Совет–Хан Єаббасов


Алғашқы бүршік жарған көктемі тәрізді. Ұл ержетіп – бозбала атанса, махаббат



бет261/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   294
Алғашқы бүршік жарған көктемі тәрізді. Ұл ержетіп – бозбала атанса,
махаббат. Қыз қылығымен — бойжеткен шаққа жетеді. Адам табиғатындағы құдіреті күшті, үш түрлі жүйенің қызметтері үндесе табысып, бір-біріне ықпал етумен қоса, олардың, өзара жалғаса толысатын да сәттері. Енді, осы үш жүйенің мазмұны мен ашылу кезеңдерін толығырақ сипаттап өтелік. Егер де ежелгі ойшылдардың сөзімен айтсақ: «шабдалдың үш бұтағы» сипатында суреттеледі.
Б і р і н ш і с і, ана құрсағында ұ р ы қ т а н өсіп, жан иесіне айналғанда, бірден қызметіне кірісетін ж ү р е к пен қан тамырлары жүйесі екені белгілі. Ж ү р е к бұл кезеңде, тек физиологиялық қана қызмет атқарып қоймайды, сонымен қоса, адамшылық негіздерінің ірге тасы болып саналатын — жүрек тәрбиесін қалыптастыра бастайды. Сонда, жүрек тәрбиесі дегеніміз не? Оның құрамына не кіреді? Ол негізінен адамдардың тіршілік-ғұмырында айқын көрінетін, ана құрсағында қалыптаса бастайтын сүйекпен бітетін м і н е з қ ұ л ы қ, т е м п е р а м е н т т і ң түрлері, тұқым қуалайтын тума қасиеттер, сан алуан түйсіктер мен і ш к і бес сезім, зерде мен з е й і н, әртүрлі қабілеттер,осылардың барлығы да, жүрек тәрбиесімен тікелей астасып жатады. Шығыс философиясындағы бейнелеп айтқан, «шабдалдың бірінші бұтағы» бүршік жарып шешек ата бастайды. Немесе адам ағзасындағы үш жүйенің алғашқысы болып гүлдейтін, тек жүрек тәрбиесінің ауқымына енетін тума қасиеттер мен тектік сипаттар екендігін қадап айтуымызға әбден болады.
Екіншісі, іңгәлап дүние есігін ашқан нәрестенің ақыл тәрбиесінің — бастау алатын сәті. Бұл — тікелей ми қызметінің, жетілуімен сабақтас нәрсе?! Былайша айтқанда, алғаш рет ми мен жұлын-жүйке жүйелері, тек тіршілікке тән физиологиялық қызметімен қоса, енді сыртқы ортамен қарым-қатынас жасау арқылы, әлеуметтік сананың әліппесін парақтауға кіріседі. Осынау ерекше атап ескермеуге болмайтын қасиетті с ә т мөлшермен, баланың, қ ы р қ ы н а н ш ы ғ а т ы н кезеңдерімен деңгейлес келеді. Нәресте, қ ы р қ ы н а н шыққанда алғаш рет өзінің ж а н а р ы н меңгеріп, еркіне орай қозғап мойнын ұстай алатын халге жетеді. Ол қарашығын қадап бірінші рет алдыңдағы а қ пен қ а р а н ы ажыратып таңырқаудың таң-тамаша алғашқы әсерінен ересен үлкен толқыныс сезімдеріне бөленеді. Міне, дәп осы сәттен бастап, нәрестенің а қ ы л т ә р б и е с і өркен жая бастайды. Ақыл тәрбиесінің өрісі мен өркені — сананың салтанаты?! Ежелгі ойшылдардың тұжырымында «шабдалдың екінші бұтағы» бүршік жарады екен. Осылайша, ұрпақ тәрбиесіндегі аса жауапты, тағы да бір кезеңге ерекше мән беріп отырмыз. Мұның ұлан-асыр маңызы мен мәні бар. Өйткені, дәл осы кезеңдерде, ана құрсағында бастау алатын жүрек тәрбиесі мен енді ғана оянған ақыл тәрбиесі бірге жетілумен қоса, үндесе қызмет атқарудың ұзақ жолдарына түсе бастайды. Осылайша, адам табиғатындағы құдіретті екі жүйе өз қызметтеріне кіріскенімен, бұлар міндетті түрде ү ш і н ш і ж ү й е н і ң өздерімен ж е т і л е жалғасуын асыға күтумен болады.
Дегенмен, бұл жоғарыда айтылған екі жүйе қаншама асыққанымен, адам ағзасының е р е к ш е қ ұ д і р е т і н і ң б і р і болып табылатын, үшінші жүйе немесе «шабдалдың үшінші бұтағы» өз уақыты жетпей гүл атып бүршік жармайды. Үшінші жүйенің бүршік жаруы — адам ғұмырының балғат кезеңімен деңгейлес келіп, бүкіл оның тіршілігінің мәні мен мазмұнын толықтыра түседі. Осы адам табиғатындағы ү ш і н ш і қ ұ д і р е т т і ң иесі — жыныс(гормональді) жүйесі болып табылады. Оның қалыптасуы мен ашылу кезеңі, нәрестелік және сәбилік кезеңдерді а п п а қ к ү й і қалдырып, тек б а л и ғ а т жасына жеткен сәтінде ғана, яки, 7‑8 жасынан бастап бүршік тастағаныменен, 12‑13 жасар шақтарында толыса жетіліп гүл атады екен. Бұл ‑ «шабдалының үшінші бұтағы», ‑ деп аталынатын ж ы н ы с ж ү й е с і н і ң, күллі жаратылысқа тигізер физиологиялық ықпалын айтпағанда, оның адам тағдырындағы әлеуметтік сипаттарының өзі ала бөтен ерекше болып келеді. Сондықтан да, бұл үшінші жүйенің, р у х а н и жағына баса көңіл аудару арқылы, оның мың сан түрлі қ ы р ы мен с ы р ы н а ерекше мән беріп, ұрпақ тәрбиесіндегі ең өміршең де нұрлы жақтарын терең талдап түсінуіміз керек. Адам ағзасындағы барлық өзгерістер мен өсіп-жетілу өркендеріне ерекше әсері бар жыныс сөлдерінің (гармон) күші мен қуатына еш нәрсе де теңдесе алмайды. Тіршіліктің осынау жойқын күшін парасатты арнамен тәрбиелі ұстау, бүкіл болашақ ұрпағымыздың мәні мен мағынасына да ықпал етпек. Міне, осыдан келіп жасөспірім шақтағы алғашқы махаббаттың қаншалықты терең де таза болуының сырлары мен қырлары ашылады.
Махаббат — тіршілік әлеміндегі ең көне инстинктінің рухани көрінісі. Оның сан салалы сипаттарының қатпарында ерекше орын алатын, жаратылыстың ең аяулы құбылысы бар. Ол — болашақ ұрпақ қамы?! Тіпті, жер бетіндегі адамнан басқа тіршілік иелерінің сүйіспеншілік сезімдері, тек қана ұ р п а қ қалдыруға тұтастай бағышталатыны белгілі. Ал, адамзат қауымының арасында — сезім атаулы махаббаттың санаға дейін көтеріліп — тіпті қоғамдық тіршіліктің мәні мен мағынасына айналып отыр. Бірақ, мұндай қоғамды адамзат баласы осы күнге дейін іздеуде?! Сондықтан да, махаббат жай жалаң сезім ғана емес, ол өзінің әлеуметтік мәнімен де аса күрделі сипат танытады. Кез-келген адамға қоғамның алтын діңгегі болып табылатын — шаңырақ көтеріп семья құрудың қат-қабат психологияларын, адам тәрбиесімен тығыз байланыстыра отырып түсінудің қажеттілігі туындайды. Еркек пен әйел заттарының ара қатынасын аса нәзік те сергек түсінуден, олардың шынайы үндестікке толы өмір жолдары басталады. Бұл жағдайды Европа жұртшылығы, сексологиялық ғылым саласына дейін көтеріп, арнайы зерттеулер мен түрлі ағымдардағы пікірлерін «топан суындай» жер бетіне қаптатып та үлгіргені белгілі. Қашан да, топан судың аты — топан су?! Оған шым батып, тұншығушылар да аз емес. Олардың «с е к с» жайындағы ұғымдары біржақтылау кетіп, жан ләззаттарының терең мәндерін, т ә н құмарлықтарына ауыстырыңқырап жібергендері де арнайы сөз етуді талап етеді. Тіпті, олар адам баласының ж ы н ы с қ а т ы н а с т а р ы н д а ғ ы қ ы м т а п ұ с т а й т ы н сәтт е р д і де айпарадай етіп, оның ішкі жан-дүниесіндегі рухани қатынастарды, мүлдем дөрекілеу сыртқы қимыл әрекеттердің әдістерін сөз етуге дейін, көпірме даурығуын айыптамай жайына қалдыруға болмайтынын ескертеміз. Бұл әрекеттер, әсіресе мұсылман халықтарының, солардың бірі болып табылатын қазақ халқының да, ұлттық тәлім-тәрбиелеріне жат және өрескел екендігін ашық айтқан жөн. Қазіргі парнографиялық басылымдар мен жабайы «видеофильмдердің» тасқыны еш халыққа да, жақсылық бермейтіні белгілі. Біздің пікірімізше, жыныс қатынасының сыртқы қозғалыс сәттерін, асқындыра көрсетіп бадырайта бейнелеуден, тек қана адам бойындағы и н а б а т пен имандылықтың қатты зардап шегетіні анық. Тіпті, мұндай жексұрын іс-әрекеттерді уағыздау арқылы адамзаттың ғасырлар бойы қастерлеп келген асыл сезімдері мен м а х а б б а т атты аяулымызды қорлап жүрген тәріздіміз. Өйткені, көргенсіздік үлгілерімен жасалынған фильмдердегі қым-қиғаш көріністер, адам санасындағы тазалық пен пәктікті былғап қана қоймай, олардың жан-дүниелеріндегі терең сезімдердің іштей азапқа түсулерін жиі байқатып жүр. Себебі, мұның өзіне лайық, табиғи заңдылықтары да жоқ емес. Адам жер бетіндегі тіршіліктің жетілген түрі болғандықтан, ол да табиғат пен биологияның негізгі заңдылықтарына, міндетті түрде бағынуға тиісті. Ендеше, күллі табиғаттағы жан-жануарлардың барлығы да, тіпті ұшқан құс, жүгірген киікті былай қойғанның өзінде, тіршіліктің ең әуелгі бастапқы кезіндегі жұпыны түрін бейнелейтін бір клеткалы қарапайым тіршілік иелерінің өздері де, ұрпақ жалғастығына мүлтіксіз берілгендіктерін байқатқаныменен ешбір тіршілік иелері еш уақытта жыныс қатынастарын үйретуді қажет етпеген. Тіршілік әлеміндегі жыныс қатынастары, жалпы и н с т и н к атаулының анасы ретінде, жасанды қамқорлық пен үйретудің әдіс тәсілдеріне тым мұқтаж да емес болар. Біздер адамзат қауымы, әуелі осы жағын неге ойластырып алмасқа...
Бұлай деуіміздің тағы да бір негізгі себебі, махаббат пен сүйіспеншілік сезімдері қай кезде де, еркек пен әйелдің өзара ғана шешетін, қымтауы жабық қылықтарының бірі еді ғой. Тіпті, оның құдіреті мен күші де сол қымтап ұстайтын тазалығында жатса керек-ті. Өйткені, дәп қазіргі кездегідей, жыныс қатынастарын тым ашық әңгімелеуден, тек мұсылман халықтары ғана емес, бүкіл Азия жұртшылығы да жиіркене бой тартып отыр. Оған бірден-бір дәлел ретінде — бүкіл Азия елдеріндегі, сексті ашық уағыздаушыларға тыйым салатын, қабылданып жатқан мемлекеттік заңдарды айтамыз. Жалпы адам баласының өз тәнін танып білуіне, орта мектеп жүйесінде өтетін анатомия мен физиология пәндерінің беретіні аз емес. Сондықтан да болар, көбінесе сексологиялық кітаптарда жыныс қатынастарының түрлері мен қимыл-әрекеттеріне ерекше мән береді. Жүздеген түрлі позаларды ұсынып бәйекке түседі. Тіпті, адамшылықка жат сәуегейлікпен... «жас жұбайлар осы әдістерді білмейтіндіктен жиі ажырасады» ‑ дейтін ұшқары тұжырымдарға жол береді. Мұндай бейбастыққа үзілді-кесілді қарсы шығатын мезгіл жетті. Бұл айтылған тұжырымсымаққа керісінше, қайта жас семьялардың соңғы жылдардағы жиі ажырасуы, рухани кұлдырау мен имандылыққа мән бермеуден екендігін тасаға қалдырғылары келеді. Кезінде топан судай қаптап дәріптелген сексология дырдуынан, қазіргі Европа жұртшылығының өзі де тыйым салып, бірден бой тарта бастағандары бекер болмаса керек. Ендеше, бүкіл мемлекеттік құрылысын енді бастап жатқан қазақ елі, бұл мәселені қоғамдық деңгейде қатты қадағалап ойластырғандары жөн. Мұның ұрпақ тәрбиесіне тигізер зиянын тілмен жеткізудің өзі мүмкін емес. Ендеше, махаббат атаулыны — с е з і м ғана деп түсінуден тез сергуіміз керек.
Сөз жоқ, үзіліссіз ұрпақ тәрбиесінің ішінде, міндетті


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет