Гликоген- глюкозаның тармақталған гомо- полимері, глюкоза қалдықтары түзу сызыкты бөлімдерінде а-1,4-гликозидтік байланыспен байланыскан. Тармақты бөлімдерінде мономерлер 1,6-глико- зидтік байланыстармен байланысқан. Бұл байла- ныстарды әрбір оныншы глюкоза қалдығы түзеді. Нәтижесінде, гликогенде тармақталу нүктелері әрбір оныншы глюкоза қалдығынан кейін кездеседі. Осылай молекулалық массасы >10 Д ағаш тәрізді құрылым түзіледі, ол глюкозаның 50000 қалдыҒына сәйкес келеді Қорыта келгенде, гликоген молекуласында тек кана бір бос аномерлі ОН- тобы бар ,және бір тотықсыздандыратын соңы болады.Гликоген жасуша цитозолінде диаметрі 10—40 нм гранула түрінде сақталады. Гликоген метаболизміне катысатын кейбір ферменттерде гранулалармен байланыскан, бұл олардың субстратпен байланысын женілдетеді. Гликогеннің тармақталған құрылымы тармак ұшындағы мономерлердің санын арттырады, ал ол ферменттердің гликогеннің синтезі немесе ыдырауы кезінде мономерлерді қосу немесе бөліп алуына катысуына мүмкіндік береді, себебі, фер- менттер молекуланың бірнеше бөлімдерінде жұмыс iстей алады. Гликоген негізінен бауырда және жүрек бұлшыкеттерінде түзіледі. Көмірсуларға бай тағамды қабылдағаннан кейін, гликогеннің бауырдағы мөлшері, оның жалпы массасының 5% кұрайды. Бұлшықеттерде гликогеннің 1% жиналады, бірақ бұлшықеттің мас- сасы әлдеқайда көп сондЫқтан бауырға қарағанда бұлшықеттерде гликогеннің жиналуы 2 есе жоғары. Гликоген көп жасушаларда түзіледі, мысалы, нейрондарда, макрофагтарда
89. Гликогеннің биосинтезі Гликогенді барлық тіндерде синтездеуге болады, бірақ гликогеннің ең үлкен қоймалары бауыр мен қаңқа бұлшықеттерінде кездеседі. Бұлшықеттерде гликогеннің жиналуы жаттығудан кейін қалпына келтіру кезеңінде, әсіресе көмірсуларға бай тағамдарды жегенде байқалады. Бауырда гликоген синтезі тамақтанғаннан кейін ғана жүреді, гипергликемиямен. Бұл бауыр гексокиназасының (глюкокиназаның) ерекшеліктеріне байланысты, оның глюкозаға жақындығы төмен және тек оның жоғары концентрациясында жұмыс істей алады; қандағы глюкозаның қалыпты концентрациясында бауырмен ұсталмайды.
1. Фосфоглюкомутаза – глюкоза-6-фосфатты глюкоза-1-фосфатқа айналдырады;
2. Глюкоза-1-фосфат-уридилтрансфераза – негізгі синтез реакциясын жүзеге асыратын фермент. Бұл реакцияның қайтымсыздығы алынған дифосфаттың гидролизімен қамтамасыз етіледі. 3. Гликоген синтаза-активтендірілген С1 УДП-глюкозаны С4 терминалы гликоген қалдықтарына бекітіп, α1,4-гликозидтік байланыстар түзеді және гликоген тізбегін ұзартады 4. Амило-α1,4-α1,6-гликозилтрансфераза, «гликоген-тармақталатын» фермент-α1,6-гликозидтік байланыс түзіле отырып, іргелес тізбекке ұзындығы 6 глюкоза қалдықтарынан кем емес фрагментті береді.