Педагогика ғылымының мәні. Оның ерекше білім саласына бөлінуі және зерттеу аймағы.
Педагогика пәні , адам тану ғылымының ішіндегі жетекшілерінің бірі ретінде, өте көне ғылымдардың бірінен саналады.
Педагогиканың ғылым ретінде өз пәні, яғни ғылыми таным-білімнің белгілі бір саласы бар. Бұл қоғамның жас ұрпақты өмірге даярлау жөніндегі ерекше міндетті қызмет (функциясы)- тәрбие беру саласы болып табылады. Педагогика бала жайындағы ілім, олай болса, ол ұрпақ тәрбиесі жайындағы ілім.
Педагогика гректің “paidagogas” –баланы жетектеуші, ертіп жүруші сөзінен алынған. Ең алғашқыда бұл сөз құл қожасының баласын мектепке жетектеп апарушы дегенді білдірсе, кейін келе ол тәрбие туралы ғылымның аты ретінде қалды. Тәрбиенің негізгі мақсаты – жинақталған білім мен қоғамдық- тарихи тәжірибиені жеткіншек ұрпақтарға беру.
Педагогика пәні – адамның адамды тәрбиелеуі; педагогика пәні-тәрбиелік іс-әрекет; педагогика пәні-арнайы ұйымдастырылған әлеуметтік сала . Ең негізгісі педагогика – тәрбие туралы ғылым .
Педагогика – тәрбие туралы ғылым ретінде тәрбиенің мәнін анықтау, түсіндіру, тәрбиенің өзіне тән ерекшк заңдылықтарын көрсету, қоғамның жеке тұлғаның мүддесіне сай болуын, ықпалын айқындау, танып білу .(Т.А. Ильина . Педагогика М. 1984).
Тәрбиелеу үрдісінде (процесінде) жаңа ұрпақтар білімді, белгілі еңбек машығын меңгеруге, қоғамдағы мінез – құлық нормаларын ұғып, өмірге деген көзқарастардың белгілі жүйесін қалыптастыруға тиіс .
Педагогиканың негізгі ұғымдары, педагогиканың шығуы және дамуы, зерттеу әдістері.
Педагогика бұл-адамзат ғылымының ең ежелгі және қоғам дамуының ажырамас саласы болып табылады. Себебі: педагогикалық білім ұғымы ұрпақты білімге дайындау немесе тәрбиелеу мен байланысты адам әрекетінің ерекше аймағына кіреді. Педагогика барлық ғылымдар сияқты философия ғылымы аясында қарастырылды. Ежелгі грек философтарды Гераклит, Демокрит,Фальс, Сократ, Аристотель, Платон, т.б. ғылымдарының педагогикаға қосқан үлесі зор. «Педагогика» деген ұғым көне грек елдерінде б.э.б. 2,5 жылда пайда болған дейді. Педагогика деген сөз, яғни тәрмин, көне грек тілінен шыққан, ол балаларды ертіп жүру, баланы жетектеп мектепке апаруы деген сөз. Анығырақ айтатын болсақ, "Педагогика" термині гректің екі сөзінен: "пайс" - балалар және "эгейн" - баланы басқару, тәрбиелеу, жетектеу, бағу ұғымдарынан шыққан. Адам өмір бойы тәрбиеленеді және қайта тәрбиеленеді. Педагогика - бала жайындағы ғылым, олай болса ол ұрпақ тәрбиесі жайындағы ілім. Адам баласының ұрпағы үнемі жаңарып, өзгеріп отырғандықтан, педагогика ілімі де үнемі өзгеріп отырады. Қазіргі кезде тәрбиенің ықпал жасау аясы кеңейе тусуде. Сондықтан "педагогика - бала тәрбиесі жайындағы ғылым", -деп шек қоюға болмайды. Педагогиканың ғылыми таным саласы - тәрбие. Педагогика қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды. Педагогика - жалпы адам тәрбиесі жайындағы ғылым . Ал тәрбие - жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке даярлап, оларға қоғамдық тарихи тәжірибені үйрету процесі. Педа¬гогика пәнін (зерттейтін) толық түсіну үшін ең алдымен негізгі педагогикалық ұғымдарды қарастырайық.
Әрбір ғылымның өзіне тен зерттейтін саласы және ғылыми ұғымдары бар. Мысалы, философиядағы ұғымдарға "болмыс", "материя", "қозғалыс"; саяси экономияда- "қоғамның өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастары", ал педагогикада - "тәрбие", "білім беру", "оқыту"жатады.
Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстарды, олардың байланысын танимыз.
Педагогикалық ұғымдардық бірі - тәрбие.
Тәрбие дегеніміз - адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық-тарихи тежірибені беру процесі. Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдағы құбылыс ретінде барлық тәрбие салаларын, атап айтсақ: отбасы, мектепке дегіінга мекеме, оқу тәрбие орындары, еңбек ұжымы, ақпарат құралдары, баспа орындарын қамтиды. Біздің мемлекетте бұл салалар қоғамдық, мемлекеттік мақсатқа қызмет етеді.
Кең мағынада деген ұғымда бүкіл сыртқы әсерлердің, адамды қоршап тұрған, табиғи және әлеуметтік ортаның, тәрбиешілердің мақсатты іс-әрекеттерінің ықпалымен адамды қалыптастыру.
Тәрбие" ұғымы тар мағынада "Тәрбиеші тәрбиелейді", кең мағынада "Өмір тәрбиелейді' деп қолданудық тәрбие жайлы ұғымды анықтауда зор мәні бар.
Тәрбие - тар мағынада жеке тәрбиелік міндетті шешуге, жеке адамның белгілі бір қасиетін қалыптастыруға, меселен, эстетикалық талғамын тәрбиелеуге бағытталған жұмыс.
Тәрбие жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы коғамның алға қарай дамуын қамтамасыз ететін процесс. Тәрбие -педагогикалық кең мағынада қоғамның арнайы бөлінген адамдары - мұғалім, педагог, тәрбиешілердің басқаруымен жүргізілетін мақсатты үрдіс. Олар арнайы тәрбие жұмысын ұйымдастырып, жеке адамның қалыптасуына ықпал жасайтын жиынтық факторларды пайдалана отырып әрекше әдіс-тәсілдерді қолданады.
Педагогика ғылымының міндеттері.
Педагогика ғылымының алдында тұрған міндеттердің күрделілігі біздің қоғамымыздың барлық саласында жүріп жатқан қайта құру процесінен туындайды.
"Педагогика" терминi гректің екi сөзiнен: "пайс" - бала және "егейн" - баланы басқару, тәрбиелеу, бағу ұғымдарынан шыққан.
Адам бүкiл өзiнің өмiрi бойында тәрбиеленедi және қайта тәрбиеленедi.
Педагогика оқулығында, зерттеу еңбектерiнде, анықтамалықтар мен энциклопедиялық сөздiктерiнде педагогика ғылымына берiлген әр тұрлi анықтамаларды кездестiремiз. Ең көп кездесетiнi: педагогика тәрбие туралы ғылым; педагогика жас ұрпақтар туралы ғылым; педагогика адам тәрбиесi туралы ғылым деген анықтамалар.
Ал педагогика пәнiне берiлген анықтамалар да әр түрлi. Педагогика пәнi - адамды адам тәрбиелеу, педагогика пәнi - тәрбиелiк iс-әрекет, педагогика пәнi арнайы ұйымдастырылған әлеуметтiк сала.
Ең негiзгiсi педагогика тәрбие туралы ғылым.
Әрбiр ғылымның өзiне тән зерттейтiн саласы және ғылыми ұғымдары бар. Мысалы, философияда "болмыс", "материя", "қозғалыс", саяси экономияда - "қоғамның өндiргiш күштерi мен өндiрiстiк қатынастары", ал педагогикада - "тәрбие", "бiлiм беру", "оқыту", ұғымдары жатады.
Педагогикалық ұғымдардың бiрi - т ә р б и е.
Тәрбие дегенiмiз - адамдарды қоғамдық өмiрге және өнiмдi еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық-тарихи тәжiрибенi беру процесi болып табылады.
Барлық тәрбие салалары: жанұя, мектепке дейiнi мекеме, оқу-тәрбие орындары, еңбек ұжымы, информация құралдары, баспа орындары.
Тәрбие - белгiлi жоғары мақсатқа бағытталған процесс: а) жас ұрпақтың рухани дене күштерiн дамыту; ә) ғылыми-материалистiк дүниетануды қалыптастыру; б) қоғам өмiрiне, қоғамдық өндiрiстің белгiлi саласына қатысуға дайындығы болу мiндетiн қамтиды.
Тәрбие - аға ұрпақтың жаңа ұрпаққа қоғамдық тарихы тәжiрибенi беру процесi.
Бiлiм беру - бұл ғылымдар жүйесiнен бiлiм алу және танымдық, iскерлiк пен дағдыны қалыптастыру, оның негiзiнде жеке бастың көз қарасын, адамгершiлiк тағы басқа қасиеттердi қалыптастыру, адамның шығармашылық күшi мен қабiлетiн дамыту.
Оқыту - бұл оқушы мен мұғалiмнің мақсатты тұрде өзара әрекет жасау процесi. Бұл процестің барысынды бiлiм беру, тәрбие беру және адамның дамуы, оның бiлiм алуы жұзеге асырылады.
Бiлiм беру - оқыту мен тәрбие жұмысын бiрiктiретiн және жеке бастың дамуына ықпал жасайтын процесс.
Педагогиканың анықтамасының құрамына: "тәрбие", "бiлiм беру", "оқыту" ұғымдарымен қатар "өздiгiнен бiлiм алу" ұғымын да аламыз.
Өздiгiнен бiлiм алу - бұл адамның мақсатқа бағытталған арнайы мiндет көздеген жұмысы, өздiгiнен бiлiм алу адамның өзi қызығатын мәселеген байланысты iзденiп, қажеттi бiлiмдi меңгеруi, сонымен қатар, арнайы радио, телехабарды тыңдау арқылы бiлiмiн жетiлдiру болып табылады.
Сонымен бiрге адамның "жетiлуi", "дамуы", "өзiн-өзi тәрбиелеу" ұғымдарымен бүгiнгi педагогика өзiнің зерттейтiн проблемаларының шеңберiн толықтырады.
Жеке адамның дамуы - бұл iшкi және сыртқы, басқаратын, басқармайтын факторлардың ықпалымен жеке адамның қалыптасып жетiлу процессi. Жеке адамның дамуына, жетiлуiне мақсатты түрде жүргiзiлетiн тәрбие мен оқыту шешушi роль атқарады.
Жеке адамның қалыптасуына өзiн-өзi тәрбиелеудің маңызы зор. Өзiн-өзi тәрбиелеу - адамның сапалы түрде белгiлi бiр мақсат көздеп өзiнің бойына қалыптастыратын қасиет, мiнез-құлық дағдысына бағытталған жұмыс.
Педагогикада бұл негiзгi ұғымдардан басқа көптеген түсiнiктер мен тұжырымдар бар. Мәселен, бiлiм, iсркелiк, дағды, әдiс, тәсiл, құралдар, жұмыс формалары, қағида т.б.
Тәрбие педагогикалық кең мағынада - бұл мақсат кезделiнген процесс, қоғамның арнайы бөлiнген адамдары - мұғалiм, педагог, тәрбиешiлерiнің басқаруы мен жүргiзiлетiн процесс. Олар арнайы тәрбие жұмысы ұйымдастырады. Жеке адамның қалыптасуына ықпал жасайтын кешендi факторларды пайдалан отырып ерекше әдiс-тәсiлдердi қолданады.
"Тәрбие" терминi тар мағынада жеке тәрбиелiк мiндеттi шешуге, жеке адамның белгiлi бiр қасиетiн қалыптастыруға, мәселен адам тiршiлiгiн немесе эстетикалық талғамым тәрбиелеуге бағытталған жұмыс.
Кең мағынада деген ұғымда бүкiл сыртқы әсерлердің адамды қоршап тұрған, табиғи және әлеуметтiк ортаның - қоршаудың сонымен бiрге тәрбиешiлердің арнайы бағытталған iс-әрекеттерiнің ықпалымен адамды қалыптастыруды айтамыз.
Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы.
Педагогика ғылымының мына ғылымдармен байланысты:
Философия – бұл адамды күш идеялық сенімге, айқын түсіне білушілікке тәрбиелейді.
● Психология – адамның мінез-құлқын қалай тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін іздестіреді.
● Адам физиологиясы – бала организміндегі жоғары
Нерв қызметі, тыныс алу, қан және жүрек тамыр жүйесін физиологиялық ерекшеліктерін қарастырады.
● Мектеп гигиенасы – жас ұрпақтың денсаулығын сақтау, нығайту және дамыту жайындағы ғылым.
● Әлеуметтану – жас ұрпақты дамыту, тәрбиелеу және қалыптастыру проблемаларын зерттеу барысында педагогика ғылымы әлеуметтік ортамен тәрбие жайындағы мәліметтерді әлеуметтану ғылымы негізінен қарастырып, шешім қабылдайды.
● Этнография – белгілі бір халықтың экономикасын, қоғамдық және рухани мәдениетін тұрмысының зерттейді.
● Археология – өткен ғасырындағы ескерткіштер арқылы халықтардың әдет-ғұрып, мәдениетін, тарихын зерттейді.
Сондай-ақ, педагогика ғылымы медицина, экология, экономика, әдебиет, тарих және т.б. ғылымдармен тығыз байланысты.
Адам жөніндегі ғылымдар жүйесіндегі педагогиканың орны оны басқа ғылымдармен байланыстыра қарастырғанда ғана айқындалуы мүмкін. Өзінің ұзаққа созылған тарихында педагогика көптеген ғылымдармен тығыз байланыста болып, өз дамуы мен кемелденуінде олардың əрқилы ықпал-əсеріне ұшырап отырды. Бұл ұштастықтардың кейбірі тарих тұңғиығынан жалғасып келе жатса, енді біреулері-кейінгі, жақын дəуірлерде пайда болды. Педагогиканың алғашқы байланыс түзген білім салалары-философия мен психология. Бұл ғылыми «одақ» қазіргі күнде де педагогикалық теория мен практиканың кең, өрістеп дамуының алғы шарты.
Педагогиканың зерттеу әдістері.
Педагогикалық зерттеу əдістерінің əдіснамадан өзгешелігі - бұл педагогикалық құбылыстарды зерттеу, олар жөніндегі ғылыми ақпараттарды жинақтап, заңдылықты байланыстар, қатынастарды анықтау, оның нəтижесінде ғылыми теория қалыптастыру мақсатымен жүргізілетін іс-əрекет жолдары мен тəсілдерінің өзі. Əдістер көп түрлі де сан қилы, бірақ жүйелестіре келгенде, бұлардың бəрі үш топқа ажыралады: 1) педагогикалық тəжірибені зерттеу əдістері; 2) теориялық зерттеу əдістері, 3) математикалық əдістер. Педагогикалық тəжірибені зерттеу əдістері – білім беру процесін ұйымдастырудың көз алдымызда қалыптасқан тəжірибесін зерт-теудің жолдары. Зерттеуге озат тəжірибе, яғни танымал мұғалімдер мен қатардағы тəлімгерлер қызметтері бірдей алынады. Олардың жұмыстарында кезігетін қиындықтар педагогикалық процесс қайшылықтарымен, пайда болған не енді туындауы мүмкін проблемалармен байланысты келеді. Педагогикалық тəжірибені зерттеу барысында келесідей əдістер қолданылады: бақылау, əңгімелесу, интервью, анкеттеу, оқушылардың жазба, графикалық жəне шығарма жұмыстарын көзден өткеру, педагогикалық құжаттармен танысу.