Байланысты: антология- Тіл білімінің негізгі мәселелері (1)
Шелек, қайрақ, ұстара, адалбақан, Отбасы, ошаққасы, күлің қалды.
Тағы да мен айтпаған мосы қалды
Ыңыршық пен ашамай, қосы қалды.
Тосыннан төре жарлық қылғаннан соң,
Бұл шерің сөз таба алмай шошып қалды
Болғанда тотай, құлға асық қалды.
Аяққапта қырғыш пен қасық қалды,
Тосыннан төре жарлық қылғаннан соң,
Бұл Шерің жауап таппай сасып қалды.
Демек, тіл – этностың бүкіл рухани, мәдени байлығының куәгері іспетті. Осыған орай, ұлттық рухты жаңғыртып, ұлттық мәдениетті тану мен танытуда соның бір жолы тіл арқылы рухани-мәдени мұрамызды ежелден келе жатқан тәжірибе негізінде қорытып, тарихи қызметін саралап, қайта бағалауға бағытталған кең арналы да терең зерттеулердің қажеттілігі туындап отыр. Нақты айтқанда, қазақтың күнделікті тұрмысында қолданылатын бұйымның, ия бір заттың атауы – ұлттық сана мен ұлттық талғам сабақтастығының нәтижесінде пайда болып, қалыптасатын интегралды туындының тілдегі бейнесі. Демек, тілдік атау белгілі бір затты атап қана қоймай, ұлттың өзіне тән дүниетанымдық ерекшелігіне сай туындаған бұйымды дәйектейді. Осымен байланысты тілді мәдениетке қатысты зерттейтін, сонымен бірге тілдің қызметі мен дамуының этномәдени және этнопсихологиялық факторлардың негізінде қалыптасып, сипатталатынын, өзара әсерін қарастыратын тіл білімінің жаңадан дамып келе жатқан салаларының бірі – лингвомәдениеттану. Осыған орай, ұлттық болмысымен ерекешеленетін нақты тілдік деректерді туыстас түркі халықтары және жалпыадамзаттың өркениетімен тамырласатын қазақ мәдениетінің өміршең сипаттарын лингвоелтану аспектісінде талдау, біріншіден, оларды қазіргі қазақ қоғамының рухани-әлеуметтік мүддесіне сәйкес өз ішінде ұлттық санасына сіңіру, екіншіден, мәдениаралық коммуникация қызметіне сәйкес өзгеге танытатын қазақ тіл білімінің жаңа бағыттарын белгілейтін өзекті мәселелерінің бірі. Сондықтан да осы әлеуметтік үрдісті нақты түрде іске асыру тіл білімінің лингвоелтану деп аталатын саласының еншісіне тиіп отыр.
Оның себебін қазіргі әлемдік өркениет кеңістігіндегі жаһандану үрдісі өріс алған кезеңде жеке ұлт болмысы мәдениетін жіктеп көрсетуге мүмкіншілігі бар кешенді де интеграциялық сипаттағы тіл біліміндегі жаңа бағыттағы зерттеулер негізінде түсіндіруге болады. Соның нақты бір дәлелі – ұлттың тілдік санасында қалыптасқан “ғаламның тілдік бейнесін” ұлттық тілдің нақты деректері (реалийлер, баламасыз лексика, лакуналар, т.б.) арқылы зерттейтін лингвоелтану саласы. Және бұл мәселенің шешіміне тек бір тілдің, мысалы, қазақ тілі деректерін зерттеудің шеңберінде ғана толық қол жеткізу мүмкін еместігін қазіргі қазақ тіл біліміндегі зерттеу тәжірибесі мен барысы көрсетіп отыр. Осыған орай, қазақ ұлттық мәдениетінің тілде бейнеленген көрінісін және сақталуын анықтау, дәлелдеу үшін салыстырмалы, салғастырмалы зерттеу бағыты да лингвоелтану саласын сипаттайды.
Осымен байланысты, лингвоелтанудың жүйелі құрылымы, теориялық-әдістемелік негізі, зерттеу нысаны, т.б. сәйкес ғылыми базасы лингвомәдениеттану, этнолингвистика, психолингвистика салаларымен, жалпы алғанда, ортақтығымен сипатталса, практикалық құндылығы тұрғысынан аталмыш сала дәйекті түрде ерекшеленеді. Атап айтқанда, этнолингвистика сөздік қордағы ұлттан, этностан мұра болып келе жатқан лексемалардың ішкі мәнін, қалыптасу тарихын диахронды тұрғыда зерттейді. Этнолингвистикада арнайы тақырып аясы шектелмейді. Жалпы сөздік қордағы белгілі бір этносқа тән атаулар (көбінесе көне сөздер, яғни этнографизмдер) зерттелінеді. Бұндай сөздер төрт түлік малға қатысты болуы мүмкін, алғыс, қарғыс сөздері болуы мүмкін, аспан денелері мен табиғат құбылыстарын өздігінше тану, түсінуге қатысты сөздер болуы мүмкін.
Осы тектес тілдік деректердің арнайы жіктеліп, жүйелі түрде зерттелуін Ә.Жақыповтың, Б.Тлепиннің, Б.Тоқтағұлдың, Р.Панзарбекованың, Қинаятұлының, М.Отыншиеваның еңбектерінен табуға болады. Осы жұмыстардың мазмұнын зерделеу, қарастырылған этномәдени тілдік бірліктердің зерттеу нысанын кеңітіп, айқындай түсу қажеттігін көрсетеді. Атап айтқанда, лингвомәдениеттанымдық зерттеу бағыттарының негізгі ұстанымы мен әдіс-тәсілдерінің өзара ұқсастығын, айырмашылығын анықтау міндеті туындайды. Ол өз кезегінде лингвомәдениеттанымдық зерттеу нысанына алынатын тілдік материалды сұрыптау мен жинақтаудың негізгі критерийлерін айқындауды қажет етеді.
Сонымен, жалпы тіл білімінде тіл мен мәдениеттің жалпы бастапқы мәселесі жөнінде белгілі бір теориялық алғышарттар жасалынған және олар лингвомәдениеттану, лингвоелтаным, этнолингвистика арасындағы айырмашылықтарды лингвистикалық пәндер жүйесіндегі олардың иерархиялық қатынастары негізінде айқындауға мүмкіндік берді. Сол сипаттамалар бойынша лингвомәдениеттану жалпы және салыстырмалы тіл біліміне, ал лингвоелтану мен этнолингвистика екеуі нақты тіл біліміне жатады [19].
Орыс тіл білімінде соңғы жылдары пайда болған лингвомәдениеттанудың лингвоелтанымнан айырмашылығы лингвоелтанудың шетел тілін үйрену процесінің объектісі болып, сол тілде сөйлеушінің емес, оның тұрғындарының тілдік санасында тілдік единицалардың аялық білімдерінің көрініс табуы саналатыны жөніндегі көзқараспен түсіндіріледі [20, 127].
В.Воробьевтің ойынша, лингвомәдениеттанудың басты мәселелері болып методологиялық (философиялық) және филологиялық (лингвистикалық) мақсаттар саналады да, лингвомәдениаттану ғылымаралық синтездеуші типке жатады [21, 43].
Автордың атап көрсеткеніндей, лингвомәдениеттану мазмұны жағынан лингвоелтануға қарағанда тарлау. Себебі оның зерттеу объектісі адамзат қолынан жасалған материалдық және рухани байлықтар, яғни артефакттар жүйесі саналады (латынның artefaіtum – «қолтума дүние» деген сөзінен шыққан) және бұл термин өнеркәсіп, шығармашылық жұмыстардың өнімі, мәдени шығармалар деген мағынаны білдіреді.
Лингвомәдениеттанудың әдістемелік негізін қалаған В.В.Воробьев пен В.А.Маслованың еңбектеріне шолу жасағанда байқалатыны – оның мақсатының ұлт ерекшелігі, менталитет, ұлттық тұлға сияқты жеке қасиеттердің тіл фактілерінде көрінуі, рухани мәдениетті көрсетудегі тіл фактілерінің қызметі мен орнын анықтау екендігі. Ал, лингвоелтанудың мақсаты тіл арқылы белгілі бір елді, оның мәдениетін, болмысын, ерекшелігін нақты көрсету. Олай болса, бұл екі пәннің ішкі байланысы мен сабақтастығын жоқа шығаруға болмайды.
Сонымен, лингвоелтану – этностық дәуірден бастап, адамзаттың рухани және материалдық әлемінде қалыптасқан құндылықтардың тіл арқылы сақталған қоры. Соның негізінде таза ұлттық белгілердің баламасыз тілдік көріністері лингвоелтанымдық аспектіде қарастырылған мәдени константалардың ұлттық нышандары, ұлттық болмыс-бітімі, халықтық мінез-құлқы мен тұрмыстық ерекшеліктерін ажыратып көрсететін тілдік ұғымдар мен белгілері анықталады. Лингвоелтанымдық аспектіде зерттеу тілдің мәдениетаралық сипаттағы коммуникативтік құдіреті ұғымын тереңдетеді. Лингвоелтанымдық зерттеулердің дені лингвомәдениеттанудың, этнолингвистиканың жалпы теориялық-әдістанымдық негіздерінде жасалып, нақты зерттеу нысандарының кеңейіп келе жатқан даму барысын сипаттайды. Ол сабақтастық туралы Е.Верещагин мен В.Костомаровтың еңбегінде: «Лингвоелтанымдық тәсіл бойынша өзге ұлт өкілдеріне тілді кешенді меңгерту – бұл тілдің кумулятивтік қызметін лингводидактикалық тәсілде үйретіп, адресат санасына сол ұлттың мәдени өмірін толық сіңіретіндей (аккультурация адресата) дәрежеде оқыту аспектісі», – деп көрсетеді [22, 49].
Лингвоелтану бағытының әдістемелік негізі:
1) шет тілдерін меңгертуде коммуникативтік біліктілікке талпыну, адекватты қарым-қатынас кезінде сол ортаға тән ақпараттар туралы жеткілікті дәрежеде хабардар болуға бейімдеу;
2) тілдің кумулятивтік қызметін, яғни тілдің бейнелену, астарлану (фиксация) қызметін ажырата білу, сондай-ақ ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан мәдени-тарихи ақпараттардың тіл бірліктері арқылы сақталуын қарастыру;
3) экстралингвистикалық тұрғыдан өзара сәйкес келе бермейтін екі тілдің айырмашылықтарын, яғни сол тілді тұтынушы ұлттың, елдің өзіндік ерекшеліктерін контрастивтік тәсіл арқылы шешу, анықтау.
Лингвоелтану пәнінің лингвистикалық сипаты (табиғаты) ұлттық мәдени мағынасын ашу мақсатында тілді зерттеумен ерекшеленеді. Ал бұл пәннің лингводидактикалық мәні ұлттық мәдени мағынаны тіл сабақтарында меңгерту, оқушы бойына сіңірудің әдістемелік тәсілдері мен жолдарын қарастыруға бағытталады. Дегенмен, Е.Верещагин мен В.Костомаров лингвоелтану пәнін екі ғылымның (тіл мен әдістеме) қарапайым бірігуі деп түсінуден аулақ болуды ескертеді. Бұл пән тілдің кумулятивтік қызметін меңгертудің жаңа тиімді әдіс-тәсілдерін шешу, анықтау мақсатында туындаған.
Орыс тіл біліміндегі лингвоелтану мәселелеріне қатысты Г.Д.Томахин, А.А.Брагина, В.В.Морковкин, В.В.Сафонов т.б. ғалымдардың еңбектеріне сүйеніп, қазақ лексикасын лингвоелтанымдық аспектіде зерттеу нәтижесінде мынадай қызметтерін көрсетуге болады:
1) филологиялық (немесе лингвистикалық) қызмет, яғни ұлттық-мәдени мағынаны анықтау мақсатында тілдік талдау жүргізу;
2) лингводидактикалық (әдістемелік) қызмет – тіл арқылы берілген ұлттық ерекшеліктерді таныту, оқыту, үйрету, мән-мағынасын жеткізу тәсілдері.
Олай болса, лингвомәдениеттанудың лингвоелтанымдық аспектілерін айқындаудың маңызы зор. Себебі тәуелсіз мемлекетіміздің рухани-әлеуметтік мүддесі, мемлекеттік тілдің қоғамдық, саяси және мәдениаралық коммуникациядағы қызметінің жаңа деңгейі тілді тұтынушылардың ұлттық санасы мен танымын кеңейтуде ерекше ықпал етуде. Осыған сәйкес білім беру жүйесінде ұлт болмысының өзегін құрайтын тілді меңгеру мен оқытудың мазмұнын тереңдетіп, соған сәйкес ғылыми-әдіснамалық тұғырын да инновациялық технологиямен жетілдіруде тіл мен мәдениет, тіл мен ұлт (ел) сабақтастығын терең зерттеудің мәні ерекше.
Осыған орай оның өзектілігі, біріншіден, қазіргі жаһандану үдерісі мен қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесіне сай қызмет аясы кеңістігіндегі ұлтаралық қатынастар мен мәдениеттердің өзара ықпалдастығымен үндессе, екіншіден, тілді зерттеушілер мен оны тұтынушы ұрпақтың дамудың адамзаттық сипатын меңгерумен бірге ұлттық мәдениеттің ерекшеліктерін танытуының да маңыздылығымен сипатталады. Бұл орайда жас ұрпақ тәрбиесінің мазмұны ұлттық оқшаулануға ұшырамай, төл мәдениетті кемел меңгере отырып, адамзаттық мәдениет үлгілерінен де нәр алып толығуына ерекше мән берілуі тиіс. Яғни бұл арада білім жүйесінің оқыту бағдарламаларының арқауын тек аялық білім ғана емес, адамтанымдық біліктілік қорын қалыптастыру мақсаты айқындауы тиіс.
Осымен байланысты бүгінгі таңдағы өркениетті елдерді этнос ретінде түбегейлі танытатын – оның тілінде қалыптасқан деректерін тіл мен мәдениет, тіл мен ұлт(ел) сабақтастығында кешенді қарастыратын лингвомәдениеттанымдық және лингвоелтанымдық зерттеулер.
Осы орайда тілдік мұра арқылы ұлтты, ел мәдениетін барынша толық танытудың негізгі бір тетігі – ұлттық әлемнің тілдік үлгісін жасау, ұлттық мәдениеттің кілтін ашу. Оның мәні тілдің тек коммуникативтік қана емес, мұрагерлік те, танымдық та, танытушылық та қызметімен байланысты.
Дегенмен, тіл деректерін тек лингвомәдени аспектіде ғана зерттеу жеткіліксіз. Осы арада лингвомәдениеттанудың құрамдас бөлігі лингвоелтану саласына да назар аудармаса, жоғарыда көрсетілген қажеттілік, яғни ұлттың толық та шынайы болмысы онымен таныс емес жұртқа жеткілікті танылмайды.
Нақты айтқанда, тіл мен мәдениет сабақтастығын көрсететін тілде бейнеленген сол ұлтқа ғана тән реалийлер, яғни баламасыз лексика мен лакуналар, солардың мазмұнындағы ұлттық мәдени сипаттағы компоненттердің ешкімде қайталанбайтын қасиетінің тілдік көріністерін ашып көрсету лингвоелтану саласы арқылы айқындалады.
Жалпы алғанда, елтану пәні басқа тілді үйрету барысында сол тілде сөйлеуші елдің тарихи-мәдени болмысын танытушы пән ретінде дүниеге келіп, шет тілін оқытып, үйрету тәжірибесі арқылы дамып, методологиялық негізі қалыптасқаны белгілі.
Ал қазіргі тіл біліміндегі соның ішінде қазақ тіл біліміндегі тілді зерттеудің антропоөзектік бағытына сәйкес зерттеу барысында елтанудың ұлттық ерекшеліктің барлық қырларын (әлеуметтік, мәдени, тарихи, т.б.) тұтастай тек тіл арқылы танытуда мәні зор, жоғары тиімділігі дәлелденіп, лингвоелтану саласы жаңа сапалық деңгейде қалыптасуда.
Қазіргі егеменді қазақ мемлекетінің мәртебесіне, оның дүниежүзілік аренадағы саяси, экономикалық, мәдениетаралық коммуникациядағы сұранысына сай қазақ елін танытатын “дүниенің тілдік бейнесінің” нақты ұлттық белгілерінің тілдік парадигмасын кеңейту – өзекті мәселе. Атап айтқанда, ұлттық мәдениеттің жаңа қырларын ашып, бай тілдік деректерді қамтитын, тілдің елтанымдық қызметін айқындайтын зерттеулерді дамытуды қажет етеді. Себебі бұл мәселенің шешілуі тіл мен мәдениет сабақтастығын дәлелдеуді жаңа, нақты салыстырмалы-дәйектік деңгейге көтеріп, әлеуметтік сипаттағы қазақ қоғамының рухани-мәдени өзекті мәселелерімен сабақтасқан нақты қоғамдық сұраныстарды қанағаттандырмақ.
Сонымен бірге қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде өзге ұлт өкілдеріне оқытып үйретуде, мәдениетін танытуда да көптеген мәселелердің шешімін табуда лингвомәдениеттану мен лингвоелтану салаларының ұштасып жатқаны байқалады. Сондықтан осы бағытта жүргізілетін зерттеулер нәтижелері болашақта егемен еліміздің төл мәдениетін танытып, басқа елдермен мәдени, экономикалық, т.б қарым-қатынастарын жетілдіруді ана тілі арқылы жүзеге асыратын арнаға нақты өз үлесін қосуы тиіс. Оған жоғарыда көрсетілген тілді зерттеудің жаңа кешенді қағидалары, соған сүйенген жаңа бағыттағы зерттеулер мүмкіншілік береді деп ойлауға негіз бар.
Себебі тіл арқылы ұлттың рухани дүниесінің, сонымен сабақтас қалыптасатын материалдық өндіріс пен тұрмыс күйін бейнелейтін мәдени жүйе әркімнің жеке басының жағдайына байланысты емес. Ол – белгілі біри халықтың әлеуметтік-психологиялық, мәдени-тұрмыстық, дүниетанымдық жағдайына байланысты қалыптасатын жалпыхалықтық құбылыс. Сондықтан этникалық қауымдастықтың этникалық мәдениет пен ұлттық сана туғызатынын белгілі этнограф-ғалым, академик Ю.В.Бромлей еңбегінде қалай тұжырымдалғанын жоғарыда көрсеттік. Осы тұжырым мәдениеттанушы-ғалым Ю.М.Лотманның пікірімен де сабақтасады: “Культура прежде всего, понятие коллективное. Отдельный человек может быть ностителем культуры, может активно участвовать в ее развитии, тем не менее по всей природе культура, как и язык-явление общественное, то есть социальное. Культура – это прежде всего память, сложная семиотическая система, ее функция – память, а ее основная черта – накопление” [23].
Демек, тіл – этностың бүкіл рухани, мәдени байлығының куәгері іспетті. Осыған орай, ұлттық рухты жаңғыртып, ұлттық мәдениетті тану мен танытуда соның бір жолы тіл арқылы рухани-мәдени мұрамызды ежелден келе жатқан тәжірибе негізінде қорытып, тарихи қызметін саралап, қайта бағалауға бағытталған кең арналы да терең зерттеулердің қажеттілігі туындап отыр. Нақты айтқанда, қазақтың күнделікті тұрмысында қолданылатын бұйымның, ия бір заттың атауы – ұлттық сана мен ұлттық талғам сабақтастығының нәтижесінде пайда болып, қалыптасатын интегралды туындының тілдегі бейнесі. Демек, тілдік атау белгілі бір затты атап қана қоймай, ұлттың өзіне тән дүниетанымдық ерекшелігіне сай туындаған бұйымды дәйектейді. Осымен байланысты тілді мәдениетке қатысты зерттейтін, сонымен бірге тілдің қызметі мен дамуының этномәдени және этнопсихологиялық факторлардың негізінде қалыптасып, сипатталатынын, өзара әсерін қарастыратын тіл білімінің жаңадан дамып келе жатқан салаларының бірі – лингвомәдениеттану. Осымен сабақтас ұлттық болмысымен ерекешеленетін нақты тілдік деректерді туыстас түркі халықтары және жалпыадамзаттың өркениетімен тамырласатын қазақ мәдениетінің өміршең сипаттарын лингвоелтану аспектісінде талдау, біріншіден, оларды қазіргі қазақ қоғамының рухани-әлеуметтік мүддесіне сәйкес өз ішінде үлттық санасына сіңіру, екіншіден, мәдениаралық коммуникация қызметіне сәйкес өзгеге танытатын қазақ тіл білімінің жаңа бағыттарын белгілейтін өзекті мәселелерінің бірі. Сондықтан да осы әлеуметтік үрдісті нақты түрде іске асыру тіл білімінің лингвоелтану деп аталатын саласының еншісіне тиіп отыр.
Оның себебін қазіргі әлемдік өркениет кеңістігіндегі жаһандану үрдісі өріс алған кезеңде жеке ұлт болмысы мәдениетін жіктеп көрсетуге мүмкіншілігі бар кешенді де интеграциялық сипаттағы тіл біліміндегі жаңа бағыттағы зерттеулер негізінде түсіндіруге болады. Соның нақты бір дәлелі – ұлттың тілдік санасында қалыптасқан “ғаламның тілдік бейнесін” ұлттық тілдің нақты деректері (реалийлер, баламасыз лексика, лакуналар, т.б.) арқылы зерттейтін лингвоелтану саласы. Және бұл мәселенің шешіміне тек бір тілдің, мысалы, қазақ тілі деректерін зерттеудің шеңберінде ғана толық қол жеткізу мүмкін еместігін қазіргі қазақ тіл біліміндегі зерттеу тәжірибесі мен барысы көрсетіп отыр. Осыған орай, қазақ ұлттық мәдениетінің тілде бейнеленген көрінісін және сақталуын анықтау, дәлелдеу үшін салыстырмалы, салғастырмалы зерттеу бағыты да лингвоелтану саласын сипаттайды.
Осымен байланысты лингвоелтанудың жүйелі құрылымы, теориялық-әдістемелік негізі, зерттеу нысаны, т.б. сәйкес ғылыми базасы лингвомәдениеттану, этнолингвистика, психолингвистика салаларымен, жалпы алғанда, ортақтығымен сипатталса, практикалық құндылығы тұрғысынан аталмыш сала дәйекті түрде ерекшеленеді. Атап айтқанда, этнолингвистика сөздік қордағы ұлттан, этностан мұра болып келе жатқан лексемалардың ішкі мәнін, қалыптасу тарихын диахронды тұрғыда зерттейді. Этнолингвистикада арнайы тақырып аясы шектелмейді. Жалпы сөздік қордағы белгілі бір этносқа тән атаулар (көбінесе көне сөздер, яғни этнографизмдер) зерттелінеді. Бұндай сөздер төрт түлік малға қатысты болуы мүмкін, алғыс, қарғыс сөздері болуы мүмкін, аспан денелері мен табиғат құбылыстарын өздігінше тану, түсінуге қатысты сөздер болуы мүмкін.
Лингвомәдениеттану – сөздік құрамдағы заттық және рухани мәдениет атауларының халыққа тән ерекшелігі мен ұлттық өзгешеліктерін, лингвокультуремалардың қарапайым ауызекі тілде қолданылуын, фразеологизм бойында тұрақталуын өзге тілдердегі ұқсас баламаларымен салғастыра отырып, синхронды немесе диахронды зерттеу. Лингвомәдениеттану аспектісі рухани және заттық мәдениет атауларын, соған қатысты мәтіндер мен дискурстарды зерттеумен шектеледі. Бұл мәдениет атаулары өзге де түркі тілдерінде қолданылуы мүмкін. Сол қолданыстағы ерекшеліктерімен салғастырылады. Сондай-ақ қазақ тіліндегі мәдени атаулардың мәтінде қолданылуы, ауыс мағына берілуі басқа да тілдердегі, мәселен, орыс тіліндегі, ағылшын тіліндегі сол мәдени атаулардың берілуі мен қолданылуы салыстырылуы мүмкін.