  мөлшері  организмге  қосымша  жүктеме  тудырады. 

Мысалы, жүгіргенде немесе секіргенде, бірақ жүзу кезінде қосымша 

жүктеме тудырмайды (10-тарауда толығымен баяндалған).

Май  ұлпаларының  құрамында  судың  болмауы  себепті  ерлер-

ге  (дене  салмағының 70%-ына  жуық)  қарағанда  əйел  адамдар   

денесінде (дене салмағының 55%-ына жуық) су мөлшері төмен бо-

лады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет