Совет–Хан Єаббасов


Ұят пен де, тіпті қалжыраған қариялардан да, дәстүр-салтымыз ар кепілі



бет277/294
Дата08.10.2023
өлшемі3,2 Mb.
#113418
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   294
Ұят пен де, тіпті қалжыраған қариялардан да, дәстүр-салтымыз
ар кепілі. талап ететін имандылықтың қос босағасы— Ар мен Ұят
екендігі әлімсақтан бері белгілі. Күллі адам бойындағы қабілет пен қасиеттердің барлығы да, осы екеуінен нәр алып, тек осы қасиетті екі ұғымның пәктігінің арқасында жарқырай түсіп биіктей бермек. Адам табиғатындағы бұл екі қасиеттің құдіреті мен қуатын, жұртымыз ерекше бағалап жақсы түсінген. Сондықтан да, ежелден келе жатқан халық даналығында: — «Малым — жанымның садағасы, ж а н ы м — а р ы м -н ы ң садағасы» ‑ деп ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып аманат етіп қалдырған қасиетті ұғымды әркез есте ұстау қажет.
Осынау, даралай көрсетіп, ұят пен ар деп арнайы ардақтап отырған ұғымдар, шын мәнінде де күллі шаңырақ атаулының рухани діңгегі екендігі де рас. "Ендеше, ол — бүкіл адамзат қоғамының да, арқа сүйер арқауы болмақ. Енді, адам табиғатына сіңісті болып өркен алар, а р мен ұ я т т ы қалыптастырар қасиеттің нәр беруші тамыры, тербеле көркейіп жетілер кезеңдеріне, еріксіз көңіл аудара кетпесе болмайтын тәрізді. Оған да біз алдыңғы тарауларда тарата айтып тоқталған едік. Қазір қысқаша ғана қайталасақ, олардың нәр алатын тамыры да, тербелетін бесігі де — сол ана құрсағында қалыптасатын жүрек тәрбиесінің желісінде мәуелеп, — азаматтық сананы қалыптастыратын ақыл тәрбиесімен астасып жатқанын көреміз. Олай болса, жаңа құралған жас семьялардың әуел бастан-ақ, шаңырақтарының астында, тек ұят пен арды ұялату арқылы имантаразылықты сақтаудың жөні бөлек. Бұл ұлағаты мол екі қасиетті, көздің қарашығындай сақтап, үнемі жетілдіре тәрбиелеп отырғанда ғана мақсатты мұраттарымызға жетпекпіз. Сонда, жас отаудың әдепті әрекеттерінен, үлкендер жағы ризашылықпен сүйсініп мейірімдері қанса, өздерінен кейінгі кішілердің үндемей жүріп-ақ үлгі алар ақ босағасына айналмақ. Жалпы, ерлі-зайыпты тіршіліктің немесе семьядағы қарым-қатынастардың маңызы мен мәні, оның т а б и ғ и инстинктіні қымтай ұстауға үйренудің арқасында, айналасына шапағат дарытар инабаты мен имандылығында жатса керек. Осы айтылған тұжырымдардың бірден-бір айғағындай, қазіргі кездегі жас семьялардың жиі ажырасуын, жастар арасындағы рухани деңгейдің күрт төмендеп кетуінен көрмей, тағы да сол басқа жұрттың айтатын «жыныс қатынастарының әдістерін білмеуден» деп сәуегейленудің барып тұрған әбестік екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Ендеше, арың мен ұятыңды — ұждандыққа жеткіз, аяулы жеткіншектер, демекпіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет