А. О. Тымболова драмалық шығармалардың лингвистикалық поэтикасы Алматы, 2013 А. О. Тымболова драмалық шығармаларды лингвистикалық поэтикасы


Дауыс. Не болды, уа, не болды? Көп дауыс



бет61/95
Дата06.10.2023
өлшемі1,66 Mb.
#113256
түріМонография
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   95
Дауыс. Не болды, уа, не болды?
Көп дауыс. Әскер жетті, қырды... Елді қырып жатыр дейді.
Жүніс. Өзен жағасында отырған елге Қыдырбай бастаған әскер кеп, ауылдарды өртеп, елді шетінен қырып жатыр дейді.
Дауыс. Уай, ол ел тыныш ел емес пе еді? Бізге ермей қалған ел еді ғой.
II-қатын. Ермегені не керек? Мынау Борсақ, мынау Қарсақ деп атап- атап қырып жүр. (Жылайды.)
Дауыс. Ой, жігіттер, бұл не тұрыс? (289 б.)
II-дауыс. Бәсе, бұл не? Қайда Жантас! Қайда Тәнеке? (290 б.) («Түнгі сарын»).
Бұл полилогтар арқылы драматург ел ішіндегі шұғыл өзгерістерді, абыр-сабыр болған елдің жағдайын, көпшіліктің бір-екі ауыз қысқа сөзіменен хабардар етеді.
2) Ирек (зигзагообразная) формасы құрылымында полилогқа қатысушылар саны төрт адамнан асады. Тақырыптың аясы кеңейіп, нақты тақырыптан тыс мәселелер де талқыланады.
Нияз. Осындай оңбаған ханды біз неге сайладық осы?
Сырым. Ханды біз сияқты қара қазақ сайламайды, жігіттер.
Жігіттер. Енді кім сайлайды? Қазақтың ханын да біреу сайлап бере ме?
Сырым. Ханды хандар, сұлтандар сайлайды, патша бекітеді.
Жігіттер. Қазақтың өзіне хан сайлауға бола ма осы?
Сырым. Болмай қойды ғой! Хан сонау-сонау асылы басқа, нәсілі басқа Шыңғысханның нәсілінен сайланады. Арғы атаң сол Шыңғысхан болмаса, сен сұлтан да емессің, хан да сайлана алмайсың.
Жігіттер. Қазақ деген елден тіпті хан сайланып көрмеген бе? (191 б.)
(«Болашаққа аманат»).
Мұнда полилогтың құрылымдық жүйесіне сәйкес қатысушылар саны көпшілікті білдіріп тұр. Қара халықтың санасы оянып, жігіттер хан сайлауының қыр-сырын білгісі кеп Сырым биге жүгінеді. Олардың қойған сұрағынан тақырыптан тыс ақпараттарды білуге ұмтылушылық байқалады.
3) Векторлық форма. Қатысушылар санына тәуелсіз, тек екі қарама-қарсы жақтың оппозициялық тақырыпты өрбітулері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет