Шаруашылық субъектілердің қаржылық ресурстарының теориялық негіздері



бет1/13
Дата02.03.2022
өлшемі0,74 Mb.
#26799
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Мазмұны
Кіріспе...........................................................................................................................3


  1. Шаруашылық субъектілердің қаржылық ресурстарының теориялық негіздері

    1. Шаруашылық субъектілердің қаржы ресурстарының мәні және оларды қалыптастыру көздері.................................................................................................6

1.2 Шаруашылық субъектілердің қаржылық ресурстарының құрамы мен құрылымы...................................................................................................................11

1.3 Шаруашылық субъектілердің қаржылық ресурстарын пайдалану негіздері......................................................................................................................15




  1. «ҚазМұнайГаз» Акционерлік Қоғамының шаруашылық және қаржылық жағдайларын талдау

2.1 «ҚазМұнайГаз» Акционерлік Қоғамының баланс активтерінің орналасуын және құрамын талдау................................................................................................20

2.2 «ҚазМұнайГаз» Акционерлік Қоғамының қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын көрсеткіштерді анықтау.....................................................................33

2.3 «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ төлем қабілеттілігі мен өтімділігін талдау.............40
3 Шаруашылық субъектілердің қаржылық ресурстарын тиімді пайдалануды жетілдіру жолдары

3.1«ҚазМұнайГаз» Акционерлік Қоғамының қаржылық жағдайын жақсартудың негізгі жолдары..........................................................................................................48

3.2 «ҚазМұнайГаз» Акционерлік Қоғамының даму стратегиясы........................54

3.3 Шаруашылық субъектілердің қаржылық тұрақтылығы мен іскерлік белсенділігін арттыру................................................................................................58


Қорытынды.................................................................................................................67

Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................................70

Қосымшалар...............................................................................................................72

Кіріспе
Елдің ұзақ мерзімді стратегиясы Қазақстанның әлемдік экономикадағы ұстанымын нығайтуға бағытталған. Бұл үшін қажетті нақты ұйғарымдар бар: Қазақстан табиғи ресурстардың мол қоры мен ғылыми - техникалық жетістіктерге ие.

Жуық дамудағы республиканың экономикалық - әлеуметтік дамуының басты мәселесі болып ғылым жетістіктері мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалану негізінде экономиканың барлық салаларының тұрақты дамуын қамтамасыз ету /1,11б./.

Қазақстан Республикасының зайырлы мемлекет болып қалыптасуы және дамуы, қоғамның экономикалық және әлеуметтік жетістіктерінің болуы ел экономикасының негізі болып табылатын салалардың дамуымен байланысты. Бұларға алдымен мұнай өндіруші және мұнай өңдеуші салалар жатады.

«Қазақстан – 2030» даму стратегиясында басты назар өнеркәсіптің мұнай– газ саласына аударылды. Жанар-жағар май энергетика ресурстарын тиімді пайдалану тұрақты экономика өсіміне және халық өмірін жақсартуға себеп болуы оның ұзақ мерзімді мүмкіндіктерін анықтайды /1,27б./.

Қазақстан экономикасының қайта қалыптасуы, оның жоғарылуына және тұрақты дамуына жағдайлар жасау ірі корпорациялар қызметіне байланысты. Корпоративтік бірігулер Қазақстанның өнеркәсіп саясатының негізгі бастауышылары және экономиканың стратегиялық бағыттарына жетуіне әсер етуі тиіс.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2011 жыл 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа Жолдауында келесідей маңызды мәселелерді атап өтті:

«Қазақстанның өңірлік, содан кейінгі жерде әлемдік энергетикалық кеңістіктегі тұғырларын одан әрі нығайтудың толымды стратегиясын әзірлейтін уақыт жетті.Өзіміздің энергетикамыз бен мұнай химиясын дамытудың басты мәселесі – энергия өнімдерінің қосылған құнын ұлғайту арқылы бұл секторлардың кірістілігін көтеру. Әсіресе, мұнай химиясы, газ ресурстары, экспорттық энергия дәліздері сияқты басым секторларды басқару тиімді болуға тиіс. Әлбетте, бұл – рынокқа қатысушылардың барлығына қойылатын, бірақ, ең алдымен, Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен “Самұрық” мемхолдингіне қойылатын талаптар» /1/.

Жолдауда көрсетілгендей, мұнай химиясы, газ ресурстары, экспорттық энергия салаларын дамыту ең алдымен сол нарыққа қатысушылардың басты міндеттері болып табылады. Кәсіпорынның қызметін тиімді жүргізіп, аталған бағыттарда жетістіктерге қол жеткізуі шаруашылық және қаржылық қызметінің жоғары деңгейде жүргізілуінде. Кәсіпорынның қаржылық ресурстарын қалыптастыру және оларды тиімді пайдалану, ұйымның алға қойған мақсаттары мен бәсекелестік нарықта үлкен жетістіктерге жетуінің бірден бір себебі. Дипломдық жұмыс тақырыбы осындай мәселелерді шешуге бағытталған.

Дипломдық жұмыс тақырыбы – кәсіпорынның қаржылық ресурстарын қалыптасу көздерін анықтауға, олардың бөліну механизмі мен пайдаланылуын қарастыруға, талдау барысында анықталған мәселелерді шешу бойынша тиімді қолдануды жетілдіру жолдарын ұсынуға негізделген.

Кәсіпорынның қаржылық ресурстары – бұл қаржылық міндеттемелер мен кеңейтілген өндірісті қамтамасыз ету бойынша шығындар жүргізуге арналған сыртқы түсімдер мен кірістер түріндегі ақша қаражаттарының бір бөлігі. Қаржы ресурстарының қалыптасуы мен қолданылуы екі деңгейде жүргізіледі: бүкіл ел масштабында және әрбір кәсіпорында. Ел масштабындағы қаржы ресурстарының қалыптасу көздерінің құрылымы мен көлемі халық шаруашылығы өндірісінің кеңейтілген мүмкіндіктерін, әлеуметтік-экономикалық дамуын, мемлекет бюджеті кірістерінің өсімін анықтайды. Қаржылық ресурстар көлемін ұлғайту аймақтық және жергілікті басқарушы органдары қаржылық саясатының маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Кәсіпорын деңгейінде қалыптасатын қаржылық ресурстар көлемімен қажетті капиталдық салымдар жүргізу, айналым құралдарын ұлғайту, барлық қаржылық міндеттемелерді орындау ұйым ұжымының қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндіктері анықталады. Қаржы ресурстары көлемінің төмендеуі бүкіл мемлекет дамуына жағымсыз әсер етеді, тұтыну қорының төмендеуіне, инвестициялардың азаюына әкеледі /3,44б./.

Дипломдық жұмыс мақсаты – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қызметіне жүргізілген кешенді және жүйелік талдау негізінде қаржылық ресуртардың қалыптасуы мен тиімді қолдануы бойынша ғылыми - тәжірибелік ұсыныстар жасақтау. Сонымен қатар, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қаржылық жағдайын талдай келе, қаржылық қызметтің кемшіліктері мен оларды жақсарту жолдарын анықтап, ұсыныстар

Осы мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді орындау қажет:



  • қаржылық ресурстардың мәні мен құрылымын, олардың қолданылуын анықтау;

  • нақты кәсіпорын мысалында қаржылық ресурстардың қозғалысы мен айналымдылық деңгейін көрсету;

  • Қазақстан нарығында қызмет атқарушы компания негізінде қаржылық талдау жүргізу;

  • қаржылық ресурстарды тиімді пайдаланудың негізгі әдістерін анықтау.

Зерттеу объектісі – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қаржы ресурстарының пайдаланылуы мен қозғалу бағыттары.

Дипломдық жұмыс өзіне үш негізгі бөлімді, кіріспе, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшаларды қосады.

Бірінші бөлімде, қаржылық ресурстардың теориялық негіздері, яғни олардың мәні мен қалыптасу көзері, құрамы мен құрылымы және оларды пайдалану негіздері қарастырылған.

Екінші бөлімде, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қаржылық жағдайына талдау жүргізу арқылы кәсіпорынның өтімділігін, тұрақтылығын және төлемқабілеттілігін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер анықталды. Сонымен қатар «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚбаланс активіне талдау жүргізілді.

Үшінші бөлімде, анықталған мәселелер мен кемшіліктерді жою және қаржылық ресурстарды тиімді пайдалануды жетілдіру жолдары бойынша ұсыныстар енгізілді. Сондай-ақ, қаржылық жағдайды жақсартудың бір бағыты ретінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚдаму стратегиясы қарастырылды.

Дипломдық жұмыс көптеген отандық және шетелдік авторлардың әдебиеттері мен басылымдарына, сондай-ақ кәсіпорынның қаржылық есептілігі мен кәсіпорын сайтындағы мәліметтерге сүйене отырып жазылды.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет