Саяси ілімдер тарихының пәні, оны оқыту міндеттері


-билет. 2007 ж. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Президент жолдауының аясында Қазақстанның саяси жүйесін модернизациялау



бет59/68
Дата06.02.2023
өлшемі444,75 Kb.
#65428
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   68
75-билет. 2007 ж. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Президент жолдауының аясында Қазақстанның саяси жүйесін модернизациялау


76-билет. Ағылшын либерализмі. И. Бентам
Ағылшын либерализмінің ең көрнекті өкілінің бірі Иеремия Бентам (1746-1832) утилитаризм («utilitas»-пайда ) теориясының негізін қалады. Оның негізін мынадай төрт постулат құрайды.
• Біріншісі: адам әрекетінің мәні, қасіретті болдырмау және ләззат алу құрайды.
• Екіншісі: пайдалылық , қандай да бір міндетті шешудің құралы болу мүмкіндігі - бүкіл құбылыстарды бағалаудың ең құнды өлшемі.
• Үшіншісі : адамгершілік мейілінше көп адамның барынша бақытқа жетуін
бағдарлайтын қасиеттерден құралады.
• Төртіншісі: индивидуалды және қоғамдық мүдделердің үйлесімділігімен жалпы ортақ мүддені барынша арттыру адамзат дамуының мақсаты болып табылады.
Бентам саясат, мемлекет, құқық, заң шығару және т.б. талдау барысында осы постулаттарға сүйенеді. Оның саяси-құқықтық көзқарастары «Заң шығарушылықтың принциптері» , «Өкімет туралы үзінділер» , «Барлық мемлекеттер үшін конституциялық кодекстің жетекші бастаулары» , «Деонтология немесе мораль туралы ғылым» және т.б.еңбектерінде мазмұндалады.
Бентам өзінің алғашқы шығармаларында - ақ табиғи құқық теориясын теріске шығарады. Оның пікірінше, табиғи құқықтың мазмұны айқындалмаған және әрқилы түсіндіріледі. «Қоғамдық шарт» ұғымының да мәні жоқ, өйткені мемлекеттер зорлықпен қалыптасып, әдетке айналудың арқасында бекітіледі. Бентам 1789 жылғы Францияның «Адам және азамат құқықтарының декларациясын» жалған «метафизикалық шығарма»
ретінде сынға алады, себебі жеке тұлғаның құқықтары идеясы анархияны негіздеуге алып келеді. Заңға қарсы қойылған «құқық ақыл-ойдың дұшпаны және өкіметті күйрететін күш болып табылады». Бентам да Гоббс сияқты құқықты егемендік еркінің көрінісі деп есептеді.
Құқық - бұл мемлекеттің бекіткен және санкциялармен қамтамасыз етілген бұйрықтары мен тыйымдары. Субъективті құқықтар заңнан туындайды, егемендіктің ықтиярынсыз ешқандай да тұлға құқықтары жоқ. Бентамның айтуынша , «табиғи құқықтар» – бұл» анархиялық софизмдер» , заң мен оның қызметін өз еркімен бағалау. Прагматикалық- саяси тұрғыда
оның құқық пен заңды айырып қарастыру идеясына қарсы шығуы Бентамды заң ғылымындағы позитивизмнің негізін қалаушы ретінде көрсетеді.
Мемлекеттік биліктің ұйымдасуы мәселесіне келгенде Бентам демократиялық позицияны ұстанды. Бұл оның либерализмін күшейтіп нығайтты. Ол монархия мен мұрагерлік аристократияны сынады да , негізгі үш билік тармағы бөлінуге тиіс болатын мемлекеттің республикалық құрылымын қолдады. Бірақ, Бентам бұл билік тармақтары өздерінен – өздері өмір сүріп, бір- бірінен тәуелсіз әрекет етуін қолдамады. Бентам олардың
корпорациясын бір – бірімен өзара әрекетте болуын қалады, өйткені «осы өзара байланыс олардың бір - бірімен келісімге келуіне , тұрақты ережелерге бағынуына жағдай жасайды және жүйелі түрде үздіксіз қызмет етуге мүмкіндік береді. Егер биліктер мүлдем тәуелсіз болса, онда олардың арасында үнемі қақтығыстар болып отырар еді».
Бентам Англияда бір палаталы парламент жүйесін енгізуді және лордтар палатасын таратуды ұсынады. Бентамның ойынша тек мемлекеттік билікті ұйымдастыруды ғана емес, қоғамның бүкіл саяси жүйесін демократияландыру қажет. Осыған байланысты ол сайлау құқығын барынша
кеңейтуді, оның ішінде әйелдерге де сайлау құқығын беруді жақтады. Ол демократия институтының көмегімен (оның ішінде баспасөз бостандығы, қоғамдық пікірталас , жалпы халықтық жиналыстар және т.б.) заң шығарушы және атқарушы биліктің қызметін тиімді бақылап отыруға болады деп үміттенді.
Өкіметті тағайындау Бентамның ілімі бойынша , ең алдымен тұрғындардың қауіпсіздігі мен меншігіне кепілдік береді, яғни негізінен қорғаушылық қызмет атқарады. Әрбір жеке адам үшін бақыттың не болып саналатынын анықтауға, бақыт туралы өз көзқарасын индивидке таңуға және қалай болғанда да оны бақытты етуге өкметтің құқығы жоқ. Бентамды өкімет қызметінің көлемі, оның бағыттары мен шекаралары туралы мәселелер
көп толғандырды. Ол мемлекеттің экономика саласына тікелей араласауы көп жағдайда қажетсіз , өйткені ол жағымсыз нәтижелерге әкелуі мүмкін деп есептеді.
Бентамның бірқатар идеялары ХІХ-ХХ ғасырлардағы саяси – құқықтық ойдың дамуына, құқықтық ғылымның дамуына пәрменді ықпал етті. Мысалы, оның ұсынған заң шығарушылық және әлеуметтік мақсат пен мүдделер балансының арақатынасы мәселесі құқықтың әлеуметтік мектебінің қалыптасуына алып келді. Екінші жағынан, Бентамның
қарастырған табиғи құқық және заң арақатынасы мәселесі құқықтың заңгерлік – позитивистік мектебі құрылуының алғышарты болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет