Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР СЕКЦИЯСЫ



Pdf көрінісі
бет27/80
Дата22.12.2016
өлшемі5,96 Mb.
#125
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   80

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР СЕКЦИЯСЫ 

 

ӘӚЖ: 392.6 

 

Ҧлттық сәндік қол ӛнерімізді шыңдауда кілем, гобелен тоқу ӛнерінің 

алатын орны 

 

Абдикаримова А.Қ.  



 «Сырдария» университетінің оқытушысы 

 

Қазіргі кезде біздің елімізге жаңашалап, жаңа бағытта жеткізіліп отыр. 



Ұлттық  қолҿнер  бұйымдарының  маңызы,  мҽні  сҽндік  қолҿнері  халық 

тұрмысынан  берік  орын  алған.  Кілем,  гобелен  тоқу  ҿнері  -  ежелден 



254 

 

қолданылып  келе  жатқан  ҿнердің  бір  түрі.  Гобелен  ҿзінің  құрылған 



композициялық  бағыты  мен  ҽсем  құндылығымен  жылдар,  ғасырлар  бойы 

сақталып келеді. Қазақ тоқыма ҿнері де дҽстүр сабақтастығына қызмет ете 

бермек.  Кілем  тоқу  тұрмыс  қажетіне  байланысты  халық  қол  ҿнерінде 

ертеректен  белгілі,  ел  арасында  кеңінен  тараған,  дамыған  ҿнер.  Кілем 

тоқуда  киіз  үй  басу  сияқты  кҿрмелер  арасындағы  ұлтшылдықпен  ҿзара 

кҿмек,  қолғабыс  кҿрсетудің  тындыратын  ісі.  Кілем  күнделікті  кеңінен 

таралған  жүннен  жасалған  бұйымдардың  ішінде  басты  орын  алып,  ҽлі 

күнге дейін маңызын жоғалтпай келеді . 

Ұлттық  сҽндік  қол  ҿнерімізді  шыңдауда  кілем,  гобелен  тоқу  ҿнерінің 

алатын  орнын  анықтаудағы  басты  мақсат  -  кҿне  заманнан  келе  жатқан 

тоқыма  ҿнерін  жоғалтпай  ҽрі  қарай  жаңа  идеялар  мен  толтыру.  Ұлттық 

нақыштағы  сҽндік  гобелен  ҿнерінің  технологиясында  жіптің  түрлерін, 

жасалу  жолдарын  түкті  жҽне  тықыр  техникамен  ашып  кҿрсету  жҽне  

гобелен  тоқу  дҽстүрін  ұлттық  кілем  тоқу  ҿнер  дҽстүрімен  байланыстыру. 

Гобелен  халықтың  күнделікті  пайдаланылатын  бұйымдарының  бірі, 

гобелен  ҿзінің  композициялық  мазмұнымен  кҿрікті  жҽне  ҽдемілігімен 

ерекше [1].  

Қазіргі  жас  шеберлерінің  ҿздерінің  жұмыстары  олардың  идеялық 

мазмұндарын қайта жанғыртуда. Мұның ҿзі шеберлердің басым кҿпшілігі 

жан-жақты  салауатты,  білімді,  ҿнердің  түрлі  салаларымен  таныс  адамдар 

екенін  кҿрсетеді.  Қолҿнер  деп  тұрмысында  жиі  қоданылатын  ҿру,  тігу, 

мүсіндеу,  тоқу,  құрастыру,  бейнелеу  сияқты  шығармашылық  ҿнер 

жиынтығын  айтады.  Шын  мҽнінде  қолҿнер  түрлерінің  ҽр  қайсысының 

талай  ғасырлық  тарихы  бар.  Сол  сияқты  кілем  тоқу  ҿнері  ертеден  келе 

жатқан ұлттық қол ҿнеріміз. Кілем – үй жасауы деп санаймыз, оны жерге 

тҿсеуге, қабырғаға ілуге болады жҽне кілем иірілген тоқыма жіппен, шалу 

ҽдісімен  тоқылады.  Кілем  түкті  жҽне  түксіз  болып  бҿлінеді.  Түк  салып 

тоқу  ҿнері  кҿбінесе  Қызылорда,  Торғай,  Қостанай,  Шымкент  ҿңірлерінде 

жақсы дамыған.  

Гобелен  –  суретті,  түксіз,  қабырғаға  ілінетін  жҽне  жерге  тҿселетін 

кілем,  яғни  қолмен  тоқылған  кескіндеме.  Гобелен  –  сҽндік  қолданбалы 

ҿнер түріне жатады. Гобелен –ҿнерінің шығу тарихы ҽр елдің ҽр халықтың 

ҿзіне  тҽн  тарихи  жҽне  рухани  сҽн-салтанаты,  салт-дҽстүрі  бар.  Бүгінгі 

ұрпақтың  кҿзқарасымен  заман  талабына  сай  ҿнердің  тамыры  тереңге 

жайылып биікке құлаш сермеп бара жатқаны кҿніл қуантарлық жай. Заман 

талабына  сай  жаңа  ҿнерімен  ұштастырып,  шеберлікке  үйретіп  тҽрбиелік 

мҽн беріп ҽсемдікке баулуымыздың олардың болашағы үшін маңызы бар. 

Қолдан  жасалған  бұйымдарының,  тоқыған  кілемдерінің  суреттерінде 

философиялық  мағнасы  бар,  мҽні  де  тереңде  жатыр.  Суреттермен 

безендірілуі,  ою-ҿрнектерімен  олардың  ғажайып  реңдер  үлесі  мен  ҽрбір 

адамға  үлкен  ой  тастамай  қоймайды.  Гобелен  негізін  кҿркем 

шығармашылық  туынды  болып  табылады.  Сондықтан  гобелен  ҿнерінің 

сҽндік  қолданбалы  ҿнерде  алатын  орны  ерекше.  Кілем  тоқу  ҿнері  сияқты 

гобелен  тоқу  ҿнері  ерте  кезден  кҿшпенділер  тұрмысымен  қатар  дамыды. 



255 

 

Ҽсемдік  деңгейде  кҿп  тараған  қолҿнер  шеберлерінің  туындыларының  бір 



бҿлігін кілемдер құрайды. Қолданбалы ҿнердің ішінде тек гобеленде ғана 

сан-саналы  тҽсілдер  қолдану  керек.  Бірнеше  жылдың  ішінде  оның 

толыққанды тамыр жаюына салт-дҽстүріміздің сақталғаны септігін тигізсе 

керек. Біздегі тоқыма ҿнері, кестелеп ҿрнек салу, киіз басу мен кілем тоқу 

–осының бҽрі түптің түбінде жана қолданбалы ҿнердің қалыптасуына негіз 

болды. «Гобелен» деген кілем немесе суретті кілем деген мағнаны береді. 

Суреттермен  безендіру  қазіргі  біздің  қолданып  жүрген  гобелен  деген  сҿз 

XIII  ғасырда  қолданылған.  Гобелен  ҿнерінің  шығу  тарихы  XV  ғасырдан 

басталады.  Ең  алдымен  Франция,  Италия  жҽне  Германия  елдерінде 

дамыды.  Кейінен  Балтық  жағалауында  Кавказ  жҽне  Ресей  елдерінде  кең 

ҿріс  алды.  Тоқыма  ҿнерінен  бастау  алды.  1620  жылы  париждік  отбасы 

гобеленовтардың  сюжетті  ҿрнекті  композициялары  «гобелен»  атауымен 

халыққа танымал болыды. Ұлттық дҽстүрлі тоқыма ҿнері аз уақыт ішінде 

жаңа  сипатқа  ие  болып,  гобелен  ҿнерімен  тоғысты.  Қазақ  гобелені 

ҽрқашанда  дҽстүрмен  сабақтас  қызмет  етуге  тиіс.  Гобелен  –  кілем  сҽндік 

бұйым. Оны қазіргі кезде тҽжірбиелі суретшілер қолға алып,жаңа ҿрнекпен 

тоқиды.  Қазақ  халқы  ҿзінің  күн  кҿріс  тіршілігіне  қажетті  үй-жай  алуды, 

киім-кешек  тігуді,  азық-түлік  ҿндіруді  ҿзінің  тұрмыстық  кҽсібі  етіп, 

оларды  күнбе-күнгі  тіршілік  барысында  орынды  пайдаланса,  ҽсем 

бұйымдар  жасап  ҿмірді  сҽн-салтанатты  құра  білді.  Бұдан  біз  халық 

шығармашылығының  қандай  түрі болса да халық ҿнерімен  сол халықтың 

қоғамдық  тарихымен,  күн-кҿрісімен,  кҽсібімен  тығыз  байланысты  екенін 

кҿрсетеміз.  Гобелен  негізі  кҿркем  шығармашылық  туынды  болып 

табылады.  Гобелен  кілемінде  белгілі  тақырып  бойынша  қайталанбас 

суреттер кҿрініс береді. Оның жай кілемдерден айырмашылығы суреттері 

мен  түстерінде  ҽсем  тоқу  ерекшелігі  бар.  Ол  ұзақ  ізденісті,  қол  еңбегін 

қажет  етеді.  Қазақ  халқының  қолҿнерінің  аса  қымбат,  қайталанбаған 

сұлулығын, ғажайып кҿркем тоқымашылық ҿнерден кҿреміз. Қазіргі кезде 

қолҿнер  туындылары  қолға  түспес  бұрын  асыл  дүние,  қымбат  бұйымға 

айналды.  Кҿз  жауын  алатын  осындай дүниелерге  сұраныс  ҿсті.  Ҽр  кім ҿз 

халқының  қымбат  қазынасын  сақтап,  оны  қастерлеп  отыруы  тиіс.  Бұл 

ҿнерге  деген  іңкҽрлікті  анғартады.  Халық  шеберлері  байлыққа-байлық 

қосып,  молшыл  жасау  мен  қатар,  сол  баршылықты  байыпты  етуге 

тұрмыстың  жиһаз  мүліктерімізді  сҽндеуге,  безендіруге  үлкен  үлес  қосты. 

Тоқымашылықтың жоғары денгейін кҿрсететін гобелен тоқу ҿнерінің жас 

ұрпақтың рухани қалыптасуына да ҽсері зор  [2]. 

Қорыта  келгенде  «үй  жасауы  -  кілем»  дейді.  Кілем  жайсаң  тҿсеніш, 

ілсең  сҽн.  Осындай  ел  аузына  ілінген,  асыл  қасиетін  ҽлі  де  сақтап  келе 

жатқан бағалы зат. Қиын да қызықты ҿнер кілем тоқу қазақ топырағында 

бұдан  мың  жылдар  бұрын,  қарапайым  халық  ҿнерпаздарының  ой 

қазынасынан  шығып,  шебер  қолдармен  тоқылатын.  Ауқымды,  кең 

кілемдер,  гобелендер  ерекше  топқа  жатқызылады.  Қазақтың  гобелені  – 

тың,  қызықты  һҽм  болашағы  бар  кҿркемдік  құбылыс.  Бірнеше 

онжылдықтың  ішінде  оның  толыққанды  тамыр  жаюына  салт  – 



256 

 

дҽстүріміздің  сақталғаны  септігін  тигізсе  керек.  Қазақстанда  қалыптасқан 



салт  бойынша  тоқыма  бұйымдар  атам  заманнан  қолданылып  келген,  үй 

ішіне оңашалық пен жылылықты дарытқан. Осындай дҽстүрде ҿсіп - ҿнген 

Қазақстан  гобеленшілері  орасан  зор,  ауыз  толтырып  айтарлық  ҿнер 

туындыларын  дүниеге  келтірді.  Қазақ  халқы  талай  ғасырларда 

қиыншылықтың  қырына  қарамай  кейінгі  ұрпақтар  үшін  кҿптеген  ҿнер 

мұраларын  қалдырды.  Олар  біздің  ҿміріміздің  зейнеті  болуы  үшін 

күрескенде неше түрлі азапты–от пен судың тар жол, тайғақ кешуінен ҿтті. 

Ҿнерлі  ҿрге  жүзер  дейді  халық,  гобелен  тоқуды  қолҿнердің  ҿзіндік  қыр 

сыры  мол,  қиын  ҽрі  озық  түрлерінің  бірі  десек  те  болады.  Оның  айғағы 

тарихын қалыптастырып келген, сан ғасырлар бой тұрмысқа байланысты, 

нобайларына  лайықталып  келген  ою-ҿрнек  түрлерін  оның  мазмұның 

жанара  түсіп,  бет-бедеріне  тұрмыс-тіршілікке  байланысты  тың  мағына 

беретін туындылардың пайда болуы. Гобеленнің даму тарихы мен одан ҽрі 

ҿркендеуінің осы күнгі нҽтижесіне кҿз жетерлік[3]. 

Гобеленнің  даму  сатысын  ҽрдайым  кеңістікке  байланысты  сапалы 

түрде даму үстінде болады. Классикалық гобелен кеңістікте дами отырып 

ҿз  заманында  ҿлшемі  жағынан  да  белгілі  бір  шектеуден  шыға  алмаған. 

Дҽлірек айтқанда бұл тоқыма ҿнерімен орындалған белгілі бір жазықтықты 

толтыратын түс жазба (картина) - яғни қабырға айпасы ғана болатын. Даму 

сатысында  архитектуралық  кеңістік  құрылымның  ҽсері  болғандығын 

жоққа шығаруға болмайды. Дегенмен де  классикалық гобеленнен алыстап 

кете  алған  жоқ.  Гобелен  ҿзінің  бейнесі,  суретімен  құрылымы  интерьер 

масштабына  сҽйкес  болған  жағдайда  жҽне  оны  тереңдетіп,  дамыта  түседі 

де,  бірақ  озінің  жазықтығы  кескінін  сақтап  қалады.  Кеңістіктің  осындай 

ҽсерін  мазмұнды  композиция  деуге  болады.  Гобелен  композициясын  ҿз 

заманының    кескіндемесіне  лайық  айшықты  коларистикасымен, 

дүниетанымдық  болмысын ерекшеленіп отырады. Осындай тепе-теңдікте 

архитектуралық  кеңістікпен  гобелен  арасында  жылдар  бойы  байланыс 

ұлғая түседі [4]. 

Қазіргі  заман  интерьері  тоқыма  шығармашылығы  саласынан 

білімділікті, 

бейімділікті, 

кҽсіпкерлік 

шеберлікті, 

үлкен 

бір, 


шығармашылықты,  ҿзіндік  стильді  талап  етеді.  Гобелен  қабырғаны 

ҽсемдеуші  болып  қана  қоймауы  қажет.  Оның  ерекшелігі,  оның  ҽсемдігі, 

суреті,  құрылымы  эскизге  таңдалынып  алынған  айшықты  композициясы, 

адамның  қызығушылығын  арттырып,  эстетикалық  таным  талғамын 

оятатын  лирикалық  сезіммен,  философиялық  ойларға  толы  болып, 

кҿрерменнің сұлулықтан ҽсер алуына септігін тигізуі қажет екендігін айта 

келе гобеленің кен ауқымды дамуына ҿз үлесімді қосуды мақсат еттім.  

 

Резюме 



 

 

 В статье рассматривается пути изготовления и виды нитей нарядного искусства 



гобелен,  вопросы  пополнения  современными  идеями.  А  также  связь  национального 

ткацкого искусства с традициями искусстве гобелен 

 


257 

 

Summary 



 

 

 In the article discusses the ways of making jewelry and types of yam art tapestry, the 



replenishment  of modem ideas.  As well  as the national  liaison  to  the traditions  of the art of 

weaving a tapestry art. 

 

Пайдаланылған ҽдебиеттер 



 

1. Журнал. Мектептегі технология,  

2.Журнал. Бейнелеу ҿнері жҽне сызу. 

3. Қазақ ұлттық энциклопедиясы 3 том 

4. Дҽулетов К, Сүлейменова М, Жайманова Л. «Еңбекке баулу ҽдістемесі» 

(Бастауыш сыныптарға арналған) Астана «Фолиант», 2010 



 

ӘӚЖ. 347.785 

 

Оқушыларға тәрбие беруде халық кҥйлері  

мен әндерінің алатын орны 

 

Абдухаликов Қ.Д. 

«Сырдария» университетінің оқытушысы 

 

Қай  халықта  болмасын  ҿзінің  атадан  балаға  жеткен,  қадірлеп  кҿзінің 

қарашығындай  сақтап,  қымбат  қазынасына  айналдырған  ұлттық  дҽстүрлі 

музыка ҿнері болады. Ол негізінен вокалды жҽне аспапты болып екі түрге 

бҿлінеді. Ол ұлттық ҿнердің негізін қалаушылар – халық арасынан шыққан 

дарын иелері, халық композиторлары. 

Қазақ  халқының  аспапты  музыкасына  күйлер  жатады.  Күйлер 

қазақтың  ұлттық  болмыс  бітімімен,  сана  сезімі  мен  тығыз  байланысып 

ҿмірінен қуат алған, рухани ҿнердегі дҽстүрлі ҿнердің ішіндегі ең күрделі, 

тоқсан толғаулысы да осы күй шығармашылығы. Ұлттық мҽдениетіміздің 

құнарлы  арнасына  жататын  күй  ҿнері  ҿзінің  ҿміршеңдігі,  халыққа  етене 

жақындығы  мен  ұрпақтан-ұрпаққа  жалғасып  келді.  Күйлер  ел  арасынан 

шыққан  құйма  –  құлақ  дарын  иелері  арқылы  толыса  дамып,  ұлттық  ҿмір 

тіршілігі мен тығыз байланысып, ел ҿмірінің рухани серігі болды.  

Музыка саласында күй ҿнері ҿз алдына күй жанры болып қалыптасты. 

Күйлер адамның ішкі сезім-дүниесін, оның жеке басының кҿңіл-күйін, 

қуанышымен қайғы күйін, аңсаған арманын, ҿмір сүрген қоғамын, тіршілік 

дүниесін,  қорщаған  табиғат  анасын  -  ҿзен-суын,  орман-тоғайын,  асқар 

таулары мен байтақ даласын паш етіп жырлайтын шығармашылық жанрға 

айналды.  Кҿптеген  күйлерді  алайық  «Ақсақ  құлан»,  «Ботасы  ҿлген 

бозінген»,  «Саймақтың  сары  ҿзені»,  «Нар  идірген»,  «Ертіс  толқыны», 

«Аңшының  зары»  т.б  тарихи  оқиғаларды  баяндаса,  енді  бір  қатары 

ҽлеуметтік  ҿмір  тынысына  үн  қатып,  ел  ҿмірінің  қайғысымен  қуаныш 

сезімдерін  толғады.  Сондықтан  да  күй  шығармашылығы  ҿзінің 

тақырыбымен  мазмұнына  қарай  ҿз  тыңдаушысының  кҿңіл-күйіне,  жүрек 


258 

 

тебірелісіне, сезім сырына айналып, ішкі жан дүниесінен терең орын алып 



отырады. Күй композитордың ішкі жан сырының айнасы десек, күй деген 

атының ҿзінде үлкен қуат, шабытты құдырет бар. 

Қазақ елі ортасына кеңінен қанат жайған халық күйлері мен ҽуендерін 

дыбыс  арқылы  жеткізу  тҽсілінде  оны  орындайтын  ұлттық  саз  аспаптары 

болды.  Ол  ұлт  мҽдениетінде  ҿзінің  құрылымы,  дыбыс  ерекшеліктері 

жағынан  басқа  халықтарға  ұқсамайтын  тҿл  аспап  болып  тарихи  жҽне 

мҽдени кеңістікте сақталып келді. 

Қазақтың  саз  аспаптары  жалпы  ұлттық  жҽне  фольклорлық  болып  екі 

топқа  жіктеледі.  Ел  ішінде  кеңінен  пайдаланып  халық  күйлері  мен  саз 

ҽуендерін орындап ұрпақтан-ұрпаққа қалдыру барысында домбыра, қобыз, 

сыбызғы  аспаптары  негізгі  орынды  иеленеді.  Күй  жанрында  да  бұлар 

домбыра  күйлері,  қобыз  күйлері,  сыбызгы  күйлері  болып  жекеленіп 

айтылады.  Ал,  кҿбіне  фольклорлык  кеңістікте  сақталған  уілдек,  сазген, 

дабыл,  даңғыра,  шыңдауыл,  дауылпаз,  дудығы,  желқобыз,  желбуаз, 

тоқылдақ,  тұяқтас,  асатаяқ,  керней,  адырна,  шыртылдауық,  сақпан, 

дүңгіршек  фольклорлық  аспаптар  тобына  енеді.  Бұлардын  қатарына 

сырнай,  кепшік  жетіген,  бұғышақ,  шаңкобыз,  ауызсырнай  аспаптарында 

жатқызамыз.  

Күйлер жҽне оны орындаушылық міндетін атқарушы тҿл аспабымыз: 

домбыра, қобыз, сыбызғы аспаптары халқымыздың ҿмір кернеуі мен бірге 

жасап келеді. Ҽр күйдің шығушы ҽуен иелері болған. Күйлерді халық күйі 

жҽне  халык  композиторлары  деп  шығарушының  аты  мен  атап  жүрміз. 

Халық  күйлері  жылдар,  ғасырлар  ҿткен  сайын  шығарушының  аты 

ұмытылып,  ел  ішіндегі  дарын  иелерінің  орындап  жалғастыруы  арқылы 

күйдің аты сақталып, бара-бар халық күйі болып сақталған. 

Аты  аңызға  айналған  күй  атасы  Қорқыттан  бастап  ҿмірдің  қыр  мен 

сырын күй тілімен сҿйлетіп кеткен халық композиторларының күйлері мен 

есімдерінің  ел  арасында  сақталып  келуі  халқымыздың  ҿнерге 

сүйіспеншілігін,  ҿнерпаз  ұлт  екендігін  жҽне  күйдің  құдіреттілігін 

кҿрсетеді.  

Тарих шежіресінен сыр шертер күй ҿнеріне добрыра, қобыз, сыбызғы 

аспаптары  тым  кҿнеден  ұлтпен  бірге  жасасып  келген.  Қобыз  аспабын, 

қобыз күйлерін сҿз еткенде күй атасы Қорқытты алдымен ауызға аламыз. 

Түркі  тілдес  халықтарға  ортақ  аныз  болған  Қорқыт  VIII-IX  ғасырларда 

Сырдарияның жағасында ҿмір сүргендігі мҽлім.  

Қазіргі  кезде  Қорқыт  күйлері  аталып  жүрген  күйлер  саны  жиырмаға 

жуық. 

1987 жылы Мусабек Жарқынбеков «Қорқыт-Елім-ай» атты жинақта 11 



күйі  жарық  кҿрді.  Мусабек  Жарқынбеков  Қорқыттың  күйлерін  үйреніп 

нотаға  түсіру  бағытында  Қорқыт  туралы  аңыздар  естіп,  оның  қобызды 

тартуы  бойынша  «Желмая»,  «Ұшардың  ұлуы»,  «Елім-ай»,  «Халқым-ай», 

«Ҽуппай», «Аққу», «Кілем жайған», «Тарғыл тана», «Байпаш» күйлерінің 

шығу тарихын тындап, осы жҽне басқа күйлерді магнитофонга жазып алып 

«Қорқыт-Елім-ай»  кітабында  жарияланды.  Осылайша  күй  атасы  Қорқыт 



259 

 

күйлері ғасырлар бойы ұрпақтан – ұрпаққа жағасын тауып біздерге жетіп 



отыр [1, 86-б.]. 

Қазақтың күйшілік ҿнеріндегі кҿне күйлердің бірі - халық күйі ―ақсақ 

құлан‖.  бұл  күйдің  шығу  тарихы  қазақтың  тҿл  аспабы  домбыра  мен 

байланысты.  Бізге  жеткен,  осы  күнде  айтылып,  ҽртүрлі  басылымдарда 

жаряланып  жүрген  бұл  күйдің  аңызы  бойынша  ертеректе  домбыра  үш 

ішекті,  кҿмей  тесігі  болмаған  деп  жазылып  келеді.  Күйші  Кетбұқа  хан 

алдында күй тартқанда домбыраның үнінен ―балаң ҿлді, жошы хан‖ деген 

сҿздер  естілді  деп  келтіріледі.  Ақсақ  құлан  күй-аңызының  кҿп 

айтылмайтын,  ұмытылып  бара  жатқан  бұл  нұсқаны  белгілі  күйші-

зерттеуші  Тымат  Мерғалиев  1965  жылы  күйші  Сапар  Жұмағалиевтан 

жазып  алып,  1972  жылы  шыққан  ҿзінің  ―Домбыра  сазы‖  атты  еңбегінде 

жарялаған. 

   Күйді  жеткізуші  оның  мазмұнын  былай  деп  баяндаған  екен:  ертеде 

жошы  ханның  үлкен  баласы  аңға  шығып,  құлан  атуға  барғаннан  қайтып 

оралмапты.  баласын  бірҽз  күндер  күтіп,  ақыры  келмеген  соң,  оның  тірі 

емес екенін ҽкесі сезеді. енді не болса да жаман хабарын естігісі келмеген 

хан: 

   -  кімде-кім  менің  баламның  қайғылы  хабарын  естіртсе,  соның 



кҿмеиіне  қорғасын  ерітіп  құямын,  -  деп  халыққа  жар  салыпты.  халық 

ханның  баласын  құлан  теуіп  ҿлтіргенін  біледі,  бірақ  ҽкесіне  айтуға 

батылдары бармайды. Күндердің күнінде ел аралап жүрген бір домбырашы 

бұл  хабарды  естіп,  ханның  ордасына  барыпты.  бірақ  күзетшілерден  асып 

ордаға кіре алмай далада, қақпа алдында отырып, домбырасынан бір күйді 

күңіренте  тарта  беріпті.  кешқұрым  саңқылдап  шыққан  домбыра  үні  сол 

маңайды тегіс шарлап, орда ішіндегі ханның да құлағына шалынады. тақта 

мүлгіп отырған хан сҽл басын кҿтеріп: 

   - мынау ненің үні? барып біліңдерші? егер менде шаруасы бар адам 

болса мында алып келіңдер! - деп уҽзірлерінің біріне ҽмір етеді. 

   уҽзір ҽлгі домбырашыны ханның алдына алып келеді. хан оған:   

   -қайдан  жүрген  адамсың?  мұнда  келу  мақсатыңды  айт!  -  дегенде 

домбырашы: 

   -  тақсыр!  кҿптен  кҿңілімде  жүрген  бір  күйім  бар  еді,  соны  сізге 

сынатқалы келіп едім, - депті. 

   - е, олай болса домбыраңды тарт! - депті хан. 

   Бұл  сҿзді  естуі  сол-ақ  екен,  күйші  домбырасының  бұрауын  қоңыр 

дауысқа келтіріп, ҽрбір қағысын салмақпен қағып, бір күйді тарта беріпті. 

күйдің  алғашқы  дыбысынан  басталған  қатал  үн,  бірте-бірте  қоюланып, 

―мені  естисің  бе,  хан  ием,  қайғылы  хабар  айтамын‖  дегендеи,  алдын  ала 

негізгі  тақырыбынан,  айтпақ  ойынан  хабар  береді.  Домбыраның 

күңіренген үнінен сезіктенген уҽзірлерінің бірі:    

   -  тақсыр!  мынау  не  дегелі  отыр  ҿзі?  -  дегенде,  хан  айнала 

отырғандарға, домбырашыға қарап:    



260 

 

   -  мына  бастағаның,  сенің  тартатын,  менің  естіп,  тыңдайтын  күйім 



емес екен. бірақ ҽдеиілеп келген екенсің тарт, тарт! - депті. ханнан рұқсат 

алған домбырашы күйін боздата тартқанда, домбыраның кҿмеиінен   

   Ақсақ құлан шошыған,   

   Қырда еркін жосыған.  

   Тынышын бұзып құланның,  

   Оқ атқан сіздің ұлыңыз,  

   Опат болды осыдан.  

   Хабарын соның айтуға,   

   Арып-ашып алыстан

   Келіп тұр мынау домбыра,  

   Болған істің барлығын,  

   Қалдырмай түгел баяндар.   

   Үніне оның құлақ сал, 

   Қаумалаған, халайық,  

   Хан бастаған жараңдар

   -  деген  қайғылы  үн  күңіреніп  естіледі.  Ҽсіресе,  домбыраның  ҽрбір 

буынында:  ―опат  болды‖  деген  сҿздер  адам  айтқандай  ап-анық  естіліп, 

қайталанып  тұрады.  мұны  естігенде  тҿрде  отырған  хан  егіліп  жылайды. 

Ханның шешесі мен ҽйелі, қызы қатты қапаланып зарлайды. домбыраның 

―сиқырлы сазы‖ мен қайғылы үнінен есі кетіп ҽлсіреген хан: 

-  ұстаңдар  мына  күйшіні!  -  деп,  уҽзірлеріне  ҽмір  етіпті.  сонда  күйші 

ханға қарап: 

-  уа,  тақсыр!  мен  аузымды  ашып,  ештеме  де  айтқан  жоқ  едім  ғой, 

жазығым  -  ҿзіңіздің  рұқсатыңызбен  күй  тартқаным  ба?  барлық  сырды 

ашып, айтып берген мынау домбыра емес пе? - депті. хан осы жерде сҿзден 

жеңіліп,  берген  жарлығын  орындау  үшін:  ―кім  болса  да  бҽрібір,  қаралы 

хабар  ҽкелгеннің  үні  ҿшіп,  жазасын  алсын!‖  деп  бұйырып,  домбыраның 

қақпағынан  кҿмеи  тесігін  жасап,  қорғасын  ерітіп  құйғызыпты.  содан 

бастап домбыраның кҿмеи тесігі пайда болған екен деседі. 

 Бұл күй ел арасына ―ақсақ құлан‖, кей жерлерде ―ақсақ құлан, жошы 

хан‖  деген  ҽтпен  тарап  кеткен.  күйші-зерттеуші  тымат  мерғалиевтың 

жазып  алған  бұл  нұсқасының  ноталық  үлгісі  1982  жылы  ―қазақтың 

музыкалық фҿлклҿрі‖ атты ғылыми жинақта да жарық кҿрді. Күйдің басқа 

нұсқалары  кеиінгі  ұрпаққа  атақты  күйшілер  оқап  қабиғожин,  қали 

жҽнтілеуҿв, шҽміл ҽбҽлтҽйев, нұрғиса тілендиевтер арқылы жетті. қазыргы 

кезде  бұл  күй  барлық  шебер  орындаушылардың  репертуҽрлҽрінҽн  орын 

алған шығарма. 

Халқымыздың  тарихында  небір  бұлбұл  ҽншілер  мен  күші  саңлақтар 

ҿмір  сүріп,  белгілі  бір  музыка  аспаптарының  сүйемелімен  туған  елінің 

ҿткендегісі  мен  бүгінгі  тұрмысын  жырлайтын,  оның  арман-қиялын 

кҿрсететін тамаша эпопеялар, кҿрнекті туындылар жасады. Олар қашанда 

халықтың  мақсат-мүддесінен  жырлап  онымен  бірге  жүріп,  біте  қайнасып 

ҿтті.  Қазақ  халқының  музыка  мұрасы  да  сондай  озық  ойлы,  ҿнерпаз 

ҿкілдерінің үлгі-ҿнегесінің арқасында сақталып келді. 



261 

 

Кҿзі хат танымайтын, колы жазу-сызуды білмейтін кездің ҿзінде қазақ 



халқы  ҽнімен  күйін  рухани  азық  етті.  Бір  орыннан  екінші  орынға, 

жайлаудан  қыстауға  кҿшіп-қонып  жүріп  те,  олар  ердің  басына  іліп  алған 

домбырасын кез келген уақытта ат үстінде шертіп, ҽн шырқай беретін-ді. 

Шілдехана, қыз ұзату, келін түсіру басқада түрлі жиын-тойларда ҽн айтып, 

қүй тарту қазақ халқының ежелден келе жатқан ата дҽстүрі. Алайда музыка 

тек  ойын-сауық,  кҿңіл  кҿтеру  үшін  ғана  керек  десек,  ҿнердің  бұл  түрінің 

маңызын ҽлсіретіп, маңызын кетіріп, мҽнін кеміттіп жіберген болар едік. 

Ұрпақтан ұрпаққа жетіп, дамып келе жатқан халық ҽні мен күйі адам 

баласының  айырылмайтын  жан  серігі.  Басқа  халықтар  тҽрізді  қазақ 

халқының  да  ҽнсіз,  ҿлеңсіз  ҿмір  сүрмейтінін,  ҽн,  ҿлеңнің  адам  баласын 

дүниеге келгенінен бастап ҿлгенге дейінгі ажырамас досы екен:  

Туған дүние есігін ашады ҿлең,  

Ҿлеңмен жер қойнына кірер денең,- 

-  деп,  данышпан  Абай  айтып  кеткендей,  қазақ  халқын  қанына  сіңген 

ҽні мен күйісіз ойлау мүмкін емес [2, 119-б.].                                                      

                                                                                                                                   

 

Резюме 


 

Народные песни и кюи, передаваемые из поколения в поколение, неразлучими с 

человеком.  Также  как  и  другие  народи,  казахи  не  ободется  без  песни.  Она 

сопровеждает их и самого рождения и на ротяжении всей жизни. Как говорил Великий 

Абай:-"Без  народной  песни  пропитаной  с  кровью  и  молоком,  нельзя  представить 

казахский народ. 

Summary 

 

Kazakh national music and quy is getting and developing from relashionship is a friend 



of people. Music and quy i important in kazakhs life and twi cant live without them. Our great 

poetry  Abay  said  that  we  cant  imagine  future  of  kazakh  nation  witnout  national  music  and 

quy. 

 

Пайдаланылған ҽдебиеттер 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет