Литература
1.
Афанасьева Т.П., Немова Н.В. Профессиональное развитие кадров
муниципальной системы образования. Книга 1. Развитие профессионального
мастерства педагогических кадров: Методическое пособие / под ред.
Н.В.Немовой. - М.: АПКиПРО, 2004.-116 с.)
2.
Артемьева Т.И. Взаимосвязь потенциального и актуального
развития личности // Психология формирования и развития личности / под ред.
Л.И. Анцыферовой. – М., 1981.- С.67-87.
3.
Болотов В.А. Компетентностная модель: от идеи к образовательной
программе //Педагогика. – 2003. - №10. – С.8-14.
Иманғалиева Г.Қ., Ниғметийн И., тәрбие жетекшілері, «Дарынды
балаларға арналған Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-
интернаты», Өскемен қаласы
ОҚУШЫЛАРДЫ МАМАНДЫҚ ТАҢДАУҒА БАУЛУ- ЗАМАН
ТАЛАБЫ
Адамды тұлға ретінде қалыптастыру оның балалық кезінен, білім мен
тәрбиеге мұқтаж кезінен басталады. Бұл кезең баланың мектепке дейінгі
және мектеп кезінде жүзеге асырылады. Оқу мен тәрбиенің ұштасуы, қатар
жүруі – оқушының тұлғалық қалыптасуына оңды әсер етеді. «Адамға ең
алдымен тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім қателікке әкеліп
соғатындығын» бізден бұрынғы ғасырда өмір сүрген ғұлама Әл-Фараби
әлде қашан дәлелдеп кеткен болатын. Тәрбие үдерісі – өте күрделі, нәтижесі
бірден көрінбейтін, уақытпен санаспайтын үдеріс. Ол біздің мектеп-
гимназия-интернат жағдайында тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің
мақсатты бағыттағы және өзара байланысты қызметі, олардың осы қызмет
үдерісіндегі жеке адам мен ұжымның қалыптасуы мен дамуына себепші
болатын қарым-қатынастар жиынтығынан құралады. Тәрбие үдерісінде жеке
адамның сыртқы ықпалдарды іштей қорытуы үлкен орын алады. Жеке адамға
сырттай ықпал жасауды оның жауап іс-әрекетімен үйлестірудің маңызы зор.
Жеке адамды сыртқы дүние ықпалдарын самарқау шағылыстыратын айна
ретінде қарастыруға болмайды. Жеке адам тәрбиесі мен дамуының бірлігі мен
31
өзара байланыстылығы – тәрбие үдерісінің заңдылықтарының бірі. Оның
мазмұны, формалары мен әдістері көбіне тәрбиеленушілердің жалпы дамуы
деңгейіне тәуелді. Ал олардың дамуы – ең алдымен тәрбие берудің нәтижесі.
«Жеке адам тәрбиелене және үйрене отырып дамиды» деген С.Л.Рубинштейн
қалдырған нақыл сөз бүгінгі күні өзекті болып отыр. Тәрбие қызметі
қоғамның қажеттіліктерімен толық сәйкес, қоғамдық даму заңдылықтарын
есепке ала ұйымдастырылғанда ғана оңды нәтижеге бағытталады.
Оқушыларға мектеп қабырғасында жүріп берілетін оқу-тәрбие үдерісінің бір
көрінісі оларға кәсіби бағыт бағдар беруді ерте бастап, олардың мамандық
таңдауларын ерте дайындау – болашақ маман болу мен бәсекеге қабілетті
ұлтты тәрбиелеудің алғы шарты екендігін өмір дәлелдеп келеді.
Мамандықты таңдауды оқушы неғұрлым ерте бастаса, ол соғұрлым
мамандықтың қыр-сырын ерте түсінеді, сезінеді, бойы үйренеді және сол
мамандығына шынайы беріліп, сүюіне, өз таңдауының нақтылығына көзі
жетеді.
Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаев «Қазақстан - 2030»
стратегиясында «Мемлекеттің басты міндеті халық үшін шешім шығару емес,
өскелең ұрпаққа құндылықтардың жаңа жүйесіне бейімделуге және
мемлекеттің даму сатысымен бірге болашағын қалыптастыруға жол ашу» [1, 3]
деп жастардың алдында тұрған негізгі міндеттерді нақтылап берді.
Оқушыларға мамандық таңдату күрделі мәселе. Сол себепті әр мектептің
алдында оқушыларға кәсіби бағдар беру және болашақ мамандығын анықтауға
ықпал ету міндеттері тұр. «Тәрбиелеу үдерісі оқушыны тәрбиелеуге емес,
оқушы өзін өзі тәрбиелеуе әкелетін үдеріс болуға тиіс» - [ 2,81] деп көрсетеді
Л.С.Выготский.
Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар, жыл сайын оған қаншама
қосылады. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Біз
олардың қаншасы туралы білеміз? Шындығына келгенде мамандық таңдау
мәселесі әсіресе біздің қоғамымыз нарықтық қатынасқа көшіп отырған
жағдайда өте күрделі мәселе.Тәрбие – жеке адамды мақсатты бағытта, жүйелі
түрде дамыту. Аға ұрпақтардың тәжірибесін үлгі ету, тәрбиеленушілердің
сезімін дамыту және мінез-құлық дағдыларын қалыпқа түсіру, оларды өмір мен
еңбекке даярлау тәрбие үдерісінде жүзеге асырылады. Ж.Ізбасарова:
«Оқушыларға кәсіптік бағдар беру дегеніміз —қоғамның қажеттілігіне қарай
әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіптік
қызығуы мен қабілеттілігін қалыптастыруға және мамандық таңдауға
көмектесуде, мақсатты атқарылатын жұмыс» [3,7] деп көрсеткен. Сондықтан
да мектеп оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, еңбекті сүю,
құрметтеу, аймақ көлеміндегі қажетті, кең тараған мамандықтүрлерімен
таныстыру, жоғарғы бағдарлы сыныптарда факультативтік сағаттар мен
үйірмелер, таңдау және қолданбалы курстарға тарту жұмыстарын сапалы
өткізудің мәні зор. Оқушыны болашақ мамандыққа балу және оны сезіну
дағдысын дамыту үшін не істеу керек? Ең алдымен, оқушы өзінің болашақ
мамандығын нақты таңдағандығына сенімді болуы керек. Екіншіден, сол
32
мамандық иелері үлгі болуы керек. Бұл дегеніміз, оқушының мамандық таңдау
жолында сол мамандық иелерімен көзбе-көз кезігу немесе сыныпішінде
арнайы кездесулер ұйымдастыру арқылы мамандықтың сырына қанығу
шараларын жүргізудің мәні зор, тіпті кей кездері оқушыға өз ата-аналарына
қарағанда басқа маман иелерінің өмірлік әсерлері жоғары екендігін оқушылар
арасында жүргізілген сауалнамалардан көруге болады. Іс тәжірибеде осындай
жағдайлармен жиі кездесеміз. Мысалы 9-сынып оқушыларымен мамандық
таңдау жұмыстарын жүргізген кездегі сауалнамалар нәтижесі төмендегідей
болды:
«Мамандық таңдауыңа әсер еткен кім?» –деген сұраққа:
-ата-анам әсер етті дегендер саны - 3;
-өз қалауым дегендер саны -7;
-осы мамандық иелері әсер етті дегендер саны -10 болса, әлі таңдап
үлгермедім деушілер қатарында 8 оқушы болды. Осы сауалнаманы оқу
жылының аяғында алған кездегі нәтиже мынандай болды:
-ата-анам әсер етті дегендер саны - 4;
-өз қалауым дегендер саны -8;
-осы мамандық иелері әсер етті дегендер саны -14;
-әлі таңдап үлгермедім деушілер қатарында 2 оқушы болды. Оқушының
мамандық таңдауына сыныпта жүргізілген тәрбие жұмыстары; мұғалімдер,
дәрігерлер, көрнекті адамдар және ақпарат беттерінде жарық көрген
телехабарлардың кейіпкерлері әсер еткені байқалды. Демек, сыныпта
жүргізілетін тәрбие жұмысының дұрыс жолға қойылуы оқушының мамандық
таңдаудағы мүмкіншілігіне ықпалы зор. «Адам мен адамның бір-бірімен
араласу, өзара қарым-қатынасында ғана адамның адамдығы өзі үшін де, өзгелер
үшін де ашылады»,-дейді философ М.М.Бахтин. Мамандық туралы жеткіліксіз
білу-мамандық таңдауда кездейсоқтыққа әкеліп соқтырады. Мамандық
таңдауда қателесу сайып келгенде жұмыс орнын жиі өзгертуге себепші болады.
Осы мәселелерді басшылыққа ала келе сыныпішіндегі кәсіптік бағдар беру
жұмысының негізгі міндеттерін төмендегідей анықтап, сараладық:
-оқушылардыңмамандықтар туралы түсініктерін кеңейту;
-кәсіптікке деген қызығушылығы мен бейімділігін арттыру;
-қабілеттілігін
дамыту мақсатында оқушылардың жеке бас
ерекшеліктерін анықтап алу; мамандық таңдауда және белгілі мамандықтың
түрін меңгеруге бейімдеуге бағдарлы пәндер негізінде көмек беру.
Сонымен қатар, мамандық таңдаудағы әсер етуші факторлардың негізі
оқушыда сыни ойлау арқылы тұлға бойында рефлексиялық сапаларды
қалыптастырудағы
білім
беруді
ізгілендірудің
нәтижесі
болып
табылады.Оқушының өзін тануы үшін және өмірлік проблемаларын шешудің
бірден-бір тәсілі - рефлексиялық басқаруды жүргізе асыру.
Қорыта келе, мамандық таңдауда оқушыда«Осы мамандықты қалаймын
ба,қолымнан келе ме және маған қажет пе?» деген сауал төңірегінде өз
ойының қалыптасуын бақылау керек. Яғни, оқушының таңдаған
мамандығының өзі мінез - құлқыңа сай келуін қадағалау, қолыңнан келетін іске
33
ұмтылуына, заман талабына сай болу және сұранысқа ие мамандықты да
таңдауына дер кезінде көмек беру, жеке өзіңнің пікірін ескере отырып, жүрек
қалауыңа сүйене шешім қабылдауын құптаған жөн.
Әдебиеттер
1. Назарбаев Н. Қазақстан - 2030 стратегиясы.
2. Выготский Л.С. Педагогическая психология, М.: Просвещение, 1995. –
С. 81
3. Ізбасарова Ж. Жеке тұлғаны ұлттық құндылықтарға бағыттап оқыту,
А, 2010 жыл, 7 бет.
Исаханова Г.М., қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, Жамбыл
атындағы дарынды балаларға арналған арнайы облыстық мектеп-гимназия-
интернат, Өскемен қаласы
ЕЛБАСЫ Н.Ә. НАЗАРБАЕВ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ШЕШЕНДІК СӨЗ
ӨНЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
ХХІ ғасыр күллі адамзат баласына сапалы білімге жол нұсқап, түбегейлі
өзгерістер мен жаһанданудың салдарынан туған өзгерістер мен міндеттерді
жүктеп отыр. Егеменді еліміздің бүгінгі таңдағы басты мақсаты білім деңгейін
әлемдік білім кеңістігіне енгізу, орын алу болып табылады. Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаевтың халқына Жолдауында: «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік
стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз
қажет»-дейді [1,5].
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін білім беруді дамыту
тұжырымдамасында жеке тұлғаның өзін-өзі тануына, өзін-өзі дамытуына,
өзіндік шешімді тұжырымдар жасай білуіне жол ашылған. Расында да, өмірдің
өзі талап етіп отырғандай бүгінгі жаһанданған заманда ұстаздар қауымы тек
сапалы білім беріп қана қоймай, жан-жақты ізденіп, шығармашылықпен
айналысатын дарынды тұлға тәрбиелеуді ұстаным етуде. Ал, рухани байлықтың
көзіне айналып отырған бабаларымыздың шешендік сөзі мен ақын-
жазушыларымыздың даналық сөз маржандары, жыр жолдары – ел ертеңін
ойлайтын ұрпақ үшін теңдесі жоқ құнды мұра.
Қазіргі таңда есімі әлемдік ірі саясаткерлер, қайраткерлер қатарынан
табылатын халқымыздың дара перзенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың санаулы
жылдар ішіндегі ерен еңбегі, Қазақстанын дамыған, өркениетті елдер қатарына
көтеруі – жас ұрпаққа білім берудің де, тағылымның да қайнар көзі. Әсіресе,
оның еңбектері, халыққа Жолдауларында, кездесулер мен әр түрлі жиындарда
сөйлеген сөздерінде халқының сөз өнеріне, шешендік оралымдарына жүгінуі -
кез-келген мемлекет басшыларына дарымаған ерекше қасиет. Сондай-ақ,
Елбасының өз сөйлеу тіліндегі шешендігі, көсемдігі - арнайы зерттеуді қажет
ететін өзекті мәселе.
34
Тұңғыш президент туралы жазылған, жазылып жатқан еңбектер, ғылыми
мақалалар аз емес. Мемлекет басқарудағы ерен еңбегі, саясаттағы озық ойлары,
бастамалары - күллі әлемге аян. Дегенмен, бүгінгі білім беру алдындағы аталы
мақсаттардан Елбасы еңбектеріндегі шешендік сөздерді оқыту мақсаттары
келіп туындайды. Осы орайда, «Елбасы Н.Ә. Назарбаев еңбектеріндегі
шешендік сөз өнерін қалай оқытуға болады?» деген мәселе төңірегінде сөз
қозғайық.
Төменде 9-11-сынып оқушыларына Елбасы еңбектеріндегі шешендік
сөздерді оқытудың технологиясы беріліп отыр. Іздендіру, зерттеу жұмыстарына
негізделген
тапсырмалар
арқылы
оқушылардың
білім
деңгейлерін
шығармашылық деңгейге дейін жеткізуге болады.
1.
Елбасы даналығы «Ғасырлар тоғысында» (шешенік оралымдарды
теру)
Шешендік сөз
Қолданылуы
Стилі
2.
Іздендіру, зерттеу бағытындағы тапсырма:
Еңбектің
аты
Халық шешендігі
Мақал-мәтел
Үндестігі
3.
Талдау жұмыстары
Тілдік құрамы
Мысалдар
Поэтикасы
Мысалдар
Халықтың сөйлеу
тілі
Мақал-мәтелдер
Басқа елден енген
тілдер
өз шешендігі
жиі
пайдаланатын
сөздер.
4. Оқушыларға өз қалаулары бойынша орындайтын шығармашылық
жұмыстар ұсынылады.
- «Елбасы еңбектеріндегі әлем ойшылдарының пәлсапасы» ғылыми
хабарлама.
- «ХХІ ғасырдағы шешендік өнер және Мен» (өз концепциясын құру)
- «Шешендік өнер және ХХІ ғасыр, тәрбие мәселесі» (эссе).
- «Шешендерше толғансам...» (жыр толғау)
35
Тапсырмаларды әр түрлі деңгейде беруге болады. Міндетті тапсырмалар
мен өз қалаулары бойынша орындайтын тапсырмаларда үнемі көмек-нұсқау
ұсынып отыру оқушының өз бетімен ізденуіне түрткі жасайды.
Әдебиеттер
1.Елбасының халыққа жолдаулары.- Астана, 2011.
2. Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында.- Алматы «Атамұра», 2003.
3. Назарбаев Н.Ә. Сындарлы он жыл.- Алматы «Атамұра», 2003.
4.Назарбаев Н.Ә. Бейбітшілік кіндігі.- Алматы «Атамұра», 2003.
5.Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында.-Алматы «Атамұра», 1999.
6.Назарбаев Н.Ә. Елмен сырласу.- Астана «Күлтегін», 2009.
7. Адамбаев Б. Шешендік сөздер.- Алматы, 1992.
8. Асылов Ұ. Сөз қадірі-өз қадірің.-Алматы
Құрманбаева Шынар Қапантайқызы, п.ғ.д., профессор, РЖА мүше-
корреспонденті, С.Аманжолов ат. ШҚМУ
Токтубаева Асель Жадигеровна, филология магистрі, С.Аманжолов ат.
ШҚМУ
ЖАС ҰРПАҚТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ БАҒДАРЛЫ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ
МАҢЫЗЫ
Болашақта гүлденген Қазақстанның одан ары қарыштап өркендеуiнiң
негiзгi тұтқасы болатын демократиялық қоғамды құратын парасатты және
бiлiмдi тұлғаларды дайындауда ұлттық тәлiм-тәрбиенiң атқаратын жұмысы зор
екенi даусыз. Озық жетiстiктерге негiзделген бiлiм нәрiмен қатар, ұлттық
тәрбие құндылықтарын бойына сiңiрген ұрпақтар ғана ұлт тағдырын тереңiнен
таразылап, болашағын барынша болжайтын қоғам сұраныстарына жауап
беретін және барынша әлеуметтенген тұлға ретiнде танылатыны анық.
Адамның ішкі құндылықтары әлемі оны дара тұлға ретінде ерекшелейді.
Білім берудегі ізгілендіру, дамыту ұстанымдары дара тұлғаның құндылық
бағдарын қалыптастыруға қызмет етеді. Елін сүйетін адал перзенттерді
тәрбиелеп шығару үшін оқушылардың бойына ұлттық рухани құндылықтарды
дарыту қажет. Ал рухани құндылықтардың негізгі қайнар көзі – ұлттық тіл.
Академик Ә.Қайдар: «Тілсіз адамзат қоғамының, адамзат қоғамынсыз тілдің де
болмайтыны рас. Ата-бабалардан ұрпаққа аманат болып қалған бай рухани,
мәдени мұрамызды өз бойына сіңіріп, сары майдай сақтап, жалғастыру арқылы
тіл қауымын мәңгүрттіктен аман алып келе жатқан сирек құбылыс – феномен
де осы тіліміз ғой. «Өркениет, мәдениет, салт-дәстүр, ұлттық менталитет» деп
дәріптейтін құндылықтардың бәрі де, сайып келгенде, тіл қасиетіне барып
тұрақтайды, тілдің құдіретті күшімен, тамаша жаратылысымен ғана бейнеленіп,
бағаланып, реальді факторға айналады», - деп жазады [1, 10 б.].
36
Абай атамыз айтқандай “толық адам” дәрежесіне жетуі үшін оқушыға
қойылатын басты талап – терең рухани байлық, жоғары адамгершілік пен
ізгілік. Ғалым Р.Сыздықтың айтуынша: “...Адам тек құлқынының құлы болмай,
дүниеге келген ортаның, қоғамның толық мүшесі екенін сезінуі, белгілі бір
халықтың перзенті болуға ұмтылуы – көкірек көзі ашық әрбір жанның өзіне
қоятын табиғи талабы. Ол талапты орындау үшін ана тілімен ауызданып, өз
ұлтының психологиясын бойына сіңіріп, наным-сенімін, салт-дәстүрін игеріп,
өмір сүруі керек» [2, 15 б.].
Рухани байлық ең алдымен әр халықтың ұлттық әдет-салты, көзқарасы,
шыққан түп тамырында жататыны белгілі. Сол ұлттық байлықты бүкіл
адамзаттың өз ұрпағын тәрбиелеудегі, білім берудегі озық ұстанымдарымен
байланыстыра отырып, әр адамның қабілеті, талантын ашу, өзіне-өзінің сенімін
нығайту, өзіне-өзінің жол ашуына түрткі жасау – бүгінгі білім беру ісінің басты
міндеті. Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2012 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында
білім беру үдерісін жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ар-ұждан, патриотизм,
рухани даму, халықаралық келісім мен толеранттылық сынды құндылықтарды
қалыптастыра отырып жүргізу басым бағытқа айналуы керектігін ерекше айта
келіп: «Өкіметке барлық оқу орындарында жастарды осы құндылықтар жайлы
біліммен қамтамасыз етудің Кешенді типтік жоспарын даярлау жөнінде
тапсырма беремін. Жастармен нақты осы мәселелер бойынша жұмыс атқаратын
оқытушылар да жоқ, осы бағыттағы оқулықтар да жоқ», - деп атап көрсеткен
болатын [3].
Шын мәнінде болашақ ұрпақты ұлттық және жалпыадамзаттық
құндылықтар негізінде тәрбиелеу бүгінгі күнде аса өзекті мәселелердің
қатарынан саналады. Бұл мәселеге қатысты М.Е. Сыдықов: «Болашағымыз –
жеткіншектерге адамгершілік құндылықтарын: білімділік пен тәрбиелілік,
еңбекшілдік пен әдептілік, ар-намысшылдық, отаншылдық пен парасаттылық,
ұлтшылдық пен жауапкершілік, батылдық пен ептілік, мейірімділік пен
қайырымдылық, өзін-өзі тануы мүмкінділігі мен қабілетін білуі және оларды
игеруі, қолдауы, жетілдіруі, саяси жедел жаңаруға жеткізетіндігімен маңызды
болмақ», - деп атап көрсетеді [4].
Ұлттық білім беру жүйесінің негiзгi мiндетi – жалпы қабылданған
аксиологиялық жүйелер негiзiнде оқушы тұлғасының құндылық бағдарын
қалыптастыру. Оқушы тұлғасының құндылық бағдары төмендегідей кезеңдер
арқылы қалыптасады:
- оқушыға рухани құндылық бағдарларын ұсыну;
- оқушының рухани құндылық бағдарларын iшкi қабылдауы;
- iс-әрекет пен тәлiм-тәртiп, мiнез-құлықтарында рухани құндылықтың
көрiнiс табуы;
- оқушы тұлғасының рухани құндылықты бағдарларды бекiтуi және оны
өзiнiң жеке тұлғалық қасиеттерiне айналдыруы;
- тұлға қасиеттерiнде рухани құндылықты бағдарлардың үнемi iс-әрекетте
қайталануы.
37
Бүгінгі Қазақстан қоғамында оқушы бойындағы құндылықтарының мәні
мен мазмұнына тоқталайық:
-
оқушы жалпы адамзатқа тән құндылықтар мен жеке қазақ халқына
тән құндылықтарды анықтап тануға, одан қажеттісін ала білуге бағдарланған,
ғалымның қол жеткен ғылыми жетістіктерді өздігінен білім алу дербісінде
қолдануға, жаңашыл, қайырымды, туған елін, жерін отбасын, Отанын, мектебін
сүйетін және олардың алдында парызын түсініп, бар құндылықтарды
толықтыра түсетін, табиғатты, өсімдіктер мен жан-жануарларға қамқор болуы
керек.
-
бүгінгі күнгі жеткіншек еңбек етуге қабілетті, жинақты, ұқыпты,
іскер, өз қажеттілігіне орай болашақ мамандығын таңдаған, жауапкершілігін
түсінетін, өзін-өзі қызмет етуге дағдыланған, уақытты тиімді пайдаланатын,
қоғам – адам өміріндегі еңбектің орнын түсінген, жауапсыздықты, еріншектікті,
табиғат байлықтарын рәсуә етушілерді жаны сүймейтін, оқу-тәрбие үрдісінде
білім мен ғылым негіздерін сапалы игеріп, болашақ кәсіпкерлікті
шығармашылық деңгейде көрсете білуі керек,
-
оқушы – дені сау, төзімді, шымыр, ширақ, қайратты, сымбатты,
талғампаз, батыл, өжет, салауатты, жүйкесі мықты, Отанын қорғауға даяр, жеке
бас гигиенасын сақтайтын, жұмыс орнын жинақты ұстайтын, зиянды
әдеттерден аулақ, салауатты өмір салтын қалыптастыруға ұмтылатын, адамға
тән қасиеттерді бойына сіңірген әлеуметтік белсенді жеткіншек болып өсуіне
қол жеткізу керек.
Қазақстандық оқушы тұлғасының санасында ұлттанымдық лексикалық
деректер танымдық, аксиологиялық қызмет атқарады. Оның тіл байлығы, сөздік
қоры, ой-санасында ғаламның тілдік бейнесінің қалыптасуына ұлттық
танымдағы ата мекен, тіл, тарих, өнеге, әдебиет, мәдениет т.б. басты
құндылықтар зор әсер етеді. Ол құндылықтар әлемі оқушы тұлғасының тілдік
«МЕН»-інің айналасына шоғырланып, оның тұлғалық қасиеттерін танытады.
«Тіл, мәдениет және этнос өзара тығыз байланыста келіп, тұлғаның негізін
жасайды – оның физикалық, рухани және әлеуметтік «Менің» түйіндесу орнын
айқындайды» [5, 65 б.].
Оқу үдерісін құндылық бағдарлы ұйымдастыру оқушы тұлғасының
ұлтжандылық, патриоттық, отансүйгiштiк, эстетикалық, этикалық, моральдық
жауапкершілік қасиеттерін, ерекше ұлттық дүниетанымын қалыптастыруға әсер
етеді. Бұл қасиеттер жеке оқушы тұлғасының құндылық бағдарын құрап, тілдік
сананың негiзiн қалайды. Тұлғаның құндылық бағдары оның iс-әрекеттiк
бағытын, iшкi рухани әлемін қалыптастырады, тұлғалық қасиеттердің бекуіне
ықпал жасайды. Бұндай оқыту жас ұрпақтың рухани-ағартушылық және
мәдени-зияткерлік деңгейiн көтеруге, оны ұлттық және жалпыадамзаттық
құңдылықтар жүйесінде идеалдар рухында тәрбиелеуге бағытталады.
Достарыңызбен бөлісу: |