Р. Р. Турумбаева лектор, А. Ж. Шойбекова



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата14.10.2023
өлшемі496,89 Kb.
#114315
  1   2   3   4   5


УДК:811.111:316.422 
Р.Р. Турумбаева 
лектор
, А.Ж. Шойбекова 
лектор
, Г.С. Кайракбаева 
ассистент
 
С.Д. Асфендияров атындағы Ұлттық медицина университеті 
Тілдер кафедрасы 
info@kaznmu.kz 
 
ИННОВАЦИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ. TBL –КІШІ ТОПТАРДА ШЕТ ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСІ. 
Түйін
.
Мақалада инновациялық технологияларды оқу үдерісіне пайдалану ерекшеліктері қарастырылған. 
«Инновация» ұғымының терминдік мәнін ашып, анықтама берген отандық ғалымдарыдың бірі – Н. Нұрахметов. 
Қазіргі таңда оқу үдерісіне «жаппай» енгізіліп жатқан инновациялық технологиялар көкейкесті мәселелердің 
тоғысында пайда болып, оқу үдерісіндегі әдістемелерге жаңаша тұрғыдан қарап, оны үздіксіз жаңғыртуға 
бағытталған. TBL – team based learning – кіші топтарда шет тілін оқыту әдісі жайында айтылған. 
Түйінді сөздер:
 инновация, технология, дағды, ойын, дербестігін жетілдіру, творчестволық қабілет, коммуникация.
Кіріспе.
Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үрдіс 
қарқыны білім беру жүйесінің алдына оқыту 
технологиясын жетілдіру міндеттерін қойып отыр. 
Тәуелсіз еліміздің болашағы білім беру жүйесіне 
байланысты. Осыған байланысты педагог мамандар 
оқытудың ең тиімді әдіс-тәсілдерін зерттеп, тәжірибе 
жүзінде сынап келеді. Бірнеше оқыту әдістерін 
салыстыра қарастыру арқылы әр оқытушы оқытудың 
жаңа технологияларын таңдап, ой елегінен өткізіп, 
өздерінің сабақтарында қолданады[1]. Сондықтан 
біздің де, алға қойған мақсаттарымыздның бірі-
оқытудың әдіс тәсілдерін жетілдіріп отыру, қазіргі 
заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру 
және инновациялық, интерактивтік әдістемелерді 
сабақ барысында пайдалана отырып, сабақтың 
сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалымызды тигізу. 
Ақпараттық-инновациялық технологияны пайдалану 
—қазіргі заманның өмір талабы. Қазақстанда ең 
алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама 
берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол “Инновация, 
инновациялық үрдіс деп отырғанымыз – білім беру 
мекемелерінің 
жаңалықтарды 
жасау, 
меңгеру, 
қолдану және таратуға байланысты бір бөлек 
қызметі” деген анықтаманы ұсынады.
Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. 
Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің 
мәнін тереңдетуге, оқытушының кәсіптік шеберлігін 
арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, 
пайдалануға 
және 
шығармашылық 
жұмыстар 
жүргізуге бағытталған. Мұндай технологияларды 
қолдану — біріншіден, оқытушы ұтады, яғни ол 
сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, білім 
алушының пәнге деген қызығушылығы артады
екіншіден, білім алушы ұтады, себебі оның тақырып 
бойынша танымы кеңейеді. Осылайша білім берудің 
қалыптасқан 
әдістемесіне 
оқытудың 
жаңа 
технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім 
сапасы да арта түспек. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет