Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың



бет26/27
Дата12.06.2023
өлшемі124,54 Kb.
#100744
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
Bilim beru Akademiyasy - adistemelik nuskaulyk

«FutureLearn». Тегін онлайн курстар ұсынатын 40-тан астам университетті біріктіретін Британдық ресурс.
«Лекториум». Оқушылар, студенттер және мамандар үшін көптеген курстар жүктелген.
«Универсариум». Еркін қол жетімді жалпы білім беретін дәрістер мен курстар.
Электрондық оқулықтар (ЭО). Білім беруді ақпараттандырудың педагогикалық технологиялар орталығы модульдік оқыту технологиясы бойынша жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес әзірленген компьютерлік оқыту бағдарламалары болып табылатын электрондық оқулықтарды әзірледі.
Қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық оқулықтар мектеп кітапханаларында қолжетімді.
1-сыныпқа арналған -14 ЭО;
2-сыныпқа арналған – 7 ЭО;
3- сыныпқа арналған – 7 ЭО;
4- сыныпқа арналған – 6 ЭО;
5- сыныпқа арналған –8 ЭО;
6- сыныпқа арналған – 8 ЭО;
7- сыныпқа арналған – 13 ЭО;
8- сыныпқа арналған –12 ЭО;
9- сыныпқа арналған – 15 ЭО;
10- сыныпқа арналған – 11 ЭО;
11- сыныпқа арналған – 16 ЭО;
www.BilimLand.kz - электрондық оқулықтар мен қосымша цифрлық білім беру ресурстары орналасқан білім беру порталы.
www.imektep.kz - қазақ тілінде оқытатын мектептерге арналған электрондық оқулықтары бар бастауыш мектептің мультимедиалық курсы (қазақ тілі, әдебиеттік оқу, дүниетану, математика, өзін-өзі тану, еңбекке баулу, музыка, бейнелеу өнері).
Бастауыш сыныптар үшін әлеуметтік ортада баланың жеке басының қалыптасуына және ақыл-ойының дамуына ықпал ететін «Интеллектум-бастауыш мектеп» интеллектуалды-дамытушылық ойындар кешенін пайдалану ұсынылады. Сілтеме: https://youtu.be/DA6xyYRnZO0
www.twig-bilim.kz - BBC Motion Gallery студиясының бейнесабақтары негізінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған электронды оқыту кешені. Баланы дамыту мен PISA тестілеріне дайындауға арналған ресурс.
«MEKTEП OnLine» - орта мектептің оқу пәндері бойынша бейне-сабақтар.
IоT BOARD - заттар интернетін зерттеуге арналған модульдері мен датчиктері бар бір тақталы жиынтық.
Жаратылыстану-математика бағыты бойынша 11-сыныптағы заттар интернетін үйрену үшін IoT Board жиынтығын пайдалану ұсынылады.
Жиынтық өлшеуге қажет барлық датчиктерден, Bluetooth және Wi-Fi желісіне қосылуға арналған кіріктірілген модульдерден тұрады. IoT Board -заттар интернетін тиімді әрі ыңғайлы оқытуға арналған аппараттық-бағдарламалық құрал.
Ерекшеліктері:
- барлық датчиктер мен компоненттер жиынтықтың ажырамас бөлігі, бір тақтада дәнекерленген;
- заттар интернеті модулі кіріктірілген;
- панельдегі дайын электр сызбасы бөлшектерді байланыстыруға ыңғайлы;
- электр желісімен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік;
- тақта электр және перифериялық қосылымдарға арналған қорғаныс элементтерімен жабдықталған;
- қуат блогынан электр қуатын тұтынатын негізгі нүктелерге мыс өзектер жүргізілген;
- модульдерді компьютердегі USB кабелі арқылы программалауға болады;
- тақтадағы әр компонент үшін шелкографияда дайындалған пиктограммалар түрінде нұсқаулар көрсетілген.


МАЗМҰНЫ
ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН
ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ НЕГІЗГІ НОРМАТИВТІК
ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРІ

ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН


ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Бастауыш білім беру
Негізгі орта білім беру
Жалпы орта білім беру
Қашықтан оқыту
Жазғы мектеп

БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІГІН БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ


БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫ

Әдістемелік-нұсқау хатты әзірлеу бойынша жұмыс тобының құрамы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет