2) шығыс тілдерін қазақ лексикасын байытатын бірден-бір,
жалғыз және ең басты көзі деп есептемеген. Абайдың бұл тен-
91
Ғ.Мұсабаев бұларды варваризмдер қатарына қосады. КеңесбаевІ., Мұсабаев Ғ.
Қазіргі қазақ тілі. - Алматы, 1962. - 158-б.
92
Крысин Л.П. К определению терминов «заимствование» и «заимствованное
слово» // Сб. Развитие лексики современного русского языка. - М., 1965. - С.115.
105
денциясына тікелей әсер еткен – сол кездегі қазақша кітаби
тіл нормасынан қазақтың жаңа жазба әдеби тілінің іргесін
аулақтату әрекеті, яғни «шағатай сөз құрылысы, араб-парсы,
татар тілі, қысқасы, әр алуан тіл, сөз, сөйлемдермен қазақтың
әдеби тілі шұбарланып, бұл салтқа айнала бастаған кезде,
Абайдың әдебиет майданына шығып, қазақ тілін бұзушыларға
қарсы ашқан күресі»
93
.
Сан жағынан араб-парсы элементтері Абайда да аз емес
(проф. Қ.Жұмалиев 374 сөз дейді, сірә, бұл есепке едәуір
сөздер кірмей қалған болар, Абайда шығыс сөздері бұдан
көбірек). Бірақ кітаби тілде жазылған үлгілер мен Абайдың
бұларды қолдану принциптерінде үлкен айырмашылық бар.
Абай араб-парсы элементтерін Нұржан Наушабаевша «пар-
сы, ғараб ұлғатын ғалімдік дариясынан қанып ішкендіктен »
94
келтірмейді, яғни «шығармаларын айшықтап, оригинал
(кітаби) сипат беру үшін қолданбайды»
95
. Абайдың принципі:
1) бұрыннан еніп, халықтың тіл тәжірибесінде қалыптасқан
шығыс тілдері сөздерін жатсынбау, керісінше, байлық са-
нап, активтендіру, поэтикалық тіл айналымына қатыстыру,
мағыналарын не тарылтып айқындау, не кеңітіп, полисемияға
ие ету;
2) араб-парсы сөздері арқылы синонимдік қатар түзеу,
семантикалық үстеме оттеноктар беру;
3) стильдік мақсат-мотивтерді өтеу.
Араб пен парсы сөздерінің пропорциясына келгенде, Абай-
да араб элементтері әлдеқайда басым. Оның себебін проф.
Н.Сауранбаев араб сөздерінің иран, шағатай әдебиеттерінде
көп қолданылғандығынан деп дәлелдейді
96
. Біз мұның
үстіне тағы бірер себебін көрсетеміз. Абайдағы шет тілдік
(шығыс тілдерін айтамыз) элементтерді прозасында, оның
ішінде, әсіресе 13, 38-сөз деп аталатындарында молынан
қолданылғанын жоғарыда айттық. Ал бұларда ислам діні
сөз болады. Ислам дінінің ресмиде, іс жүзіндегі де тілі –
араб тілі. Абай терминдер мен жеке сөздерді, фразалар мен
93
Жұмалиев Қ. Аталған еңбек. - 174-б.
94
Сонда. - 170-б.
95
Сауранбаев Н.Т. Аталған мақала. - 182-б.
96
Сонда. - 182-б.
106
сөйлемдерді араб тілінен келтіреді
97
. Әсіресе «бейтаныс
араб сөздері шоғырланып келтірілген өлеңдері де – тағы да
исламның Алласы туралы жазғандары. Демек, осы жайт араб
элементтерінің арасалмағын арттырып жіберген. Екінші,
біздің бір жорамалымыз және бар. Мұхтар Әуезов айтқандай,
кейбір зерттеушілерде Абай мұсылманша окығандықтан,
араб-парсы тілін түгел білген боп суреттеледі. Ал Мұхаңның
өзі: «Анығында, 5-6 жыл мұсылманша оқығанмен, ол кездегі
шабан оқытудың шалағай методикасын еске алғанда, Абай
арабтың классик поэзиясын түгел ұғарлық дәрежеге жетті деу
асыра сөйлеу болады», – дейді
98
. Абайды тамаша танушының
бұл пікіріне ден қоя отырып, біз дегенмен Абай араб тілін
едәуір меңгерген болар деген ойға келе береміз. Өйткені
арабша айтарлықтай білмейтін адамға 13, 38-сөздеріндегі
тұтас фразаларды, сөйлемдерді, жеке сөздерді арабша келтіру
оңайға түспес еді, өйткені оларды автор цитата ретінде
алмай, қазақша тексте жымдастыра, ой желісін бұзбай
қиюластыра қолданады. Тсгі, Абай табиғатынан полиглоттық
қасиеті болған жан деп ойлаймыз. Бұл ойға келтірстін жайт –
Абайдың орысшадан аударғандарының тілі, тіпті лексикасы.
Орыс тіліндегі шығарманың әрбір сөзінің жалпы лексикалық,
номинативтік, нейтралдық мағынасын ғана емес, поэтикалық,
образдық нәзік мағынасын, сырын ғажап аңғарып, оны
аудармасында тап басып, дәл беру қанша айтқанмен сол шет
тілді шала-пұла білген ақыннан шыға қоймас. Екі ай оқып
орысшаны кейін өз бетімен сонша меңгерген адам 5-6 жыл
оқыған араб тілін кейін тағы да өзінің табиғи қабілетімен
игеріп кете алмас па!
Абайдағы арабизм-фарсизмдердің жартысынан көбі про-
залық шығармаларында қолданылғандығын жоғарыда айттық,
оның ішінде әсіресе қазақ лексикасына енбеген бейтаныс
97
Абай шығармаларының соңғы баспаларында (мысалы, 1957 жылғыда) текст
ішіндегі түсініксіз болар-ау деген сөздерге бет соңыңдағы сілтемеде түсініктер
берілген. Бірақ ол сөздің қай тілден екені керсетілмейді. Біздіңше, Абайдың келесі
баспаларында бейтаныс сөздің гснетикалық тегін көрсетсе және тіпті төркін тіліндегі
орфографиясын қоса берсе дейміз. Әсіресе бұл ұсыныс-тілек Абай тәрізді классиктің
академиялық, ең болмаса ғылыми баспасы үшін өте қисынды ғой дейміз.
98
Әуезов М. Абай Құнанбайұлы // Әр жылдар ойлары. - Алматы, 1959. - 74-б.
107
элементтер дүниетану, дін, искусство, этика туралы жазған
«Сөздерінде» өте-мөте мол. Кейбір зерттеушілер Абайдың осы
тақырыптарга жазған шығармаларына шығыс әлеміне белгілі
«Өсиетнама» («Қабуснама») кітабы, шығыс ғұламаларының
еңбектері, әсіресе олардың ішінде иран ғалымы Ғуламаһи
Дауани (XV ғасыр) еңбектері тікелей әсер еткен, олармен
мазмұндас келіп, тікелей байланысып жатады дейді
99
. Дауа-
ни парсы тілінде жазған. Зерттеуші М.Мырзахметов Абай бұл
ғалымның еңбектерімен 1880, 1881 жылғы Калькуттада, 1881
жылы Мадраста, 1891 жылы Лондонда басылған кітаптарының
бірін оқып танысқан болу керек дейді
100
. Демек, Абай пар-
сы тіліндегі жазғандарды да оқи алғандығы ғой! Әлде ол
Дауаниді Навои тәрізді түркі (шағатай) тілінде жазған автор-
лар арқылы білді ме екен? Екі болжамның екеуінде де Абай
дін, философия, этика туралы жазғандарында оның Дауанимен
мазмұндастығын құптасақ, араб элементтерін мол қолдануға
мәжбүр болады. Өйткені шағатай тілі мен парсы әдеби тілінде
діни және ғылыми лексика негізінен араб тілінен алынғандығы
белгілі.
Сөйтіп, Абайдың барлық поэзиялық мұрасында шығыстың
орны орыс классик поэзиясының орнынан әлдеқайда аз болса
да, тұтас тілінде, оның лексикасында, керісінше, араб-парсы
тілдерінің пропорциясы орыс тілінен әлдеқайда жоғары. Оған
басты себеп – Абай тілінің негізгі қайнар көзі жалпыхалықтық
сөйлеу тілі мен өзіне дейінгі қазақ көркем әдеби тілінің
лексикалық құрамы (нормасы) болса, екінші фактор – кейбір
шығармаларының тақырыптық сипаты.
Міне, Абай тіліндегі араб және парсы элементтерінің (сөзі,
тіркесі, сөйлемі) сыр-сипаты, түр-тұлғасы біздіңше, осындай.
99
Сағди Ғ. Науаи һәм Абай // Қазақ ССР Ғалым академиясының Орталық
кітапханасы. Қолжазбалар фондысы; Мырзахметов М. Абайдың ақындық
кітапханасынан // Тіл және әдебиет мәселелері. Аспиранттар мен ізденушілер
мақалаларының жинағы. - Алматы, 1965.
100
Мырзахметов М. Аталған мақала. - 148-б.
108
Орыс сөздері
(русизмдер)
Абай лексикасындағы русизмдер туралы едәуір жазылды.
М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, І.Кеңесбаев, Н.Сауранбаев, Ш.Са-
рыбаев т.б. бірқатар зерттеушілер Абайдың әдеби творчество-
сына, оның қазақ тілі тарихындағы атқарған рөліне арнаған
жұмыстарында Абай тілінде орыс тілі элементтерінің бар
екенін атап, кей жерлерде санына дейін көрсетіп кетеді. Абай
шығармаларындағы орыс сөздері туралы арнаулы ғылыми
мақала да бар
101
.
XIX ғасырдағы қазақ тілінің генетикалық қабаттарының
ішінде орыс элементтерін талдау шығыс тілі элементтеріне
қарағанда, бірқыдыру оңайырақ түседі. Өйткені, ең алдымен,
қазақтың жалпыхалықтық тілі мен әдеби тіліне орыс сөздерінің
көзге түсерліктей дәрежеде ене бастауы – кейінгі дәуірлердің
жемісі, екіншіден, бұл кезде олар сан жағынан әлі көп емес.
Сондықтан Абайдың орыс сөздерін пайдалануы жайында бұған
дейін айтылып келген пікірлер мен азды-көпті талдауларды әрі
дұрыс, әрі едәуір толық деп табамыз. Әрине, бұлардағы кейбір
жеке жайттар мен тұжырымдарға келіспейтін сәттеріміз де бар.
Абай тіліндегі орыс тілінен алынған элементтерді де,
шығыс сөздері сияқты, олардың тілге ену мезгілі, қолданылған
мақсаты, сіңу (ену) дәрежесі, қолданылу жиілігі жақтарынан
алып қарастырамыз.
Абай текстеріндегі русизмдерді «паспортындағы» «тір-
келу» мезгіліне қарай: 1) өзіне дейінгі кезеңдерде енгендер;
2) Абай тұсында, яғни XIX ғасырдың II жартысынан бастап
енгендер деп бір топтасақ, «иесінің» «паспортына» қарай:
1) жалпыхалықтық қолданыстағылар: 2) Абайдың өзі ғана
қолданғандар деп тағы топтаймыз.
ХIХ ғасырдың II жартысына дейін қазақтың әдеби тіліне
енген орыс тілі сөздері аса көп емес. Енгендері – Россия мен
сауда-саттыққа байланысты ұғым, зат аттары, әкімшілік-
ел басқаруға қатысты кейбір сөздер және күнделікті тұрмыс
101
Сулейменова Б. О русских словах в произведениях Абая // Известия АН КазССР.
- Серия общ.наук. - 1964. - Вып. 4.
109
пен шаруашылыққа байланысты жеке сөздер болатын. Бұлар,
сірә, халықтың ауызекі сөйлеу тілінде әдеби тілге қарағанда
бірқыдыру көбірек болуы сөзсіз, өйткені өткендегі қазақ әдеби
тіліне, негізінен, поэзия жанры жататындықтан, онда тұрмыс-
шаруашылық атаулары көп орын алмағаны белгілі. Сондықтан
Абай шығармаларында өз дәуіріне дейін енгендерден шамалы-
ақ сөздерді атай аламыз. Олар: старшын, болыс, сияз, шар,
партия, ояз, шен, майыр, орыс, солдат, расход, закон, сот
(мүмкін, содия), шіркеу, кірес, барқыт, самаурын, порм, пар
т.б.Бұлардың бірқатарының Абайға дейінгі әдеби тіл мен жал-
пы халықтың сөйлеу тілінде қолданылғандығын көрсетуге
болады. Мысалы, солдат сөзі Исатай-Махамбет көтерілісі
тұсынан және одан да әрі патша үкіметінің Қазақстанды от-
арлау процесінде әскери күш көрсеткен алғашқы тұстарынан
бастап-ақ белгілі бола бастаған. Мысалы, Махамбет Жәңгір
хан туралы: «Патшадан солдат алдырып» (117) дейді. Бұл жер-
де солдат – «орыс армиясының жауынгері» деген мағынада.
Кейінірек, эпостық жырларда бұл сөз «жалпы (кімдікі болса да)
жауынгер, әскер» деген кеңірек ұғымда жұмсалатын болған.
Мысалы, «Қамбар» жырында: Жеті жүз солдатты алдына са-
лып айдады (1957, 34). «Қыз Жібекте»: Келе жатқан солдат-
ты (1963, 29). Бұл мағына, сірә, ХІХ ғасырдың ІI жартысының
жемісі болу керек. Өйткені бұл кезең – қазақ даласы орыс ар-
миясын, яғни солдаттарын көбірек көріп, әбден танық болған
кез. Демек, солдат сөзі де әбден орнығып, енді мағынасын
кеңейтуге бет алғаны. Абай бұл сөзді «Қара сөздерінде»
қолданады. Барлық жерде ол – «орыс армиясының адамы
(жауынгері)» мағынасында. Абай бұл түбірден солдаттық
деген неологизм де жасайды. Орыс империясының право-
сы қазақ қоғамында 1812 жылғы Уставтан кейін-ақ күшін
жүргізе бастағаны белгілі. Соған орай закон, сот сөздері си-
рек болса да әдеби тілге ене бастаған. Әкімшілікке қатысты
сөздердің ішінде шен сөзі, сірә, ең алғашқы кіргендерінің
бірі болар. Өйткені Россия патшасының өзге халықтарды
бағындыруда қолданған тәсілінің бірі – сол халықтың үстем
тап уәкілдерін шен, сыйлық беріп, өзіне қаратып алу болғаны
мәлім. Сондықтан қазақ даласына шен сөзі отарлау актісімен
110
бірге келген. Тіпті ол шен-шекпен түрінде қос сөз компоненті
болып та үлгерген. Ал әйгілі самауырын (шайымен қоса) және
мата аттары (Абайда олардан барқыт қана қолданылған) да –
ертеден, орыс саудасымен қоса келген элементтер.
Русизмдер деп танып жүрген пар және порым деген екі
сөз назар аудартады, зерттеуші Б. Сүлейменова: «Латынның
forma сөзі «сыртқы түр» мағынасында қазақ тілінде Абайға
дейін қалыптасып орныққан сөз», – дей келіп, оның эпос жыр-
ларында актив қолданылғанына мысалдар келтіреді
102
. Шы-
нында да, біздің қолымызда да бұл сөзге қазақтың эпостық
шығармаларынан жиналған көптеген мысал бар. Бәрінде де
«адамның сыртқы пішіні, бет-әлпеті» деген мағынаны білдіреді.
Бұл сөз тек эпостық жырларда емес, XIX ғасыр ақындарының
барлығында түгел бар. Порым сөзі енді «адамның бет-бейнесі,
түр-әлпеті» деген мағынадан кеңейіп, өзге жансыз заттардың
да «түрі, пішіні» дегенді де білдіре бастайды. Мысалы, Біржан
ұрланған шідері туралы: «Форымын шідерімнің сұрасаңыз,
Сап күмістен балағы, алтын тиек (185)», – дейді. Бірақ көбінесе
адамның, оның ішінде де әйелдің түр-әлпеті деген ұғымда
қолданылған: Пормына төңкерілген жайдым қанат (Ақан, 252).
Ішінде осыншаның формың артық, Жаратқан Құдай артық
жалғыз сәулем (Біржан, 186).
Абайда бұл сөздің мағынасы одан әрі кеңейтіліп, бірде
«қалып, күй» мағынасында (Онегин туралы: Кейде паң, кей-
де көнгіш, орныменен, Кейде елеусіз, кейде ынтық формыме-
нен – II, 72), бірде «сырты жалтыр, алдамшы» деген ауыспалы
мағынадағы мишура сөзінің баламасы ретінде қолданылады.
Еш қызыққа арманым жоқ, Бәрі де бар формының (II, 86) –А
мне, Онегин, пышность эта, Постылой жизни мишури (Пуш-
кин, V, 189). Мұнда да бәрі бір «қалып, сыртқы түр» ұғымы
бар. Сөйтіп, бұл екі жерде де порым сөзі жырлардағыдай не-
месе өзге ақындардағыдай адамның бет-бейнесі емес, «жалпы
жүріс-тұрыс, қылығының сыртқы түрі, қалпы, күйі» деген
мағынада қолданылған.
Бізді таңырқататын нәрсе – «сыртқы пішін, бет-әлпет» мағы-
насын беретін өзге де көптеген варианттар (әлпет, сипат,түр,
102
Сүлейменова Б. Көрсетілген мақала. - 60-б.
111
пішін, келбет, сымбат т.т.) тұрғанда және орыс тілінен сөз ену
процесінің әлі солғын (пассив) кезінде елден ерекше жалғыз
форма русизмінің қазақтың жалпыхалықтық сөйлеу тіліне
еніп, соншама актив қолданылуы. Мұнда бір сыр бар тәрізді.
Парсы-орыс сөздіктерінен форм сөзін («форма» мағынасында)
кездестіреміз. Бірақ бізге белгісізі – осы сөз парсы тіліне Еу-
ропа тілдерінен кейін енген бе, жоқ, индоевропалық элемент
ретінде әуелден бар ма? Егер бұл сөз парсы тілінде ертеден бар
сөз болса, қазақ тілі кедей, пайда, зор, айна сөздері тәрізді, по-
рым сөзін де ертеректе парсы тілінен алған жоқ па екен?
Пар сөзі де – осы тәрізді ертеде актив қолданылып келе
жатқан русизм. Бұл да эпостық жырларда да, ақындарда
да мол кездеседі. Мағынасы екі түрлі: бірі және көбінесе
ұшырайтыны «тең», «бірдей» деген ұғымда: Табылмас Кіші
жүзде Маманға пар («Айман-Шолпан», 1957. 12). Пар келме-
ген еш әнші тіпті маман (Біржан, 189). Пар сөзі тіпті қазақша
тең деген таза синонимімен қатар келіп, плеонастык тіркес
құрап та қолданылған: Мұнда жоқ сенің тең парың («Қыз
Жібек», 1963. 110). Бұл мысалдардағы пар сөзі орысша пара
сөзінің көнерген «человек, подходящий другому, могущий
составить с ним что-нибудь целое, общее» (устар.)
103
деген
мағынасынан алынған. Екінші мағынасы пар жегу тіркесінде
келіп, «қос ат жегу» дегенді (орысша пара сөзінің «запряжие
в две лошади» деген ұғымы) білдіреді: Парды жетіп жорғаға
(«Қамбар», 1957, 54). Пар сөзінің бұл мағынасы әуелі та-
тар, башқұрт тілдеріне, одан өткен ғасырдың II жартысында
(біздіңше, одан да бұрынырақ) қазақ тіліне енген деген пікір
бар
104
. Пар сөзінің соңғы мағынада жұмсалуы, шынында да,
өткен ғасырдың соңғы жартысында активтенген болуы керек,
өйткені арбаға ат жегу салтының өзі қазақ тұрмысында одан
бұрын көп қолданылмаған. Ал алғашқы мағынасы бұдан көп
бұрын енген болар, өйткені пар келу, тең пары деген тіркестер
құрап, ауыз әдебиеті үлгілерінде жиі қолданылуы жаңадан ен-
ген элементтің сипатына сыйыңқырамайды.
103
Толковый словарь русского языка. Под редакцией Д.Н.Ушакова. - Т. III. - С. 38.
104
Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі. - Алматы, 1966. - 159-б.
(Б.Сүлейменованың пар сөзіне жасаған этимологиясы).
112
Абай да бұл сөзді тең, шақ сөздерінің таза синонимі ретінде
қатар пайдаланған. Салыстыр, Онегиннің хатының бір жерінде:
«Жарамайды бекер алдау, Теңің емес мен сенің (II, 77)», –
десе, екінші бір шумағында: «Сен тоты құс бақта жүрген, Қай
жеріммен пар келем (II, 78)», – дейді. «Ескендір» поэмасында
«тоқтау көрмей өскен жан» менмен патша өзі туралы: «Шақ
келер маған жан жоқ наныңыздар (I, 260)», – дейді.
Халықтың аты ретіндегі орыс сөзі – әрине, барлығынан
бұрын, ең бірінші болып енген русизм. Абай тұсында және
Абайдың өзінде орыс сөзі халықтың атауымен бірге, «патша
үкіметі қойған жоғарғы әкімдер» дегенді де білдірген.
Бұлардың көпшілігінің қазақ әдеби тілінде, яғни көркем
әдебиетінде актив қолданылуын біз Абай тұсында, яғни XIX
ғасырдың II жартысында болған деп табамыз. Болыс, ояз,
сияз, кандидат, шар сөздері – қазақ елін билеудің 1866-1867
жылдардағы жаңа системасына қатысты активтене түскен
атаулар. Сондай-ақ партия – сол ел билеудің жаңа тәртібінің
нәтижесінде етек алған жаңа қарым-қатынастың аты. Бұл сөз
Абай тұсында осы күнгі саяси ұйымның атауы мағынасында
емес, одан тар мәнде қолданылған. Яғни бұл сөз қазақ лексика-
сында алғашқы пайда болған кезінде «бір-бірімен әкімшілікке
таласқан қазақ феодалдарының өзіне жақтастардан жиған
тобы» деген мағынаны білдірген: Өз басын осындай таласпе-
нен кісі көбейтеміз деп партия жинағандар... (II, 160). Барымта
мен партия бәрі мастық жұрт құмар (1, 141). Кейде бұл ұғымды
Абай қазақша топ деген сөзбен де берген. Салыстыр: Партия
жиып,мал сойса (I, 149), Топ жиып ең бір бөлек (I, 147). Пар-
тия атауын Абай жиі қолданған. Жазушы бұл түбірден пар-
тияласу деген етістік те жасаған: Әрберден соң сыртымызға
шықты, жауластық, дауластық, партияластық (II, 159). Бұдан
партиялас болу деген тіркес те жасалады: Қай көп бергенге
партиялас боламын деп...(I, 169).
Шіркеу мен кірес болса, олар да – қазақ жеріне қалалар
орнағаннан кейін, христиан діні үйлері салынғаннан кейін ғана
жиірек қолданылған зат атаулары. Ал Қазақстанда көпшілік
қалалардың орнауы, олардың шіркеуі т.б. көпшілікке арналған
ғимараттар салынатындай дәрежеде ұлғайып, күшеюі, тағы да
113
XIX ғасырдың ІІ жартысына тура келеді. Әрине, бұл сөздер
1850 жылдан әрі қарай қазақ тілінде ешбір қолданылған емес
деген үзілді-кесілді тұжырымнан аулақпыз. Мүмкін, Россия-
мен шектес аудандарда немесе қаласы, шіркеуі ең ерте пайда
болған маңайларда сөйлеу тілінде шіркеу де, кіресте, поп та т.б.
христиан дініне қатысты орыс сөздері түсінікті болған болуы
да мүмкін. Бірақ әңгіме бірді-екілі құбылыс туралы емес, бұл
сөздердің әдеби тілде қолданылуы жайында.
Абай текстерінде қолданылған орыс сөздері екі түрлі ка-
налмен келген. Бірі – Абайдың тұсындағы қазақтың жалпы-
халықтық тілі (ауызекі сөйлеу тілі де, көркем әдеби тілі де),
екіншісі – орыстың өз тілі. Абайдың жалпыхалықтық қол-
даныстан алып пайдаланған сөздерінің көпшілігі әкімшілік,
заң, шаруашылық, сауда салаларына қатыстылар: болыс, кан-
дидат, ояз, сияз, сот, шар, старшын, майыр, шен, партия, бо-
дан, расход, законшік, кір, лапке, барқыт, самауырын, пәтер,
сома, бакалшік, кәтелешке, закон, мәліш (мелочь), аршопке,
барабан, зауыт, мәшине. Бұл сөздердің бірқатары (канди-
дат, партия, кәтелешке, мәліш сауда, аршопке) Абайдан өзге
ақындарда және ауыз әдебиеті үлгілерінде өте сирек кездеседі
немесе тіпті кездеспейді, соған қарамастан, біз бұлардың
барлығын Абай тұсындағы қазақтың жалпыхалықтық ауызекі
сөйлеу тілінің қорына жатқызамыз. Сөйтіп, алдыңғы болыс,
ояздардан бастап, соңғы кәтелешке, мәліш-терге дейінгі
русизмдерді Абай заманында қазақтың жалпыхалықтық тіліне
енген сөздер деп есептейміз. Бұған осы сөздердің бірнеше
белгісі дәлел болады.
Ең алдымен, бұлардың барлығы дерлік – нақтылы зат атау-
лары, ал бұл заттар – сол кездегі қазақтың әлеуметтік және
экономикалық күнделікті өмірінде берік орын тепкен нәр-
селер. Бұл – бір. Екінші белгісі – қазақ тілінің фонетикалық
табиғатына сай ыңғайласқан. Бұл жөнінде қазақ тіл білімінде
көп айтылды, сондықтан қай сөздің қалайша фонетикалық
өзгеріске түскенін көрсетіп жатпадық. Жалғыз-ақ ескеретін
нәрсе – бұлардың кейбіреулерінің біз сөз етіп отырған кезеңде
фонетикалық екі-үш вариантының болғаны. Үшінші белгісі
– бұлардың бірқатары қазақ тілі жұрнақтарын жалғап, жаңа
114
сөздер жасай бастаған. Мысалы, болыс сөзінен -ты аффиксі
арқылы әкімшіліктің осы звеносының жинақтаушы абстракт
атауы пайда болған. Законсыз, соттау, партиялас, партияла-
су, шенді (шекпен), бодандық, сомалау тәрізді туынды сөздер
бұл тұста Абайда да, өзгелерде де қолданылған.
Бірақ кейбіреулерінің (партияласу, законсыз, сомалау)
активтенуі, сірә, Абайдың үлесіне тиетін сияқты. Бұл сөздердің
қазақтың жалпыхалықтық тәжірибесіне сіңгендігінің төртінші
белгісі – кейбіреулері әр алуан тіркестер құрай бастағандығы:
бодам қылу – бодам болу, шар салу, партия жию, шенді шек-
пен – шен-шекпен, би мен болыс, басы сотқа айналу, закон
сұрау, законмен жөн сұрау.
Бесінші және басты белгісі – олардың әдеби тілге еніп,
оның әртүрлі үлгілерінде актив қолданыла бастауы. Жоғарғы
көрсетілген сөздер (олар Абайда барлары) және солар типтес
өзге де көптеген русизмдер XIX ғасырдың II жартысындағы
жеке қаламгерлермен қатар осы тұста хатқа түскен ауыз
әдебиеті үлгілеріндс, оның ішінде эпостық жырларда ба-
тыл және жиі енгізілген. Ең алдымен, ең жиі кездесетін –
М.С.Сильченко айтқандай, «пресловутые» шай мен самаурын.
Бұл сөздер, не екеуінің біреуі айтылмаған жыр жоқ: Ішкендерін
сұрасаң, Шекер менен шай болған («Қамбар», 1957, 8). Мың
түйеге жүк тағы да Қант пенен шайы бар («Қыз Жібек», 1963,
50). Шай, қантпен тоғыз нарға тоқаш артып («Айман-Шол-
пан», 1957, 9) т. б. Сірә, алғашқы кезде бұл екі сөз қосақтала
бір-бірінің мағынасын анықтай қолданылғаны да байқалады.
Мысалы, «Қамбарда»: Шай-самаурын іше кет (1957, 14).
Екінші орында, біздің байқауымызша, пәуеске, трой-
ке, қамыт, доға, шиделке, пар жегу тәрізді әр алуан арбалы
транспорт түріне байланысты сөздер тұрады. Мысалы, «Қыз
Жібек» жырындағы: Көк пәуеске күймесін. Үш қара жорға
атты тройкеге жетіп. Немесе: Пәуескелі күймемен Парлатып
жорға жектіріп т.т. «Қамбардағы»: «Алтыннан қамыт-доғасы,
Шиделкесі күмістен» дегендер – сөз жоқ, өткен ғасырдың
кірмелері.
Россия саудасының қазақ даласында, әсіресе, барлар, бай-
лар ортасында жандануымен байланысты орыс тілі арқылы
115
келген бірлиант, атлас тәрізді асыл бұйым, кіреует, поднос,
тіпті бөтелке тәрізді жеңіл өнеркәсіп продукциясының аттары
эпостық полотнолар тілінен орын алды. Тіпті жанарал, кінәз,
майыр («Қамбар», 1957, 34) терминдері де батырлар жырындағы
мың сан жандардың бірі болып аталып кетеді. Осылардың
көпшілігі, әрине, соңғы кезде, XIX ғасырда енген сөздер бола
тұрса да, бұлардың бірден ауыз әдебиеті үлгілерінде орын
алуы қазақтың жалпыхалықтық тілінің дамуындағы белгілі бір
бағытты көрсетеді. Яғни өткен ғасырлардың өзінде-ақ, әсіресе
Абай тұсында, қазақ лексикасының орыс сөздері арқылы толы-
су тенденциясы берік орын алғаны көрінеді.
Бұл тенденцияны әрі қарай дамытқан Абай мен Ыбырай
екені айтылып келе жатыр. Әрине, әрі қарай дамыту деген
ұғым тек сан жағынан молайту ғана емес. Ал сан жағынан
алғанның өзінде Абайда өзге әдеби үлгілерде кездеспейтін
(демек, негізінен, жалпыхалықтық қолданыста жоқ немесе өте
сирек) бір топ орыс сөздері бар. Олар: адвокат, доктор, губер-
натор, начальник, визит, монастырь, ладан, штык, картечь,
такт, номер, химия, трагедия, единица, ноль, образование,
назначение, посредник, жеребе, прошение, дознание, прямота
(занимайся прямотой), икра, фабрик, электр, миллион, румке,
стакан деген зат есімдер, уезный, военный, здравомыслящий,
уголовный, виноват деген сын есімдер, гуляйттау, пошел, за-
нимайся (прямотой) деген етістіктер.
Бұлардың өздерін бірнеше топқа бөліп талдауға тура
келеді. Өйткені бұлар қолданылу мақсаттары, орыс тіліндегі
морфологиялық сипаты, тексте кездесу жиілігі, стильдік
белгілері жағынан біркелкі емес. Бұлардың ішіндегі адвокат,
жребий (жеребе), визит, монастырь, ладан, штык, картечь,
химия, трагедия, фабрик, электр, миллион, номер деген зат
есімдерді қазақ тіліндегі бар сөздермен беру мүмкіншілігі
жоқ болғандықтан алып пайдаланған. Бұл заттардың барлығы
да – қазақ өмірінде болмаған нәрселер. Мысалы, қазақ білетін
өзінің бұрынғы әдет-ғұрып правосында адвокаттық функция
да, ондай заң адамы да болмаған, сондай-ақ ауру адамды ем-
деп жүрген дәрігердің әрбір келгеніне ақшалай гонорар төлеу
дегенді естіп-біліп көрмеген қазақ қауымында «визит» ұғымы
116
да болған жоқ. Қазақтың өткендегі әскери арсеналында штык
пен картечь қарулары да болмағаны аян. Электр, фабрика де-
гендер де сол кездегі Қазақстан жеріне келмеген нәрселер, ал
завод (зауыт) сөзінің жайы бөлекше; бұл атау – қазақ халқына
өткен ғасырда едәуір таныс болып қалған сөз, өйткені Абай
кезеңінде Қазақстан жерінде ірілі-ұсақты, көбінесе мастер-
ской типті өндіріс орындары жұмыс істеген, олардың көбін
орыс тілінің өзінде завод деп атаған. Миллион санын бұрынғы
қазақ қауымы білмейді, мың және монғолдан келген түмен
(он мың) сөздері – нақтылы ең үлкен санды атайтын сөздер.
Одан әрі қарай «өте көп, есепсіз көп» мағынасында сан сөзі
қолданылады. Демек, осындай қазақ қоғамы үшін бейтаныс,
тың нәрселердің атауларын Абай аудармай немесе бірнеше
сөзбен суреттеп, аналитикалық тәсілге жүгінбей, я болмаса
араб-парсы, татар, шағатай тілдерінен олардың баламасын
іздемей, орысша атауларын – орыс сөздерін пайдаланады.
1812 жылғы Россияның Отан соғысын суреттейтін «Бороди-
ноны» аударғанда, сол кезде орыс армиясы қолданған қару-
жарақ атауларын қазақшалап, сұр жебе, қорамсақ, қозы жа-
уырын оқ деп берудің ешбір қисыны да, дұрыстығы да жоқ
екенін Абай жақсы сезінген, сондықтан штык, картечьтердің
қазақ қауымына өзірше түсініксіз болса да орысша атауларын
енгізген. Христиан дініне қатысты сөздерді де мүмкіндігіншс
аудармай беру мақсатымен монастырь, ладан, крест, шіркеу
дегендерді алады.
Ноль, единица деген цифр атауларын қазақшаламағаны
дұрыс, өйткені екеуі де – цифрлық өлшем ретінде қазақта бол-
маған ұғымдар. Единица сөзіне Абайдың соңғы басылула-
рында «жалғыз, дара» деген түсінік беріліпті. Дәл емес. Бұл
жердегі единица – «жалғыз, дара» деген сандық ұғымның емес,
сол санның графикалық таңбасының атауы, яғни цифр аты бо-
лып тұр (егер«жалғыз, дара» деген ұғымдар керек болса, ақын
қазақша осы сөздердің өзін-ақ қолдана салмай ма?). Ноль да со-
лай. Қазірде ноль сөзін қабылдап, единица деген цифр – «атын
кейде бір деп, кейде бірлік цифр деп алып жүрміз, өйткені
цифр деген түсіндіруші компоненті таныс. Ал цифр сөзі тілде
әлі жоқ, бірлік сөзінің «ортақтық, ынтымақтық» ұғымы басым
117
кезде, Абай единица сөзін бір деп те, бірлік деп те, бірлік цифр
деп те ала алмағаны түсінікті.
Трагедия тәрізді әдебиет терминін де аудармай тілге
енгізеді де, жазушы оның мәнін түсіндіріп бсруді мойнына
алады: ...Софоклгс трагедиясы себепті, яғни біреудің сипаты-
на түспектік... (II, 181).
Ал бір топ русизмдердің Абай тіліне ену мотиві бұл
көрсетілгеннен басқаша. Олар – қазақша баламасы бола тұрса
да, орысша қолданылған образование, назначение, дознание,
посредник, прошение деген туынды зат есімдер. Бұлар – орыс-
ша оқу-білім және орыс империясы енгізген сот-әкімшілік
системасына тікелей қатысты сөздер. Абай бұл ұғымдардың
орысша «иісін» сақтау үшін әдейі қолданған. Яғни «оқу-білім»
ұғымы қазақша сөзбен берілгенде, көбінесе мұсылманша оқу,
білімді ислам дінінің негізінде алу, тіпті демократтанғанда
«құлшылық қыларлық, түркі танырлық оқу» деген ассоциация
беретінін білген Абай прозалық шығармаларында орыс тілінде
сауаттанып, орысша азаматтық білім алуды бір жерлерінде
орыстың ғылымы, орысша оқу десе, енді бір жерде тура орыс-
ша образование деп алады. Бұл – орыс мектебінде, орыс тілінде
және азаматтық мазмұндағы оқу екенін айырып, ашып көрсету
мақсатымен алынған русизм.
Қазақ қоғамы военный губернатор мен уездной началь-
никтің өздерін білгенмен, о бастан екеуін де өздерінше атап
қалыптастырған болатын: алғашқысы генерал (~ жанарал
~ жандарал), екіншісі ояз деп аталды. Абай жаңаша ел би-
леу мен заң-сот істерінің ыңғайсыз, сәтсіз жақтарынкөрсетіп,
қалайша жақсартуға болатыны жайындағы өз пікірін білдірген
3-сөзінде бұл саладағы әкімшілік инстанцияларын, заң-сот
істерінің жеке актілерін өзгелермен шатастырмай, тура білдіру
үшін қалыптасқан қазақшасын емес, военный губернатор,
уездной начальник, дознание, посредник деп орысша атауларын
әдейі алады. Тіпті бұл жерде әкімшілік орындары мен адам-
дарын мүлде дәл беру мақсатының күштілігі сонша, оларды
білдіретін сөздерді жеке емес, тіпті анықтауыш тіркесімен (во-
енный губернатор, уездной начальник) алады.
118
Абайда өте жиі қолданылған қазақша неологизмдердің бірі
– арыз сөзі. Ол – жоғарғы әкімшілік орындарға, орыс сотына
жазбаша түрде айтылған шағымды білдіретін жаңа мағынаға
ие болған сөз. Бұл сөз осы мағынада жалпыхалықтық тілде
қалыптасқан. Бұларды сол кездегі орыс тілінде прошение деп
атаған. Абай арыз сөзін актив пайдалана отырып, «Интернатта
оқып жүр» деген өлеңінде дәл осы ұғымды прошение сөзімен
білдіреді. Мұнысы осы русизм арқылы, біріншіден, жазыла-
тын арызының орыс тілінде болатындығын білдіргісі келсе,
екіншіден, мұның қазақ даласындағы орыс патшасының сот-
әкімшілік орындарына берілетін арыз екендігін баса көрсету
мақсаты болып шығады.
Абай қолданған назначение, образование, прошение, посред-
ник, счет тәрізді орыс сөздерінің кейіннен тілде тұрақтамай,
тек Абай текстерінде сақталған себебі, біздіңше, мыналарда.
Прошение, счет сөздері Абайдың «Интернатта оқып жүр» де-
ген шығармасында ғана кездеседі. Бұл өлеңде тек осы екі сөз
емес, интернат, судья, адвокат сияқты қазақ тіліне Абайдан
бұрын енді-енді ене бастаған орыс сөздері де, здравомысля-
щий, военный, көренной, оязной деген орысша тұлғадағы сын
есімдер де, тіпті занимайся прямотой тәрізді сөйлем-фраза да
шоғырланған.
Арнайы зерттеулерге қарағанда, бұл өлең – орыс тілін
білетін, сол интернатта оқып жүрген шәкірттерге бағышталған
және Салтыков-Щедриннің сатиралық формуласының тікелей
әсері тиген шығарма
105
. Демек, бұлардың барлығы да –
стилистік неологизмдер, яғни стильдік мақсатпен (яғни белгілі
бір оқушыларға арнап) келтірілген «бір қолданар» кірме
сөздер.
Бұлар тәрізді сол кездегі не жалпыхалықтық сөйлеу тілінде,
не жазба әдеби тілде қолданылмай, жазушының контекске
қарай әдейі пайдаланған жаңа сөздерін (мейлі ол тілге қай
тәсілмен енгізілсе де) тіл білімінде «окказионалдық неоло-
гизмдер» деп те жүр. Абай тілінің бір ерекшелігі стилистік
немесе окказионалдық кірме сөздер мен фразалардың едәуір
105
Перелыгин Л.М. Об истоках стихотворения Абая «Обучаются в интернате» //
Ученые записки Семипалатинского пединститута им. Н.К.Крупской. - 1957. - Вып.
2. С. 150-151.
119
екендігінде. Бұған тек орыс тілі емес, шығыс (араб-парсы)
тілдері элементтері де жатады. Абайдың әсіресе прозалық
шығармаларында, олардың ішінде де тілі, стилі, адресаты
жағынан оқшауланып шығатын кейбір «Қара сөздерінде» сол
контексте ғана келтірілген, белгілі бір мақсатпен алынған «бір
қолданар» араб-парсы сөздері де көп.
Здравомыслящий болу, занимайся прямотой, счеты дұрыс
келу, виноват деген русизмдердің қолданылу мотиві үшінші
түрлі. Мұнда қазақша баламасының жоқтығынан туған мұқ-
таждықта емес, жоғарыдағыдай, дәл атау да емес, біздіңше,
орыс тілін білетін орысша оқып жүрген қазақ жастарының
өздеріне түсінікті тілде сөйлеу мақсаты көзделген.
Шығармасын иман деген не екені туралы жөнді білмейтін
молда-ишандарға бағыштаса немесе «адам ұғлының мінездері»
туралы шығыс философиясын, теологиясын білетін, түсінетін
«жүрегінің қуаты, перзентлеріне» арнаса, соларға танық стиль-
де, араб-парсы сөздерін, сөйлемдерін келтіріп, кітапшалап
жазғаны тәрізді, «интернатта орысша оқып жүрген талай қазақ
баласына» да орысшалап қою, орыстың жеке зат атаулары
түгіл, виноват, занимайся прямотой, здравомыслящий деп
етістік, сын есімдерін қазақ сөйлеміне қиюластырып келтіру
– Абайдың жазушылық мәнеріне тән тәсілдердің бірі деп та-
бамыз.
Пошел [дереу күнәкар] мен [көгалды қуып] гуляйттап
деген русизмдердің сатиралық бояу үшін қолданылғанын
бізден бұрынғы зертттеушілер дұрыс көрсетіп өткен бола-
тын
106
. Тегі, бұл екі сөз және білетке деген өте тұрпайы ру-
сизм (Б... байы – ақша Ер жақсысын таңдамас – I, 145) – Абай
тұсындағы қазақтың сөйлеу тілінде қолданылған элементтер
болар. Өйткені аралас-құралас отырған екі халықтың бір-
бірінен күнделікті тұрмыста ауызекі түрде сөз ауысуда, ең ал-
дымен, қарапайым атаулар мен тұрпайы сөздер енетін фактісі
байқалады. Әрине, мұндай тұрпайы сөздерді қолдануын мақтай
алмасақ та, олардың Абай текстерінде келуі салақтықтан,
жауапсыздықтан немесе сөз таба алмаған дәрменсіздіктен
106
Сүлейменова Б. Аталған мақала. - 61-б. Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті
тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі. - Алматы, 1960. - 179-б.
120
емес, белгілі бір мотивпен пайдаланғандығы байқалады. Проф.
Құдайберген Жұбанов ең бірінші болып, бұдан 30 жыл бұрын
дәл көрсеткендей, «суретті ойдағыдай күшейтіп жіберетін бол-
са, Абай [сөздің] ондай-мұндай ерсілігіне, әдепке шеттігіне де
қарамайды»
107
. Сөйтіп, пошел, гуляйттау, білетке сөздері –
образ үшін қолданылған стильдік русизмдер.
Абай текстеріндегі орысша сын есімдср (көбі толық, біреуі
қысқа –виноват) туралы Б.Сүлейменова аталған мақаласында
тұңғыш рет тоқталып, арнайы сөз етеді. Зерттеуші көптеген
фактілер келтіріп, орысша тұлғаланған сын есімдердің
қолданылуын «Абай тұсындағы қазақ жазба әдеби тілінің нор-
масы» деп табады. Әрине, қазіргі нормамызбен өлшегенде,
орыс сын есімдері (яғни морфологиялық тұлғасы орысша)
көзге шыққан сүйелдей болып көрініп, Абайдың әдемі қазақша
тілін «шұбарлап» кететін «дақтардай» сезіледі. Бірақ мұндай
«дақтар» – жазба әдеби тілдің даму барысында болуға тиісті,
орынды, заңды «бейнормалар». Көптеген тәсіл-принциптер
енді құрыла бастаған ұлттық жазба әдеби тіл көптеген салалар-
дан іздену процесін басынан кешіреді. Бұл іздену өз ресурста-
рын реттеп пайдалануда да, өзге тілдермен қарым-қатынасында
да жүріп жатады. Орыс тілі элементтері молынан және прин-
ципиалды түрде ене бастаған қазақ жазба әдеби тілі XIX ғасыр-
дың II жартысында бірден қазіргі норма-дәстүрге ие бола
алмағаны түсінікті. Орыс тіліндегі сын есімдерді берудің
қазіргі нормасы талай баспалдақтан өтіп келгенін көреміз:
орысша тұлғасы да қолданылды (өткен ғасырда және XX
ғасырдың 20-жылдарына дейін), нөлдік морфема (яғни түбірдің
өзі) тәсілі де ұсынылды (30-жылдарда: абсолют шама, популяр
кітап, буржуаз идеология), қазақ тілі жұрнақтарын жалғаудың
неше түрлі варианттарын (социалды Қазақстан, буржуази-
яшыл идеология)
108
басынан өткізді. Бұл баспалдақтың көбі
тіліміздің совет дәуіріндегі дамуына жатады. Сөйтіп, қашан да
орыс тілі сын есімдерін қазақша дұрыс беру оңайға түспеген.
107
Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. - Алматы, 1966. - 301-б.
108
Қараңыз: Принципы терминологии казахского литературного языка, при-
меняемые Государственной терминологической комиссией // Жұбанов Қ. Аталған
кітап. - 284-б.
121
Және бұл факт – жалғыз қазақ тілі емес, өзге тілдердің де даму
тарихында болып өткен оқиға.
Қазақ тілінде орыс тіліндегі сын есімдік тұлғасын сақтап
пайдаланған сөздер екі топқа бөлінеді: бірі – орысша тұтас
штамптар құрамында, екіншісі – қазақ сөзіне анықтауыш болып
жеке қолданылғандары. Абайда да осындай. Военный губерна-
тор, уездной начальник, Енисейская губерния, Минусинский
уезд дегендердсгі сын есімдер штамптардың компоненттері
ретінде келген. Бұларды, әрине, араб әрпімен жазғанда, әрі
родтық, числолық белгілерін сақтауды көздемегендіктен, ор-
фограммасы дәл орысшасындай болып шықпағаны белгілі:
Енисейски губірне, оязной начальник т.б. Абайда тек осылар
ғана болса, мұны біз сын есімдерді беру тәсілінің бірі деп
таппаған болар едік (мұндай штамптар қазіргі тілімізде де
бар: «Красный Октябрь» колхозы дегендер немесе СССР,
ТАСС, КПСС дегендер – орыс тілінің штамптары). Бірақ Абай,
өз тұсындағы газеттер және өзге де авторлар тәрізді, орыс-
ша сын есімдерді қазақ сөздерімен тіркестіріп те қолданады:
самородный сары алтын, уголовный іс, военный қызмет.
Әрине, бұлар – сан жағынан көп емес, бірақ әйтеуір бар тәсіл.
Абай бұл тәсілге өте сақтықпен қарайды да негізгі, бірден-
бір әдіс ретінде ұсынбайды. Әсіресе, орысшадан аударған
шығармаларының тілінде бұл оңай тәсілге мүлде бармайды.
Мысалы, Лермонтовтың «Не верь себе, мечтатель молодой»
деген өлеңіндегі:
Поверь: для них смешон твой плач и твой укор,
С своим напевом заученным,
Как разрумяненный трагический актер,
Махающий мечом картонным (Лермонтов, Т. 37), –
деген шумақты:
Күлкі бол май, қой, жаным,
Сен бүйтесің, ол қайтті?
Олар көрген арманын
Кімге шақты, кімге айтты? (II, 95), –
деп жалпы ойды аударады. Көп сәтте оригиналды нақпа-нақ
беріп отыратын Абай бұл жерде трагический актер, картон-
ный меч дегендерді мүлде тастап кетеді. Әрине, оның жалғыз
122
себебі трагический, картонный деген сын есімдерді бергісі
келмегендігінен емес, дегенмен бұл жолдарды дәлме-дәл ау-
дарып, трагический ойыншы, картонный қылыш деп берсе,
біз бәрібір жазғыра алмаған болар едік. Өйткені самородный
алтын, военный қызмет, здравомыслящий адам дегендерден
бұлардың не артық-кемдігі бар? Бірақ Абай бұған бармаған.
Жалпы, Абайдағы русизмдер аудармаларында мүлде аз
да, керісінше, төл шығармаларында мол кездеседі. Сырт
қарағанда, бұл факт парадокс болып көрінсе де, ол – автордың
кірме сөздерді пайдалану мақсаттары мен принциптерінен
туған заңды құбылыс.
Абай шығармаларында кездесетін орыс тілі элементтерінің
соңғы тобы – штамп қыстырмалар. Арабша тұтас тіркестер
мен сөйлемдерді қолданғаны сияқты. Абай прозасының
тілінде орысша атауларды тіркес күйінде келтіреді. Олар:
43-сөзіндегі подвижный элемент, сила притягательная
однородного және впечатлительность сердца (ІІ, 217) де-
гендер. Мұндай абстрактік ұғым аттарын орысша штамп
түрінде алып, әрі қарай сөздердің емес, ұғымның мәнісін
қазақшалап түсіндіреді. Бұл да – қазақ әдеби тілінде бұрын-
соңды болмаған жаңа тәсіл. Философиялық ұғымдардың ата-
луын осы жерде (43-сөзде) орысша беруі – осы шығармасын
жазу үстінде пайдаланған (оқыған) әдебиетінің орыс тілінде
екендігін танытады. Және бұл жерде автор осы атауларды
(терминдерді) қазақшалауға ұмтылмайды, өйткені көздеген
мақсаты – ол ұғымдардың атын емес, затын білдіру. Әрине,
бұларды өзінше дәл, дұрыс қазақшалап берген болса, нұр
үстіне нұр болған болар еді, бірақ оған, біздіңше, екі нәрсе
кедергі жасаған. Бірі – қазақшалаудың қиындығы, яғни
философиялық, ғылыми терминдердің ол кезде жоқтығы және
оларды жасау тәжірибесінің әлі де әлсіз, дамымаған күйде
екендігі, екінші – авторда осы ұғымдарды бұзбай, бұрмаламай,
шатастырмай дәл атау ниетінің болуы. Қазірде мұндай ниетпен
өзге тілдік материалдарды пайдалансақ не қазақша атауын, не
сол өзге тілдік дублетін – екеуінің біреуін жақша ішіне алып
көрсетіп қояр едік. Абайда, әрине, бұл тәсіл жоқ. Бірер жерде
ғана жақша ішіне алмаса да (мүмкін, алып та жазуға болатын
123
шығар, өйткені Абай текстеріндегі барлық тыныс белгілерін
қойған өзіміз ғой), орыс сөзінің қазақша дублетін атап береді.
Мысалы: Оған дознание – тергеу шығарады (II, 160). Мүмкін
бұлар-ұят, ғиззат-құрмет тәрізді бірін-бірі түсіндіретін қос
сөз ретінде де келтірілгені болар, онда араларына сызықша
емес, дефис қойып жазу керек болар еді. Бірақ бұл амалды
Абай сирек қолданған.
Шет сөздерді енгізуде бұрыннан тілдің қолданып келген
тәсілдерінің бірі мағыналас сөздерді қосарлауды (бейтаныс
сөз+таныс сөз) Абай орыс сөздеріне келгенде пайдаланбайды.
Бұл – жалғыз Абай емес, жалпыхалықтық тілге де тән. Мұның
себептері мен заңдылықтарын ашу – қазақ лексикологтарының
алдағы міндеттерінің бірі. Біз әзірге фактінің өзін ғана конста-
тациялаймыз. Дегенмен Абай стилінің бір ерекшелігі жаңадан
өзі кіргізіп отырған орыс сөздерін реті келген жерде контекске
қарай түсіндіріп отыруды көздейді. Мысалы, ол кездегі қазақ
қауымы шіркеуді білсе де, монастырьдың не екенін білмейтін,
сондықтан және оригиналдағы сөйлем бойынша: «Ол мона-
стырь – сопылар тұрар жері (II, 150)», – деп бергенде, қазақ
оқушысына монастырь сөзінің мағынасы түсінікті болып
шығады. Сондай-ақ: Ладан деген иісті май тұтатып (II, 150),
Штык, қылыш қайрасып (II, 70).
Дегенмен орыс сөздерін қолдануда Абайдың алдында екі
қайшылық көлденең тартылған: бірі – орыстың ғылымын
үйрен, бар малыңды жұмсасаң да, балаңды орысша оқыт деп
кеткен Абай қазақ тілінде алатын орыс сөздерінің перспек-
тивалық орнын, рөлін жақсы түсініп, кей ретте оларды дәлме-
дәл баламасы жоқ жерде аудармай, суреттеме тәсілге жүгірмей
немесе құлаққа таныс шығыс тілдері қорынан балама іздемей,
орысша беру тенденциясын ұстаған, екінші – қазақтың
қалың бұқарасының әлі де орыс мәдениеті мен оқуын жете
білмейтіндігінен, олар көптеген орыс сөздерін түсінбейді-ау
деген қаупі пен қамқорлығы болған. Бұл дилемма – Абай мой-
нына түскен жүк. Біріншісі – Абай текстеріне біздің есебіміз
бойынша 90-ға жуық орысша лексикалық единицаны (жалқы
есімдерді қоспағанда) пайдалануға мүмкіндік берсе, екінші
қайшылық – әлі де көп ретте ат басын тежеп, орайы келгенде
«қазақшалап» жіберуге мәжбүр еткен.
124
Жоғарыда айттық, Абайдың орыс тілінен аударған шығар-
маларында русизмдер сан жағынан көп емес. Оның бір себебі
– ұлы ақынның орыс қаламгерлері шығармаларының ішкі
мазмұнын жақсы түсініп, оны қазақша беруде қазақтың өзінің
мол сөз байлығын орынды пайдалана білгені болса, екінші себебі
– бірқатар реттерде қазақ ұғымында жоқ зат-құбылыстардың
аттарын аударып бергендігінде. Мысалы, орыс тіліндегі черт,
демон, дьявол дегендердің бәрін шайтан деп алады: Мұңлы
шайтан – Құдайдың қуған жаны (ІІ, 118) – Печальный де-
мон, дух изгнанья (Лермонтов, II, 136). Шайтанның суретіне
есіктегі бірқатар көзін салып қарап тұрды (II, 151) – ... Рассма-
тривал дьявола, изображенного на святых воротах (Лермон-
тов, IV, 184). «Демонның мұсылманшылық ұғымындағы орайы
әзәзіл сөзі бола тұрса да, оның жаманаттылығын күшейту үшін
шайтан деп алған»
109
. Ал қазірде бізде бұл сөзді аудармай де-
мон деп жүрміз. Абай өстіп не мұсылман діні ұғымы бойынша
әзәзіл деп дол аудармасын алмаған немесе қазіргі біздерше де-
мон деп грекше- орысшасын алмаған.
«Вадим» поэмасында орыстың монах дегенін де сопы деп
береді: Сопылар, қызметкерлер басылған жоқ (II, 150) – Мо-
нахи и служки ходили взад и вперед... (Лермонтов, IV, 183).
Лермонтовтың: «Душа моя мрачна. Скорей, певец, скорей! Вот
арфа золотая (Лермонтов, I, 11)» деген жолдарын бір сөзінен
өзгесін соншама дәл: «Көңілім менің қараңғы, бол, бол, ақын!
Алтынды домбыраңмен келші жақын (II, 92)» деп аударады.
Мұндағы аударманың түпнұсқаға жақындығы сондай, тіпті
сөйлемнің синтаксистік құрылысы да сақталған. Мысалы, ара-
ларына қаратпа сөз (певец) салып, екі рет қайталаған скорей
сөзі бол, бол, ақын түрінде Бұлжытпай беріледі. Душа (моя)
мрачна дегенді дәл беру үшін көңілім (менің) қараңғы деген
қазақ құлағына тосаң тіркес жасалады. Ал бірақ осындай дәлдік
бере отыра, Абай арфа сөзін алмайды. Ол инструментті қазақ
білмейді. Сөйтіп, оны домбыра деп аударуға мәжбүр болады.
Осы тәрізді полукафтанье де бешпент болып (II, 152) кетеді.
«Бородинодағы» квартир, командир, мундир сөздерін алмай-
109
Әуезов М. Әр жылдар ойлары. - Алматы, 1959. - 164-б.
125
ды, алдыңғы екеуі мүлдем қалдырылып кетеді де, мундир сөзін
киім деп береді: Жыртпасаң жаудың киімін, Біз нетеміз штыкті
(II, 70) – Чужие изорвать мундиры о русские штыки (Лермон-
тов, I, 14). Демек, осы күні әдеби тілімізге енген бұл тәрізді
сөздерді Абайдың ала алмауының басты себебі – олардың қалың
көпшілікке түсініксіз болу қаупі. Мұхтар Әуезовтің сөзімен
айтсақ, «өз тұсындағы оқушыларының шама-шарқымен, дін
санасы, ұғым-нанымдарымен есептескені»
110
.
Сөйтіп, орыс тілі элементтерін пайдалануға келгенде,
Абай осындай дилеммаға тап болып, көбінесе саналы түрде
бұл қайшылықты шешудің амалын іздегені байқалады.
Жоғарыдағы демон, арфа, монах, мундир т.б. сөздерді тілі-
не енгізбегенде, ең алдымен, бұлардың сол контекстегі
мағыналары оларды өзге (қазақша) сөзбен немесе тіпті су-
реттеме жолмен бергенде, айтылмақ ойды бұрмалап, өзгертіп
жіберетіндей қауіп жоқтығын пайдаланады, екіншіден, се-
мантикасы жағынан ең жақын түсетін қазақша (не тілге енген
араб-парсыша) адекваттарының барын пайдаланады. Мысалы,
христиан дініндегі монахтардың діни қызметтегі орны, өмір-
тіршіліктерінің сыр-сипаты мұсылман дініндегі сопыларға
жуық келетінін пайдаланады. Немесе алдыңғы тармақтағы
певец сөзін ақын деп алғаннан кейін қазақ ақындарының
көбінесе қолында болатын сүйемел серігі – домбыра сөзінің
семантикасы музыкалық бейтаныс аспап арфаны білдіруге
қолданылады.
Қорыта келгенде, бір жағынан, заман ағымына, қоғам
өміріне орай қазақ тілі тағдыры енді орыс тілімен астарласа,
жанаса дамуының қажеттігін сезіну, білу, оны жүзеге асыру,
екінші жағынан, сол кездегі қазақтың қалың бұқарасының
білім-ұғым дәрежесімен санасу – жазба әдеби тіліміздің ХІХ
ғасырдың ІI жартысында дамуының совет дәуіріндегіден ажы-
ратылатын айырма белгілерінің бірі.
* * *
Тіл білімінде кірме элементтерді структуралық пішіні
жағынан үш түрге болу бар: 1) шет тілдің сөзін де (форма-
110
Сонда.
126
сын), мағынасын да алу: 2) өзінде бар мағынаны шет тілдің
сөзімен беру; 3) шет тілдік мағынаны өз (ана) тілінің сөзімен
беру (яғни калькалау – калькирование)
111
. Бұл классификация
бойынша, Абай тілінде кірме сөздердің алдыңғы екі түрі бар
екенін жоғарыдағы талдаудан көреміз. Ал үшінші түрі – шет
тілдік мағынаның калька жолымен қазақшаланып берілуіне
біраз тоқталуға болады.
Өткен ғасырда жалпыхалықтық тілде де, жазба әдеби
тілде де орыс тілінен калька жолымен жеке сөз жасау процесі
жоққа тән. Қараңғы үй (темница) тәрізді некен-саяқ сөздер
болмаса, калькаланған жеке лексикалық единицалар әлі
жоқ. Абайда да солай. Оның орнына Абайда калька арқылы
жасалған грамматикалық тіркестер өте-мөте көзге түседі.
Мысалы, орысша светило надежды дегеннен үміттің нұры,
стих унылый – жабырқаңкы жазған сөз, рассудок холод-
ный – суық ақыл, предписать законы – бұйрық жазу, шеве-
лить ум – ойды қозғау, мрачная душа – қараңғы көңіл т.б.
Бұлардың бәрі – аударма өлеңдеріндегі калька тіркестер. Бұл
тәсілдің Абайда активтенгені сонша – осылардың моделімен
төл шығармалары тілінде семантикалық жаңа тіркестер жа-
сайды, яғни талаптың тұлпары, үрпиген жүрек, қулық сауу
тәрізді мағыналары жағынан тіркесуге тиісті емес единица-
ларды тіркестіреді
112
.
Бұл калька-тіркестер кейін өріс алған лексикалық
калькалардың (темір жол, алғы сөз, бес жылдық т.т.) жол
ашарлары іспетті. Және оны бастаған Абай деп батыл көрсете
аламыз.
* * *
Сөйтіп, Абай лексикасында русизмдердің қолданылуы
– қазақ жазба әдеби тілінің даму жолындағы «азаматтық па-
спорт» алған тенденциялардың бірі. Бұл тенденция Абай-
дан бұрын жалпыхалықтық тілдің өзінде басталған болатын.
Оны Абайға дейінгі қалам иелері де жатсынбай қабылдап,
111
Крысин П.П. К определению терминов «заимствование» и заимствованное
слово» // Развитие лексики современного русского языка. - М., 1965. - С.105.
112
Мұндай тіркестердің Абай тілінде активтенуінде тек орыс тілі ғана емес, Абайға
дейінгі қазақ әдеби тиінің де үлесі бар екенін айтамыз (50-бетті қараңыз).
127
шығармаларында орыс элементтеріне орын бергені көрінеді.
XIX ғасырда, көбінесе II жартысында хатқа түскен ауыз
әдебиеті үлгілерінде де орыс сөздерінің едәуір кездесуі осыны
танытады.
Бірақ XIX ғасырдағы қазақ ақындары мен Абайдың (және
оның шәкірттері мен Ыбырайдың) орыс сөздерін тілдеріне
енгізіп пайдалануында принципиалды бір айырмашылық бар.
Өте аз болса да, шығармаларында русизмдер кездесетін Дулат,
Шортанбайлардан бастап, Абаймен тұстас Шөже, Сүйінбай,
Біржан, Ақан, Майлықожа, Әсет т.б. ақындар орыс сөздерін
қазақтың жалпыхалықтық сөйлеу тілінен алып пайдалан-
ды. Сондықтан бұларда көбінесе тек халық тіліне сіңген эле-
менттер ғана кездеседі (Ақан сері сияқты ақындардағы халық
тіліне кірмеген фамильный шай, серебро, поклон, именной,
секретный, хорошенько, сватья, скажи тәрізді варваризм-
русизмдердің жөні де, сипаты да, қолданылу мақсаты да мүлде
басқаша). Ал Абай мен Ыбырай русизмдерді халықтық қордан
да, тікелей орыстың өз тілінен де алып енгізген. Демек, Ыбы-
рай, Абай және тұңғыш баспасөз органдарынан бастап орыс
тілінен сөз алудың жаңа арнасы (каналы) салынады. Және
Абайда бұл каналдың өз ішінен кейбір принцип-тәсілдері
белгіленеді. Олар, біздіңше, мыналар:
1. Орыс сөздерін өз тұсындағы қазақ қоғамының саяси,
әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріне енген жаңа
құбылыстарды, заттарды, ұғымдарды бұрынғылармен шата-
стырмай, айырып атау мақсатымен пайдалану. Мысалы, Рос-
сия империясының правосын қалған екі праводан (қазақтың
әдет-ғұрып заңы мен мұсылманның шариғатынан) ажыратып
атау үшін Абай саналы түрде қолданған закон, сот, судья, ад-
вокат, дознание, посредник, кәтелешке сөздері.
2. Әзірге қазақ қауымына бейтаныс болса да, аударуға
немесе суреттеп түсіндіругс болмайтын ұғым, зат, құбылыс
атауларын орысша алу принципі. Мысалы: электр, фабрик,
миллион, единица, ноль, номер, штык, картечь, подвижный
элемент, впечатлительность сердца т.б.
3. Орыс сөздерін образ жасау, мысқылдау, адресанттарға
бағыштау т.б. тәрізді стильдік мақсатта пайдалану. Мысалы:
128
гуляйттау, пошел дереу, расход, здравомыслящий, занимайся
прямотой т.б. сөздерінің қолданысы.
4. Орыс тілінің сапалық әсерін қабылдау. Мысалы, сөздердің
тіркесу қабілетін кеңейту (ой көзі, қараңғы көңіл) мен бірен-
саран семантикалық калькалар т.б.
Міне, Абай тілінде орыс тілінің алған орны, атқарған рөлі,
тигізген әсері, біздіңше, осындай.
Достарыңызбен бөлісу: |