1. Бекенов Уҽли. Күй керуені. Ғылыми-кҿпшілік кітап.- Алматы;"Ҿнер", 2002 ж.
2. Балтабаев М., Б. Ҿтемуратова .- Ҽсем саз : бастауыш сыныптарға арналған музыка
ҽліппесі. Алматы: Атамекен, 1993 ж.
ӘӚЖ: 330(075.8)
Ӛңірлердің әлеуметтік – экономикалық дамуын статистикалық
зерттеу
Абдірахманов М.А., ҚЭҚХСУ профессоры, Тастемір А.Ҿ., 3 курс студенті
Қазақ экономика, қаржы жҽне халықаралық сауда университеті, Астана
Еліміздегі ҽлеуметтік – экономикалық дамуында елеулі айырмашылық
орын алатын болса, кез келген мемлекеттің бір қалыпты дами алмайтын
ҽлемдік тҽжірибеде кҿрсетіп берді. Сондықтан да, бір елдің бҽсекеге тҿтеп
262
бере алатын қабілеті оның аумақтық деңгейде мемлекеттік тұрғыдан ықпал
етудің шаралар жүйесін, белгілі бір аумақтардың мүдделері мен ҿзіндік
ерекшеліктерін экономикалық даму тұрғысынан ыңғайтудың деңгейіне
байланысты. Аумақтардың ҽлеуметтік – экономикалық дамуындағы
ҿзгешеліктер объективтік тұрғыдан аумақтық даму теңсіздігінің ҽмбебап
экономикалық заң ҽрекеттеріне бағынышты. Сондықтан да, бұл арадағы
міндет осы экономикалық заңнның талаптарына жекелеген аумақтардың
даму деңгейлерін теңестіру үдерісін бағындырып,осы айырмашылықтарды
біртіндеп жою болып табылады.
Еліміздің ҽлеуметтік-экономикалық дамуына келесі жағдайлар ҽсер
етеді:
-
ҿмірдің ҽлеуметтік жағы жҽне халықтың ҽсері;
-
ҿңірлерде ҿзара байланыстарың ұлғаюы;
-
еңбек ресурстары жылжымалылығының күшейеуі;
-
ҿңірлердың ҿндіріс құрылымы мен инфрақұрылымының күрделенуі;
-
ҿңірлік еңбек бҿлінісі ҽрі оның тереңдей түсуі мен маңызының артуы.
Бұл
жағдайлардың дамуы,біріншіден,мемлекет пен аймақтар
арасында басқару функцияларын қайта бҿлу,қайта қарастыру; екіншіден,
мемлекеттік теориялық басқару мен жергілікті ҿзін-ҿзі басқарудың ең
жақсы үйлесімін кҿздейді.
Мемлекттік реттеу ҽртүрлі аудандарда арнайы тҽсілдерді қолдау
арқылы олардың толықтай потенциялды мүмкіндіктерін ашу мақсатында
құрылады. Осы тұрғыдан еліміздің аймақтары келесі топтарға бҿлінеді:
- шаруашылықтарының құрылымы экспортқа бағытталған;
- индустриялық дамыған;
- агроҿнеркҽсіптік;
- дағдарыстық.
Бірінші топ – стартегиялық сипаттағы минералды ресурстардың
айтарлықтай қорларын иеленетін жҽне ғылыми-ҿндірістік ҽлеуетінің
қарқынды дамуына жеткілікті мүмкіндігі бар, бірақ ауылдық
аумақтарының экономикалық-ҽлеуметтік артта қалуымен, экологиялық
жағдайларының нашар болуымен ерекшеленетін аймақтар. Бұл аймақтарға
Қазақстан экономикасын дағдарыстан шығару жҽне тұрақтандырудың рҿлі
беріледі.
Осы аймақ топтары үшін тҿмендегідей мҽселелер кешенін шешу
қажет деп атап кҿрсетуге болады:
- минералдық шикізат жҽне кҿмірсутек шикізаттарын кешенді ҿндіру мен
ҿңдеудің жаңа технологияларын енгізу негізінде стратегиялық шикізат
түрлеріне бай жерлерді интенсивті игеру;
- отандық жҽне шетелік инвесторлар үшін қолайлы жағдай инвестициялық
климатты анықтайтын жҽне ҽлемдік стандартқа жауап беретін жоғары
дамыған ҿндірістік, ҽлеуметтік жҽне нарықтық инфроқұрылымдарды құру;
-ауылдық аумақтарының дамуындағы «жинақталған» күрделі мҽселелерды
( ҽлеуметтік, экономикалық, экологиялық, т.б.) шешу. Екінші топқа – ауыр
индустрия салаларына нақты маманданған, жоғары технологиялық
263
ғылымды қажетсінетін ҿндіріс құру үшін қолайлы экономикалық
жағдайлары жҽне жоғары ғылыми-ҿндірістік ҽлеуеті бар, негізінен
қаржылық ресурстармен ҿзін-ҿзі қамтамасыз ете алатын аймақтар жатады,
біра жоғары дҽрежелі негізгі қорлардың тозуы, дағдарысты экономикалық
жҽне экологиялық жағдайлардың болуын назарға алу қажет.
Бұл аймақтарды дамытуда шешуді талап ететін мҽселелер қатарына:
-
шетел инвесторларын тарту жолымен экспорттық ҽлеуетті қалыптастыру;
-
жаңа ғылымды қажетсінетін ҿнімдер шығаруды ұйымдастыру, жаңа
технологиялар негізінде құрал-жабдықтар мен машиналар, лазер
технологиясын дамыту;
-
нарықтық инфроқұрылымды дамытуды жеделдету.
Үшінші топ – ауыл шаруашылығына мамнданған агроҿнеркҽсіптік
кешенді
аймақтар.
Бұл
топтағы
аймақтар
үшін
халықтың
жұмысбастылығын қамтамасыз ету жҽне жаңа жұмыс орындарын ашу
мақсатында ауыл шаруашылығы мен оған сабақтаса дамитын салаларда
шағын жҽне орта бизнесті дамыту қажет. Олар республикада азық-түлік
қорларының алдыңғылары болып табылады [1 ].
Олардың ҽлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақтандыру үшін
келесі мҽселелер ҿз шешімін табуы тиіс:
-
ауыл шаруашылық ҿнімдерін ҿндіру үшін тиімді мамандандыруды жүзеге
асыру;
-
ауыл шаруашылық ҿнімінің жоғары сапалығын жҽне экспорттық
ҽлеуетінің ҿсуін қамтамасыз ететіндей ҿндірістік үрдістерге жаңа
технология мен техникаларды енгізу жҽне пайдалану;
-
тұтыну нарығын тепе-тең дамыту мақсатында, тұтыну заттарын ҿндіретін
-
ауыл шаруашылығының жҽне ҿнеркҽсіп салаларының материалдық-
техникалық базасын нығайту, міндетті түрде ҿндірістік жҽне ҽлеуметтік
-
инфроқұрылымды құру.
Тҿртінші топқа – табиғи климаттық, экономикалық-ҽлеуметтік жҽне
жаңа технологиялық жағдайдағы, шаруашылықтың шаруашылық
құрылымы ұтымды емес дағдарыстық аймақтар, сонымен қатар
экологиялық дағдарыса ұшыраған аймақтар жатады. Бұл аймақтар дамуы
үшін шешілуі тиіс мҽселелер келесідей:
-
экологиялық дағдарыстың тереңдеу үрдісінің алдын алу [2].
ОҚО-ның ҽлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі кҿрсеткіштері:
-
осы аймақтарда тұратын халықтардың ҿмір сүрі сапасын жҽне деңгейін
кҿтеру үшін материалдық негіз құру жҿнінде нақты шаралар қабылдау;
-
қоршаған табиғи ортасы адамдардың денсаулығына ҿте қауіпті ауылдық
аймақтардан, кіші жҽне шағын қалалардан жҽне басқа да тұрғылықта
жерлерден республикамыздың басқа аймақтарына орын ауыстырғысы
келетін халықтар үшін қажет жағдайлар жасау;
-
шетелдік техникалық жҽне гуманитарлық кҿмектерді тарту жҽне оларды
тиімді пайдалану [ 3].
Бұл топтағы аймақтарды меншіктің ҽртүрлі формаларының дамуы,
экономикалық тетіктер мен ынталандырулар ауыл шаруашылығы ҿндірісін
264
реформалау бағытын жалғастыру тҿңірегіндегі шоғырландыру іс-
ҽрекеттері кҿрсетіледі.
Проблемалық
аймақтарыдң
қатарына
бірқатар
себептердің
салдарынан
экономикалық
ҽлеуетті
орташа
республикалық
кҿрсеткіштерден бірнеше есе тҿмен, ал экономикасы ҿндірістің аз
ҽртараптандырылған құрылымымен, нашар дамыған инфроқұрылымымен
сипатталатын аймақтар. Мұндай аумақтар олардың ҿзіндік дамуын
ынталандыратын
мемлекеттік
кҿмегін
мұқтаж.
Сондықтан
да,
экономикалық ғаламдану үрдісіне қадам басып отырған Қазақстан үшін
шешілуі тиіс басты міндет – аймақтар үшін қажет жағдайларды
қалыптастыру негізінде тиімді нҽтижені ұлғайту.
Аймақтардың дағдарыстарының басты белгілері мыналар болады:
- ҿндіріс қарқынының тҿмендеуі;
- халықтың ҿмір сүруінің тҿмендеуі(жан басына шаққандағы табыстың
тҿмендігі);
-жұмысбастылыққа
қатысты
жағымсыз
тенденциялар
ҿрістеуі
(жұмыссыздықтың жоғары деңгейі)
-
демографиялық,
ҽлеуметтік,
экологиялық
қызметтер
кҿрсету
саласындағы мҽселелердың күшеюі жҽне т.б.
Аймақтардың біркелкі дамуына іргелі ҽлемдік үрдістерге жатады.
Ҽрбір елде салыстырмалы түрде ҿркендеген жҽне артта қалған аймақтар
бар – бұл экономикалық-ҽлеуметтік, табиға климаттық, ресурстық жҽне
басқа да жағдайлармен байланысты табиға, аумақтық айырмашылықтар.
Осы орайдағы мемлекеттің міндеті шектен тыс жоғары аймақтық саралауға
жол бермеу болып табылады.
Ҿмір сүрі деңгейі мен сапасындағы шектен тыс айырмашылықтар,
кҿбінесе, аймақтардың экономикалық, табиғи-климаттық, ресурстық жҽне
инфроқұрылымдық ерекшеліктерімен анықталады, сондай-ақ олар
мемлекеттің «теңестіру» саясатын жүргізу үшін негіз болып табылады.
Осы саясаттың жүзеге асырудың басқарушылық механизімінің негізгі
міндеттерінің қатарына артта қалған аймақтардағы ҿмір сүру деңгейі мен
экономикалық даму параметрлерін ең болмағанда орташа деңдейге (осы
параметрлер бйынша) біртіндеп жақындауы жатады. Бұл жағдайда негізгі
міндет мемлекет тарапынан аймақтардың ҿзіндік дамуын ынталандыру:
халыңтың ҽлеуметтік бейімділігін қолдау (қолайлы жерге кҿшіп-қонуға
кҿрсету); артта қалған аймақтарға капитал мен инвестициялардың келуін
ынталандыру жҽне т.б. болып табылады.
Аймақ дамуының кез келген аясындағы дағдарысты жою, бір
жағынан алғанда, экономикалық беленділік деңгейімен байланысты.
Ҽлеуметтік даму салыстырмалы түрде дербестікке ие бола отырып,
айтарлықтай дҽрежеде ресурстық мүмкіндіктермен анықталады, олар ҿз
кезегінде экономикалық даму деңгейіне байланысты. Екінші жағынан,
нарықтық шаруашылықтың ҽлеуметтік жағдайға зиянын тигізе отырып,
тек қана экономикалықжҽне тұтас мемлекеттің дамуына қауіп туғызады.
Сондықтан, мемлекеттік реттеудің ҽлеуеттік жҽне экономикалық
265
құраушыларының тепе-теңдігі қажет. Ҽлеуметтік жҽне экономикалық
құраушыларды тепе-теңдікте дамыта отырып, аймақ дамуындағы ҽртүрлі
бағыттағы олқылықтардың орнын толықтыруға жҽне халықтің тұрмыс
жағдайының деңгейін кҿтеріге болады.Бұл түптеп келгенде мемлекеттің
аймақтық саясатының табысты жүргізілуін анықтайтын негізгі шарттардың
бірі болып табылады/4/.
Ҽрбір аймақ жеке дами алмайды, ҿйткені басқа аймақтың даму
барысына зиянын тигізбес үшін оның ерекшеліктерін де ескеруі тиіс.
Сондықтан да, экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесіндегі аймақтық
саясаттың маңызы ерекше бола түседі. Мемлекет ҽрбір аймақ үшін
бағдарлама жасап, сол бойынша аймақтар ҿзінің даму бағытын жүзеге
асырады.
Резюме
В работе анализируются статистические данные о социально-экономическом
развитии региона страны (на примере ЮКО)
Summary
In the work analyses the statistical data on the socio-economic development of the
region of the country (on the example of South-Kazakhstan region)
Пайдаланылған ҽдебиеттер
1.Ұлттық экономика. Оқулық, Алматы.-2010ж.-527б.
2.Қазақстан ҿңірлері 2010 -11жж. ҚР Статистика агенттігі.Астана.-2012.-
400б.
3.Ҽбдірахманов М.А.Ҽлуметтік статистика.Оқу құралы.Астана.-2012.-272
б.
4.Стстистика бойынша ҽдіснамалық ережелер.ҚР Статистика
агенттігі.Астана.-2009. 558б.
ӘӚЖ: 159.9
Дене тәрбиесі мен қазақтың ҧлттық ойындарының ӛзара байланысы
Абиш Е.Т., Узахова А.С.
«Сырдария» университетінің аға оқытушы,
М.Ҽуезов атындағы ОҚМУ п.ғ.к., аға оқытушы. Шымкент қ.
Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі,
ҿнегелі тҽрбие беру–қазіргі міндеттердің бірі. Оқушыда жалпы адамзаттық
құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен жеке тұлғалық
қатынасын (этикалық, эстетикалық, адамгершілік тұрғысынан) тҽрбиелеу
мақсатын халқымыздың мҽдени рухани мұрасының, салт-дҽстүрінің озық
үлгілерін оның бойына дарыту арқылы жүзеге асыруға болады. Осымен
266
байланысты бағдарлама халқымызға тҽн ҽдептілік, қонақжайлық,
мейірімділік, т.б. сияқты қасиеттер, табиғатқа деген қарым-қатынасындағы
біздің халыққа тҽн ерекшеліктер. Ойынды сабақта қолдану оқушылардың
ой-ҿрісін жетілдірумен бірге, ҿз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп,
кейінгі ұрпаққа жеткізе білу құралы. Бірақ оны жүргізуге арналған нақты
ҽдістемелік құралдар жоқтың қасы. Біздің халықтық педлагогикада еңбек
тҽрбиесі ҿте ертеден бастау алады. Ертеден келе жатқан еңбек тҽрбиесінің
ҽдіс-тҽсілдер құралы, сҿз жоқ, еңбек болып табылады. Еңбек адамның
қалыптасуы мен тҽрбиеленуінде бір ұрпақтан екінші ұрпаққа ҿмірлік
тҽжірибе береді жҽне халықтың даму барысында шешуші роль атқарады.
Еңбек ету кезінде адамның дене, ақыл-ой, эстетикалық дамуы мен еңбек
тҽрбиесі қатар жүреді.
Мҽселен, қазақтың ұлттық ойындары: «
Бҽйге»
, «
Кҿкпар»
, «
Алтын
сақа»
, «
Хан талапай»
, «
Қыз қуу»
, «
Тоғызқұмалақ»
т.б. балалардың еңбекке
деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін арттырады. Ойын дегеніміз –
адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-ойға
жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін
ғажайып нҽрсе. Ұлы педагог В.И.Сухомлинский [1]: «Ойынсыз,
музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық мҽніндегі ақыл-
ой тҽрбиесі болмайды», – дейді. Демек, шҽкірттің ақыл-ойы, парасаты
ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы баии түседі. Оқу үдерісінде ұлттық
ойын элементтерін пайдалану сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай
алынады. Сонда ғана оның танымдық, тҽрбиелік маңызы арта түседі.
Оқушыларды ҽсіресе, «
Сиқырлы қоржын»
, «
Кҿкпар»
, «
Асық»
секілді
ұлттық ойындарға қатыстыру ҿте тиімді екеніне кҿз жеткізу қиын емес.
Бұл ойындарды жаңа материалды бекіту немесе қайталау кезінде қолдану
керек деген пікір бар. Оқушы ойынның үстінде не соңында ҿзінің қатысу
белсенділігіне қарай түрлі баға алуы мүмкін. Мұғалім ҽр оқушының
еңбегін бағалап, ынталандырып отыруы тиіс. Ойынның тҽрбиелік маңызы
мынада: ол баланы зеректікке, білгірлікке баулиды. Бабаларымыздың асыл
қазыналарына деген кҿзқарасын құрметтеуге сҿз ҽсемдігін сезінуге
үйретеді. Батылдыққа, ҿжеттікке тҽрбиелейді. Бұл ұлттық ойындарды 6 – 7
сыныптар арасында орындаған нҽтижелі болады.
Қазақстан Республикасының оқушыларының кҿпшілігінде ұлттық
спортпен, ұлттық ойындармен, дене жаттығуларымен жүйелі түрде
айналысуға деген мұқтаждықтың, осы саладағы ҿз бетінше жүргізілетін
сабақтардың ғылыми негізделген ҽдістемесінің жоқтығын, сонымен қатар
кҿптеген жалпыға міндетті білім беру мекемелерінде, мектептерде (ҽсіресе,
ауыл мектептерінде) оқудың материалдық базасының нашарлығынан,
оқушылардың оқитын орындары да қашықта болғандықтан, мектептен тыс
сабақтар мүлдем жүргізілмейді. Осы жоғарыда айтқан мҽселелердің бҽрі
аталған тақырыптың ҽлі де болса жан-жақты толық зерттеуді қажет
ететіндігін кҿрсетеді. Ұлттық ойындарды мазмұны мен күрделілігіне
байланысты жҽне балалардың жас ерекшіліктерін ескере отырып, тҿменгі,
орта жҽне жоғарғы сынып оқушылары ойнайтын ойындар деп бҿлуге
267
болады. Қажетті ойындарды ҿтілетін сабақ не жаттығудың алдында тұрған
педагогикалық міндеттеріне байланысты таңдап алу қажет. Дене тҽрбиесі
сабағында жҽне жаттықтыру кезінде қозғалыс ойындарын, оның ішінде
ұлттық ойындарын қолдану арнайы үйрену міндеттерін шешуге
кҿмектеседі. Ұлттық жҽне эстафеталық қозғалыс ойындарын ұйымдастыра
отырып оқушылардың қызығушылығын арттыру, ұйымшылдыққа,
батылдыққа жҽне салауатты ҿмірге тҽрбиелеу. Ұлттық ойындарды
спорттық ойын сабақтарында, жеңіл атлетика, гимнастика сабақтарында,
жалпы дене қуаты дайындығы жҽне жаттықтыру сабақтарында кеңінен
қолдануға болады. Ұлттық ойындардың дене тҽрбиесі сабағын жоғары
ҽдістемелік деңгейде сапалы ҿткізудегі пайдасы мол. Жалпы ойындарды
жүйелі түрде пайдалану, қиыншылықтарды жеңуге, еңбексүйгіш субъект
ретінде тҽрбиелеуге ықпал етеді.
Ойын - бала ҽрекетінің бір түрі, адамзат мҽдениетінің қазынасы. Ұлы
педагогтер, ғалымдар баланы тҽрбиелеудегі ойын рҿлін жоғары бағалаған.
Бала ойын арқылы ҿмірге енеді, табиғатпен, қоршаған ортамен қарым-
қатынасқа түседі, атын – түсінігін арттырады, еңбек ете білу дағдысы
қалыптасады.
Психологтар мен педагогтер ежелден-ақ ойын мҽселесіне ҿз назарын
аударғанымен, тек ХІХ ғасырдың аяғында ғана арнайы зерттеу пҽніне
енгізілді.
С.А.Шмаков [2] бойынша кҿптеген ойындарға тҽн ортақ белгілер деп
тҿмендегілерді айтуға болады:
тек қана нҽтижесінен ғана емес, ҽрекет үдерісінің ҿзінен де лҽззат алу
үшін баланың тілегімен ғана қабылданатын, еркін дамытушы ҽрекет
(ҽрекеттік (процессуадық) лҽззат);
елеулі мҿлшерде суырып салмалық, шығармашылық, осы ҽрекеттің
белсенді сипаты («шығармашылық аясы»);
ҽрекеттің
эмоцияналды
кҿтеріңкілігі,
бҽсекелестік,
жарыс
(«эмоционалдық қуат»).
Ойын мазмұнын, оның дамуын логикалық жҽне мерзімдік, уақыт
тұрғысынан бейнелейтін тікелей жҽне жаңа ережелердің болуы.
Ойындық ҽрекет бағдарламасын зерттеген ғалымдар пікірінше ойын
педагогикалық мҽдениет феномені ретінде тҿмендегідей қызметтерді
атқарады:
Әлеуметтендіру қызметі. Ҿйткені, ойын – баланы күшті қоғамдық
қатынастар жүйесіне енгізу жҽне оған мҽдениет байлығын игерту құралы.
Ұлтаралық қатынас құралы қызметі. Себебі, ойын – балаға жалпы
адамзаттық құндылықтарды, түрлі ұлт ҿкілдерінің мҽдениетін игеруге
мүмкіндік туғызады. Ҿйткені ойын - ҽрі ұлттық ҽрі интернационалдық,
сонымен бірге жалпы азаматтықта.
Ойында бала «адамзат тҽжірибесі аясында» ҿзін-ҿзі кҿрсету қызметін
кҿрсетеді. Ҿйткені, ойын бір жағынан баланың практикада ҿмірлік нақты
қиындықтарды жою жобасын тексеруге жҽне құруға мүмкіндік берсе,
268
екінші жағынан тҽжірибесінің олқы тұстарын айқындауға мүмкіндік
береді.
Ойынның қатысымдық қызметін – балаға шынайы күрделі адамдық
қатысым аясына енуге мүмкіндік беретін дерегі айқын кҿрсетеді.
Ойынның диагностикалық қызметі - педагогқа баланың ҽр қырынан:
интеллектуалдық, шығармашылық, эмоционалдық жҽне т.б. кҿрінуін
диагностикалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ойын – баланың ҿз
күшін нақты сезінетін, ҿзін-ҿзі бағалау, еркін ҽрекеттегі мүмкіндіктерін
танитын ҿзін-ҿзі кҿрсету аймағы болып табылады.
Ойынның емдік қызметі – баланың қарым-қатынаста, оқуда, мінез-
құлқында туындайтын ҽр түрлі қиындықтарды жеңу құралы ретінде
қолданылуымен түсініледі. Ойынның мұндай қызметін Д.Б.Эльконин [3]
аса жоғары бағалайды.
Ойынның түзеу қызметі деп – баланың тұлғалық құрылымының
кҿрсеткішіне жағымды ҿзгерістер, толықтырулар енгізу түсініледі. Ойын
ҽрекетінде бұл үрдіс басқа кездегіден гҿрі неғұрлым жұмсақ ҿтеді.
Ойынның дамытушылық қызметі, оның ең маңызды қызметтерінің
бірі.
Сонымен бірге, ойын – баланың қызығушылықтан дамуға ұласатын,
қызығушылығының ұйымдастырылған мҽдени стратегиялық-кеңістігі.
Шығыстың ұлы ойшылы Ҽбу Насыр ҽл Фараби [4] ҿзінің «Бақыт
жолында» атты философиялық шығармасында адамның танымын
дамыту арқылы ғана ойы бақыт жолына жетелеуге болатындығына
тоқтасақ, ұлы Абай [5] ҿзінің қырық үшінші қара сҿзінде баланың
танымын алғашқы күннен бастап дамытпаса, ҿзінің із-түссіз жоғалып,
жойылып кететінін айтады. Ағартушы ұстаз Ы. Алтынсарин [6] ҿзінің
кҿптеген
еңбектерінде
таным
ҽрекетінің
негізі-оқу,
білім
деп
тұжырымдайды.
Баланың танымын алғашқы күннен бастап дамыту құралы да, балада
оқу мен білімнің, тҽрбиенің негізін қалыптастыратында – ұлттық ойын
болып саналады.
Е.А. Покровский [7] ҿзінің балалардың ойындарына арналған
еңбегінде ҽрбір халықтың ойын туралы түсінігіне сипаттама береді.Мысалы:
ежелгі гректерде «ойын» түсінігі балалардың қимылы деген ұғымды
білдіреді, ал еврей халқында «ойын» сҿзі қуаныш, шаттық сезімдерін
сипаттайды - деп, барлық халықтың ойын түсінігінің түп - тамырының
сабақтасып жатқандығы туралы тұжырым жасайды. Ойын - таным
үдерісін дамытудың негізгі болғандықтан ҽрбір тҽрбиеші ұстаз оқыту мен
тҽрбие берудің мазмұнын үнемі ойын элементтерімен толықтырып отыру
керек.
Сабақта ойынды дұрыс колдану үшін ұстазға ойындардың мазмұны
мен ҿткізілу ҽдістемесін жете білу, ҽр бір тақырыпқа байланысты оқу
жылының басында оқу жоспарына енгізу, ойынның тҽрбиелік жҽне
танымдық мақсатын аша білу, ойын арқылы баланы танымына ҽсер етіп,
даму барысына үнемі зерттеу жүргізу талаптары қойылады.
269
Ойын тек баланың іс-ҽрекеті ғана емес, ойын – еңбек, ойын – оқу,
ойын - ҽлеуметтік қарым – қатынаста ерекше орын алатын ҽрекет түріне
жатады. Педагог жҽне психолог ғалымдар ойын іс - ҽрекетін жан – жақты
зерттеп, баланың дамуын, тҽрбиеленуін, танымдық қызығушылығын
арттырудың негізгі құралы ретінде қарастырып келген.
Іс-ҽрекет ойын, оқу жҽне еңбек түрлеріне бҿлінсе, ойын бала үшін
алғашқы рет қоршаған ортаны тану құралы болып табылады.
Ойын ұғымына анықтама берсек – бұл адамның мінез – құлқын ҿзі
басқаруымен анықталатын ҽлеуметтік тҽжірибені қалыптастыратын негізгі
іс-ҽрекеттердің түрі. Ойынсыз ешқандай бала дамымайды, қалыптаспайды,
ойын арқылы бүлдіршіндер қоршаған ортаны таниды. Ҽсіресе, баланың
ҿмірінде ұлттық ойындардың орны ерекше.
Ұлттық ойындар ұлт болып қалыптасқалы халықпен бірге жасасып,
ғасырлар бойы ұмытылмай, атадан балағ мұра ретінде ауысып
отырған.Олар
баланы
пайдалы
еңбекке,
сҿйлеуге,мергендікке,
тапқырлыққа,ептілік пен күштілікке, бірлесіп қызымет атқаруға,
тҿзімділікке жҽне т.б. тҽрбиелеудң ұтымды құралы болған. Қазірде
ҽртүрлі ұлттар ойындары,соның ішінде қазақтың ұлттық ойындары
жинақталған кітаптар шығарылуда.
Ұлттық ойындары – интернационалдық тҽрбиенің құралы. Олай
дейтініміз ұлт ойындарының арасында ҿзара үндестік, тығыз байланыс бар.
Ойынға тек ойын деп қарамай,халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл
қазынасы,бір жүйеге келтірілген тамаша тҽрбие құралы деп қараған
орынды.
Ұлттық ойындар халық педагогикасынаң бір саласы болып отыр. Ол-
сандаған ғасырлар бойы ұрпақтың керегіне жарап, оларды ҿмірге ҽзірлеу
қажетін ҿтеуде. Қазақтың ұлттық ойындары тек дүниені ғана емес,ойды
жаттықтырушы да болып табылады. Ұлттық ойындарын тек ойын деп
қарамай, халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл қазынасы, бір жүйеге
келтірілген тамаша тҽрбие құралы деп караған жҿн. Ҿйткені, ойын
баланың дүниені танып білуге қадам жасар алғашқы басқышы. Егер
баланың алғашқы ҿмір кезіндегі тікелей айнала қоршаған ортамен
байланысын адамдармен, жолдастарымен карым - қатынасын елеп
ескермей ҿмір тҽжірбиелерінен қол үзгізіп, бірден ҿзіне бейтаныс дүниеге
мҽжбүр етсек, олардың психикалық дамуына кері ҽсер етуі ҽбден мүмкін.
Оның үстіне бүл тҽрбие үдерісінде жақыннан алысқа жай нҽрседен
күрделіге, жеңілден ауырға, белгіліден белгісізге деген қағидаға да
қайшы келмейді.
Қазақ халқының ұлт ойындары жеке адамдарды ғана тҽрбиелеу
құралы емес, ол бүкіл қоғамдық ортаны ҿз соңынан ертетін ұлттың
азаматын тҽрбиешісі, үлгі берершіктей ҽлеуметтік орта моделін жасаушы
ретінде күрделі қызмет атқарған. Ұлттық ойын арқылы жеке тұлғалар
қалыптасып, шыңдалып халыққа танылған сол арқылы ҿмірге жолдама
алып, ел ішінде танымал адамдарға айналған. Қазіргідей арнайы мамандық
беретін оқу орындары болмаған кезде ұлт ойындары халқымыздың ҿз
270
ұрпағын тек ойын - сауықтарды бҽсекеге түсіп жеңімпаз атанып, жүлде алу
ғана емес, ата жолын қуып, ҿзінен бұрынғы дҽстүрлерді жалғастырып, ҿз
жұртында бар ҿнерді игеріп меңгеруге, шаруашылық жүргізу қолынан
келетін, ел қорғауға жарайтын батыл да ҿжет, шапшаң ұрпақтарды
тҽрбиелеудің ҿзіндік жүйесін ҿмірге ҽкелген.
Резюме
В статье рассматривается взаимосвязь казахских национальных игр и физвоспитание.
Summary
Іn the article the interrelation of the Kazakh national games and a physical education is
considered.
Пайдаланылған ҽдебиеттер
1.Сухомлинский В.И. Сердце отдаю детям. Москва: Педагогика,1979.-Т-11
2.Шмакова С.А. Игры-обучение, трениг, досуг. М.,2004
3.Эльконин Д.Б. Педагогика, 1989. 560 с: ил.— (Труды д. чл. и чл.-кор.
АПН СССР).
4.Ҽбу Насыр ҽл Фараби. «Бақыт жолында». Философиялық шығармасы.
5. Абай. Энциклопедия. /Қазақ энциклопедиясының Бас редакциясы/ – А.:
Атамұра., 2001, 214 б.
6.Алтынсарин Ы. Қазақ хрестоматиясы. – О.: Мҽктубат, 1906.
7. Покровский Е.А. Физическое воспитание детей дошкольного возраста:
М.: Просвещение, 1991. - 61 с.
Достарыңызбен бөлісу: |