3-4 I. Шығарма тілінің лексикалық ерекшелігі


Өлмейтінге өлі балық жолығады



бет49/67
Дата17.03.2023
өлшемі177,14 Kb.
#75120
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   67
Байланысты:
stud.kz-70933

Өлмейтінге өлі балық жолығады 1. Аштан өлуге айналған адам өзен жағаласа, ең болмаса жағада өліп жатқан балық кездесуі мүмкін, ол соны пісіріп жесе де өлмейді деген сөз; 2. Ауыс. Ажалы жоқ адам қанша қиналса да, ол тірі қаларлықтай бір себептің болары сөзсіз. «Өзен жағалағанның өзегі талмас» деген мақалдың да осы үғымға қатысы бар[«Халық даналығы», 453-454 бет].

  1. «Құланның қасуына, мылтықтың басуы» дөп келіп тұр(«Жапандағы жалғыз үй», 36 бет).

Құланның қасуына –мылтықтың басуы 1. Аңыз бойынша: бір мерген артқы аяғымен басын қасып тұрған құланды жалғыз оқпен атып, құланның басымен артқы аяғына бірден тигізеді. Мақал халық арасында тараған осы оқиғаға негізделген; 2. Ауыс. Бір іспен екінші бір істің оңтайлы сәті, орайлы тұсы бірден келіп, оңай шешілуі[«Халық даналығы», 414 бет].

  1. Бірақ «өлгенмен бірге өлу жоқ» деген рас екен(«Жапандағы жалғыз үй», 46 бет).

Өлгеннің артынан өлмек жоқ ауыс. Бауыр етіндей қаншама жақын, қымбат та қимас болса да, өлген адаммен бірге өлу, о дүниеге бірге кету жоқ; қазалы қайғы қаншама ауыр болса да тірі адам өз тірлігін істейді, адамзат табиғаты осылай жаралған. Бұл мақал, әдетте, қазалы қайғыға душар болған адамды жұбату үшін, көңілін суытып, бойына күш-жігер беру үшін айтылады[«Халық даналығы», 451-452 бет].

  1. Қазақта «ас –адамның арқауы» деген сөз бар(«Жапандағы жалғыз үй», 54 бет).

Ас –адамның арқауы ауыс. Ас адамның өмір сүріп, бойына күш-қуат беруіне аса қажетті заттардың, өрмектің көлденең жібі арқауындай, ең бастысы, құнарлы да қуатты қорегі болып саналады[«Халық даналығы», 199 бет].

  1. Тек кейін бір-ақ рет «адам сөйлескенше, жылқы кісінескенше» деген, анада ғой бір-бірімізді білмей, боқ басында мерт бола жаздадық(«Жапандағы жалғыз үй», 99-100 бет).

Адам –кісінескенше, жылқы –кісінескенше ауыс. Адамның бір қасиеті –тез тіл табысу, тіпті бейтаныс адамдармен алғаш рет көріссе де бірден шүйіркелесіп, өзара тез түсінісіп кететін әдеті; жылқы малында да осы қасиет бар демекші: олар да кісінесу арқылы бірін-бірі тез ұғысып, үйір басып кетеді. Адамды жылқы мінезді деудің бір себебі –осы бір ұқсастық болса керек. Бұл мақалда «Жақсыда жаттық жоқ» деу де айқындай түседі[«Халық даналығы», 173 бет].



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет