Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ



Pdf көрінісі
бет46/65
Дата28.01.2017
өлшемі5,87 Mb.
#2930
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   65

 

393 

 

Литература 

1.

 

Государственный 



общеобязательный 

стандарт 

образования 

Республики Казахстан. «Дошкольное воспитание и обучение» - Астана, 2008. 

2.

 

Программы  дошкольного  восптания  и  обучения  детей    «Алғашқы 



қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» - Астана, 2010. 

3.

 



Памела  А.Каглин.,  Кирстен  А.Хэнсли.  Рабочая  программа  “Step  by 

step” –Джортуанский университет, 1994. 

4.

 

Айджанова Д., Бейсенбаева С., Искакова А., Попова Т., Саймасаева Г. 



Инновационная  технология “Step by step”в  дошкольных учреждениях Казахстана. 

– Алматы: «Білім», 2000. 



 

 

Жандильдинова  Бакыт  Кумаровна,    Үшбиік  ауылы,  «Ақтайлақ  би 

атындағы орта мектебі, Жарма ауданы, ШҚО 

 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАР МЕН БАСТАУЫШ СЫНЫП  

ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СУБЪЕКТІЛІК КӨЗҚАРАСТАРЫН ДАМЫТУДАҒЫ 

ТӘРБИЕШІ МЕН ПЕДАГОГ РОЛІ 

 

Қазіргі  білім  берудің  мақсаты  –  алынған  терең  білімі  мен  кәсіптік 

дағдыларының  негізінде  жылдам  дамып  келе  жатқан  әлем  жағдайында  еркін 

бағдарлана  алатын,  өзін-өзі  жүзеге  асыра  алатын,  өзін-өзі  дамыта  алатын  және 

дұрыс шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.   

Қазақстандағы бүгінде жүріп жатқан  өзгерістер өмірлік іс-әрекеттің барлық 

саласын, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың білім беру кеңстігіне 

де  өз  септігін  тигізуде.  Мектепке  дейінгі  ғана  емес,  бүкіл  білім  беру  жүйесіне 

қатысты  «Балаларды  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытумен  қамтамасыз  ету 

жөніндегі  2011-2014  жылдарға  арналған  «Балапан»  бағдарламасы»;  «Қазақстан 

Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған 

мемлекеттік бағдарламасы» сынды стратегиялық маңызды құжаттар қабылданды:  

Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға 

араналған  мемлекеттік  бағдарламасында  «балалардың  мектепке  дейінгі    сапалы 

тәрбие мен оқытумен толық қамтылуын, олардың мектепке даярлауға арналған әр 

қилы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламаларына теңдей қол жеткізуін» 

қамтамассыз ету міндеттерін шешу көзделген.  

Қазіргі кезде педагогикалық процеске қатысушылардың қарым-қатынасында 

педагогикалық  ғылым  мен  практикада  субъект-субъектілік  үлгісі  жұрт 

мойындаған болып есептеледі. Алайда бұл үлгіні жүзеге асырудың ерекшелігі көп, 

өйткені  бұл  процестің  қатысушысы  екеу  –  мұғалім  және  оқушы.  Оқушы 

субъектілігін педагогтер,  психологтар мұқият әрі жан-жақты зерттейді, олар бұл 

кезде  педагогикалық  әрекеттестік,  бағалау,  қолдау,  мәдени  және  табиғилық, 

гуманизм, т.б. принциптері бойынша сүйемел жасауды жүзеге асырады.  

Дәстүрлі педагогикада оқушы обьект, ал мұғалім  – білім беру процесіндегі 

субъект  болып  саналады.  Педагог  объектілігі,  жабық,  абсолютті  білімнің 

сақтаушысы  болып  табылады.  Оқушының  міндеті  –  алынған  сенімді  білімді 


394 

 

көшірмелеу.  Сабақ  мақсатын,  әрекет  тәсілін,  ақырғы  нәтиже  нұсқауын  мұғалім 



нақты белгілеп береді.  

Оқыту  процесінде  субъектілік  қарым-қатынасқа  көшу,  оқушыны  оқу 

әрекетіндегі  объектіден  белсенді  субъектіге  айналдыру  мұғалімнің  басшылық 

рөлін  өзгерте  қоймайды.  Бұл  жағдай  мұғалімнің  әлеуметтік    функциясына  және 

педагогикалық процестін заңдылықтарына да байланысты. 

Оқушының  оқу  әрекеті  әрқашанда  педагог  тарапынан  басшылықты  қажет 

етеді. Субъект-субъектілік қарым-қатынас мұғалімнің дәстүрлі қызметін өзгертеді, 

оның  әрекеті  неғұрлым  күрделілене  түседі.  Білімді  жеткізушіден  ол  оқушының 

әлеуметтік тәжірбиені игеруін ұйымдастырушыға айналуы тиіс. Педагог  мектепке 

дейінгі  балаларға    жақсы  дамуға  қажетті    ақпараттар  беріп  қана  қоймайды,  оған 

қоса тәрбиеленушілерге өз бетінше іздену тәсілдерін, қажетті мәліметтерді іріктей 

білуді  үйретеді,  яғни  оның  қызметінде  негізгі  таным  субьектісі  бала  болып 

табылады.    12  жылдық  жалпы  білім  беру  тұжырымдамасының  мақсатына  сай  

білім беруден күтілетін нәтиже оқушының келесідей  негізгі біліктерін айқындады: 

құндылықты-бағдарлы, 

мәдениеттанушылық, 

оқу 

– 

танымдылық, 



коммуникативтілік,  ақпараттық  –  технологиялық,  жеке  басын  дамытушылық, 

әлеуметтік-еңбектік біліктілік. 

Білім  саласындағы  кез-келген  реформа,  жаңа  бағыт,  технологиялар 

бұлардың  барлығы  тәрбиенің  ең  басты  мәселесін  шешеге  бағытталған,  яғни 

тәрбиеленущілердің,  оқушылардың  өзін-өзі  дамытуға  қажетті  біліктерін, 

дағдыларын бойларына сіңіру. Қазіргі таңда білім беруде оқушы бойына  оқумен 

қатар,    оның  бойында  өз-өзіне  деген  сенімділікті    дамыты  отырып,    қысылу, 

қоюалжу, агрессияны болдырмау көзделген.  

Оқушыларды  жеке  адам,  шындық  субъектісі  ретінде  дамыту  кез-келген 

білім  беру  жүйесінің  мақсаттары  мен  міндеттері  болып  табылады    және  жүйе 

құрайтын  құрауыш  ретінде  қарастырылуы  мүмкін.  Адам  тәрбие  объектісі  ғана 

емес,  сонымен  бірге  белсенді  өзін-өзі  көрсете  білу  субъектісі  болып  саналады.               

Мектепте  адамды  жеке  тұлға  және  әрекет  субъектісі  ретінде-бұл  мыналарды 

міндетті  дамыту:  зияткерлік;  эмоциялық  саласын;  стреске  төзімділік;  өзіне  және 

өзін  қабылдауына  сенімділік;  әлемге  және  өзгелерді  қабылдауға  оң  көзқарасы; 

дербестігі,  даралығы  және  жауапкершілігі;  өзін-өзі  жігерлендіру  және  өзін-өзі 

жетілдіру уәждемелері. 

Тәрбиешілер  мен  бастауыш  сынып  мұғалімдері  әрі  ұйымдастырушы,  әрі 

ақпарат көзі, әрі кеңесші, ұжымдағы балаға әсер ете алатын ең басты тұлға болып 

саналады. Педагогтің ең басты міндеттерінің бірі-баланың  жеке ерекшеліктерімен 

дарынын, қабілетін  анықтау. Тәрбие тікелей  оқушылардың субьектілігінің  дамуы 

мен  қалыптасуына  негізделу  керек.  Субьектілікті  дамыту  дегеніміз,    яғни 

оқушының  танымдық  күшін,  белсенділігін,  бейімділіктері  мен  дарындылығын 

дамыту.  

Тәрбиеге субъектілік көзқарас: 

-

 



оқушылардың  жеке  басының  тиісінше  дамуы  толыққанды 

көрінуі үшін,жағдай туғызу; 

-

 

әрбір оқушының өзін-өзі тануының дамуы; 



-

 

балалар  ұжымының  өміріне  жеке  басы  үшін  маңызды  әрекет 



түрлерін енгізу; 

395 

 

-



 

балаларды  ұжымдық  әрекеттегі  жүзеге  асырылуы  олар  үшін 

табысты болатын абыройлы рөлдерге еңгізу. 

Барлық кезеңде тәрбиенің міндеті біреу ғана-жеке тұлғаны өсіру.  

ҚР  «Білім  туралы»  Заныңда,  «ҚР  2015  жылға  дейін  білім  беруді  дамыту 

тұжырымдамасында» былай деп атап өтілген:  «...ұлттың бәсекеге қабілеттілігі ең 

алдымен  оның  білімділігінің  деңгейімен  анықталады».  Міне,  сондықтан  да  бүгін 

қазіргі  заманғы  білім  беру  жүйесінің  рөлі  мен  маңызы  қай  кезден  де  артығырақ 

өсіп  отыр.  Онда  оқушының  дербестігіне  бағдарланған  қарым-қатынас  тұрғысы 

негізгі болып саналуы тиіс.        



 

Әдебиеттер 

1.

 



Білім туралы Заң. 

2.

 



Сынып жетешісінің анықтамалығы №11 (23) 2010. Ж.Т.Елубаева.     

3.

 



 Бала мен балабақша №2 (44) 2012. 

 

 

Камзина  Ардак  Нурахметовна,  ШҚО  бойынша    ПҚ  БАИ,  Өскемен  қ.,  аға 

оқытушысы 

 

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АҚЫЛ-ОЙЫН ДАМЫТУДА 

ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ОҚЫТУДЫҢ РӨЛІ 

 

Қазақстан  Республикасында  Білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  

арналған мемлекеттік бағдарламасындағы өзекті бағыттардың бірі зияткерлік, дене 

бітімі  және  рухани  дамыған  азаматын  қалыптастыру,  тез  өзгеретін  әлемде  оның 

табысты  болуын  қамтамасыз  ететін  білім  алудағы  қажеттілігін  қанағаттандыру, 

экономикалық әл-ауқаты үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту [1]. 

 

Бағдарлама  «оқытуды ұйымдастыру қағидаттарын және оқушының білім – 



білік, дағдыны енжар «алушы» рөлінен танымдық процестің белсенді субъектісіне 

өзгерту» жолдарын іздестіруді міндеттейді.  

 

Әлемдік  деңгейдегі  білім  берудің  қазіргі  парадигмасы  білім беруді  нәтижеге 



бағдарлау,  оқытуды  оқушының  жеке  тұлғасына  бағыттау,  ал  оқыту  әдістерін 

тұлғааралық қарым-қатынастарға бейімдеу болып отыр. 

Демек, оқушы білімді дайын күйінде мұғалім түсіндірмесінен алмай, өзінің 

өмірлік тәжірибесіне сүйену арқылы танымдық "жаңалық” ашуы, шығармашылық 

тапсырмаларды  орындау  негізінде  әр  түрлі  өнімдер  жасауы  тиіс.  Нәтижесінде 

оқушының  дүниетанымы  кеңейіп,  сыни  ойлау  дағдылары,  өзіндік  пікірі  мен 

көзқарасы қалыптасуы керек. 

 

Қоғамдағы  болып  жатқан  түрлі  бағыттағы  өзгерістер  білім  беру  қызметіне 



жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, 

оқушылардың      ақыл-ойының  әлеуетін  дамытуды,    педагог  іс-әрекетін  жаңаша 

тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.  

Оқушылардың  ақыл-ойын  дамытуда  интербелсенді  оқытудың  алатын  орны 

ерекше. Интербелсенді  оқытуда оқушылардың  тұлғалық  дамуын қамтамасыз  ету, 

шығармашылық, өнімділік, коммуникативтік әрекеттерін дамыту көзделеді.  



396 

 

Интербелсенді  оқыту  арқылы  бастауыш  сынып  оқушыларының  ақыл-ойын 



дамытуда мұғалімдер төмендегідей қағидаларды  білуі қажет: 

-

 



оқушының жеке психологиялық ерекшелігін ескеру

-

 



оқу үдерісінде оқушының танымдық әрекетінің басым болуы; 

-

 



оқушылардың  ішкі  сезімдерінің,  яғни  оқуға  деген  жағымды 

көзқарасының оянуын белсендіруге бағытталған іс-әрекеттерді ұйымдастыру; 

-

 

оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру; 



-

 

оқушыларды ізденіске баулып, өз бетінше жұмыс істеуге үйрету; 



-

 

тұлғаның интеллектуалдық, адамгершілік қасиеттерін дамыту. 



Мұғалімдердің  инновациялық  іс-әрекет  құзыреттілігін  дамыту  мақсатында 

интербелсенді оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлаудың төмендегідей үлгісін 

ұсынуға болады: 

Ана тілі 4 сынып 

Сабақтың 

тақырыб


ы 

С.Мұратбеков. Жусан иісі 

Сабақтың 

мақсаты 

С.Мұратбеков туралы ақпараттарды жинақтау және білу; «Жусан 

иісі» әңгімесінің мазмұнын меңгеру, талдау; 

«Жусан иісі» әңгімесінің кейіпкері арқылы оқушылардың сана-

сезіміне әсер етіп, адамгершілік қасиеттерді таныту, сыни 

көзқарасын қалыптастыру. 

Сілтеме 

4-сынып ана тілі оқулығы. 

Оқыту 


нәтижеле

рі 

«Жусан иісі» әңгімесінің идеясын ашады, мағынасын түсінеді,ойын 

еркін жеткізеді,тапқырлық танытады. Топтық жұмыс арқылы 

ұйымшылдықта бірлесіп жұмыс атқарады. Берілген тапсырмалар 

бойынша жеке, жұпта, топта талқылау жасап, бір-бірімен пікір 

алмасады. Сыни көзқарастары, өзіндік пікір қалыптасады. 

Шығармашылыққа ұмтылады.  

Түйінді 

идея 

7 модульді ықпалдастыра отырып, сыни көзқарасын қалыптастыра 

отырып, өзіндік пікірін жеткізе білуге төселдіру. Сөйлеу 

мәдениетін, шығармашылығын дамыту.  

Сабақтың 

түрі 

Сыни ойлау сабағы 

Модульд

ер 



Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, 

оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқыту мен оқуда АКТ 

пайдалану, талантты және дарынды балаларды оқыту

оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, оқытуды 

басқару және көшбасшылық.   

Әдіс 


тәсілдер 

«Жағымды  көңіл  күй  тілеу»,  «Сандар»  арқылы    топқа  бөлу, 

«Тұлғаны  танып-біл»  оқыта  үйрету  ойыны,  “Болжау”  стратегиясы, 

«Кластер»  құрау,  «Тұжырым»  кестесі,  «Сырласу»  диалогі, 

бейнебаян,  «Кесте»  құрастыру,    хат  жазу,  жоба  қорғау,    «Венн 

диаграммасы»,  пирамида,  эссе,    өзін  –өзі    бағалау,  топтардың  бір-

бірін  ауызша  бағалауы,  жиынтық  бағалау,  кері  байланыс  «Алма 

ағашы», эссе. 

Ресурстар  Сандар жазылған парақтар, болжау парағы, «Тұжырым» кестесі, 


397 

 

«Сырласу» диалогі парағы, интерактивті тақта, А3 парақтары, 



бағдаршам, басбармақ плакат, стикер,  алма ағашының сұлбасы, 

смайликтер 

Сабақ 

кезеңдері 



Әдіс-тәсілдері 

Мұғалімнің іс-әрекеті 

Оқушылардың іс-

әрекеті 


Қызығуш

ылықты 


ояту 

«Жағымды көңіл 

күй тілеу», 

«Сандар» арқылы  

топқа бөлу 

Бір-біріне жағымды 

көңіл-күй сыйлау үшін 

оқушыларды шеңбер 

бойымен тұрғызады. 4 

топқа бөлу үшін сандар 

таратады. 

Шеңбер бойымен 

тұрғандар бір-біріне 

жағымды көңіл-күй 

сыйлайды. Оқушылар 

алған сандары 

бойынша топ құрап 

отырады. 

«Тұлғаны танып-

біл» оқыта үйрету 

ойыны 

1.Сандар сыр 



шертеді 

2.Шығармашылығ

ы 

3.Жазушының 



қалам тартқан 

тақырыбы. 

4. Атақ, жүлделері  

С.Мұратбековтің өмір 

жолы және 

шығармашылығы 

туралы ақпарат 

таратылады. Берілген 

тапсырма бойынша әр 

топтың ойын тыңдау. 

С.Мұратбековтің өмір 

жолы мен 

шығармашылығын 

оқып, берілген 

тапсырманы параққа 

талдап, қорғайды. 

“Болжау” 

стратегиясы 

«Жусан иісі» 

әңгімесі 

Бүгінгі сабақта әңгіме 

не туралы болады деп  

ойлайсыңдар? Қандай 

тақырып төңірегінде 

өрбиді? Қандай негізгі 

мәселелер көтеріледі? 

сұрақтары бойынша 

топтардың болжауын 

тыңдау 

Әртоп бүгінгі сабақта 



өтілетін тақырып 

бойынша өз 

болжауларын 

ұсынады. 

Кластер құрау 

 

Жусан деген қандай 



шөп? 

Бұрын жусан туралы 

естігендерің бар ма? 

тірек сұрақтарын қоя 

отырып, топтарға 

кластер құрату. 

Әр топ тірек 

сұрақтары арқылы 

кластер құрап, 

қорғайды, бірін-бірі 

толықтырады. 

Мағынан


ы 

тану 


«Тұжырым» 

кестесі. 

 

Әр топты  «Жусан иісі» 



әңгімесін талқылай 

отырып оқиды. Автор 

әңгімені неге “Жусан 

иісі” деп атайды? 

Жусан иісі арқылы 

жазушы оқырманға 

Әр топ  «Жусан иісі» 

әңгімесін талқылай 

отырып оқып, 

берілген сұрақтар 

бойынша ойларын 

«Тұжырым» кестесіне 

түсіреді. Талдау 


398 

 

қандай ой тастайды?  



Әңгіменің негізгі 

идеясы не? 

Бұл әңгімеге қандай ат 

қояр едіңдер? берілген 

сұрақтар бойынша 

ойларын «Тұжырым» 

кестесіне толтырту іс-

әрекетіне түсіру. 

жасалынып, себебі 

түсіндіріледі. Әр топ 

өз ойларын ортаға 

салады. 


 

«Сырласу» 

диалогі 

Аян мен әңгімеші 

баланың бойынан 

байқалған 

адамгершілік 

қасиеттерді «Сырласу 

диалогіне» түсірту. 

Оқушыларға олардың 

достығы туралы 

ойлануға мүмкіндік 

беру, шын достық 

туралы ойларын  

ортаға салғызу. 

Әр топ «Сырласу» 

диалогіне Аян мен 

әңгімеші баланың 

бойындағы 

адамгершілік 

қасиеттерді 

салыстыра отырып 

толтырады. Олардың 

достығы туралы 

пікір-сыр жазады. 

Бейнебаян  

Соғыс кезіндегі 

балалар өмірі туралы 

бейнебаян көрсетіледі. 

Соғыс салған 

қиыншылық жалғыз 

Аянның басында ғана 

болған жоқ, сол кездегі 

мыңдаған бала басынан 

өткерген тағдыр 

екендігін айту. 

Оқушылар 

бейнебаянды көру 

соңында ой 

түйіндерін ортаға 

салады. 

 

 



Ой 

толғаныс 

 

 

1 топ. Кесте 



құрастыру 

1.Кейіпкер 

2.Автордың 

толғанысы 

3.Түйін (өз 

көзқарасың) 

1 топқа Аян бейнесін 

құрастыруға кесте 

ұсыну. 

 

1 топ Аян бейнесін 



кестеге салып 

құрастырады, 

кестемен 

таныстырады. 

2 топ. Хат жазу 

2 топқа Аянға хат 

жаздыру. 

 

2 топ Аянға хат 



жазады, топ ішінде 

бір-біріне оқиды. 

Топтың шешімімен 

1,2 оқушының хаты 

оқылады. 

3 топ. Жоба 

қорғау 

«Аянның 


болашағы» 

тақырыбында 

жоба 

3 топ  «Аянның 



болашағы» 

399 

 

қорғау беріледі. 



тақырыбында жоба 

жасап, қорғайды. 

4 топ.  

Венн диаграмма 

сы  

Соғыс кезіндегі 



балалар мен қазіргі 

кездегі балалар 

тағдырының  

айырмашылығын, 

ұқсастығын түсіру 

үшін Венн 

диаграммасы 

ұсынылады. 

Соғыс кезіндегі 

балалар мен қазіргі 

кездегі балалар 

тағдырының 

айырмашылығын, 

ұқсас 


тығын Венн 

диаграммасына 

түсіреді, 

таныстырады. 

Пирамида 

“Жеке – жұп – топ 

–ұжымдық” 

схемасы 


 

«Жусан иісі» әңгімесі 

туралы өзіндік түсінік  

және пікір 

қалыптастыру. 

 

Әңгіме бойынша 



негізгі түйінді ойды 

айтып, бір-бірімен 

бөліседі. 

Топта шешім 

қабылдайды, 

талқылайды, 

қорытындылайды, 

шешімдерін 

жариялайды. 

Бағалау 


Өзін –өзі  бағалау. 

Топтардың бір-

бірін ауызша 

бағалауы. 

Жиынтық бағалау. 

Әр оқушыға өзін –өзі 

бағалауды 

критерийлері жазылған 

бағалау парақтары 

арқылы жүргіздіру. 

Топтардың бір- біріне 

баға беруін бағдаршам, 

бас бармақ арқылы 

жүргізу. Жиынтық 

бағалауды жүргізеді.  

Бағалау 


парақтарындағы 

жазылған 

критерийлер арқылы 

оқушылар өзін –өзі 

бағалайды. 

Топтардың жұмысын 

ауызша бағалайды.  

Кері 


байланыс 

Алма ағашы 

Көңіл-күй белгілері 

көрсетілген смайликтер 

таратады. 

 Өз көңіл-күйлерін, 

қандай деңгейде 

жұмыс істегендерін 

смайликтерді таңдау 

арқылы алма ағашына 

жапсыру арқылы 

көрсетеді. 

Үйге 

тапсырма 



Эссе жазу 

 

«Туған жерге 



сағыныш» тақырыбына 

эссе жазуды беру. 

«Туған жерге 

сағыныш» 

тақырыбына эссе 

жазып келеді. 



  

Қорыта келгенде, интербелсенді оқыту  ең алдымен оқушыларда жаңа білімді 

өзіндік  меңгеру  тәжірибесін  қалыптастыруға,  оларды  жаңа  жағдайларда, 


400 

 

шығармашылық  қызмет  тәжірибесіне  бара-бар  құндылықтарды  өндірумен 



ұштастырып, байытуға бағытталған тәсіл.  

 

Әдебиеттер 

 

1.  ҚР-ның  2011-2020жж.  арналған  білімді  дамытудың  мемлекеттік 

бағдарламасы. Астана, 2010. 

2. Мейір Ж., Игенбаева Б. Креативтік тәрбие: оқу құралы.-Астана: Фолиант,  

2009.- Б. 192. 

 

 

Кабдешова  Толкын  Шукурканкызы,  бастауыш  сынып  мұғалімі,  №  20 

орта мектебі,  Өскемен қ.  

 

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ БАСТАУЫШ СЫНЫП 

ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СУБЪЕКТІЛІГІН ДАМЫТУ БОЙЫНША БІЛІМ 

БЕРУ ҮРДІСІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖЕТІЛДІРУ 

 

Қазақстан  Республикасының  президенті  Н.Ә.Назарбаев:  «Қазақстанның 

болашағы –  бүгінгі  жастар.  Сіздер оларға қалай  білім  берсеңіздер,  Қазақстан  сол 

деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жіктелетін міндет ауыр» - деген болатын. 

Қазіргі  заман  мұғалімі  өз  пәнінің  білгірі  ғана  емес  педогогикалық  – 

психологиялық,  саяси  экономикалық  білімді  және  ақпараттық  сауатты  заман 

талабына  сай  білім  беруде  жаңашыл,  шығармашылықпен  жұмыс  жасап,  оқудың 

жаңа  технологияларын  шебер  меңгерген,  іздену  мен  дамудан  шаршамайтын  жан 

болғанда  ғана  жетекші  тұлға  ретінде  ұлағатты  саналады.  Адамның  субъектілік 

қасиеттерін дамыту туралы қағидалар  өте көп. Бірақ нақтылы жоспар, басшылық 

жасай отырып қана субъектілікті дамытуда нәтижеге жетуге болады. Субъектілік 

ұғымның мазмұны  оқытуды басқару жүйесімен оқыту жүйесіне жаңа көзқараспен 

қарауды  талап  етеді.  Оқыту  субъектісінің  өзара  әрекетін  үйлестіруді  қамтамасыз 

етудегі  және  оқыту  әрекетінің  қорытындысын  анықтаудағы  оқыту  жүйесі 

сапасының артуының маңызды аспектісі әр түрлі әдіс – тәсілдерді қолдану болып 

табылады. 

Егеменді еліміздің бүгінгі таңдағы ең басты мақсаты – жан-жақты дамыған 

алдыңғы  қатарлы  елдермен  теңесу.  Ал  соға  жетудің  басты  жолдарының  бірі  – 

әлемдік білім кеңістігінен орын алу. 

Білім үрдісінің негізгі мақсаты – біздің отандық білім беру үрдісінің әлемдік 

талап бәсекеге қабілетті бола алатынына жағдай жасау болып табылады. 

Қазіргі  қоғамда  жүріп  жатқан  әлеуметтік  терең  өзгерістер  білім  беруді 

дамытудың  жаңа  жолдарын,  яғни  педагогика  ғылымының  парадигмасы  мен 

әдістемесін өзгертуді талап етеді. Бұрынғы әдетке айналған білім үрдісінде оқушы 

белсенділігін  көрсетуі  тиіс,  оны  оқытпайды,  өздігінен  оқуы  керек,  яғни  оқушыға 

субъект ретінде қарау керек. 

Оқушының  қай  ортада  болсын  өзіндік  әрекеттерді  ұйымдастырып,  оны 

басқарушы  бола  алатындай  дәрежеге  жеткізу  үшін  білім  мазмұнын    даму 

тенденциялары  мен  оқу  үрдісінің  инновациялық  технологиялар  негізінде 


401 

 

ұйымдастырып,  сабақтың  түрлері  мен  әдіс  –  тәсілдерін  білімділік  ұстанымы 



тұрғысынан да жетілдіру қажет.   

Ал  білім  беру  үрдісінің  субъектісі  –  білім  үрдісі  баланың  дамуына,  тұтас 

тұлға  болып  қалыптасуына,  қоғамдық  өмірдің  белсенді  субъектісі  болуына 

мүмкіндік  ұсынуы  тиіс.Білім  беру  субъектісінің  өзара  әрекетің  үйлестіруді 

қамтамасыз етудегі және білім беру үрдісінің қорытындысының және сапасының 

артуының маңызды аспектісі әр түрлі әдіс – тәсілдерді қолдану болып табылады. 

Ал  әр  түрлі  әдіс  –  тәсілдерді  қолдана  отырып,  «Бала  объект  те,  мақсатта, 

нәтиже де емес, ол үрдіске қатысушы, қоғамның, мектептің, ата  – ананың, өзінің 

даму  үрдісінің  өзара  іс  -  әрекетіне  қатысушы»  баланың  субъектілік  ұстанымы, 

оның  қалай  болу  керек  деген  белсенділігі  өте  қажет.  Ендеше,  осы  белсенділікті 

тудырушы? - әрине мұғалім. 

Тіл  білімінің  атасы  А.Байтұрсынов:  «Ең  әуелі  мектепте  керегі  –  білімді, 

педагогика әдістемесіне хабары мол, оқыта білетін мұғалім» - деген болатын. 

Сабақтың  қызықты өтуі  мұғалімнің  үнемі  іздену, ұтымды  әдіс  –  тәсілдерді 

қолдану,  оқыту  әдістемесін  жаңартып  отыруына  байланысты.  Қазіргі  таңда 

мұғалімдер  инновациялық  интерактивтік  әдістемелерін  сабақ  барысында 

пайдалана отырып, сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпал етеді. 

Қазіргі таңда ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне ерекше көңіл аудара отырып, 

сапалы білім беру бұрынғыдан да күшейіп отыр. Өйткені қазір  бүлдіршін балалар-

егеменді еліміздің болашағы. 

Қазіргі таңда ұстаздар алдындағы міндет – жеке тұлғаның дамуына жағдай 

туғызу,  мектептен  шыққан  шәкіртті  өмірге  жан  –  жақты  даярланған  азамат  етіп 

шығару.  Жаңа  технологияларды  меңгеру  мұғалімнің  зияткерлік,  кәсіптік, 

адамгершілік,  рухани,  азаматтық  және  басқа  да  көптеген  адами  келбетінің 

қалыптасуына  игі  әсерін  тигізеді,  өзін  -  өзі  дамытып,  оқу  үрдісін  тиімді 

ұйымдастыруына көмектеседі. 

Қорыта келгенде, білім беру үрдісінің субъектісін дамыту – оқушының білім 

сапасын арттыру болады, сабақ жүргізетін кез – келген мұғалім сабақ өткізудің ең 

тиімді,  ең  қызықты,  ең  қажетті,  ең  тартымды  өзекті  үрдісін  таңдап  алу  қажет. 

Мұндай  үрдіс  оқушының  білім  сапасын  арттырып  қана  қоймай,  білімге  деген 

біліктілігін арттырып, ізденімпаздылық пен шығармашылыққа деген іскерлік пен 

дағды қалыптастырады, білім кеңістігіне жол ашады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет