Таным және шығармашылық. Қарастырылатын негізгі сұрақтар


Эмпириялық және теориялық



бет8/8
Дата08.10.2022
өлшемі28,46 Kb.
#41956
1   2   3   4   5   6   7   8
Эмпириялық және теориялық – ғылыми танымның негізгі формаларын, сондай-ақ ғылыми білімнің құрылымдық компоненттері мен деңгейлерін сипаттайтын категориялар. Ғылыми таным Эмпириялық және теориялық зерттеулерге бөлінеді. зерттеу тікелей объектіге бағытталып, бақылау мен тәжірибе деректеріне сүйенеді. Теориялық зерттеу ғылымының түсінік аппаратын жетілдірумен және дамытумен байланысты және объективті ақиқаттың нақты байланыстары мен заңдылықтары тұрғысынан алғанда оны жан-жақты танып-білуге бағытталған. Зерттеудің екі түрі де бір-бірімен табиғи байланыста және бірін-бірі ғыл. танымның біртұтас құрылымында деп біледі. Эмпириялық зерттеу бақылау мен тәжірибенің жаңа деректерін анықтай отырып, теориялық зерттеудің дамуына жәрдемдеседі, оның алдына жаңа міндеттер қояды. Екінші жағынан, теориялық зерттеу ғылымның мазмұнын байытып, оған нақты сипат бере отырып, фактілерді түсіндіру мен көріп-білудің жаңа перспективаларын ашады, эмпир. зерттеуді бағдарлап, оған жөн сілтеп отырады. Ғылым жаңа эмпир. деректермен толыға отырып дамиды. Өмірде ғана көрінетін қозғалысты шын мәніндегі ішкі қозғалысқа айналдыруды көздеген ғылым міндетін эмпир. таныммен тығыз байланысты теор. ойлау жүйесі шешеді. Эмпириялық және теориялық мәселесінің диалект.-материалистік шешімі гносеологияның, методологияның және ғыл. логиканың болжамдарды тексерудің ғылым заңдарын білдіретін білімнің және бақылау мен тәжірибе деректерін қалыптастыратын білімнің арақатынасын, идеализацияның, типологияның, түсіндірудің табиғаты, т.б. маңызды мәселелерді пысықтау негізі болып табылады.


Қортындылай келе,таным дегеніміз адамның дүниені рухани тұрғыдан меңгеру процесі,оның мақсаты-ақиқатқа қол жеткізу. XIX ғасырға дейін таным теориялық-философияның шеңберінде онтологиямен бірлікте қарастырылады. Өткен ғасырларда, таным процесін зерттеу гнесеология(грек тілінен аударғанда-таным) атты өз алдына дербес ғылымға айналды.Соңғы он жылдықта философтар шет елдерде қолданып жүрген эпистемология ұғымын қолданып жүр,бұл ұғым (грек тілінен аударғанда episteme-білім) Эпистемология-бұл біздің әртүрлі пәндер жөнінде қалай білімге ие болатындылығымен,біздің білімдеріміздің шегі туралы,адамзатбіліиінің қаншалықты дұрыс екендігін анықтайтын философияның бір бөлігі.Таным теориясы адамзаттық философия тарихын, мәдениет пен ғылым тарихын, техника мен практика жетістіктерін философиялық жағынан қорытуының нәтижесі. Сонымен бірге ол қазіргі ғылыми – техникалық революция және жаңаша ойлау жетістіктеріне сәйкес одан әрі тез қарқынмен дамуда. Қазіргі жағдайда біз таным теориясы ретіндегі диалектиканың практикалық және теориялық рөлі арта түскенің көріп – біліп отырмыз. Таным барысында адам өзін қоршаған ортаны игереді, ол туралы білім кеңейіп, тереңдей түседі; адамның заттар мен құбылыстар туралы жалпы мәлімет ішкі мәнге қарай ұмтылып, жүйелі, шынайы білімге айналады. Ендеше, танымды адамның жаңа әрі тың білімді игеріп, рухани баюы деп есептеуге болады. 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Философиялық сөздік. – Редкол: Р.П.Нұрғалиев, Ғ.Ғ.Акмамбетов, ж.б –Алматы, 1996- 480б.

  2. Мырзалы Серік. Философия, - Алматы: ʺБастауʺ, 2008 -644б.

  3. Делез Ж. Логика смысла. –М., 1995 – 456с.

  4. Философия: жоғарғы оқу орындары студенттеріне арналған оқулық. Құрастырған: т.Ғабитов. Алматы: Қаржы Қаражат. 2002 – 496б.

  5. Философиялық сөздік. – Алматы, 1996 – 420б.

  6. Философия тарихы: Оқулық. Ж.Алтай, А.Қасабек, Қ.Мұхамебетәлі. – Алматы: Жеті Жарғы, 1999 – 288б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет