Шілде–тамыз–қыркүйек 1996 жылдан бастап шығады Жылына 4 рет шығады


ЕТІСТІКТІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ЛЕКСИКА-СЕМАНТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ



Pdf көрінісі
бет10/13
Дата03.03.2017
өлшемі1,46 Mb.
#6729
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

ЕТІСТІКТІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ЛЕКСИКА-СЕМАНТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ  

МЕН ГРАММАТИКАЛЫҚ СИПАТЫ 

М.Жұмабаев поэзиясы негізінде 

В  статье  описаны  лексико-семантическая  особенность  и  грамматическая  характеристика 

глагольных фразеологизмов. Автор приводит конкретные примеры способов и приемов приме-

нения фразеологизмов, их причастности к частям речи, выполнения функций всех членов пред-

ложения. 

The article devotes lexis-semantic specifics and grammatical characters of verb phraseologics. The 

author gives examples of methods of phraseologic using, their coating to speech functions in the sen-

tences. 

 

Қазақ  халқының  өткен  өмірі,  тұрмыс-тіршілігі,  дүниетанымы  мен  ақыл-парасаты  қазақ  тілінде 



түйінделіп, көрініс тауып жатады. Бұл құбылыстың өзі халқымыздың салт-санасын, əдет-ғұрпын си-

паттап жататын, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан батырлық, ғашықтық жырлар мен тұрмыс-

салт өлеңдерінде, ертегі-аңыздарда, айтыстарда халық арасында көптеп таралған сөз зергерлері қал-

дырып кеткен мол мұраларда сақталып келе жатқаны айдан анық. 

«Тіл — ғасырлар жемісі, халық мұрасы, ұлттық құбылыс» дер болсақ, қазақ тілі осы ойдың айға-

ғы  бола  отырып,  өзінің  образдылығымен,  көркемділігі,  экспрессивті-эмоционалды  бояуларға  толы 

фразеологизмдермен ерекшеленеді. Қазақ тілі, оның көркемдігі жайлы сөз еткенде фразеологизмдер-

ге тоқталмай кету жаңсақтық болар еді. Тіліміздің байлығын артырып, ажарландырып тұрған фразео-

логизмдерді əр жыр, əр дастан, əр ертегі, аңыздан кездестіре аламыз. Ата-баба дəстүріне сай ғасырдан 

ғасырға жалғасып келе жатқан тұрақты тіркестердің тілімізде алатын орны ерекше құнды. Əдетте əр 

адам күнделікті өмірде ізін толғантқан келелі ой-пікірлерін жеткізуде небір құрышын қандырар, көңі-

лін селт еткізер тұрақты тіркестерді қолданады. Халық тілінің басқа элементтерімен біте қайнап келе 

жатқан  фразеологизімдерді  оқып  танымайынша,  оның  табиғатына  үңілмейінше,  тіл  байлығын,  тіл 

ерекшелігін толық түсіну мүмкін емес. Ана тiлiнiң байлығы мен əуездiлiгiн анықтауда фразеологиз-

мдердiң алатын орны ерекше. Сөз байлығы сөздiң санымен де, мəн-мағынасымен де өлшенедi. 

Фразеологизмдер — түркi тiлдерiнде, оның iшiнде қазақ тiлiнде, ертеден бар құбылыс. Көркем 

шығарма тiлiндегi фразеологизмдердiң қолданысы V–VIII ғғ. көне түркi ескерткiштерiнен, ауыз əде-

биетi,  жыраулар  поэзиясы,  орта  ғасырлық  жазба  ескерткiштер  тiлiнен  байқалады.  Зерттеушiлер  ең-

бектерiнде көркем шығарма тiлiндегi фразеологизмдердi қолданудың екi тəсiлi көрінедi: 

1) фразеологизмдердiң жалпыхалықтық формада қолданылуы; 

2) фразеологизмдердiң өзгертiлiп, авторлық өңдеумен қолданылуы. 

«Фразеологизмдер — тiлiмiздiң бөлiнбес бiр бөлшегi. Өзiнiң көнелену жағынан да, тұлға, мағы-

на тұрақтылығы жағынан да, стиль жағынан да олардың өзiне тəн ерекшелiктерi бар». 

Фразеологизмдердi сөз таптарына қарай жүйелеу тiлдi зерттеушiлер тəжiрибесiнде бар. Бұл, мə-

селен, I.Кеңесбаев (1977), Ə.Қайдаров,  Р.Жайсақова (1979), Ə.Болғанбаев (1988), Х.Қожахметова 

(1972), Г.Смағұлова (1993) сынды зерттеушiлер фразеологизмдердiң белгiлi бiр сөз табына қатысын 

тiлге тиек етедi. «… Болғанбаев фразеологизмдердiң қай сөз табына қатыстығын анықтау үшiн негiзгi 

сөз бен жалпы тiркестен туатын фразеологиялық мағынаны салыстыра отырып шешу керектiгiн, фра-

зеологизмнiң  сөйлем  iшiнде  басқа  сөздермен  байланысқа  түсiп,  өз  мəнiн  нақтыландыратындығын, 

сөйлемнiң бiр мүшесi болатындығын, ол сөйлем мүшесi белгiлi бiр сөз табына қатысты» екенiн Х.Қо-

жахметова атап көрсетедi

1

. I.Кеңесбаев фразеологизмдердi сөз таптарына қарай классификациялау ең 



негiзгi мəселелердiң бiрi дей келiп, мынаны ескертедi: «... бұл тiзбектердiң iшiнде мызғымастай бо-

лып қалыптасқан сөз таптары бар деп үзiлдi-кесiлдi тұжырым жасауға болмайды... олар зат есiм, етiс-

тiк, үстеу, тағы басқа да сөз таптарымен тең мағыналы емес. Себебi фразеологизмдердiң тұлғасы мен 

семантикасы жеке сөз табына барабар келмейдi. Белгiлi бiр сөз табының қызметiне жуықтайтын ғана 

фразеологизмдер бар, ол фразеологиялық түйдек (идиом) болса, ол белгiлi бiр сөз табының қызметi-

нен мүлдем алшақ жатады

2



73 

Сөйтiп, фразеологизмдердiң белгiлi сөз табына жатқызу мəселесiн, бiрiншiден, компоненттерiнiң 

құрамының  беретiн  мағынасына,  екiншiден,  морфологиялық  табиғатына,  үшiншiден,  синтаксистiк 

қызметiне қарап, шартты түрде топтастыруға болады. Фразеологизмдi сөз табына топтастыру жайлы 

жазылған еңбектерде көбiнесе бiрiздiлiк байқалады. Г.Сайфуллин фразеологиялық тұлғаларды сөз та-

бына қатысты етiп көбiне төрт топқа бөледi: 

1) есiмдi фразеологизмдер; 

2) етiстiктi фразеологизмдер; 

3) үстеу мағыналы фразеологизмдер; 

4) одағай тұлғасындағы фразеологизмдер. 

Қазақ тiлiндегi фразеологизмдердi қай сөз табына топтастыру жайлы пiкiрлердi бұл туралы ар-

найы сөз етiлген Ə.Қайдаров, Р.Жайсақова мен Ə.Болғанбаевтің еңбектерiнен ұшыратамыз. Олар: 

1) есiмдi фразеологизмдер; 

2) етiстiктi фразеологизмдер; 

3) одағай түрi; 

4) адвербиалды; 

5) сөйлеу штампы түрiндегi фразеологизмдер деп бөлінедi. 

Ə.Болғанбаев қазақ тiлiндегi фразеологизмдердi сөз табына қатысы жағынан төрт топқа жіктейдi: 

1) етiстiк мағыналы фразеологизмдер; 

2) сындық мағыналы фразеологизмдер; 

3) заттық мағыналы фразеологизмдер; 

4) үстеу мағыналы фразеологизмдер. 

Қ.Б.Сарбасова төмендегiдей топтастырады: 

1) етiстiктi фразеологизмдер; 

2) есiмдi фразеологизмдер; 

3) үстеу мəндi фразеологизмдер; 

4) əртүрлi сөз таптарынан жасалған фразеологизмдер

3



Фразеологизмнiң компоненттерiнiң iшiндегi кейбiр сөздер басқа компонентке қарағанда өзгеше 

басым болып, көптеген тұрақты тiркес қатарында қайталанып отырады. Яғни, ол компонент семанти-

калық ерекшелiгiмен тiркестi өзiне бағындырып, ұйтқылық қызмет атқарады. Қазақ тiлiндегi ұйтқы-

лық қызмет атқаратын сөз таптарының бiрi — етiстiктер. 

Етiстіктердiң басқа сөз таптарының iшiндегi ең күрделi, лексика-семантикалық сипаты мол, лек-

сика-граматикалық формаларға бай сөз табы екендiгiн көптеген ғалымдар дəлелдеген. Етiстiк аралас-

пайтын  сөз  тiркесi  де,  сөйлем  де  жоқтың  қасы. «Етiстiктер  қоғамдық  өмiрде  ұшырасатын  не  алуан 

амалдың, iс-əрекеттiң, қимыл-қозғалыстың барлығына қатысты ұғымды бiлдiредi». 

Қазақ тіліндегі фразеологизмдер сөз табында ең көп кездесетiн етiстiктi фразеологизмдер. Одан 

кейiнгiлерi — сындық жəне заттық мағынадағы фразеологизмдер. Жеке сөз бен тұрақты тiркес мағы-

на жағынан бiр ұғымды бiлдiрiп, бiрiнiң орнына бiрi жүргенiмен, бұлардың бiлдiретiн мəн-мағынала-

ры бiрдей тепе-тең деген ой туындамауы тиiс. Тұрақты тiркестер туатын ұғым жеке сөзбен салыстыр-

ғанда анағұрлым күштi айтылады. Сонымен қатар жағымды-жағымсыз көркемдiк мəнi болады. Жеке 

сөз нақтылы дəл ұғымды көрсетсе, фразеологизмдер дара ұғымды күрделендiрiп, оның үстiне бейне-

леп, суреттеп көз алдыңа келтiредi. 

Фразеологизмдер  қолданылуы  жағынан  бiр  бүтiн  лексикалық  единица, «даяр  тұрған  құрылыс 

материалы» дей тұра, оның құрамындағы сөздердi лексикалық топтарға бөлiп қарастыруға болатын-

дығын тiл бiлiмi бүгiнгi таңда дəлелдеп отыр. Осы тұрғыдан келгенде, фразеологизмдердiң құрамын 

шартты түрде екеуге бөлуге болады: 

1) мағынасы түсiнiктi таныс сөздер; 

2) мағынасы күңгiрт көнерген сөздер. 

Сол себептi фразеологизмдердiң негiзгi беретiн мағынасын ашуға мəжбүрмiз. Фразеологизмдер-

дiң грамматикалық ерекшеліктері қазақ тілінің жалғамалы (агглютинатив) сипатымен астасып жатыр. 

Яғни грамматикалық өзгерістер фразеологизмдердiң синтетикалық тəсілімен де аналитикалық (син-

таксистік) тəсілмен де жасалуынан келіп шығады. Мұның өзі есім + есім, есім + естістік тізбектердің 

қай-қайсысына да ортақ норма. 

Қазақ тілінде есімдермен етістік тіркесіп келген жағдайда есімдер көптік жалғауын қабылдамайды. 

Бірақ есімдер басқа септік жалғауларының кез келгенінде тұрып етістікті фразеологизмдерді түрліше 

құбылтып, олардың мағыналарын күшейтіп отырады. Əдетте етістікті фразеологизмдердiң орын тəртібі 


74 

тұрақты болады, өзгеріске көп түспейді. Ұйтқы сөз тіркестің соңғы компоненті болып тұрады да рай, 

шақ, жақ категориясында жұмсалады. Кейде олар болымды-болымсыз түрде де ұшыраса береді. 

«Əр жазушы өз өресіне қарай тілдің фразеологиялық қорынан қажетін алады да, өз кезегінде əде-

би тілдің дамуына үлесін қосып отырады», — деп атап көрсетеді Ж.Қоңыратбаева. Кез келген қалам-

гер өз шығармасында фразеологизмдерді өзінше пайдаланады. Ғалым Р.Сыздық осы тұрғыда: «Фра-

зеологизмдер көркем əдебиетте, əсіресе поэзияда əр алуан мотивтермен азды көпті өзгеріп қолданы-

луы аз кездеспейді», — дейді. Мағжан Жұмабаев фразеологизмдерді өз шығармасында дəл сол қал-

пында қолданып қана қоймай өз мүддесіне қарай түрлендіріп те қолдана береді. Етістікті фразеоло-

гизмдердің граммматикалық сипатын анықтау үшін Мағжан Жұмабаевтың поэзиясына үңілейік. Мағ-

жан  Жұмабаевтың  халықтық  тiл  мəдениетiн  дамытудағы  ролi  мен  қазақ  тiлiнiң  бай  қорына  қосқан 

үлесi зор. Сөз зергерi Мағжан суреттеудiң, баяндаудың, бейнелеудiң сан алуан түрiн еркiн пайдалана-

ды. Ақын қай деталь болмасын оның өрнек бояуын тап басып, жылтырақтық ұғымынан қашып, не-

ғұрлым оған психологиялық түйiн берiп отырады. Ақын өлеңдерiнде қазақ тiлiнiң бай сөздiк қоры тү-

гел  пайдаланылған.  Бұл  тəсiлдердiң  барлығы  дерлiк  ақын  стилiн  айқындап  қоймай,  сонымен  бiрге 

ұлттық мiнез, ой-өрiс лебiн, өмiр шындығын толық қамтыған. 

Етістікті фразеологизмдер бірнеше сөз таптарымен тіркесіп келеді. Солардың арасында кең қол-

данылатыны — есімдер.  Есім  мен  етістіктің  тіркесі  басқа  фразаларға  қарағанда  кең  қолданылады. 

Есім компонент септік жалғауларын еркін меңгереді. Мысалы: 

 

Өмірдің ішкен у сыйын 

Кер шолақты кең киім. 

 

Құс табанын тас тілген 



Екі бетін жас тілген. 

 

Сусынын сумен қандырған 

Білегін тегін талдырған (4: 249). 

 

Көп жағдайда етістікпен етістік тіркесіп келе береді: 



 

Ақыры ашу ерді билеп кетіп 

Жалп етіп сөнген шамдай ақыл өлді (4: 199). 

 

Байды бекті боздақты 



Байлап қойды жіпсіз ит (4: 225). 

 

Сондай-ақ  етістікті  фразеологизмдердің  əр  сөз  тұлғасынан  жасала  беретінін  байқауға  болады. 



Мəселен, бірінші компоненті қос сөзден жасалған етістікті фразеологизмдерге мысалдар келтірелік. 

 

Еріккен байлар хан сайлап 



Əңгіме-дүкен құрмай ма? (4: 215). 

 

Молайтып минут сайын қасірет жырын 



Жаныңда өксіп-өксіп жылады жел (4: 204). 

 

Дуа етер — сорлы адамды, əуре етер 



Көз ашып-жұмғаныңша жоқ боп кетер (IIІ: 204). 

 

Мұндай  тіркестер  адам  көңіл-күйінің  əртүрлі  қалпын  берудегі  атқарар  қызметі  мол.  Көңілдегі 



ойды жеткізуде тұрақты тіркестердің маңыздылығы көптен белгілі болған жайт. Фразеологизмдер ой-

ды əрі көркем, əрі əсерлі етіп жеткізе отырып, сонымен қатар қатысып отырған сөйлемді құбылтып, 

ажарландыра түседі. Осыған орай, олардың сөйлем мүшелеріне қатысына көңіл аударайық. Орыс ті-

ліндегі фразеологизмдерді зерттеуші Н.М.Шанский: «Фразеологиялық оралым тілде жеке сөздің қыз-

метін атқарады», — деп көрсеткен. Тұрақты сөз тіркестеріне тəн қасиет — олардың құрамындағы сөз 

дараланбай, мағына тұтастығы мен бірлігіне бағынышты əрі тəуелді болып, бір сөз орнына жүреді, 

сонымен қатар белгілі бір сөйлем мүшесі қызметін атқарады. 

Тұрақты  сөз  тіркестері — сөйлемнің,  сөз  тіркесінің  аясын  кеңейтудің  бір  жолы,  яғни  тұрақты 

тіркес жеке өз алдына сөз тіркесі, сөйлем болғанымен, сөйлем ішінде сөз тіркесінің бір сыңары (ком-

поненті — бағыныңқы да, басыңқы да) сөйлемнің бір белгілі мүшесі. 

Т.Сайранбаев сөйлем мүшелерінің жасалуын төмендегіше топтастырады: 

− негізгі сөз таптары арқылы; 



75 

− негізгі сөз бен көмекші сөздердің түйдектелуі арқылы; 

− тұрақты тіркес арқылы; 

− сөйлемнің де сөйлем мүшесі болуы арқылы; 

− бір сөздің қайталануы арқылы; 

− қысқарған сөздер арқылы; 

− жеке дыбыстар арқылы. 

Осы топтар ішіндегі тұрақты тіркестерді сөйлем мүшелерінің басқа жеке сөздерден, күрделі сөз-

дерден болған сөйлем мүшелерінен негізгі айырмашылығы — сыртқы тұлғасы мен семантикалық тұ-

тастық, тұрақтылығына ғана емес, тұрақты тіркесті сөйлем мүшелерінің экспрессивті-эмоционалдық 

мəнінде. 

Есім мен етістіктің тіркесуінен жасалған фразеологизмдер көбінесе сөйлемнің тұрлаулы мүшеле-

рі бастауыш пен баяндауыштық қызмет атқарады. Мысалы: 

 

Ауыр ой биледі Абылай кемеңгерді (4: 209). 

 

Ой өсті, қалың өрттей уын шашты 



Ауыр ой қорғасындай жанды жанышты (4: 184). 

 

Шіркін-ай кер заманда күл қылар ем, 



Бата алсам Бағаналы Қойлыбайдан (4: 191). 

 

Қойлыбай жын жүгендеп, пері мінген 



Алдында жорғалаған шашты шайтан (4: 189). 

 

Ұмытып өзін-өзі бұл сабаздар 



Жұртына қарсы таяқ соғып жатыр (4: 6). 

 

Осындағы ауыр ой деген тіркес бастауыш қызметін, жанды жанышты, бата алсам, жын жү-



гендеп, пері мінген деген тіркестер баяндауыш қызметін атқарып тұр. 

Тұрақты тіркесті баяндауыштардың бір сыңарын сан есімдер жəне сын есімдер құрайды. 

 

Түнде тұрып, түн ұйқыңды төрт бөлдің



Тыныш ұйықтасын деп аз сөйлеп аз күлдің (4: 112). 

 

Шашын жайып, түн ұйқысын төрт бөліп 



Тілей ме екен жолықтыр деп тез? (4: 108) 

 

Деді де сол əлдекім сылқ-сылқ күлді 



Сол күлу жүрегімді жүзге тілді (4: 99). 

 

Жібектей жылжып өтіп жаздың түні 

Таң құлап, күншығыста иектенді (4: 209). 

 

Майданда жолбарыстай жалғыз ойнап 



Сан қолға аш бөрідей кірген еді (4: 204). 

 

Кейбір етістікті фразеологизмдер толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш қызметін атқарады: 



 

Табылар деп түнде 



Шарқ ұрудан таймаған (4: 132). 

 

Жетті енді қам жер мезгіл, жатпа бекер, 



Ойламау келешекті түпке жетер (4: 18). 

 

Көзге түртсе көрінбейтін қара түн 

Күңірене ме, күле ме əлде, əлдекім? (4: 41) 

 

Ойламай, көз жүгіртпей, меңіреу басым 



Жанаспай жақын жүрмей құр қалыппын (4: 22). 

 

Көп ойладым тыншымай 



Түнде де бір кірпік қақпай (4: 15). 

76 

Көркем туындыда сезім күйін іс-əрекетті айшықты сөздерді қолдану шығарманың үндестігін кү-

шейтіп,  эмоциялық  бояуын  арттырады.  Мағжанның  фразеологизмдерді  таңдап,  талғап  жұмсауы  —

оның айтайын деген ойын ұғымды, дəл басып жеткізуінде. 

Фразеологизмдер  ақын  тілінде  қисындылығы,  тұжырымдылығымен  бірге  көркемдігімен  стиль-

дік құрылымдық ерекшелігімен де бағаланады. Сонымен қатар: 

1. Фразеологизмдердi сөз табына қарай топтастыруда бiрiздiлiк байқалады. 

2. Етістікті фразеологизмдер құрылысы жағынан түрлі сөз таптарынан жасалатындығы байқалды. 

3. Сөйлем ішінде етістікті фразеологизмдер барлық сөйлем мүшесі қызметін атқарады. 

4. Фразеологизмдердi  қолдануға  ақын  авторлық  өңдеумен,  жалпыхалықтық  тұлғада  жəне  фра-

зеологизмдердi бiр шумақта үстемелете қолданып, ойдың экспрессивтiк əсерiн күшейтедi. 

5. Ақын халық тiлiндегi ойға жан бiтiрер бейнелi тiркестердi қолдануда, ерекше бейнелi тiркес-

тердi қолдануда ерекше шеберлiк танытады. 

Қарастырып отырған мəселенiң құндылығы тiл бiлiмiнде болып жататын кезектi өзгерiстер бол-

ған сайын ашыла түсетiндiгi сөзсiз. Жалпы тiлдi байыту, оның табиғатын ашып, тану үшiн сол тiлдiң 

құрамындағы əртүрлi мəселелердi толық анықтауға тырысу қажет. 

 

 

Əдебиеттер тізімі 



1.  Болғанбаев Ə. Қазақ тілінің лексикологиясы. — Алматы: Мектеп, 1988. — 7-б. 

2.  Болғанбайұлы Ə., Қалиұлы Қ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. — Алматы: Санат, 1997. — 617-б. 

3.  Сарбасова Қ. Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің лексика-семантикалық сипаты // Қазақ тілі мен əдебиеті. — 1992. 

4.  Жұмабаев М. Сүй, жан сəулем. — Алматы: Атамұра, 2002. 

 

 

 



 

 


77 

ТІЛ  МЕН  ƏДЕБИЕТТІ  ОҚЫТУ  ƏДІСТЕМЕСІ 

МЕТОДИКА  ПРЕПОДАВАНИЯ  ЯЗЫКА  И  ЛИТЕРАТУРЫ 

ƏОЖ  398 (574) 

С.Ж.Шахина 

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 



ӨТІРІК  ӨЛЕҢДЕРДІ  ЖОҒАРЫ  ОҚУ  ОРЫНДАРЫНДА  ОҚЫТУ  ЖОЛДАРЫ 

В статье рассматриваются вопросы методики преподавания небылиц в высших учебных заве-

дениях.  Предоставлены  планы  лекций  и  практических  занятий  для  студентов 1 курса,  рас-

крыто  значение  наглядных  пособий  в  виде  таблиц, помогающих  в  быстром  усвоении  данной 

темы.  

The article about problems of teach to false songs in high school. There are plans of lecture and 

practical subjects for first course. The picturial materials could to help to students of first course to 

learn this subject.  

 

Қазақ фольклорының жан-жақты оқытылуы жоғары оқу орындарындағы филология факультеті-



нің қазақ тілі мен əдебиеті бөлімінде жүзеге асатындығы белгілі. Оқу жылының алғашқы семестрінде 

өтілетін «Қазақ халық ауыз əдебиеті» пəнінен студенттер рухани мұра туралы жан-жақты дəріс тың-

дап, фольклорлық жанрларға қатысты терең түсініктер қалыптастырады. Бұл мəселеде Қазақстан Рес-

публикасының Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен «Қазақ халық ауыз əдебиеті» пəнінің типтік 

бағдарламасы негізгі оқу құжаты болып есептеледі. Пəнге қатысты оқу-жұмыс бағдарламасы осы құ-

жатқа  сүйеніп,  бағдарламадағы  негізгі  берілген  тақырыптар  бойынша  сағат  сандарына  жіктеліп  ба-

рып жасалады. Қазіргі пайдаланып жүрген «Қазақ халық ауыз əдебиетіне» арналған типтік бағдарла-

мада ел өтірігіне арнайы тақырып берілмеген. Негізгі құжат бойынша өтірік өлеңдер жұмбақтарға ар-

налған  тақырыпта  ғана  аталып  өткен.  Ол  мына  төмендегі  түсінікпен  берілген: «Өтірік  өлеңдердің 

жанрлық сипаты, шендестіру (антитеза) мен əсірелеудің ролі»

1

 деген қысқаша ғана мағлұмат. Біздің-



ше, өтірік өлеңдерге арнайы тақырып беріліп, ол туралы тереңірек мəлімет берілгені теріс болмас еді. 

Хронологиялық жағынан бұл бағдарламада өз орнын тауып тұрған жоқ.  

Қазақ халық өлеңдері «Тұрмыс-салт жырлары», «Лирикалық өлеңдер» бойынша сараланып, бағ-

дарлама бойынша оқытылады. Бұл жерде өтірік өлеңдерді жұмбақтардың қатарына қоса салу қисынға 

келмейді. «Өтірік өлеңдер» жоғарыдағы аталған лирикалық өлеңдерден кейін басталуы тиіс. Себебі 

қай жағынан алсақ та, өтірік өлең ұлттық поэзияның қорында бар қазынамыз. Халық өлеңдері туралы 

білім беру басталған екен, онда осы жүйені бұзбастан «Өтірік өлеңдерді» жалғастырғанымыз жөн се-

кілді. Рас, осы типтік бағдарламаның «Балалар фольклоры» атты тақырыбында өтірік өлеңдер оқыты-

лу  керектігі  ескертілген.  Бұның  тиісті  орнында  тұрғанына  талас  жоқ.  Алайда  халық  өлеңдері  қата-

рында  «Өтірік  өлеңдер»  жеке  тақырып  болып  басталса,  кейін  «Балалар  фольклоры»  тақырыбымен 

жалғасып жатса, пəннің оқытылу мақсаты жүйелі орындалмақ.  

Біздіңше, бағдарламаға «Халық өтірік өлеңдері» атты тақырып енгізіп, оған былайша түсінікте-

ме жазу керек. (Өтірік өлеңдер — халық поэзиясының бір түрі. Ел өтірігінің шығу тегі мен дамуы. 

Өтірік өлеңдердің жанрлық сипаты. Өтірік жырлардағы көтерілген өзекті мəселелер. Өтірік жырлар-

дың сюжеттік жəне композициялық ерекшеліктері. Халық өтірік өнеріндегі күлкі, əзіл-əжуа, сын-сы-

қақ,  келемеж,  мысқылдардың  берілісі.  Өтірік  өлеңдердегі  шендестіру,  əсірелеу,  кейіптеулер.  Өтірік 

өнердегі драмаға тəн белгілер. Ересектер мен балалар арасындағы халық өтірік өлеңдерінің айырма-

шылықтары. Айтылу ерекшеліктері). Біздіңше, осы аталған тақырыптың түсініктемесі міндетті түрде 

«Қазақ  халық ауыз  əдебиеті»  пəнінің  бағдарламасына  енуі  керек. Бұрын  типтік  бағдарламаға  енбей 

қалудың басты себебі — ел өтірігі арнайы зерттелмей, шолу түріндегі еңбектерде ғана аталып отыр-



78 

ды. Сонымен қатар «өтірік» деген адамға түрпідей тиіп, тəлім-тəрбиелік жағынан басқаша таным қа-

лыптастырады деген ұғым пайда болды. Бұл жерде өтіріктің жас ұрпақты тапқырлық, асқақ ақындық 

пен шындық үшін күресуге жол ашатын мүмкіндігі ескерілмей қалғаны анық.  

Аталған олқылықтардың орнын толықтыру үшін филология факультетінің 1-курс студенттеріне 

«Қазақ халық ауыз əдебиетінен» «Өтірік өлеңдер» жөнінде арнайы 2 сағат көлемінде лекция оқылуы 

керек.  Төменде  берілген  кесте,  көрнекіліктер,  студенттердің  өз  бетінше  жаттауға  арналған 

мысалдарды, біздің ойымызша, сабақ барысында қолдану өте тиімді болар еді (кесте). 

К е с т е  

Лекция жоспары 

Реті 


Лекция тақырыптары 

Сағат 


Пəнаралық байланыстар 

1.  


1. Халық өтірік өнерінің жиналып зерттелуі.  

2. Ел өтірігінің шығу тегі мен дамуы.  

3. Өтірік өлеңдердегі юмор мен сатира.  

4. Өтірік өнер түрлері.  

5. Өтірік өлеңдердің жанрлық сипаты.  

6. Өтірік өлеңдердің көркемдік ерекшеліктері.  

7. Халық өтірігін айтушылардың стиль мəселе-

лері.  


Халық педагогикасы мен психология-

сы, халық философиясы, этнографиясы, 

халық музыкасымен байланысы көзде-

ліп, тіл білімінен диалектологиямен 

байланыс жасалады. 

2.  

Практикалық сабақ 

1. Өтірік өлеңдердің жиналып зерттелуі.  

2. Ел өтірігінің шығу тегі мен дамуы.  

3. Өтірік өлеңдердегі əзіл-əжуа, мысқыл, келе-

меж, сын-сықақтың берілісі.  

4. Өтірік өлеңдердің жанрлық сипаты.  

5. Өтірік өлеңдердегі сөз көркемдігі жəне оны 

айтушылар өнері.  

Тұрмыс-салт өлеңдері, лирикалық өлең-



дермен байланыс жасалады. Əдебиет 

теориясынан юмор мен сатира жөнінде 

түсінік беріліп, өтірікті айтушылар жө-

ніндегі мəселеге байланысты халық 

шығармашылығын жасаушылардың 

байырғы өкілдері жөніндегі түсініктер 

кеңейтіледі.  

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет