ТҮРКІСТАН-СІБІР ТЕМІР ЖОЛЫ - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ
ИНДУСТРИАЛАНДЫРУДЫҢ АЛҒАШҚЫ ҚАРЛЫҒАШЫ
Ахметова А.Ж. – магистрант (Қызылорда қ., Қорқыт Ата атын. ҚМУ)
ХХ ғасырдың 20-30 жылдары КСРО-да бұрын соңды болмаған
индустриаландыру жоспары жүзеге асырылды. Ресейде патша билігінің орнына
келген большевиктік партиясы артта қалған аграрлық КСРО-ның Европа жҽне
АҚШ сияқты дамыған елдерімен бҽсекеге түсе алуын қамтамасыз ету үшін, ел
шаруашылығын индустриаландыруды қолға алды. Осы жоспар бойынша
Қазақстандағы ең ірі жобарлардың бірі Түркістан-Сібір темір жолын салу
кҿзделді.
1926 жылдың 3 желтоқсанында КСРО Еңбек жҽне қорғаныс комитеті
Түркістан-Сібір темір жолын салу туралы арнайы қаулы қабылдады.
Вестник Казахского государственного женского педагогического университета. №2(5)2010
168
Жалпыодақтың құрылыстардың ең маңыздыларының бірі Түркістан-Сібір темір
жол магистралі деп кҿрсетілді.
1927 жылдың 2 наурыз күні КСРО халық комиссарлары кеңесі Түркістан-
Сібір темір жолына қатысты қаулы қабылдап, осы магистралдың Қазақстан мен
Орта Азияның шаруашылығын дамытудың орны зор деп айтылды. Бұл темір
жолдың маңыздылығы біріншіден, Орта Азиядағы мақта ҿсіретін аудандардан
шикі зат кҿзін Ресейге тасымалдау, екіншіден Қазақстан мен Оңтүстік Ресейден
астықты Орта Азияға жеткізу екендігі атап кҿрсетілген. Орта Азиядан 1926-1927
жылдар аралығында экспортқа 131 905 алтын рубліне тең келетін мақта
шығарылған. Сонымен қоса Орта Азия мен Қазақстаннан пайдалы қазбаларды,
табиғи байлықтарды ішкі Ресейге алып отыру жоспарланды /1,175б/.
Тҿменде 1927-1933 ж аралығында мақта ҿндірісі кҿрсетілген.
Жылдар
КСРО
Орта Азия
Закавказье
мың т.
%
мың т.
%
мың т.
%
1927/28
1928/29
1929/30
1930/31
1931/32
1932/33
204,5
247,7
295,6
342,0
370,8
394,3
100
100
100
100
100
100
177,6
216,3
257,5
294,8
315,5
332,2
86,8
87,3
87,1
86,2
85,1
84,3
26,9
31,4
38,4
47,2
55,3
62,1
13,2
12,7
12,9
13,8
14,9
15,7
Жоғарыдағы кестедегі мҽліметтерге қарағанда Орта Азиядағы мақта
ҿнімінің бүкіл одақтың 80 пайызынан астам үлесін беріп отырған. Сол себепті
экономикалық тұрғыдан Орта Азия аймағы ҿте маңызды болды.
КСРО кеңестерінің ІІІ съезінде «үкіметтің жоспары бойынша Днепрде салынатын
гидроэлектра станция мен Түркістан-Сібір темір жолы құрылысын съезде
толығымен қолдап, бұл құрылыс елді электрлендіру жоспарымен пара-пар келеді»
деп айтылды /2,612б/.
Түркістан-Сібір темір жолы ҿзінің бастауын Арыс бекетінен алып,
Новосібір бекетінен аяқталуы тиіс еді. Жалпы магистральдің ұзындығы 2558 км
қамтыды. Аталмыш темір жол Қырғыстан, Қазақстан жҽне Сібір аумақтарын
қамтып, жалпы ауданы 124 374 345 га жерді алып жатты. Солардың ішінде
магистралдың Қазақстаннан-77,3%, Сібірден-13,1%, жҽне Қырғыстаннан-9,6%
ҿтті /1,176 б/
1927 жылдың 7 қаңтарда КСРО халық комиссарлары кеңесі жанынан
құрылған жҽрдемдесу комитеті, құрылысқа байланысты туындайтын барлық
мҽселелер кешеніне басшылық жасады. Комитет құрылыстың оперативтік жҽне
ҽкімшілік жұмыстарына басшылық етіп, оның басты міндеті құрылысты
уақытылы қаржыландыру, жұмыс күшімен қамтамасыз ету, құрылыс
материалдарымен жабдықтау жұмыстары жүктелді. Жҽрдемдесу комитетінің
тҿрағасы Тұрар Рысқұловтың барынша қолдауы арқасында, М.Тынышбаев
комитет құрамына қосымша енгізілді. Түркісіб тарихының ең күрделі кезеңінде
М.Тынышбаев есімі мҽңгіге қалды. Ол жҽрдемдесу комитеті орталық органының
белді мүшесі болуымен бірге, Түркісібтің оңтүстік қанатында түрлі жауапты
қызметтер атқарды. Олардың ішінде жобалау жұмысының, жоспарлау бҿлімінің,
6-зерттеу бҿлімшесінің басшысы, Түркісіб темір жолын салуға байланысты
Жетісу кҿмек комитеті мен Жетісу губерниялық атқару комитетінің мүшесі
/3,193б/.
1927 жылдың кҿктемінен бастап Түрксіб темір жолын салу жұмыстары
басталды. Құрылыстың алғашқы кезеңінде мамандандырылған жұмыс күшінің
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы. №2(5) 2010
169
жетіспеушілігі байқалды. Сол себепті Ресейден, Украинадан жұмыс іздеп ағылған
келімсектер кҿбейіп, олардың кҿбісі түрлі ҽлеуметтік топтардын шыққындар еді.
Құрылыс барысында Т.Рысқұлов темір жол магистралінің оған жақын
аудандарының шаруашылық дамуы үшін қолдану мҽселелерін қарастырды.
Т.Рысқұлов Түркістан-Сібір темір жолын Н.Григтің «На турксибе» атты кітабына
жазған алғаш сҿзінде КСРО-дағы Днепрострой, Волга-Дон сияқты ірі
құрлыстармен теңестірсе, ал бүкілресейлік ОАК-нің органы болған «Власть
советов» газетіне жариялаған мақаласында: «Түркісіб КСРО-дағы жаңа
құрылыстардың ішіндегі алыптарының бірі, ҽрі ҽлемде жаңадан салынып жатқан
темір жолдарның ішіндегі ең ұзыны» деген пікірлер жазды /4,125 б/.
Түркістан-Сібір темір жолын салудың негізгі мақсатын Т. Рысқұлов
«Известия» газетіне жариялаған «Орта Азияны жақын аудандарға (Сібір,
Қазақстан, Қырғыстан) арзан нан мен қамтамасыз ету, мақта шаруашылығын
дамыту, тоқыма ҿнеркҽсіп орындарын мақта ҿнімінен тҿлықтыру» -деп кҿрсеткен
еді /4,126б/
Т.Рысқұлов пікірінше, аймақты индустрияландыру жҽне Түрксібті салу
Қазақстанның Батыс Қытай мен Батыс Монғолия аудандарымен достық ҿзара
пайдалы экономикалық қарым-қатынастарды кеңейтуіне жҽне тереңдетуіне
жағдай жасауы тиіс. Батыс Қытай мен Батыс Монғолия, бұлар жолдың салынуы
арқасында кеңес одағымен жақындаса түседі, орасан зор шикізат ресурстарына ие
жҽне олардың одан ҽрі тездете дамыту мүмкіндіктері бар» - деп жазды.
Т. Рысқұлов Түркісіб темір жол құрылысына арнайы ғылыми еңбектер мен
мерзімді баспасҿз беттеріне мақалалар жариялады. 1920 жылы «Түркістан-Сібір
темір жолы жҽне оның КСРО халық шаруашылығы үшін маңызы зор» атты
мақалаларында темір жол құрылысының салыну барысы ерекшелігі кҿрсетіледі.
Ал 1930 жылы жарық кҿрген «Түрксіб» атты кітабында Т.Рысқұлов темір жол
құрылысының негізгі кҿздейтін мақсатын кҿрсете отырып, бұл құрылыстың
мемлекет шаруашылығына аса қажет екендігін атап ҿтеді. Ҿйткені Орта Азияға
Сібір астығы айналма жолмен, Новосібір-Орынбор-Ташкент арқылы тасылды.
Мұның бҽрі кҿптеген поезд құрамы жҽне қаржыны талап етті. Астықтың
бағасының қымбаттауына ҽкеліп соқтырды. Орта Азияға Қазақстан мен басқа
республикалардансойыс малы мен күш-кҿлік, ал Сібірден құрылысқа қажетті
ағаш кҿптеп тасылды.
Т.Рұсқылов темір жол салуда кездесетін қиыншылықтарға да тоқталады.
1930 жылдын 12-13 наурызында «Известия» газетіне жарияланған «Түрксіб жҽне
Орта Азияны қамтамасыз ету» атты мақал Т.Рұсқылов темір жол салуға
келтірілген ең басты қиыншылықтар қатарына жартылай игерілмеген территория
қолайсыз ауа-райы құрылыс жұмысына қажетті материялдармен жұмыс күшінің
жетпеушілігіне жатқызды.Сонымен қатар темір жол құрылысындағы қаражат пен
құрылыс материалдарын дер кезінде жеткізу мҽселелерін атап кетті.
1930 жылдың 28 сҽуір күні Түркістан-Сібір темір жолының Солтүстік жҽне
Оңтүстік магистралі қосылды. Темір жолды 5 жылдың ішінде салу кҿзделген еді.
Бірақ Түркістан-Сібір темір жол магистралі ҿз жұмысын 1930 жылдың сҽуір
айында бастады. Еңбек жҽне қорғаныс кеңесінің бекітуі бойынша Орта Азияға
алғашқы кезде 835,4 млн тонна астық жіберу кҿзделді. Ал 1932-33 жылдары бұл
кҿрсеткіш 733,3млн тоннаға жетуі тиіс болды.
Түркістан-Сібір темір жолы Қазақстанның экономикалық, ҽлеуметтік
дамуына үлкен ҽсерін тигізді. Құрылыс барысында қиыншылықтар ҿте кҿп
кездесіп, жұмысшылар ҿте қиын жағдайда жұмыс істеді. Бірақ соған қарамастан
бұл құрылыс сол кездегі ірі жобалар қатарына жатып, мҽртебесі жоғары болды.
Вестник Казахского государственного женского педагогического университета. №2(5)2010
170
Қазіргі уақытта бұл темір жол экономикалық тұрғыда, жүк, жолаушылар
тасымалында ҿзінің маңыздылығын жойған жоқ.
ҼДЕБИЕТТЕР
1. Рыскулов Р.Т. Избранные труды. А., 1984 г.
2. Решения партии и правительства по хозайственным вопросом (1917-1967) т.1,
М., 1979 г.
3. Нейштадт С.А. Социалистическое преобразование экономики Казахской ССР
(1917-1937), А., 1957 год
4. Аширбекова Ж.Б. Тұрар Рысқұловтың қоғамдық-саяси қызметі жҽне тарихи
зерттеу еңбектері. Тарих ғылымдарының кандидаты ғылым дҽрежесін алу үшін
дайындаған диссертациясы. А., 2004 .
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада
Түркістан-Сібір
темір
жолының
Қазақстанды
индустрияландырудағы да маңызды рҿлі айтылған.
РЕЗЮМЕ
Статья посвещена строительству Турксиба.
ИСЛАМ ДІНІНІҢ СЫР БОЙЫНА ТАРАЛУ ТАРИХЫ
Ҽбілдашев Д.Ш-магистрант (Қызылорда қ., Қорқыт ата атындағы ҚМУ)
Адамзат тарихының орта ғасырлық кезеңінде дҽуірлеген Қытай, Еуропа,
Ислам ҿркениеттерінің ішінде соңғысының алатын орны ерекше. Ислам бүгінде 1
миллиард 200 миллионнан астам мұсылмандардың басын біріктіретін үлкен
ҿркениетке айналды. Ислам діні Араб елінде VII ғасырдың алғашқы жартысында
пайда болғаны белгілі. Ол негізінен Араб, Парсы, Түрік, Пҽкістан, Оңтүстік-
Шығыс жҽне Орталық Азия елдерін қамтыды.
Ислам Қазақстанға VIII ғасырда келгені тарихта мҽлім. Ислам елдері
ҽлемдегі ең үлкен ҿркениеттің бірі ғана емес, адамзат дамуының рухани жҽне
ғылыми жағынан ҿсу тарихына аса зор ықпал еткен қуатты күшке айналды.
Қазіргі таңда дүние жүзі бойынша 45 мемлекеттің ресми діні ислам болып
табылады. Қазақстанда қазіргі кезде 1648 мұсылмандық діни бірлестіктер, 1534
мешіт бар. Халықтың 9 миллионы ислам дінінде. Орыс проваславие шіркеуіне
қарасты 230 діни бірлестік жүмыс істейді /1, 37 б/7
Ислам дінін ұстанушы мұсылмандар ұғымында бұл дін құдай тарапынан
барлық адамзатқа жіберілген ең соңғы ҿсиет болып есептеледі. Ҽрбір мұсылманға
исламның бес парызына қосымша білім, ғылым жүмыстарымен шұғылдану, таза
жолмен ризық табуға мүмкіндік берілді. Ислам дінінің түсіндіруінде Алла адам
баласын ізгілік жасауға ол дүниедегі нҽрселердің бҽрін адамның игілігіне
жаратқан делінеді. Ислам діні адамдардың кез келген ҽрекеттерінде шектен
шығудан, азғындықтан сақтандырудан, бекер мал шашудан, асыра сілтеушіліктен,
сондай-ақ дүние жүзіндегі халықтардың арасында татулық, теңдік, дұрыс ҿмір
сүру дҽстүрін насихаттайды. Міне, мҽселеге осы тұрғыдан келгенде қазіргі кезде
жастар арасында ислам дінін насихаттау аса қажет. Ол үшін ислам дінін ҽлемге
таратқан арабтар тарихына тоқталған жҿн.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы. №2(5) 2010
171
VIII ғасырдың басында Орта Азия мен Қазақстан жеріне арабтар келгенде
түркі тілдес тайпалардың ҿмірі мен тұрмыс-тіршілігіне, мҽдениетіне айтарлықтай
ҿзгерістер енді. Ҽсіресе шаман дінін ұстанып,тҽңірге сыйынған Сыр бойының
халықтары ислам дінін бірден қабылдаған жоқ. Жетісу түріктері ислам дінін 960-
жылы қабылдаса Сыр бойындағы оғыз-қыпшақ тайпалары XI-ғасырға дейін ҿзара
тартысып қабылдай қоймаған. Оның мҽнісі оғыздардың бір қанаты исламды
қабылдап, батысқа қарай қоныс аударса, Сыр бойында қалған қыпшақтар кҿп
уақыт ҿздерінің ежелгі наным-сенімдерін сақтап қалған еді /2, 28 б/7
Арабтар ислам дінін тарату мақсатында жорықтар жүргізді. Нҽтижесінде
жер аумағын кеңейтіп ірі империяға айналды. Арабтар ҿздерінің Солтүстігіндегі
Палестина, Сирия, Ирак, Иран, Ауғанстан елдерін бағындырған. Олар VIII
ғасырда Мауреннахр жеріне ҽскери жорығын бастайды.Құтайба Ибн Муслим
бастаған Араб ҽскері Бұхара мен Самарқандты, Шаш, Фарабты алады. Тарихи
айғақтарға жүгінер болсақ,арабтардың Мауреннахр жеріне алған табан тіреуі 705-
жыл делінеді. Олар Орта Азияға екі бағытта еніп, жаугершілік жорықтарын
жүргізген.
XI ғасырда ҿмір сүрген Хорезмдік ғұлама Ҽбу Райхан Бируни арабтардың
ҽскери жорықтары туралы: Құтайба ибн Муслим ҽл-Бахили барлық сауатты
кісілер мен дін қызметкерлерін қырып болған соң, олардың кітаптарымен қол
жазбаларын ҿртетіп жіберген.
Мұхаммед (с.а.у) пайғамбар исламды тарату үшін сахабаларын жан-жаққа
аттандырғанда, мұсылмандықты қабылдаған ҽр ұлттың салт–дҽстүріне сергек
қарауды қиянат,зорлық жасамауды қатаң тапсырған. Пайғамбардың бұл ҿсиетін
ұмыт қалдырған Құтайба ибн Муслим, Зияд ибн Салих сияқты арабтардың ҽскер
басыларының зорлық- зомбылығынан ислам діні түрік тектілер арасында тарай
қоймады /3, 17-18 б/.
712-жылы Самарқандты алған арабтар одан ҽрі Орта Азияның қойнауына
тереңдей түсті.Осы кезде Мҽуереннахрға Мочжо бастаған түркі тайпалары келіп,
Соғданы жаулайды.Арабтар болса Шаш, Ферғанаға тұңғыш мешіт салдырады.
Құтайба бастаған араб басқыншылары Сырдың тҿменгі ағысына жете қоймаған.
Антикалық дҽуірде бұл ҿлкенің Кир, Дарий патшаның қол астына кіргені
сияқты,хорезмшахтар тұсындада Сыр бойы тайпалары ҿздерінің тҽуелсіздігін
сақтап қалуға тырысқан.Олар Құтайба ҽскерінің ҽлсіреген сҽтін пайдаланып оның
ықпалынан 715-жылы құтылған.
Сыр бойы тайпаларының Мауереннахр мҽдениетіне қатысты тарихы
зерттелді. Оны В.В.Бартольд ҿзінің «Туркестан в эпоху мангольского нашествия»,
Е.Э.Бертельс «Персидская поэзия в Бухаре», И.С.Брагинский «Из историй
таджикской
народной
поэзии»,
Н.И.Веселовский
«Очерк
историко-
географических сведений о Хивинском ханстве», Г.Вамбери «Путешествие по
Средней Азии в 1863 году», «История Бухары или Трансоксании, В.В.Григорьев
«Караханиды в Маверанахре по «Тарихи Мунеджим-баши», В.А.Крачковский
«Арабская
географическая
литература»,
М.Е.Массон
«К
вопросу
о
взаимоотношениях Византии и Средней Азии по данным нумизматики» ,
И.П.Петрушевский «Из истории Бухары в XIII в», Л. П.Потапов «О сущности
патриархально- феодальных отношений у кочевых народов Средней Азии и
Казахстана», А.А.Семенов «К вопросу об этническом и классовом составе
северных городов империи хорезмшахов в XII в. н. э.», О.И.Смирнов «Из истории
арабских завоеваний в Средней Азии», С.П.Толстов «Древний Хорезм», «По
следам древнехорезмийской цивилизации», А.Б.Ханыков «Описание Бухарского
ханства», А.Ю.Якубовский «Вопросы периодизации истории Средней Азии в
средние века» атты зерттеулерінде сҿз еткен. Осыған біз А.Н.Кононов,
Вестник Казахского государственного женского педагогического университета. №2(5)2010
172
А.Н.Бернштам, С.Г.Кляшторный, О.Г.Большаков, Б.Н.Заходер сияқты кҿптеген
шығыстанушылардың еңбектерін де атауға болады. Арабтардың Мауреннахрға
келуі Қазақстан тарихында аз зерттелген тақырыптардың бірі. Арнайы еңбектер
күрделі ізденістер жоқтың қасы. Сексенінші жылдары баспа жүзін кҿрген бес
томдық тарихымызда бұл мҽселер жол жҿнекей баяндалса, соңғы кездері
жарияланған «Казақстан тарихы» атты кітапта тіпті орын берілмеген.
Тарихшылар дендеп бара қоймаған тақырыпқа қазақ ҽдебиетшілері назар
аударып, біршама зерттеулер жарияланғанын кҿреміз. Солардың қатарында
профессор Ҽ.Қоңыратбаев еңбектерін атап ҿтуге болар еді. Ҿзінің «Араб
шабуылы жҽне Орта Азия ренессансы» деген еңбегінде ғалым араб
шапқыншылығының Мҽуреннахр мҽдениетіне тигізген ықпалына кеңінен
тоқталған. Сол сияқты Орта Азия жҽне Қазақстан мҽдениетінің сабақтастығы
мҽселелері Р.Бердібаев, Ҿ.Күмісбаев, Ҽ. Дербісалиев, еңбектерінде одан ҽрі
жалғасын тауып, зерттелуде. Ғылымдағы дҽстүр жалғастығы деп осыны айтса
керек
Дегенмен Орта Азия мен Қазақстанның араб шапқыншылығы кезіндегі
тарихы толық зерттеу аяқталды деуге болмайды. Бұл мҽселе болашақта тіл
мамандарының, тарихшылардың, географтардың, теологтардың, археологтер мен
этнологтердің қатысуымен қажетті зерттеуге бағытталуы керек. Сол кезде
тақырыптың қатпар тұстарын ашуға ҽр саланың мамандары септігін тигізері
сҿзсіз.
ҼДЕБИЕТТЕР
1. Абдулпатаев С. Ислам ҽлемінің халықаралық қауіпсіздікті нығайту жолындағы
күресі //Ақиқат, №12.- 2003.
2. Қоңыратбаев Т. Ертедегі ескерткіштер. -Алматы: Ҿнер 1996.-268 б.
3. Ғизатов Ж. Исламның Қазақстанда таралуы //Қазақ тарихы, №2. 2009.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада ислам дінінің Сырдың тҿменгі ағысы бойында таралуы жҽне осы
мҽселеге қатысты зерттеулерге шолу жасалған.
РЕЗЮМЕ
В статье дан обзор исследованиям о распространении исламской религии в
области Сыр-дарьи.
МОҢҒОЛИЯ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ ОТБАСЫ ЖӘНЕ НЕКЕ
ҚАТЫНАСТАРЫ
Бҿбекбай М.-магистрант(Алматы қ,., ҚазмемқызПУ)
Отбасы мен неке тағдыры қандай болмасын қоғамдық құрылыспен, ондағы
ҿндірістік қатынаспен тығыз байланысты болады да, ҽр қоғамдық формациядағы
ҽлеуметтік ҿзгерістер отбасы мен неке сипатына да ҽсер етіп ҿзгертіп, жаңартып
отырмақ. Қоғамнан, ҿзін қоршаған табиғи ортадан тыс отбасы болмаған.
Сондықтан жер шарын мекендеген халықтардың отбасы олардың тарихымен бірге
дамып отырған. Шет елде ҿмір сүріп жатқан қазақ диаспорасының бірі Монғолия
қазақтарының отбасы да осындай.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы. №2(5) 2010
173
Ҽрбір семья кішігірім мемлекет болғандықтан оған кҿп нҽрселер сыйысады.
Бұған отбасы мен неке формаларын, ҽртүрлі отбасылық некелік қарым-
қатынастарды, бала тҽрбиесі мен ҿлікті жерлеу ғұрыптарын, үйлену тойына
қалыңмал тҿлеу, жасау беру дҽстүріне байланысты ҽртүрлі жол-жора, ҽдет-
ғұрыптарды, сондай-ақ, қазіргі қазақ отбасы мен некелік қатынастарын
этнографиялық тұрғыда зерттеу.
Отбасы құрылымының тарихи дамуына тоқталатын болсақ, Монғолия
қазақтарында ХІХ-ХХ ғасыр аралығында қазақ халқына тҽн отбасы түрі-ҽке,
шеше жҽне үйленбеген балалардан тұратын дара шағын отбасы болды /1,75/.
Ғалымдардың зерттеуіне қарағанда егіншілікпен шұғылданатын ең үлкен
патриархалдық отбасының негізінде ҿмір сүріп келген кҿшпенді халықтарда
патриархалдық семья тым арыдан тараған.
Бірақ дара отбасында үлкен патриархалдық отбасы қауымының кҿптеген
сипаттары сақталды. Морган ҿзінің «Кҿне қоғам» еңбегінде үлкен патриархалды
отбасын «қарауындағы жерін ҿңдеп, малын бағу, ҽке үкіміне бағыныштылықтан
белгілі мҿлшердегі ерікті жҽне еріксіз адамдардың отбасын құруын» сипаттайды
/2/ .
Монғолия қазақтарында, жалпы қазақ қауымында қара шаңырақ (үлкен үй)
сыбағасы дегеніміз–үлкен патриархалды отбасының қазіргі кездегі кҿрінісі.
Үлкен патриархалдық отбасы дегеніміз-бір атаның балалары бір қазаннан ас су
ішіп, бірігіп пайда тауып, олжасын да тең бҿлісуді айтады.
Монғолия қазақтары ортасында революцияның алғашқы жылдарына дейін
кҿп ҽйел алушылық болған. Шариғат бойынша бір кісіге 4 ҽйелге дейін алуға
рұқсат етілсе, Монғолия қазақтарының ең ірі байлары 7-8-ге дейін ҽйел алған.
Моногамиялық отбасы ежелден бері үстемдік етсе де, қазақ қауымында кҿп ҽйел
алу салтының түп тамыры ҽріде жатты. Бұл салт Моңғолия қазақтары үшін 1938
жылға дейін жалғасты. Бірақ, Монғолия қазақтарының отбасы негізінен
моногамиялы болды/1,82/.
Қазақ арасында жастай некелестіру ежелден келе жатқан дҽстүр. Бұл ХІХ
ғасырда мықтап сақталды. Кейде қыздарды 13-14 жасында ұзатса, ер балаларды
15-16 жасында үйлендірді. Халық түсінігі бойынша неғұрлым жастарды ерте
үйлендірсе, олар ҽрбір жағымсыз қылықтардан аулақ болып ұрпақтары мықты
болады деген сенім болған. ХІХ-ХХ ғ. аралығында Монғолия қазақтарының
некелесуінің ең негізгі түрі–қалыңдықты қалың мал тҿлеп сатып алуға негізделген
құдалық арқылы неке құру болды. Айттыру арқылы қосылған ерлі-
зайыптылардың жас ерекшелігі кейде керісінше болды, яғни ҽйелі ерінен
ҽжептҽуір болады.
Сирек те болса кездесетін некенің түрі-туған туысы жоқ, қалың тҿлеуге
шамасы келмейтін, жалғыз басты, жарлы жігіттер қыз ҽкесіне қалың мал орнына
күшін сату, (белгілі бір мҿлшерде қызмет істеу), немесе қыз ҽкесінің ер балалары
болмаған жағдайда қолына « күшік күйеу» болып кіру арқылы неке құру болды.
Моңғолиядағы қазақтар бүгінгі күнге дейін балаларының барлығына отау
кҿтеріп енші бҿліп беруді парыз санайды. Ал, балалары ҽке-шешесі кҿтеріп
берген отауды «ордаға» бҿліп берген енші малын ҿсіріп, ата дҽулетін арттыра
түсуге талпынады, егер бҿліп берген еншісін дұрыс игере алмаса үлкен сын болып
саналады/3, 24/.
Кҿп балалы ата-аналар ержеткен балаларын мезгілінде үйлендіріп, оларға
енші беріп, бҿлек шығарып отырады. Ҽдетте, кенже бала ержетіп үйленгенше,
кейде тіпті шаруашылыққа ҽбден қартайғанша ҽкенің ҿзі басшылық етеді. Халық
дҽстүрі бойынша кенже інісі үйленіп, шаруашылықты ҿз қолына алғанша
қартайған ҽке-шешеесінің шаруасына үлкен бала мен келін кҿмектесу керек.
Вестник Казахского государственного женского педагогического университета. №2(5)2010
174
Мұндай жағдайда ҽкенің басшылығымен бір отбасы болып үш ұрпақ, ҽке-
шеше, үйленген бала ҽйелімен жҽне немерелері бірге тұрады. Бұл отбасында
ҽкенің үйленбеген інілері мен кіші балалары да бірге тұруы ықтимал.Міне осы
жағдайлардың бҽрі бір уақытта үстем болған үлкен патриархалды отбасының
сарқыншағы деуге болады. Моңғолия қазақтарында мұндай патриархалды отбасы
ХХ ғасырдың 50-ші жылдарына дейін сақталған. Оны В.А. Коноваловтың
«Казахи Южного Алтая» деген еңбегінде нақты келтірген/4,106/.
Балаларына енші беріп бҿлек шығару ҽдеті негізінен олардың үйленуіне
байланысты болады. Жаңа түскен келін ҽдетте 1-2 жыл ата-енесімен бірге тұрып,
ҽр нҽрсеге үйреніп, ҿз бетінше үй болуға дағдыланған соң ҿз алдына отау болып
бҿлінетін де, еншісін алатын.
Ҽке шаңырағынан бҿлінген жаңа отауға туған-туыстары ҿз ҽлінше мал мен
мүлік қосады, оны халық тілінде «жылу», «тамыздық», «немеурін» деп атайды.
Ал, Моңғолия қазақтары мұны жылу дейді.
Осы дҽуірдегі қазақ отбасының бүкіл мазмұнына экономикалық жҽне
ҽлеуметтік қатынастар шешуші фактор ретінде ҽсер етеді. Неке құру мҽселесінде
қалың мал мен жасаудың орны ерекше. Жалпы, қыздың малына сҽйкес жасауы да
мол болды.
Бүгінгі таңда дҽстүрлі жҽне қазіргі отбасылардың құрылымын мамандар үш
жікке бҿліп қарастырады:
а) бірге тұратын отбасылардың құрамындағы адам саны;
ҽ) бірлескен отбасы мүшелерінің құрамы жҽне оның ішіндегі ата-аналар, жас
жұбайлар, т.б. туысқандар;
б) қарапайым нуклеарлық жҽне күрделі отбасыларындағы ұрпақтар саны,
яғни туыстық қатынастар негізіндегі жас ерекшеліктері/5, 175/.
Отбасылық қарым-қатынас қазан революциясынан кейін біршама жаңарып
ҿзгергені мҽлім. Бұрынғы отбасылық неке құру, қалың малға сатуға негізделген,
кҿбінде ҽке билігінде болса, қазір екі жастың келісімімен, сүйіспеншілігіне
негізделген ерікті түрде неке құратын болды. Қалалық жерде кҿбінде екі жастан
/ерлі-зайыпты/ тұратын жҽне 1-2 балалы жас жанұя кҿбейсе ауылдық жерлерде
отбасының кҿбі екі ұрпақтан ҽке-шеше жҽне үйленбеген балалардн тұрады.
Үйленбеген кенже баласын шығармай қолда ұстайтын жағдайлар бар. Бірақ,
қазіргі заманның бір ерекшелігі кенже баласын отау болдырып бҿліп жіберіп,
үлкен ұлдарының бірінде бірге тұра береді. Оның себебі, кіші ұлы мен келінің
мамандығына байланысты. Олар басқа жерге қызметке орналасса, ҽке-шеше
қоныс аударғысы келмегендігіне байланысты. Ҽртүрлі жағдайлармен ҽке-
шешеден ерте айрылған жас балалар туған ағаларының немесе туыстарының
қолында ержетіп үйленгенше бірге тұратын салт бұрын да болған, қазір де бар/6,
92/.
Жанұя басында ҽйелдер болатындығы олардың күйеуі ҿлген соң
балаларының жас үйленбегенінен болады. Балалары ержетіп үйленсе жанұя билігі
баласына кҿшеді. Қазіргі жанұя заңы бойынша отбасы құрамы қандай болуына
мемлекет араласпайды. Ҽркім ҿз еркімен қандай отбасылық құрамды қаласа,
ұнатса, соны таңдайды. Бұған қоғамдық, экономикалық жағдайлар ҽсер етеді.
Үйленген ағайынды адамдар бір отбасы болып табыстарын да, шығындарын да
біріктіріп тұруы ұзаққа созылмайды. Ҿйткені, ҽр отбасы мүшесі еңбек етеді,
табыс табады, соған қарап киініп, ішіп жейтіндіктен ерлі-зайыпты жастар бҿлек
тұруды ұнатады. Оларды бір тұруға мҽжбүр ететін экономикалық, ҽлеуметтік
факторлар қазір жоқ. Бұдан болып туыстық қарым-қатынас ҽлсіремейді, олар
керек жағдайда бір-біріне сүйеу боп, кҿмек беріп, бас кҿз болады. Қазір бір
отбасында тіршілік етіп, екі үй болып есептелетін жағдай да бар. Ол ҽке-шеше
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы. №2(5) 2010
175
мен қолында тұратын үйленген балалары болуы да мүмкін.Үйленген балаларын
отау етіп бҿлек шығарғанда енші беріп, тілеу істейтін. Егер отбасы қорының
кҿпшілігі ҽке табысынан тұрып, ҽке тұғырдан түспеген болса, қолындағы ұл мен
келіні ҽке ықпалында болады. Отбасы қоры бала мен келін табысынан болып, ҽке-
шеше қартайған жағдайда отбасы тізгіні балаға ҿтеді. Бірақ ата-ананы сыйлау
дҽстүрімен олардың ой-пікірімен санаса отырып іс басқарады. Ескі дҽстүрдің
сақталуына байланысты үйдің ішкі шаруасын негізінде ҽйел басқарып істейді.
Бірақ осы кезде үй шаруасына еркектер де араласып ақыл қосып отырады.
Бүгінгі таңда жаңа отбасы мүшелерінің ішінде жоғарғы білім алғандар
кҿптеп кездеседі. Мұндай жағдай жас жұбайлардың білімділігін, мҽдениеттілігін,
парасаттылығын, адамгершілік қасиеттерін молайтып жаңа ҿмірдің кілтін ҿз
қолына ұстай білуге мүмкіндік береді. Жаңа типтегі қазақ отбасының
қалыптасуы, ең алдымен келіннің үй жайының жақсаруы мен келген жерімен
қарым-қатынасының жаңа жағдайға байланысты мүлдем ҿзгергеніне байланысты
болып отыр.
ҼДЕБИЕТТЕР
1.Ислам Қабышұлы Моңғолия қазақтарының тарихы.–
Ҿлгий.–1980.–242 б.
2.Морган Л. Кҿне қоғам. Л.–1934 . 275 бет.
3.Нұрсҽуле Мешелқызы Моңғолия дағы қазақтардың тіршілік цикліне
байланысты ҽдет-ғұрыптары: Алматы,2006.-64 бет.
4.Коновалов А.В. Казахи Южного Алтая. Алма-Ата,1986.-144 с.
5.Арғынбаев Х.А. Қазақтың отбасылық дҽстүрлері.-Алматы, 2005-216 б.
6.Хожанияз Қапасұлы Қазақ халқының салт-дҽстүрлері. 2008.-144 бет.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада Моңғолия қазақтарының отбасы жҽне неке қатынастары
баяндалған.
РЕЗЮМЕ
В статье рассказывается об семейных и брачных отношениях казахов
Монголы.
Достарыңызбен бөлісу: |