Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері манкеева жамал Айтқалиқызы кіріспе


Қазақ этнолексикасын зерттеу барысындағы лингвомәдени және лингвоелтанымдық сабақтастық



бет212/248
Дата29.09.2023
өлшемі4,42 Mb.
#111426
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   248
Байланысты:
антология- Тіл білімінің негізгі мәселелері (1)

Қазақ этнолексикасын зерттеу барысындағы лингвомәдени және лингвоелтанымдық сабақтастық.
Бүгінгі таңдағы өркениетті елдерді этнос ретінде түбегейлі танытатын тілінде қалыптасқан деректері арқылы тіл мен мәдениет, тіл мен ұлт сабақтастығында жүргізілетін лингвомәдениеттанымдық зерттеулердің өзектілігі ерекше. Осы орайда тілдік мұра арқылы ұлтты, ел мәдениетін барынша толық танытудың негізгі бір тетігі – ұлттық әлемнің тілдік үлгісін жасау, ұлттық мәдениеттің кілтін ашу. Оның мәні тілдің тек коммуникативтік қана емес, мұрагерлік те, танымдық та, танытушылық та қызметімен байланысты.
Дегенмен, тіл деректерін тек лингвомәдени аспектіде ғана зерттеу жеткіліксіз. Осы арада лингвомәдениеттанудың құрамдас бөлігі лингвоелтану саласына да назар аудармаса, жоғарыда көрсетілген қажеттілік, яғни ұлттың толық та шынайы болмысы әсіресе басқаларға жеткілікті танылмайды.
Нақты айтқанда, тіл мен мәдениет сабақтастығын көрсететін тілде бейнеленген сол ұлтқа ғана тән реалийлер, яғни баламасыз лексика мен лакуналар, солардың мазмұнындағы ұлттық мәдени сипаттағы компоненттердің ешкімде қайталанбайтын қасиетінің тілдік көріністерін ашып көрсету лингвоелтану саласы арқылы айқындалады.
Елтану пәні басқа тілді үйрету барысында сол тілде сөйлеуші елдің тарихи-мәдени болмысын танытушы пән ретінде дүниеге келіп, шет тілін оқытып, үйрету тәжірибесі арқылы дамып, методологиялық негізі қалыптасқаны белгілі.
Қазіргі тіл біліміндегі тілді зерттеудің антропоцентристік бағытына сәйкес зерттеу барысында елтанудың ұлттық ерекшеліктің барлық қырларын (әлеуметтік, мәдени, тарихи, т.б.) тұтастай тек тіл арқылы танытуда мәні зор, жоғары тиімділігі дәлелденіп, лингвоелтану саласы жаңа сапалық деңгейде қалыптасуда.
Қазіргі егеменді қазақ мемлекетінің мәртебесіне сәйкес, оның дүниежүзілік аренадағы саяси, экономикалық, мәдениетаралық коммуникациядағы сұранысына сай “дүниенің тілдік бейнесінің” нақты ұлттық белгілерінің тілдік парадигмасын кеңейту өзекті мәселе. Бұл, атап айтқанда, ұлттық мәдениеттің жаңа қырларын ашып, бай тілдік деректерді қамтитын, тілдің елтанымдық қызметін айқындайтын зерттеулерді дамытуды қажет етеді. Себебі бұл мәселенің шешілуі тіл мен мәдениет сабақтастығын дәлелдеуді жаңа, нақты дәйектік деңгейге көтермек. Осы тұрғыдан және әлеуметтік сипаттағы қазақ қоғамының рухани-мәдени өзекті мәселелерімен сабақтасып, нақты қоғамдық сұраныстарды қанағаттандырмақ.
Сонымен бірге қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде өзге ұлт өкілдеріне оқытып үйретуде де көптеген мәселелердің шешімін табуы лингвоелтану саласымен ұштасып жатқаны байқалады. Сондықтан осы бағытта жүргізілетін зерттеулер нәтижелері болашақта егемен еліміздің басқа елдермен мәдени, экономикалық, т.б қарым-қатынастарын жетілдіруді ана тілі арқылы жүзеге асыратын арнаға нақты өз үлесін қосуы тиіс. Оған жоғарыда көрсетілген тілді зерттеудің жаңа кешенді қағидалары, соған сүйенген жаңа бағыттағы зерттеулер мүмкіншілік береді деп ойлауға негіз бар.
Себебі тіл арқылы ұлттың рухани дүниесінің, сонымен сабақтас қалыптасатын материалдық өндіріс пен тұрмыс күйін бейнелейтін мәдени жүйе әркімнің жеке басының жағдайына байланысты емес. Ол белгілі бір халықтың әлеуметтік-психологиялық, мәдени-тұрмыстық, дүниетанымдық жағдайына байланысты қалыптасатын жалпыхалықтық құбылыс. Сондықтан этникалық қауымдастықтың этникалық мәдениет пен ұлттық сана туғызатыны белгілі этнограф-ғалым, академик Ю.В.Бромлей, т.б. ғалымдардың еңбектерінде тұжырымдалған: Осы тұжырым мәдениеттанушы-ғалым Ю.М.Лотманның пікірімен де сабақтасады: «Культура прежде всего, понятие коллективное. Отдельный человек может быть ностителем культуры, может активно участвовать в ее развитии, тем не менее по всей природе культура, как и язык-явление общественное, то есть социальное. Культура – это прежде всего память, сложная семиотическая система, ее функция – память, а ее основная черта – накопление» [18].
Мейманды үйге келген күтіп алып,
Құман тұр от басында келін болып
Туырлық, үзік, белдеу, ши, дөдеге,
Шалқалап түндік жатыр дәл төбеде
Орнықты бәйбішедей қара саба,
Астында орындықтың мыс тегене
Тағы да мен айтпаған күнің қалды
Қабыңда түтілмеген жүнің қалды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет