Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі қазақ тағамтану академиясы


-кесте. Балық тіндеріндегі кейбір дəрумендердің құрамы



Pdf көрінісі
бет10/13
Дата03.03.2017
өлшемі444,48 Kb.
#7288
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

51-кесте. Балық тіндеріндегі кейбір дəрумендердің құрамы 
Витамины
Форма витамина
Содержание
Ретинол
А
1цис 
А
1транс 
А
2
Бұлшықетінде 0,09 м.е./г дейін, 
бауырда 265000 м.е./г дейін
Каротиндер
Алфа-, бета
гаммакаротин-
каратиноидтар,
ксантофилл 
Балықтың бұлшықетінде 0,08 
мг % 
Филлохинон
Нəлімнің бауырында 0,2 мг % 
Токоферолл
Е, α,β,γ,σ,δ
Балық бұлшықетінде 1,8 мг %, 
балық бауырында 50 мг %
Кальцеферол
D
1,
D
2,
D
3,
D
4,
D
5,
D
6
сельдте 30 мг %, 250 м.е./г
Тиамин
В
1
Тунец бұлшықетінде 0,56 мг % 
Рибофлавин
В
2
Алабұға бұлшықетінде 0,8 мг 

Пантатеновая кислота
В
3
Сардина бұлшықетінде 1,03 мг 

ниацин
В
5
Тунец бұлышқетінде 14 мг % в 
пиридоксин
В
6
Скумбрия бұлшықетінде 0,8 мг 

цианобаломин
В
12
Скумбрий бұлшықетінде 12,3 
мг % 
Фолевая кислота
В
с
Балық тіндерінде 1 мг % 
Аскорбиновая кислота
С 
Хек бұлшықетінде 3,2 мг % 
инозит
Балық тіндерінде 40 мг % 
Балық жəне балық емес теңіз шикізаттарының негізінде алуан түрлі 
функционалдық азық-түліктер əзірленеді. 
Теңіз орамжапырағын өзге өнімдермен бірге бағалы тағам 
қоспасы ретінде пайдалану  йодқа, сонымен қатар, антиоксиданттық 
белсенділігі жоғары өнімдерді жасауға мүмкіндік береді. 52-кестеде теңіз 
орамжапырағының микроэлементтік жəне дəрумендік құрамы берілген

101
52-кесте. Теңіз орамжапырағындағы кейбір минералды заттар мен дəрумендердің 
құрамы
Атауы
Құрамы
Минералды заттар, мг, 100 г өнімге есептелінген  
Na
520
K
940
Ca
40
Mg
170
P
55
Fe
16
Дəрумендер, мг, 100 г өнімге есептелінген  
Бета-каротин
0,15
L-аскорбин қышқылы
2,00
Дəрумен В6
   
0,02
Ниацин
0,40
Рибофлавин
0,06
Тиамин
0,04
Фолацин, мкг, 100 г өнімге есептелінген 
2,30
Биологиялық сынамалардың нəтижесінде теңіз орамжапырағы 
негізіндегі өнімдерді пайдалану ағзадағы зат алмасу үдерістерін реттеу-
ге, жекелеп алғанда, ас қорыту жолдарының жұмысына, ішек, эндокринді 
жүйенің жəне т.б. микробиоценозына оң ықпал ететіні анықталған. 
Ресей ғалымдарымен əзірленген «Севва» қоспасы жоғары 
антиоксиданттық белсенділігімен ерекшеленеді. Ол ферменттелген теңіз 
орамжапырағын қосып əзірленген дəрілік шикізаттың табиғи композициясы 
негізінде дайындалатындықтан, мүлде зияны жоқ.  Мұндай өнім ағзадағы ан-
тиоксиданттар жетіспеушілігінің орнын толтыруға арналған жəне аурулардың 
алдын алу мақсатында, тотығу күйзелістерімен байланысты дене жəне жүйкеге 
салмақ түскенде, алиментарлық-тəуелді ауруларды қосқандағы кеңінен 
таралған ауруларды кешенді емдеу кезінде пайдаланылады. 
Ет өнімдері қоспа түріндегі теңіз орамжапырағы, сəбіз, қызылша, 
қалақай қосылған шұжықтар түрінде жасалады. Сыртқы түрі бойынша бұл 
ет өнімдері шұжықтардан еш айырмашылығы болған жоқ, алайда, оларды 
тураған кезде шұжық фаршында түрлі-түсті, біртекті араласқан массаны 
аңғаруға болады. 
Теңіз орамжапырағынан алынған натрий альгинаты түріндегі қоспа 
бұрыннан радиопротекторлы қасиеттері бар, қайнатылған шұжықта 
қолданылады. 
Соңғы кездері теңіздің балық емес өнімі болып саналатын теңіз қияры 
жапон кукумариясынан алынатын табиғи антитотықтырғыштарға ерек-

102
ше мəн берілуде. Көптеген ғалымдар химиялық қосылыстардың тотығу 
үдерістеріне тосқауыл болу үшін теңіз өнімдерін кеңінен пайдалануда. 
Бұл үшін жапон кукумариясы мен фрондоз кукумариясының биологиялық 
белсенді заттары қолданылады. 
Қазіргі таңда функционалдық қасиеттері бар балық емес шикізаттан 
бірқатар кулинарлық өнімдер əзірленген. 
Астрахань мемлекеттік техникалық университетінің «Тағамдық биотех-
нология жəне азық-түліктер биотехнологиясы» кафедрасында бірнеше жыл 
қатарынан дəстүрлі емес қоспаларды пайдалана отырып, тиімділігі төмен 
шикізаттан балық шұжықтарын дайындау технологиясын əзірлеу саласын-
да зерттеулер жүргізілуде. Буффало Еділ-Каспий су алабы балықтарының 
тиімділігі төмен түрлерінің бірі болып табылады, оның құрылымы өте 
жетілген қаңқалы болып келеді жəне де ол консервілер өндірісінде пайда-
ланылмайды. 
Балық шұжықтары технологиясында жиынтығы жағынан 
антимикробтық тиімді əсері бар жəне фарштың органолептикалық сипатына 
жағымды əсер етуші  ББҚ ретінде 1:2 қатынасында шайқурай мен қырмызы 
тұнбаларының композициясын пайдалану ұсынылады.  
Балық шұжықтары рецептурасының құрамына балық фаршы крахмал, 
ихтиожелатин, тауық жұмыртқасы немесе меланж, құрғақ сүт, ас тұзы, қант, 
ұнтақ қара бұрыш, хош иісті ұнтақталған бұрыш, тазаланып, ұсақталған 
сарымсақ, салқындатылған су, жұпар жаңғағы, фосфаттар, шайқурай мен 
жұпаргүлдің сулы-спиртті тұнбасы кіреді. Зерттеу барысында Еділ-Каспий 
су алабының тиімділігі төмен балықтары, соның ішінде буффало балық 
өнімдерін алудың, атап айтқанда, шұжықты жəне формалы өнімдерді 
дайындаудың көзі ретінде қолданылуы мүмкін. Дəрілік шөптерден алынған 
сулы-спиртті тұнбаны қосу шұжықтардың профилактикалық тиімділігін 
арттырып, балық фаршының бактериялық тұқымдандырылуын төмендетеді. 
Ихтиожелатин жəне дəрілік шөптерден жасалған сулы-спиртті тұнба сияқты 
дəстүрлі емес қоспаларды пайдалану функционалдық қасиеттері бар балық 
шұжықтарын алуға мүмкіндік береді. Бұл кезде дайын өнімдер жоғары 
мөлшерді ақуызға, ПҚМҚ-ға, дəрумендерге, макро- жəне микроэлементтер-
ге жəне жақсартылған органолептикалық көрсеткіштерге ие болады.  
Қайнатылған шұжықтар рецептурасына ет ақуызын жиі қосады. Осыған 
байланысты толыққұнды емес балық еті, балық ұны, балық концентратта-
ры жəне балық изоляттары сияқты теңіз өнімдері болашағы бар қоспалар 
болып табылады. Буланған жапон кукумариясы қоспасы қосылған «Столо-
вая» типі бойынша қайнатылған шұжық өндірісінің технологиясы əзірленді. 
Шұжықтың бұл түрі жоғары функционалдық қасиеттерімен ерекшеленеді 
жəне басқа шұжқтармен салыстырғанда сақтау мерзімі ұзағырақ болып та-
былады. 

103
Кукумариясы бар ветчина балық фаршы, сарымсақ, бұрыш, жұмыртқа 
қосылған байланыстырушы массасы бар, балық, шпик, кукумарияның 
қатпарлы массасы түрінде болады. 
Үнемі қолданыстағы азық-түліктер санатына жататын, қазіргі таңда 
сұраныс артып келе жатқан балық өнімдері арнайы құнарландырудың 
перспективті объектісі болып табылады. 
Толыққұнды ақуыздың көзі бола тұра балық өнімдері тағам рационын-
да маңызды үлеске ие. Кəсіпорындармен шығарылатын мұндай өнімдердің 
негізгі түрлеріне жартылай фабрикаттар жатады.
Тұщы су гидробионттарынан жасалған жартылай фабрикаттар өндірісі 
технологиясы мен рецептураларды əзірлеу, негізгі құрамдас бөлшектерінің 
сапалы құрамын өсімдікті толтырғыштармен құнарландыру арқылы 
 
жетілдіру балық өңдеу саласының кəсіпорындарына өзекті міндет болып 
табылады. Балық консервілерінің классикалық рецептурасы – «Рыба нату-
ральная в масле».  
Фарш өнімдерін шығару ақуызбен, дəрумендермен, микроэлементтер-
мен жəне тағамдық талшықтармен құнарландырылған өнімдерді əзірлеуге 
үлкен мүмкіндіктер береді: амин қышқылдар құрамын толықтырғыштармен 
(соя немесе жүгері ұнымен) оңай реттеуге болады;  микроэлементті 
құрамын рецептураға қарақұмық ұнын қосу арқылы, темірмен жəне магний-
мен құнарландыруға болады. Құрамында балласты заттары мен тағамдық 
талшықтары көп калориясы төмен азық-түліктерді күріш немесе асбұршақ 
ұнын қоса отырып, балық фаршынан жасаған дұрыс. Сүйек қалдықтарының 
үлесін реттей отырып, жеңіл сіңетін кальцийдің, магнийдің, фосфор мен 
басқа да минералды элементтердің тиімді құрамына қол жеткізуге болады. 
Су шикізатын кешенді өңдеу тəсілі ретінде балық фаршын өндірудің 
артықшылықтарына, сонымен қатар, мыналар жатады: 
- балықтың алуан түрлерін, механизацияланған желілерде сүзуге жа-
рамсыз түрлерін де өңдеу мүмкіндігі;
- қалдықсыз өндіріс – балықтың жеуге жарамсыз бөлшектері жем 
ұндарына, балық майына, желімге, інжу паттарға, ферментті препараттарға, 
түкті тыңайтқыштарға, т.с.с. кетеді; 
- фаршты өндіру үдерісін механизациялау жəне автоматтандырудың 
үлкен мүмкіндіктерінің арқасында балықты өңдеуге кететін еңбектің азаюы; 
- балық өнімдерінің əр түрлерінен жасалған фаршты алудың 
қарапайымдылығы. 
Тəжірибелік зерттеулерде 7,5 % мөлшерде күріштен, 10 % қарақұмықтан, 
15 % асбұршақтан жасалған текстураланған ұнды қолдану талап етілетін 
құрылымдық-механикалық қасиеттері бар, биологиялық жəне тағамдық 
құндылығы жоғары фарш жартылай фабрикаттарын жасауға мүмкіндік 
беретіні анықталған. Бұл кезде, сонымен қатар, асбұршақ жəне жүгері ұны 

104
қосылған өнімдер салыстырмалы түрде ақуыздың, ал күріш жəне қарақұмық 
ұны қосылған өнімдер минералды элементтер мен тағамдық талшықтардың 
көп мөлшеріне ие.  
Балықты əртүрлі көкөністер мен дəмдеуіштермен бірге консервілеу 
жануар тектес жəне өсімдік тектес тағамдық заттардың (ақуыздар, майлар, 
көмірсулар, дəрумендер) толыққұнды кешені бар өнімдерді алуға мүмкіндік 
береді. «Рыба с овощами в томатном соусе», «Тефтели рыбные с овощным 
гарниром в томатном соусе», «Голубцы рыбные в томатном соусе» жəне т.б. 
соған тəн мысалдар болып табылады (53-кесте).
Таблица 53. Рецептура на «Голубцы рыбные в томатном соусе»
Шикізат атауы
Шикізат шығыны, кг
Шикідей қуырылған балық 
100,0
Ұсақтап туралған орамжапырақ 
20,0
Сəбіз
5,0
Қуырылған пияз
2,5
Бұрыш
0,1
0,1
Ұнтақталған қара
2,0
Хош иісті 
Ас тұзы
Сонымен қатар балық өнімдерінің ішінде бауыр мен уылдырық, əсіресе 
– нəлім мен минтайдың бауыры пайдалы болып есептелінеді. Нəлімнің бау-
ырында А дəрумені ғана емес, сүйектің сау тінін түзуге қажетті D дəрумені 
де көп. Сонымен қатар, нəлімнің бауырында йод, калий, мырыш, фосфор, 
кальций, С жəне В12 дəрумендері бар жəне мамандар оны жүрек-қантамыр 
жəне алиментарлық-алмасу ауруларымен ауыратын науқастарға ұсынады. 
Нəлімнің уылдырығы А, В, С, кальций, калий, фосфор, мырыш, темір жəне 
йодтың керемет көзі болып табылады. 
Уылдырық антиоксиданттарға, жеңіл қорытылатын ақуызға, 
полиқанықпаған май қышқылдарына (омега-3) бай. Төменде нəлім бауыры 
мен уылдырығынан жасалған паштеттің рецептурасы берілген (54-кесте).
54-кесте. Нəлім бауыры мен уылдырығынан жасалған паштет рецептурасы  
Шикізат атауы
Шикізат шығыны, кг
Нəлім уылдырығы
140,0
Нəлім бауыры
226,0
Басты пияз 
17,5
Ащы бұрыш
0,6
Жұпар жаңғақ  
0,2
Ас тұзы
3,8

105
Өнеркəсіптің сыра жəне алкогольсіз сусындар өндіру саласы 
кəсіпорындарына арналған  ұсыныстар  
Алкогольсіз сусындарға шөл қандырып, сергіту сияқты ортақ функцияға 
біріктірілген табиғаты, құрамы, органолептикалық қасиеттері əртүрлі сусындар 
жатады.  
Алкогольсіз сусындарды алудың технологиясын есепке ала отырып, 
құрамы мен қасиеттерінің ерекшеліктеріне қарап, функционалдық сусындардың 
екі санатын қарастырады: 
-  Нативті күйінде функционалдық ингредиенттері немесе ингредиенттер 
тобының біршама мөлшері бар: 
•  минералды сулар (емдік-асханалық);
• шырындар;
• квастар;
•  қосымша функционалдық ингредиенттермен құнарландырылған салқын 
сусындар (газдалған жəне газдалмаған). 
Алкогольсіз сусындардың функционалдық ингредиенттеріне дəрумендер, 
макро- жəне микроэлементтер, тағамдық талшықтар, органикалық қышқылдар 
жəне өзге де қосылыстар жатады. 
Сусындар – функционалдық ингредиенттер ағзаға сулы ортада кіретіндіктен, 
олардың сіңуі мен қолжетімділігіне ықпал ететін, микронутриенттік 
жетіспеушілік мəселесін шешу үшін қолданылатын, барлығынан бұрын сəйкес 
келетін тағамдық өнімдер. 
Алкогольсіз сусындар ішінен жеміс-жидекті жəне көкөністі шырындар мен 
құрамында шырыны бар шырынды сусындардың биологиялық құндылығы аса 
жоғары болып табылады. Шырынды сусындар – құрамында жемістер, көкөністер 
немесе шырынның бірнеше түрі бар, сондай-ақ, ашытылған сусындар. Адам 
ағзасына физиологиялық жəне биологиялық маңызы бар дəрумендердің (С, В1, 
В2, РР, каротин жəне т.б.), макро- жəне микроэлементтердің (K, Na, Ca, Mg, P, 
Fe, Cu, Zn жəне т.б.), тағамдық талшықтардың, фенольді қосылыстардың біраз 
мөлшерінің болуы шырындар құрамының айрықша ерекшелігі болып табылады. 
Сонымен қатар, микронутриенттердің басым бөлігінің жақсы ерігіштігін есеп-
ке ала отырып, фортифаканттар құрамын кез келген берілген мəнге арттыруға 
болады. Шырындар гиповитаминозбен күресуге көмектеседі, толыққұнды 
тамақтанбаған жағдайда орнын толтыра алады, иммунитетті күшейтеді. Жеміс-
жидекті, көкөністі шырындарды сусындар құрамына қосу бірегей дəм шығаруға 
жəне тағамдық құндылығын арттыруға ықпал етеді. Шырындар құрамындағы 
көмірсулар (моносахаридтер, пектин заттары, тағамдық талшықтар) микро- 
жəне макроэлементтермен, тұтқыр заттармен, органикалық қышқылдармен бірге 
қорғаныс күштерін күшейте жəне ағзаға қажетті нутриенттермен құнарландыра 
отырып, жағымды ықпал етеді.  
Дене салмағы артық жəне семіздіктен зардап шегіп жүрген адамдарға, 
көкөніс шырындарында калория азырақ, ал пайдалы заттар құрамы жағынан 
жемісті шырындардан кем түспейтіндіктен, оларды көбірек пайдаланған дұрыс. 

106
Төменде əртүрлі ингредиенттер үйлесіміндегі жəне калориясы төмен жеміс-
жидекті, жеміс-көкөністі, көкөністі шырындардың рецептуралары берілген 
(55-кесте). 
Таблица 55. Рецептура на рябиново-алычевый сок, из расчета на 100л
Шикізат атауы
Шығын, кг
Қара жемісті шетен шырыны 
62,0
Алша шырыны
31,0
Ксилит 6
Пектин 1,0
Алшаның құрамында В, А, С, Е, РР дəрумендері, микро- жəне макроэ-
лементтер (калий, кальций, фосфор, магний, натрий, темір), талшықтар мен 
пектиндердің көп мөлшері бар. Алша шырыны авитаминоздың алдын-алу 
үшін жəне ішек перистальтикасын жақсарту үшін пайдаланылады. 
Қара жемісті шетен жидектерінің дəмі жағымды, құрамында С, В1, В2, 
Е, РР, К, Р  дəрумендері бар, тұтқыр заттар, органикалық қышқылдар мен 
пектиндер, көмірсулар, Р-дəруменде белсенділігі бар флавоноидтар, аскор-
бин жəне фолий қышқылы, марганец, молибден, мыс, бор, йод, магний, темір 
бар. Қара шетен жидегі – тиімді өт айдаушы зат, жапырақтары бауырдың 
жұмысын жақсартады, өттің түзілуіне жəне бөлініп шығуына ықпал етеді. 
Əсіресе, бастапқы шикізат құрамына кіретін ингредиенттерге ғана 
емес, сонымен қата,р микробты липосахаридтерге, лакто- жəне бифи-
добактериялар тіршілік өнімдеріне де бай орамжапырақ ас қызылшасы, 
сəбіз, болгар бұрышы жəне т.б. негізіндегі ферменттелетін сусындар ерек-
ше қызығушылыққа ие. Төменде айва шырынымен жəне қызыл бұрыш 
пюресімен құнарландырылған, ашытылған орамжапырақ шырыны мен сəбіз 
шырыны негізінде алынған шырынның рецептурасы берілген. (56,57-кесте)
56-кесте. 100 л-ге есептелінген, жұмсағы бар сусын рецептурасы
Шикізат атауы
Расход, кг
Ашытылған орамжапырақ шырыны 
90,5
Тəтті қызыл бұрыш пюресі 
9,5
Стевия сығындысы 
0,13
Ашытылған орамжапырақ шырынының құрамында С дəрумені мен 
сүт қышқылының аса көп мөлшері бар. Ашытылған орамжапырақ шырыны 
ас қорыту мен ішектің перистальтикасын жақсартады, сондай-ақ, тонусты 
күшейтетін жақсы иммуномодулятор болып табылады. 
Қызыл бұрыш С дəруменінің құрамы бойынша лимоннан асып түседі, 
бұрыш каротин мен В тобының дəрумендеріне, əсіресе В
1
 мен В
2
 бай. Ми-

107
нералды заттардан қызыл бұрышта калий, натрий, кальций, темір, фосфор, 
күкірт, хлор, кремний жəне өте көп талшықтар бар.
57-кесте. 100 л-ге есептелінген сусынның рецептурасы 
Шикізат атауы
Мөлшері, кг
Ашыған сəбіз шырыны 
499,50
Айва шырыны
500,00
Аскорбин қышқылы
0,50
Стевия сығындысы
0,13
Бəрімізге белгілі болғандай, сəбіз шырыны табиғи түрдегі β-нің бай көзі 
болып табылады.  Сондай-ақ, сəбіз шырынында В, С, Д, Е, К дəрумендерінің 
көп мөлшері кездеседі. Жаңа сығылған сəбіз шырыны – минералды заттардың 
тамаша көзі (темір, калий, кальций, магний, натрий жəне фосфор).
Ферментация нəтижесінде онда органикалық қышқылдар, микробты 
липосахаридтер, В тобының дəрумендері мен тағамдық жəне биологиялық 
тұрғыдан алғандағы компоненттер жиналады. 
Дененің артық салмағының алдын-алу үшін қызылша, асқабақ, сəбіз 
пюрелерінің негізінде жасалған, жоғары талшықты, жоғары пектинді 
өнімдер бағалы болып табылады. Төменде осындай өнімнің рецептурасы 
берілген (58-кесте).
Таблица 58. Рецептура на напиток, из расчета на 100 л
Шикізат атауы
Норма, кг
Сəбіз пюресі
203,0
Дəруменді немесе ас асқабағының пюресі 
203,0
Қызылша пюресі
152,0
Лимон шырыны
153,0
Фруктоза шəрбаты
289,0
 
 
Қызылша ағзадағы алмасу үдерістерін реттеуге қатысатын 
физиологиялық маңызды қосылыстардың көзі болып табылатыны белгілі. 
Қызылша азотты заттарға, əсіресе, ақуызға бай. Бұл ақуызда бетаин бар, 
одан ағзада физиологиялық белсенді холин түзіледі. Бетаин бауырдың май-
дан бұзылуына жол бермейді əрі антисклеротикалық зат болып табылады.  
Қызылшаның пайдалы қасиеттері, ең алдымен, ондағы минералды заттардың 
алуан түрімен түсіндіріледі. Осылайша, темірдің құрамы жағынан (100 г 
салмаққа 1400 мг) бəрінен артық, сондай-ақ, қызылшадағы мыстың жоғары 
мөлшері (140 мг/100 г) бар, сондықтан қызылша қан тарату үдерістеріне 
жағымды ықпал етушы зат ретінде тиімді қолданылады. Қызылшада басқа 
микроэлементтерден марганец, ванадий, бор, кобальт, молибден, рубидий, 

108
фтор бар, ал қызылшадағы мырыштың мөлшері жағынан көкөністер мен 
жемістер арасында ең алдыңғы шепте тұр. 
Калориясы төмен өнімдер өндірісі үшін асқабақ құнды шикізат болып 
табылады. 
Асқабақтың құрамында каротин сəбізге қарағанда 4 есе артық, цел-
люлоза, пектин заттары, глюкоза, фруктоза, сахароза; В1, В5, В2, В6, С, 
Е, РР, К дəрумендері мен ағзадағы зат алмасу үдерістерін жеделдетуге, 
тромбоциттердің түзілуі мен қанның ұюына жауап беретін карнитин; ка-
лий, мыс, кальций, фтор, темір минералдары кездеседі. Асқабақтың жұмсақ 
бөлігі өт жолдарының қызметін жақсартады, ішектегі қабыну үдерістерін 
жояды. Асқабақ пюресінің негізінде балалар тағамдары сияқты да, 
 
профилактикалық мақсаттағы тағамдар сияқты да көптеген функционалдық 
азық-түліктер əзірленеді. Төменде асқабақ пен өрік пюрелерінің негізінде 
лимон шырыны мен стевия шəрбатын қоса отырып жасалған, калориясы 
төмен тағамдық талшықтардың мөлшерін арттырған сусынның рецептурасы 
берілген (59-кесте).
59-кесте. 100 л-ге есептелінген, калориясы төмен асқабақты-өрікті-лимонды сусын 
рецептурасы
Шикізат атауы
Норма, кг
Дəруменді немесе ас асқабағының пюресі 
271,0
Жұмсағы бар өрік шырыны 
270,0
Лимон шырыны
170,0
Стевия шəрбаты
1,0
Артық дене салмағының алдын-алу үшін тағамдық жəне биологиялық 
жағынан томат шырыны, тəтті бұрыш пюресі жəне стевия шəрбаты негізінде 
жасалған сусындар пайдалы болып табылады (60-кесте).
60-кесте. 100 л-ге есептелінген «Особый» сусынының рецептурасы 
Наименование сырья
Норма, кг
Томат шырыны
912,00
Тəтті қызыл бұрыш пюресі 
80,00
Стевия сығындысы
0,05
Тұз
8,00
Томатта каротин, А, Е, РР, Н, В тобының дəрумендері бар екені 
белгілі, алайда, томатта барлығынан С дəрумені көп екені белгілі. Мине-
ралды құрамында сондай-ақ  кальций, магний, калий, фосфор, күкірт, темір 
мырыш, йод, мыс, марганец, хром, фтор, бор, молибден, кобальт, никель, 
рубидий бар. Қызанақтарға ашық түс беріп тұратын ликопин деп атала-
тын пигмент болады. Бұл пигмент күшті антиоксиданттық қасиеттерге ие 
жəне қатерлі ісіктің асқынуына тосқауыл бола алады, сондай-ақ, бұл қасиет 
зарарсыздандырылған шырында сақталуы да мүмкін. Төменде құрамына 

109
томат шырынымен қоса қызылша, сəбіз, орамжапырақ пюрелері, ақжелкен, 
балдыркөк, қызыл бұрыш пюресі, сондай-ақ, ксилит қант алмастырғышы 
кіретін көкөністі сусын рецептурасы берілген (61-кесте).
61-кесте. 100 л-ге есептелінген «Здоровье» сусынының рецептурасы 
Шикізат атауы
Мөлшері, кг
Концентрацияланған томат шырыны 
112,50
Орамжапырақ пюресі 
240,00
Сəбіз пюресі
80,00
Қызылша пюресі
80,00
Үгілген балдыркөк
35,00
Үгілген ақжелкен
35,00
Тəтті қызыл бұрыш пюресі 
47,00
Қайнатылған су
347,50
Ксилит 16,00
Тұз
7,00
Ақжелкенде эфир майлары А дəрумені, В1, В2, РР, К дəрумендері, се-
лен бар екені белгілі. 100 г ақжелкенде шамамен С дəруменінің екі тəуліктік 
мөлшері кездеседі. 
Балдыркөкте В тобының дəрумендері К, Е дəрумендері, А продəрумені 
жəне аскорбин қышқылы бар. Балдыркөк құрамында, сонымен қатар, эфир 
майлары, гликозид апиин, холин, протеин, каротин жəне т.б. бар. Минерал-
ды заттардан балдыркөкте калий, магний, кальций, марганец, темір, мырыш, 
фосфор кездеседі. 
Арнайы азық-түліктер өндірісімен айналысатын «Динкома» компани-
ясында құрамында пектин, шырын, бояғыш, қош иістендіргіш жəне су бар, 
алкогольсіз сусынға арналған ингредиенттер композициясы əзірленген. Оның 
басты ерекшелігі – құрамында желатиннен немесе казеиннен алынған қосымша 
қант алмастырғыш жəне ақуызды гидролизат бар, ал көкжидек немесе қарақат 
шырыны мен газдалған су, сəйкесінше, шырын мен су ретінде пайдаланылады. 
«Фарма» алкогольсіз сусынының рецептурасы 62-кестеде берілген.
62-кесте. 100 дал-ға есептелінген «Фарма» алкогольсіз сусынының рецептурасы
Шикізат атауы
Мөлшер, кг
Қант алмастырғыш 
0,2-0,5
Пектин 0,5-2,0
Бояғыш
0,00001-0,00002
Сондай-ақ, л:
Желатин немесе казеиннен алынған ақуызды 
гидролизат 
1-3
Хош иістендіргіш
0,2-0,5
Көкжидектің немесе қарақаттың шырыны 
5-10
Газдалған су 
остальное

110
Кем дегенде екі компоненттен (шырын мен қосылған компонент) 
тұратын біріктірілген сусындардың да биологиялық құндылығы жоғары бола-
ды, мысалы, шырын мен дəрілік өсімдіктер; шырын мен сүт сығындысы; шы-
рын мен дəнді-дақылдар сығындысы, т.б. Көкжидек пен сүт сығындысының 
негізінде жасалған біріктірілген сусын рецептурасы 63-кестеде берілген. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет