1- сұрақ. Мутагенездің ашылуының қысқаша тарихы


Мутагендік заттардың жіктелуі



бет11/35
Дата17.09.2022
өлшемі0,78 Mb.
#39347
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   35
2.Мутагендік заттардың жіктелуі. Мутация тудыратын факторларды мутагендер деп атайды. Мутагендер - мутацияның жүруіне әсер ететін заттар. Мутагендерге әсер етуші сыртқы әсерлер физикалық, химиялық және биологиялық факторлар.
Физикалық - иондық сәулелердін барлық түрлері (гамма және рентген сәулесі, протон, нейтрон, т.б.) ультракүлгін сәулелер, жоғарғы және төменгі температуралар жатады.
Химиялық - көптеген алкилдеуші қосылыстар, нуклеин қышқылдарының азотты туындылары, алколоидтар және басқалар.
Биологиялық - бұл вирустардың РНҚ-сы мен ДНҚ-сы, вирусты емес паразитарлы агенттер (микоплазмалар, бактериялар), паразиттердің метаболизмдік өнімдері (токсоплазма, мысық сорғышы, трихинелла) және транспозондар.

  • Химиялық мутагенез – Тірі жасушаның генетикалық материалына (ДНҚ, хромосомалар) химиялық қосындылар әрекетімен туындайтын, генотип және фенотиптің өте жылдам, сандық, тұқым қуалайтын мутациялық өзгерістеріне әкелетін биологиялық процесс.

Қоршаған ортаның химиялық мутагендерін өз ішінде үш топқа бөлуге болады: табиғи қосындылылар (алкалоидтер және флавоноидттар), қоршаған ортаға түсетін пиролиз қнімдері, заманауи өндіріс әрекетінің әсерінен құрылатын химиялық қосындылар. Н.П. Дубининнің (1978) кейін ұсынылған жүйесі бойынша химиялық мутагендердің негізгі категорияларының барлығы үш:
Табиғи бейорганикалық заттар – азот тотығы, нитраттар, нитриттер, қорғасын, радиобелсенді материалдар және басқалар; органикалық шығу тегіндегі табиғи заттар.
Қайта өңделген табиғи қосындылар – жанған көмер мен ағаш, мұнай өнімдері; ауыр металдар қосындылары; тағам қалдықтары және басқалар.
Табиғатта кездеспейтін химиялық өнімдер.

  • Физикалық факторларға иондармен қанықтандырылған сәулеленулердің (рентгендік, α, β, γ – сәулеленулер, нейтрондар, мезондар) алуан түрлері, сонымен қатар ульрокүлгін және шағын толқынды сәулелер және басқаларын жатқызады. Биосфераның радиационды компоненттермен ластанудың салдарынан физикалық мутагенездерді зерттеу кезінде маңызды міндеттердің бірі аз мөлшерде әсер етумен индукцияланған мутациялар процестерін талдау болып табылады. Соңғы жалдары төмен концентрациялардағы физикалық және химиялық агенттердің әсер етуі - айқын мутагенді және концерогенді нәтиже тудыруды көрсететін мәліметтер көп алынған.



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет