Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық


ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ КИІЗ ҮЙ ӚҢДЕУ КӘСІБІ



Pdf көрінісі
бет16/23
Дата28.01.2017
өлшемі1,76 Mb.
#2866
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ КИІЗ ҮЙ ӚҢДЕУ КӘСІБІ 
 
Кенжетаева Г.Ж.-ізденуші(Алматы қ., ҚазмемқызПУ) 
 
Ағаш  ҿңдеуді  кҽсіп  еткен  шеберлердің  ішіндегі  аса  іскерлік  пен  қыруар 
еңбекті керек ететін түрі – киіз үй сүйегін жасайтын үйшілер ісі.  
Киіз үй сүйегі, яғни керегесі мен уықтары, кҿбінесе, ҿзен жағасында ҿсетін 
ҽр түрлі талдан жасалады. Мҽселен, оған республикамыздың ҽр ҿңірлерінде ҿсетін 
талдардың  кҿк,  қара,  боз,  құба,  сҽмбі  сияқты  түрлері  пайдаланды.  Тал,  халық 
тҽжірибесі бойынша, киіз үй сүйегін жасауға ең қолайлы ағаш түрі деп танылған. 
Біріншіден, жиі ҿсетін тал тоғай ішінен кереге мен уыққа жарайтындарын таңдап 
алу  қиынға  түспейді;  екіншіден,  ҿңдеуге  ҿте  қолайлы  жҽне  одан  бабымен 
кептіріліп жасалған  уық-керегелер ҿте  жеңіл  жҽне берік болады. Сонымен қатар 
қалаталы  қазақтар  үйшілерге  киіз  үй  сүйегін  түгелдей  қайыңнан  жасатқан. 
Ҽдетте,  қайыңнан  жасалатын  үйлердің  кҿлемі  үлкен  болумен  бірге,  оның  сүйегі 
де салмақты жҽне ҿте берік. Қайыңнан жасалған кереге-уықтарды мұқият ҿңдеген 
соң, оны боямайды. Ҿйткені, ағаштың жылтырата ҿңделген табиғи түсі үй ішіне 
аса ұнамды рең беріп тұрады. 
Киіз сүйегіне жарайтын ағашты, кҿбенесе үйшілердің ҿздері ерте кҿктемнен 
бастап ҽзірлеп, кемінде бес-алты ай, кейде, тіпті  жыл бойы кҿлеңкеде кептіреді. 
Киіз  үй  сүйегіне  арналып  дайындалатын  ағаштың  ұзындығы  мен  жуандығы 
кереге-уық  жасауға  жарамды  болуы  қажет,  ал  олардың  қисықтығына  онша  мҽн 
берілмейді.  Шаңырақ  үшін  дайындалатын  қайың  мүмкіндігінше  түзу,  бұтақсыз 
болуы  қажет.  Кейде,  мұндай  ағаштар  тым  жуан  болса,  оларды  кесіп,  ұзынынан 
жарып, ыңғайлап шауып қояды. Үй ағашын кесіп, бұтақтап, қабығын сыдырады. 
Бұлай  етудің  ҿзіндік  себептері  бар.  Біріншіден,  жаңа  кесілген  жас  тал  мен 
қайыңның  қабығы  оңай  сыдырылады,  кҿп  еңбекті  қажет  етпейді;  екіншіден, 
қабығы  алынбаған  ағашты  кҿлеңкеге  жиып  қойса,  ол  дұрыс  кеппей,  қабық 
астында  құрт  пайда  болып,  ағаш  борсып,  шіри  бастауы  ықтимал.  Сондықтан, 
кесілген  ағашты  жылдам  аршып,  бас-аяғын  тегістеп  отап,  керегеге 
жарайтындарын  бір бҿлек,  уыққа арналған ҽлдіректерін бір бҿлек  20-30 ағаштан 
бір-бір  бума  жасап,  кҿлеңкеге  бірінің  үстіне  бірін  жинай  береді.  Мұндай 
бумаларды,  ҽдетте,  сыдырылған  тал  қабығының  ҿзімен-ақ  буады.  Үй  ағашын 
осылайша  бумалап  кептірудің  де  ҿзіндік  себебі  бар.  Біріншіден,  тасымалдауға 
ыңғайлы;  екіншіден,  кҿлеңкеге  жиналған  кҿп  бумалардың  бҽрін  дұрыс,  біркелкі 
кептіру үшін оларды ҽлсін-ҽлсін аударып,  астын үстіне, ортасындағысын шетіне 
шығарып  қозғап  отырады.  Ал,  барлық  бумаларды  бір  шамада  жел  қақтырып 
отыруға  немесе  шыжыған  ыстықтарда  ағаш  тез  қурап,  жарылып  кетпеу  үшін 
оларға су бүркетіндей етіп бумалап жинау тым қолайлы болады. Осындай ҽдіспен 
ҽбден кепкен үй ағашын үйшілер «қақсал кепкен ағаш»,  – дейді жҽне ол жоғары 
бағаланады /1/. 
Үйшіге  қажетті  жабдықтар:  тез,  сықырауын,  жонғы,  қуыс  жонғы,  тісті 
жонғы (сызғы, ыруыш), тесе шот, шапашот, балта, қашау, қол ара, ою пышақ, үскі 
сияқты саймандармен бірге кереге, уық, жҽне шаңырақ жасауға арналған ҽр түрлі 
қарапайым  қалыптар  мен  кепкен  ағашты  жібітуге  арналған  қоз,  мор,  обын 
атанатын  ыстық  «пештердің»  де  болуы  аса  қажет.  Осы  айтылған  саймандар  мен 
жабдықтардың  барлығын  да  тҽжірибелі  шебер  үйшілер,  кҿбінесе,  талғамдарына 
сай етіп, ҿздері жасап алады. 
Тез  -  үйшінің  ең  басты,  негізгі  құралдарының  бірі.  Тезді,  кҿбінесе,  сүйегі 
ауыр,  тығыз  жҽне  жарыла  қоймайтын  мықты  қарағаш,  қайың  жҽне  жиде 
ағаштарының (ұзындығы 80-100 см) жуан кесінділерден жасайды. Тез жасау үшін 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы. №2(5) 2010 
 
 
145 
мүмкіндігінше  ағаштың  қатар  ҿскен  екі  мықты  бұтағы  бар  түсын  таңдайды. 
Ҿйткені, бір метрдей жерінен кесілген екі  бұтақ  сүйірлеу ұштарымен жерге кіре 
тездің  бір  басындағы  екі  аяғының  рҿлін  атақарады.  Ал,  екінші  басын  қолдан 
жасалған, жерге мықтап орнатылған арнайы аша ағашқа жатқызады. 
Сықырауын  –  міндетті  түрде  ҽбден  кепкен,  жуандығы  білектей,  ұзындыгы 
1,5  метр  шамасындағы  қайыңнан  жасалады.  Сықырауынның  бір  жақ  тегістелген 
жуан басын  «алақан»,  үйшінің жамбасына дҽл келетін орта  тұсын  «жамбастық», 
ал, жіңішке ұшын «тұтқалық» деп атайды /2/ 
Ҽбден  кепкен  үй  ағашын  тезге  салып  түзету  үшін,  ең  алдымен,  оларды  от 
қызуына қақтап, балқытып алу керек. Ол үшін үй ағаштарын  арнайы жасалатын 
«мор», «обын», «қоз», сияқты «пештерге» салады. 
Үйші жұмысқа кіріспес бұрын неше қанат үйдің сүйегін жасайтынын біліп, 
соған  қарай  дайындалған  ағаштарының  қажеттерін  іріктеп,  ыңғайлайды. 
Біреулерге  тым  сҽнді,  ҽшекейлі  үй  қажет  болса,  енді  біреулерге  қарапайым 
баспана болса болғаны. Осы жағдайлардың бҽрі үйші еңбегіне айтарлықтай ҽсерін 
тигізеді. 
Киіз  үй  сүйегінің  ең  күрделісі  де,  қыруар  еңбекті  қажет  ететін  де  кереге 
болғандықтан, үйші ең алдымен кереге сағаналарын дайындауға кіріседі. Ол үшін 
алдын  ала  дайындалған  қозға  немесе  мор  мен  обынға,  керегеге  арналған 
ағаштардың  он  шақтысын  салып,  ҽбден  жұмсартады.  Қозда  жатқан  ағаштарды 
біртіндеп алып ҿңдеуге кіріседі. Одан соң ағаштың жуан басының екі жағын түзу 
жонғымен  тегістейді,  тісті  жонғымен  ыру  сызықтарын  жүргізеді.  Кереге 
сағаналарының  қалғандарын  түгелдей  қуыс  не  ойыс  жонғымен  жұмырлай 
жонады. Жону, түзеу жұмысы біткен соң тезге салу арқылы кереге сағаналарына 
арнайы  мүсін  беріп,  ҽр  жерінен  белгілі  мҿлшерде  иіндер  жасайды.  Осының 
нҽтижесінде  кереге  сағанасының  басы  сҽл  шалқақтау  болады,  мойын  тұсы  ішке 
еніңкі, бүйірі сыртқа теуіп шығыңқы келеді. Ал, бір жағы біртіндеп ішке тартып, 
тҿменгі  ұшы  тіп-тік  келуі  қажет.  Кереге  сағанасын  тігінен  қойғанда  оның  басы 
мен  етегінің  ең  тҿменгі  ұшы  бір  түзу  бойында  болуы  шарт.  Мұның  ҿзі  киіз  үй 
сүйегінің орнықты жҽне берік, ҽсіресе, киіз үйдің салмағына керегенің шыдамды 
болуының басты шарты.  
Қазақстанның барлық аймақтарында киіз үйдің ең кҿп тараған негізгі түрі – 
алты қанат үй. Алты қанат үй дегеніміз – алты керегелі үй деген сҿз. Сонда үйдің 
үлкен-кішілігі  оның  қанат  санымен  анықталады.  Қанат  санына  қарай  кереге 
бастарының саны, кереге басына қарай уық саны ҽр түрлі болып келеді. Мұнымен 
бірге,  кереге  кҿздерінің  үлкен-кішілігіне  қарай  тор  кҿз  кереге  (жұдырық 
сиярлықтай  ғана)  жҽне  жел  кҿз  кереге  (қос  жұдырық  сыярлық  кең  кҿзді)  болып 
екіге бҿлінеді. Олай болса, тор кҿз жҽне жел кҿз керегелі киіз үй сүйегінің кереге 
басы, оған қарай уық саны да ҽр түрлі болады /3/. 
Кҿп  қанатты  үлкен  үйлердің  сүйегі  салмақтырақ  болады.  Үйдің  кҿлемі 
үлкейген  сайын  жауын-шашын,  дауыл,  құйын  кездерінде  үй  сүйегіне  сырттан 
түсетін  күш  те  кҿбірек.  Сондықтан,  ҿз  салмағы  мен  сырттан  түсетін  табиғи 
күштердің  тегеурініне  үлкен  үйлердің  сүйегі  тҿтеп  беретіндей  орнықты,  ҽлді 
болуы  қажет.  Тор  кҿзді  үлкен  үйлердің  сүйегінің  жасалуы  күрделі,  бағасы  да 
қымбатқа  түсетіндіктен,  оларды  кезінде  ауқатты  адамдар  ғана  жасатты.  Ал,  жел 
кҿзді шағын үйлердің сүйегі жеңіл, жасалуы оңай, бағасы да арзан болғандықтан, 
орта шаруалар қауымының басым кҿпшілігі осыны қанағат етті. Алты қанат киіз 
үйдің  бір  тор  кҿз  керегесіне  жұмсалатын  сағаналардың  үлкенді-кішісін  түгел 
қосқандағы  жалпы  саны  42  шыбықтан  тұрады.  Оның  ең  ұзын  ерісінің  саны  18 
болса,  қалғандары  сағанақ  атанады  да,  қос-қостан  барған  сайын  қысқара  береді. 
Оның  жалпы  саны  24-ке  жетеді.  Кереге  ерісінің  ұзындығы  2  метр  болса, 

 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета. №2(5)2010 
 
 
146
 
сағанақтың ең ұзындары 1,6 метр, ең қысқалары 30 сантиметр шамасында болады 
4, 28 б./. 
Жасалып жатқан киіз үй сүйегінің керегелеріне жетерліктей түгел сағаналар 
түзетіліп,  жонылып,  мүсінделіп,  ырулар  жүргізіліп  болған  соң,  олардың 
барлығына  да  кҿк  ҿткізетін  кҿздер  тесіп  шығу  қажет.  Ҽрбір  кереге  сағасына 
қанша  тесік  жасалатындығы  керегенің  тор  кҿз  не  жел  кҿз  болып  жасалуына 
байланысты.  Керегенің  басы  қанша  болса,  кереге  қанатында  жоғарыдан  тҿмен 
қарай сонша кҿз бар, ал ҽрбір кереге ерісінің соншама кҿк тесігі жасалады.  
Кереге  сағаналарының  кҿгі  мен  уық  алақандары  тесіліп  болған  соң,  оның 
ҽрқайсысы  майда  түрпі,  темір  қырнауыш  немесе  шыны  сынықтарымен  мұқият 
ҿңделіп, кҿбінесе, жосамен боялады. Ал, шамасы келгендер кереге мен уықтарды 
түгелдей қызыл, жасыл, кҿк түсті май бояулармен боятады, содан олар сырлы үй 
атанады. Тек қайыңнан жасалған киіз үй сүйегін мұқият ҿңдегеннен соң ҿсімдік 
майын неше қайтара сіңіре жағады.  
Кереге мен шаңырақ арасын біріктіріп, киіз үйдің тҿбесін шығарып тұратын 
иінді ұзын ағаштарды уық деп атайды. Бір үй сүйегіне арналған уық саны кереге 
бастарының  жалпы  санына  тең  болады.  Олай  болса,  уықтың  саны  да, 
ҽрқайсысының  ұзындығы  да,  ҽлділігі  де,  киіз  үйдің  кҿлеміне,  яки  қанат  санына, 
керегенің  тор  кҿз  не  жел  кҿзділігіне  тікелей  байланысты  болады.  Ҽдетте  киіз 
үйдің  маңдайшасына  алты  уық  байланады.  Сонда,  кереге  бастарының  санына  6 
маңдайша  ұяларын  қосып,  жалпы  уық  санын  есептеп  шығару  қиынға  түспейді. 
Орта  есеппен  6  қанат  үйдің  уығының  ұзындығы  12-13  қарыстай  болады.  Қанат 
саны  ҿскен  сайын  уықтың  ұзындығы  да  арта  түседі.  Мҽселен,  8  қанат  үйдің 
уықтары  15-16  қарысқа  дейін  барады.  Уық  иіні  иінділеу  келсе,  яғни  130°–135° 
доғал  бұрыш  шамасында  болса,  үй  тҿбесі  күмбезделіп  шығады,  ал  иіні  аздау 
болса,  яғни  145°–150°  доғал  бұрыш  шамасында  болып,  уық  алақаны  қысқалау 
келсе, үй тҿбесі конус тҽрізді шошақтау болады. Жетісу ҿңірінің киіз үй уықтары 
иінсіздеу, шаңырағы шағындау келеді де, үй тҿбесі қалмақ үйі тҽрізді шошақтау 
болады  екен,  ал  республикамыздың  қалған  ҿңірінде  уық  иіндірек,  шаңырақ 
кҿлемділеу болады да, үй тҿбесі күмбез тҽрізді жалпақтау келеді /5/. 
Уықтың  ұзынына  қарай  оны  қазақ  халқы  тҿртке  бҿледі:  алақаны  –  кереге 
басына  байланып  бекітілетін  жалпақтау  түбі;  иіні  –  алақанға  жалғаса  иірілетін 
тұсы;  қары  -  иіннен  ұшына  дейінгі  оқтығы;  қаламы  –  шаңырақ  тесігіне  еніп 
тұратын уықтың тҿрт қырлы ұшы. Тҿрт қырлы уық қаламын шапашот жҽне түзу 
жоңғы арқылы теп-тегіс етіп шығарады. Оның біркелкілігіне мұқият кҿңіл бҿледі. 
Қалыптасқан  қазақ  шаңырағы  –  киіз  үйдің  тҿбесін  шығарып  тұратын 
шеңбер.  Шаңырақты,  кҿбінесе,  тұтас  немесе  2-3  бҿлек  қайың  кесіндісінен,  кей 
жерлерде қара талдан да жасайды. Шебер үйшілер шаңырақты тұтас ағаштан да, 
екі  не  үш  бҿлек  кесінділерден  де  жымын  білдірмей,  дҿп-дҿңгелек  етіп  иіп 
жасайды. Ел арасында ең жиі кезедесетін шаңырақтардың диаметрі 1-1,8 метрдей, 
кейде 2 метрге де жететін шаңырақтар болады. Шаңырақ ағашын шаппа шотпен 
ыңғайлап,  астыңғы  бетін  шығара  шауып,  жоңғымен  мұқият  тегістеп  болған  соң, 
оны  құрым  киізге  орап,  дымқыл  жерге  кҿмеді,  содан  он  шақты  тҽуліктен  соң, 
шаңырақ ағашы ҿз бойына жеткілікті ылғал тартып үлгерді-ау дегенде, оны қазып 
алады. Осыдан кейін үстіне себілген су бойына сіңген кезде дайын тұрған қозға 
кҿмеді.  Ыстық  қозда  бие  сауым  уақыт  (1-1,5  сағаттай)  жатып  ҽбден  жібіген 
шаңырақ  ағашын  кірпіштен  не  ағаштан  арнайы  жасалатын  қалыпқа  салып  иеді. 
Мұндай арнайы шаңырақ қалпын  байтес дейді. Шаңырақ тоғынының жалғасатын 
екі  басын  астастыру  ісі  де  осы  қалыпқа  кигізіп  қойып  жасалғанда  оңай 
орындалады /4, 25 б./. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы. №2(5) 2010 
 
 
147 
Шаңырақтың  тҿбесін  шығарғанда  түндікті  тҿмен  түсіріп  алмас  үшін  оған 
күлдіреуіш  орнатады.  Шаңырақ  шеңберінің  диаметрімен  бірге  жоғары  қарай 
кҿтеріле иіліп, бір-бірін дҽл ортасынан кесе ҿтетін шыбықтарды күлдіреуіш дейді. 
Күлдіреуіштің  ҽр  қатарында  3-тен  8-ге  дейін  шыбықтар  орнатылады,  оларды 
арнайы  жасалған  қарғаша  немесе  бақалақ  деп  аталатын  кепіл  ағаш  тесіктерінен 
ҿткізеді. Кепіл ағаш саны ҽр күлдіреуіштер тобында екіден не тҿрттен жасалады. 
Күлдіреуіштің  бұлайша  жасалу  тҽсілі  –  қазақ  арасында  ертеден  келе  жатқан 
дҽстүрлі ҿнер. 
Оңтүстік  Қазақстанда  шаңырақ  күлдіреуішін  жасау  тҽсілінің  кейінірек 
қалыптасқан  басқаша  түрі  де  кездеседі.  Оны  халық  табақты  күлдіреуіш  дейді. 
Шаңырақтың  тҿбесін  алақандай  табақ  тҽрізденген  қалың  дҿңгелек  тақтай 
шығарып  тұрады,  5-6  имектеу  күлдіреуіштер  оны  шаңырақ  шеңберімен 
біріктіреді.  Табақтың  тҿменгі  бетінің  ортасында  шаңырақ  кҿтергенде  бақанның 
басын  тірейтін  саяздау  ұя  жасалады,  оның  айналасына  ою-ҿрнек  ойылады. 
Күлдіреуіштің  мұндай  түрін  жасау  оңай-ақ,  бірақ  кҿркемдік  жҽне  беріктік 
жағынан  дҽстүрлі  күлдіреуіш  түрінен  ҽлде-қайда  тҿмен.  Кҿпішілік  бұқараға 
арналған  шаңырақтарға  еш  қандай  ҽшекей  жасалмайды,  тек  жосалаумен  ғана 
шектеледі.  Ою-ҿрнектер,  негізінен,  геометриялық,  символдық,  ҿсімдік  жҽне 
зооморфтық  мотивтер  элементтерінен  тұрады.  Шаңыраққа  ою-ҿрнек  жүргізетін 
құралдың негізгісі үшкір пышақ сияқтанып темірден соғылатын арнайы аспапты 
қобы  дейді.  Шаңырық  бҿлшектерін  сырлау,  оюлаумен  бірге  күмістеу,  сүйектеу 
тҽсілдерімен де кҿркемдейді /6/. 
Киіз  үйге  арналған  дҽстүрлі  «сықырлауық»  ағаш-есік:  екі  ашпалы  есіктен, 
маңдайшадан,  екі  босағадан  жҽне  табалдырықтан  тұрады.  Осы  есік  бҿлшектері 
бҿлек-бҿлек жасалады, керек болған жағдайда арнайы жасалған тетіктері арқылы 
үйлесе  бірігіп,  біртұтас  «сықырлауық»  есік  болып  шыға  келеді.  Аталмыш  есік 
бҿлшектерінің бір-бірімен шегесіз біріктірілетіндігі кҿші-қон кезінде қолайлылық 
туғызады.  Киіз  үй  есігінің  биіктігі  тігілген  үйдің  керегесінің  биіктігіндей,  яғни 
орта есеппен 170-175 см, ал ені 120-122 см шамасында болады. Маңдайшаның ені 
10-12  см,  екі  босаға  мен  табалдырық  ендері  7-8  см.  Маңдайша,  босаға  жҽне 
табалдырық  ағаштары  жарылмай  кеткен,  бұтақсыз  қайыңнан  шабылады.  Оның 
астыңғы  жағының,  табалдырықтың  үстінгі  жағының  екі  бастарынан  қос 
босағаның  бас-аяқтары  сұғынып  тұратын  түзу  бұрышты  екі  ұя  болады.  Ал,  екі 
ашпалы  есіктердің  топсасы  есебінде  олардың  босаға  жағының,  жоғарғы  жҽне 
тҿменгі  шеттерінен  маңдайша  мен  табалдырықта  арнайы  жасалған  дҿңгелек 
ұяларға  кіріп  тұратын  «сықырлауық»  атты  жұмыр  дҿңестер  шығарылады.  Бұл 
жұмыр дҿңестер маңдайша мен табалдырық ұяларына кіріп тұрады, есікті ашып-
жапқанда  сықырлаған  дыбыс  шығарады.  Киіз  үйдің  екі  ашпалы  ағаш  есігінің 
«сықырлауық» атануы, бҽлкім, осыдан да болар /4, с.95/. 
Дҽстүрлі  киіз  үй  сүйегінің  құрамына  тікелей  енбегенімен,  міндетті  түрде 
шебер  жасайтын  қажетті  бҿлшектің  бірі  –  адалбақан.  Оны  үйшілер  ағаштан 
жасаса,  ұсталар  темірден  жасайды.  Кейде,  ағаштан  жасалған  адалбақанды 
күмістелген  темір  ілгектермен,  тағы  басқа  ҽшекейлермен  де  безендіреді.  Оның 
металдан жасалатын қосымша бҿлшектерін, кҿбінесе, үйшілердің ҿздері-ақ, кейде 
ұста-зергерлер де істейді. Адалбақанның ағаштан жасалатын негізгі бҿлігінің ішкі 
беттеріне  ою-ҿрнек  жүргізіліп  кҿркемделеді.  Ауқатты  адамдар  жұмырланып 
шабылған  адалбақанның  сыртын  түгелдей  былғарымен  қаптатып,  ілгектермен 
күмістеп, темірден салғызады. 
Сҿйтіп  қазақтағы  үйшілер  ҿнері  сонау  кҿне  замандардағы  кҿшпелілік  ҿмір 
салтына  байланысты  қалыптасып,  ғасырлар  бойы  даму,  жақсару  үрдісінің 
нҽтижесінде  шынайы  халықтық  ҿнер  дҽрежесіне  жеткен.  Үйші  ҿнері  XIX 

 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета. №2(5)2010 
 
 
148
 
ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басында нағыз үй кҽсібіне айналды. 
Онда  еңбек  бҿлісінің  нышаны  да  бой  кҿрсете  бастады.  Арнайы  зерттеулеріне 
қарағанда,  XIX  ғасырдың  соңында  жҽрмеңкесі  жақын  немесе  қалалар 
тҿңірегіндегі ел арасында, ҽсіресе, ағашы мол жерлерде киіз үй сүйегін жасаудың 
ҿзі – «керегеші», «уықшы» жҽне «шаңырақшы» сияқты мамандықтарға бҿлінген. 
Киіз  үйдің  жоғарыда  кҿрсетілген  негізгі  құрамдарын  жасауда  кҿп  ҿзгешеліктер 
болмаған.  
 
ҼДЕБИЕТТЕР 
1.Қасиманов С. Қазақ халқының қолҿнері. Алматы, 1969. 26 б. 
2.Муканов М.С. Казахская юрта. Алматы, 1981. С.47-48. 
3.Тҽжімұратов Ҽ.С. Шебердің қолы ортақ. Алматы, 1977. 96 б. 
4.Арғынбаев Х.А. Қазақ халқының қолҿнері. Алматы, 1987. 128 б. 
5.Маргулан А.Х. Казахская юрта и ее убранство. М., 1961. С.5. 
6.Муканов М.С. Казахские домашние художественные ремесла. Алматы, 1979. 
С. 48. 
 
РЕЗЮМЕ 
В  статье  рассматривается  особенность  производства  традиционного 
казахского  переносного  жилища  –  юрты.  Показывается  также  процесс 
изготовления всех ее составных частей народными мастерами. 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада  қазақ халқының кҿшпелі  ҿміріндегі  киіз  үйдің  орны  жҽне  оның 
құрылымындағы  ерекшеліктермен  қатар  оны  жасаудағы  ағаш  шеберлердің 
жұмыстары қамтылған. 
 
 
 
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ӘДЕТ-ҒҰРЫП ЗАҢДАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ 
ТАРИХЫ 
 
Қозғамбаева Г.Б. т.ғ.к., доцент м.а.(Алматы қ., ҚазқызмемПУ) 
 
Қазақ  ҽдет-ғұрып  заңдарының  жалпы  мазмұнынан  кҿне  дҽуірлер  туралы 
елес  береді.  Евразия  кҿшпелілерінің  мемлеттілігі  тарихта  талай  рет  ҿрлеу,  талай 
рет  құлдырау  дҽуірін  бастан  кешті.  Тарихи  уақытты  қабылдау  циклдік  жүйеге 
құрылғандықтан  белгілі  бір  уақытты  бір  адаммен  байланыстырады.  Ерте  дҽуір 
сақ-ғұн  кезеңіндегі  тарихи  уақиғалар,  орта  ғасырлар  Жошы,  Ҽз  Жҽнібек,  Асан 
қайғы,  Едіге  аттарымен,  бертінгі  уақытта  Қасым  хан,  Есім  хан,  Тҽуке  ханмен 
тікелей байланысты жүйеленеді.  
Түп тамыры кҿне дҽуірге бастайтын қазақ мемлекеттік құрлысы да, заңдары 
да ХVIII ғасырда Тҽуке хан атымен байланыстыратыны сол себепті.  
 Қазақ шежіресі сақ, ғұн, ашина-түркілері ҿз-ара жалғасқан  байланыстардан 
тұрады. Рашид ад-Диннің «Жамиғ ат-тауарих», Ҽбілғазы бахадұр ханның «Түрік 
шежіресі»  жҽне  «Оғыз  нама»  дастанына  қарасақ,  бұл  заман  Евразия  даласында 
кҿшпелілердің  империя  құрған,  тұтас  билігі  жүрген,  ҽлем  халықтарын  тізе 
бүктірген /1/.  
Орталық  Азия  мен  қазақ  даласындағы  халықтардың  әдет-ғұрып  заңдары 
туралы  алғашқы  жазба  деректер  ғұн  дҽуірінен  бастау  алады.  Қытай 
жылнамаларын  қарап  отырып  б.э.д.  III  –  II  мың  жылдар  бұрын  Арқа  мен  Алтай 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы. №2(5) 2010 
 
 
149 
арасында    кҿшпелі  тайпалардың  тұрмыс  –  тіршілігі  мемлекет  пен  құқық  туралы 
түсініктері туралы хабар аламыз.   
Мҿде  шаньюйдің  баласы  Лаушан-гию  Қытай  патшасына  жазған  хатында 
ғұндардың  қолдануға  жеңіл  жҽне  ыңғайлы  заңдары  бар.  Кҿшпелілердің  заңын 
орындаудан  бас  тартқандары,  ҿлім  жазасына  кесіледі,  ал  ұрлық,  адам  ҿлтіру 
сияқты  қылмыстарды  билердің  ҿздері  құн  тҿлеу,  немесе  кек  қайтару  арқылы 
шаньюйге  жеткізбей  шешті.  Құн  орнына  жылқы  мен  қойдан  тҿледі.  Ал  енді 
қашқындар  мен  сатқындарды  ешкім  де  ҿз  кҿшінде  сақтауға  болмайды.  Оларды 
құмға қарай қуады, ол жерден тірі қайту мүмкін емес /2/. 
Ғұн  заңдарының  кҿпшілігі  қылмысқа  қарсы  ҿлім  жазасын  ұсынғанымен, 
ұрлықтың  ҿзін  кісі  ҿлтірумен  қатар  қойып,  ҿлім  жазасын  талап  етсе  де,  бұл 
жазаның бҽрінен де құн тҿлеу арқылы құтылу мүмкіндігін қарастырады. Қылмыс 
жазасы  қашанда  малға  шағылады,  -  бұл  да  кҿшпелілер  ҿміріндегі  шаруашылық 
қауымның  орнын  күшейтеді.  Ғұн  заңдарының  екінші  ерекшілігі,  барымтаға 
рұқсат  берілуі.  Ҿз  ішінде  қалыптасқан  тҽртіпке  байланысты  есесі  кетіп  бара 
жатқан  ғұн  ҿзінің  билерімен  келісіп  ,  қарсы  жақты  шауып  есесін  қайтаруға 
хақылы. Ғұн заңдарынан аңғарылатын бір басты ерекшелік  мемлекеттік тҽртіптің 
күші. Ҽкімшілік жүйенің басты ерекшелігі ҽскери қосын заңы, ҽр адам, ҽр ру, ҽр 
халық ҿзіне арналған орынды, алатын үлесін, олжа сын алдын-ала  біледі. Соғыс 
жағдайында,  бейбіт  уақытта  қанша  ҽскер  шығару  керек  екенін,  оның  азығы  , 
кҿлігі бҽрі де алдын- ала есептелген.  
 Кҿне түріктің салт-дҽстүр, ҽдет-ғұрыптары кҿшпелілердің ҽлеуметтікҿмірін 
реттейтін  басты  құрал  есебінде  қызмет  жасады.  Осы    ҽдеп-ғұрыптық  құқықтық 
қызметін  атқаратын  ҿкілдерін  түріктер  бектер,  билер  атайтын.  Оларда  тасқа 
басылған,  қағазға  жазылған  заң  болмаған  сияқты.  Бҽрі  де  тұтас  руханияттың 
құрамдас  бҿлігі  есебінде  ҿмір  сүрді.  Қарапайым  ҿмір  салты,  күнделікті  тіршілік 
заңдылығы ҽдет-ғұрып заңдарының ҿміршеңдігін қамтамасыз  етті. 
Түріктің  тұрмыс-тіршілігі  киіз  үйлерде,  шатырларда  ҿмір  сүрді,  шҿптің 
шығымына,  суға  қарай  кҿшіп  қонып  жүрді,  мал  шаруашылығымен,  аң  аулаумен 
айналысты,  жейтіні  ет,  ішетіні  қымыз,  теріден,  жүннен  жасалған  киімді  киді. 
Билеушісін  таққа  отырғызарда  ең  жақын  бектері  киізге  отырғызып,  күннің 
бағытымен  тоғыз  рет  айналды.  Қару-жарақтары  мүйізден  жасалған  жақ  пен 
ысқырғыш  жебе  қолданады,  сауыт-сайман,  найза-сүнгі,  қылыш-қанжар  бар,  ал 
туларының  сабына  алтын  басты  қасқыр  орнатыды.  Ат  үстінде  садақпен  дҽл 
тигізіп атады, табиғаты қатал, аяусыз. Керек болған жағдайда адам, жылқы санын, 
алым-салық  пен  малға  байланысты  ағашқа  кертік  жасап  санайды.  Қағаздың 
орындаған  бұйрық  райын  алтын  басты  садақ  жебесі,  балауыз  белгімен  қоса 
атқарады. Олардың қылмыс заңдары бойынша: адам ҿлімі, ханға қарсылық, қарсы 
жауға  ҿту,  бҿтеннің  ҽйелінің  қойнына  бару,тұсаулы  тұрған  атты  ұрлау  ҿлім 
жазасына кесіледі. Тҿбелесте болған жазым үшін құн тҿледі.Кҿзін шығарса кінҽлі 
жақ қыз береді, қызы жоқ болса ҽйелінің жасауын берді. Дененің бір жеріне зақым 
келтірсе айыпқа ат тҿледі, басқа бір затты ұрлаған адам, ұрланған дүниенің құнын 
он  есе  айып  тҿледі.  Ҿлген  адамның  мҽйітін  шатырға  сақтайды.  Ұлдары, 
немерелері,екі  жақтың  туысқандары  жылқы  мен  қой  сойып,  оны  шатырдың 
алдына  жайып  тастайды  құрбандық  деп,  ҿздері  атқа  мініп  шатырды  жеті  рет 
айналады,  осыдан  кейін  шатырға  кірерде  беттерін  пышақпен  жаралап,  дауыс 
салады, қан мен жас қатар ағады. Осылай жеті рет жасайды да аяқтайды.  
Белгіленген  күні  марқұмның  мінген  атын,  тіршілікте  қолданған  заттарын 
мҽйітпен  бірге  жағып  жібереді,  күлін  жинап  жылдың  келісілген  мерзімінде 
бейітке кҿмеді /3/. 

 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета. №2(5)2010 
 
 
150
 
Қытайдың Хань ҽулетінің тарихында , түркілердің құқықтық кҿзқарастарын 
толықтыра  түседі.  Кҿтеріліс,  сатқындық,  адам  ҿлімі,  ҿзгенің  ҽйелімен  болған 
ойнас сияқты қылмысқа ҿлім жазасы кесілді. Кҿзін шығарса - қызын береді қызы 
жоқ болса  ҽйелінің жасауын береді  денесінің бір жеріне зақым келсе жылқымен 
тҿлейді, жылқы немесе басқа бір зат ұрлағаны үшін оның ҿз құнынан он есе артық 
қылып қайтарады. Міне, қазақ билігі немесе «Жеті жарғы» аталатын жолдын түп-
тамыры осындай тереңде жатыр.  
Н.Я.Бичуриннің  аудармасында  кҿне  түріктің  заң  негіздері  берілген,  олар: 
Кҿтеріліс  жасап,  бүлік  шығарған  кісілерге  ҿлім  жазасы  бұйырылсын;  Түрік 
жұртының мүддесін сатып, елге опасыздық еткендер ҿлім жазасына бұйырылсын; 
Қағанат ішінде жазықсыз кісі ҿлтірген кісілер ҿлім жазасына бұйырылсын;  Ҿзге 
біреудің  ҽйелімен  зинақорлық  жасап,  ақ  некені  бұзған  адамға  ҿлім  жазасы 
бұйырылсын;  Ҿреде  тұрған  атты  ұрлаған  кісіге  ҿлім  жазасы  бұйырылсын; 
Тҿбелесте  мертігудің  түріне  қарай  мүлік  түрінде  құн  тҿленсін;  Ұрланған  жылқы 
жҽне ҿзге де құнды мүлік үшін ұрыдан он есе артық айып тҿлеттірілсін /4/. 
Ҿзіміздің  тегімізді  шын  мҽнінде  түрік  халқынан  деп  есептесек, 
мемлекетімізді  бір  кездегі  Түрік  қағанатының  жұртында  шаңырақ  кҿтерген, 
соның мемлекеттік құрылымын мұра тұтқан далалық кҿп хандықтарды санайтын 
болсақ, «Қасым хан, Есім хан, Тҽуке хандарымыздың да шығарған заңдарын сол 
түрік  дҽуірінде  қалыптасқан  заң-тҽртіптік,  жетіліп  дамытылған  табиғи  жалғасы 
дей  аламыз»  дейді  Қ.  Салғараұлы  /5/.  Бірі  ,ҮІ  ғасырдың    екінші  жартысының 
басында,  келесісі  қазақ  хандарының  тұсында  ХҮІ-ХҮІІІ  ғ.б.ҿмірге  келген 
кҿшпелілердің  саяси-құқықтық    заңдарының  бізге  жеткен  нұсқалары  осындай. 
Мұнда  олардың  түпнұсқалық  қалпын  қаншалықты  сақтағаны  да  бізге  беймҽлім. 
Халық  жадында  сақталып,  ауыздан-ауызға  кҿшкенде  ұмытылу  салдарынан  түсіп 
қалатын,уақыт талабына сай жүре келе енетін ҿзгерістердің сыртында,сол заңды 
тудырушының  ана  тілінде  емес,  басқа  тілдер  арқылы  қағазға  түсіп,бізге  жетіп 
отыр.  
Ғұн  дҽуіріндегі  заңда  үрейлі  ҿлім  жазасы  басым.  Қоғамдық  формацияның 
рулық,  тайпалық  кезеңінде  бірлікті  сақтап,  ел  басқаруды  қамтамасыз  ету  үшін 
аяушылығы  жоқ  қатаң  жаза  қолдану  ҿмір  қажеттілігінен  туған.  Кейіннен 
қоғамның  дамуының,  ондағы  ойлау  сана-сезімнің  жетілуінің,  ел  басқарудағы 
мемлекеттік  жүйенің  қалыптасуының    кезеңдік  сатыларында  бұрынғы  қатаң 
жазалар  уақыт  талабына  сай  бірте-бірте  жеңілдетіліп,  жазаның  басқа  түрімен 
ауыстырылып отырған, соған қоса жаңа баптар да қосылып отырған.   
Жалпы  бұл  заңдарды  салыстыра  зерттеп  білу  арқылы  ҿз  дҽрежесіне  қарай 
қазақ  халқының  этникалық  тұрмыс-тіршілігімен  санасу  жҽне  шаруашылық-
мҽдени  жағдайын  ескеру  жҽне  елдің  географиялық  орналасу  ерекшелігіне  орай 
жасалған мемлекеттік саяси-құқықтық заңы.  
Мемлекет  жҽне  құқық  туралы  Евразия  кҿшпелілерінің  ҿмірінде  іргелі 
ҿзгерістерді  Шыңғыс  хан  заманы  енгізді.  Бірақ  зерттеушілер  Шыңғыс  ханның 
кҿшпелілерге енгізген тҽртібі ҿзіне дейінгі дҽстүрге сүйеніп жасалғанын ескереді. 
Шыңғыс  ханның  «Яса»,  немесе  «Жасақ»  заңдарының  мҽтіні  толықтай  жиналған 
жоқ, дегенімен араб-парсы тарихшыларынан еңбектерінде  моңғолдардың, ҿзінде 
жазу-сызу  болмағандықтан,  балаларын  сауаттылыққа  үйренсін  деген  мақсатпен 
ұйғырдың  ұстаздарын  алдырғандығы  туралы  мҽліметтерді  келтіреді.  «Жасақ»  
бойынша  мемлекет  басшысының  ҽр  түрлі  жарлықтары  хатқа  түсіріліп  жҽне  ҽр 
түрлі  құрылтай кезінде  ҽсіресе  бір  жорық  жасарда,  кҿрші  елдерді  бағындырарда 
басшылыққа  алынды.  Шыңғысханның  заңдары  мен  қаулылары    орамалдарға 
тұмар жазылып, «Ясаны» терең білетін неғұрлым беделді ханзадаларда сақталған.  

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы. №2(5) 2010 
 
 
151 
Моңғолдың  заңы  түп-нұсқада  сақталмаған,  ол  үзінділер  мен  мазмұны  қысқаша 
баяндамалар түрінде ғана белгілі /6/. 
Мемлекеттік  құрлысты  нығайту  үшін  Шыңғыс  хан  түркі  дҽуірінен  қалған 
ҽскери-ҽкімшілік  жүйе  ондықты  пайдаланды.  Ол  үшін  ҽр  он  адамның  ішінен 
ондық басшы, сайлатып, оны жүздің ішіне, жүздің мыңның ішіне мыңдық еңгізді. 
Он мыңдықты түркі дҽстүрімен түмен атады. Ҽр адам ҿз ондығына жауап беретін 
,олардың  ішінен  бір  адам  қашса,  қылмыс  істесе  қалған  тоғызы  жауап  беретін 
болды .Ұлы империяның бір шеті мен екінші шетін байланыстыратын сауда жҽне 
керуен  жолдарын,  хат-хабар  қызметін  реттеді.  Ұзын  жолдың  бойына  жҽмші, 
ашып,  ол  жерде  жолаушылар  демалып,  ат  ауыстыратын,  ас-ауқат  ішіп  алатын 
мүмкіндік  жасады.  Осындай  шаралардың  арқасында  мемлекеттік  билік  күшейіп, 
жергілікті  келте  билеушілердің  менмендігі  тиылды.  Кең  байтақ  империя  ішінде 
бейбіт тҽртіп қалыптасты. «Жасақ» ҿзіне дейінгі рулық – кҿсемдік билік жүйесіне 
аса күшті соққы берді. Шыңғысхан ҿзінің жарлықтарымен Жасақ – деп аталатын 
кітап қалдырады, – деп жазады араб саяхатшысы  Ибн Баттута 1350-шы жылдары. 
«Кімде  –  кім    Жасақтың  ережесін  қолдамаса,  орындамаса  орнынан  алынады. 
Жасақтың  талабы  бойынша,  олар  жылына  бір  рет  жиналады,  оны  той  немесе 
мереке деп атады /7/. Жер шарының ҽрбір қиырынан Шыңғысханның тұқымдары, 
ҽмірлері,  қатындары,  ҽскер  басылары  бас  қосады.  Егер  сұлтан,  Шыңғыс  ханның 
ережелерін бұзса, басқалары орнынан тұрып  тҽртіпті бұзғаны үшін оны орнынан 
алып, оның орнына ханның тұқымынан ҿзге бір адамды отырғызады. 
Белгілі ҽмірлердің бірі ережені бұзса ,қылмысына қарай сол елдің ҿз ішінде 
жазасын  береді.  Шыңғыс  заманында  елдің  тҽртібін  қатаң  ұстайтын  жаугершілік 
заңдар  күшейіп,  жау  ҽскерінен  қорқу  қашу  үлкен  қылмыс  саналатын,  сүйекке 
таңба деп есептелінетін еді. Оның бір жарқын мысалын Жошының ҿмірбаянынан 
кездестіреміз. 1216 жылы меркіт пен найман елдерін қуа келген Жошы Ырғыз  – 
Торғай даласында Хорезм шах ҽскерлерімен жолықты. Құпия шежіреде – «Жошы 
хан  Сұлтан    Мұхаммедтің  қуып  жететін  кҿріп  бектерімен  ақылдасты.  Олар: 
Шыңғыс хан бізді Сұлтан Мұхаммедпен  соғысуға жіберген жоқ, шап  деген елін 
шаптық.  Жау  кҿп,  біз  азбыз,  сондықтан  біз  жүре  берейік,  егер  бізді  қуып  азғана 
ҽскер жетсе, онымен соғысайық.. Сонда Жошы тұрып «ертең елге барғанда ҽкеме, 
ағаларыма  не  айтамын.  Алыстан  жауды  кҿріп  қаштық  деймін    бе?»  –  деп  
бектерінің  сҿзін  тындамай,  жаумен  соғысуға  дайындалды.  Жошы  хан  алдыңғы  
ҽскермен  Сұлтан  Мұхаммед ҽскеріне қарсы шабуыл жасап, Тушыға  дейін  жетіп, 
оның  қалқанын  үш  рет  шапты.  Шах  ҽскері  шегінуге  жақын  еді…»  –  деп 
баяндайды /8/. 
Хорезм шахтың жүрегіне мҽңгі  жазылмас үрей салып кеткен соғыс осылай 
кҿзсіз  ерліктің  арқасында  болған  еді.  Монғолдың  мемлекет  басшылары  үшін 
аталмыш  заң  ұзақ  уақыт  бойы  билік  беделі  болып  қалды.  Ясаның  талабын 
орындамаған  хан  тұқымының  мүшелері  билік  деген  түрік  сҿзімен  аталған  
Шынғысханның нақыл сҿздеріне сҽйкес  қатаң жазаланатын еді. Шынғысханның 
«Ясасы  »  кҿшпелі  ҿмірдің  нормаларын  ғана  реттестірді.  Кҿшпелілердің  ҽдеттегі 
құқықтық  негізінде  ҽрбір,  кҿбіне  кҿшпелілер  үшін    қалыптасқан  монғолдардың 
құқық  жүйесі  басқа  жағдайларға  мейлінше  қолайсыз  болды.  Ҽлеуметтік 
тұрмыстық  жҽне  қоғамдық  ҿмірдің  ,  оның  ішінде  Қазақстанның  оңтүстігі  мен 
Оңтүстік  шығысының  ҽлеуметтік-  тұрмыстық  жҽне  қоғамдық  ҿмірдің  кҿптеген 
жақтары Ясада реттестірілген жоқ. Ал оның жекелеген қағидалары мұсылманның 
діни  құқығына    жҽне  жергілікті  халықтың  ҽдет-құрпына  қайшы  келіп  отырды. 
Осының  негізінде  «Яса»  заңын  сақтаушылар  мен  жергілікті  халықтың  арасында 
қақтығыстар болып тұрды, ал бұл қақтығыстар ҽдетте жергілікті халықты қайғы-
қасіретке душар етті.Алайда уақыт ҿткен сайын Шыңғыс ұрпақтары мен кҿшпелі- 

 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета. №2(5)2010 
 
 
152
 
ҽскери  үстем  тап  мұсылман  мҽдениеті  мен  мемлекеттігінің  дҽстүрлерін  кҿбірек 
қабылдап  ҿз ҿмірінде «Ясының» қағидаларын орындауы кеми берді. 
Тҽуелсіздікті  аңсаған  елге  мемлекет  құру  үшін  де  ел  намысы  деп  басын 
ҿлімге қиятын ерлер қажет болды. Евразия тарихына Жошы ұлысы, немесе Алтын 
Орда деген атақпен енген ұлыс та ерлік жолын тұтынған азаматтардың қажыр  – 
қайратымен    құрылды.  Қазақ  сахарасында  ҿмірге  келген  бұл  ірі  мемлекеттік 
құрылым  осы  кезеңге  дейін  қордаланған  ҽдет  –  ғұрып  заңдарына  одан  қалды 
соның құнарлы бҿлігі жинақталған «Жасаққа» сүйенді. Алтын Орда хандарының 
жанынан қара сүйек ішінен шыққан ірі жыраулар мен билерді кҿреміз. Олардың 
ішінде Ҽз Жҽнібек ханның ақылшысы Асан қайғы, Тоқтамыспен ренжісетін Едіге 
би  тағы  басқалары  бар.  Шығыс  хан  тұқымының  билігі  ҽлсіреген  тұста  қара 
сүйектен  шыққан  ел  билеушілерінің  күшейгенін  Қият  Мамай,  Теңіз  Бұқа,    Жыр 
Құтлы,  тағы  басқа  мысалынан  кҿреміз.  Осылардың  ішінде  қазақ  ҽдет  –  ғұрып 
заңдарының  одан  ҽрі  даму  процесіне  тікелей  ықпал  еткен  Едіге  би  (Ел  қамын 
жеген Едіге)  бар. Едіге тек Ноғай Ордасының негізін салған ел басшысы емес, ол 
кҿшпелілердің  құқықтық  кҿзқарасын  ҽрі  қарай    дамытқан  заңгері  /9/.  Қазақ 
халқының  аңыздарында  Едіге  жас  күнінде-ақ  билік  айта  бастапты  –  мыс,  оның 
билік  айта  жүріп  үлкен  беделге  ие  болуының  арқасында  мемлекет  қайраткеріне 
дейін  кҿтерілетіндігі  айтылады.  Қазақ  хандарының  заңдарының  шығу  тарихы 
туралы  пікірлер  де  сан  алуан.  Кейбір  ғалымдар  оның  негізін  Шыңғыс  ханның 
атақты  Ясасынан  іздейді,  енді  біреулер  одан  бҿлек,  ҿзінше  жеке  жазылғанды 
дегенді  айтады.  Ал,  енді  біраз  ғалымдар  қазақ  хандарының  заңдары  сонау  түркі 
дҽуірінен  бастау  алып,  бүкіл  далалықтарға  тҽн  ҽдеттегі  желісі  үзілмеген 
сабақтастығы жатыр дегендей пікірлер білдіреді. Ясамен ауызданып, соның жҿн-
жосығының  бұзылмауы  жолында  күресіп  ҿскен  Дешті  Қыпшақ  хандарының 
бірінің ұрпағы ХV ғасырда ҿмір сүрген Қасым ханның да, ХVІ ғасырдың перзенті 
Есім ханның да заңдарының ойдан шығарылмағаны, кҿктен алмағаны, керісінше 
барды байыптап, оны ҿз заманына, кезең жағдайына қарай бейімдеп жетілдіргені, 
ҿзіндік ҿзгерістер еңгізгені  қазір ешкімге де күдік тудырмаса керек. Олай болса, 
бұл заңдылықты Тҽуке ханның да сақтағанына дау жоқ.  
Қазақтың ежелден ғасырлар бойы қалыптасқан, құқық дҽрежесіне ие болған 
ҽдет-ғұрып  қағидалары,  солармен  бітіскен  хан-би  ережелері  талай  дҽуірді 
басынан  кешірді.  Соған  қарамастан  ҿзіндік  алғашқы  ішкі  қасиеттері  мен 
құрылымдарын сақтап қалды, жаңа дҽуірге шейін жеткізді. Айнала дүние ҿзгеріп 
жатса  да,  дамыған  кҿрші  елдердің  ықпалы  күшейе  түссе  де  қазақ  құқық 
ережелерінің  ҿмірі  ұзақ  болды.  Ертедегі  тұғыры  мен  қасиеттерін  сақтап  қалған 
ата-баба заңдары қазақ қоғамы тарихының ажырамас бҿлігі.  
 
ҼДЕБИЕТТЕР 
1.Қазақстан тарихы. ІІІ том. Алматы,2002. – 432-433-бб. 
2.Кҿпейұлы М. Қазақ шежіресі . Алматы, 1998. – 126-127-бб. 
3.Қазақтың мемлекеттік құрылымы. Алматы, 1987. – 162-164-бб.  
4.Бичурин  Н.Я.  Собрание  сведений  о  народах,  обитавших  в  Средней  Азии  в 
древние времена. Т.1. М.–Л., 1987. 296 б. 
5.Салғараұлы Қ. Жеті-жарғы жҿнінде – қазақтар. Роман-эссе.  Алматы, 995. – 311-
312-бб. 
6.Аманжолов К. Қазақстан тарихы. Алматы, 2004. –172-174-бб.  
7.Жақыпов  Е.Қ.  Шыңғысхан  жҽне  ол  құрған  жаулап  алу  жорықтары  (ХІІ-  ХІІІ 
ғасырдың бірінші жартысы): Т.ғ.к. дисс.  авторефераты. Алматы, 1999. – 12 б.   
8.Монғолдың құпия шежіресі. Ҿлгей, 1979. –36-38-бб. 
9.Мұхаммед Хайдар Дулати.  Тарихи- Рашиди. Алматы, 1999. –106-108-бб. 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы. №2(5) 2010 
 
 
153 
РЕЗЮМЕ 
В  статье  на  основе  специальных  исследований  рассматривается  история  и 
особенности происхождения степного законодательства, начиная с эпохи гуннов 
и вплоть до Казахского ханства. 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада  ғұн  дҽуірінен  Қазақ  хандығына  дейінгі  дала  заңдарының 
қалыптасу тарихы қарастырылады. 
 
 
  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет