42 әріп бар: 15 дауысты дыбыс (гласных), 25 дауыссыз


Б, в, г, д дыбыстары тек орыс тілінен енген сөздердің аяғында қолданылады. (Звуки б, в, г, д



бет5/15
Дата07.10.2024
өлшемі55,37 Kb.
#147001
түріЗакон
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Фонетика ереже1

Б, в, г, д дыбыстары тек орыс тілінен енген сөздердің аяғында қолданылады.

(Звуки б, в, г, д встречаются только в конце слов, заимствованных из русского языка).
Мысалы: актив, отряд, устав, клуб т.б.

  1. Й әрпіне біткен сөзге тұйық етістіктің –у- жұрнағы жалғанса, бұл екі әріп бірігіп, -ю- болып жазылады. (Если к словам, оканчивающимся на букву –й- прибавляется суффикс глагола-инфинитива –у-, то эти две буквы при письме обозначаются буквой –ю-).

Мысалы: сой+у – сою,сүй+у – сүю т.б.

  1. Й әрпіне біткен етістікке көсемшенің –а- жұрнағы жалғанғанда, бұл екі әріп (й-а) я- әрпіне өзгереді.

(Если к глаголам, оканчивающимся на букву –й- прибавляется суффикс деепричастия –а-, то эти две
буквы при письме обозначаются буквой –я-. Мысалы: жой+а – жоя, жай+а – жая, қой+а – қоя т.б.

  1. Орыс тілінен енген нд, мп, мб, ск, фт дыбыстарына біткен сөздерге қосымша жалғанғанда, түбір мен қосымшаның аралығына дәнекер ы, і әріптерінің бірі жазылады. (Если к заимствованным из русского языка словам, оканчивающимся на звуки нд, мп, мб, ск, фт, прибавляется аффикс, то между корнем и аффиксом пишутся один из букв ы, і). Мысалы: шрифт+і+ге, штамп+ы+лау т.б.

  2. Орыс тілінен енген қосарлы сс, лл, мм, тт дыбыстарына біткен сөздерге қосымша жалғанғанда, қосарлы дауыссыз дыбыстың соңғысы түсіп қалады.

(Если к заимствованным из русского языка словам, оканчивающимся на удвоенные звуки сс, лл, мм,
тт прибавляется аффикс, то последний звук удвоенных согласных выпадает).
Мысалы: прогресс-прогрес+тік, металл-метал+дың, грамм-грам+дап т.б.
Ескерту: Қосарлы дыбыстарға біткен сөздер жалқы есім болса, қосарлы дауыссыз дыбыс түспейді.
Жер аты, мекеме аты, шығарма аттары сияқты жалқы есімдерді өзгертуге болмайды.
(Если слова, оканчивающиеся на удвоенные звуки, являются собственными именами, то удвоенные согласные не выпадают. Названия местности, учреждений, сочинений и т.д не изменяются).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет