Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері манкеева жамал Айтқалиқызы кіріспе


«Ғаламның тілдік бейнесін» танудың тиімді жолы – лингвомәдениеттану



бет211/248
Дата29.09.2023
өлшемі4,42 Mb.
#111426
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   248
Байланысты:
антология- Тіл білімінің негізгі мәселелері (1)

1.3. «Ғаламның тілдік бейнесін» танудың тиімді жолы – лингвомәдениеттану.
Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесіне сәйкес оның қоғамдық-әлеуметтік қызметін күшейту, тарихи-танымдық әлеуетін жаңғырту мәселелрі тілде сөйлеушілердің ұлттық болмысын анықтаумен тікелей байланысты. Сондықтан «тіл мен ұлт біртұтас» деген қағидаға сәйкес ұлтты, ұлт мәдениетін тіл ақпараты арқылы танцту қазақ тіл біліміндегі өрістеп келе жатқан жаңа үрдіс. Сондықтан қазіргі әлемдік өркениет кеңістігіндегі жаһандану үрдісіне сәйкес тілді зерттеудің кешенді де интеграциялық сипаты тіл мен мәдениет сабақтастығын анықтауға ерекше назар аударады. Оның нақты көрінісі – «ғаламның тілдік бейнесін» ұлт тілі арқылы зерттейтін лингвомәдениеттану саласы.
Оның теориялық-әдістанымдық негіздері В.Гумболдьт, Э.Сепир, Б.Уорф, Г.Қ.Колшанский т.б. еңбектерінде жасалып;
Осымен байланысты лингвомәдениеттану тілді мәдениетке қатысты зерттейтін, сонымен бірге тілдің қызметіндегі және дамуындағы тілдік, этномәдени және этнопсихологиялық факторлардың өзара әсерін қарастыратын тіл білімінің жаңадан дамып келе жатқан саласының бірі. Осыған орай ұлттық болмысымен ерекшеленетін нақты тілдік деректерді талдау арқылы, сонымен бірге туыстас түркі халықтары және жалпы адамзаттың өркениетімен тамырласатын қазақ мәдениетінің өміршең сипаттарын санаға сіңіру, әрі жаңғырту – қазақ тіл білімінің жаңа бағыттарын белгілейтін өзекті мәселердің бірі. Ал, осы әлеуметтік үрдісті нақты түрде іске асыру лингвомәдениеттану саласының еншісіне тиіп отыр.
Тіл біліміндегі лингвомәдениеттанудың дербес ғылыми пән дәрежесін көтерілуіне, қалыптасуына В.Воробьев, В.И.Телия, А.Вежбицкая, Е.М.Верещагин, В.Т.Костомаров, В.Маслова, Ю.М.Лотман зерттеулері мен еңбектері ықпал етті. Осы ғалымдардың еңбектеріне сүйеніп, лингвомәдениеттанудың мәдениет метатілінің негізінде тіл мен мәдениеттің өзара әсерін, қызметін нақты зерттейтінін анықтауға болады.
Қазақ тіл біліміндегі осы саладағы зерттеулердің тақырыбы, мазмұны, ұстанымы мен дереккөздері де осы қағидаға сәйкес жүргізіліпт отырғанын байқаймыз. Жоғарыда атап көрсеткеніміздей, оның бастау көздерін ұлттық мәдениет пен болмыстық ерекшеліктерді таныту, лингвомәдениеттану пәніне қатысты Ш.Уәлиханов, Ә.Марғұлан, Қ.Жұбанов, М.Әуезов еңбектерінен басталып, ғалым-тілшілер І.Кеңесбаев, Ә.Қайдар, Р.Сыздық, Е.Жұбанов, Е.Жанпейісов, Т.Жанұзақов, Н.Уәлиев, Ж.Манкеева, А.Жылқыбаева, Қ.Рысбергенова, Р.Шойбеков, т.б. ғалымдар еңбектеріндегі тіл зерттеулерінің ұлттық сипаты ретінде жалғасқанын көреміз. Осымен байланысты Ә.Қайдардың, Р.Сыздықтың, М.М.Копыленконың, Е.Жанпейісовтің, Н.Уәлиевтің тілдік ақпаратты ұлттық болмыс тұрғысынан зерттеген еңбектерінде тілдің тек онтологиялық сипаты ғана емес, уәждік негізі, уақыт пен кеңістік контексіндегі этнотанымдық табиғаты да ашылған және оларды осы саланың теориялық-әдістанымдық бастау көздері деп қарауға болады. Дегенмен, мәдениеттің дерегі ретінде тіл әлі де жеткіліксіз қарастырылуда. Осыған сай тілдегі мәдениеттің айқын үлгілері, әсем өрнектері ажарланған ұлттық-мәдени лексика атаулары, киім-кешек атаулары, зергерлік бұйымдар атаулары, мифологемдер т.б. этномәдени болмысын тіл арқылы ашуды «тіл – мәдениет - ойлау» үштаған сабақтастығындағы арнайы зерттеулерде лингвомәдени негіздердің қалыптасуының тілдік уәждері мен тетіктерінің ежелгі (алғашқы) құрылымдық түрлері мен вербалдануы айқындалды: Сыздықова Р. Сөздер сөйлейді (1980, 1984, 2004), Жанпейісов Е. Этнокультурная лексика казахского языка (1989), Хусайинов К.Ш. Қазақ тіліндегі күлкі және жылауға байланысты дыбысбейнелеуіш етістіктердің лексика-семантикалық топтары (1988), Ақбердиева Б.Қ. Лексика-фразеологиялық жүйедегі мифтік-танымдық құрылымдар (2000), Серікбаева Ұ.Б. Қазақ тіліндегі «ақ» және «қара» түр-түс атауларының этнолингвистикалық сипаты. (2003), Қайырбаева Қ.Т. Қазақ тіліндегі этномәдени атаулардың символдық мәні (2004).
Әртүрлі тақырыптық топтарды ұлттық мәдениетке қатысты этнолингвистикалық зерттеулер:
а) Өсімдік атаулары: Қалиев Б. Қазақ тіліндегі өсімдік атаулары (1988), сейітова Ш. Өсімдікке байланысты тұрақты тіркестердің этнолингвистикалық сипаты (1999).
ә) Ономастика, топонимика, антропонимика: Жанұзақов Т. Қазақ ономастикасы (2006), Рысбергенова К.К. Историко-лингвистический анализ топонимия Казахтана (1993), Әшімханова Ф. Қазақ тіліндегі антропонимдердің лингвомәдени жүйесі (2007), Керімбаев Е. Атаулар сыры (1984), Ержанова Ұ.Р. Батыс Қазақстан облысы топонимдерінің этнолингвистикалық сипаты (1998), Тасполатов Б. Қазығұрт өңірі топонимимсяының этнолингвистикалық сипаты (2010), Мұсабаева М.Д. Қазақ тіліндегі антропонимикалық аталымдардың этнолингвистикалық сипаты (1995), Көшімова Б.Ә. Қазақ лексикасындағы бейонимдеу үрдісі (2001), Ағабекова Ж.А. Қазақ тіліндегі араб текті кісі аттарының этнолингвистикалық сипаты (1995), Әшімханова Ф. Қазақ тіліндегі антропонимдердің лингвомәдени жүйесі (2007), Арысбаев А. Қазақ топонимдерінің кумулятивтік қызметі (2005).
б) Малға, итке байланысты: Панзарбекова Р.З. Қазақ тіліндегі жануарлар төлінің атауы (1998), Тлепин Б.Қ. Қой-ешкі атаулары мен тіркесімдерінің этнолингвистикалық сипаты (2004), Тоқтағұл Б.С. Түркі тілдеріндегі төрт түліктің жасына қатысты атаулардың этнолингвистикалық сипаты (2005), Бектемирова Б.С. Қазақ тіліндегі киноморфизмдер (2005).
в) Өлшем атаулары: Күркебаев К.Қ. Қазақ тіліндегі ұлттық өлшемдердің этнолингвистикалық сипаты (2003), Дүсіпбаева Қ. Қазақ есімдерінің сандар жүйесіндегі тілдік көріністері (2002), Асқар Л.О. Қазақ тіліндегі тәулік кезеңдері атаулары (2005), Сарбасова Г. Қазақ және түрік тіліндегі әйел қолөнеріне байланысты халықтық лексиканың этнолексикалық сипаты (2010).
г) Материалдық мәдениет: Жилкубаева А.Ш. Термины питания в казахском языке (1991), Манкеева Ж.А. Қазақ тіліндегі этномәдени атаулардың танымдық негіздері (2008), Шойбеков Р. Қазақ зергерлік өнерінің лексикасы (1992), Алмауытова Ә.Б. Қазақ тіліндегі киім атауларының этнолингвистикалық табиғаты (2004), Әлімжанова А. Қазақ тіліндегі әйел қолөнеріне байланысты халықтық лексиканың этнолексикалық сипаты (2008), Ахметжан Қ.С. Қазақтың дәстүрлі қару-жарағы: даму тарихы, құрылымы, этномәдени қызметі (2003), Жаубақова Т. Қазақ ұлттық музыка аспаптары атауларының этнолингвистикалық сипаты (2006), Иманалиева Р. Этнолингвистическое изучение терминов пространства (1989), Мухатаева А. Этнолингвистическое изучение лексики казахского эпоса (1989), Сатенова С. Образно-фоновая основа устойчивых выражении, образованных на основе лексики скотоводства в казахском языке (1990), Уызбаева Б. Қазақ тіліндегі соматикалық етістік фразеологизмдердің этнолингвистикалық сипаты (1984).
ғ) Рухани мәдениет: Қайдар Ә. Халық даналығы (2004), Ахметов Ә. Түркі телдеріндегі табу мен эвфемизмдер (1998), Смағұлова Г. Мағыналас фразеологизмдерден ұлттық-мәдени еспектілері (1999), Жұмағұлова М. Газети публицистика тіліндегі эвфемизмдер (2000), Дина Б. Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің танымдық-прагматикалық аспектісі (2002), Жапақов С. Этикалық фразеологизмдердің когнитивтік негіздері (2003), Жұмағұлова Ж. Қазақ тіліндегі этноәлеуметтік құрылым атауларының лингвомәдени негіздері (2006),Жанпейісова С.Е. Қазақ тілінің рухани мәдениет лексикасы (1996), Уәлиев Н. Фразеология және тілдік норма (1998), Жолдасбек Л.О. Қазақ сөйленістеріндегі туыстық атаулар (1999), Сағынова Б.Ұ. Қазақ тіліндегі адам интеллектісіне қатысты лексика (1999), Ғабитханұлы Қ. Қазақ мифологиясының тілдегі көрінісі (2011), Әбутәліп О. Қазақ күнтізбе жүйесінің лексико-фразеологилық бірліктері (2008), Сабирова Г. Көркем тілді адамтану парадигмасы тұлғасынан зерттеу (2010).
д) Көркем мәтін тілі: Сейілхан А. Қазақ тіліндегі этнографизмдердің лингвомәдениеттанымдық мәні (2002), Ниятова Ж. Махамбеттің тілдік тұлғасы (2007), Хабиева А. Тарихи лексиканың мазмұндық құрылымындағы құрылымдық компоненттер (2007), Имашева Г. М.Дулатұлы шығармаларындағы «ғаламның тілдік бейнесі» (2007), Абдуллина З. Бабалар әдебиеті кейіпкерлерінің тілдік тұлғасы (2008), Ермекова Ж. М. Жұмабаевтың тілдік тұлғасы (2010), Орынбетова Э. М. Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясының ономастикалық кеңістігінің лингвомәдени сипаты (2010), Оразбаева Э. Кекілбаевтың тарихи романдарындағы жалқы есімдердің этномәдени, лингвостилистикалық, лингвоконцептологиялық ерекшеліктері (2010), Елемесова Ш.М. Көркем мәтіндегі ұлттық мәдениеттің релеванттары (Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романы бойынша) (2003), Снасапова Г.Ж. Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» повесіндегі лингвомәдени бірліктер (2003), Қожақметова Ф. Т.Ізтілеуов тілдік тұлғасының дискурстық сипаты (2005), Аубакирова Г.Г. Идиэтническая семантика и лингвостилистические функции собственных имен в художественном тексте (2004), Абдрахманов Д.Б. Тіл мен дүниетаным сабақтастығы (Ә.Кекілбаев шығармалары негізінде) (2004).
з) Этикетке байланысты:
Қобыланова Д.Б. Қазақ сөйлеу этикеті (1993), Абдыкаримова Д. Типология реплик казахского и русского диалогов (1999), Алимжанова Г.М. Структура речевого этикета казахского и русского языков (1999).
ж) Терминжасамға қатысты:
Құрманбайұлы Ш. Қазақ лексикасының терминдену үрдісі (2000), Ақаев С. Терминнің тілдік және танымдық сипаты (2002), Қожаева М. Аударматану терминдерінің когнитивті семантикалық құрылымы (2007), Айдарбек Қ. Қазақ терминологиялық аталымының ономасиологиялық негіздері (2010), Әшімбаева н. Байырғы қазақ қоғамындағы атақ-лауазым атауларының тілдік сипаты (2009) т.б.
й) Жаңа бағыттарға сәйкес лингвомәдени зерттеулердегі деректер: Уәли Н. Ұлттық идея және тіл өміршеңдігі // ҚР ҰҒА Хабарлары, фил. Сериясы 2008, №1. Күштаева М.Г. «Тары» концептісінің семантикалық құрылымымен лингвомәдени мазмұны (2003), Бейсембаева С.Б. Невербальные компонент коммуникации в казахском языке (2002), Жумагулова Б.с. Способы вербализации концептов дом, долг в русском, казахском и англиском языках (2003), Айтова Н. Қазақ тіліндегі түр-түс атауларының когнитивтік семантикасы (2005), Уматова Ж.М. Концепты душа // жан как лингвокультурологический феномен (2005), Әмірбекова А. Қазақ мәдениетін таңбалайтын этномаркерлік бірліктердің қалыптасуы // Тілтаным, 2009, № 3. Әмірбекова А. М.Мақатаевтың бейнелі сөздер сөздігі. Алматы, 2013. Сағидолда Г. Поэтикалық фразеологизмдердің этномәдени мазмұны (2004), Тұрышев А. М.Жүсіп шығармалары лексикасының этномәдени негіздері (2005), Жартыбаев А. Орталық Қазақстан топонимиясының тарихи-лингвистикалық этимологиялық және этномәдени негіздері (2006), Тілеубердиев Б. Қазақ ономастикасының лингвоконцептологиялық негіздері (2006), Оразалиева Э. Қазақ тіл біліміні когнитивтік парадигмасы (2007), Әзімжанова Г. Қазақ көркем проза тілінің прагматикалық әлеуеті (2007), Уәли Н. Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздері (2007), Есенова Қ. Қазіргі қазақ мәдениетінің прагматикасы (2007), Керимбаева Д. Языковая картина мира казахских народных волшебных сказок (2008), Байғутова а. «Қазақ әйелі» концептісінің этномәдени сипаты (2008), Нұрдәулетова Б. Жыраулар поэтикасындағы дүниенің концептуалдық бейнесі (2008), Мұратова Г. Абайдың тұлғасы: дискурстық талдау мен концептуалдық жүйесі (2009), Сейітова Ш. Қазақ этнонимдерінің тарихи-лингвомәдени жүйесі (2009), Рысберген Қ. Қазақ топонимиясының лингвокогнитивтік және этномәдени негіздері (2010), Жаңабекова А. Қазақ тіліндегі «уақыт» ұғымының тілдік парадигмасы (2010), Жұбаева О. Қазақ тілі грамматикасының категорияларының антропоөзектілігі (2010), Сүйерқұл Б. Хорезмидің «Мұхаббатнамесіндегі» (ХІҮ ғ.) лингвосемиотикалық кеңістік (2010), Сапарбекова Г. Шежіреші тілдік тұлғасы (2010).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет