Реферат педагогика ғылымындағы коммуникативті біліктілік туралы Қазақстан және Ресей ғалымдарының көзқарастарын жан-жақты талдап, жүйелі ғылыми тұжырымдар дайындау



бет1/7
Дата01.12.2022
өлшемі41,5 Kb.
#54214
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Педагогикалық біліктілік.Нұргүл.Магистратура



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті


РЕФЕРАТ

Педагогика ғылымындағы коммуникативті біліктілік туралы Қазақстан және Ресей ғалымдарының көзқарастарын жан-жақты талдап, жүйелі ғылыми тұжырымдар дайындау.


Орындаған:Қуандық Н.Қ.
Тексерген: Базарғалиев Ғ.Б.

Атырау 2022

Жоспары
І- бөлім. Кіріспе
ІІ- Негізгі бөлім.

  1. Педагогикалық біліктілік және оның тәрбиедегі мәні

  2. Тұлғаны тәрбиелеудегі мұғалімнің біліктілігінің мәні

  3. Педагогикалық шеберлік және оның әлеуметтік маңызы.

ІІІ-Қорытынды бөлім.



І- бөлім. Кіріспе.
Педагогикалық шеберлік туралы.
Педагогикада кәсіби қызметтің сапасын анықтайтын біртұтас әрі жүйелі түсінік «педагогикалық шеберлік» болып табылады. Орыс тілінің сөздігінде «шеберлік - белгілі бір саладағы өнер деп анықтама берілген, ал шебер өз ісінде жоғары нәтижеге қол жеткізген маман делінген (С.И.Ожегов, 1990). Педагогикалық шеберлікті адамның педагогикалық жұмысындағы жоғары өнерге қол жеткізген ерекше қалпы ретінде қарастыра отырып, оның кәсіби қызметтік және тұлғалық тұрғыдан өзіндік өлшемі бар екенін ескеру қажет.
Педагог түрлі ғылым саласында озық білімді меңгеруімен шеберлікке қол жеткізе алады ма? Өз әріптестеріміздің тәжірибесінде кәсіби қызметінен көре аламыз ба? Жоқ , себебі педагог сағат сайын айналадағы өзгерістерді, жаңалықтарды қамтып, ғылымның заңдылықтарына сүйену арқылы әдемілік пен тәрбиелілікті жеткізе білуі керек. Бұл жағдайда ең объективті заңдар туралы сөз болып отырғанын, яғни нақты бір адамның-педагогтық өмірге көзқарасы, қарым-қатынасы туралы екенін түсіну маңызды болмақ.
Педагогикалық шеберліктің кейбір анықтамаларының мазмұнын кеңес дәуірі мен қазіргі отандық ғылыми-әдістемелік әдебиеттерден қарастырамыз.
Педагогқа қойылатын талаптар туралы ағарту саласы бойынша халық комиссары А.В.Луначарскийдің мақалалары мен басылымдарда жарияланған сөздерінен білеміз. 1928 жылы тәрбиешілер мен қоғам қайраткерлерінің мәжілісіндегі сөзінде ол педагогқа жүктелетін жауапкершілік ерекше екенін атап айтқан: «егер алтын құятын шебер оны бүлдіріп алса, оны қайта құюға болады, егер асыл тастар бүлінсе іске алғысыз болып қалады, бірақ ең зор баға жетпес гауһар - өмірге келген адам. Адамды бұзу ең ауыр қылмыс немесе күнәсыздықтың үлкен күнәсы. Бұл материалмен алдын ала не істейтінді анықтап нақты, айқын жұмыс істеу керек»- дейді.
Н.К.Крупская (1960) 1932 жарыққа шыққан «Мұғалім туралы» деген мақаласында «үлгілі мұғалімнің мерилі» ретінде төмендегі критерийлерді анықтады: мұғалім өз пәнін әрбір оқушыны, еңбекті ұйымдастырудың ғылыми негіздерін білуі керек, оқытудың әдістемесін меңгеруі, оқу және тәрбие жұмыстарын ұштастыра білуі, оқушының қабілетін оята білуі, беделді бола білуі қажет.
Педагогикалық шеберлік мәселесі туралы А.С.Макаренконың (1988) пікірлеріне сүйенер болсақ, оның дәлелдеуінше шеберлік – бұл «тәрбие процесін шын мәнінде білу, тәрбие ісінде біліктің болуы». Бұл жөнінде ол: «Мен білік пен дағдыға негізделген шеберлік қана мәселені шеше алатынына өз тәжірибемде көз жеткіздім» дейді. Одан әрі жоғарыда келтірілген шеберлік туралы түсінікті нақтылайтын ережелер қатары кездеседі, «дауысты келтіру - өнер, көзқарасы мен қозғалысы, тұру, отыру, орындықтан көтерілуі, күлу бәрі-өнер болып табылады. Мен өзімді нағыз шебер болдым деп есептедім, тек «мында кел» деген сөзді 15-20 түрлі құбылта отырып, кімді болса да өзіме шақырғанда келетіндей және не істеу керек екенін бірден түсінетіндей дәрежеге жеткенде ғана дейді.
В.А.Сухомлинский (1981) бұл түсінікке нақты анықтама бермейді дегенмен ол педагог тұлғасы тәрбиеленуші тәнті ететін, өзіне тарта білетін рухтандыратын болуы керек деген пікір айтады. Ол идеалдар мен қағидалардың көзқарастары мен талғамының симпатия мен антипатияның моральдық әдептілік қағидаларының педагогтың сөзі мен ісіндегі гармоналды тұтастығы міне. Осындай қасиеттер жалындаған жас ұрпақтың жүрегіне жол табатын шоқ жұлдыз болады» дейді. Сондай-ақ ауызбіршілік тәрбиеші үшін органикалық қажеттілігі ретінде өте маңызды әрі жан дүниесін, жеке бақытын, ой-санасын онсыз елестете алмайтын өмір заңы екенін айтады.
А.И.Щербаков (1968) педагогикалық шеберлік –« мұғалімнің ғылыми, әдістемелік өнерінің, білігі мен дағдысының, жеке қасиеттерінің үндесіп, үйлесуі» - деп есептейді. Мұндай үйлесімді тұтас әдістемелік өнер тек шығармашылықпен ғана туындайтыны айдан анық. Бұл өнердің басты атрибуты - өз жұмысын үлкен жауапкершілікпен орындау дейді.
Ю.П.Азаров (1971) тәрбиешінің шеберлігінің маңызы туралы айта келіп, оның мәнін төмендегіше ашады педагогикалық шеберліктің негізі бала тәрбиесінің заңдылығын білу болып табылады дейді. Одан әрі шеберлікті құрайтын құрамдас бөліктерінің өзара әрекеті туралы айта келіп, шеберлікке берген анықтамасын дамыта түседі сезім мен техниканың өзара әрекеті педагогтың жеке тұлғаға немесе ұжымға жаппай эмоционалды образды ықпал жасауына әкелетінін айтады.
Міне, шеберліктің құдыреті - осындай тұтасқан үйлесімде Ю.П.Азаров (1989) қалың оқырман қауымына арнаған публицистикалық басылымында: «мен шеберліктің формуласын қайта-қайта айта беруге дайынмын, оның мәні технология, қарым-қатынас, тұлға сияқты үштікте» дейді. Шеберлік істейтін ісіміздің материалдық жағында болуы керек.Бұл технологияны кешіктірмей іске асырсақ, соның арқасында қарым-қатынас жасалады. Ал бұл қарым-қатынас мәні және балаларды қалыптастырады деген екен.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет