Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық


КҮНДЕЛІКТІ ӚМІР ТАРИХЫ: ЗЕРТТЕУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕРІ



Pdf көрінісі
бет21/23
Дата28.01.2017
өлшемі1,76 Mb.
#2866
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

КҮНДЕЛІКТІ ӚМІР ТАРИХЫ: ЗЕРТТЕУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕРІ 
 
Жарасхан А.Ж.-магистрант (Алматы қ., Абай атын.ҚазҰПУ) 
 
XX  ғ.  басынан  бастап  адамдардың  қарапайым  күнделікті  ҿмірінің  тарихын 
ғалымдар зерттей бастайды. Ғалымдар күнделікті ҿмірді зерттеуде  бұл мҽселенің 
маңызды ҽрі құнды екеніне кҿздері жетеді. Батыс тарихнамасында күнделікті ҿмір 
мҽселелерін  түсіндіру  «Анналдар»  мектебімен  тығыз  байланысты.  Оның  негізін 
қалаушы  М.Блок  пен  Л.Феврдің  басты  мақсаты  ретінде  қоғамдық  ғылымдар 
арасындағы  қарама-қайшылықты  жою,  зертеушілер  іргеліс  пҽндердің  ҽдісін 
меңгеріп,  тарих  ғылымын  тарихи  кеңістіктегі  адамдар  туралы  ғылым  ретінде 
қарату  болып  табылады.  М.Блок  пен  Л.Феврдің  ізбасары  Ф.Бродель  адам  ҿмірін 
рҽсімдеу  мен  ұйымдастырудан  тұратын  (ландшафт,  архитектура,  бҿлменің  ішкі 
кҿрінісін  ҽзірлеу;  іс-ҽрекет  пен  қарым-қатынас:  ҽдет-ғұрып,  салт-дҽстүр,  ҽдеп) 
«күнделікті құрылым» терминін енгізді /1/. 
Ғасырлар  тоғысында  «Ҽлеуметтану  ғылымы  адамның  ҽдеттегі  бір  ізді 
ҽрекеттерімен  айналысу  керек»,  -деп  Макс  Вебер  жазып  кеткен.  М.Вебердің 
арқасында  күнделікті  ҿмір  тарихына  қатысты  ғылыми  тілге  «түсіну»,  «талдау» 
деген  жаңа  терминдер  енді/2/.  «Күнделікті  ҿмір  тарихы»  (everyday  life  history, 
Alltagsgeschichte, histoire de la vie quotienne) –тарихи білімнің жаңа бағыты, оның 
зерттеу  пҽніне  тарихи-мҽдени,  саяси-оқиғалық,  этникалық,  конфессионалдық 
контекстегі адамзаттың үйреншікті ҿмір сүру ортасы жатады. 
Ғылымға  күнделікті  тҽжірибе  ҽлемін  айқын  ашып  кҿрсеткен  Гуссерльдің 
кейінгі  феноменологиясы  адамның  күнделікті  тҽжірибесіне  кҿп  кҿңіл  бҿлудің 
тҽжірибелік  жҽне  теориялық  себебін  түсіндіреді.  Ҿзінің  ойлап  тапқан  ҽдісі  – 
феноменологиялық  редукция  (барша  ҽлем  жақшаға  алынып,  нҽтижесінде  күмҽн 
туғызбайтын  мҽліметтің  сұрыпталуы)  арқылы  Гуссерль  «айқын»  шынайылықты 
табады.  Феноменология  негізін  қалаушы  пікіріне  сүйене  отырып,  біз  алғашқы 
айқындықты жаратылыстану мен математикалық физиканы сипаттайтын ҽлемнен 
емес,  бізді  қоршаған  күнделікті  ҿмірден  таба  аламыз.  Ол  ҽрбір  адамға  толық 
айқынмен тікелей беріледі /3/. 
«Күнделікті ҿмір – бұл жерде адамдар ҿмірге келеді, ҿмірге сүреді, ҿмірден 
кетеді,  қуанады,  ренжиді,  жақсы  кҿреді  жҽне  жек  кҿреді.  Осыған  орай 
тарихшылар ғасырлар бойы күнделікті ҿмірге мҽн бермей, кҿбіне терең ҽрі қиын 
мҽселелерге  кҿңіл  бҿлді:  патшалар,  дипломаттар,  саясатшылар  ҿмірі,  соғыстар 
мен революциялар т.б. Күнделікті ҽлем аймағында ғана адам дүниеге келіп ҿседі, 
мҽдениет, ғылым, ҿнер, дін дамиды», – деп И.Б. Бутенко пайымдайды /4/. 
Ғылымның  жалпы  заңдарының  абстрактілік  аралық  қайшылықтары  (соның 
ішінде тарих) жҽне қарапайым адамдардың нақты ҿмірлері тарихи танымда жаңа 
амалдардың  пайда  болуына  себеп  болды.  Тарих  жекеліктен  алшақтап, 
заңдылықтар мен  даму тенденцияларына мҽн беріп, жалпы кҿрініс береді. Ҿзінің 
нақты  жағдайлары  мен  ҿмірдің  жан-жақтылығы,  ҽлемді  тану  мен  қабылдау 
ерекшелігі  бар  қарапайым  адамға  орын  болмады,  ол  шетте  қалды.  Адамдардың 
жекелеген  күнделікті  ҿмірі,  күйзеліс  аймағы,  оның  болмысының  нақты  тарихи 
аспектілеріне  тарихшы  ғалымдар  аса  назар  аудармады.  Жоғарыда  аталып  ҿткен 
мҽселелерді  шешу  үшін  тарихшылар  күнделікті  ҿмірді  зерттеуге  бет  бұрып, 
нҽтижесінде  XX  ғ.  60  ж.  күнделікті  ҿмір  тарихы    гуманитарлық  ғылымдар 
қатарында  пайда  болды.  Қазіргі  заманғы  тарихи  ғылымның  терең  зерттеу 
парадигмасы,  тарих  тілі,  интеллектуалдық  бағдары  ауысып,  терең  ішкі  ҿзгеріске 
ұшырап  отыр.  1960  жылдары  «жаңа  сциентизм»  болған  «структурализмді»  жҽне 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы. №2(5) 2010 
 
 
185 
XX  ғасырдың  80  жылдары  «лингвистикалық  тҿңкеріс»  немесе  «семиотикалық 
жарылысты»  бастан  ҿткізген  тарихнама  гуманитарлық  білімдер  желісінде  кең 
таралған  постмодерндік  парадигманың  ықпалына  түсті.  XX  ғасырдың  70 
жылдары батыс  елдерінде болған  тарихи дағдарыс, отандық  тарих дамуына енді 
ғана  ҽсерін  тигізіп  жатыр.  «Тарихи  айқындық»  мағынасының  ҿзі  қайта  қарауға 
ұсынылып,  онымен  бірге  тарихшының  ҿзіндік  ұқсастығы  оның  кҽсіптік 
егемендігі,  дерек  кҿзінің  шынайылығы  (факт  пен  жалғандық  мҽселесі)  қайта 
қарастырылды.  Дағдарыстан  шығу  үшін  тарихшылар  жаңа  идеялар  мен  тҽсілдер 
ойлап таба бастады, соның ішінде «күнделіктілік» категориясына кҿп мҽн беріле 
бастады.  
XX  ғ.  басында  тарихи  танымның  жаңа  қажеттіліктерін  айқын  кҿрсеткен 
«Анналдар» мектебінің ҿкілдері болды. Олар: Марк Блок, Люсьен Февр, Фернанд 
Бродель. XXғ. 30 жылдары «Анналдар» еңбекші адам ҿмірін зерттеуге бет бұрып, 
«жұлдыздар  тарихына»  қарама-қарсы  «бұқара  халық    тарихы»  олардың  зерттеу 
пҽніне айналды. Тарих «жоғарыдан» емес, «тҿменнен» басталып зерттелді. «Адам 
географиясы»,  материалдық  мҽдениет  тарихы,  тарихи  антропология,  ҽлеуметтік 
психология пҽндері жасақталды.  
Фернанд  Бродельдің  «Материальная  экономика  и  капитализм  (XV-XVIII 
в.в.)»  деп  аталатын  еңбегінің  бірінші  кітабы  «Структуры  повседневности: 
возможное  и  невозможное»  деп  аталады.  Бұл  еңбекте  материалдық  ҿмірдің 
ескішіл  тҽртібі  мен  тарихи  шындықтың  ҽртүрлі  деңгейінде  кездесетін 
шиеленістер,  уақыт  жҽне  кеңістік  диагностикасы  туралы  философиялық  тарихи 
ойлар анық кҿрінеді/5/ 
XX  ғасырдың  60–90  жылдары  батыс  ғалымдарының  күнделікті  ҿмір 
тарихына қызығушылығы арта бастады. Күнделікті ҿмір мҽселесін қозғаған алғаш 
еңбектер  пайда  болды.  «Одиссей»  альмонахында  күнделікті  ҿмір  тарихының 
теориясын  түсіндіру  үшін  арнайы  мақалалар  жүйесі  басылды.  Г.С.Кнабенің 
(«Общественно-историческое  познание  второй  половины  XX  века,  его  тупики  и 
возможности  их  преодоления»),  А.Я.  Гуревичтің  («Историк  конца  XX  века  в 
поисках  метода»),  Г.И.Звереваның  («Реальность  и  исторический  нарратив: 
проблема  саморефлексии  новой  интеллектуальной  истории»)  мақалалары 
шығады.  С.В.  Оболенскаяның  «Некто  Йозеф  Шефер,  солдат  гитлеровского 
вермахта» деп аталатын мақаласында күнделікті ҿмір тарихын зерттеу ҽдісі Йозеф 
Шефердің  жеке  ҿмір  баянын  мысалға  ала  отырып  түсіндіріледі.  Веймар 
Республикасының  күнделікті  ҿмірі  сҽтті  зерттелген  И.Я.Бисктің  жұмысы  1990 
жылы жарыққа шықты. Кҿлемді, ҽрі ҽртүрлі дерек кҿздерін қолданған ол Веймар 
кезеңіндегі  Германия  халқының  күнделікті  ҿмірін  сипаттайды.  И.Я.Биск  дҽлелді 
мҽліметтер,  нақты  мысалдар  кҿрсетіп,  азық  –түлік,  киім,  тұрмыс  жағдайын  т.б. 
баяндайды.  Егер  де  Г.С.  Кнабье,  А.Я.  Гуревич,  Г.И.Звереваның  мақалаларында 
«күнделіктілік»  мағынасында  теориялық  түсінік  берілсе,  С.В.Оболенская 
мақаласы  мен  И.Я.Биск  монографиясы  –  «күнделікті  ҿмір»  мағынасын  нақты 
мысалдар арқылы түсіндіруге талпынған тарихи еңбектер болып табылады /6/.  
Батыс  тарихнамасы  Англия,  Франция,  Италия,  Германия  елдерінің 
тҽжірибесін  ұмыт  қалдыруға  болмайды.  XX  ғ.ғ.  60–70  жылдары  адам  ҿмірін 
зерттеуге  байланысты  қызығушылық  артты,  осыған  орай  күнделікті  ҿмір 
тарихымен  ең  алғаш  неміс  ғалымдары  айналыса  бастады.  «Мемлекеттік  саясат 
пен жаһандық қоғамдық құрылымдар мен үрдістерді талдаудан басқа, қарапайым 
адамдардың күнделікті ҿмірін зерттеуге бет бұрайық»деген ұран жүрді. 
1984  жылдың  3-6  қазанында  Берлинде  күнделікті  ҿмір  тарихы  мҽселесіне 
қатысты  дискуссия  болып  ҿтті.  Ю.  Кокканың  редакторлығымен  дискуссия 
материалдары «История сверху – история с низу» деген атаумен жарыққа шықты. 

 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета. №2(5)2010 
 
 
186
 
Қазіргі  заман  ресей  тарихнамасында  күнделікті  ҿмір  тарихына  арналған 
арнайы  методологиялық  аспектілер  жасауға  кҿңіл  бҿлініп  отыр.  2002  жылы  16 
сҽуір  күні  Ресей  ғылым  академиясының  жанынан  Ю.А.Поляковтың 
тҿрағалығымен «Человек в повседневности: прошлое и настоящее» деп аталатын 
Ғылыми кеңес ашылды. Кеңес жұмысы тҿрт бағытта жұмыс жасайды: 
Бірінші бағыты: тарихи –демографиялық, туылу, ҿлім, ҿмір сүру ұзақтығын, 
денсаулық, ауруға шалдығу, медициналық жҽрдем беру. 
Екінші бағыты: жанұя, жанұялық сырластық қатынастар, ұрпақ арасындағы 
қарым–қатынас, жанұядағы бала тҽрбиесі.  
Үшінші  бағыты:  тұрмыс  жағдайына  мҽн  береді:  үймен,  азық  –  түлікпен, 
киім, байланыс құралдарымен қамтамасыз ету.  
Тҿртінші  бағыты: демалыс, туризм, спортпен айналысу,  мерекелік шаралар 
ҿткізу дҽстүрлері мҽселелерімен айналысады. 
Ғылыми  кеңес  Ресей  жҽне  шетел  ғылыми  мекемелерімен  бірлесе  ғылыми 
еңбектер  жазумен  айналысып,  ғылыми  конференциялар  мен  дҿңгелек  үстелдер 
ҿткізеді. 
«Күнделікті  ҿмір  тарихын»  зерттеудің  алғаш  нҽтижелері  журналдар  мен 
жинақтарда  басылып  шықты.  1994  жылы  тамыз  айында  Санкт-Петербургтік 
экономика 
жҽне 
финанс 
университеті 
жанынан 
ҿткен 
«Российская 
повседневность  1921-1941г.г.:  новые  подходы»  деп  аталатын  халықаралық 
конференцияның  материалдар  жинағы  маңызды  еңбек  болып  табылады. 
Конференцияға  Ресей  жҽне  шетелдің  білікті  экономистері,  тарихшылары, 
саясаттанушылары, ҽлеуметтанушылары, этнограф, ҽдебиетшілері қатысты /7/. 
Е.  Ю.Зубкованың  «Послевоенное  советское  общество:  политика  и 
повседневность.  1945-1953  г.г.»  монографиясы  құнды  еңбек  болып  табылады. 
Еңбек  «Социальная  история  России  XX  века»  сериясынан  шықты.  Монография 
екінші  дүниежүзілік  соғыстан  кейінгі  бірінші  онжылдық  тарихына  арналады. 
Зерттеу  жұмысы  үлкен  кешенді  мұрағат  материалдарына  жүгініп,  қоғамның 
кҿңіл-күйін, саясатқа кҿз-қарасын білдіреді.  
2003  ж.  «Документы  Советской  истории»  деп  аталатын  жинақтың 
сериясынан  «Советская  повседневность  и  массовое  сознание  1934-1945»  жҽне 
«Советская  жизнь  1954-1963  г.г.»  деп  аталатын  еңбектер  шықты.  1934-1945ж.ж. 
аралықты  қамтитын  бірінші  жинақта  соғысқа  дейінгі  жҽне  соғыстан  кейінгі 
күнделікті  ҿмірді  сипаттайтын  құжаттар  қамтылып,  қоғамдық  кҿңіл-күй, 
армиялық  ҿмір  мен  соғыс  күндері,  халық  шаруашылығы,  ҿнеркҽсіп  жҽне  еңбек 
қатынастары,  кеңестік  адамдар  тұрмысы,  тұтыну,  баға,  шығындар  мен  кіріс 
мҽселесі,  демографиялық  жағдай  жҽне  репрессиялық  тҽжірибе  мен  қылмыс 
мҽселесі қарастырылады. 
Қалатанушы зерттеушілер А.Б.Каменеский, С.Ю.Малышева, А.С.Синявский 
Ресей  ғылымының  дамуына  маңызды  үлес  қосты.  2003  жылы  «Живая  история: 
повседневная  жизнь  человечества»  деп  аталатын  сериядан  Г.ВАндреевскийдің, 
Д.Засосова, В.Пызинаның еңбектері жарыққа шықты.  
Г.В.Андреевскийдің  еңбегі  Мҽскеу  қаласының  XX  ғ.  20-40  жылдарына 
арналып, естелік, мұрағат жҽне баспасҿз материалдары негізінде жазылған. Автор 
соғысқа  дейінгі  жҽне  соғыс  кезіндегі  уақытты  сипаттап,  Мҽскеу  қаласының 
қарапайым  адамдарының  еңбек  ҽрекетіне,  тұрмыс  жағдайына,  қылмыс  ҽлеміне, 
коммуналдық құрлыс жұмысына сараптама жасайды.  
Күнделікті  ҿмір  тақырыбы  қазіргі  ғылыми  қызығушылық  аймағына  берік 
еніп,  тұрмыстық  мҽдениет,  ҽртүрлі  кезеңдегі  ҿмір  сүру  салтына  қатысты 
мҽселелер  зерттеле  бастады.  Күнделікті  ҿмір  мҽселесі
 
зерттеушіден  ҽртүрлі 
ҽдіснамалық принциптерді қажет етеді. Қазіргі ғылым ҿрісінде кҿбіне пҽнаралық 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы. №2(5) 2010 
 
 
187 
зерттеулерді  талап  етеді.  Күнделікті  ҿмірді  түсіну  схемасын  жасай  отырып, 
зерттеуші гуманитарлық жҽне жаратылыстану ғылымдарына сүйенеді. Күнделікті 
ҿмір  тарихын зерттеу арқылы біз қоғамның мҽдени, ҽлеуметтік жҽне саяси даму 
жүйесі туралы толық мҽлімет бере аламыз. 
Күнделікті ҿмір тарихы туралы шынайы мҽлімет беретін материалдар: 
1)  табиғи  деректер–шынайы  жҽне  қолдан  жасалған  ҿмір  сүру  ортасы  (рельеф, 
климат, флора, фауна т.б.); 
2)  жаппай  (демографиялық)  деректер  –  туылуды,  неке,  ажырасуды,  ҿлімді 
тіркейтін құжаттар, ҽртүрлі түрдегі тҿлқұжаттар, мүшелік билеттер т.б. 
3)  заттай  деректер  –құрылыстар  (құрылыстың  сырт  келбеті,  ғимарат  жоспары), 
жиһаз, тұрмыстық заттар, ыдыс-аяқ, киім, балалар ойыншықтары т.б; 
4)  жеке  тұлғаға  қатысты  материалдар  –күнделіктер,  жұмыс  блокноттары,  жазба 
кітапшалары,  күнтізбелер,  мекен-жай  мен  телефон  алфавиттері,  хаттар, 
мемуарлар; 
5)  кҿркем  деректер  –сурет,  живопись,  гравюра,  карикатура,  хроника, 
документалдық кино, теледидар бағдарламалары, кҿркем ҽдебиет,  т.б; 
6)заттар  тізімдемесі,  музей  жинақтары,  архитектуралық  жобалар,  қалалар 
жоспары, карталар, ресми есептер, статистикалық мҽліметтер; 
7) хабарламалар, афишалар, театрлық жҽне концерттік бағдарламалар, плакаттар, 
ас мҽзірі, ашық хаттар; 
8)  жазба  деректер  –  ережелер  жинағы  соның  ішінде  иллюстрацияланған 
басылымдар, газет, журнал басылымдары. 
Күнделікті  ҿмір  тарихын  зерттеуде  күнделік жазбаларына  аса  назар  аудару 
керек,  ҿйткені  «күнделік»,  «күнделікті  ҿмір»  ортақ  түбірге  ие.  Күнделік 
жазбасынан тікелей автор туралы мҽліметтер мен бұл адамның қоршаған ортамен 
қарым-қатынасын  анықтауға  болады.  Күнделік  жазбаларында  2  түрлі  күнделікті 
ҿмір сипатталады:  
1) қоршаған ортаның ҿмірі мен автордың күнделікті ҿмірі; 
2) тікелей автордың жеке ҿмірі. 
 Күнделіктердің  2  белгісі  таралған:  тақырыптық-хронологиялық  жҽне 
ҽлеуметтік кҽсіптік бағыт.   
Н.Н.Козлова күнделіктермен жұмыс істеу барысында «адамдар құжаттарын 
оқу»  деп  аталатын  ерекше  ҽдіс  ойлап  тапты.  Ол  қарапайым  адамдар  қолданған 
тілмен  жұмыс  істеуді  қарастырады.  Күнделік  жазбалар  хаттар  мен  естелікке 
қарағанда  адамның  ҿзіндік  тұлғалық  ерекшеліктерін  айқын  кҿрсетеді  жҽне 
«адамдық  құжаттар»  ҽртүрлі  типте  мҽлімет  беретініне  кҿзіміз  жетті,  ҽртүрлі 
топтарға жататын адамдар хаты ҽртүрлі болады», –деген шешімге келді /8/. 
 
ҼДЕБИЕТТЕР: 
1.  Лебедева  Л.В.  Повседневная  жизнь  пензенской  деревни  в  1920-е  годы: 
традиции и перемены/ Л.В.Лебедева. -М.: Российская политическая энциклопедия 
(РОССПЭН), 2009. С.5-6. 
2.Дорофеева 
З. Е. Социология 
культуры 
и 
повседневность 
//
http: 
//sociologist.nm.ru/articles/zlata_01.htm#u25

3. Сыров В.Н. О статусе и структуре повседневности (методологические аспекты) 
// Личность. Культура. Общество. 2000. Т.2. Спец. выпуск. С. 147-159. 
4.Бутенко И.Б. Социальное познание и мир повседневности:  горизонты и тупики 
феноменологической социалогии. М.. 1987. С. 25.    
5.Бродель Ф. Материальная цивилизация, экономика а капитализм XV-XVIII  в.в. 
Т.1. Структуры повседневности: возможное и невозможное.М., 1986, С.41 

 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета. №2(5)2010 
 
 
188
 
6.Пушкарева  Н.Л.  Предмет  и  методы  изучения  «Истории  повседневности» 
//Этнографическое обозрение. 2004. № 5.С. 21. 
7.  Вамбольдт  Н.В.,  М.П.Шубина.  Повседневность  в  истории  //  Электронный 
научный  журнал  «Вестник  Омского  педагогического  университета».  –  2006№  – 
(
www.omsk.edu.ru

8.Козлова 
Н.Н.  Социология  повседеневности:  переоценка  ценностей // 
Общественные науки и современность. 1992. № 3. С. 48. 
 
РЕЗЮМЕ 
В  последние  годы  в  науке  возрос  интерес  к  проблемам  повседневности
стали появляться исследования по проблемам бытовой культуры, образа жизни в 
различные  эпохи.  Тема  повседневности  прочно  вошла  в  сферу  современного 
исследовательского интереса и уже успела обрасти собственной традицией. 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Соңғы  жылдары  тарих  ғылымында  тұрмыстық  мҽдениеттің  ҽр  дҽуірлерге 
жататындығы  жҽне  күнделікті  қажеттіліктен  тұратындығы  анық  байқалады. 
Күнделікті  қажеттілік  қазіргі  кездегі  ғылыми  зерттеулердің  ҿзіндік  дҽстүріне 
айналды. 
 
 
 
ЯСИР АРАФАТТЫҢ ПАЛЕСТИНАНЫ АЗАТ  
ЕТУ ЖОЛЫНДАҒЫ КҮРЕСІ  
 
Жалмагамбетов Е.А. магистрант (Қызылорда қ., Қорқыт Ата атын. ҚМУ) 
 
Екінші  дүниежүзілік  соғыстан  кейін  ҽлемдегі  саяси,  ҽлеуметтік, 
экономикалық  процестер  екі  алпауыт  мемлекеттердің  АҚШ  пен  КСРО-ның 
ықпалымен  дамыды.  XX  ғасырдың  50-60  жылдары  ҽлем  картасында  жаңа 
мемлекеттер  пайда  болды.  Солардың  ішіндегі  Израиль  мемлекетінің  құрылуы, 
Таяу  Шығыста  қазіргі  кезеңге  дейінгі  созылып  келе  жатқан  қақтығыстарды 
тудырды.  Таяу  Шығыстағы  қақтығыстарды  шешу  үшін  бүкіл  ҽлем  күш 
жұмылдырды. Палестина аумағында құрылған Израиль мемлекеті сол аймақтағы 
араб  жҽне  еврейлердің  қақтығыстарына  ұласып,  сол  кездегі  бүкіл  араб-ислам 
ҽлемі еврейлерге қарсы шықты. Осы Палестина халқының мүддесін қорғап. Бүкіл 
ҿмір бойы қызмет еткен ұлы адамдардың бірі Ясир Арафат 
Арафаттың  ҿмірбаянына  келсек,  оның  ҽкесі  Ҽбдель  Ҽль-Кудва  дҽулетті 
жанұядан  шыққан.  Оның  ҽулеті  ғасырлар  бойы  саудамен  айналысып,  Газа  жҽне 
Хан Юнис қалаларында ҽйгілі ҽулеттердің бірі еді. Арафаттың анасы – Захва Ҽбу 
Саид  Иерусалимдегі  Махмут  Ҽбу  Саид  деген  саудагердің  қызы.  Захваның  ҽкесі 
Махмут  Ҽбу  Саид  Иерусалим  қаласының  муфтиясы  Ҽмін  Ҽл-Хусейнидің  ағасы 
болған.  Ал  Ҽл-Хусейн  ҽулеті  ҿзінің  бастауын  Хусейн  бен  Ҽлиден  алды.  Хусейн 
бен  Ҽли  пайғамбарымыздың  қызы  Фатиманың  екінші  ұлы.  Бұл  Захваның 
Мұхаммед пайғамбарымыздың ұрпақтарының бірі екендігін кҿре аламыз. Махмуд 
саудагер болғанымен де, олар дҽулетті жанұялар қатарына жатпады /1/. 
1927 жылы Арафаттың жанұясы Каир қаласына қоныс тебеді. Алғашқыда 
жас  жұбайыларға  Ҽбдел  Ҽл-Кудва  туысқандары  кҿмектеседі.  Сол  жылдың 
желтоқсан айында Арафаттың ҽкесі  Каирдің шетіндегі  аймақтан үй сатып алады 
да,  ҿзінің  барлық  заттарын  осы  жерге  кҿшіреді.  Бірақ  ол  жеке  шаруаларымен 
Палестинаға,  кҿбінесе    Иерусалим,  Газа  қалаларына  барып  тұрды.  Абдел  Ҽл-

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы. №2(5) 2010 
 
 
189 
Кудва жанұясында 1929 жылдың 23 тамыз күні 4-ші бала дүниеге келеді. 24 тамыз 
күні Абдел Ҽл-Кудва Каир қаласында 4-ші баласын тіркейді. Оның атын Рахман 
Абдел  Рауф  Арафат  Ҽл-Кудва  Ҽл-Хусейни  деп  қояды.  Баланың  ҿзінің  аты 
Рахман, Абдел Рауф ҽкесінің аты, Арафат – Мекке қаласындағы киелі таудың аты. 
Алғашқы  жылдары  Рахман  анасының  тҽрбиесінде  болды.  Рахман  «мейірімді» 
деген  мағына  береді.  1933  ж.  Рахман  4  жасында  анасы  Захва  қайтыс  болады. 
Абдел  7  баласымен  жалғыз  қалады.  Ол  Рахманды  жҽне  оның  інісі  Фатхиді 
Захваның  ағасы  –  Салим  Ҽбу  Саидке  Иерусалим  қаласына  жібереді.  Иерусалим 
қаласында ол бүкіл жастық шағын ҿткізеді. Кейінірек Арафаттың айтуы бойынша 
Иерусалим  қаласы  оның  нағыз  үйіне  айналды  жҽне  ҿзінің  азамат  ретінде 
қалыптасуына  кҿп  ҽсерін  тигізді.  1936-1939  жылы  арабтар  мен  еврейлердің 
арасындағы қақтығыстарын ҿз кҿзімен кҿреді. 1937 ж. Рахманның ҽкесі 2-ші рет 
үйленгеннен  кейін  Рахман  мен  Фатхи  Каирге  қайтып  келеді.  Рахман  кҿшіп 
келгеннен  кейін  оның  ҽкесі  Каир  қаласының  Яс-Сакакини  ауданынан  үй  сатып 
алады.  Кҿршілесі  Захваның  үлкен  ағасы  Юсуф  Авад  Ҽл-Акбар  тұратын.  Юсуф 
Ҽл-Акбар  сол  жердегі  иман  қызметтін  атқарып  жүрді.  Рахман  Юсуф  Ҽл-
Акбардың  қол  астында  болып,  ол  Рахманға  құранды  жаттатып,  суниттік  тҽрбие 
береді. Рахман Юсуф Ҽл-Акбардың шҽкірттерінің ішінде ерекшеленіп тұрды /2/. 
1948  ж.  Израиль  мемлекетінің  құрылуы  мен  І-ші  араб-израиль  соғысы 
нҽтижесінде  Арафат  жанұясы  Газаға  кҿшіп  келеді.  Сол  кезде  19  жастан  Арафат 
алғашқы  рет  соғысқа  қатысып,  сионистерге  қарсы  қару  кҿтереді.  Бірақ  соғыс 
нҽтижесінде  арабтар  жеңіліс  табады.  Миллионға  тарта  арабтар  үйлерінен 
айырылып  қалады,  ҿз  жерлерінен  кҿшуге  мҽжбүр  болады.  Израиль  Палестинаға 
БҰҰ  шешімі  бойынша  берілген  жерлерді  тартып  алады.  Ал  Газа  секторы 
Египетке  ҿтеді,  Иордан  ҿзенінің  батыс  бҿлігі  Иорданияға  ҿтеді.  Осы  соғыстан 
кейін палестиналықтар жалғыз ҿздері Израиль сионистеріне қарсы соғыс жүргізе 
алмайтынына  кҿз  жеткізеді.  1950  жылдың  басында  Арафат  Каирге  қоныс 
аударады. Арафат Каир университетінінің инженерлік факультетіне оқуға түседі. 
1952  жылы  ол  Мысырдағы  Палестиналық  студенттер  одағын  құрады.  Бұл  ұйым 
сол кездегі «мұсылман бауырлары» ұйымымен тығыз қарым-қатынас жасайды /3/. 
1957 ж. Арафат университет біріктіргеннен кейін Каирден Кувейтке кҿшіп 
келеді. Кувейтте сол уақытта үлкен палестина диаспорасы қалыптасады. Дҽл сол 
жерде  1950  ж.  соңында  келешекте  үлкен  саяси  күшке  айналатын  шағын  ұйым 
құрылады. Бұл ұйым «Палестинаны азат ету ұлттық қозғалысы», қысқаша «Фатх»  
деп  аталды.  Арафаттың  ойынша  «Фатх»  басқа  ислам  мемлекеттердің  ішкі  саяси 
жағдайына араласпай, тек қана Палестинаны сионистерден азат ету үшін қызмет 
жасау  керек  деп  сенді.  «Фатх»  басқа  араб  елдерінің  ішкі  саясатына  араласпау 
саясатын  ұстанды.  Ал,  басқа  ислам  ұйымдары  араб  елдеріндегі  ішкі  саясатына 
белсенді  араласып тұрды. Мысалға  «Мұсылман бауырлары»  ұйымы Мысырдағы 
шілде  революциясын  жасауда  маңызды  рҿл  атқарды.  Ал  Фатхтың  кҿтерген 
идеясы  ол  тек  қана  Палестинаны  азат  етуді  мақсат  тұтты.  «Фатх»  ұйымы  араб 
ҽлемінде  қолдау  тапты.  Оның  ең  негізгі  тірегі  бай  араб  елдері  қаржылай  кҿмек 
кҿрсетіп отырды. Бұған қоса ол басқа да мұсылман ұйымдарынан тірек тапты. 
1964  ж.  қаңтар  айында  араб  мемлекеттерінің  кезекті  кездесуінде  жаңа 
ұйымды  құруды  талқылады.  Нҽтижесінде  2  млн.  Палестиналық  арабтардың 
мүддесін  қорғайтын  Палестинаны  азат  ету  ұйымы  құрылды.  1964  ж.  Иерусалим 
қаласында  ұлттық  Палестина  конгресінің  442  делегаттар  қатысуымен  жиналыс 
ҿтеді.  Жиналыста  Ұлттық  Палестина  кеңесінің  І-сессиясы  ҿтеді.  Осы  сессияда 
1964  ж.  1  маусымда  Палестина  Азат  ету  ұйымы  құрылғандығын  жариялайды. 
ПАҰ негізгі мақсаты Израиль мемлекетін жою, сонымен қоса Палестина жерінен 

 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета. №2(5)2010 
 
 
190
 
еврейлерді  қуып,  сионистерден  тазарту  міндеті  жүктелген.  Мақсатқа  жету  үшін 
тек қана қарулы жолмен, соғыстар нҽтижесінде жету керектігін айтты.  
1964  ж.  қыркүйек  айында  Палестинаны  Азат  ету  армиясы  құрылды.  Ол 
алғашқыда  3  бригададан  тұрды.  «Фахт»  алғашқы  ҽскери  операциясын  1965  ж. 
жүргізген.  Осы  күннен  бастап  Палестина  қарсыласу  қозғалысы  (ПҚҚ)  дүние 
келген  күні  деп  есептейді.  Осы  ұйымға  алғашқы  кҿмекті  Сауд  Арабиясының 
королі  Фейсал  қаржылай  кҿмек  кҿрсеттіп,  саяси  кҿмекті  алғашқы  кҿрсеткен 
мемлекеттер  Сирия  мен  Алжир,  ал  Мысырдағы  Насер  үкіметі  нейтралитет 
сақтайды /4/. 
1969 жылы Фатх үйымының лидері Ясир Арафат ПАҰ бас хатшысы болып 
сайланды.  1970  ж.  Арафат  Палестина  азат  ету  армиясының  бас  қолбасшысы 
қызметіне кіріседі. Ясир Арафатты осы кезден бастап бүкіл араб ҽлемі мойындап, 
Палестинаны  азат  ету  қозғалысында  ең  жоғарғы  сатыда  тұрды.  1970  ж. 
Палестинаны  азат  ету  ұйымы  үлкен  саяси  күшке  айналғанымен  де,  азат  ету 
қозғалысын  ҿте  қиын  жағдайларда  жүрді.  Израиль  Палестинаның  кҿптеген 
аймағын  жаулап  алды.  Ҽлем  тек  қана  Газа  секторы  мен  Иордан  ҿзенінің  батыс 
бҿлігін  ғана  окупациялық  аймақтар  деп  есептеді.  Қалған  Палестина 
территориясын  Израиль  мемлекетінің  заңды  жері  деп  есептелінді.  Осындай 
ҽділсіздікке  қарсы  ПАҰ  күресті.  Газа  секторы  бұл  кезеңде  Египет  мемлекетінің 
қол астында болып, ал Иордан ҿзенінің батыс бҿлігін Иордания ҿз мемлекетінің 
шекарасы санады. Алғашқыда ПАҰ бас штаб пҽтері Иорданияда орналасқан еді. 
Бірақ 1970 ж. Иорданиядағы азамат соғысы ПАҰ-ның Ливанға ауысуына мҽжбүр 
етті.  Бұған  қоса  Иордания  королі  ПАҰ-мын  Иорданиядағы  азамат  соғысына 
тікелей  қатысты  деп  айыптады.  1970-1982  ж.  Аралығында  ПАҰ  штаб-пҽтері 
Бейрут  қаласына  ауысты.  Осы  кезден  бастап  Арафат  Тҽуелсіз  Палестина 
мемлекетін  құру  екендігіне  кҿз  жеткізді.  Осы  кезден  бастап  ол  халықаралық 
аренада ПАҰ-ын Палестина халқының заңды уҽкілі деп тануға күш салды /5/. 
Нҽтижесінде  1974  ж.  Рабат  қаласындағы  жалпы  арабтық  кеңесте  ПАҰ 
Палестина  халқының  заңды  уҽкілі  деп  таныды.  Бұл  Я.Арафат  жҽне  Палестина 
халқы  үшін  болған  үлкен  қуаныш.  Кҿп  кешікпей  ПАҰ-ын  Кеңес  Одағы,  Батыс 
Еуропа, БҰҰ жҽне басқа да араб-ислам елдері мойындады. Осындай нҽтижелерге 
жету, ол тек қана күрестің алғашқы жемістері. Алда Палестина халқы үшін жеке 
мемлекет құру, босқындар мҽселесін шешу керек болатын. 
1974 жылдың қараша айында Ясир Арафат БҰҰ сҿз сҿйледі. Осы кездесуде 
Я.Арафат  Израиль  мемлекетіне  Палестина  түйінін  бейбіт  түрмен  шешуге 
шақырады.  Осыдан  кейін  ПАҰ-ын  100-ден  аса  мемлекет  мойындайды.  Тек  қана 
Тель-Авив  пен  Вашингтон  ПАҰ  террористік  ұйым  ретінде  қабылдайды.  1980  ж. 
Арафат  жҽне  ПАҰ-мы  ҿзінің  тірек  базасы  ретінде  Ливан  мемлекетіне  ауысады. 
Палестина  түйіні  осы  кезде  жалғыз  Палестина  емес,  сол  аймақтағы  барлық 
мемлекеттер 
соғыстың 
астында 
қалады. 
Сондықтан 
осы 
аймақтағы 
қақтығыстарды тоқтату үшін бүкіл ҽлем қолға алады /6/. 
1982  ж.  Ливан  соғысынан  кейін  Арафат  Бейруттан  кеткеннен  соң, 
аймақтағы  тыныштық  сақталған  жоқ.  Керісінше  радикалды  ислам  ұйымдары 
Израильге қарсы 1982 жылғы Ливан соғысы үшін террористік актілерді күшейтті. 
Ҽсіресе 1987 жылдан бастап Хамас, Ислам-Джихада сияқты ұйымдар Палестина, 
Ливан  жерінде  демонстрациялар,  кҿтерілістер  жҽне  террористік  актілерді  жиі 
ұйымдастырып отырды. Бұлардың барлығы Израиль жаулаушылық агрессиясына 
бағытталған  актілер  болатын.  Израиль  қазіргі  уақытқа  дейін  ҿзін  жапа  шегуші, 
қорғанушы,  ел  ретінде  кҿрсеткісі  келеді.  Бірақ  нағыз  террорист  ол  Израиль 
мемлекеті. Сол себепті 1987 ж. Израильге қарсы Интифада басталады /7/. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы. №2(5) 2010 
 
 
191 
1988  жылы  Я.Арафат  жҽне  ПАҰ  біртіндеп  Израиль  мемлекетін  жою 
идеясынан 
бас 
тарта 
бастайды. 
Арафат 
ҿзендей 
ағылып 
жатқан 
палестиналықтардың  қанын  тоқтату  үшін  күрестің  басқа  жолдарын  іздестіре 
бастайды. 1988 ж. Алжирде Палестина Ұлттық кеңесінің ҿткізілген жиналысында 
тарихты ҿзгерткен үлкен жаңалық болады /8/. 
1988  жылы  15  қараша  күні  ПАҰ  «Палестина  мемлекетінің» 
құрылғандығын  мҽлімдеп,  1989  ж.  2  сҽуірінде  Палестина  Ұлттық  кеңесінде 
Арафатты  құрылған  Палестина  мемлекетінің президенті  етіп  сайлады.  Құрылған 
мемлекетті  Израиль  мойындамайды.  Бірақ  соған  қарамастан  бұл  Палестинада 
мемлекет құрудың алғашқы қадамдары еді. 
1993  ж.  13  қыркүйекте  Вашингтон  қаласында  Израильдің  сыртқы  істер 
министрі  Шиман  Перес  пен  ПАҰ  ҿкілі  Махмуд  Аббаспен  кездесу  болады.  Осы 
келіссҿздер  нҽтижесінде  Газа  секторы  мен  Иордан  ҿзенінің  батыс  бҿлігінде 
Палестина  автономия  құрылғандығы  жҿнінде  келісімге  келеді.  1994  ж.  4  мамыр 
күні  ресми  түрде  Каирде  Израиль  мен  ПАҰ  кездесуінде  Палестина  автономия 
құрылғандығын  хабарлайды.  Палестина  аумағына  Газа  секторы  жҽне  Иерихон 
аймақтары  кірді.  Израиль  жоғарыда  айтылған  аймақтардан  3  апта  ішінде  ҿз 
ҽскерін шығаруына келісті. Палестина кеңесі құрылу керектігі жҽне кеңес 24 адам 
тұру  тиіс  еді.  Жаңа  ҽкімшілік  құқығында  территориялық,  функционалдық 
міндеттер болды. Ал қоғамдық тыныштық сақтау үшін автономияда полиция құру 
керектігі  айтылды.  1994  ж.  17-18  мамыр  күндері  газа  секторы  жҽне  Иерихон 
территориялары  палестиналықтар  қол  астына  ҿтіп,  Тунистен  Газаға  ПАҰ  лидері 
Ясир Арафат кҿшіп келді /9/. 
1993  жылы  Я.Арафат  жҽне  И.Рабин  Нобель  сыйлығының  лауреаттары 
атанды.  Бұл  Таяу  шығыстағы  Палестина  түйінінің  шешімін  тауып,  сол  аймақта 
бейбітшілік орнатқан үшін берілді. 1995 жылы И.Рабин сионистік террористердің 
қолынан  қаза  тапты.  Сионистерге  Палестина  Автономиясының,  Израиль-
палестина  арасындағы  бейбітшілік  қарам-қатынас  олардың  жоспарына  сай 
келмеді.  1993  жылдан  басталған  бейбітшілік  орнату  іс-ҽрҽкеттері  1997  жылы 
Нетаниягунің күшімен тұйыққа тірелді. Осы тығырықтан шығу жолдарын іздеген 
Израиль,  Палестина  Автономиясының  басшыларымен  1997  жылдың  соңында 
диалогты  жалғастыруға  шешім  қабылдады.  АҚШ-тың  араласуымен  аймақтаға 
бейбітшілік  сақтау  үшін  1998  жылдың  23  қазанда  Вай  Ривер  қаласында  екі 
тараптар келісімге келді /10/.] 
Осылай  Израиль  мен  Палестина  Автономиясы  арасындағы  кездесу  біттіп, 
біршама келісімдерге келді. Израиль 13,1 пайыз жерді беруіне кепілдік бергенімен 
бұл  ҿте  күрделі  процесс.  Ясир  Арафат  соған  қарамастан  шағын  саяси  жеңіске 
жетті. Я.Арафат ҿмір бойы Палестина халқының ҽл-аухатын, бейбітшілігін ойлап, 
ғұмыр кешкенжандардың бірі еді. Оның ҿмір жолы ҿте ауыр болды. Оған қарсы 
кҿптеген қастандықтар ұйымдастырған еді. Солардың ішіндегі ең ірілері: 
1960 жылдың соңында Израильдың сионистік ұйымы палестиналық арабты 
Иордания  ПАҰ  бас  пҽтеріне  жіберіп,  Арафатты  ҿлтіруге  бұйрық  берді. 
Иорданияға  барған  араб  ПАҰ-ның  қызметкелеріне  барып  Бейрутке  не  үшін 
келгенін айтып береді. 
1973  жылы  Ливанда  болған  қастандықтан  кейін  Арафат  тірі  қалады. 
Қастандықты  Израиль  ҽскері  ұйымдастырған.  Сол  ҽскердің  құрамында  болашақ 
Израиль  премьер-министрі  Э.Барак  қызмет  етті.  Қастандық  нҽтижесінде  3 
палестиналық қаза тапты. Я.Арафат тірі қалды. 
1982  жылы  ПАҰ  мен  Арафат  Бейрутта  Израиль  ҽскерінің  қоршауында 
қалған  болатын.  29  маусым  күні  Израиль  үкіметі  қоршаулағы  адамдарға  шыға 

 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета. №2(5)2010 
 
 
192
 
беруіне  рұқсат    берді.  Бірақ  «  Моссад»  ұйымы  Бейрутты  бомбалай  бастады. 
Бомбалаудың мақсаты Арафаттың кҿзін жою еді. Бұл ҽрекет сҽтсіз аяқталды. 
1985  жылы  1  қазан  жұлдызында  Израиль  ҽуе  күштері  Я.Арафат  пен  ПАҰ-ның 
орналасқан  Тунис  мемлекетінің  астанасын  бомбалады.  Арафат  аман  қалды,  73 
ПАҰ-ның қызметкерлері мерт болды. 
1995  жылдың  15  қараша  күні  Палестиналық  тҽртіп  сақшылары  бір  топ 
адамды қамауға алады. Кейіннен бұл  қылмыскерлер тікелей Ҽбу  Нидала ұйымы 
мен  тығыз  байланысын  анықтайды.  Осылай  Арафатқа  ұйымдастырылатын 
қастандыққа жол бермеді. 
2002  жылдың  6  маусымда  Я.Арафат  ресми  түрде  Израиль  мемлекетінің 
танкілерінің  Раммалладағы  резиденциясын  оқ  атқылауын  айыптады.  Арафаттың 
айтуынша сол кезде ол тҿменгі қабаттында жүрген, сол себепті аман қалды. 
2003 жылы мамыр айында ПАҰ ішкі істер министрі Хант Ҽл-Хасан Я.Арафаттың 
атына  сібір  язвасының  вирустары  бар  хат  келгендігін  хабарлады.  Қауіпсіздік 
қызметі дер кезінде бұл ҿте қауіпті хатты заласыздандырды. 
Сонымен бірге Я.Арафат екі апаттан кейін тірі қалды: 
1991 жылы Парсы шығанағындағы соғыс кезінде Арафаттың кҿлігі Амман-Багдад 
трасасында  кҿлік  апатына  ұшырады.  Оның  кҿлігі  бірнеше  рет  аударылып, 
қасындағы адамдар түгел қаза тапты. Тек Ясир Арафат аман қалды. 
1992  жылдың  7  сҽуірде  Суданнан  келе  жатқан  ұшақта  Я.Арафат  Ливия 
аумағындағы  дауылда  апатқа  ұшырады.  Ұшақтағы  барлық  адамдар  мерт  болып, 
Я.Арафат ғажайып түрде тірі қалды. Бірақ  аз ғана жарақаттар алды.  Ол 13 сағат 
бойы Сахара құмдарында кҿмек күтіп отырды /11/. 
2004  жылы  28  қазан  айында  Я.Арафаттың  денсаулығы  қатты  нашарлап 
қалғанның  хабарлады.  Келесі  күні  29  қазанда  оны  Париждегі  Percy  de  Clamart 
ҽскери  ауруханасына  рак  немесе  ұланған  деген  диагнозбен  түседі.  Арафаттың 
денсаулығы сағат сайын күрделілей түсті. Біраздан кейін оны комаға түскендігін 
хабарлайды.  11  қараша  күні  Я.Арафат  Палестина  Автономиясы  мен  ПАҰ 
басшысы,  бүкіл  ҿмірін  палестина  халқы  үшін  күресте  ҿткізген  жауынгер, 
Палестинаны  азат  ету  үшін  бар  күшін,  денсаулығын  жұмсаған  азамат  Париждің 
ҽскери  ауруханасында  кҿз  жұмды.  2004  жылдың  24  желтоқсан  күнінде 
Я.Арафаттың денесі тік ұшақпен Каирге ҽкелінді. Кейін оны Раммаллаға апарып, 
сол  жерде  кҿмді.  Кейінен  Раммаллада  мавзолей  салып,  сол  жерде  Я.Арафаттың 
бүкіл  ҿміріне  байланысты  музей  салынды.  Я.Арафатты  кҿмгенде  оған  арнайы 
Омар  мен  Ҽл-Акса  мешіті  арасындағы  10  қапқа  толтырылған  арнайы  топырақ 
ҽкелінді.  Ҿйткені,  Я.Арафаттың  соңғы  сҿзінде  оны  осы  екі  мешіттің  арасында 
кҿмуін тапсырған /12/. 
Ясир Арафат бүкіл ғұмырын Палестинаны азат етумен ҿткізді. Студенттік 
шақтан  бері  ол  барлық  күш-қайратын  сионистерге  қарсы  күреспен  жұмсады. 
Келешек ұрпақ үшін ол ҿз халқының сүйікті ұлы, ҿз жауына кешірімсіз жауынгер 
болуды ҿнеге еттіп кетті. Ясир Арафаттың есімі ҿз халқының жадында, бүкіл ҽлем 
тарихында мҽңгілікке қалды. 
        
ҼДЕБИЕТТЕР 
1.  Страны  мира.  Краткий  политико-экономческий  справочник.  М.,  1986.С.246-
247. 
2. Юрьев Ф.М. История стран Азии и Африки (1945-1990гг.)М.,1994.С.130 
3.Флоден  Г.  Мирный  процесс  на  Ближнем  востоке.//SIPRI  Yearbook,  World 
Armaments & Disarmament. Oxford University Press,1998. 223б  
4. Г.П.Колыхалова. Внешняя политика стран Азии. М., 1983.С.250. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы. №2(5) 2010 
 
 
193 
5.История международных отношении и внешней политики:Учеб. Пособие. В 3-х 
ч.,ч.3(под ред Ж.У.Ибрашева.,).-А.,1998.С.216. 
6.ШреплерХ.А. Международные экономические организации.М.,1999.С.321 
7.Дотух 
Яхья  Баба.  Большой  потенциал  сотрудничества  с  Россией// 
Международная жизнь.-М.,1997.- №11-12.С.69. 
8. Актуальные проблемы Ближнего Востока. М., 1998. С. 69б 
9. Супонина Е. Кэмп-Дэвид-2// Новое время. №43-44. 1998. 32б. 
10. Примаков Е.М. Годы в большой политике. Москва, 1999.С. 379б. 
11.Новгородова  М.А.  Институт  экспорта  Израиля:  становление  и  современный 
этап. Востоковедный сборник. Выпуск 2. Москва .2001. С.285б. 
12.Сатановский  Е.Я.  Израиль  в  современной  мировой  политике.  Москва.2001. 
С.142. 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақала Ясир Арафаттың ҿмірі мен күрес жолына арналған. 
 
РЕЗЮМЕ 
Статья посвещена жизни и деятельности Ясир Арафата. 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет