Синтаксис ғылымының қалыптасу тарихына шолу жасап, теориялық негіздеріне тоқталу. Синтаксистің салаларына тоқталып, оның тіл білімінің басқа салалаларымен байланысын анықтау. Синтаксистік бірліктердің басқа тілдік құбылыстардан ерекшеліктерін ажырату.
Синтаксис (гр. syntaxis- құру, тәртіп, амал-тәсіл) – сөйлемдегі сөздердің, сөз тіркестерінің байланысын, заңдылықтарын, сөйлем құраудың амал-тәсілдерін зерттейтін грамматиканың бір саласы.
Синтаксис зерттеу нысанына қарай төрт салаға жіктеледі:
1. Сөз және оның формасының синтаксисі. Онда белгілі бір тұлғадағы толық мағыналы сөздің басқа бір сөзді бағындыра алатын қасиеттері, олардың сөз тіркесі мен сөйлемнің сыңары не мүшесі болу мүмкіндіктері зерттеледі.
2. Сөз тіркесі синтаксисі. Ол сөздердің тіркесімдік қасиетін, олардың тіркесу тәсілдері мен түрлерін, сөз тіркесінің құрамы мен сөз тіркесіндегі синтаксистік қатынастарды қарастырады.
4. Мәтін синтаксисі. Онда әр түрлі деңгейдегі мәтіндердің құралу ерекшеліктері, олардың құрамындағы сөйлемдердің байланысу заңдылықтары мен қарым-қатынасы зерттеледі.
Қазақ тіл білімінің қалыптасу кезеңдері:
1). 19 ғасырдың екінші жартысы, яғни қазақ тіл білімінің негізі салынған кезең. Қазақ тілі грамматикалық құрылысы мен дыбыстық жүйесінің зерттеле бастауы 19 ғасырдың екінші жартысынан басталады. Бұл саладағы алғашқы зерттеулер орыс ғалымдарының еншісінде болды.