Таланттар



Pdf көрінісі
бет167/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   256
ФАРАБИ АТА 
 
– Балам, біздің қазақ жерінде Отырар деген ұлы қала болған. 
Ол қаланың орны – Шымкент облысында. Сол Отырар қаласында 
Әбунасыр  деген  ақылды  бала  болыпты.  Ол  кішкентайынан  көп 
оқиды. Ескілікті сөздерді көңіліне тоқиды. Араб, парсы тілдерін 
үйренеді. 
Ол кезде «Ұлы Жібек жолы» деген керуен жолы осы қаланы 
басып өтетін. Қазақ жерінің о шеті мен бұ шетін жалғастыратын. 
Әрі асып, Иранға, Арабияға жетеді. Әбунасыр 16 жасқа келгенде
осы  Ұлы  Жібек  жолымен  қатынаған  керуенге  ілесіп,  Арабияға 
сапар шегеді. Оқу оқып, көп білім алғысы келеді.  
Айлап жүріп, керуенмен Арабияға келеді. Танымайтын елде 
өмір сүру қиын еді. Ол сонда да мойымайды. Күндіз бағбан болып 
еңбек  етеді.  Күрекпен  жер  қазады.  Ағаш  суғарады.  Одан  алған 
ақысына тамақ – киім сатып алады. Ал түнімен кітап оқиды. Жазу 
жазады. Сөйтіп, жылдар өте береді.  
Бір  күні  араб  әкімі  Әбунасырды  көргісі  келіп,  шақырады. 
Әбунасыр әкімнің жарқ-жұрқ еткен сарайына кіріп келеді. Сонда 
әкім қасындағы уәзірлеріне өз тілінде: 
–  Мына  жігіттің  білімін  сынап  көрейік.  Егер  нашар  болса, 
есіктен қайтарып жіберіңдер! – дейді. 
Әбунасыр ол тілді де білетін еді. Дереу жауап береді: 
– Иә, білімі саяз кісі сіздің қасыңызда отыруға лайық емес, –
деді. Әкім таңғалып: 
– Неше тіл білесің? – дегенде, Әбу-Насыр: 
– Жетпіс тіл білемін! – деп жауап береді.  
Әкім  Әбунасырға  өзінің  оң  жағынан  орын  беріп,  қасына 
отырғызады.  Әбунасыр  тоғыз  ішекті  домбыраны  қолына  алып, 
күй тартады. Отырған адамдар тіпті таңғалады. Содан былай араб 
әкімі  Әбунасырға  көмектеседі.  Ғылыммен  айналысуға  жағдай 
жасайды. 


303 
 
Әбунасыр  бүкіл  өмірін  араб  елінде  өткізеді.  Жүз  елу  кітап 
жазады.  Атағы  дүние  жүзіне  жайылады.  Оның  туған  қаласын 
арабтар  «Фараб»  дейтін.  Содан  Әбунасыр  әл-Фараби  деген  ат 
алады. Бүгінде Фарабиды  білмейтін ел жоқ. Ол  – біздің ғұлама 
атамыз. 
Фараби  Арабияда  жүріп,  туған  елін  сағынады.  Тау-тасын 
көргісі келеді. Гүлін иіскеуді армандайды. Бірақ жер алыс. Келе 
алмайды. Содан мынандай өлең шығарады: 
 
 
Қашықтасаң туған жер, қалың елім
 
Небір жүйрік болдырып жарау деген. 
 
Шаршадым мен, қанатым талды менің
 
Шаңыт жолға сарылып қарауменен. 
 
Бұл  өлеңді  Айбегім  тез  жаттап  алады.  Данабек  те  қалыспай 
қайталайды. 
Әкесі екеуін тыңдап болған соң, ойланып былай деді: 
–  Фараби  сексеннен  асып  өмірден  өтіпті.  Ғұмырын  тек 
ғылымға  арнапты.  Дүние  жүзіне  белгілі  болыпты.  Баяғы  араб 
әкімі  өзі  өлерінде:  «Мені  Фарабидің  қасына  жерлеңдер!»  –  деп 
өсиет айтыпты. Фарабидің қасына жерленуін зор мәртебе көріпті. 
Қазір араб елінде Шам шаһарында екеуінің бейіті қатар жатыр. 
Айбегім әңгіменің тыңдап болған соң әкесіне: 
– Әке, Фараби бабамның жатқан жерін картадан көрейінші! – 
деді.  Жүгіріп  барып  картаны  алып  келді.  Әкесі  картадан 
Арабияны тауып берді. Айбегім Арабиядан Шам қаласын іздей 
бастады. Әкесі айтты: 
– Балам, Шам қаласы қазір Дамаск деп аталады, – деді. 
Айбегім  Дамаскіні  іздеп  тапты.  Фараби  тұрған  Бағдад 
қаласын да қолымен көрсетті. Одан соң Қазақстаннан Фарабидің 
туған жері Отырарды іздеді. Әкесі: 
–  Қазір  Отырар  қаласының  орны  ғана  бар.  Ол  Шымкент 
облысында, – деді. Қазақстан картасынан Шымкентті тапты. 
Данабек екеуіне кезек қарап: 
– Өй, Отырар мен Бағдадтың арасы жап-жақын ғой! – деді. 
Айбегім Данабекке қарап күлді: 


304 
 
–  Өй,  кішкентай.  Картада  кішірейтіп  көрсететінін  білмейді 
екенсің ғой! – деді. Әкесі басын изеді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет