Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Ермекова


Біз  адамды ақтық өміріне дейін тәрбиелей беруіміз керек» (М. Иманжанов). « Біз



Pdf көрінісі
бет31/118
Дата15.11.2023
өлшемі4,69 Mb.
#124040
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   118
Біз 
адамды ақтық өміріне дейін тәрбиелей беруіміз керек»
(М. Иманжанов). «
Біз 
оған көмектесуіміз керек» (М. Иманжанов). 
Осы сияқты сөйлемдер қазіргі әдеби тіл нормасынан едәуір 
орын алады. Бұл жағдай – Ғ. Мадинаның пікірінше, ілік септігі 
жалғауының басқа септіктермен салыстырғанда түсіп қалып ай-
тылуға икемділік қасиетімен байланысты тілдік үдеріс. Соның 
нә тижесінде ілік септігіндегі қимыл субъектісі активтеніп, грам-
ма тикалық субъектіге айналған. Ғ.Мадина мұндай сөйлем дерді 
жақсыз сөйлемдердің жақты варианты дейді. Бірақ бұл – даулы 
мәселе.
ІІІ. Жақсыз сөйлем баяндауышының негізгі компоненті барыс 
септік жалғаулы тұйық етістікпен жасалады да, көмекші сынды 
«тура кел», «мүмкін, мүмкін емес»
көмекші
 
сөздердің тіркесі 
арқылы жасалады. Мыс., 
Билетті екі-екіден екі вагонга алуға 
тура келді (С. Мұқанов). Сан жүздеген адамнан көшеде аяқ алып 
жүруге мүмкін емес еді (М.Иманжанов).
IV. -қы, -кі, -ғы, -гі жұрнақты етістіктің тәуелденген түріне 
«кел» көмекші етістігінің тіркесіп келуі арқылы жасалады. Мыс., 
Әбіштің оқшау ойларын Абайдың ұғына түскісі келеді (М.Ә.). 
Оразбайдың мына жиын алдында дауласқысы келген жоқ (М.Ә.).
V. Жақсыз сөйлемдердің енді бір тобы сұраулы, лепті сөй-
лемдер болып келіп, көтеріңкі экспрессивтік-эмоционалдық 


Бердібай Шалабай
56
мағы наларда жұмсалады. Мыс., 
«Қуанышсыз бақыттың керегі 
не!» (Ғ. Мұстафин). «Екі жаққа тең бөлінбейтін махаббаттың 
ке регі қанша?» (С. Мұқанов). «Машинист болудың несі жаман?» 
(М. Иманжанов). «Шіркіннің қалжыңқойын! Мына баланың 
ауылға асығуын-ай! (М. Әуезов). «Жан ашырдың жоқ болғаны 
ғой!» (М.Ә).
Алдыңғы сөйлемдердің баяндаушы 
«керегі не», «керегі қан-
ша», «несі жаман» 
тіркестерден құралып риторикалық сұрау-
лы сөйлем жасап тұр. Соңғы мысалдарда баяндауыш тәуел де ніп 
келіп, ыза, кекесін, мысқыл мәніндегі модальдік мағыналарды 
білдіріп тұр. 
VI. Жақсыз сөйлемдердің баяндауышы идиомалық тіркес-
терден де жасалады. Мыс., 
«Геннадийдің зәресі тас төбесіне 
шықты» 
(З. Шашкин). 
«Мейрамның ішек-сілесі қатып жатыр» 
(Ғ. Мұстафин).
 «Таң атты». «Қас қарайып барады». «Ымырт 
жабылды»
сияқты сөйлемдер де осы қатарға жатады. Бұндағы 
«жақсыздықтың» себебі – олардың баяндауышының мағыналық 
жағынан бөліп талдауға келмейтін түйдекті идиомалық тұрақты 
тіркестерден болуы. Мұндай жақсыз сөйлемдердің бір тобы 
адамның еркінен тыс болуға, не болмауға тиісті табиғи үдерісті 
білдіреді, енді бір тобы табиғат, жаратылыс құбылыстарына 
байланысты үдерісті көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет