Сборник статей по материалам LXI международной научно-практической конференции №1 (60) Январь 2017 г


Эксперимент тақырыптары мен тақырыптық топтардың саны



Pdf көрінісі
бет14/14
Дата06.03.2017
өлшемі4,36 Mb.
#8089
түріСборник статей
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Эксперимент тақырыптары мен тақырыптық топтардың саны 
және информанттар туралы мәлімет 
№ 
Тақырыптық 
топтар 
 
Информат-
тардыңсаны 
Информаттардың саны мен жасы 
(жақшада) 
 
5 (4-5жас)  15 (6-7 жас)  20 (8-9жас) 

Қимылдың 
созылыңқылығын 
білдіретін тілдік 
бірліктер қатысқан 
сөйлемдер, саны-8 
 
40 
 

Қимылдың 
дүркінділігін 
білдіретін тілдік 
бірліктер қатысқан 
сөйлемдер, саны-6 
 
40 
 

Қимылдың 
қайталануын 
білдіретін тілдік 
бірліктер қатысқан 
сөйлемдер, саны-6 
 
40 
 
 
Ғалымдардың  пікірінше,  3  жастан  жоғары  балалар  қимылдың 
өту сипаты категориясына тән мағыналық ерекшеліктерді өте аз шамада 
болса да түсіне бастайды екен. 
Алайда  эксперимент  кезінде  4-5  жастағы  балалар  тапсырманы 
орындай алмады (4 бала жауап беруден бас тартты). Ал қалған біреуінің 
(Әлиханның) жауабы мынадай болып шықты: 
 
Мысалдар 
 
 
 
Балалардың түсіндірмесі  
Әсем күні бойы ұйықтай берді   
Ол жалқау ғой. 
Медина күні бойы ұйықтады 
 
Ол кішкентай ғой. 
 

167 
Әлиханға  берілген  мысалдардағы  қимылдың  иелері  оған  таныс 
адамдар  (Әсем  –  әпкесі,  Медина  –  қарындасы).  Әлихан  өзіне  таныс 
адамдардың жасаған қимылына қарай емес, олардың шынайы өмірдегі 
болмысына  сай  сипаттаған.  Бір  қызығы  бұл  жастан  жоғары  жастағы 
балалардан  да  осыған  ұқсас  жауаптарды  кездестіруге  болады. 
Ол жауаптардағы  ерекшеліктерді  экспериментке  қатысты  төмендегі 
2-кесте  негізінде  талдау  жасау  арқылы  біршама  нақты  түсінік  алуға 
болады.  2-  кестедегі  экспериментке  қатысушы  17  информанттардың 
ерекше  жауаптары  деген  бағанда  Әлиханның  берген  жауабына  ұқсас 
4 баланың жауаптарының да саны көрсетілген. Мәселен, Әлиасқардың, 
Гүлбақыттың,  Гүлсімнің,  Даниялдың  ерекше  жауаптарының  бірі 
Әлиханның жауабымен орайлас:  
 
Мысалдар 
 
 
Балалардың түсіндірмесі 
Әсем ұйықтай береді 
 
Әсем өте жалқау (Әлиасқардың жауабы) 
Әсем ұйықтай береді 
 
Ол онда жалқау (Гүлбақыттың жауабы) 
Әсем ұйықтай береді 
 
Ол жалқау болды (Гүлсімнің жауабы) 
Әсем ұйықтай береді 
 
Әсем жалқау (Даниялдың жауабы) 
 
Алайда  Әлиханнан  өзге  4  бала  үшін  қимылдың  иесінің  нақты 
кім екені  белгісіз.  Соған  қарамастан  жауаптарда  ұқсастық  бар.  Бұл 
ұқсастықтың  себебі  –  балалар  түсіндірмені  қимылдың  қалай  жасалуына 
немесе  қимылдың  түрліше  өту  сипатына  қарай  бермейтіндігінде. 
Балалар  қимылдың  себебін  түсіндіреді,  мақсатын  айтады,  өзі  күнделікті 
өмірде  не  көреді  соған  көңіл  аударады  немесе  қимылдың  нәтижесіне 
мән береді екен.  
 
Мысалдар 
 
 
 
Балалардың түсіндірмесі  
 
 
 
 
 
(жауаптары) 
Апасы таң атқанша ояу жатты 
 
Апасының ұйқысы қашты  
Ол Алмасты ұрып-ұрып жіберді   
Ол әдепсіз 
Елнұр жылай берді 
 
 
Оны ұрды 
Ол аяғын уқалай берді   
 
Қышыды 
Аружан інісін үнемі түрткілейді   
Ол тілін алмады 
Жанар көзін сүрте берді  
 
Жылады 
Әкесі қозғалмай жата берді 
 
Ұйықтайды 
Ол мұғалімге қарай берді 
 
(Мұғалім) әдемі 
Ол үндемей тұра берді   
 
Ренжіді 
Ол әжесінің жеңінен тартқылай берді 
Оның мазасы қашты 
Әсем ұйықтай береді 
 
 
Онда ол жалқау 
Асқарды біз күнде кешке ойнататынбыз  Сонда жыламайды 

168 
Бұл  жауаптар  –  тек  бір  ғана  баланың  жауаптары.  Төмендегі 
2-кестеде  Гүлбақыттың  ерекше  жауаптарының  саны  12  деп  көрсетілген. 
Жоғарыдағы  12  жауап  Гүлбақыттың  жауаптары  яғни  Гүлбақыт 
берілген 18 мысалдың (сұрақтың) 12-сіне ерекше (басқаша) жауап берген, 
ал 6 мысалға дұрыс түсінік берген, қате жауап жоқ. Алайда 12 ерекше 
деген  жауаптарды  қате  деп  санамауымыздың  себебі,  өзінің  жас 
ерекшелігіне  сай  баланың  қабылдауы  қимылдың  қалай  жасалуына 
бағытталмаған,  қимылдың  себебін,  мақсатын  көрсетуге  бағытталған, 
бала  берілген  мысалды  түсіне  отырып,  оған  өзінше  талдау  жасап 
жауап қайтарған. 
Кесте 2.  
Информанттардың жауаптарының сапасы бойынша 
статистикалық мәлімет 
№ 
Информанттың 
Аты 
Информаттың 
Жасы 
Берілген 
сөйлемдер 
саны 
Қате 
жауаптар 
саны 
Дұрыс 
жауаптар 
Саны 
Ерекше 
жауаптар 
саны 
1  Алибек 
7;5 
18 

14 

2  Алтынай 

18 
10 


3  Архат 

18 

11 

4  Асылжан 
8;5 
18 

15 

5  Әлиасқар 
8;5 
18 

11 

6  Әмір 

18 

13 

7  Бекжан 
8;5 
18 

12 

8  Бибігүл 
7;5 
18 

12 

9  Гүлбақыт 

18 


12 
10 Гүлсім 

18 


13 
11 Даниял 

18 



13 Жұмабек 
7;5 
18 

11 

14 Мағжан 
7;5 
18 


ғ7 
15 Нұраят 

18 



16 Нұрила 

18 



17 Қарақат 
7;5 
18 



 
Көбіне  тек  6  жастан  жоғары  жастағы  балалар  ғана  қимылдың 
өту сипаты  категориясының  түрлі  мағыналық  ерекшеліктерін 
(синтетикалық  немесе  аналитикалық  тәсілмен  берілген)  дұрыс 
түсіндіре бастайды. Мысалы: 

169 
Мысалдар 
 
 
Балалардың түсіндірмесі (жауаптары) 
Ол суда жүзе берді, жүзе берді  Ұзақ жүзді (Алибектің жауабы) 
Елнұр жылай берді 
 
Елнұр көп жылады (Әмірдің жауабы) 
Ол Алмасты ұрып-ұрып жіберді  Ол  Алмасты  бірнеше  рет  ұрды 
(Бибігүлдің жауабы) 
Әжесі бағанадан бері сөйлеп жүр  Әжесі ұзақ сөйледі  
 
 
 
 
(Гүлбақыттың жауабы) 
 
Қорыта  келгенде,  бала  тілінде  қимылдың  өту  сипатына  тән 
мағыналық реңктерді түсіну мектепке дейінгі балаларда сирек болсада 
қалыптаса  бастайтыны  байқалады,  бұл  жастағы  балалар  көбінесе 
қимылдың  себебіне,  уәжіне,  мақсатына,  нәтижесіне  т.б.  мән  береді. 
Ал мектеп  жасындағы  балаларда  бұл  процес  барынша  қалыптасып 
жетіле түседі екен.  
 
Əдебиеттер тізімі: 
1.
 
Шахнарович А.М. Семантика детской речи психолингвистический аспект. 
Автореф.дис.д-ра филол.наук. – Москва,1985.– 39 с. 
2.
 
Аяпова Т.Т. Сөйлеу әрекетінің онтогенезі: синтаксистік семантиканың дамуы. 
Филология  ғылымдарының  докторы  ғылыми  дәрежесін  алу  үшін 
дайындалған диссертация.– Алматы, 2003. – 303б. 
3.
 
Программа воспитания и обучения в детском саду. – Москва, 1985 
4.
 
Баймұратова Б.  Мектеп  жасына  дейінгі  балалар  тәрбиесі.  –  Алматы,1966.  – 
26б. 
5.
 
Попова Т.В.  Сметанина Т.Л.  Значение  глаголов  в  представлении  детей  // 
Детская  речь  и  пути  ее  совершенствования.  Сборник  научных  трудов.  – 
Екатеринбург. 1992, 9-17с. 
6.
 
Лепская Н.И.  Освоение  детьми  способов  глагольного  действия:  толкова-
ние и грамматическое оформление// Детская речь: проблемы и наблюдения. 
Межвузовский сборник научных трудов. – Ленинград, 1989. С 75-83. 
 
 

170 
БӨЛІМ 3. 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР 
 
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ ЖЕКЕ ТРАЕКТОРИЯ НЕГІЗІНДЕ 
ШЕТЕЛ ТІЛІНЕ ОҚЫТУДЫҢ КЕЙБІР МƏСЕЛЕЛЕРІ 
Қағазбаев Жаңбырбай 
академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды 
 мемлекеттік университетінің доценті 
Қазақстан, Қарағанды қаласы. 
Батырбекова Закира Асылжанқызы 
академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды  
мемлекеттік университетінің студенті 
Қазақстан, Қарағанды қаласы. 
 
Қазіргі  қоғамның  динамикалық  әлеуметтік,  экономикалық  және 
технологиялық  дамуы  толыққанды  өмір  сүру  мен  табысты  кәсіби 
қызметке қол жеткізу үшін адамдардың ақпаратқа деген қажеттіліктерінің 
артуына себеп  болды.  Қоғамның толықтай ақпараттануы  жалпы  орта, 
арнайы  және  жоғары  кәсіби  білім  жүйесіне  әсер  етпей  қоймайды. 
Заман талабына сай жылдам шешім қабылдауға қабілетті, инновациялық 
өнімдер  жасай  алатын  және  оларды  іс  жүзінде  қолдана  білетін 
мамандарды даярлауға деген әлеуметтік тапсырыстың талабы өзгерді. 
Ондаған жылдар бойы қалыптасып санамызға сіңген, алған білім өмір 
бойына  азық  деген  парадигмадан  үздіксіз  білім  алу  парадигмасына 
ауысу көкейкесті мәселе. Қарқынды дамып жатқан әлемде жинақтаған 
ілім-білім  екі-үш  жылдан  кейін  жаңартуды  қажет  етеді,  сондықтан 
мамандар  қайта  даярлықтан  өтіп  өз  біліктерін  жетілдіреді.  Сонымен 
қатар,  мектеп  пен  жоғары  оқу  орнындағы  білім  беру  үдерісінде 
тұлғалардың  жеке  білім  алу  траекторияларын  құра  білу  қабілеттерін 
дамыту  өзекті  мәселе  және  құндылық  қасиетке  ие  болып  отыр.  Бұл 
іс-әрекеттер  жаңа  білімді  өз  бетімен  игеруге,  оқу  орнын  бітіргеннен 
кейін  кәсіби  құзыреттіліктерін  арттыруға  мүмкіндік  береді.  Қазіргі 
заманда  білікті  мамандарға  деген  әлеуметтік  тапсырыс  мемлекеттің 
жаңа  білім  беру  саясатында  және  негізгі  нормативті  құжаттарында 
көрініс  тапқан.  Адамның  когнитивті  даму  мәселесін  зерттеумен 

171 
айналысатын  ғалымдардың  пікірінше,  білім  беруде  гуманистік 
тұрғыны іске асыру, даралық, дербестік әлеуетті жетілдіру және жеке 
траекториялар  бойынша  оқыту  туралы  мәселелер  бір-бірімен  тығыз 
байланысты. 
Жүйелік-әрекеттік  тұрғы  аясында  білім  алушылардың  өзін-өзі 
дамытуы  мен  үздіксіз  білім  алу  негізінде  жалпы  даярлығын 
қалыптастыру,  білім  беру  мекемесінде  қажетті  ортаны  жобалау  және 
құру,  білім  алушылардың  белсенді  оқу-танымдық  іс-әрекетін  реттеу, 
олардың  физиологиялық,  психологиялық  және  жас  ерекшеліктерін 
есепке ала отыра оқу үдерісін ұйымдастыру күн тәртібіне қойылды.  
Құзыреттілік  тұрғы, өз кезегінде, назарды білім беру нәтижесіне 
аударуды қажет етеді. Білім берудің аталмыш моделі білім алушының 
тұлғасы  мен  оның  қажеттіліктерін,  қабілеттерін  және  қызығушылық-
тарын  оқу  үдерісінің  негізі  ретінде  айшықтайды  және  нәтиже  ретінде 
бағалауға  мүмкіндік  береді.  Жалпы  орта  білім  беретін  жүйенің 
ізденушілері  білім  беру  бағдарламаларын  аяқтаған  кезде  нақты 
тұлғалық және пәндік нәтижелерге қол жеткізулері тиіс.  
Біріншісі,  білім  алушылардың  өзін-өзі  дамытуда  тұлғалық 
дайындық  пен  қабілетімен,  нақты  бағытталған  танымдық  қызмет 
пен оқуға  деген мотивацияның қалыптасуымен, әлеуметтік және  жеке 
азаматтық  қарым-қатынастар  жүйесімен,  өмірлік  жоспарларды  құра 
білу және мақсат қоя білу құзыреттерін меңгерумен тығыз байланысты. 
Екіншісі,  нақты  нысандағы  пәнге  тән,  оны  оқыту  барысында 
игерілген білік пен дағдылардан тұрады [1]. Шетел тілінен білім беру 
оқыту,  тәрбие  және  дамыту  категорияларынан  басқа  тілдік,  сөйлеу, 
әлеуметтік-мәдени,  компенсаторлық,  оқу-танымдық  сияқты  компонент-
терді қамтып, жеке білім беру траекториясына жол ашады. 
Осы зерттеудегі «жеке білім беру траекториясы» дегеніміз – білім 
алушының  өз  қабілеттері,  қызығушылықтары  мен  қажеттіліктеріне 
сай қойылған  мақсатқа  қол  жеткізу  барысында  жүріп  өткен  жолы. 
Оқу барысында аталмыш траектория бірінші кезекте әдістемелік элемент-
тердің  көмегімен  түзіліп,  оқу  материалын  меңгеруде  қолданылатын 
технологияларды,  баламалы  әдістерді,  іс-әрекетке  жұмсалған  уақыт 
мөлшері мен қажетті деңгейде біліктерді қалыптастыру үдерісін қамтиды. 
Осылайша, мектепте немесе жоғары оқу орнында оқу барысында жеке 
траекторияны  таңдау  сапалы  білім  алуда  қажет  біліктерді  жетілдіру 
тиісті мақсат пен міндеттерді анықтауға, оқудың мазмұнын, формаларын, 
құралдарын таңдауға бағытталған ұстаз бен білім алушының бірлескен 
іс-әрекетін айқындайды. 
Оқытудың  жеке  траекториясын  құруда  басымдық  проблемалық 
оқытуға  берілуі  қажет  деп  есептейді  зерттеушілер.  Л.С. Рубинштейннің 

172 
«Ойлау  проблемалық  жағдаяттан  басталады»  деген  тұжырымы  осы 
сарынды  оқытудың  ұраны  болып  табылады [2].  Жаңа  материалды 
оқыту  кезінде  оқушының  интеллектуалдық  шиеленістерге  тап  болуы 
аталмыш тұрғыда  оқыту әдістерінің негізін құрайды.  И.А. Зимняяның 
көзқарасы  бойынша  ойлау  актісі  бірнеше  кезеңдерден  тұрады: 
1) мәселені  сезіну;  2)  мәселені  шешу;  3)  соңғы  ой  қорыту.  Біздің 
пікірімізше, осы үш қадамды жеке оқыту траекториясының кезеңдерін 
құрудың  үлгісі  ретінде  алуға  болады.  Бірінші  қадамда  –  мәселені 
сезінуде  –  мұғалім  оқушыны  жеке  траектория  бойынша  білім  алуға 
қызықтырып, ынта-жігерін арттыруға бағыт-бағдар береді. 
Ойлау әрекетінің соңғы кезеңінде білім алушылар өз жетістіктері 
мен  рефлексиясын  қадағалауға  ат  салысады.  Рефлексия  –  «өзіндік 
қызметіне  бағытталған  мидың  бақылау  қызметі»  (Дж. Локк).  Ол  адамға 
өзінің  ой-пайымын  мазмұн  және  құралдар  тұрғысынан  саналы  түрде 
топшылауға  мүмкіндік  бере  отыра  проблемалық  сипаттағы  жоба 
әдісінде айқын көрініс тауып, оқушылардың бойында келесі біліктерді 
қалыптастыруға мүмкіндік береді: 

 
жоба  жұмысын  өз  траекториясы  бойынша  сезіну  және 
бақылау; 

 
өз тәжірибесін топтағы басқа оқушылардың жұмыс нәтижесімен 
салыстыра отырып, сараптама жасау;  

 
өз  іс-әрекетінің  нәтижесін  бағалау [3].  Сондықтан  жеке  траек-
торияны  жүзеге  асырудың  қорытынды  кезеңінде  мұғалім  оқушыларға 
өздерінің  іс-әрекеттерін  талдап-бағалауға  үйреткені  абзал.  Бұл 
оқушыға  осы  әдісті  болашақта  қолдану  мақсатымен  өз  әрекетінің 
артықшылықтары  мен  кемшіліктерін  анықтау  үшін  қажет.  Төменде 
жеке траектория бойынша оқытудың үлгілік кестесін ұсынамыз. 
 
Жеке білім алу 
траекториясын 
құру аспектісі 
Мұғалімнің қызметі 
Оқушының қызметі 
1. Жеке 
траекторияны 
құруда 
оқушыны 
ынталандыру 
Оқушының қызығушылығын
қажеттіліктерін, қабілеттерін есепке 
ала отырып оларды жеке траек-
торияны құруға ынталандыру; 
осы траектория бойынша оқытудың 
тиімділігі мен құндылығын түсіндіру 
Мұғаліммен бірлесе 
жұмыс жасай отырып 
ынта-жігер таныту (жеке 
траектория бойынша 
материалды оқып-білудің 
пайдасын сезіну, өзін-өзі 
дамытуға мүдделі болу, 
шығармашылық ізденіске 
ұмтылу, қалыптасқан 
қабілеттердің болашақта 
білім алу мен дамуға оң 
әсер ететіндігін ұғыну 

173 
2. Оқыту 
нәтижесі 
Оқушыны күтілетін нәтижелермен 
таныстыру 
Күтілетін нәтижелермен 
танысу (соңғы нәтиже-
мен, бағалау шкаласымен 
танысу) 
3. Оқу мазмұны  Оқушының қызығушылығын, 
қажеттіліктері мен қабілеттерін 
ескере отырып оқу мазмұнын 
таңдауға мүмкіндік беру 
Тақырыптық және сабақ 
жоспарлары шеңберінде 
оқу мазмұнын анықтау 
(қызығушылық негізде 
материалды таңдау) 
4. Оқу қарқыны 
мен бақылау 
әдістері 
Оқушыға оқу әдістері мен түрлерін, 
материалды, оқу қарқыны мен 
бақылау әдістерін таңдауға 
мүмкіндік беру 
Оқу әдістері мен 
түрлерін, материалды, 
оқу қарқыны мен 
бақылау әдістерін 
таңдай білу 
5. Жеке 
траектория 
бойынша 
тікелей оқыту 
Оқушыны/білім алушыны жеке 
траектория бойынша оқытуда 
үздіксіз мониторингты іске асыру. 
Оқу траекториясына қажетінше 
өзгерістер енгізу  
Жеке траектория 
бойынша білім алу. 
Таңдап, айқындап алған 
жеке траекторияға 
мұғаліммен біріге отыра 
қажетті өзгерістер 
енгізу, оны талқылау 
6. Жетістіктерді 
бақылау 
Қажетті құзырет түрінің 
қалыптасқандығын бақылауды 
ұйымдастыру  
Жеке траектория 
бойынша оқытуда қол 
жеткізген жетістіктерді 
бақылау  
7. Рефлексия  
Оқушының жеке траектория 
бойынша оқу әрекетін 
ұйымдастыруда рефлексиялық 
мониторингты жүзеге асыру. 
Оқушының жеке траекторияны 
құру үдерісіне қатысуына 
рефлексия жасау 
Алдағы уақытта 
материалды меңгеруге 
қажетті әдістер мен оқу 
құралдарын пайдалана 
білу. Осы мақсатта 
оқушы өзінің жеке 
траекториясын құру 
үдерісіне рефлексия 
жасауы 
 
Ұсынылып  отырған  жүйенің  мақсаты  –  заманауи  ақпараттық 
және  коммуникативтік  технологиялардың  негізінде  жеке  траекториялар 
арқылы шетел тіліне оңтайлы, сапалы және нәтижелі оқыту.  
Жүйенің  теориялық  бөліміне  құзыреттілік,  жеке-тұлғалық, 
коммуникативті-танымдық,  әлеуметтік-мәдени  құрылымдары  жатады. 
Өз  кезегінде  аталмыш  тұрғылар  АКТ  негізінде  жеке  траектория 
бойынша  лингвистикалық  оқытудың  әдістемелік  негізін  құрайды. 
Жоғарыда аталған тұрғылардың барлығы дидактикалық (білім алудың 
ақпараттануы,  қол  жетімділігі,  белсенділігі  т.б.),  психологиялық 
(білім алушылардың  жеке  психологиялық  ерекшеліктерін  есепке  алу, 

174 
тілдік  біліктер  мен  дағдыларды  қалыптастырудың  кезеңдері), 
лингвистикалық  (жүйелілік,  стилистикалық)  ,  әдістемелік  қағидаттарды 
(әлеуметтік-мәдени  және  мәдениетаралық  құзыреттіліктерді  дамыту, 
тілдің  нақты  аспектілерін  жетілдіру)  жүзеге  асырған  жағдайда  ғана 
мүмкін болады.  
Біздің  көзқарасымыз  бойынша,  проблемалық  оқыту  мен  жоба 
әдісі  заманауи  ақпараттық  және  коммуникативтік  технологиялардың 
негізінде  жеке  траекториялар  арқылы  шетел  тіліне  оқытудың 
әдістемелік негізі болып табылады. Осы әдістер аясында оқу мақсатын, 
әдіс-тәсілдерін,  түрлерін  және  нәтижесін  анықтауға,  сынып  ішінде 
және  сыныптан  тыс,  күндізгі  және  сырттан  қашықтықтан  оқыту 
түрлерін біріктіруге болады.  
Қорыта айтқанда, жалпы білім беретін мектепте және жоғары оқу 
орнында  жеке  траекторияны  құру  қажетті  материалды  нәтижелі 
меңгеруге,  дағдылар  мен  біліктерді  қалыптастырып  дамытуға, 
оқушының  білім  беру  қызметінің  тең  дәрежелі  субъектісі  ретіндегі 
жауапкершілігін  жете  түсінуге  бағытталған.  Ал,  білім  алушы  өзінің 
танымдық қызметін басқару тәсілдерін меңгеру және өз қызығушылығы 
мен  қажеттіліктерін  қанағаттандыруға,  ақпаратты  меңгерудегі 
танымдық  және  коммуникативтік  қабілеттерді  дамытуға  (ақпаратты 
іздеу,  бағалау,  іріктеу,  жіктеу,қорытынды  шығару)  мүмкіндігіне 
ие болады.  Оқушының  таңдаған  траектория  бойынша  белсенді 
іс-әрекеті  оқу  сапасын  өз  бетімен  бақылаудың,  рефлексияны 
дамытудың,  ақпараттық,  ғылыми  және  пәнаралық  жобаларды  іске 
асырудың бірден-бір кепілі.  
 
Əдебиеттер тізімі: 
1.
 
Толочек В.Л. Стили деятельности: Модель стилей с изменчивыми условиями 
деятельности. М., 1992. 
2.
 
Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. М., 1989. Т. 1. 
3.
 
Коряковцева Н.Ф.  Теория  обучения  иностранным  языкам:  продуктивные 
образовательные  технологии:  учеб.  пособие  для  студ.  лингв.  фак.  высш. 
учеб. заведений. – М.: Издательский центр «Академия», 2010. – 192 с. 
4.
 
Сысоев. П.В.  Дидактические  свойства  и  функции  современных  инфор-
мационных  и  коммуникационных  технологий  //  Иностр.языки  в  шоле.  – 
2012. – № 6. – Б. 12-21. 
 

 
ДЛЯ ЗАМЕТОК 
 

 
 
 
«НАУЧНАЯ ДИСКУССИЯ:  
ИННОВАЦИИ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ» 
 
 
 
 
Сборник статей по материалам LXI международной  
научно-практической конференции 
 
 
№ 1 (60) 
Январь 2017 г. 
 
 
 
 
В авторской редакции 
Мнение авторов может не совпадать с позицией редакции
 
 
 
Подписано в печать 20.01.17. Формат бумаги 60х84/16. 
Бумага офсет № 1. Гарнитура Times. Печать цифровая.  
Усл. печ. л. 11. Тираж 550 экз. 
 
Издательство «Интернаука» 
127276, г. Москва, ул. Ботаническая, д. 14, офис 21 
E-mail: mail@internauka.org 
 
Отпечатано в полном соответствии с качеством предоставленного 
оригинал-макета в типографии «Allprint» 
630004, г. Новосибирск, Вокзальная магистраль, 3 

 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет