Оқулық «Білімді дамыту федералдық институты»


Дәрі қобдишасына кіретін құралдардың міндеті



бет49/67
Дата19.01.2023
өлшемі0.81 Mb.
#61913
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   67
Дәрі қобдишасына кіретін құралдардың міндеті

Анальгин, аскофен, цитрамон

Бас ауырған, невралгия жағдайында

Валидол

Стенокардияның жеңіл ұстамасы, невроздар барысында (тілдің астына салады)

Нитроглицерин

Жүрек ұстамасы барысында

Белсендірілген көмір

Тағамдық уланулар барысында

Стерильді бинт

Таңғыштар салу үшін

Түтікті иілімді бинт

Таңғыштар салу үшін

Мақта

Таңғыштар салу үшін

1%-ті бриллианты жасыл ерітінді

Антисептік ретінде қолданылады

Валериана экстракті немесе жалбыз тұнбасы

Жүйке қозуы барысындағы тыныштындыратын құрал

Бактерицидті жабысқақ пластырь

Таңғыш салу үшін

Қан тоқтатқыш жгут

Күретамырдан қан ағу барысында

Калий перманганаты

Тамақпен улану барысында асқазанды жуу үшін (қызғылт ерітінді)

Өлшегіш стакан

Дәрі қабылдау үшін

Гипотермиялық пакет

Бір реттік пайдалану үшін суық

Бор қышқылы

Сілтімен күю барысында басу үшін (бір стакан суға бір шәй қасық)

Сутегі тотығының ерітіндісі 3%-дық

Дезинфекциялайтын құрал

Натрий гидрокарбонаты

Қышқылмен күю барысында басу үшін (бір стакан суға бір шәй қасық)

Бор жақпа майы 5%-дық

Антисептикалық құрал


8.2.

КҮЙІКТЕРДІ ЖІКТЕУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ
БАРЫСЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ КӨМЕК
Күйіктердің неден пайда болғанына байланысты, олар:

  • термиялық - будың, жанып жатқан бұйымдардың және заттардың әсерінен пайда болғандар;

  • химиялық - қышқылдар, сілтілер әсерінен пайда болғандар;

электрлік - электр тогының немесе электр доғасының әсерінен пайда болғандар болып бөлінеді.
Күйіктер төрт деңгейлі болады — жеңіл қызарудан бастап, терінің кең учаскелерінің жансыздануына дейін.
Терінің зақымдану тереңдігі бойынша күйіктер төрт деңгейге бөлінеді:

  1. ші деңгей — терінің қызаруы және ісінуі

  2. ші деңгей — сулы күлдіреулердің пайда болуы;

  3. ші деңгей — терінің үстіңгі және терең қабаттарының жансыздануы;

  4. ші деңгей — терінің көмірленуі, бұлшық еттердің, сіңір мен сүйектердің зақымдануы.

Күю барысында қандай әрекеттер қабылдау қажет? Егер адамның үстіндегі киімі жанса, онда құтқарушының жасайтын бірінші әрекеті, — оны сөндіру немесе жылдам шешіп алу. Жанып жатқан киіммен жүгіруге болмайды, өйткені жүгіру барысындағы қосымша ауаның үрлеуі жалынды одан әрі ұлғайтады. Күйген учаскелерді қолмен ұстауға, жараға жабысқан материалдарды алуға, теріде пайда болған желқабықтарды кесуге немесе тесуге, жараға жақпа май, май жағуға болмайды.
Зақымдалған тері учаскелерін 10... 15 минут барысында суық су ағысының астында ұстауға болады — осы процесс барысында күйген учаскенің суынуы және ауыру сезімдерін төмендету жүреді.
Күйген жараға құрғақ стерильді таңғыш салу және дәрігерге жүгіну қажет. Өзін-өзі емдеу жұмыс қабілетін жоғалтуға ықпал ететін байыпты салдарларға әкеп соғатыны есіңізде болсын.
Егер химиялық күйік алынған болса, мысалы қышқылмен, онда зақымдалған учаскені ағын судың үлкен көлемімен жуады. Одан кейін, мысалы көз күйігі барысында, оларға бір-екі тамшы сульфацил натрий тамызылады, ал тері күйген жағдайда зақымдалған учаскеге әдеттегі ас содасын себеді.

8.3.

ЭЛЕКТРМЕН ЗАҚЫМДАНУ БАРЫСЫНДАҒЫ
АЛҒАШҚЫ КӨМЕК
Электр тогының әсерінен зардап шеккен адамға дәрігерге дейінгі көмек оны токтың ықпалынан босатудан тұрады. Құтқарушыда (жағдайға байланысты) бірнеше нұсқа бар: жабдықты өшіру, электр желісін токтан айыру, ал егер ондай мүмкіндік болмаса —кабельді шауып тастау. Бұл әрекеттерді іске асыру барысында өз қауіпсіздігі туралы ұмытуға болмайды, яғни, зардап шеккен адамды құтқару барысында өзі қорғаныс құралдарын немесе ток өткізбейтін материалдарды (құрғақ мата, ағаш, резеңке қолғап) қолдануы қажет. Көмек зардап шеккен адамның жай-күйіне байланысты болады. Алайда зардап шеккен адамның есі бүтін болған жағдайда және ол жай-күйі жақсы деп сендіргеннің өзінде де, білікті медициналық көмекке жүгіну қажет.
Бәрінен бұрын зардап шеккен адамның есі бар немесе жоқ екенін анықтау керек. Егер адам тірі болса, онда оның тынысы мен ұйқы күре тамырының соғысы байқалады. Одан өзге, көз қарашығы сәулелік тітіркендіргішке әсерде болады (бұл жағдайда қарашығы тарылады). Егер зардап шеккен адамның есі бар болса, оның тыныштығын қамтамасыз ету, жылыту және ыстық сусын беру қажет. Егер терісінің күйген учаскелері болса, онда оларға стерильді таңғыштар салады.
Зардап шеккен адамды оған сол орында көмек көрсету мүмкін болмаған немесе бұл орын зардап шеккен адамның өзі үшін де, оған көмек көрсетуші адамдар үшін де қауіпті болған жағдайда ғана басқа жерге ауыстыруға болады. Зардап шеккен адамды шешіндірмеген дұрыс — өйткені уақыт жоғалады.
Зардап шеккен адамның есі болмаған жағдайда, оған мүсәтір спиртін иіскету, бетіне суық су себелеу қажет. Егер ол құсса, басын жанына қарай бұру керек. Зардап шеккен адам есін жинағанда, оған 15...20 тамшы валерьянка немесе жылы тәтті шәй беру керек. Бұл шараларды көрсеткен соң, зардап шеккен адамның қозғалысын шектеу және оған толық тыныштықты қамтамасыз ету қажет.
Егер адам өте сирек тыныстап, бірақ тамыр соғысы болса, онда бірден жасанды тыныс жасау керек. Жасанды тыныстың мәні ағзадағы газ алмасуын қамтамасыз етуден, яғни, зардап шеккен адамның қанын оттегімен қанықтыруды қамтамасыз етіп, қанынан көмірқышқыл газын алып тастаудан тұрады. Жасанды тыныс мидың тыныс орталығына рефлектрлік әсер ете отырып, зардап шеккен адамның жай-күйіне жағымды ықпал етеді және сол арқылы зардап шеккен адам тынысының қалпына келуіне ықпал етеді.
Жасанды тыныс тәсілдерінің бірі — «Каллистов бойынша»: зардап шеккен адам арқасына, құтқарушы — оған бетпе-бет жатады. Арқасына, жауырын саласына, сүлгі орамал салынады, оның ұштары қолтық астынан алдыға қарай өткізіледі. Құтқарушы зардап шеккен адамның денесін өзіне қарай көтереді, нәтижесінде көкірек қуысы кеңиді, сөйтіп дем алу пайда болады; жіберген кезде - дем шығарылады. Егер қабырғалардың сынуы болмаса, қарама-қарсы көрсетіштер жоқ.
Егер зардап шеккен адамның тынысы мен тамыр соғысы болмаса, бұл оның ми қан айналымы нашарлағанын білдіреді, көз қарашықтары кеңиді, терісі көгереді. Бұл жағдайда жасанды тыныс және жүректің тікелей емес массажын жасау керек.
Зардап шеккен адамды бұл процедураға дайындау үшін желкесінің астына бір қолдың алақанын салып, ал екіншісімен маңдайын зардап шегушінің иегі мойнымен бір сызықта болғанға дейін басып, басын барынша шалқайту қажет. Бастың бұл жағдайында тіл көмейге кіру жолынан аулақтайды, әдетте ауыз ашылады, сөйтіп өкпеге еркін ауа жолы қамтамасыз етіледі. Қол жеткізілген қалыпты сақтау үшін, жауырынның астына оралған киімнен жасалған білікше қою керек. Содан кейін саусақтармен ауыз қуысын зерттеу қажет, егер онда сілекей болса, оны қол астында бар матамен және осымен бір мезетте бар болған жағдайда, тіс протездерін де алып тастау керек.
Қол тәсілдерінің ішінен «ауызба ауыз» жасанды тыныс тәсілі жиі қолданылады: көмек көрсетуші зардап шеккеннің өкпесіне оның мұрыны немесе аузы арқылы ауаны үрлейді. Ауаны үрлеуді марля, қол орамалы арқылы жасайды. Бұл жағдайда ересек адамның өкпесіне үрленетін ауа көлемі басқа тәсілдердегі жағдайларға қарағанда, бірнеше рет артық болады. Бұл тәсіл барысында зардап шеккен адамның органдарын зақымдау қаупі болмайды . (8.1-сурет).
Дайындық операциялары аяқталысымен, көмек көрсетуші терең тыныс алады, содан кейін бар күшімен зардап шеккен адамның ауызына ауаны үрлейді. Бұл жағдайда саусақтарымен оның мұрынын қысады. Содан кейін көмек көрсетуші зардап шеккен адамның ауызы мен мұрынын босатып, артқа қарай шегінеді, сөйтіп жаңадан тыныс алады. Бұл кезеңде зардап шегушінің ауызы төмен түседі және енжар дем шығару жүреді.
Егер ауа үрлеп кіргізгеннен соң зардап шегушінің ауызы түзелмесе, бұл тыныс жолдарының ауа өткізбейтінін білдіреді. Мұндай жағдайда зардап шегушінің төменгі жағын алға қарай жылжыту қажет, ол үшін көмек көрсетуші әр қолының төрт саусағын төменгі жақтың бұрыштарының артқы жағына қоюы тиіс, сөйтіп, бас бармағымен оның шетін тіреп, алдыңғы жақты төменгі тістері алдыңғы жоғарғы тістерінің алдында тұратындай етіп жылжытуы қажет.
Зардап шеккен адамның ауызын жақтары қарысып қалуына байланысты, аша алмайтын жағдайлар болады. Онда жасанды тынысты ауаны мұрынына үрлеу барысында зардап шегушінің мұрынын жауып, «ауыздан мұрынға» тәсілімен жүргізген дұрыс.


Көмек көрсете отырып, мына ұсынымдарды ұстану қажет: ересек адамға үрлеуді шұғыл жасау қажет, минутына 10— 12 рет; жасанды тынысты терең дербес тыныс алу қалпына келгенге дейін жасау керек.
Бұдан бұрынырақ айтылғандай, егер тыныс пен тамыр соғысы болмаса, көмек көрсету барысында жасанды тыныспен қатар жүректің тікелей емес немесе сыртқы массажы жасалады — көкірек қуысының алдыңғы жағына ырғақты басу (8.2-сурет). Нәтижесінде жүрек төс сүйегі мен омыртқа арасында қысылады және өз қуыстарынан қанды итеріп шығарады. Басуды тоқтатқаннан кейін кеуде торы мен жүрек жазылады, жүрек тамырлардан түсетін қанмен толады. Мұндай массаждың мақсаты — ағзадағы қан айналымын жасанды қолдау және жүректің қалыпты табиғи қысқаруларын қалпына келтіру.

8.2-сурет. Жүректің тікелей емес массажы

Жүректің тікелей емес массажы барысында күре тамырларда пайда болатын қан қысымы үлкен мәнге жетеді — 80... 100 мм. және қан зардап шеккен адамның барлық органдары мен талшықтарына түсу үшін жеткілікті болады. Бұл ағзаның жүрек массажы және жасанды тыныс жасалып жатқан барлық уақыт барысындағы өмірін сақтайды.
Жүректің тікелей емес массажын дұрыс орындау үшін зардап шеккен адамды қатты жерге арқасымен жатқызу, оның кеудесін ашып, киімінің тынысын тарылтатын заттарын ағыту қажет. Одан кейін құтқарушы зардап шегушінің қандай да бір жағынан тұрып, оның үстінен еңкеюге мүмкіндік беретін қалыппен орналасуы тиіс. Басу орнын анықтап (ол төс сүйегінің жұмсақ шетінен шамамен екі саусақ жоғары болуы тиіс), құтқарушы оған бір қолының алақанының төменгі жағын қоюы қажет, содан кейін жоғарғы қолының үстінен тік бұрышпен екіншісін қоюы, сөйтіп денесінің барлық корпусын еңкейтімен көмектесу арқылы зардап шегушінің көкірек қуысын басуы тиіс.
Көмек көрсетушінің білегі мен қолының білек сүйектері барынша жазылулы болуы тиіс. Екі қолының саусақтары бірге қосулы болуы және зардап шегушінің көкірек қуысына жанаспауы тиіс. Көкірек сүйегінің төменгі бөлігі 3...4 см. төмен жылжитындай
етіп, тез дүмпумен басу қажет. Басу барысында күшті көкірек сүйегінің барынша жылжымалы төменгі бөлігіне шоғырландыру қажет. Көкірек сүйегін және төменгі қабырғалардың шетін баспаңыз — бұл мертігудің себебі болуы мүмкін. Көкірек қуысының шетінен төменгі жерді (жұмсақ етті) басуға болмайды, өйткені осында орналасқан органдардың, бірінші кезекте бауырдың зақымдануы мүмкін.
Көкірек сүйегін дүмпуді жеткілікті қан ағысын жасау үшін, шамамен секундына бір рет немесе жиірек қайталау керек. Жылдам дүмпуден кейін қолдардың қалпы шамамен 0,5 секунд барысында өзгермеуі тиіс. Одан кейін шамалы тіктеліп және кеуде сүйегінен ажыратпай, қолдарды босаңсыту керек.
Егер екі адам көмек көрсететін болса, олардың бірі жасанды тыныс, ал екіншісі — жүрек массажын жасауы тиіс. Егер көмек көрсетушінің көмекшісі болмаса, сөйтіп жасанды тыныс пен жүректің сыртқы массажын жалғыз жасайтын болса, онда көрсетілген операцияларды келесі тәртіпте кезекпен жасауы қажет: зардап шегушінің аузына немесе мұрнына екі терең үрлеуден кейін, көмек көрсетуші 15 рет көкірек қуысын басады, содан кейін қайтадан екі терең үрлеуді жасайды және жүрек массажы үшін 15 басуды қайталады.
Сыртқы жүрек массажының тиімділігі - төс сүйегін әрбір басқан сайын, ұйқы күре тамырының соғысы байқалады. Тамыр соғысын анықтау үшін мойынның үстіңгі жағын ұйқы күре тамыры анықталғанға дейін сипалап іздейді.
Массаж тиімділігінің басқа белгілері - көз қарашығының тарылуы, зардап шегушінің дербес тыныс алуының пайда болуы, тері көгеруінің және көрінетіні сілекейлі қабықшалардың азаюы болып табылады.
Ағза жандануының басқа белгілері (дербес тыныстау, көз қарашықтарының тарылуы, зардап шегушінің аяқ-қолын қимылдатуға тырысуы және т.б. ) пайда болуы барысында тамыр соғысының ұзақ уақыт болмауы, жүрек фибрилляциясының белгісі болып табылады. Бұл жағдайда зардап шегушіге дәрігер келгенге дейін көмек көрсетуді жалғастыру қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   67




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет