Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесiнiң



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата03.03.2017
өлшемі1,24 Mb.
#7040
1   2   3   4   5   6   7

Светлана АПСАЛЫҚОВА, 

Алматы қаласындағы Түрксіб

аудандық №26 кітапхана

филиалының меңгерушісі. 

 *«Үркер»*№22014

41

Проза


Мира ШҮЙІНШƏЛИЕВА

1967  жылы  Батыс  Қазақстан  облысы 

Бөкейордасы  ауданы  Бисен  ауылында  туған. 

Жазушы-журналист.  ҚР    Қазақстан  Жазу-

шылар  одағының  мүшесі.  ҚР  Журналистер 

одағының      мүшесі.  Халықаралық    «Шабыт»  

шығармашыл  жастар  фестивалінің  лауреаты. 

Журналистика саласындағы  көп жылғы еңбегі 

үшін  2002 жылы  ҚР Мəдениет жəне   ақпарат  

министрлігінің  «Құрмет  громотасымен»  марапатталды. Бүгінде  Орал  

қалалық - апталық  қоғамдық саяси «Жайық үні» газетінің директоры-

редакторы. 

Айшуақ  əжей  өз-өзінен  селк  ете  қалды. 

Сəбидей  балбыраған  əлсіз,  əлжуаз  денесі 

тітіркеніп  кетті.  Оның  күндегі  ғадеті  осы.  

Ұстарадай  қолдан-қолға  сусып  тұрмайтын 

жіңішке иненің сығырайған көзіне тілдей жіпті 

өткізе алмай бəйек болып отырғаны.  Абайсыз-

да инесін саусағына бырт еткізіп кіргізіп алады. 

Оқыста  қолынан  сылп  еткізіп  түсіріп  алады. 

Бір  тұтам  ине-жібі  көлбеңдеген  көйлегіне  ора-

тылып,  өрмекшідей  ілініп-салынып  үстінде 

жүреді.  Түнəукүні  осы  инесі  абайсызда  оң 

жамбасына  кірді  де  кетті.  Сонда,  қос  жанары-

нан кеуіп қалған көлдей жас та шықпай, іштегі 

ызасы кеудесін жарып кете жаздады.  «Құдай-

ай,  көресінді  осы  ине-жіптен  көретін  болдым-

ТАҚСЫРЕТ


хикая

ау.  Кімге  не  жазып  ем  тағы?  Ерасылым  мен 

Нұрасылыма бүгінде түк тоқымайтын болдым-

ау» деп шыр-пыр етті кейуана. Сол сəтте күніге 

осы бөлмеге  жүз кіріп, жүз шығатын  күтуші 

қыздың келе қалмасы бар ма. 

–    Əже, айтқан тілді емге тыңдамайсыз 

ғой,  тіпті.  Осы  ине-жіпте  не  өшіңіз  бар  еді? 

Жыртық-жамауыңыз  болса,  өзім-ақ  тігіп 

берейінші.  Киіміңізді  кеше  ғана  ауыстырдым. 

Интернатта  бəріңе  бірдей  бүтін  киім  береміз, 

–  деп      медбике  қолындағы  инеге  ұмтылды. 

Сөйткенше  Айшуақ  əжей  де  ойыншығын 

жасырған  жас  баладай  ине-жібін  кең  етек 

көйлегінің астына тыға қойды.   

– Қарағым,  тағы  келдің  бе  жетіп?!  Қос 



42

қарғамның  шұлқиын  тоқытпайтын  болдың-ау. 

Ендігі  екеуінің  де  шұлқиы  тозған  шығар..., – 

деп кемсеңдемесі бар ма. 

– Əже,  ине-жіпке  абай  болыңыз  дегенім 

ғой.


– Ертеректе    шалымның    жылтырап 

өкшесі  көрініп  жүретін.  Ұзамай  балтыры-

на  сары  су  жинап,  сыздатып  алды  ғой,  сорлы! 

Ендігі  тірі  тұрса,  мұнда  бір  түн  түнемес  едім. 

Жайлаудағы  үйді  айтсаңшы!  Əсіресе,  таңда  

ауасы танауыңды жарып жіберуші еді. Жə, аса-

рымды асап, жасарымды жасаған мен кемпірді 

қойшы! Осы жақтан бұйырған  «тақтайға» мініп 

кете  барармын-ау.  Сөйтіп  жаман  шалымның 

қасына  жатармын-ау.  Анау  Ерасылым  мен 

Нұрасылымды  айтсаңшы!  Көзімнің  тірісінде 

боталарымды  бір  көрмей  көрде  қалай  тыныш 

ұйықтаймын. О, Құдай-ай, тым болмаса екеуіне 

осы  қара  күзге  дейін    шұлық  тоқып  қойсам, 

көрім болар еді.  Көзім түскір де көруден қалды. 

Ұлдарыма бола əуреленіп, ине-жіппен алысып... 

Шүйкебас  қыздың  алдында  өзін  кінəлі 

жандай  сезінген  əжей    кеудесіндегі  қатқан 

мұзды жібітпек болып, жауыр болған əңгімесін 

қайта бастады. 

– Қарағым-ай, қарсы алдыңда отырған мен 

жайлы түк білмейсің ғой. Анау көктен тап осы 

қалпымда мыжырайып, бетім бір уыс боп түсе 

қалды  деймісің.  Көзімнің  ағы  мен  қарасындай 

болған  Ерасылым  мен  Нұрасылым  үшін  шы-

бын  жанымды  шүберекке  түйіп  титықтаймын 

кеп... Бірақ, бірақ мені түсінер олар қайда? Қалт-

құлт еткен шешелерін түстерінде де көрмейтін 

шығар. Тым болмаса екеуінен бір немере сүйсем 

деп  едім.  Сен  шырақ,  келін-баламның  қайда 

тұратынын,  кіммен  тұратынын  біреулерден 

сұрастырып  білші,  жарай  ма.  Түнəукүні  

іңгəлəп  жылаған  бөпенің  даусын  естіп  жатып 

шырт  ұйқымнан  ояндым.  Құдай  аян  берді 

ме  білмеймін,  жүрегім  бір  қуанышты  сезген-

дей  болды.  Көкелерімді  бесікке  салып,  тыш-

тымасын  жеп  қайтсам  деп  едім.  Ерасыл  мен 

Нұрасылдың  балаларын  бір  иіскесем,  қазір-ақ 

армансыз о дүниеге кетер едім!

Айшуақ  əженің  күрсінгеннен  көкірегі 

қарс  айырылды.  Арман  мен  қиялдан  туған 

сағыныш кеудесін кернеп əкетті. 

– Əже,  балаларыңызды танымаймын ғой.  

Бір рет те көрген емеспін. Əйтпесе, ұсқындарын 

жаттап алар едім. 

– Түу,  шырағым-ай,  жас  басыңмен 

пəмітің қайда? Міні ғой, міні. Қанша айтсам да 

ұқпайсың. Мынау Ерасылым монтиып отырған. 

Əкесінің мойнына асылған Нұрасылым.  

Қимылы шапшаң үлкен кісі төсекшесінің 

астынан суырып алған, желім-желім сарғайған 

суретті  алма-кезек шөп-шөп сүйді. 

– Əже,  бұлар  ендігі  үлкен  азамат  болған 

шығар, – деп медбике баладай аңғал кемпірдің 

көңілін аулай түсті.  

– Жүзге  келсе  де,  шешеге  баласы  сəби 

қалпында  қалады,  қарағым.  Оны  өзің  де  ана 

болғанда түсінерсің. 

Үлкен  кісінің  əңгімесі  мен  үйреншікті 

əдетінен  жалыққан  медбике    бөлмеден  сыты-

лып шығып бара жатыр еді. Əжей оны қайтадан 

тоқтатты.  

– Көкелерімнің  бүгін  келген, келмегенін 

білмейсің  бе?  Екеуін  көрдің  бе,  жоқ  па?  

Ботақандарымды  көрмегелі    біраз  жыл  өтті. 

Мен  асханаға  кеткенде  келген  шығар?!  Қап, 

бүгін де көрмей қалғаным-ай!  Сен қыз, оларды  

көрсетуді қойдың! 

Тап  жаңа  бір  əзірде  ағынан  жарылған 

Айшуақ  əжей  қара  жын  секілді  арқасы  қозып, 

көтеріліп шыға келді.  

–   Əже, əже, сəл сабыр сақтаңызшы. Олар 

келген жоқ! Кеше де, бүгін де келген емес. Бір 

ретте келген емес сізді іздеп!

– Мүмкін  емес!  Ұлдарым  мені  алдамай-

ды! 


Күн  сайын  «келді  ме»  десе, «келді»  деп 

алдай  бергеннен  түк  шықпасын  біліп,  ащы 

болса да  шындықтың  пердесін бір-ақ  ашқан 

медбике əжейдің шытынаған көзінен жасқанып 

төмен қарады.

 *«Үркер»*№22014


43

– Əже, – деді  сосын: – Қане,  ине-жіпті  

маған  беріңізші.  Кеш  батып  барады.  Дəрі-

дəрмегіңізді ішіп демалыңыз.    

Көзін  алартып  ақ  қалпақ  киген  қызға 

тіксіне  қараған  Айшуақ  əжей  тіл  қатпады. 

Мыж-мыж  суретті  қос  алақанымен  кеудесіне 

қыса ұстап, төсегіне бүкшиіп отыра кетті.

– Əже, əуелі дəріңізді ішіңіз. 

– Дəрің құрсын! Ішпеймін! 

– Осыдан  ауырып  қалсаңыз,  Ерасыл  мен 

Нұрасыл  келгенде  төсектен  тұруыңыз  қиын 

болмай ма. Қане, ішіп жіберіңізші. Сонда жақсы 

ұйықтайсыз.  

Мейірбике  əжейді  дегеніне  көндірді. 

Ақырып-жекірген  кейуана  екі  қасық  сұйық 

дəріні  ішкен  соң  сабасына  түсті.  Қайтсін-ай, 

есінен  еш  кетпейтін  қос  ұлын  сағынғанда 

не  айтып,  не  қойғанын  өзі  де  білмей  қалады. 

Айдың  күні  аманында  тірліктің  тұманымен 

адасқан    əжейдің  күндегісі    осы.  Жалаңаш 

төрт  қабырғаға  қарап  жата-жата  жамбасы 

тесілген  ол  қапелімде  ұйқысы  келмей  тере-

зеден  сыртқа  көз  салады.  Ағашы  кеуіп,  сыры 

ұшқан  қарттар  үйіндегі  терезенің  жақтауынан 

жанына жылылық іздейді. Өмір бойы қос ұлын 

күте-күте жүйкесі жұқарған кейуананың жыны 

қайнап, ашуы қозғанда өз-өзінен секіріп, əлек-

шəлек  болады-дағы,  сосын  райынан  қайтады. 

Қаталдау тағдырына еріксіз көнеді. Əйтпегенде 

ше? Амалы таусылғанда  ақша бұлттардың ара-

сынан  сығалап  қарап  тұратын    жарты  айдың 

жүзімен тілдеседі.

«Ей,  ай  жарықтық!  Баяғыда  біздің 

қырдағы үйдің төбесінен емге кетпей, домала-

нып  тұрып  алушы  ең.  Əлі  тап  сол  қалпыңмен 

қарап  тұрсың  ба?  Тіршілікте  бəрі-бəрі  мың 

рет  өзгерсе  де  ертеңмен  күн  жарықтық,  түнде 

сен  жарықтық  өзгермейсің,  əйтеуір.  Сені  қыз 

күнімнен  қызықтап  өскен  мына  мен  қазір  ау-

зында  түк  тісі  жоқ,  сексендегі  селкілдеген 

қара  кемпір  болдым.  Əу  бастан  өзіңе  имандай 

сенуші  едім.  Түн  ортасында    жұлдыздарыңды 

санап  отырғанда  сорлы  басым  бəрінен  айры-

лып, бəрін жоғалтып тыныппын. Ей, жарықтық-

ай, жатырқап, жүзіңді бұра бермей маған тура 

қарашы, қане? Бүгін неге жартылай тудың. Əлде 

сенің  де  мен  секілді  көңіліңнің  хошы  жоқ  па? 

Ертеректе  іштегі сырымды ешкімге тіс жармай, 

күбірлеп қана өзіңе айтушы ем. Иен далада қой 

күзетіп,  мал  қайтарып  жүріп  өзіңмен  оқтын-

оқтын  тілдесетінмін.  Ол  кезде    қос  құлыным,  

былдырлаған 

балапандарым 

пысылдап 

абысынымның  қойнында  түк  білмей  ұйықтап 

жататын.  Күндіз  мал  бағудан  шаршайтын  жа-

ман байым демалып, тынықсын деп ұлдарымды 

абысыным Жұмақызға аманаттап, қой-ешкімді 

жыртқыштардан  күзетуге  өзім  шығатынмын.   

Саған  қараған  сайын    құлындарым  қойнымды 

жылытып  тұрғандай    кеудем  қуаныштан 

балқып,  жамандық  атаулының  бірін  де 

сезбеуші едім. Сөйтсем бəрі алдамшы екен ғой. 

Сен  сонда,  балапандарыма  анау  есуас  қатын 

төсін  тыққылап,  менен  жасырынып  сүті  жоқ, 

кеуіп қалған омырауын иіскетіп жүргенін неге 

айтпадың?! Мынау көктен төне қарап, бір өзің 

бəрін  байқап  тұрдың  ғой.  Əділетсіздікті  өз 

көзіңмен көрдің ғой. Сол кезде жолынан адасқан 

маған бір ишарат білдірсең етті. Анау қатыгез 

абысынымның жүрегіне имандылықтың нұрын 

сепсең  етті.  Оның  түгі  де  кеткен  жоқ.  Ал  мен 

болсам, Ерасылым мен Нұрасылымнан тірілей, 

тірілей айрылдым. Əттең, əттең, абысынымның 

қулығына,  айлакерлігіне  мəн  бермей  алда-

на  беріппін...  Жылы  ұямда  жатқан  сəбилерім 

аналық сезімімнен суынып, бөтен біреудің, яғни 

тумаған  қатынның  құшағына  еміреніпті  емін-

еркін.  Дүниеде  өз  балаңның  туған  анасынан 

безіп,  теріс  айналып  кеткенінен  асқан  қорлық 

жоқ екен! Мен, мен сол қорлықты бастан кеш-

кен, тақсыретін тартқан кейуанамын! Ақ уызы-

ма  сəбилерімді  жарытпаған,  жан-жүрегіммен 

бөпелерімді  жылытпаған  бейбақпын!  Сенесің 

бе,  сен  соған!  Күндіз-түні  көргендері  «бөтен 

шеше» болған соң, есін білмейтін сəбилерімнің 

не  жазығы  бар  дейсің.  Бөпелерімді  елітіп  кете 

барды əлгі шайтан! Бүйткен дүниесі құрысын! 

Мира ШҮЙІНШƏЛИЕВА. «Тақсырет»


44

Кеудемнен  шыбын  жаным  шықпаған  соң,  қу 

тірліктің  мазағына  айналып    жүріп  жатқан 

жайым  осы.  Ұлдарымнан  күдерімді  бір  үзген 

емеспін.  Ерасылым  мен  Нұрасылымды  көзім 

жұмылғанша  бір  көрермін,  мауқымды  басар-

мын  деп  үміттенемін  əлі...  Кеудемнен  үміттің 

сығырайған  шамы  сөнбейді  де,  өшпейді  де. 

Басымның  бағы  баяғыда  өшіп,  жарығым 

баяғыда сөнді. Менде тым болмаса өз үйім, өлең 

төсегім,  қара  орманым  да  жоқ.  Бар  ошағым – 

мынау  төрт  қабырға.  Бүгін  немесе  ертең  шəйт 

болып  кетсем  қу  сүйегім  саудырлап  дəл  осы 

босағадан  шығады. «Шешелерің  о  дүниеге  ат-

танып  кетіпті  ғой.  Обал  болар,  соңғы  сапарға  

үйден  арулап,  шығарып  салайық»  дейтін  абы-

сын  да  жоқ  менде!  Ол  екі  баламды  бауырына 

басып, олардан қайыр көріп, арманына жеткен 

арсыз  əйел!  Ай  жарықтық,  қане  өзің  айтшы, 

неге осы өмірде дұрыстық атаулы атымен жоқ?!  

Титтей  мейірімге  шөлдеген  қубас  кемпірдің 

тұрысы  болса  мынау.  Аясаң  етті    бір  Алла!  

Егер мені аясаң, қос ұлымды өзіме кері қайтар-

дағы?  Мынау  қараңғы  түннің  ішінен  Ерасы-

лым мен Нұрасылымды өзің ғана көріп тұрған 

шығарсың. Ұлдарымды аңсап, көктегі  Тəңірге  

жалбарынғаныма  ұзақ  жыл  болды.  Бірақ,  қос 

қанатымнан титтей хабар жоқ. 

Осылайша аспандағы жарты айға мұңын 

шағып,  шарасыздық    танытқан  Айшуақ    əжей 

сүйек  боп  қатқан  саусақтарын  біресе  бүкті, 

біресе    жазды.   Баяғыда  ұлдарын  дүниеге 

əкелерде  толғағы  қатты  болып,  қыстаудағы 

үйдің  пеш  түбінде  қиналып  жатқанын  есіне 

түсірді.  Алғаш  Ерасылға  толғағы    қысқанда  

көрші  маңдағы  Ұлдай  кемпір  шауып  келіп  бо-

сандырып  алып  еді.  Шашы  тас  бұйраланған 

қара бала жылағанда үйді басына көтерді сонда. 

Ал жарық дүниенің есігін тұңғышы Ерасылдан 

бір жыл кейін ашқан Нұрасылы  болса  асықпай, 

аптықпай,  жанын  көзіне  көрсетпей  шыр  ете 

түскен-ді. Ендігі ол да сабырлы, байсалды жігіт 

болған  шығар.  Оның  да    кіндігін  көрші  əжей 

кесіп  еді.  Арқалы,  аруақты  кемпір  екі  ұлын 

қырқынан  шыққанша  темір  шылапшынға  шо-

мылдырып,  қол-аяғын  жазып,  бағып-қағысты. 

Сөйтіп  қос  құлыны  тетелес  ержетті.  Бірін 

бесікке  бөлеп  тастап,  екіншісін  құндақтаған 

күйі  иесіз  үйге  қалдырып  кететін.  Өзі  жалаң 

бас,  жалаң  аяқ  қораға  қарай    жүгіретін.  Жас 

босанған ұлдарын жын-шайтан қағып кетер не-

месе  əлденеден  қорқар  деп  ойламайтын.  Бөтен 

ой  қаперіне    кіріп-шықпайтын.  Сол  аңқау, 

кісіге сенгіш, ағаттығынан ақыр аяғында оңбай 

таяқ жеді. Сазайын тартып тынды. 

Əлі күнге сол бір ыстық  шақтарын еміс-

еміс  есіне  алған  сайын  Айшуақ  əженің  тарс 

жұмылған  жанарынан  моншақтай  екі  түйір 

жас домаланып, төсіне қарай тамады. Тағдыры 

таразыға  түскен  өзіндей  қамкөңіл  жандармен 

бірге тұрып, бірге өріп, ел қатарлы тірлік кешіп 

жатқанына іштей шүкіршілік етеді. Бірақ, сау ба-

сына қара бұлт үйірген абысыны Жұмағыздың  

қатыгез  қылығы  жанына  байыз  тапқызбайды.  

Етінен  қанын  сорғалатып    ет  кесіп  алғанмен 

бірдей! Лүпілдеген жүрегін кеудесінен суырып 

тастағанмен бірдей! Жасынан өңі қара адамдар-

ды  жақтырмаушы  еді.  Сырт  пішіні  көмірдей 

қара  болса,  ішкі  жан  дүниесі  де  күйедей  қара 

əйел екі бірдей баласынан тірілей айырып, қара 

жерге  тірілей  көмді  ақыры!  Өз  ұлдарын  бір 

иіскеп сүюге зар болған сорлы ана бұл фəниден 

баяғыда түңіліп, тағдырдың тақсыретін тартты  

əбден!


Қараңғы  терезеден  телміріп,  өз-өзінен 

аспанға  қарап  сөйлей-сөйлей  тамағы  кепкен 

əжей  енді  бір  сəт  кереуетіне  сылқ  етіп  құлай 

кетті.  Тостақандай  нұрсыз  көздерін  тарс 

жұмып,  жас  баладай  жабырқанып,  жасқанып, 

моп-момақан күйі терең ойдың көлеңкесін қуа 

түсті... 

Түлкінің 

құйрығындай 

бұлаңдап 

өте  шыққан  қу  тірлікке  не  дерсің.  Күнінде 

күлтеленген  Айшуақ  еді.  Талайдың  аузынан 

қызғалдақтың  сары  майы  мен  ақ  қаймағын 

ағызған  қонақжай,  ақ  көңіл,  аңғал  келіншек-

тін. Сол бір қора толы  мал мен жиған дүниеден 

 *«Үркер»*№22014


45

сығып  алардай  бір  уыс  сыбаға  да  қалмады.  

Құмға  сіңген  судай  бір  белгі  жоқ.  Етегіне 

сүрініп-қабынып,  көрінген  ағаш-шұғаштан 

таяқ  жеп,  домаланып  жүрген  Айшуақ  бүгінде 

өткен күннің айыбын кімнен сұрарын білмейді. 

Бақтағы  қызыл  алмадай  енді  ғана  пісіп-

жетілген  шағында  балдай  тəтті  сезімнің  шы-

рынын ішті. Үкілеген он жеті жасында күйеуге 

тиді.  Бұйырғанын  бастан  кешті.  Маңдайына 

жазылған  Жанарысы  жаман  жігіт  болмай 

шықты. Жауырыны қақпақтай, кең иықты аза-

матпен жарасымды жұп құрды. Колхоздың от-

ар-отар  малын  алдарына  салып  айдап,  шопан 

таяғын бірге ұстады. Талай асау атқа да тебілді. 

Мүйіздері  өткір  мөшкеден  де  оңбай  таяқ  жеді. 

Қыстың  бұрқақ  боранымен  адасып,  Көшімнің  

қу шетінде үсіп өле жаздаған кездері де болды. 

Сөйтіп  арпалысқан  тірлікпен  баз  кеше  жүріп, 

торсық шеке қос ұлды  құшып-сүйді. Сондағы 

күйеуі Жанарыстың қуанғанын көрсең ғой! Көз 

алдарында сау-саламат өсіп  жатқан бөпелеріне 

қарап  қойып,  қоңыр  тірліктерін  жалғастырды. 

Жаратқан  ием  қос  құлынды  алақанға  топ 

етіп  салып  бергелі  Айшуақ  пен  Жанарыстың 

езулерінен  күлкі,  жүздерінен  қуаныш  кетпеді. 

Мынау  тылсым  дүние  дөңгеленіп,  төрт 

құбыласы  тең  тербеліп  тұрғандай  болды. 

Əттең-ай, ең  бақытты кездерінен  қалайша тез 

айырылып  қалғанын  білмей  есеңгірейді  əлі 

күнге  Айшуақ  сорлы.  Құсалықтан  қан  құсқан 

шерлі кемпірдің жүрегі бұдан əрі ештеңені еске 

алып, толғағысы келмеді. Тұла-бойы қалтырап-

дірілдеп,  жұмсақ  көрпенің  астына  тығылды. 

Иегі кемсеңдеп, ту сыртынан дүлей күш төніп 

келе  жатқандай  бүрісе  түсті.  Қараңғы  бөлмеде  

көздерін  тарс  жұмып  еді,  əдеттегідей  түсіне 

жиі  енетін  абысыны  мысық  табандап  қасына 

жақындай түсті.

«Айшуақ,  қорықпа,  бұл  мен  ғой.  Сені 

əкетуге  келген  жоқпын.  Екі  балаң  тірі.  Бар. 

Оларға  түк  бола  қоймас.  Өсіріп,  өндірдім.  Рас, 

менен  бір  ағаттық  кетті.  Қайным  Жанарыс 

екеуің кешіре алмайтын күнəға баттым.  Құдай 

тағала бізге бір бала  қимаған соң, бар назарым 

Ерасыл  мен  Нұрасылда  болды.  Сенің  аңғал 

мінезіңнен  дəметтім.  Ақыры  сол  мақсатыма 

оп-оңай  жеттім.  Балаларды  иіскеп-сүйгенімде  

Жанарыстың    қабағы  түксиіп,  қойына  қасқыр 

шабатындай  жақтырмай  қалушы  еді.  Көп 

ұзамай оның да тілін таптым.  Нағыз балажан 

екенімді  дəлелдеуге  тырыстым.  Сен  де  менің 

«Алладан  перзент  сұрап»  көлдеткен  көз  жа-

сымды түсініп, қолымды қақпадың. Ерасыл мен 

Нұрасылды иіскеп мауқымды баса жүріп, бауы-

рыма тарттым. Осы екеуін от пен судан қорғап, 

дұрыстап  бақсаң,  тұла  бойыңа  бір  жамантай 

бітіп қалар деген бір ауыз жылы сөзің жаныма 

қуат берді. Қанша бал жесем де, баласыз өмірдің 

тəтті емесін білдім.  Қайткенде бір-біріне тете-

лес боп өсіп келе жатқан екі баланы алдап-су-

лап  бауырыма  басу  үшін  сенің  отыңмен  кіріп, 

суыңмен шықтым. «Екі көкеңе» ес болатын есті 

біреудің  керегін ұғып, ұлдарыңды маған сеніп 

тапсырдың.  Сенің  сенгіштігің  ақыр  соңында 

менің  бас  пайдама  шешілді.  Қайным  екеуің 

тышқақ  малдың  соңында  салпақтап  жүргенде 

иесіз қыстауда Нұрасыл мен Ерасылды арман-

сыз  аймалап  сүйдім.  Екеуін    ішімнен  шыққан 

баламдай  жақсы  көрдім.  Саған  қимадым. 

Ақыры əрнені сылтауратып, ұлдарыңды «жеке 

меншіктеп»  алдым.  Бар  кінəм  осы,  Айшуақ. 

Қазір  молада  жатсам  да,  аруағым  тыныштық 

таппайды.  Шашың  қобырап  келіп  менен 

балаларыңды  сұрайсың  да  тұрасың.  Менен 

бұрын  дүние  салған  қайнымның  да  өкпесі 

қара қазандай. Өз күйеуім Иманбай да көзінің 

тірісінде  осы  қылмысым  үшін  жазамды  түбі 

тартатынымды  айтып,  қақсап  еді.  Бəлки  ары 

таза  Иманбай  мен  Жанарыс  марқұм  жұмақта 

жүрген  шығар.  Ал  мен  тозақтамын.  Тозақтың 

өртіне етімді күйдіріп, сүйегімді қуырып біттім! 

Сенің екі балаңды əй-шай жоқ тартып алып, ба-

уырыма басқанда көрген қызығым шамалы. Ау-

ылдан көшкенде  екеуін өлердей қызғанып, сені 

соққыға  жығып,  онсыз  да  жаралы  жаныңды 

жазықсыз жапа шектіріп едім. Мектепті бітіріп, 

Мира ШҮЙІНШƏЛИЕВА. «Тақсырет»


46

əскерге    барып  қайтқан  зіңгіттей  ұлдарың 

кейін  маған  да  қиғылықты  салды  əбден.  Емге 

көрмеген, білмеген жерге көшіріп əкетті. Көзіме 

көк  шыбынды  үймелетті.  Оларды  өз  бетімен  

жіберіп,  еркелетіп,  есерсоқтау  ғып  өсіріп 

едім.  Көресінің  көкесін  кейін  екі  балаңмен 

қоса,  келіндерден  де  көрдім.  Жаным  қиналып, 

қысылғанда  Құдайдан  сенің  атыңды  атап,  сан 

мəрте  кешірім  сұрадым.  Сені  қайғыға  баты-

рып,  ұлдарыңнан  айырғаннан  опа  таппадым. 

Тістелеп  жүріп  екеуін  адам  еткенімде  сұм 

ажалдың  тырнағына  іліктім.  Ажал  мені  ерте 

жалмады,  Айшуақ!  Сен  тартқан  тақсыретті 

көзім жұмылмай тұрып мен де тарттым. Құстың 

сүтінен басқа дəмді беріп, өбектеп өсірген Ера-

сыл мен Нұрасылың қатыгез, қайырымсыз аза-

мат  болды  ақыры.  Сенің  аналық  мейіріміңнен 

тым  ерте  айырып,  ақ  сүтіңнен  тым  ерте  су-

алтып  алғаныма  қатты  өкіндім  сан  рет.  Қит 

етсе  түтігіп,  əлденеге  ызғарлы,  ашулы  мінез 

шығарды.  Ақылымды  үйіп-төксем  де  рай-

ынан  қайтара  алмадым.  Қазір  тозақ  отына 

қанатымды  күйдіріп,  күн  сайын  түсіңе  еніп 

жүргенім  сондықтан,  Айшуақ.  Кешіре  алсаң 

адасқан  абысыныңның    сол  бір  кезгі  қателігін 

кешіре гөр!» деп  босағадан төне қарап, дəл осы 

сөздерді  айтқан  бойда  Жұмақыз  жоқ  болып 

кетті.  Үстіне  қара  мата  жамылған  аруақпен 

түсінде  тағы  да  жолыққан  əжей  ұйқысынан 

селк етіп оянды. 

Таң шапағы қылаң беріп қалған екен. Тап 

бүгінде  түсінен  шықпаған  абысынын,  сосын 

зарықтырған  қос  ұлын  ойлап,  иегі  кемсеңдеді. 

«Жұмақыздың о дүниелік болғаны рас шығар. 

Əйтпесе, түсіме жиі енбес еді ғой. Аруағы тын-

шымай,  аян  беруіне  қарағанда,  шыбын  жаны 

тыншымай, өзі айтқандай тозақта жүр десеңші. 

Баяғыда  шешем адамның жаны шыбын құсап 

ұшып  кетеді.  Бұ  дүниеде  жасаған  жамандығы 

болса, Алла тағала етінен сүйектерін сыпырып 

алып,  отқа жағады» дейтін. Бұл сөздің жаны бар. 

Қамшының  сабындай қып-қысқа тірлікте бала-

ларымды  көзкөре  тартып  алған    Жұмақыздың 

тозаққа барып кешірім сұрағанынан енді маған 

не  келіп,  не  кетпек?!  Өмір  бойы  ұлдарымды 

аңсап,  бір  көруге  зар  етті.  Көрер  қызығым  да 

таусылды.  Айлакер  қатынға  алданып,  жұртқа 

сенгіштігімнен  тапқан пайдам осы. Өзге түгіл, 

өзіңе де сенбеу керегін білсемші, сорлы басым!» 

деп ой түбіне терең сүңги жөнелді кейуана. 

***


Ол  кезде  Жұмақыз    артынып-тарты-

нып,  қыстақтағы  ескілеу  жатаған  үйге  жетіп 

келетін.  Екі  ортаға  трактормен  пішен  таситын 

көрші  ағайдың  қыр  соңынан  қалмай,  таске-

недей  жабысып  алатын.  Күйеуі  Иманбай  мен 

Жанарыстың  əке-шешесі  бір  туғандықтан,  бұл 

үйге еш бөтендігі жоқ. Есіктен кіре Ерасыл мен 

Нұрасылдың  бетінен  шымшылап,  ұйқысынан 

оятады.  Онысын  Айшуақ  жақтырмайды. 

Ысылдап, інді торған сұр жыланнан балапанын 

қызғанып, қорғаштаған қарлығаштай, шыр ай-

налып  қастарынан  шықпайды.  Бірақ  қашанғы 

бақсын.  Сыртта  пішені  жатады  жайрап,  сиы-

ры  тұрады  мөңіреп.  Күйбең  тірлікті  күйттеуге 

асығады.   

«Абысын-ау,  Ерасылды  ұстай  тұршы? 

Нұрасылды  ойната  қойшы.  Анау  малды  жай-

лап  қайтайын.  Астауға  су  толтырып  қояйын. 

Жанарыстың келетін уақыты да  болып  қалды. 

Ойбай-ау,  қозыларға  сүт  бермеппін  ғой.  Қап, 

есімнен шығып кеткенін-ай!».       

Санын  бір  соғып  қойып  Айшуақ  қора 

жаққа  зыр  жүгіреді.  Одан  күл  шығарып,  от 

жағады. Сырттан қапшықтап қи тасиды. Шамға 

май  құяды.  Екі  араны  бөліп  жатқан  терең  сай 

жақтан  бөшкелеп  тұщы  су  əкеледі.  Жақын 

маңайдағы  судың  бəрі  лай  əрі  ащы.  Сордың 

дəмі шығып шəй ішкізбейді. Екі  иығынан емге 

суағашы  түспейтін  Айшуақтың  күндегі  əдеті 

осы. Біресе бие, біресе түйе сауып, сілесі құрып, 



кешкісін төсекке бір құлайды. 

 *«Үркер»*№22014


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет