Сырым. Иә, жігіттер, сөйлеңдер, кімсіңдер өздерің?
Жігіттер. Біз бе,... Біз жай... Сырым.Қайда барасыңдар, қайдан келдіңдер? Жігіттер. Осында келеміз бе деп... Мынау барайық, барайық деп болмаған. Әуелі өзің ғой! Көріп отырмын, енді келіп керегі жоқ екен. Сырым. Неге, неге керегі жоқ екен? Торғын. Мына кісілерден қорқып кетті ғой деймін. Еркебай. Қатын да болсаң дұрыс айттың! Бұлар қашқында жүрген біздің төлеңгіттер. Жетеуі жеті ат мініп кетіпті. Қашқын-босқынның ізі, Сырым би саған қалай соқпас екен деп едік. Кәне, өзің ақталып көрші! Сырым. Ақталу үшін алдымен қаралану керек болатын шығар. Маған күйелерің жұға қоймас. Торғын, жігіттерге тамақ бер. Сырым. Неге келдіңдер? Жігіттер. Сол Құмды көлімізге қайтарсаңыз екен. Біз енді тіпті төлеңгіт болғымыз келмейді! Сырым. Бұған не айтасыңдар, төрелер? Серкебай. Ондай былшылды естігіміз де келмейді! (Жігіттерге.) Тұрыңдар! Қазір итше шұбырып ересіңдер соңымнан! (Жігіттер атып тұрады.) Сырым.Отырыңдар, отырыңдар! Бұл үй менікі. (Жігіттер қайтадан отырады) Сендердің қолдарыңдағы төлеңгіттердің көретін күні осы ғой, мырзалар? (224-225 бб.) ( «Болашаққа аманат»).
Мұнда екі қарама-қарсы жақтың, яғни халық кеңесінің төрағасы Сырым би мен ағайынды сұлтандар Еркебай, Серкебай арасында төлеңгіт жігіттерінің мәселесіне орай қақтығысты репликалар орын алады. Пана іздеп келген төлеңгіт жігіттерін қуып шығуға бермей, отырыңдар, бұл үй менікі деп Сырым қарсы жақтың сұлтандарына тосқауыл қояды. Мұндағы екі жақтың мәселесі атам заманнан келе жатқан тап тартысынан туындайтын тақырып. Сондықтан да ол полилогта оппозициялық күш алып тұр.
4) Желпуіш тәрізді (веерообразная) форма қарым-қатынастың бастамашысы, ұйымдастырушысы болып табылады. Ал коммуникацияға қатысушылар бір тақырыптың төңірегіндегі мәселелерді көтереді (мұғалім- оқушы, бастық-бағынышты, жүргізушілер-қатысушылар).