21. Орта ғасырлық шығыс зерттеушілерінің тарихи-өлкетанулық деректерінің ерекшеліктерін атаңыз. Араб деректері. Орталық Азиядағы көршілес жэне алыс ха- лыктар мен тайпалар туралы мәліметтер араб халықтары дәуіріндегі Шығысты жаулап алу кезеңінде пайда болды.
Араб жазбасы қазір де Орта Азия мен Қазақстанда медресе, діни мектептерде қолданылады. Ол X ғасырдан 1929 жылга дейін ресми түрде қолданылып келді. Араб, одан кейін парсы тілдері орта ғасырларда халықаралык тілдер катарына жатқызылды. Осы тілде шығыстың ұлы гұламалары: эл-Фараби, Бируни, Фирдоуси, Омар Хайям жазды. Махмұд Қашғари, Әлішер Науаи, Әбілғазы хан жэне әл-Фараби, Үлықбек, Қыдырали, Баласағұн, Иассауи трактаттары кеңінен таралды.Арабтардың классикалық тарихи шыгармаларында Қазақстан халыктары жэне арабтардың Оңтүстік Қазақстан аудандарын жаулап алулары туралы өте көне деректер IX ғасырдағы ойшыл- дардың ал-Балазури, ат-Табари - пайғамбарлар мен (Тарих ар - расул ва-л-мулук ) патшалардың тарихы жэне (Китаб футух ал- булдан) елдерді жаулап алуы кітабында кездеседі. Қазакстандағы түрік тайпалары жэне олардың шекаралары туралы ал-Джахиз- дің «Манакиб ал-атрак» («Достойнство тюрок») деген еңбегінде сипатталған. Араб Тамим ибн Бахр IX ғасырдың бірінші жарты- сында солтүстік-шығыс Қазақстандағы Ертіс өзені бассейнінде орналаскан қимак елдері аркылы хакан тоғыз-оғыз астанасына саяхатка шыккан.
Араб тілді географиялык шығармада Қазакстан территориясы- на коныстанган тайпалар туралы мәліметтер кездеседі: IX ғ. Ибн Хордадбеханың «Китаб ал-масалик ва-л мамалик» («Книга пу- тей и городов») деген экімшілік-географиялык аныктамасы бар. Сауда тасымалдары Оңтүстік Қазакстан мен Жетісу аркылы өтеиін әртүрлі елді мекендер, калалар, ¥лы Жібек жолы бойындағы елді мекендер бағыты аркылы жүргізілген.
Парсы деректері.Тарихты зерттеулердің аталмыш уақыт ке- зеңі көршілес жэне шығыс мемлекеттерінің жекелеген авторла- рының негізінен жазбаша материалдарына жүгінеді. Нарративті шығармаларындағы маңызды материалдар, негізінен, тарихи, географиялық жэне мемуарлы шығармалар болып табылады. Олардың ең бастысы парсы тілінде жазылған. Бүларды араб, тү- рік жэне шағатай тілдеріндегі шығармалар толықтырады, көрсе- тілген деректегі алшақтаган деңгейі эртүрлі. Коршілес жатқан шыгыс түркістандык авторлардың еңбектері нақты деректермен жазылган. Сонымен бірге өте көлемді жэне жеткілікті нақты мэ- ліметтер Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу туралы жазылған.
Ала ад-дин Ата-Малик Джувейнінің (1260) «История миропо- корителя» атты еңбегінде XIII гасырдағы Қазақстан шекарасын- дағы қалалар мен ауылдар, Шағатай мен Жошы үлыстарының коныстануы туралы деректер берілген. Фазалаллах Рашид ад- диннің «Сборник летописей» атты ХІІ-ХІІІ г. еңбегінен тарихи- география мен тарихи-әлеуметтік негізгі деректерді моңгол жэ- не түрік тайпапары мен халықтардың тарихынан көруге болады. Низам ад-дин Шамидің «Зафар-наме», Шараф ад-дин Иазди «За- фар-наме» Муин ад-дин Натанзидің «Мунтахаб ат-таварих-и Му- ини», Хафиз-и Абру «Маджма ат-таварих» жэне әл-Джурджани- дің «Масалик аль-мамалик» атты зерттеулерінде Дешті Қыпшақ жэне Оңтүстік Қазакстан, Жетісу мен Шыгыс Қазақстанның та- рихи географиялық деректері зерделенген.
Масуд ибн Кухистанидің «Тарих-и Абулхайрхани» атты зерттеулерінде Дешті Қыпшак халыктарының ру-тайпалык қүрамы туралы келтірілген. Зайн ад-дин Васифи «Бадаи аль- вакай» деген еңбегінде Сырдария маңындағы калалардың өмі- рі, эртүрлі елдер, жерлер туралы жазылған. Хафиз Таныш ибн Мир Мүхаммад Бухаридың «Шараф-наме-йи шахи» атты ең- бегінен Сырдария маңындағы калалардың экономикалык жэне этнографиялық жағдайын, Қазақстанның шекаралары туралы эртүрлі деректерді кездестіруге болады. Махмуд ибн Валидің «Бахр аль-асрар фи манакиб аль ахйар» атты энңиклопедиялық еңбегінде (XVII ғ.) Қазақстанның кейінгі ортағасырлык тари- хы, тарихи-географиясы, Сырдарияның орта ағысындағы қа- лалары сипатталып жазылған.