Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық


ОТБАСЫНДАҒЫ ТУЫСҚАНДЫҚ БАЙЛАНЫСТАР



Pdf көрінісі
бет22/23
Дата28.01.2017
өлшемі1,76 Mb.
#2866
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

 
ОТБАСЫНДАҒЫ ТУЫСҚАНДЫҚ БАЙЛАНЫСТАР 
 
Жолдасбаева Ж.А.,-3 курс студенті (Алматы қ., ҚазмемқызПУ) 
 
Дҽстүрлі  қазақ  қоғамын  саяси  –  экономикалық,  идеологиялық  біртұтас 
организм  ретінде  қалыптастырған  маңызды  институттың  бірі  –  туыстық  қарым-
қатынастың  алатын  орны  мен  беретін  тҽрбиесі  жҽне  оның  ҽлеуметтік  саяси 
мҽнінің  қазіргі  қоғамдағы  ролі  ҿте  маңызды.  Ата-бабаларымыз  «адам  -  адаммен 
бай»,  «кісі  болар  баланың  кісіменен  ісі  бар,  кісі  болмас  баланың  кісіменен  несі 
бар» деп арасындағы қарым-қатынасқа зор мҽн берген. 
Үлкенді  сыйлау,  кішіге  қамқоршы  болу,  тіпті  бейтаныс  жолаушыға  қой 
сойып, дастарқан жаю, сот абақтысыз-ақ ел арасында түрлі жан-жалдың ҽділетті 
шешімін табу жҽне т.б. Бұның бҽрі қазақтың қарым-қатынасының имандылыққа, 
жалпы  адамгершілікке  сүйенген  негізін,бір  тҽртіпке  бағынған  жүйелілігін 
дҽлелдейді.  
Қоғамдағы  қарым-қатынастың  бір  бҿлшегі  –  туыстық  қарым-қатынас. 
Соның  ішінде  отбасылық  қарым-қатынас.  Қазақ  халқында  туыстық  қарым-
қатынас (еркек тарапынан) жеті атаға, яғни ұрпаққа созылады. Жетінші ұрпақты 
қазақтар  «немене»  немесе  «туажат»  деп  атайды.  Мұның  ҿзіндік  мҽні  бар. 
«Немене» деген атаудың ҿзі беймҽлім, түсініксіз деп сұрақ қойып тұрған сияқты. 
Ал  «шҿпшек»  шҿбереден  кейін.  Шҿпшек  деп  қазақтар  ағаштың  қурап,  сынып 
түскен  жіңішке  бұтақтарын  айтады.  Осыған  қарағанда,  жеті  атаға  толғанда 
сегізінші ұрпақтың туыстық мҽні жойылып, туажат (бҿтен) елге саналады да, қыз 
алысуға жол ашылады.         
Адамның  туып-ҿскен  үйі,  ҽке  шаңырағы  ер  жетіп,  бҿлек  отауға  шыққан 
кезде  «қара шаңырақ»,  «үлкен үй» атанады. Ағайынды жігіттердің ҽке-шешелері 
қайтыс  болса  «қара  шаңыраққа»  кенже  бала  ие  болады.  Кенже  балаға  ауысқан 
киелі шаңырақ бұл ата-анасының түтін түтеткен орны, барлық ұрпақ үшін қадірлі, 
қасиетті  орда  есебінде  қастерлі.  Оған  барлық  отаулар,  ұзатылған  қыздар,  құда-
жекжаттар  ырым  қылып  ҽр  түрлі  киіт,  сыйлықтар,  соғым  сойғанда  мүшелеп 
сыбағалар ҽкеліп тұрады. Қара шаңырақты қадірлеу  – ата-баба аруағын қадірлеу 

 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета. №2(5)2010 
 
 
194
 
болып табылады. Ата-ананың басқа балаларына енші, жасау бҿліп беруде қалған 
барлық  мал-мүлкі  де  осы  «қара  шаңырақта»  -  кенже  балада  қалады.  Кенже 
баласын  ҽке-шешесі  «Шаңырағымның,  барлық  жиған-тергенімнің  иесі,  анық 
мұрагерім» - деп те еркелетіп жақсы кҿретін болған.  
Туыстық  қарым-қатынас  қазақта  бір-біріне  қол  ұшын  беріп,  кҿмек  кҿрсету 
тұрғысында  да  ҿзінің  кең  пейіл  бауырмалдығымен,  дарқандылығымен, 
жомарттылығымен,  білек  түре  белсенді  кірісіп  кетер  қауымшыл  аралас-
құраласшылдығымен  айқын  байқалады.  Мҽселен,  қыз  ұзату,  келін  түсіру,  енші 
беру  сияқты  қуаныш  кезінде  немесе  кісісі  ҿлген  үйге  аза  салу,  оның  жетісін, 
қырқын, жылын беру,  яки кездейсоқ апатқа, жұтқа, ҿртке ұшырап, мал-мүліктен 
жұрдай  болған,  ақшадан-дүние  қаржаттан  қысылған  туысқа  туыстық 
жақындығымен  ҿз  шама-шарқынша  «қосқаным»  деп  кҿмек  кҿрсету  ҽдеті  бұған 
дҽлел.  Мұндай  кҿмек  халық  арасында  ҽр  жерде  ҽр  түрлі  «жылу»,  «немеурін», 
«үме» деп аталады.  
Отбасылық  қарым-қатынасты  нығайтуға,  бекітуге  байланысты  «Салт-
дҽстүрлер  халықтардың  тіршілік  кҽсібіне,  наным-сеніміне,  ҿмірге  деген 
кҿзқарасына  байланысты  туып,  қалыптасып,  ұрпақтан-ұрпаққа  ауысып,  ҿзгеріп, 
жаңарып отырады. Оның жаңа қоғамдық қатынасқа қайшы келетіндері жойылып, 
ҿмірге  қажеттері  дамып,  жетіліп  жаңа  мағынаға  ие  болады».  Ендеше,  қоғамның 
мүшесі,  ұлт  ҿкілі  сол  қоғам  қабылдаған  жүріс-тұрыс  ережелерін  ҿз  бойына 
дарытады. 
Қандай  қоғам  болмасын  оның  құрылымдық  ерекшеліктері,  ортақ 
заңдылықтары алдымен отбасында, қауым ішінде қалыптасатыны заңды.  
Қазақ  этносының  тіршілігіне  қарай  отырып  қауым  мен  отбасының  ортақ 
моделі  болуы  мүмкін  бе  деген  сауал  ойға  келеді.  Оның  себебі  қазақ  қоғамы 
біртұтас  болғанымен  оның  құрамдас  бҿліктері  ҽр  түрлі  екендігі.  Біз  бұл  жерде 
қазақтың ҽр түрлі рулардан құралғандығын емес, этноҽлеуметтік құрамындағы ҽр 
түрлі  этнографиялық  топтарды  айтамыз.  Ҽрине,  жалпы  ел  тұтас  кҿшпелі 
болғандықтан  оның  ортақ  қасиеттері  болмай  қоймайды,  дегенмен  де  қоғамнан 
оқшау шаруашылық-мҽдени типтері, субэтникалық топтар отбасы мен қауымның 
қандай үлгісін құрды екен, осы мҽселеде қызықты болып есептеледі.  
XVIII  ғасырдың  бірінші  жартысында,  қазақтың  ірі  рулары  ҿз  ішінде  қыз 
алып, қыз берісуге үзілді-кесілді қарсы болатыны да оңайлықпен ыдырамауының 
кепілі. Қазақ ҿзінің отбасын қатты қадірлейді. «Ҿзімнің үйім - ҿзіме мешіт» деген 
сҿз  қазақтың  ұғымына  сҽйкес.  Сонымен  қатар,  бала  асырап  алуы  ҿте  жиі 
кездеседі.  Қазіргі  таңда,  яғни  XXI  ғасырда  бала  асырап  алу  салты  бойынша 
тастанды  балалар  үйінен  бала  асырап  алу  санының  ҿскенін  статистикалық 
мҽліметтер  кҿрсетеді.  Қазақ  шежіресінде  осы  құбылысты  ҽр  қырынан,  ҽр  түрлі 
мысалдармен суреттейді. Қазақ арасында жиі кездесетін қалмақ немесе жетімдер, 
мамадайыр,  құсшы,  сабашы,  естек,  ноғай,  сарт  атауына  қатысты  рулардың 
кҿпшілігі қазақ ішіне асырап алу арқылы сіңген.  
Қазақ  халқы  да  барша  халықтар  сияқты,    еңсесін  сала  еңбек  ете  білетін, 
жұрттарды  озық  ҿнерімен  тамсандырған,  думаншыл,  сауықшыл  елдердің  бірі. 
«Той десе қу бас домалайды» деп бекерге айтылмаған. 
Той  –  ҿткендегі  ізгіліктер  мен  жақсылықтарды,  озық  дҽстүрлерді 
жаңғыртып, жалғастырып отыратын тҽлімі мол мереке. 
Той – аға ұрпақ пен бала ұрпақ арсындағы дҽнекер  кҿпір. 
Ұлттық  дҽстүр,  ҽдет-ғұрып  ерекшеліктері  адамның  дүниеге  келуімен, 
ҿмірінің  ҽр  кезеңдегі  түрлі  оқиғалармен  (шілдехана,  бесікке  бҿлеу,  тұсау  кесу, 
сүндетке отырғызу, атқа міну, мектепке бару, үйлену немесе тұрмысқа шығу т.б) 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы. №2(5) 2010 
 
 
195 
байланысты туындаған жҽне баланың дүниеге келуін ерекше бағалап, қуанышпен 
атап ҿтетін болған.  
Қазақ халқының жалпы ҿмірінде қарым-қатынасты реттеп отыратын, туыс-
туғандардың,  құда-жегжаттардың,  дос-жарандардың  басын  қосып,  тығыз 
байланыс орнатып отыратын тойлардың  түрі ҿте кҿп.  
Шаңырақ кӛтеру (салт). Жас отаудың алғаш рет шаңырағын кҿтерудің ҿзі 
қазақ  үшін  тағы  бір  қызықты,  ерекше  сҽт.  Ҽдетте  киіз  үйдің  шаңырағын  ер 
адамдар кҿтереді. Ал, жас отаудың шаңырағын кҽрі күйеуге кҿтертуде үлкен мҽн, 
ырым  бар.  Ҿйткені  жасы  үлкен  күйеу  қашанда  елге  сыйлы  жҽне  тілектес  адам. 
Қазақ елі осы жолдан ҽлі айрылған жоқ.  
Қапқа салар. Қалыңдығын алуға келген күйеу барлық жол жоралғыларымен, 
яғни  құдалық  кҽделерімен,  үлкендерге  арналған  сый-сияпатымен,  той  малымен 
келеді.  Той  басталды.  Қыз  ҿз  үйінен  аттанар  алдында  оның  ҽкесі  барлық 
құдаларға  киіт  кигізеді.  Күйеу  баласына  да  сыйлық  береді.  Бірақ  ол  киіт  емес 
«қапқа  салар»  деп  аталады.  Ол  бағалы  киім,  қымбат  ер  тоқым,  жігіт  жарақтары 
немесе мал болуы мүмкін. 
Қыз  ұзату  (салт,  той).  «Ұлын  ұяға,  қызын  қияға  қондыру»  ата-ананың 
тілегі  ҽрі  парызы.  Соның  ішінде  қыз  ұзату  үлкен  той,  думан  ҽрі  қызық.  Қызды 
алуға құда (тақ санмен) бес не жеті кейде одан да кҿп адам келеді. Мұның ішінде 
бас  құда,  құдалар  жҽне  күйеу  жолдас  болады.  Құдалар  ҽдетте  кешкілік  баруы 
керек. Мұнда ойын сауық, құдалық рҽсімдер мен кҽде жоралар жасалады. Жақын 
адамдар құданы үйіне шақырады. Ұзатылған қызды дҽстүр бойынша таң ата, күн 
шыға  жҿнелтеді.  Оның  алдында  қыз  «Қоштасу  жырын»,  жастар  «Жар  жар», 
«Аушадияр» айтылады.  
Аушадияр  (дәстүр).  Үйлену  тойы  кезінде  айтылатын  дҽстүрлі  ҿлең,  жыр. 
Жҽне  жай  ҿлең  емес,  ҿзіндік  айтылар  ҽні,  ерекше  тұлттық  маңызы  бар.  Мұны 
іздеп  тауып,  ҿмірге  ҽкелген  кҿп  жасағыр  жазушы  Уахап  Қыдырханов  екен. 
Аушадияр жырының үлгілерін шетелдегі қазақтар сақтап, бізге жеткізген. Шынын 
айту керек бұл қазіргіт қазақстан елінде айтылмайды. 
Есік  ашар  (дәстүр).  Күйеу  жігіт  келіншегін  алып,  үйлену  тойы  ҿткен  соң 
келісілген  уақытта  ҿзі  қатарлас  жас  жігіттермен  ата-енесінің  үйіне  келеді.Мұны 
халық  ҽдебиетінде  күйеудің  алғаш  яғни  есік  аша  келуі  дейді.  Демек  бұл 
жауапкершілігі мол, бұрын ел жұрт кҿрмеген күйеуді сынайтын келіс. Күйеу бұл 
жолы да кҽде жорасымен, ҽдет салтымен келеді. 
Беташар  (дәстүр).  «Уҽ  ҽлеумет!  Енді  беташар  тыңдайық!».  Жаңа  түскен 
келінді  «беташар»  дҽстүрі  жасалмай  ешкім  кҿре  алмайды.  Оны  кҿру  үшін  ҽдейі 
«беташар» жасалады. Оған тойға жиналған туыс-туғандар тегіс қатынасады. Жас 
келіннің  екі  жағында  екі  кҿргенді  келіндері  тұрады.  Мұнда  «Беташар»  жыры 
айтыла  отырып,  келінге  оның  атасы,  енесі,  оның  басқа  туысқандары 
таныстырылып,  келін  оларға  сҽлем  жасайды.  Сҽлем  жасаған  адамдар  кҿрімдік 
береді.  
Егіншілікпен  айналысқан  жиқандар  қауымының  күзгі  жиын-терімнен 
кейінгі  еңбек  жемісін  атап  ҿтетін  той,  мереке  –  сабантой.  Уақыт  ҿте  келе 
ҿмірімізге  терең  бойлап,  кең тараған  бұл  дҽстүр  ҽрбір  игі  істің  сҽтті  аяқталуына 
орай да жалғасып жатты. Ҽр халық сабантойды ҿзінше атйды жҽне ҿткізу тҽртібі 
деҽр қилы. Алайда, оның мазмұны «қашанда астық мол, ел тоқ болсын» деген ізгі 
тілекке ұласып жатады. 
 «Тумақ болған соң, ҿлмек парыз» деп, қазақ халқы ҿлімді шамасы келгенше 
туған-туыс  ауыл  аймақ, ел-жұрт  болып аса құрметпен аттандыруға  ат салысады. 
Ҽрине,  ҽрбір  ҿлген  адамды  соңғы  рет  алыс  жолға  аттандыру  оның  жасына, 
жынысына, дҽулетіне,  қоғамдағы орнына жҽне жеке басының беделіне, адамдық 

 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета. №2(5)2010 
 
 
196
 
қасиетіне,  қала  берді  артында  қалып  бара  жатқан  ҽке,  бала,  туған-туыстардың 
дҽулетіне, олардың беделіне, қоғамдағы орнына байланысты.  
Халық  дҽстүрі  бойынша  науқас  адам  ҽлсіреп,  ҿлім  халіне  жеткен  кезде 
ағайын туғандар жиналып арыздасып, бір-біріне кешірім айтысып, дүниеден ҿтер 
алдындағы  ҿсиетін, тілегін  сұрап  қалуға  тырысады.  Ҽдетте  ҿмірде  айтқан ҿсиет, 
тілек ҽр уақытта орындалады.   
Адам ҿлісімен, жанында отырған ақсақалдар, оған иман тілеп, бетін жауып, 
үйдің  оң  жағына  құрылған  шымылдық  ішіне  кіргізіп,  басын  солтүстікке  бетін 
құбылаға қаратып шалқасынан жатқызады да, үстіндегі киімдерін шешіп, үстін ақ 
шүберекпен жабады. 
Мүмкіндігі  бар  ауқатты  адамдар  дер  кезінде  мҽйітке  арнап  үй  тіккізеді  де 
оның  денесін  сол  үйге  щығарып,  онда  да  шымылдық  ішіне  қояды.  Мҽйітті 
жерлегенше жеке қалдырмай, ауыл ақсақалдары кезектесіп күзетеді, ҽсіресе түнге 
қарай  шырақты  сҿндірмей,  мҽйітті  күзетушілер  кҿз  ілмей,  ҽңгімелесіп  таң 
атқанша отыруы керек. 
Мҽйіт  шығатын  үй  иелері  мен  ауыл  ақсақалдары  кеңесіп,  жаназаға  қай 
ауылдардан  кімдерді  шақыру  керек  екенін  шешеді.  Халық  жаназаға  жиналып 
болғанша ҿлікті жҿнелту қамы жасалып бітеді. Шығарылатын мал, киім, жыртыс, 
ақша,  берілетін  ас  бҽрі  ескеріледі.  Ауыл  адамдары  бірінен  соң  бірі  түгел  келіп, 
ҿлген  адамға  иман  тілеп,  үй  ішіне,  туған  туыстарына  кҿңіл  айтып  жұбатқан 
болады. Ауыл ҽйелдері ҿлген кісінің ҽйеліне, қыздарына кҿрісіп жылайды. 
Жаназаға шақырылған адамдардан басты-басты адамдар, қожа молдалардың 
бас аяғы жиналып болған  соң ҿлік иелері  ақылдасып 5-7 атаның ұрпағынан бір-
бір  адамның  сүйекке  түсуін  сұрайды.  Бұл  арада  айтып  кететін  бір  жайт  кейбір 
адамдар ҿлер алдында сүйегін кімдерге ұстатындықтарын айтып кетеді. Бұл ҿсиет 
міндетті  түрде  орындалады.  Ер  адамның  сүйегіне  еркектер  түссе,  ҽйел  адамның 
сүйегіне  ҽйелдер  түсіріледі.  Мҽйітті  жуып  болған  соң  оны  ақыретке  (кебінге) 
орайды. Ҽдетте ҽйел кебіні бес, еркек кебіні үш қабат болатындай етіліп пішіледі. 
Мҽйітті үйден шығарарда ҽйелдер міндетті түрде дауыс шығарып жылайды. Қабір 
басына  ҽйел  адамдар  бармайды,  тек  ер  азаматтар  ғана  барады.  Қабір  басына 
жетісімен мҽйіт оралған кілемді шешіп алып, алты қабірші мҽйітті қабірге түсіріп, 
жайлап жатқызады. Лақат ауызы жабылмай тұрып жиылған халықтың ҽрқайсысы 
бір-бір уыс топырақ тастаған соң қабір шұңқырын кҿмеді. Қабірге топырақ тастау 
тек қазақ халқына ғана тҽн емес, ол басқа да кҿптеген халықтарға кеңінен тараған 
кҿне ҽдеттің бірі. 
Кҿміп болған соң молда құран оқиды. Жасы келген адамның ҿлімінде бейіт 
басында  тҽбҽрік  ретінде  жыртыс  жыртылады.  Ауыл  ҽйелдері  мҽйіт шыққан  үйді 
дереу  басқа  жерге  ауыстырып,  оның  орнын  тазалап,  от  қойып  арулайды.  Ал 
мҽйітті жуып шығарған мұндай орынды «аруланған жер» деп атайды. 
Мҽйіт  жерленіп  қонақасы  берілген  соң  жетісі,  қырқы,  жүзі  жҽне  жылы 
ҿткізіледі.  Бұл  ырымдарды  ҽркім  шамасына  қарай  мал  сойып,  құран  оқытып, 
марқұмға тие берсінін айтып, еске түсіреді. 
Қауымдық  дҽстүр  күшеюі  қазақ  халқында  шаруашылық  мҽдени  ҿмірінің 
маңызды  жағы  болды.  Қауымдық  ҿмір  салт  тек  қазаққа  ғана  тҽн  емес,  сонымен 
бірге басқа да Орта Азия халықтарының яғни ҿзбек, түрік, қырғыз, тҽжіктердің де 
қоғамдық шаруашылық ҿмірінде жетекші жҽне топтастырушы қызметін атқарады. 
Ҽр  халықта  тарихи қалыптасқан  ҿз  алдына  ежелгі  шаруашылық  кҽсібі  бар. 
Біреулері малшылық кҽсіп етсе, екіншісі диқаншылықты т.б. түрлерін кҽсіп еткен. 
Қоғамдық  ҽрекеттердің  кҿп  тараған  түрі  –  асар.  Асар  –  кҿлемді,  үлкен 
жұмыстарды  адамдардың  бірігіп  атқаруы.  Былайша  айтқанда,  ағайын,  туыс, 
руластар  арасында  болатын  туысқандық  жҽрдем.  Бұл  үшін  асар  жасаған  адам 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы. №2(5) 2010 
 
 
197 
еңбектенгені үшін, ақы емес, қой сойып беретін болған. Осы дҽстүр күні бүгінге 
дейін  сақталып  келеді.  Асар  терминінің  мағынасына  тоқтала  кеткен  жҿн. 
И.Петрушевскийдің ғылыми еңбектерінде асар сҿзіне берілген «0алы4 топ» деген 
мағынада  тұжырымдалған.  Ал  ҿзбек  тілінде  асар  сҿзі  «қорған»  деген  мағынаны 
береді. 
Жалпы түркі халықтары алғашқы егіншілік жұмыстарын кҿктемгі мереке  – 
Наурызды  қарсы  алудан  бастайды.  Қазақ  диқаншылары  егіншілікті  ҽдеттен  тыс 
күштің құдіреті Тҽңірдің ісі деп санаған. 
Егінді  егіп  болған  соң  шілде  айында  жаңбырдың  жаумай  қалатын  кезі 
болады. Ол кейде екі-үш жыл сайын, кей кезде тҿрт-бес жыл сайын қайталанып 
отырады.  Жаңбырдың  жаумауынан  егістік  алқап  қурап  қалады.  Осы  кезде  қазақ 
халқында  «тасаттық»  деп  аталатын  ырым  бар.  Тасаттық  кезінде  қария  адамның 
арықтағы  сумен  беті-қолын  айналасына  су  шашу  ырымын  жасайды.  Сонымен 
қатар  тасаттықта  адамдарды  суға  лақтырады.  Аспан  тҽңірісінің  рухы  жҽне  оның 
бір  бҿлігі  деп  есептелген  «Жайық»  суда  ҿмір  сүреді.  Сонда  ғана  лақтырылған 
адам Жайықтан (Жайық ҿзені) «құт» алып шыққан болады. 
Қорыта келе, қазақ халқының тұлға аралық қарым-қатынас мҽселесі ерекше 
жіктелетін,  арнаулы  зерттеуді  талап  ететін,  сонымен  қатар  қазақ  мінез  бітісінің 
генезисін анықтау факторы болатын психологиялық феномен деуге болады.  
Қазақ  этникалық  бет-бейнесінің,  менталитетінің  түп  қазығы  –  кҿшпелілік. 
Ғасырдың  алғашқы  ширегінде  қазақтар  Орта  Азияның  шаһарлы  ҿлкесіне  қанша 
байланысты  болса  да  негізгі  кҽсібі  мал  шаруашылығы,  мал  ҿнімін  базарға 
шығарудан ажыраған жоқ. Қазіргі XXI ғасырда қазақ халқы осы кҽсібін дамытуда. 
Қазақ  халқының  шаруашылығын  қолға  Елбасы  Н.Ҽ.Назарбаев  2003-2005 
жылдарды  «Ауыл  жылдары»  деп  атап  кҿрсетіп,  мҽдени  тұрмысты  жақсарту 
мақсатында пайдалы істерді жүзеге асырды, ҽлі де жүзегеь асыруда. 
 «Атадан  ұл  тумас  па,  ата  жолын  қумас  па»  -  дейді  атамыз  қазақ  кейінгі 
ұрпаққа,  елдігімізді  сақтап,  жерімізді  қорғап,  атымызды  жаңғыртып,  есімізді 
жалғастырар  деген  ниет,  үмітпен.  Ал  қазір  жастар  арғы  ата-тегін  білмек  түгіл, 
ҽкесінің  атын  да  бұзып,  тілін  бұрап,  орысшаға  бұрмалап  айтады.  Бабаларының 
жҿнін білмейтін жеткіншектен не үміт, ата жолын қайтіп қуады. Айта берсек, бұл 
да  бүгінгі  күнгі  халқымыздың  кҿкейінде  жүрген  ҿзекті  мҽселе.  Осынау  ҿзекті 
мҽселені  жойып,  келешек  жеткіншектерімізді  бабалар  дҽстүрімен  тҽрбиелеп, 
бауырмалдыққа  баулуымыз  керек.  Осы  туысқандық  қатынастардың  ара  жігін 
танып, тармақтап ажырата білу, ғасырлар бойы тар жол, тайғақ кешулерден ҿтіп, 
бүгінге  дейін  жалғасып  келген  ата  дҽстүрімізді  сақтап,  жалғастыру  біздің 
міндетіміз деп санасақ артық болмас. 
 
ҼДЕБИЕТТЕР 
1.Арғынбаев Х.А. Қазақ халқындағы семья мен неке. – Алматы, 1973. 
2.Адамбаев Б. Халық  даналығы. – Алматы, 1976. 
3.Қалиев  С.,  Оразбаев  М.,  Смайылова  М.  Қазақ  халқының  салт  –  дҽстүрлері.  – 
Алматы, 1994. 
4.Абдраимова  Б.Ж.  Халық  дҽстүріндегі  ҽлеуметтік  кҿмектің  қолдауы  //  ПМУ 
хабаршысы. Гуманитарлық сериясы. – 2006. – №2. 
5.Катанов Н.Ф. О погребальных обрядах у тюркских племен с древнейших времен 
до  наших  дней  //    Известия  Общества  археологии  и  этнографии  при  Казанском 
университете. – 1984. –Т.XII. – Вып.II.  

 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета. №2(5)2010 
 
 
198
 
РЕЗЮМЕ 
В  статье  рассматривается  особенность  родственных  взаимоотношений  и 
взаимопомощи казахского народа, которые во многом сохраняют традиционные 
черты.  
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада  қазақ  халқының  отбасылық  жағдайындағы  туысқандық  қарым-
қатынастардағы  ҿз-ара  кҿмек  пен  байланыстағы  ҽдет-ғұрыптың  сақталуы 
қарастырылған. 
 
 
 
ҚАЗАҚТАРДЫҢ ДӘСТҮРЛІ ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАРЫ 
 
Кайдаулова  Н.К.-3 курс студенті (Алматы қ.,ҚазмемқызПУ) 
 
Тҽуелсіздік  алғаннан  кейінгі  жылдарда  тҿл  тарихымызды,  ұлттық 
мҽдениетімізді  жаңаша  кҿзқарастар  тұрғысынан  зерделеудің  мҽні  арта  түскені 
заман  талабынан  туындаған  үрдіс.Осы  тұрғыда  мҽдени  құндылықтардың 
ҽрқайсысын талдап, жеке зерттеудің берер нҽтижесі мол болары сҿзсіз. 
Қазақ  халқының  ұлттық  тағамдары  ғасырлар  қойнауынан  қалыптасып, 
дамып,  жетіліп  келген  негізгі  байлығының  бірі.  Күнделікті  тіршілікте 
дайындалатын  немесе  ғұрыптық  тағамдар,  оны  қабылдаудың  дҽстүрлі  реті, 
дастархан басындағы түрлі ұсыныстарды, тартылатын кҽделі ет сыбағалары қазақ 
халқының қоғамдық қатынастарын бейнелейтін негізгі элементтерінің бірі болып 
табылатын мҽдени кҿрініс. 
 «Ас  адамның  арқауы»  деп  қазақтар  тағам  адамның  ҿміріне  қаншалықты 
қажет екенін бір ауыздан түйіп айтқан. Қазақтың ас-тағамы: «ас», «ауқат», «дҽм», 
«қорек», «нҽр», «тағам», «тамақ» болып ҽр аймақта түрліше аталады. 
 Қазақтардың тағам түрлері мен тамақтануды жергілікті табиғатқа, ауа-райы 
жағдайына  жҽне  осы  ерекшелікке  негізделген  шаруашылыққа    тікелей 
байланысты  болып  келеді.  Қазақтардың  тағамы,заттай  мҽдениеттінің  басқа 
элементтеріндей,  халықтың  шаруашылығына,  экономикалық  жағдайына,  сауда-
саттық  жҽне  этникалық  байланыстарына,  отбасының  қаржылық  қорына,  табиғи-
жағрафиялық  жағдайына  тікелей  қатыста  болып  келе,  ҿзіндік  белгілермен 
ерекшелінеді.  Тағам  ата  салтымен,  ҽдет-ғұрпымен,  діни-нанымдарымен  біте 
қайнасып,  сол  халықтың  жанды  ҿзегі,  ұлттық  генетикалық  негізгі  ерекшелігі 
болып  қала  береді.  Қазақ  халқының  шаруашылығы  кҿп  салалы  болған.  Кең  – 
байтақ  ата қонысымыздың табиғи- жағырафиялық  жағдайына икемделініп, қазақ  
халқы  ежелден  егіншілікпен,  мал  шаруашылығымен,  қол  ҿнер  кҽсібімен  жҽне 
қосалқы  кҽсіптің  түрлері  болып  табылатын  аңшылықпен,  балық  аулаумен 
айналысқан. 
Ұлттық тағамдардың еттен дайындалатын түрлері кҿбінесе ауылдық жерлер 
есебінен ғана сақталып келеді. Кейінгі жас ұрпақ ҿзінің ұлттық  тағамдарын жетік 
біліп,  оларды  ҿздерінің  күнделікті  тағамдарына  айналдырып,  оның  санын, 
сапасын арттыра беруі керек. 
Тҿл мҽдинетімізді  ғылыми тұрғыдан саралау-ұлттық ҿркендеудің ең басты 
факторының бірі. 
Ежелгі  жҽне  ортағасырлық    кезеңдерден  жеткен  жазба  деректерден  қазақ 
халқының  этникалық  тарихын,  шаруашылығын,  материалдық  мҽдениетін  тарихи 
этнографиясын  қарастырған  біршама  еңбектер  бар.  Алғашқы  мҽлімметтер 
П.Паллас,  И.Георги.  А.И.Левшиннің  (1832)  үш  томдық  еңбектерінде  бар.  1771 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы. №2(5) 2010 
 
 
199 
жылы  ҽскери  экспедиция  сапарында  Қазақтаның  солтүстік,  батыс  ҿңірлелін 
аралаған  белгілі  шығыстанушылардың  бірі  капитан  Н.П.Рычков.  И.Р.Андреевтің 
«Орта  жүз  қазақтарының  сипаттамасы»  атты  еңбегінде  қазақтардың  негізгі 
тағамы мал ҿнімдері жылқы, түйе т.б  адал малдың еті болды деген мҽліметермен 
шектелді /1/. 
 XIX  ғасырдың  бас  кезегінде  Қазақстан  жеріндегі  отырықшы  жҽне  кҿшпелі 
қазақтардың  шаруашылығын  зерттеу  үшін  ҽрбір  облыстарда  шолу  жұмыстары 
жүргізілді.  Жарық  кҿрген  алуан  санды  еңбектерде  жергілікті  халықтардың 
тағамдары туралы деректер жиналған. 
Жалпы,  этнология    жҽне  этнография  ғылымы  Қазақстанда  тек  Ұлы  Отан 
соғысынан кейін ғана даму жолына түсті. 1946 жылы Қазақстан  Ұлттық Ғылым 
Академиясының    ұйымдасуы  елімізді  жан-жақты  зерттуге  жол  ашты.  Белгілі 
этнограф Х.А.Арғынбаевтың еңбектерінде  қазақтың  ұлттық  тағамдары туралы, 
дҽстүрлі  тамақтанудағы  атқарылатын  ҽдет-ғұрыптарына  байланысты  ырымдар  
мен  тыйымдар  жайлы  құнды  деректер  мол  кездеседі  /2-3/.  XIX-XX  ғғ. 
қазақтардың  шаруашылығы    туралы  монографияда  Р.  Ходжаеваның  тек  сүт 
тағамдары  туралы  ғана  мақаласы  орын  алған  /4/.  Т.А.Мұқанова  «  Революцияға 
дейінгі  сүт  шаруашылығы»    деген  тақырыпта  кандидаттық  диссертация 
қорғады.Осы  тақырыпқа  арналған  мақаласы  қазақтың  сүт  тағамдарына  арналған 
/5/. Д.Қатранның «Қазақтың дҽстүрлі ас-тағам мҽдениеті » атты монографиясында 
қазақтың дҽстүрлі тағамдары жҽне оған байланысты атқарылатын байырғы ҽдет-
ғұрыптар,  наным-сенімдер  жүйесі  мен  ұстанымдары  зерделенеді,  атап  айқанда, 
табақ тарту, сыйлы, кҽделі, сыбағалы ас қаттарлы ұғымдар баяндалады /6/. 
Ет  пен  сүт  тағамдарының  қолданылуы    ара  салмағы  кҿшпелінің 
шаруашылықты  ұйымдастыруының  науқандық  маусымына  тікелей  байланысты 
болды. Бір жылдағы тамақтану режимі жазғы жҽне қысқы деп екіге бҿлді. Жазғы 
тамақтану-сҽуірден  қазан  айына  дейін  яғни  мал  тҿлдеген  уақыттан  бастап,  мал 
суалып сүті азайған, соғым сояр  кезге дейінгі аралық. Ал қысқы ас мҽзірі соғымға 
сойған мал еті мен қысқа деп кептірілген, қатырып сақталған ет, сүт ҿнімдерінен 
құралады.  Дҽн  дақылы,  егіншілік  ҿнімдерінен  дайындалатын  ас-сусын  түрлері 
қысы-жазы ас мҽзірін қосымша толықтырып отырады. 
Кҿшпелі 
қазақтардың 
тамақтану 
жүйесінің 
жылдың 
маусымдық 
ерекшелігіне сҽйкес бҿлініуі олардың тіршілік еткен ортасының биоэкологиялық 
жағдайы мен шаруашылықты ұйымдастыру факторларына  ғана байланысты емес, 
сонымен қатар, кҿшпелі организмнің биохимиялық қажетілігінен туындаған. Атап 
айтсақ, қыс бойы негізінен алғанда ет тағамдарымен ғана тамақтану салдарынан 
организмің  биохимиялық  балансы  қышқылдыққа  қарай  ауытқыса,  ақ  молайған 
шақта сүт ҿнімдерінен жасалған тағамдар арқылы қалыпқа келтірген. 
Алты  ай  қыста  қатал  табиғат  сынына,  ҿмірі  аттың  жалы,  түйенің  қомында 
жүрген  кҿшпелінің  тұрмыс  тауқыметіне  тҿтеп  беруге  нҽрлі  де,  қуатты  ет,  сүт, 
тағамдарының негізгі азық болуы-табиғи қажеттілік. 
Қыста  жҽне  мал  тҿлдеген  жазғытұрымға  дейін  малдың  арықтауына 
байланысты мал союға болмайтындықтан, осы аталған мерзім ішінде тұтынатын 
азық  қорына  арнап,  қарашаның  соңғы,  желтоқсанның  басында  соғым  сояды. 
Кҿшпелілердің тағамдар жүйесінің кҿне болмысы мен кейінгі, яғни қазірге дейінгі 
кезеңдердегі  тағамдар  жүйесіндегі  ет,  сүт  тағамдарының  алар  орны  мен 
маңызының айырмашылығы-жергілікті этномҽдени дамулардың ерекшелігіне сай 
шаруашылық  мҽдени  типтің  ҿзгеше  сипат  ала  бастауына  байланысты,  тағамдар 
жүйесінде  шаруашылықтың  қосалқы  салаларының  ҿнімдерінің  де  мол  орын  ала 
бастауымен байланысты. Егіншілік ҿнімдерін ежелден тұрақты пайдаланып келе 
жатқан  Оңтүстік  Қазақстан  аймағының  ҿзіне  тҽн  табиғи-жағрафиялық 

 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета. №2(5)2010 
 
 
200
 
ерекшелігіне  байланысты  осы  аймақ  құрайтын  үш  облыстың  ҿзара  айтарлықтай 
ерекшелігі  бар.  Күнделікті  тағамдардың  негізін  бидай,  тары,  күріш,  жасымық, 
ноққат, маштан жасалған тағамдар құрайды. Қазақ жеріндегі тайпалардың ежелгі 
мекендері  мен  қола  дҽуірінде  ҿмір  сүрген  сақ  тайпаларының  кҿсемдерінің 
обаларын,  қоныстарын,  ерте  жҽне  орта  ғасырлық  қалалар  мен  қорғандарды  қазу 
кезінде тары сабаны мен дҽнің кҿптеп табылыуы қазақтардың егіншілік кҽсіппен 
сонау ертеден-ақ айналысқанын, егетін дҽні жер шарына кең таралған, кҿп бағым-
күтім тілемейтін ең кҿне дақыл- тары  екенін дҽлелдейді /7-8/ 
Бидай  бүкіл  ҽлемде  148  елдің  негізгі  азық-түлігі  болып  табылады.  Бүкіл  
дҽнді-дақылдар  ҿнімнің  60%  мҿлшерін  бидайдан  алады.  Бидай  дҽні  аса  құнарлы 
да,  қуатты  азық.  Сақтау  қиын  емес,  оңай  ҿңдеп,  алуан  түрлі  ҿнім  алуға  болады. 
Адам ағзасына қажетті ақ уыздардың жарымына жуығын, В витаминінің 70-80%- 
ын, РР жҽне Е витаминінің едҽуір бҿлігін, миниралдық тұздарды жҽне т.б. қажеті 
заттарды бидай ҿнімі береді. 
Дүниеге  кең  тараған  дҽннің  бірі  –  күріш    Ҽмудария  мен  Сырдария  сияқты 
ҿзендердің  бойында  б.з.д.  ІІІ  мың  жылдықтарда  егілгендігін  археологтар 
еңбектерінде  қазба  кезінде  табылумен  дҽлелденген  /9-10/.  Кеңес  ҿкіметі 
жылдарында  Қызылорда  ҿңірінде  күріш  егуге  қолға  алынып,  күріш  дақылының 
«ақмаржан» аталатын сорты сапалы ҿнім берді.  
Аңшылықтан  алынатын  аң  еттері  (арқар,  тауешкі,  киік,  бұғы  т.б.  қоңыр 
аңдар) таңсық ас ретінде, күзде пайдаланды, балық тағам ретінде ҿте аз тұтылды. 
Қазақстанда  орыс  ұлтының  кҿбейіп,  Ресеймен  сауда-саттық  қатынастарының 
қатарында  балық  жҽне  балық  ҿнімдеріне  сұраныс  болуымен  байланысты  ХІХ 
ғ.мен  ХХ  ғасыр  басынан  Жайық  ҿзені  мен  Каспий  жағалауларында,  Шалқар, 
Имантау,  Шортанды,  Шабақты,  Зайсан,  Балқаш  кҿлдерінде  балық  аулау  кҽсіпке 
айнала бастады. Сырдария, Іле, Шу ҿзендерінің бойындағы кҿптеген малшылық, 
егіншілік шаруашылықтарында балық аулау қосалқы кҽсіпке айналды. 
Қысқы  азық  қорының  негізгі  болатын  ет  тағамын  мол  етіп  дайындау  үшін 
қараша  айының  басынан  соңына  дейін,  яғни  суық  ҽбден  түскен  кезде  соғым 
науқаны басталады. Күздің  соңғы айларында мал қоңы тҿмендей бастайды. Осы 
кезде  ет  пен  тері  арасында  кҿбік  пайда  болуына  жол  бермеу  жағын  қарастыра 
отырып,  отбасындағы  жан  есебіне  қарай  белгілі  түлік  малы  сойылады.  Соғымға 
міндетті түрде қара мал мен ұсақ мал арастырыла сойылады. Кҿбіне жылқы, сиыр, 
қой  сойылса,  түйені  сою  сирек.  Малды  ыстық  райлы,  суық  райлы  деп  бҿледі. 
Жылқы  мен  қой  ыстық  райлы  малға.  Сиыр,  түйе,  ешкі  суық  райлы  мал  етіне 
жатады. Ыстық райлы мал етін ҿте жоғары бағалап, жұғымды, нҽрлі болады деп 
есептеген. Суық райлы малдың астық қасиеті тҿмен, майы тез қатады. Мал етінің 
қасиетін, ерекшелігін, сіңімділігін- «жылқы еті татқанша, қой еті жатқанша, сиыр 
еті таң атқанша» деген қазақ мҽтелі ерекше айғақтайды. 
С.А.Артутюнов 
ұсынған 
азық-түлік 
ҿнімдерін 
ҿңдеудің 
негізгі 
классификациялық сатыларын еске алған жҿн. Олар мына топқа бҿлінеді:  
1 ) азық-түлік ҿнімдерінің шикізаты; 
2) белгілі деңгейде ҿңделген, бірақ жеуге ҽлі дайын емес азық-түлік 
3) (полуфабрикат); 
4)сақтауға  болатын,  ары  қарай  ҿңдеуді  талап  етпей  жеуге  болатын 
азық;  
5)ұзақ сақтауға келмейтін, бірақ жеуге дайын ас. 
Ет  сақтаудың  бірнеше  тҽсілі  бар.  Олар  –  қатыру,  кептіру,  сүрлеу,  ыстау 
амалдары.  Қыста  соғымға  сойылған  етті  аздап  сорғытып,  дегіген  соң  тошалаға 
апарып  арсаға  іледі  де,  тобылғы,  изен,  қурайды  бықсыта  жағып,  түтінмен 
ыстайды еттің сақталу мерзімі ұзартылып қана қоймай, оған ерекше дҽм береді,ҽрі 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы. №2(5) 2010 
 
 
201 
үсітпеді.  Жаз  айларында  ет  сақтаудың  да  ҿзіндік  тҽсілдері  бар.  Жіліктелген  етті 
қандыра тұздап, малдың ҿз терісіне орап тастап, күн бата ет пен теріне арсаға іліп 
сорғытады. Таңертең ет пен теріні жинап алып, етті теріге орап кҿлеңкеге қояды. 
Келесі  түні  қайта  іліп,  етті  желге  қақтырады.  Осылайша  бірнеше  күн  кепкенше 
желге  ашық  ауаға  ұстайды.  Егер  бірден  аңызық  желге  ілсе,  сырты  бірден  кеуіп, 
іші болси бастайды. Ал теріге орап отырып, бірнеше рет кептіру еттің қан сҿлінің 
түгел сыртқа шығуына мүмкіндік береді. 
Қазақтың  «ет  етке,  сорпа  бетке»  деуінде  сорпаның  денсаулыққа  пайдалы 
екендігін, сорпа ішкен адамның реңі кіретінін  айтқан халықтық тҽжірибе жатыр. 
Ас  пісіретін  ыдыс-аяқ  түрлерінің  пайда  болмаған  адамзат  дамуының  алғашқы 
дҽуірлерінде  осындай  тҽсілдермен  қатар  ешқандай  ыдыссыз-ақ,  асты  малдың 
немесе жануардың терісіне, іш құрлыстарын пайдаланыу арқылы пісіру жолдары 
дүниеге  келді.  «Мұндай  тҽсілдер-мал  шаруашылығына  дейінгі  аңшылық 
шаруашылық-мҽдени тип дҽуірінің жемісі».  
Малды союдың белгілі тҽртібі бар. Аяғын байлап басын құбылаға қаратып, 
малдан кешірім сұрап, « Бісіміллҽ, Аллаһ ҽкбҽр сенде жазық жоқ, менде азық жоқ 
» деп құдайға табынып, малдың тамағын бауыздайды. Қойды сойып мүшелегенде 
жамбас,  ортан  жілік,  асықты  жілік,  бел  омыртқа,  сүбе,  қабырға,  тҿс,  жауырын, 
тоқпан  жілік,  мойын  бас,  ішкі  құрлысы-ішек-қарын,  жүрек,  бауыр,  бүйрек,  ҿкпе 
деп бҿлінеді. 
Дҽстүр бойынша сиырды 12 жілікке бҿледі: бас, мойын, бұғана, екі қолы мен 
саны, тҿс жиегі, жалпақ омыртқа. 
Жылқы малы да осылай мүшеленіледі. Тек дене тұрқы мен салмағына қарай 
мүшеленуінде  ерекшеліктер  болады.  Жамбас  –  4–8  бҿлікке,  ортан  жілік  2–4-ке, 
омырқа  16  бҿлікке  оның  ішінде  сегіз  үлкен,  сегіз  кіші  омыртқаға  бҿлінеді. 
Белдеме  6  омыртқадан  тұрады,  жылқыда  24  қабырға  болады,  ҽр  қабірға  екіге 
бҿлінеді.  Ет  тағамы  –  «ет  дегенде  бет  барма  ма»  дегендей,  қазақтардың  ең 
жеңістік  асы  болуымен  қатар,  күнделікті  тұрмыс-тіршілік  ҽрекетін  атқару  үшін 
жұмсалған энергияның орнын толтыратын құнарлы азық. 
Түйенің  сүтінен  шұбат  жасайды.  Жылқының  сүтінен  қымыз  жасайды. 
Сиырдың сүтін ішеді, айран, ірімшік, құрт, май, қаймақ, сыр жасайды. 
Қазіргі  кезде  қазақ  дастарханына  ҽр  түрлі  тағамдар  еніп,  азық-түлік 
ҿнімдерінің  есебінен  молаюмен  ерекшеленеді.жалпы  алғанда  ежелгі  қазақтың 
ұлттық  тағамдарының  қажеттілігі    қазірде  кеміген  жоқ  қайта  түр-түрі  кҿбейді. 
Жаңа мен байырғыны байланыстырып жаңа тағамдар жаңа ас мҽзірі пайда болды. 
Ұлттық  тағамдардың  қадыр-қасиетін  білу  отбасынан  басталуы  қажет. 
Отбасынан  алған  тҽрбие  жастардың  азамат  болып  ҿсуіне  негіз  салады.  Қазақ 
халқында  «ұяда  не  кҿрсең,  ұшқанда  соны  аларсың  »  деген  қанатты  сҿз  текке 
айтылмаған.  Қалада,  ауылда  тұратын  қазақтар  ұлттық  тағамға  айрықша  мҽн 
беретін  болуы  тиіс.  Үлкендер  жастарды  сол  қасиетке  негіздеп  тҽрбиелеп,оларға 
ұлттық тағамдарды жоғары дҽрежеде дайындайтын тҽрбие бере алуымыз керек. 
ҼДЕБИЕТТЕР 
1. Андреев И.Г.  Описание Средней Орды киргиз- кайсаков. Алматы, 1998.280с. 
2.Арғынбаев Х.А Қазақ халқындағы семья мен неке. Алматы, 1973. 326 б. 
3. Арғынбаев Х.А. Қазақ отбасы. Алматы, 1996. –286 б.  
4. Хозяйство казахов на рубеже ХІХ-ХХ веков. Алматы, 1980. – 253 с. 
5.  Муканова  Т.А.  Молочная  пища  казахов  (  по  материалом  19-20  в.)  //  Известия 
АН КазССР. Серия общественных наук. 1968. №5. С. 35-39. 
6.  Қатран  Д.  Қазақтың  дҽстүрлі  ас-тағам  мҽдениеті  (тарихи-этнологиялық 
зерттеу). Алматы, 2002.–208 б. 
7. Масанов Н.Э. Кочевая цивилизация казахов. Алматы-Москва, 1995. –320 с. 

 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета. №2(5)2010 
 
 
202
 
8.  Алимбай  Н.,  Муканов  М.С.,  Арғынбаев  Х.  Традицонная  культура 
жизнеобеспечения  казахов. Очерки теории и истории. Алматы, 1998.  234 с.  
9.Толеубаев  А.Т.  Реликты  доисламских  верований  в  семейной  обрядности  
казахов. Алматы, 1991. 272 с. 
10.  Кадарова  Р.Х.,  Жангабылов  А.Х.  Национальные    молочные  продукты  в 
лечебном питании. Алма-Ата, 1981. 126 с.  
РЕЗЮМЕ 
В  статье  на  основе  специальных  исследований  рассматривается 
традиционная система питания казахского народа, которая состоит из следующих 
трех взаимосвязанных элементов – мясного, молочного и растительно-злакового.  
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада  қазақ  халқының  ұлттық  тағамдары  ғасырлар  қойнауынан 
қалыптасу мен даму тарихымен қатар, олардың негізгі түрлері: ет, сүт жҽне дҽнді 
дақылдар ҿнімінен дайындалатыны қарастырылған. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет