Тәшімбай салтанат қуатбекқызы «Мухаббат-наме» ескерткішінің (ХІV ғ.) лексикасы


Қазіргі қазақ тілінде ұшырамайтын көне сөздер



бет58/126
Дата23.02.2022
өлшемі0.97 Mb.
#26246
түріДиссертация
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   126
Қазіргі қазақ тілінде ұшырамайтын көне сөздер. Бұл топқа жататын сөздер тек қазақ тілі тұрғысынан ғана көнерген сөздерге жатады. Ал басқа түркі тілдерінде қазіргі кезге дейін қолданылады. Ескерткіштегі кейбір сөздер сол қалпында қазіргі бірқатар түркі тілдерінде сақталынып қалған. Бірсыпыра сөздер фонетикалық өзгерістерге ұшыраған.

Елик. Қол. Oŋ ẹlig ДТС 170 (Оң қол). Аның дек йирга қол сунды елик ким Мн 315 (Сондай жерге қол создым жетемін деп). Мн-да елик және елкин түрінде де жарыса жұмсалған. Біз салыстырып отырған тарихи ескерткіштің барлығында осындай. Қазіргі түркі тілдерінде ел сөзі мынадай фонетикалық сипатта: әзір. әл, түрк. ел, түрк. эл, ұйғ. әл.

Қазіргі түркі тілдерінің кейбіреулері елик және елкин формаларының ел түрі: түрк., el; әзірб., äl; түркм., el; сақтап қалғанымен мына тобы қол формасын қолданады: башқ., kul, kul suğı; қырғ., kol; өзб., kol; тат., kul, kul çuğı; ұйғ., äl, kol., қаз., қол [43, 208-209 бб.]. Яғни, ескерткіште оғыз және қыпшақ элементтері қатар қолданылған.



Ачун. Дүние, әлем. МК осындай; ҚБ ажун және ажүн. Көне түркі тілінде азун тұлғасында ұшырасады: negü bar azunda ölümdin qatïγ ДТС 73 (Дүниеде өлімнен қатты не бар). Ачунда парсы даптарлариң бар Мн 48 (Дүниеде парсыша дәптерлерің бар).

Көне түркі және орта ғасыр жазба ескерткіштері тілінде «дүние, әлем» деген мағына беретін азун, адзун, ажун, ачун формалары да жарыса қолданылады. Бұл сөздер екі түбіртектен тұрады: аз+ун, адз+ун, аж+ун, ач+ун. Қазіргі тілімізде бұл көне лексеманы араб тілінің «дүние» сөздері ығыстырып, «әлем» сөзі қолданыста жүр.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   126




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет