2. Тұйық буын (Прикрытый слог) - буын дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталады.(Слог начинается с гласного звука и заканчивается согласным звуком). -АВ-АВВ - Мысалы: ат, ер, іс, ант, өрт, ұлт т.б.
3. Бітеу буын (Закрытый слог) – буын дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталады.
(Слог начинается с согласного звука и заканчивается согласным звуком). - ВАВ- ВАВВ - Мысалы: құс, мал, бұл, төрт, бас-қар, жал-ғыз т.б.
Түбірге қосымша жалғанған жағдайда аталған буын түрлері өзгеріске ұшырауы мүмкін.
(При присоединении к корню аффиксов, данные виды слогов могут видоизменяться). .
Мысалы: бас сөзі бітеу буын, ал осы сөзге –ым- тәуелдік жалғауын жалғап, буынға бөлгенде –ба-сым- болып шығады. Бас сөзі өзгеріске түсіп, - ба- ашық буын, -сым- бітеу буын болады. Осылайша ауысу арқылы буындардың сапалық өзгеріске түсуін буын жылысуы немесе буын алмасуы деп атайды.
(Слово бас – прикрытый слог, но при присоединении притяжательного окончания –ым- и при повторном делении на слоги –ба- является открытым слогом, а –сым- закрытым слогом. Это явление называется видоизменением слогов).
Ескерту (примечание): 1. Сөз ішінде келген у, й, ң үнді дауыссыз дыбыстар болса, буынға бөлгенде олар келесі буынның бірінші әрпі болады. (Если в середине слова есть сонорные звуки у,й,ң , то при делении слова на слоги, с данных звуков начинается последующий слог). Мысалы: қа-уын, қа-йық, қо-ңыр, са-уын, ба-уыр, жа-уын т.б.
2. Қатар келген 3 дауыссыз дыбыс буынға бөлінгенде, алғашқы екеуі бірінші буында қалады, ал үшінші дауыссыз дыбыс екінші буынға кетеді. (Если в слове встречаются подряд три согласные звуки, то при делении на слоги первые две согласные звуки остаются в первом слоге, а третий согласный звук переходит на последующий слог). Мысалы: құ-мырс-қа, жұ-мырт-қа т.б.