сұрақ Ақуыздардың толық емес құрамын растау үшін қандай түсті реакцияларды қолдануға болады?



бет6/56
Дата05.01.2023
өлшемі106,84 Kb.
#60417
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Дисульфидті байланыс, ол бір немесе екі полипептид тізбектерінің әр түрлі аймақтарында орналасқан екі цистеиндегі тио , сульфгидрил топтарының күкірт атомдарының арасындағы байланыс, бұл байланыс нәтижесінде цистин түзіледі. – S – S –.Бұл байланыс белок молекуласындағы әр түрлі екі полипептидті жалғастырады, немесе бір полипептидтің екі бөлігін жалғастырып, цистин қалдығын түзеді.
Сутектік байланыс. Егер теріс электр зарядты екі атомның біреуі сутегінің атомымен байланысқан болса, сол екі атомның арасында сутектік байланыс қалыптасады. Мысалы, сутегінің атомы оттегінің немесе азоттың атомымен байланысқан болса, онда оттегі атомының теріс электр зарядының күштілігі салдарынан байланыс электрондары оттегі атомына немесе азот атомына ығысады. Осыған байланысты сутегі атомында біршама оң заряд, электр терістілігі басым атомда біршама теріс заряд пайда болады. Оң зарядталған сутегі атомы теріс зарядталған басқа атомға тартылады. Осылайша химиялық емес байланыс – сутектік байланыс – қалыптасады. Бұл байланыс коваленттік байланыспен салыстырғанда әлсіздеу, бірақ ол белгілі белок құрылымын қалыптастыруда үлкен қызмет атқарады.
Өзара гидрофобтық әрекеттесу. Мұндай өзара әрекеттесу амин қышқылдарындағы полярсыз бүйірлік топтарының өзара тартылысынан болады. Ондай топтар полипептидтік тізбектер арасындағы суды ығыстырып шығару нәтижесінде қалыптасады. Мұндай учаскелерге су ерітінділері ене алмайды. Осы жағдайға қатысты аса маңызды лейцин, изолейцин, валин, фенилаланин, триптофан сияқты амин қышқылдары жатады. Фенилаланиннің екі қалдығының және валин қалдығының өзара гидрофобты әрекеттесуі.
Иондық байланыстар. Мұндай байланыстар әр түрлі зарядталған екі ион өте жақындасқан кезде 0,3 нм-де пайда болады. Бұл – аспарагин, глутамин қышқылдары мен аргинин, гистидиннің қышқылдық және негізгі топтардың арасындағы өзара электростатикалық әрекеттесу күші.
3)Ақуыз молекулаларының құрылымдары ыдырайтын процесс қалай аталады? Құрылымдық бұзылуларға қандай факторлар себеп болуы мүмкін?
Нәруыздардың биологиялық белсенділігінің және өзіне тән қасиеттерінің жойылуына әкеліп соғатын құрылымының өзгеруі денатурация деп аталады. Денатурация процесі төмендегідей денатурациялаушы агенттер әсерінен туындауы мүмкін:
1.Температураның 420С-тан жоғары көтерілуі нәруыз молекуласындағы сутектік және гидрофобтық байланыстарды үзеді;
2.Қышқылдар мен негіздер нәруыз зарядын өзгертіп, полярлы байланыстарға әсер етеді;
3.Органикалық еріткіштер гидрофобтық байланыстарға әсер етеді;
4.Мочевина және гуанидин нәруыз молекуласында көптеген сутектік байланыстар түзеді, осының салдарынан белоктың құрылымы өзгереді, бұл жағдайда нәруыз денатурацияға ұшырайды;
5.Ауыр металдың тұздары нәруыз молекуласының зарядын өзгертеді, себебі әлсіз байланыстарды үзеді;
6.Ультра күлгін сәуе әсерінен болады;
7.Тиолды қосылыстар дисульфидті көпіршелерді тотықсыздандыру арқылы үзеді. Денатурациялаушы агенттер үшінші реттік, тіпті екінші реттік құрылымды түзетін байланыстарды да үзеді. Денатурацияланған нәруыз ферменттер әсерінен оңай ыдырайды, себебі пептидтік байланыспен ферменттің жанасу аймақтары ұлғаяды. Денатурация кей жағдайларда мысалы нейтралды тұздар әсер еткенде қайтымды болады. Ол кезде денатурациялаушы агенттің әсерін тоқтатқанда немесе концентрациясын азайтқанда, нәруыз өзінің активті күйіне қайта келеді. Яғни ренатурация жүреді.


5-сұрақ




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет