Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет5/80
Дата22.12.2016
өлшемі5,96 Mb.
#125
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80

 

ӘОЖ 821.512.122.091 

 

 



«Жаһаннаме» дастаны және қазақ әдебиеті 

 

Ҽбдіханова Ғ.Т., «Филология жҽне журналистика» кафедрасының аға оқытушысы 

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қаласы 

 

Азаттықтың  ақ  таңы  атып,  тҽуелсіздігіміздің  тұғыры  бекіп,  еліміз 



еңсесін  кҿтергелі  талай  жылдар  ҿтті.  Осындай  мерейлі  мереке 

халқымыздың  мерейін  асырып,  арманын  ақиқатқа  айналдырып,  «ҿшкенін 

қайта  жандырып»,  талай  қуаныш  пен  табыстарды  ала  келгеніне  бүгінгі 

жетістіктеріміз  дҽлел.  Бүгінде  еліміздің  елдігін,  ұлтымыздың  ұлықтығын 

кҿрсетіп, халқымыздың рухын асқақтатып, ұлттық сананы қалыптастыруда 

жасалып  жатқан  іс-шаралар  ұшан-теңіз.  Осындай  игі  істердің  алдыңғы 

қатарында  мемлекеттік  тілдің  мҽртебесін  кҿтеру,  тарихтың  тереңінде 

кҿміліп  жатқан  жҽдігерлерімізбен  қайта  қауышып,  оларды  зерттеу,  т.б. 

маңызды шаралардың жасалып жатқандығы атап айтарлық мҽселе. 


46 

 

Орта  ғасырдың  ұлы  ойшылы  М.Х.Дулатидің  қаламынан  туған  екі 



шығарманың  бар  екендігі  тарихтан  белгілі.  Оның  бірі  –  М.Х.Дулатидің 

Кашмирде  билік  құрған  жылдары  сол  кездегі  ғылым,  білім  тілі  –  парсы 

тілінде  жазылған  Орталық  Азия  халықтарының  ХІІІ-ХҮІ  ғасырлардағы 

тарихы,  этнографиясы  мен  географиясы,  ҽдебиеті  мен  мҽдениеті  жайлы 

баяндайтын  «Тарихи-Рашиди»  атты  энциклопедиялық  еңбегі  болса, 

екіншісі  –  оның  ақындығын  дҽлелдейтін  «Жаһаннаме»  атты  дастаны 

екендігі баршаға аян. 

Ғалым  еңбектерінің  ҽлем  кітапханалары  мен  қолжазба  қорларына 

шашырап  кеткендігі  сияқты  поэма  да  кҿпке  дейін  беймҽлім  болып  келді. 

Оны Берлин кітапханасынан кездейсоқ ұшыратып, оқып, 1937 жылы неміс 

тілінде  ол  туралы  шағын  да  болса  тұңғыш  рет  мақала  жазған  башқұрт 

ғалымы Ахмет Зҽки Уҽлиди Тоған (1891-1970) болатын. 

«Жаһаннаменің»  Берлин  нұсқасы  1328,  Қашғар  нұсқасы  1329 

бҽйіттен  тұрады.  Арасында  қазақ  батырлар  жырындағыдай  қарасҿз  де 

араласып  отырады.  Поэманы  шартты  түрде  бірнеше  бҿлімге  бҿлуге 

болады. Алғашқы 110 бҽйітті поэманың кіріспесі деуге болады. Оның ҿзін 

кҿтерген  тақырыбы,  айтылар  жҽйттерге  орай  бірнеше  тараушаларға 

таратуға  болады.  Мысалы,  1-14  бҽйіттерде  ол  ҽуелі  мұсылман  шығысы 

ҽдебиетіндегі  қалыптасқан  ҽдеби,  мҽдени  дҽстүрге  сай  Жаратушыны 

жырға қосады: 

Мадақ-жиһанды жаратушыға бұрын, 

Ешкімнің одан емес ісі жасырын. 

Ҽлем жұртында не болса да, 

Оның құдіреті онда да кҿрінеді... [1. 7] 

Енді  «Жаһаннаме»  дастанының  қазақ  ҽдебиетімен  үндестігі 

мҽселесіне  келетін  болсақ,  құрылысы  жағынан  қазақ  ҽдебиетіндегі 

батырлар  жырының  ҿзіне  тҽн  ерекшеліктері  бар.  Ең  алдымен,  батыр  ескі 

ұғым,  наным  бойынша  «құдайдан  тілеп  алған»  біреудің  жалғыз  баласы 

болады. Мұның ҿзі ғайып ерен, қырық шілтен, Қыдыр тҽрізді ҽулиелермен 

байланысты болып келеді. Тҿрт-бес жасында-ақ асқан күштің иесі екендігі 

танылып,  ҿзіне  серік  ҽйелі  мен  аты  табылып,  жасынан  ел  қамын,  жұрт 

пайдасын  ойлайды.  Бұл  –  батырлар  жырына  тҽн  ерекшеліктердің  бірі. 

Кейбір  батырларға  атса  оқ  ҿтпейді,  шапса  қылыш  кеспейді,  отқа  салса, 

жанбайды, суға салса, батпайды. Мұндай эпизод «Жаһаннаме» дастанында 

кездеседі. 

Ертеде Самин деген қалада Шаһсауар атты патша болыпты. Екі жүз 

жылға  таяу  ғұмыр  кешіп,  жеті  ықылым  елді  бағындырған  ҽмірші,  тҿрт 

құбыласы түгел болып, ұлыс пен уалаят, қазына мен байлықтан кемшілік 

кҿрмесе  де,  бір  перзентке  зар  болыпты.  Ұлы  жоқтық  отына  күіп,  қайғы 

жалынына  қақталып,  қасіреттен  қан  жұтқан  патша  мазар-мазараттарды 

аралап,  ҽулие-ҽнбиелерге  сиына  жүріп,  бір  Алладан  перзент  сұрап 

жалынады.  Ақыры,  патшаның  дұға,  мінажаты  қабыл  болып,  күндердің 

күнінде дүниеге ұл келеді. Оған Фирузшаһ деп ат қояды. Шаһзада эпостар 

мен ертегілердегі сияқты тез ҿсіп, жас кезінде-ақ бар ғылымды меңгереді. 



47 

 

Сондай-ақ,  қазақ  эпосында  кейіпкер  портретін  сомдауда,  ҽсіресе,  қыз 



бейнесін суреттеуде алуан түрлі сҿз бояулары ҽсем ҿрнектеледі. Мысалы, 

«Ер Тарғын» жырында Ақжүніс бейнесін: 

Қара жерге қар жауар, 

Қарды кҿр де, етім кҿр! 

Қар үстіне қан тамар

Қанды кҿр де, бетім кҿр! 

Бет-ажарын қарасаң, 

Жазғы түскен сағымдай. 

Ет ажарын байқасаң, 

Терісінен айырған 

Арпа-бидай, ақ ұндай... 

Бұрылып белі бүгілген, 

Қараған кісі үңілген... [2. 12] 

деп сҿзден сұлу мүсін орнатқан. 

Ал, «Жаһаннаме» дастанында: 

Ерекшеленіп отыр бір перизат, 

Жүзі ай, кҿзі шолпан, бойы шамшат, - 

дей отырып,: 

Бҽрі сұңғақ бойлы, бҽрі алқызыл жүзді, 

Бҽрі бұйра қара шашты, хош иісті. 

Бірақ, жоғары қараса бір сұлу отыр, 

Кісі оған жүз рет жан берсе де аз. 

Жарқыратып тақ үстін наз дидармен, 

Сҿйлейді нҽзік үнімен. 

Бұларменен үй гүлзар, ол гүл болып, 

Бұлар баршасы оған бұлбұл болып. 

Бұның алдында күлгін бокал ұстап, 

Барлығы оның сұлулығына кҿз тігіп, - [1. 141] 

деген  суреттеулер  арқылы  «кісі  оған  жүз  рет  жан  берсе  де  аз,  пері 

қыздарының  бҽрі  жиылып  гүлзар  болса,  Назбой  -  ондағы  гүл»  секілді 

екендігіне ҽ дегеннен-ақ оқырманның назарын аудартады. 

Қазақ ҽдебиетіндегі лиро-эпостық жырларда адамның ҽртүрлі кҿңіл-күйін, 

ішкі  жан  сырын,  азап-толғанысын,  күйініш-сүйінішін  суреттеу  басым. 

Мысалы, «Қыз Жібек» жырындағы Тҿлегеннің ҿлер алдындағы алты қазға 

қоштасып айтқан мына жолдары жан толқытады: 

Ҽуелеп ұшқан алты қаз

Етің шекер, сорпаң бал. 

Атайын десем оғым аз. 

Қонар болсаң, жануар, 

Міне, майдан, міне саз. 

Ҿлмеген құлға құдая, 

Болып қалды енді жаз... 

Мен кеткен соң, дариға, 

Кҿкешім деп Сансызбай, 



48 

 

Еркелеп кімге қылар наз. 



Ҽуелеп ұшқан алты қаз, 

Жерге неге қонбайсың? 

Сіздер тірі, мен ҿлі 

Жатырсың неғып демейсің? 

Қасірет-қайғы халімді 

Неге келіп білмейсің? 

Тілсіз, мақұлық жануар, 

Бірге келген жолдасым, 

Қасыма неге келмейсің? – [3. 80] 

деген  жолдар  лиризмге  толы,  сүйгеніне  қосыла  алмай,  қанды  қол 

қарақшының  ұрланып  келіп,  опық  жегізіп  кеткеніне  қапыда  «қап!»  деген 

ҿксік-ҿкініш  зары  ғашықтық  жолында  қаза  тапқан  Тҿлегеннің  ҿлім 

сағатындағы жан азабы тебіреніспен ҿрнектелген. 

«Жаһаннаме»  дастанында  Фирузшаһтың  түс  кҿріп,  түсінде  бір  перизатқа 

ғашық  болып,  қайғы-мұңға  батқанда,  ішкі  жан  тебіренісін  досы 

Фирузрайға жайып салғаны былайша суреттеледі: 

Түсімнің оң болуын күтіп, жаныма дерт ҿтіп кетті, 

Тұла бойымды бастан-аяқ тұтты мұң. 

Ежелден атың сенің Фирузрай, 

Кҿрейін, маған білдірер екенсің қандай рай! 

Деді де айтты бар халін 

Барлық кҿрген, есіткен жағдайын. 

Бірақ, ол перизат ғашық жарын 

Кҿре алмай шеккен қайғысын. 

Деп айтып бітпей бүккен арманын, 

Салар еді ҿртке мұңлы ҿз жанын. [1. 15] 

М.Х.Дулати 

ҿзінің 


дастанында 

Шаһсауар 

мен 

Фирузшаһ 



мемлекетінің  халқы  түркілер  мен  тҽжіктер  екендігін  білдіру  мақсатында 

түркілердің  құда  түсу,  қыз  ұзату,  шашу  шашу,  қалыңдыққа  жасау  беру, 

бақилық  болған  марқұмды  аза  тұтып,  жоқтау  айту,  оған  ас  беру  сияқты 

ҽдет-ғұрыптарды суреттеген. Мысалы, Фирузшаһтың анасын жоқтағаны: 

Бірақ, анасын Фирузшаһ 

Ҽкесімен кҿрмеген соң етіп аһ! 

Деді: «Ой, дариға-ай, ол қамқоршым тек, 

Түк кҿрмеген мұң мен михнатымнан басқа. 

Анам мейірбаным, қыблам қайда, 

Сұлтан ҽкеммен кҿрмедім оны!» [1. 154] 

Қазақ ҽдебиетіндегі: 

Туғанда дүние есігін ашады ҿлең, 

Ҿлеңмен жер қойнына кірер денең. 

Ҿмірдегі қызығың бҽрі ҿлеңмен, 

Ойлансаңшы, бос қақпай елең-селең, - [4. 50] 

деген  Абайдың  тармақтары  адам  баласының  туғаннан  бастап  ҿмірден 

ҿткеніне дейінгі ҿмірі ҽн, ҿлеңмен ҿтетіндігін меңзесе керек. 


49 

 

Бұл  айтылғандардың  бҽрі  -  қазақ  халық  ауыз  ҽдебиеті  мен 



«Жаһаннаме»  дастанының  құндылығын  дҽлелдейтін  фактілер.  Дастанның 

қазақ  ҽдебиетімен  үндестігі  ҿз  алдына  жеке  зерттеуді  қажет  етеді. 

Сондықтан  мыңдаған  тақырыпқа,  сан  салаға  арқау  болып  тұрған  тарихи 

жҽдігердің  құндылықтарын  ашып,  тереңіне  бойлау  –  келешек  ұрпақтың 

еншісінде. 

Пайдаланылған ҽдебиеттер 



 

1.

 



М.Х.Дулати. Жаһаннаме. Алматы, «Білім», 2006 

2.

 



Тҿрт батыр. 2-том. Алматы, «Жазушы», 2003 

3.

 



«Қыз Жібек» жыры. Алматы, «Мектеп», 2003 

4.

 



Құнанбаев А. Қалың елім, қазағым... Алматы, «Атамұра», 2002 

 

ӘӚЖ 81622.4                                   

 

Концепт  және  «ақындық»  концептісі 

 

Байболова А.Ж. 



«Сырдария» университеті, ғылым магистрі, аға оқытушы 

 

«Концепт» термині орыс тіл білімінде ХХ ғасырдың 20-30 жылдары 



қоршаған    орта  құбылыстарының    тіл  ҽлемінде  бейнелеуін  зерттеумен 

байланысты  пайда  болды.  «Концепт»  терминінің  теориялық  негіздері 

Д.С.Лихачев, 

Н.Д.Артюнова, 

Е.С.Кубрякова, 

А.Н.Мороховский,                    

А.Вежбицкая, В.Н.Телия, В.А.Маслованың еңбектерінде ҽр түрлі қырынан 

қарастырылды.  Концепт  сҿздердің  беретін  ұғымын  түсіну  арқылы  жеке 

адамнан  бастап,  қоғамдық  топтардың,  бүкіл  бір  ұлттың,  халықтың  тіл 

ҿрісінің,  дүниетанымының  ерекшеліктері  айқындалады.  Концептілер 

рухани  мҽдениеттің  басты-басты  ұғымдарын  оның  элементтері  ретінде 

таңбалай  отырып,  олардың  мҽн-мағынасын  қамтиды.  Рухани  мҽдени 

сҿздердің  лексикалық  мағыналарын  анықтау  жаңа  үстеме  мағынаның 

ашылуына  септігін  тигізеді.  Бұл  ҿз  кезегінде  бұрынғы  түсіндірмелерді 

жаңа қырынан бағалауға ҽкеледі.     

Концепт  ұғымы  лингвистикада «адамның ҽлем туралы жинақталған 

мҽдени түсініктері» (А.Вежбицкая). 

Қазіргі  лингвистикада  концепті  үш  түрлі  бағытта  талданып, 

қарастырылады: лингвистикалық, когнитивтік, мҽдениеттанымдық.  

Концептіні  лингвистикалық  тұрғыдан  қарстыруды  дұрыс  деп 

санайтын  зерттеушілер    Д.С.Лихачев,  В.Н.Телия,  С.А.Аскольдов,  

В.В.Колесевтер жҽне олар концептіні сҿздің кез келген мағынасында ҿмір 

сүреді деп қарайды. 



Концептінің  мҽнін  когнитивті  тұрғыда  қарастыруды  ұсынатын 

зерттеушілер  З.Д.Попова,  И.А.Стернин,  Е.С.Кубрякова,  В.З.Демьянков, 

Ю.Г.Панкрац, Л.Г.Лузиной.  


50 

 

Концептіні  мҽдениеттанымдық  тұрғыдан  қарасақ  адамның  ойлау 

дүниесіндегі «мҽдениеттің негізгі ұясы» ретінде түсіндіріледі.  

  Осы  ретте  «ақындық»  концептісіне  тоқталар  болсақ,    қазақ 

халқының  концептуалдық  дүние  танымында  базалық  концепт  болып 

есептелінетін  «ақындық»  концептісін  сҿз  ету  үшін  алдымен  жалпы 

жыраулық  табиғаттың  адамзаттың  рухани  құндылығына  қатысты  белгілі 

бір ұлт мҽдениетінде кҿрініс берген ерекше құбылыс ретіндегі болмысына 

талдау  жасау  қажет.  Жыраулық  болмыстың  қайталанбас  (ҽдеби-тілдік 

кҿркемдік, философиялық-логикалық тереңдік) табиғатында ерекше назар 

аудартатын құбылыс оның ауызша таралып ауызша жетуімен байланысты. 

Сондай-ақ  жеке  адамдардың  (тыңдаушы,  қабылдаушы  ҽрі  жанама  автор, 

айтушы)  жадылық  қабілетіне  ғана  сүйеніп  уақыт  керуенімен  бірге  кҿшіп 

жеткен  ҿлең  мҽтіндерінің  мазмұндық,  коммуникативтілік  ерекшелігі  де 

назар аударуға тұрарлық мҽселе болса керек.  

 

«Ақындық болмыс» бұл жерде «ҿлең жазатын, ҿлең шығара алатын 



шығармашылық  адам»,  «поэзиялық  шығармалардың  авторы»  деген 

ұғымнан бҿлекше. Ақындық болмыстың ерекшелігі - жыраулық дҽстүрдің, 

жалпы  жыраулық  қабілеттің,  жыршылық    дарынның  бҿлекше  бітімімен 

түсіндіріледі. 

 

Жыраулық  дҽстүр  туралы  сҿз  болғанда  оның  басты  ерекшелігі 



ретінде  алдымен  жырдың  ауызша  дүниеге  келіп,  ауызша  таралу  қасиеті 

аталады.  Қандай  жыр  (жыраулық  дҽстүр  туғызған)  болмасын  белгілі  бір 

оқиға үстінде, ерекше шамырқанған немесе толқыған сезім үстінде, кейде 

оқыс жағлайларда дүниеге келіп, сол бойда тыңдалушысына таралып, сол 

тыңдаушылары арқылы ҽр жерде қайталанып жадыда ҿшпестей жатталып  

қалып отырған. Қазіргі ғылыми пайымдауда жыраулық дҽстүрдегі мұндай 

ауызша  шығарылып  ауызша  таралу  салты  сол  кездегі  қоғамның,  ортаның 

мүмкіншілігімен  түсіндіріледі,  яғни  жазу-сызудың    кенже  қалуы, 

жыраулық  дҽстүрдің,  нақтырақ  жыраулардың  қоғамдық  билікте,  елді 

ұжымдастырып,  басын  қосуда,  кейінірек  кҿшпелі  ҿмір  салтында 

насихаттау,  мҽдени,  ҽдеби  шаралардың  орнын  басу  тҽрізді  қызметтерді 

қоса  атқаруы,  жырлардың    қоғамдық,  ҽлеуметтік  ҿмірде  ерекше  жҽне 

бірден-бір құралға айналуы деген сияқты уҽждер айтылады. 

 

Ақындар ерте дҽуірлерден бері қарай түркі тілінде түрліше атауларға 



ие  болған.  Жыраулар  тілінде  ақындыққа  қатысты  «жырау»,  «жыршы», 

«ақын»,  «шайыр»  сҿздері  қолданылады.  Ал  Қарақалпақ,  басқада  кейбір 

түркі халықтарында «бақсы» сҿзі «ақынның» орнына жүрген. Бақсы біздің 

түсінігімізде:  «шамандық  сенімнің  басты  ҿкілі.  Қолына  қобыз  алып, 

аспаптың  сиқырлы  үнімен    түрлі  тосын  қимыл-қозғалыстармен  (билеу, 

секіріп  үйдің  шаңырағына  шығып  кету  т.б.)  аурудың  иесін  жындарды 

аластайтын  ерекше  қасиетті,  табиғаты  жұмбақ  адамдар».  Бақсы  сҿзінің 

этимологиясын  Қ.Жұбанов  музыка  тарихына  қатысты  еңбегінде  кеңінен 

сҿз еткен: «Қазақтың бақсылары, есепшілері, тістің құртын шақыратындар, 

жыланды, бүйіні шақыратын тамыршылар, қобызшы, домбырашы, ҽншілер 

кҿбісі  сол  шаманнан  ҿрбігендер.  Бұл  жалғыз  қазақта  емес,  қоғамның 


51 

 

дамуының  белгілі  дҽуірінде  қай  елде  де  болған  мҽселе.  Сондай-ақ 



Қ.Жұбановтың  кҿрсетуінше,  түрікмендерде  музыкант  «бақшы»  деп 

аталады, кез-келген адам бақсы бола алмайды, ол тұқым қуалайтын қасиет. 

Қырғыздарда «жомықшылар» қасиеті, киелі саналып олар жыр айтқанда үй 

шайқалған,  дауыл  соғып,  бүкіл  дүние  «табиғат  тактісінде  билеп  кететін 

болған»  дейді.  Осындай  жұмбақ  жайыттар  қазақ  жырауларына  да  тҽн. 

Қазақ  ноғайға  бірдей  ортақ  «Мҽулімнияз-Едіге»  жырын  толғанда  дауыл 

тұрып,  табиғатта  аласапыран  түсініксіз    құбылыс  болатындығы  туралы 

Қ.Сҽтбаевтың  естелігінде  айтылады.  «Маңғыстаулық  Мұрын,  Қарасай 

жыраулар  жырлағанда  шілдеде  қырбық  қар  түседі  екен»  деген  кҿне  кҿз 

қарттардың ҽңгімесі де бұған дҽлел бола түседі. 

 

Ш.  Уалихановтың  «Қазақтардағы  шамандықтың  қалдығы»  атты 



атақты  еңбегінде:  «Шамандық  дегеніміз-ҽлемдік  дүниені  сүю,  табиғатқа 

деген  шексіз  махаббат  жҽне  ҿлгендердің  рухын  қастерлеу,  аруағын 

ардақтау... 

 

Шамандар асқан тҽңірі мен рухтың жердегі қолдаушылары есебінде  



саналады.  Шаман  сиқырлы  қасиеттерімен  қоса,  білікті,  талантты, 

басқалардан  мҽртебесі  жоғары: ол  ақын  да,  күйші де,  сҽуегей  жҽне емші, 

сегіз қырлы, бір сырлы адам болған. Қазақтар шаманды бақсы дейді, ол сҿз 

монғолша    оқытушы  деген,  ұйғырлар  бахшы  десе,    түркімендер  осы 

атаумен ҿздерінің ақындарын атайды.  

 

В.М.Жирмунский  ҿзінің  Х.Т.Зарифовпен  бірлесіп  шығарған 



еңбегінде  сҿз  болып  отырған  терминнің  ҿзбек  тіліндегі  мағынасын 

түсіндірді. Осы авторлардың пікірінше ҿзбектерде халықтық дастандарды 

үш  түрлі  айтады:  бахши,  шайыр,  джироу.  Соның  ішінде  бахши  атауына 

ерекше тоқталады. Бахшиның екі жақты мағынасы бар: бір жағынан бақсы 

халықтық  түсінікте  сиқыршы,  халықтық  емші,  музыканың  магиялық 

күшімен  аурудың  иесін-жындарды  қуушы,  екінші  жағынан  эпикалық 

жыршыларды, ұзақ дастандарды орындаушыларды осылай атаған. 

Сондай-ақ  Қ.Жұбановтың  пікірінше  Қарақалпақтың  батырлық 

жырларды  орындаушылардан  ең  үздік  шыққандарды  «ҿгіз  жырау»  деп 

атайды.  «Мүмкін  бұл  түркі  нҽсілді  халықтардың  арғы  атасы  болып 

саналатын  мифологиялық  «оғыз  қаған»  есімімен  де  байланысты  болар» 

деген  ой  айтады.  Сонымен  бірге  ҿгіз  атауын  «узан»  сҿзімен 

байланыстыратын  пікірлер  де  жоқ  емес.  В.В.Бартольдтың  түсінідіруінде 

узан  деп  кҿне  түркі  тілінде  ұзақ  дастандарды,  немес  оғыз-намені  арнайы 

аспаптармен жарлаушыны атаған.  

 

Қ.Жұбановтың    пікірінше:  «Қысқасы,  қай  халықта  болмасын  



эпостың  орындаушыларын  киелі  аруақты  санап,  оларды  ҿлең  айтқанда 

жаратушы тҽңірінің ҿзі қолдап отырады деген түсінік туған. Тіпті, эпосты 

орындаушы  жыраулардың  ҿздері  де  ҿз  ҿнерін  тҽңірдің  берген  сыйы  деп 

ойлаған»- деп қортындылайды. 

 

Жоғарыдағы  пікірлерді  саралай  келе,  ақындық  қасиеттің  кҿне  түркі 



тілінен  үзілмей  келе  жатқан  атаулары  ретінде  «жырау»,  «жыршы», 

«шайыр»,  «жомоқшы»,  «бақсы»,  «узан»  сҿздерін  атауға  болады.  Осы 

52 

 

атаулардың  қай-қайсысы  да  қазіргі  түсініктегі  ақындықтан  ҽлдеқайда 



терең,  жан-жақты  («ерекше  қасиет  иесі»,  «киелі,  аруақты  адам», 

«оқымысты,  дана»,  «музыкант»,  «дін  иесі»,  «емші»)  ұғымда  қолданғаны 

анық. 

 

Ақындықтың поэтикалық тілдегі сипатына келсек, алдымен ақындық 



тұлғаның «мендік» бейнесі жүйрік, шайыр, шешен, жорға, шұбар, саңлақ, 

бәйгекер, тұлпар  сҿздерінің образдық ҿрісінде сипаталады: 

Шайырлықтың белгісі- 

 

 



          Сҿзге қамшы салдырмай... 

Ажарлап сҿзін ҿңдейтін... 

 

 

 



Айтулы жүйрік мен едім. 

Жорғамын сүргін басқаны-ай, 

 

 



Алысқа шапқан шұбалып... 

Тайсылмайтын сарқылып 

 

 

 



Жылқы ішінде шұбармын, 

Қайнармын ҿзен тасқан-ай...   

 

 

Шұбарға таққан тұмармын, 



Мен – ежелгі жүйрікпін, 

 

 



 

Ҿзім шұбар болған соң, 

Алдына қара салмаған... 

 

 



 

Ҽрі  –  бері  сҿйлеп  қызған 

соң. 

Айтулы жүйрік мен едім, 



 

 

 



Топтан ойнап шығармын... 

Салдырмай қамшы ұмтылған... 

 

 

Мен – байрақты жүйрік            



               (Сҽттіғұл) 

                                        саңлағың...                                                                  

                                                                                 Мен - ежелгі бәйгеке   

 

 

                                                                         (Ақтан) 



Мҽтіндегі  жүйрік,  жорға,  шұбар,  саңлақ,  бәйгекер,  тұлпар 

сҿздерінің  мағыналарын  жылқы  атауының  семантикалық  аясына 

топтастыруға  болады.  Немесе  «ақындық  -  жүйріктік»  концептісінің  бір 

кілт  сҿзі  жүйрік,  яғни  жылқы.  Жүйрік  сын  есімнің  заттық  мҽні  (жылқы) 

шабатын,  салдырмай  қамшы,  алысқа  шапқан  етістіктері  арқылы 

ҿзектендіріліп  тұр.  Шұбар  сҿзі  семантикасында  ҽрі  сындық,  ҽрі  заттық 

мағына  сыйдырылып  берілген.  Шұбар  –  ерекшелік  ҿзгеге  ұқсамайтын 

бҿлекше  тұр.  Яғни  ҿзгелер  ортасындағы  меннің  бейнесі.  Кҿптің, 

жалпының  ішінен  айрықшаланған  жеке  бейнесі.  Шұбардың  елден  ерек 

кҿзге  түсер  сұлулық  бейнесі  екендігі  Нұрымның  ұзатылатын  қызға 

арнауынан да кҿрінеді:  

 

 



Ҽдебің жаннан артық қызбалықты,  

 

 



Жылқының болған ҽуес шұбарындай. 

Жорға – жылқының ерекше сҽнді жүрісі. Тіліміздегі «жорға жүріс», 

«жорға  бҽйге»,  «үстіне  су  тҿгілмес  жорға»  тіркестерінен  жорға  сҿзінің 

экспрессивті, эстетикалық ренкі байқалады (жағымды, ҽдемі, сұлу). 

Ақындықтың  жылқымен  баламаланып  берілуі  оның  бойындағы 

жүйріктік  қасиетімен  байланысты  екендігі  түсінікті.  Сонда  жорға,  шұбар, 

саңлақ, бҽйгекер, тұлпар сҿздерінің ортақ атрибуты – жүйрік атауы, ал осы 

атаулар  тұтасымен  шайырлықтың,  шешендіктің  сипатын  беру  үшін 

жұмсалып тұр.  

 

Ақындық концептісінің сипаты, сонымен бірге тіл, кҿмей, ауыз, жақ, 



сҿз, жыр сҿздерінің семантикасында танылады: 

Ауызым жүйрік тілділі... 

 

 

 



Шабатын жүйрік мен едім, 

Халқыма қадір-сҿзім ұнағасын...                          Сҿзге қамшы салдырмай... 



53 

 

Ажарлап сҿзін ҿңдейтін... 



 

 

 



                             (Қалнияз) 

Сҿз порымын тасталы-ай...   

 

 

 



                            (Сҽттіғұл)                                                                  

Сҿйлей гҿр, тілім, кҿмейім,    

 

Қалағандарың сҿз болса, 



Бұлайша демей не дейін... 

 

 



Тҿгейін жырды қауғалап... 

Аяйынба жел сҿзді...   

 

 

Сҿйлеген сайын табармын, 



                       

 

       (Нұрым) 



Тілің – шешен, ернің еп, 

 

 



 

Сҿз енеді жағыма, 

«Айтқыш» деп жүр ғой сені кҿп.    

 

Кҿмейімде бүлкілдеп 



 

 

 



(ҚЖ 252)                                                     (Нұрым) 

 

Тұлғаның  тілдік  бейнесі  ақындық  тұрпаты,  ҽсіресе,  сҿзді  түрлі 



тіркестер  мен  байланыстарда  алу  нҽтижесінде  айқындалып,  айшықтала 

түседі.  

 Ақындық  концептісінің  табиғаты  суға  қатысты  тілдік  түрлі  ҿрнектерін 

қарайтын болсақ: 

 

Сҿзім – дария, тілім – шҿміш.  



 

Мен бір аққан дария. 

 

 

 



(Аралбай)   

           Кемерін соғып шырпынған. 

  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

(Аралбай) 

Таусылмайтын сарқылып, 

 

 



 

Ҿлең деген дария, 

Қайнарлы ӛзен тасқан-ай...   

 

 



Қауғалап қалай сарқайын... 

 

 



 

(Сҽттіғұл)   

 

 

 



 

(Сҽттіғұл) 

Адам  үшін  су  (ҿзен,  бұлақ,  дария)  шексіздіктің,  молшылықтың 

символы.  Суда,  сондай-ақ,  екпін  бар.  Су  –  тоқтаусыз  ағын,  тасқынның, 

яғни мҽңгі қозғалыстың кҿзі. Қозғалыс, қимыл-ҽрекет - ҿмірдің ҿзегі. Олай 

болса,  ақындық  та,  ҿлмейтін,  ҿшпейтін,  тіршілікпен  бірге  тоқтаусыз 

ағындағы құбылыс.  Біз жоғарыда сҿз еткен жылқы, су, тіл (сҿз) атаулары 

ақындық концептісінің жалпы сипатын береді. 

Ақындық  болмыс  –  адамзаттың    ішкі  «үнін»  сыртқа  шығару  құралы 

екендігін түрлі ҿлеңдерден байқаймыз.  

 

Ақындық адам баласының ҿмірдегі қызық, қуаныштарының базарлы 



тірлігінің айғағы. Оның шығармашылық кеңістігі – орта.  

 

Ақын  –  елдің,  жердің  шежірешісі,  ҿлеңмен  ҿрілген  тарихы,  оның 



ақындық  концепт  жеке-дара  бола  отырып,  «топқа»,  «кҿпке»  ортақ.  Оның 

кҿптен  тартынуына,  бұлданып  бой  тартуына  құқы  жоқ.  Себебі  оның 

бойында  ақындық  құдірет  бар,  ол  бүкіл  адамзаттың  ортақ  игілігі  үшін 

берілген оған. Сондықтан да ақындық болмыс ақындық концептіге: 

Ақындық, жырылық – қасиетті жол.  

Ҿнеге шашқан жыршылық

Құдайға ол да құлшылық. (Сүгір) 

Ол  ата  бабадан  қалған  жолмен  жалғастығын  тапқан,  алқаның  ақ 

батасымен орныққан ҿнер. 

Атдан келген мирасы, 

Дүлдүл жүйрік мен едім, 

Алқалы ерде бата алған. (Сүгір) 



54 

 

Ақындыққа кірсіз тазалық тҽн:  



Шаң мен кірден сақтанған, 

Тоты құстай баптанған 

Сҿзім күміс апталған 

Сары алтынмен қапталған. (Нұрым) 

Жыршыға,  шешенге  тҽн  мінез:  түйінді,  десте-десте  сҿз,    кемелдік, 

билік, уҽделілік, сабырлылық, пікірге кҽмілдік арқылы танылады.  

Яғни  ақындық,  жыршылық  болмыс  -  ол  мҽңгілік  рухтың  кҿрінісі, 

шынайы  адамдықтың  айқын  кҿрінісі  когнитивтік  концептілердің  талдау 

үлгілерінен ерекше байқалады. 

 

Резюме 



 

В  статье  рассматривается  раскрытие  концептического  значения  поэтического 

слове в языке и система концепции.  

Summary 


 

This  article  is  about  conception  meaning  of  poetic  words  in  language  and  system  of 

conception. 

Пайдаланылған ҽдебиеттер 

 

1.  Жаманбаева  Қ.  Тіл  қолданысының  когнитивтік  негіздері.  –  Алматы, 



«Жазушы», 2004ж.  

2. Рахлина Е.В. Когнитивная лингвистика. Москва 1998. 

3. Нұрдҽулетова Б.И. Когнитивтік лингвистика.- Алматы, «Дҽуір», 2011ж.  

4.  Айтова Н. Қазақ тіліндегі түр – түс атауларының когнитивтік   

     семантикасы. Алматы, «Жазушы», 2005ж.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет