Зерттеуші



жүктеу 4.05 Mb.
Pdf просмотр
бет11/20
Дата28.12.2016
өлшемі4.05 Mb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20

Араның  қорегі.  Араның  тіршілігі  гүлдер  мен  тығыз  байланысты.  Аралар 
негізгі  қорегі  –  гүлдерден  тәтті  шырындар  мен  гүл  тозаңдарын  жинайды.  Өз 
тарапынан аралар да өсімдікке үлкен пайда келтіреді. Олар бір гүлден екінші гүлге 
ұшып-қонып  жүріп,  айқас  тозаңдану  жұмысын  жүргізеді.  Аралардың  жұмысына 
қарай  сол  өсімдіктердің  өнімділігі  анықталады.  Барлық    қанттың  орташа  мөлшері 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
78 
тәтті  шырында  35-40%  болады.  Тәтті  шырынның  түсі  әр  түрлі:  мөлдір,  қызыл, 
қоңыр, жасыл, сары т.б. болып келеді. 
Бал  –  тәтті  шырынды  ара  ағзасында  қайта  өңдеу  нәтижесінде  пайда  болған 
өнім. Ара ағзасында жүретін негізгі процесс – судың булануы және қамыс қантының 
жүзім  қантына  айналуы,  ал  жеміс  қантының  ферменттері  арқылы  инфертазаға 
айналуы.  Жақсы  балда  су  –  18-20%,  декетриндер  мен  минералдық  тұздар  5%-ға 
дейін және қант – шамамен 75%. Қант ертіндісінің осындай концентрацияда болуы 
балдың жақсы сақталып ашымауына жақсы себебін тигізеді. Гүл тозаңын жинайтын 
уақыт  көктем  мен  жаздың  басы.  Осы  уақыт  кезінде  ара  әулеті  ұрпақ  тәрбиелеуді 
бастайды.  Сонда  жаңа өсіп  келе  жатқан  ара  денесінің  дұрыс  жетілуі  үшін  ақуызды 
заттар керек, ал ол ақуызды заттар гүл тозаңында көптеп кездеседі. 
Гүл  тозаңындағы  ақуыз  –  араның  негізгі  қорегі.  Сонымен  бірге,  тозаңның 
құрамында май, крахмал, қант, гүл және басқа заттар да бар. Мысалы, ақ қайыңның 
гүл тозаңында 3,33% май, 18,5% қант, бақбақтың гүл тозаңында 12,87% май, 40,17% 
қант кездеседі. Аралар дұрыс өсіп-жетілуі  үшін тек гүл тозаңымен ғана қоректеніп 
қоймайды, пергамен де қоректенеді. 
Перга  немесе  ара  наны  дегеніміз  –  ара  ұяшықтарында  нығыздалған,  үстіне 
күрделі  ферменттік  процестен  өткен  бал  құйылған  гүл  тозаңы.  Бұл  өнім  гүл 
тозаңына  да,  балға  да  ұқсамайды.  Пергада  ақуыз  өте  көп  кездеседі.  Араға  су  ішу 
үшін  және  дернәсілге  қорек  дайындау  үшін  қажет.  Суды  аралар  өзеннен,  су 
қоймаларынан,  су  көздерінен  алады.  Ара  шаруашылығында  қосымша  су  ішетін 
науалар жасап қояды. 
Ара  әулетінің  жыл  маусымындағы  тіршілігі.  Көктемде  қар  еріп,  күн 
жылынады. Омартаны қыстақтан шығарып, алаңға орнатады. Содан соң ара өсіруші 
омартаның  ара  ұшып  шығатын  есігін  ашады.  Осы  сәтте  гуілдеп  ұшқан  аралар 
көрінеді.  Олар  омарта  маңында  ұшып  жүріп,  оның  сыртқы  пішінін,  сол  ортадағы 
заттардың орналасу жағдайын жадына сақтап қалуға тырысады. 
Көктемде  бірінші  рет  ұшып  шыққанда,  олар  қыс  бойы  қорытылмай, 
ішектерінде  жиналып  қалған  керек  емес  заттардан  құтылады.  Содан  кейін  аралар 
өздері  тұрған  жерлерін  тәртіпке  келтіреді.  Көгерген  пергаларды  балауыз 
ұяшықтардан  шығарады,  қыс  бойы  жиналып  қалған  шаң-тозаңдардан  тазалайды, 
қыстан шыға алмай, өліп қалған аралардың өлімтігін шығарады. Осыдан соң тездетіп 
рамкаларға  балауыз  ұяшықтарды  сала  бастайды,  ұрғашы  ара  болса,  оларды 
жұмыртқамен толтырады. Содан кейін еркек араларға арналған балауыз ұяшықтарды 
жасауға кіріседі. 
Жаз  айындағы  ара  жұмысының  сипаты  –  тыным  таппай  гүл  тозаңын  жинау. 
Оған  негізгі  себепші  сол  жердегі  бал  көп  беретін  өсімдіктердің  уақытында  гүлдеп, 
балды көп беру. Күзге қарай аралар тіршілігі бәсеңдеп, бірте-бірте төмендей береді. 
Олар  балауыз  ұяшықтардың  аузын  жетіліп  келе  жатқан  дернәсілдерімен  бірге 
бекітіп, жауып тастайды. Осыдан кейінгі жерде аралар жарты жыл ұшпай, тіршілігін 
омартада  өткізеді.  Бұл  уақыт  ішінде  аралар  ұйқыға  кетпейді.  Өйткені,  аралардың 
денесінде  жиналған  қорек  қоры  жоқ.  Ара  әулеті  жыл  құстары  сияқты  жылы  жаққа 
ұшып  та  кете  алмайды.  Сондықтан  өздерін  сақтап  қалу  үшін  аралар  да  бір-ақ  әдіс 
бар. Ол – ұяларына бүкіл суық кезеңге жететін қорек жинау және сол қоректі тиімді 
пайдалана  отырып,  ара  әулетін  сақтайтындай  жылылық  туғызу.  Жақсылап  күтіп, 
қыстайтын жері таза, жылы, құрғақ болса, құнды азықпен қамтамасыз етілсе, аралар 
қыстан қысылмай шығады. Тек әлсіз қартайған аралар ғана өледі. 
Ара шаруашылығынан алынатын өнімдердің пайдасы: 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
79 
Бал. Басқа азықтық өнімдермен салыстырғанда балдың артықшылығы ерекше 
зор.  Ол  сүйкімді  дәмдік  қасиетін  былай  қойғанда,  құнды  дәрілік  зат  болып 
табылады.  Бір  сөзбен  айтқанда,  ара  балы  –  табиғаттың  ғажайып  сыйы.  Бүгінгі 
таңдағы  ғылыми  зерттеулер  дәрігерлер  мен  философтардың  ара  балын  ұзақ  өмір 
сүру  диетасы  деп  есептеп,  сонша  жоғары  бағалауының  негізсіз  емес  екенін 
дәлелденген. 
Зертханалық  зерттеулер,  сараптамалық  деректер  және  клиникалық  байқаулар 
негізінде  балдың құрамы  өте  күрделі  екені  анықталады.  Оның  құрамында  глюкоза, 
левулеза,  витаминдер,  ферменттер,  органикалық  қышқылдар,  микроэлементтер, 
минералдық,  гормондық,  антибактериялық  заттар  мен  басқа  да  адам  ағзасына 
қажетті жүзден астам құнды компоненттер бар. 
Бал арасы – табиғи дәрі-дәрмектердің қайнар көзі. Одан алынатын бал ара уы, 
перга,  аналық  сүтше,  балауыз  және  ара  желімі  сияқты  өнімдер  қазіргі  медицинада 
кеңінен  қолданылады.  Бал  өте  қоректі,  ағзаға  жақсы  сіңетін  шипалы  өнім.  Оның 
құрамында  көптеген  минералдық  тұздар,  органикалық  қышқылдар,  витаминдер, 
химиялық заттардың алмасуын күшейтетін ферменттер мен ақуыз бар. 
Бұдан  жүздеген  жылдар  бұрын-ақ  адам  баласы  балдың  шипалық  қасиетін 
білген.  Қазіргі  бал  асқазан,  бауыр,  бүйрек,  жүрек  өкпе  және  жүйке  ауруларына, 
сондай-ақ суық тигенде, басқа да толып жатқан дертке қолданады. Қант диабетімен 
ауыратын адамдар мен семіз адамдарға ғана бал жеуге болмайды. Алыну және өңдеу 
тәсіліне қарай бал балауыздық және ағызылатын бал болып екіге бөлінеді. 
Ұяларға құйылып, ауыздары балауыз қақпақтармен жабылған бал балауыздық 
бал  деп  аталады.  Балдың  кейбір  сұрыптарының  түсі,  хош  иісі  мен  дәмі  арқылы 
ажыратуға болады. Оның түрлі сұрыптары бір-бірінен тек түсі арқылы емес, басқа да 
көптеген ерекшеліктерімен ажыратылады. Мөлдір бал жоғары сапалы бал қатарына 
жатады. 
Алайда, қоңыр балдың құрамында минералдық тұзар, темір, мыс, марганец көп 
болады.  Сондықтан  ағза  үшін  мөлдір  балдан  гөрі  қоңыр  бал  құнды.  Оның  кейбір 
сұрыптары нәзік, жағымды иісті болады. 
Ара  балауызы.  Балауыз  дегеніміз  –  араның  балауыз  өндіретін  безінен 
шығатын өнім. Ара балауызы – қатты, тез жұмсаратын өте жақсы зат. Оның халық 
шаруашылығындағы маңызы өте зор және өнеркәсіпте кеңінен қолданылады. 
Балауыз  су  мен  және  басқа  сұйықтармен  бірікпейді.  Суға  және  глицеринге 
ерімейді,  спиртке  салғанда  да  өте  нашар  ериді.  Өндірістік  әдістер  бойынша 
балауыздың омарталық, престелген, экстрактілік және ағартылған сияқты сұрыптары 
бар. 
Омарталық балауыз ең жоғарғы сұрыпты, сапалы. Престелген балауыз балауыз 
өңдейтін зауыттарда жасалады. 
Экстрактілік  балауыз  –  балауыздардың  ішіндегі  нашарлауы.  Ол  экстрактілік 
зауыттарда балауыз шығаратын зауыттың қалдықтарынан өндіріледі. 
Ағартылған  балауыз  күнге  қыздырып  ағарту  жолымен  немесе  химиялық 
жолмен  өңдеу  арқылы  алынады.  Балауыз  медицинада  да  үлкен  орын  алады. 
Пластырлер,  майлар  және  кремдер  тек  қана  ара  балауыздарынан  дайындалады. 
Балауыз  косметикада  да  кеңінен  қолданылады.  Ол  сіңімді,  тұтқыр,  тазартқыш, 
ағартқыш  кремдердің,  бетті  сылайтын  майдың,  көптеген  косметикалық  дәрі-
дәрмектің құрамына кіреді. 
Прополис  ара  әулеті  үшін  үлкен  рөл  атқарады.  Аралар  прополиспен  тесіктен 
ұяға  кіретін  жолды  тарылтады.  Сондай-ақ,  ұяның  жарықтарын  бітейді.  Ұялардың 
қиюларына рамалардың иіндерін бекітеді. Бал мен гүл тозаңына қойма болатын және 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
80 
дернәсілдерге  тербетпелі  орын  үшін  балауыз  ұяшықтарын  өңдейді.  Прополис 
омартаның  мыңдаған  тұрғын  аралардың  жағымсыз  иіс-қоқыстан,  бактериялы 
өсімдіктерден қорғап, балдың іріп-шіруіне бөгет жасайды. 
Прополис  –  өте  күрделі  зат,  оның  құрамында  эфир  майы,  витаминдер,  темір, 
марганец,  калий,  алюминий,  кремний  бар.  Прополис  техникада  да  қолданылып 
келеді.  Мұнан  арнаулы  лак  жасайды.  Халық  медицинасында  көпке  дейін 
жазылмайтын  жара  мен  сүйелді  емдеу  үшін  дәрі  ретінде  қолданылады.  Прополис 
майымен некробацулезбен ауырған малды емдейді. 
Араның уы. Халық медицинасында ерекше ғажайыбы – араның уы апитаксин. 
Көптеген  дәрігерлер  араның  уын  шипалы  деп  санайды.  Араның  уы  –  улы  безден 
бөлінетін түссіз, мөлдір ерітінді. Бір араның у сақтағыш бездерінде орта есеппен 0,2-
0,4  мг  у  болады.  Араның  уы  бал  иісіндей  хош  иісті,  бірақ  ащы  келеді.  Ара  уының 
маңызды қасиеті, оның құрамында биологиялық активті айырықша ақуыз болады. 
Фармацевтика  өндірісінде  ара  уынан  венапиомин,  токсапин,  апизартран  және 
верапин сияқты препараттар шығарады. Бұл дәрі-дәрмек құңды, ревматизмді, жүйке 
жүйесін,  демікпені,  бронхитті,  бас  сақинасын  (мигрень),  қан  тасуды  және  басқа 
ауруларды емдеуге қолданылады. Кейде араны денеге қойып шақтырады, кейде ара 
уынан жасалған дәрімай түрінде жағылады немесе сұйық ерітінде түрінде егіледі. 
Қазіргі  кезде  Қазақстанда  300  мыңнан  аса  ара  әулеті  бар.  Оның  жүз  мыңға 
жуығына  ара  өсіруші  әуесқойлар  мен  тәжірибелер  омарташылар  ұстайды.  Омарта 
шаруашылығы,  әсіресе  Шығыс  Қазақстанда  дамыған.  Мұнда  ара  өсіретін  арнаулы 
төрт шаруашылық бар. Республика бойынша әр ұядан орта есеппен жыл сайын 40-50 
кг-нан 
бал 
жиналады. 
Сондай-ақ, 
Алматы 
және 
басқа 
облыстардың 
шаруашылықтары мен жеке әуесқойлары да араны көптеп өсіруде. 
 
Әдебиеттер 
1  Омарқожаұлы  Н.,  Әкімбеков  Б.  Мал  шаруашылығы.  –  Астана:  «Фолиант» 
баспасы, 2010. 
2 Корж В.Н. Основы пчеловодства. – М.: Феникс, 2010. 
3 Бондарев С., Ромашкин П. Азбука пчеловода. – М., 2009. 
4 Билаш Н. Г., Лебедев В.И. Биология медоносной пчелы. – М., 1991. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ЖҰБАНДЫҚ Гүлсезім, 
№2 үш тілде оқытатын мамандандырылған сыныптары бар 
дарынды балаларға арналған «Мұрагер» мектебінің 9 сынып оқушысы, 
Қызылорда қаласы, Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: ОҢДАШЕВА Бақытгүл Кеңесқызы, 
№2 үш тілде оқытатын мамандандырылған сыныптары бар дарынды 
балаларға арналған «Мұрагер» мектебі «География» пәнінің мұғалімі, 
Қызылорда қаласы, Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
81 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ҚЫЗҒАЛДАҚТАР ӘЛЕМІНІҢ ӘРТҮРЛІЛІГІ 
 
Аңдатпа 
XVII  ғасырдың  бас  кезінде  голланд  саудагерлері  Түркияда  өздері  үшін 
қызғалдақты ашты. Голланд гүл өсірушілері қызғалдақ пиязшығын алып, аз уақытта 
қызғалдақтың  жаңа,  едәуір  жетілген  сорттарын  шығара  бастады.  Осыдан  соң  бүкіл 
Еуропада  қызғалдақ  саудасы  жүре  бастады.  Голланд  гүл  өсірушілерін  табиғи 
жағдайда  өсетін  қызғалдақтар  қызықтырады.  Себебі,  олар  голланд  сорттарымен 
шағылыстырып, жаңа сорттар алуға үміттенеді. 
 
Кіріспе.  Қызғалдақ  атауы  қайдан,  қалай  шыққан?  Ол  жөнінде  болжам  көп. 
Оның  кеңінен  тараған  атауы  –  «тюльпан».  Бұл  парсы  сөзі:  «толибан»  немесе 
«долбент». Оның мағынасы: басқа тартатын орамал, «тюрбан». Тюльпан осы сөзден 
шыққан,  қызғалдақ  қауызы  шығыстың  бас  киіміне  ұқсас  болғандықтан,  осылай 
аталған.  Мұның  бәрі  тіл  мамандарының  пайымдаулары.  Әйтеуір,  қызғалдақ 
ежелден-ақ,  ақындарды  да,  ғалымдарды  да,  патшаларды  да  таң-тамаша  қалдырып, 
өзіне  ынтықтырып  келеді.  Содан  да  болар,  Шығыстың  тағы  бір  атақты  шайыры 
Ғафиз  қызғалдақтың  қыздай  нәзіктігіне,  әдемілігіне,  кипаристей  сымбаттылығына 
тіпті раушан гүлі де тең келмейді деп жырлайды. 
Кең байтақ қазақ даласының қойнауы табиғи байлықтарға, алуан түрлі өсімдік 
түрлеріне  аса  бай.  Соның  бірі  –  көктем  шыға  көздің  жауын  алып,  қырларда 
құлпырып, жайнайтын қызғалдақ гүлі. Тамаша қызғалдақ гүлінің біздің жерімізде 34 
түрі  кездеседі.  Оның  11-і  эндемикалық,  яғни,  тек  қазақ  жерінде  ғана  өсетін  түр 
болып  саналады.  Осыдан  болар,  Қазақстанның  «Қызғалдақтың  отаны»  аталуы. 
Шындығында,  аталмыш  гүлдің  қазақ  даласынан  бүкіл  жер  жүзіне  таралғандығына 
бүгінде  көзіқарақты  ғалымдар  нақты  дәлелдер  келтіруде.  Осылай  әлем  мойындап 
отырған  ғажайып  өсімдігімізді  өзгелерге  насихаттап,  Қазақстанның  бренді  ретінде 
мақтаныш  етуге  біздің  толық  қақымыз  бар.  Оны  тек  мақтаныш  етіп  қана  қоймай, 
көбейтіп  өсіруді,  қорғауды  қолға  алуымыз  керек.  Оған  себеп,  жерімізде  өсетін 
қызғалдақтардың  18  түрінің  «Қызыл  кітапқа»  енгендігі.  Қызғалдақты  қорғау, 
насихаттау жұмыстары тек сөз жүзінде емес, нақты іс, түрлі шаралар арқылы жүзеге 
асса игі. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
82 
Біздің  еліміз  –  алдыңғы  қатарлы  ғылым  мен  күрделі  техникалық  өркениеттің 
елі. Қазақстан биология ғылымы даму жағынан бір қадам алға жылжыды. Биология 
ғылымындағы  жаңалықтар  өзгерістер  мен  табыстар  барлығы  адам  игілігі  үшін  мол 
табыс болды. 
Адамдар  мен  өсімдік  арасындағы  достық  –  ертеден  келе  жатқан  достық.  Бір 
ғана  алоэ  өсімдігін  алсақ,  ертедегі  гректер,  римдіктер  және  қажеттік  жағынан 
арабтарда  көп  тараған  өсімдік.  Біздің  тарихымызға  дейін  гүлдердің  суретін  салған. 
Крит аралында 3550 жыл бұрын салынған раушан гүлінің суреті табылған. Гүлдер – 
адамдардың  айнымас  досы.  Қытай  ақыны  Бо-Цзюй-И  мың  жарым  жылдан  астам 
уақыт бұрын гүлдер туралы жазылған өлеңінде: 
Біздің әрбір үйімізде, 
Жақсылықпен гүлдер келеді. 
Кез-келгені адамдардың
Барлық көңілін сыйға бөлейді, - деген екен. 
Қызғалдақтар  әлемі.  Қызғалдақ  –  лалагүлдер  тұқымдасына  жататын  көп 
жылдық  шөптесін  пиязшықты  өсімдік.  Қазақстанның  далалық  аймақтарында  жиі 
кездеседі. 34 түрі, оның 11 түрі – Қазақстанның эндемигі болып саналады. Бұлардың 
биіктігі 3-50 см. Сабағы жұмыр, тік өседі. Тамырымен жалғасқан буында пиязшығы 
болады.  Гүл  қоршауы  ақ,  қызыл  не  сары.  Жемісі  –  қауашақ.  Қызғалдақтың 
пиязшығын  күзде  гүлі  түскеннен  кейін  жинап  алып,  оны  құрғақ,  салқын  жерде 
сақтап, көктемде егеді. Қызғалдақ әсемдік және гүлінен хош иісті алу үшін өсіріледі. 
Қызғалдақтың  өте  сирек  кездесетін  13  түрі  (Альберт  қызғалдағы,  Борщов 
қызғалдағы,  Грейг  қызғалдағы,  Кауфман  қызғалдағы,  Шренк  қызғалдағы,  т.б.) 
қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. 
Сұрпы мен түріне қарай қызғалдақтың гүлдеу мерзімдері  де әртүрлі. Наурыз-
мамыр айларында гүл ашады. Оның биіктігі 10 см-ден аспайтын аласа бойлы түрлері 
ерте  көктемде  гүлдейтін  болса,  «Рембрант  қызғалдағы»  сияқты  биік  өсетін  түрі 
маусым айының ортасына таман гүлдейді. Барлық түрі 20-25 күн аралығында әдемі 
гүл жарып тұрады. Қызғалдақ гүлінің түсі ақтан қараға дейінгі аралықта алуан түрлі 
болып  келеді.  Көп  жағдайда  сабақ  басына  бір  тал  ғана  гүл  жарады.  Гүлзарларға 
бірыңғай  түсті  қызғалдақтарды  топтап  отырғызған  жақсы  көрінеді.  Ал,  жеке 
ыдыстарға бойы аласа  түрлерін отырғызған дұрыс. Бойы аласа қызғалдақтар Альпі 
шоқысының да көркін асыра түседі. 
Қызғалдақтың  пайда  болу  орталығы  Орта  Азия  болып  есептеледі.  Оның  көп 
бөлігі  шөл,  айнала  тау  жүйесі  қоршап  жатыр:  ортасында  –  Копетдаг,  Ауғанстан 
шекарасына  дейін  Памир-Алтай  таулары,  оңтүстік  шығысында  –  Тянь-Шань. 
Үндістанның  солтүстігінде,  Ауғанстанда,  Кавказ  тауларында,  Сирия  мен  Ливан 
шекарасында, Қара, Каспий және Жерорта теңізі маңында жабайы қызғалдақ түрлері 
өсетін оқшау ошақтары белгілі. Қызғалдақтардың экологиялық ауқымы өте кең. Бір 
түрі  сусыз  құмды  және  тасты  шөлдерде,  гипсті  және  сазды  топырақта  өссе, 
басқалары  аңғарларда  немесе  тау  етегінде,  шөгінді  тастарда,  аяқ  жетпейтін  құлама 
жарда, қиыршық толған жартас қуыстарында, тау баурайымен теңіз деңгейінен 3000 
м биіктікке дейін көтеріледі. Қызғалдақ өсімдігі ылғалды сүймейді. 
Бүгінгі  таңда  көптеген  ғалымдар  Қазақстанның  оңтүстігін  оған  таяу  жатқан 
көрші  мемлекеттер  «жабайы қызғалдақтың отаны» деген тұжырым  жасады. Табиғи 
жағдайда қызғалдақтар ортаның өте қолайсыз кезеңдерінде де өседі: ұзаққа созылған 
аязды  қысқа,  құрғақ  әрі  ыстық  жазда  және  аз  ғана  ылғалды  күндермен  шектелген 
көктем  мезгілінің  өзінде  бұл  өсімдіктің  қылтиып  шыға  бастағанын  көреміз. 
Қызғалдақ  (Tulipa)  –  лалагүлділер  тұқымдасына  жататын  типтік  эфемероид. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
83 
Көктемдегі  ылғалдың әсерінен қызғалдақтың жуашығы өсіп, жеміс  береді. Жаздың 
ыстық  мезгілі  басталысымен  олардың  жер  асты  бөлігі  қурап  шірігенмен  жаңа 
жуашықта келесі жылы ашылатын жас өркен мен гүл түйіні түзіледі. 
Қызғалдақ  гүлдегеннен  кейін  оның  жуашығы  тіршілігін  жойып,  жаңа 
жуашықтармен  алмасады.  Негізінде  жуашықтардың  пішіні  дөңгелек  болып  келеді, 
ал пайда болған жуашықтар саны аналық жуашықтың көлеміне байланысты. Сонау 
ерте  заманнан-ақ  қызғалдақтар  халықтың  ең  сүйікті  гүлдерінің  бірі  болып  келген, 
оған  ертедегі  суреттер,  тасқа  ойып  салынған  кескіндер,  кілемшелердің  өрнектері 
негіз болмақ. Ал, қызғалдақтарды мәдени түрде қолдан өсіріп, әр түрлі сұрыптарын 
шығару жолдары ең алғаш Түркияда Оттаман империясында басталса керек. 
Жалпы  бақ  қызғалдақтары  туралы  алғашқы  мәліметтер  XI-XІІ  ғасырлардан 
табылған.  Еуропаның  Вена  императорлық  бағына  қызғалдақтың  тұқымы  мен 
жуашықтарын 1554 жылы Австрия елшісі Огьер Гислэн де Бусбек әкелген. Ол кезде 
Вена бағын ботаника ғылымдарының профессоры Каралюс Клузиустың басқаруына 
байланысты қызғалдаққа көңіл бөлініп, оны өсіру қолға алына бастады. Содан бері, 
К. Клузиус Еуропа еліне қызғалдақ өсірудің негізін қалаушы ретінде танымал болған 
ғалым. 
Қызғалдақтың  екінші  отаны  –  Голландия.  Бұл  елде  қызғалдақты  тек  аула 
мен  бау-бақтарда  өсіріп  ғана  қоймай,  қызғалдаққа  байланысты  селекциялық 
жұмыстар  мен  арнайы  мекемелер  ұйымдастырылған.  Мәселен,  селекциялық 
жемістардың  нәтижесі  ретінде  1637  жылғы  15  мамырда  өткен  жарыста  Гарлем 
қаласында  қара  түсті  қызғалдақты  шығарып,  сол  күнді  ұлттық  мерекеге 
айналдырған. 
Қызғалдақтың  топырағын  дайындау  және  коректендіру.  Қызғалдаққа 
арналған  орынды  ертерек  жаздың  соңына  таман  дайындау  қажет.  Топырақты 
қопсытып, арамшөптерден (әсіресе бидайық пен қамыстан) тазартып алып, біртіндеп 
ретімен тыңайытқышты («Кемира» да болады) көрсетілген мөлшері бойынша қосып 
отыру керек. Қызғалдақтың жуашығын қазан айының соңына таман немесе қараша 
айының  бас  кезінде  отырғызған  жөн.  Яғни  қатты  суық  басталмай,  қызғалдақтың 
тамырланып алуына мүмкішілік жасау керек. 
Жуашықтарын  отырғызар  алдында  «Максим»  препаратымен  не  болмаса  0,5% 
марганец  ерітіндісінде  30-60  минут  ұстап,  залалсыздандыру  қажет.  Аяз 
басталысымен қызғалдақ отырғызылатын алаңды нәр сумен өңдеп дайындаймыз. Ал 
гүл  түйнегі  пайда  бола  бастағанда  «Кемира»  тыңайтқышымен  тағы  бір  қайтара 
қоректендіру  керек.  Гүлдеу  кезеңінде  арамшөптерден  тазартып,  топырақты 
қопсытамыз. Гүлдеп біткеннен кейін, жапырақтары сарғая бастағанда, жуашықтарын 
қазып алып, оны ескі қабыршақтарынан тазартып, залалсыздандырып және кептіріп, 
келесі  жылға  дайындап  қоямыз.  Тек  келесі  жылы  отырғызатын  орнын  ауыстырып 
отырған абзал. 
Зиянкестері  мен аурулары  жайлы.  Қызғалдақтың ауруларына келсек, біздің 
жағдайда  олар  өте  сирек  ауырады.  Көбіне  шетелден  әкелінген  жуашықтарда  ақ 
таңдақты  жапырақ  вирусы  жиі  кездеседі.  Мұндай  жағдайда  зақымдалғандарын 
жуашығымен қоса қазып алып, жою керек. Сондай-ақ ылғалды көктемде қызғалдақ 
зең  саңырауқұлақтарымен  зақымдануы  мүмкін.  Бұл  аурудан  аулақ  болу  үшін, 
отырғызбас бұрын топырақты аударып алған жөн. 
Үй  жағдайында  ерте  гүлдету.  Кімде  кім  қыста  немесе  ерте  көктемде  өзін 
және  сүйікті  жандарын  қызғалдақ  гүлінің  әсем  көркімен  қуантқысы  келсе,  бөлме 
жағдайында  гүлді  өсімдіктерді  керек  уақытында  гүлдету  әдісімен  таныс  болыңыз. 
Қызғалдақты  бөлме  жағдайында  қолдан  өсіруде  ең  маңыздысы  –  жуашықтарын 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-4(105-108), қаңтар-сәуір, январь-апрель, January-April, 2015
 
______________________________________________________________ 
 
 
84 
дұрыс таңдау. Яғни жуашықтар тығыз, қатты және қазып алғаннан кейін біраз уақыт 
сақталған болу керек. 
1-ші  кезең.  Жуашықтарды  күзде  сатып  алғаннан  кейін  8  күн  жылы  бөлме 
температурасында толық кепкенше ұстап, сосын бірақ 1 немесе 3 данадан ыдыстарға 
отырғызу керек. Қарашаның ортасына таман жуашықтар отырғызылған ыдыстарды 
аяз тимейтін салқын жерге шығарып, суғарып тұру қажет. 
Каталог: docs
docs -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
docs -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
docs -> Гуманитарлық Ғылымдар кәсіби қҰзыреттіліктің негізінде студенттердің Өзіндік әрекет ету дайындығын қалыптастыру
docs -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы
docs -> C m y k газет 2008 жылдың қазан айынан бастап шығады
docs -> Жылдық есебі кафедраның тәрбие жетекшілерінің жұмысы
docs -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет