1. Көмектессептігінің -мен-пен-бен- жалғаулары. Мысалы: аға+мен, тас+пен, қағаз+бен т.б.
(Окончания инструментального падежа)
2. Меншікті білдіретін -нікі-дікі-тікі- қосымшалары. Мысалы: Марат+тікі, әке+нікі, ауыл+дікі т.б.
(Суффиксы,обозначающие принадлежность)
3. –паз-қор-қой-гөй-хана-ист-изм-кер-гер-кеш-күнем- жұрнақтары бар сөздер. (Слова с данными
суффиксами). Мысалы: шілде+хана, өнер+паз, машин+ист, пәле+қор, жұмыс+кер, арба+кеш
Тасымал (Перенос)
Жазып келе жатқанда сөз жолға сыймай қалса, тұтас бір буынды немесе бірнеше буынды екінші жолға көшіруді тасымал дейді. (При письме слова переносятся на другую строку только сохраняя слог).
Екі дауысты дыбыстың ортасында –й-у- дауыссыз дыбыстары бар сөздерді буынға бөлгенде, бұл дыбыстар келесі буынның басында келеді және солай тасымалданады. (Если между двумя гласными звуками есть согласные звуки –й-у-, то при делении слова на слоги данные звуки переходят на последующий слог). Мысалы: жа-уап, қа-йын, са-уын, ке-йін, қа-уын, жа-уын, ба-уыр, та-уар т.б.
Тасымалдауға болмайтын жағдайлар (Ситуации, когда нельзя переносить)
Бір дыбысты ашық буын. (Если слог состоит из одного открытого звука): а-та, ә-ке т.б.
Екі, үш дыбысты тұйық буынды бөліп-жарып тасымалдауға болмайды.
(Нельзя переносить прикрытый слог, состоящий из двух,трех звуков): ат-ант-өрт, ұлт т.б.
Бітеу буындарды да тасымалдауға болмайды.
(Нельзя переносить и закрытые слоги). құс, мал, бұл, төрт, бас-қар, жал-ғыз т.б.
Бас әріптен қысқарған сөздерді тасымалдауға болмайды.(Абривиатуры): ҚР, БҰҰ, ТМД т.б.
Адам атының, әкесінің атының қысқартылып алынған әріптері.
(Сокращенные имена и фамилии): А.Құнанбаев. А.С.Пушкин. М.О.Әуезов т.б.
Цифрлар арқылы таңбаланған сандар. (Числа, употребленные цифрами): 15га, 25см т.б.
Буын құрай алмайтын дауыссыздар тіркесі. (Сочетания согласных, которые не могут образовать слог) Мысалы: электр, станция, ансамбль, вольт т.б.