Ббк 81. 2 С 94 Қазақстан Республикасы



Pdf көрінісі
бет3/27
Дата10.01.2017
өлшемі1,9 Mb.
#1599
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

Абай және «кітаби тіл»
Кейбір ғалымдар (І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев) Абай, Ыбырай-
ды «қазақтың жаңа жазба әдеби тілінің негізін салушылар» де-
ген тұжырымды ұсынғанда, жаңа сын есімін қолдануларынан 
«бұған  дейін  де  қазақтың  жазба  әдеби  тілі  болды»  деген-
ге  меңзейтіні  көрінеді.  Абай  мен  Ыбырай  тілдерінен  өзге 
қазақтың  ескі  жазба  әдеби  тілі  деп  бірқатар  тіл  мамандары 
«өткен ғасырларда қазақтардың мәдени өмірінде қолданылған 
кітаби тіл» дегенді атайды
28
. «Кітаби тіл» деген терминнің де 
ұғымы қазақ филологиясында күні бүгінге дейін анық-айқын 
мәнге  ие  болмай  келеді.  Біреулер  құбыжық,  жағымсыз,  енді 
біреулер  жағымды  мағыналық  реңктермен  қолдануларының 
үстіне,  бұл  атаудың  («кітаби  тіл»)  қазақ  филологиясындағы 
ұғымы мен жалпы лингвистикадағы орысша «книжный язык» 
дегеннің аудармасы ретіндегі ұғымы мүлде бір-бірінен бөлек 
екенін көрсетеміз.
28
 Мусабаев Г. Современный казахский язык. - Алма-Ата, 1959. - С. 107. 

31
Жалпы  тіл  білімінде  кітаби  сөз,  кітаби  лексика,  кітаби 
конструкция деп ойды дәл, анық беру үшін жазба әдебиетте 
қалыптасқан  элементтерді  атайды
29
.  Демек,  бұл  анықтамаға 
қарасақ, осы күнгі жазба тілімізде қолданылатын көрініс тап-
ты, екпінді қарқын, жұмыс алға басты, шетелдік қонақтарды 
жылы қабылдадық тәрізді публицистикалық стильге тән, яғни 
газет-журналдар бетінде ғана табылатын сөздер мен тіркестерді 
«кітаби тіл элементтері», яғни «кітаби лексика», «кітаби фра-
залар» деп әбден атауымызға болар еді. Бірақ қазір бізде, қазақ 
лингвистикасында, бұл терминді осы күнгі (Абайдан бертінгі) 
әдеби  тілімізге  қатысты  еркін  қолдана  алмайтын  жайымыз 
бар. Ол – шатастырып алмау қаупіміз. Өйткені кітаби деген 
атрибут  XIX  ғасырдың  соңғы  ширегінен  бастап  қазақ  фило-
логиясында  жоғарыда  көрсетілген  өзіне  тән  жалпы  ұғымнан 
басқа  категорияны  білдіретін  мағынада  қалыптасып  кетті. 
Осы атауды ең алғашқы қолданған Радлов, Васильев сияқты 
орыс  ғалымдарының,  орысша  айтқанда,  «аяқ-қолы  жеңіл  бо-
лып»,  бұл  терминмен  бізде  тек  қана  шағатай  (ортаазиялық 
түркі әдеби тілі) тілін немесе өзге түркі тілдері (мысалы, та-
тар  т.б.)  элементтері  бар  үлгілер  тілін  атайтын  болып  кетті. 
Алғашқы кезде орыс ориенталистері бұл сөзбен XIX ғасырда 
пайда болған: жаңа діни қисса-жырлардың тілін атаған. Мыса-
лы, В.В.Радлов: «Произведения киргизской
30
 литературы сами 
киргизы разделяют на два отдела, народные изречения (қара 
сөз) и книжные песни (кітап өлең)... Книжные песни получа-
ют свои названия от того, что певец... читает их по писаной 
книге. Сочинители таких книжных песен – муллы, киргизские 
грамотеи»
31
, – деп жазады. Кейіннен, біздің кезімізде «кітаби 
29
  О.  С.  Ахманованың  сөздігінде  бұған  мынадай  түсініктеме  берілген: 
«Книжный–  характерный  для  литературной  письменной  речи  (свойственный 
письменной  литературной  речи)  и  отличающийся  большим  педантизмом  и 
обстоятельностью  вследствие  необходимости  обеспечитьточность  выражения 
без обращения к контексту ситуации». (Словарь лингвистических терминов. - М., 
1966. - С. 198).
30
 Өткен ғасырдағы қазақ халқы, әдебиеті, тілі туралы жазылған әдебиеттерде 
қырғыз сөзінің қазақ дегеннің орнына қолданылғандығы көпшілікке аян болған- 
дықган, әрдайым ескертіп отырмадық.
31
 Радлов В. В. Образцы  народной  литературы  тюркских  племен,  живущих  в 
Южной Сибири и Джунгарской степи. Киргизское наречие. - Ч.І. - СПб., 1870. - С. 
XVIII.

32
тіл» деген атауды бірнеше ұғымда қолдандық. А.Н.Самойлович 
ұсынған  термин  бойынша  «ислам  дәуіріндегі  ортаазиялық 
ортақ  әдеби  түркі  тілі»
32
,  Еуропа  ғалымдарынша,  «шағатай 
тілі» деген таза әдеби тілді әңгімелегенде де кейде «кітаби тіл» 
терминін пайдаланамыз. Сонымен қатар осы тілдің бір стилі 
ретінде  ертеден  Орта  Азия  түркі  халықтарында  қалыптасқан 
эпистолярлық-ресми  әдебиеттің  тілін  де  «кітаби  тіл»  деп 
атаймыз.  Және  таза  шағатай  тілінде  емес,  сол  тіл  мен  татар, 
қазақ  тілдерінің  элементтерін  араластырып  жазған,  «қазақ 
тілінде» деп ұсынылған әр алуан жанрдағы нұсқалардың, яғни 
діни  қисса-дастандар,  ислам  канондарының  аудармасы  т.б. 
үлгілердің тілін де «кітаби тіл» деп жүрміз. Сөйтіп, үш бөлек 
категорияны бір атаумен білдіріп жүрген жайымыз бар. Тағы 
бір күңгірт жайт – осы үшеуінің қайсысы «қазақтың бұрынғы 
(Абайға дейінгі) жазба әдеби тілін танытады?» деген мәселе. 
Қазіргі отандық түркологияда орта ғасырлардан келе жатқан 
ортаазиялық түркі әдеби тілін (шағатай тілін) көне өзбек әдеби 
тілі деп тану теңденциясы басым. Ал Ғ.Мұсабаев мұны көне 
қазақ жазба әдеби тілі деп те таныды: «Поднепосредственным 
влиянием  древнетюркского  языка  сложился  так  называемый 
чагатайский  (древнеузбекский)  письменный  язык  на  основе 
арабской  графики.  Указанный  чагатайский  язык  у  тюркских 
народностей Средней Азии позже был литературным языком. 
Этот  язык  несколько  отличается  от  казахского  языка,  но  он 
был в общем понятен для носителей многих тюркских языков, 
в том числе и казахов. По этой причине этот книжный язык до 
XX в. существовал в обращении и в Казахстане»
33
. Ал қалған 
ғалымдардың көпшілігі қазақ даласында өмір сүрген бұрынғы 
жазба әдеби тілге қазақша жырланған діни қисса-дастандар мен 
кейбір діни тақырыпты аударма дүниелер тілін жатқызады
34
.
Қазақтың  хан-сұлтандары  мен  кіші  әкімшілік  иелерінің 
XVIII-XIX  ғасырларда  орыс  администрациясына  және  бір-
32
 Самойлович А.Н. К истории литературного среднеазиатского турецкого языка 
//Мир-Али-Шир. Сборник к 500-летию со дня рождения. - Л., 1928. - С. 21. 
33
 Мусабаев Г. Об изучении истории казахского языка... // Вестник АН КазССР. 
- 1951. - № 9. - С. 82. 
34
  Кеңесбаев  I.  Абай  –  основоположник  казахского  литературного  языка  // 
Советский Казахстан. - 1955. - № 9. - 124-б. 

33
біріне  ресми  түрде  жазысқан  әр  алуан  қағаздарының  (про-
шение,  донесение,  письмо,  уведомление  т.т.)  тілін  де  кейбір 
зерттеушілер не жазба әдеби тіл үлгісі деп немесе соның бір 
стилі  деп  табады. Сөйтіп,  бұл  екі-үш мәселенің басын ашып 
алуға тура келеді. Ең алдымен, таза шағатай тілінде жазылған 
әдебиет  өткен  ғасырда,  қазақ  даласында  да  таралғанын,  оны 
мұсылманша сауаты барлардың түсініп пайдалана алғандығын 
мойындай отырып, бірақ бұл тіл дәл біз әңгіме етіп отырған ке-
зенде қаз-қалпында тұрып, қазақ жазба әдеби тілінің қызметін 
де толық атқарды деп тануға, біздіңше, болмайтын тәрізді. Сөз 
жоқ,  бұл  жазба  әдеби  тіл  өзінің  бастапқы  дәуірлерінде  (XV-
XVI  ғасырларда)  жеке  этникалық  единица  (халық)  ретінде 
құрала  бастаған  көптеген  түркі  халықтарына,  оның  ішінде 
қазақ  халқына  да  тән  болғанын  жоққа  шығаруға  болмай-
ды.  Бірақ  кейінгі  ғасырларда  сан  түрлі  тарихи  факторларға 
орай, жазба әдеби тіл кейбір түркі халықтарында үзілмей да-
мып,  тіпті,  көркем  әдебиетке  ықпалын  тигізіп,  қызмет  сфе-
расын  кеңейткен  де,  енді  біреулерінде,  оның  ішінде  қазақ 
өмірінде,  хат-хабар,  кеңсе  қағаздарының  мүддесін  өтейтін 
тар  аяда  қалып  қойғанға  ұқсайды.  Қазақша  көркем  әдебиет 
тілі әуел бастан-ақ бұл жазба әдеби тілден бөлек дамыған да, 
ғасыр  өткен  сайын  қазақ  халқының  ұлттық  белгілерін  айы-
рып көрсете түсетін сипатта болған. Қазақ қоғамы дамуының 
әртүрлі  жағдайларына  байланысты  кейінгі  ғасырларда  әдеби 
тіліміздің көркем әдебиеттен өзге стильдері, әсіресе, публици-
стика, ғылыми баяндау тәрізді прозалық стильдері дамымағаны 
көрінеді.  Көркем  әдебиеттің  өзі  негізінен  ауызша  таралу, 
ауызша  сақталу  сипатында  өрбігендіктен,  қазақ  өміріндегі 
жазба  әдеби  тіл  мен  көркем  әдеби  тіл  бірі  стандартталып, 
нормаларын  сақтап,  екіншісі  ғасыр  өткен  сайын  халықтың 
ауызекі  сөйлеу  тілі  нормаларына  қарай  икемделіп,  өзгеріп, 
екеуі  екі  бөлек  тармақтар  сипатына  ие  болғаны  байқалады. 
Жазба  әдеби  тіл  –  хат  жазу  (күні  кешеге  дейін  қазақ  тілінде 
жеке  адамдарға  жазылатын  хаттардың  «қадірлі  уа  құрметті, 
өзгеден  артық  көруші  пәленшеге  түгеншеден  дұғай  сәлем» 
деген сияқты штамп кіріспеден басталғандығы бәрімізге аян), 

34
билеуші  органдардың  ресми  документтері  (хаттар,  арыздар, 
мәлімдемелер, бұйрық-жарлықтар т.т.) тәрізді жазу үлгілеріне 
қызмет ететін прозалық-эпистолярлық стиль болып кеткен де, 
көркем  әдебиет  –  халықтық  әдеби  тіл  стилін  танытатын 
тармаққа  айналған.  Ал  XIX  ғасырдың  орта  тұсынан  бастап, 
тағы да қазақ қоғамының тарихи даму факторларына байланы-
сты жазба әдеби тіл мұқтаждығы күшейеді. Ол тілді екі жер-
ден іздеу керек болады: не бұрыннан қолданылып келе жатқан, 
бірақ  қазақ  мәдениетінде  қызмет  сферасы  бұ  кезде  тарылған 
ортаазиялық жазба әдеби тілді пайдаланып, соны жандандыру 
немесе жаңа жазба әдеби тілдің іргетасын қалау.
«Тіл  құрылысы»  (языковое  строительство)  деп  аталатын 
іс-әрекетке әлеуметтік күштердің саналы түрде араласуы тек 
кеңес тұсында ғана болғандығы тағы мәлім. Сондықтан XIX 
ғасырдағы қазақ қоғамы жазба әдеби тіл формасын қазіргідей 
тәртіппен келісе отырып іздеп тауып, қолайлысын ресми түрде 
қабылдау  сияқты  актілерді  жүргізе  алмаған.  Сол  себептен 
стихиялы түрде түркі халықтарына ортақ болып келе жатқан 
бұрынғы  жазу  дәстүрін  көркем  әдебиеттің  тек  эпистолярлық 
жанрында  емес,  өзге  жанрларда  да  пайдалану  әрекеті  ба-
сталады.  Бірақ  бұл  пайдалану  деген  сөзді  қолдану  деп,  яғни 
«ортаазиялық жазба әдеби нормаларын бұлжытпай түгелімен 
қолдану»  деп  түсінуге  болмайды.  Зерттеуші  Ә.Құрышжанов 
атап көрсеткендей, шағатай тілі, яғни ортаазиялық түркі жазба 
тілі мен қазақ даласында қолданылған кітаби тіл деген – бір 
категория емес
35
. Қазақ жазуы шағатай тілін өзінше «сынды-
рып»  пайдаланды.  Сондықтан  шағатай  тілінің  лексикалық, 
грамматикалық  нормалары  бір  үлгілерде  мол,  екіншілерінде 
аз  немесе  біреулерінде  лексикалық  белгілері  басым,  енді 
біреулерінде грамматикалық сипаты да едәуір білінген болып 
келеді.  Мысалы,  ресми  документтерде  лексика  жағынан  да, 
грамматика жағынан да ескі жазба әдеби тіл дәстүрі қатаңырақ 
сақталған.  Сондықтан  бұларда  қазақтың  халық  тіліне  жат 
араб- парсы сөздерімен қатар өзге түркі (огуз) тілдік сөздер де, 
35
 Құрышжанов Ә. «Кітаби тіл» материалдарынан // Қазақ тілінің тарихы мен 
диалектологиясының мәселелері. - Алматы, 1960. - 2-шығ. - 73-б.

35
ләкин, уа, һәм, каю, ки (кім) тәрізді шылаулар да, етістіктердің 
III  жағына  көптік  жалғауын  қосу  (бармадылар)  тәрізді  мор- 
фологиялық тәсілдер де, ки, қию, диу дәнекерлерімен құрылған 
сөйлем  конструкциялары  да  кездеседі.  Бұл  «шағатайлық» 
белгілер  кітаби  тілде  жазылған  проза  жанрының  біразында 
ұшырасып  отырады.  Тіпті,  кітаби  тілде  шығарылмаған,  XIX 
ғасырда хатқа түскен халық жырларының қара сөз үзіктерінде 
бірен-саран  кітаби  грамматикалық  тәсілдер  енгізіліп  жібе- 
рілгенін  көреміз.  Мысалы,  «Қисса  Қамбардың»  1888  жылғы 
Қазанда  басылғанында:  Күндерде  бір  күн  Мақтым  хан 
ноғайлының  билеріне  ұрысты:  менің  патша  уа  һәм  күйеу 
болғаным  қалай...  «Қисса  Алпамыштың»  1901  жылғы  баспа-
сында:  Байбөрінің  Құлтай  деген  немере  ағасы  бар  екен.  Ол 
һәм  перзентке  зар  екен.  Байбөрі  һәм  Құлтай...  Шыныбай  де-
ген бір ұғыл қалыпты. Алқисса ... қалмақтарының белі сынып, 
хүкіміне көніп тұрдылар.
Әрине,  бұл  –  кітаби  тілдің  өзі  емес,  тигізген  «салқыны». 
Сондай-ақ  діни  тақырыпта  жырланған  қисса-дастандарда 
кітаби тілдік сипат негізінен лексикасында болды. Бұларды о 
баста қазақтар кітап өлең деп атағанда олардың тіліне қарап 
емес,  кітаптан  оқылатындығына  қарай  атағаны  сөзсіз,  бірақ 
кейін  қазақ  халқының  өз  жырлары  кітап  болып  шыққанда, 
екеуінің  арасындағы  тематикалық  та,  тілдік  те,  көркемдік  те 
айырмасы  қарапайым  оқушының  өзіне  сезіліп  тұрғаны  және 
даусыз,  сондықтан  кітаби  өлең,  кітаби  ақын  дегендер  жаңа 
діни мазмұнды, тілі өзгешелеу дүниелерге телініп, күні бүгінге 
дейін термин болып қалғанын көреміз.
Жазба әдеби тілдің өзі емес, оның жеке нормалары осы-
лайша әр үлгіде әрқилы қолданылуына және кейде тәртіпсіз, 
жүйесіз  қолданылуына  қарай,  оның  үстіне  бұл  үлгілердің 
көпшілігінің  мазмұны  (діни)  мен  көркемдік  дәрежесінің 
төмендігіне  қарай  қазақ  даласындағы  кітаби  тілді  жаргон 
қатарына жатқызатын пікірлер де жоқ емес. Бұл тұжырымды 
басы  С.Е.Малов  болып,  көптеген  ғалымдар  білдіреді:  
«Книги, в редком случае появляющиеся до революции и счи-
тавшиеся  написанными  на  казахском  языке,  на  самом  деле 

36
были  написаны  на  татарском  языке  с  некоторым  смешени-
ем этого языка с элементами казахского
36
; или они писались 
на том книжном мусульманско-тюркском жаргоне, которым 
пользовались ученые без различия национальности: и татары, 
и башкиры, и казахи, и киргизы... Да и по содержанию эти 
редкие  книжки  были  слишком  специальны  и  однообразны. 
Религия и религиозная мораль – вот все их содержание. Язык 
этих книжек и книг был полон арабских и персидских слов, 
был полон татаризмов и чагатаизмов, т.е. элементов средне-
азиатского тюркского, да узбекского языка»
37
.
Діни  қисса-дастандардың  тілі  жаргондық  тіл  («испорчен- 
ный или смешанный язык») дегенді Ғ. Мұсабаев пен С.Аман- 
жолов та айтады
38
. Ә.Құрышжанов «қоспа тіл» деген терминді 
ұсынады
39
, өйткені оның талдаулары М.Қалтаев шығармалары 
тәрізді  үлгілердің  тілі  не  таза  қазақша,  не  таза  кітаби  емес, 
негізі  қазақша,  бірақ  кітаби  тіл  элементтері  араласқан  деген 
пікірді дәлелдейді.
Қысқасы, осындай әр алуан, кейде бір-біріне қарама-қарсы 
пікірлер  кітаби  тілдің  әр  жанрда,  тіпті  бір  жанрдың  ішіндегі 
әр  нұсқада  әртүрлі  дәреже-сипатта  және  әртүрлі  шеберлік-
қисында  бой  көрсеткенін  байқатады.  Сондықтан  бірқатары, 
мысалы,  М.  Қалтаев,  Н.Наушабаев,  Шәді  төре,  Әубәкір 
Кердері,  Ақмолда  тәрізді  ақындар  тілі  «әдеби  қоспа  тіл» 
тәрізді болып, енді бірқатары, мысалы, Кашафуддиннің «қазақ 
36
 С.Е.Маловтың татар тілінде жазылған деп отырғандары С.Мұқанов көрсеткен- 
дей,  Кашафуддиндердің  «Бастайын  китабімни  хамди  илән;  Яраткан  аллага  айтмәк 
мінән» («Мақұлат». - Қазан, 1897) дегендер немесе Қ.Жұмалиев көрсеткендей, «Бала- 
лар әуел ашап болғаш, уақытыменен тамақ тойғаш, китабларды қолына алғаш оқур  
сабақ  яхшылап»  («Қисса  әдеблі  бала».  -  Қазан,  1895)  деген  сияқтылар  болу 
керек.  Шынында,  бұлар  –  не  таза  қазақ  тілінде,  не  таза  татар  тілінде,  не  таза 
кітаби  тілде  жазылған  үлгілер  емес.  Татар  молдалары  мен  жазушысымақтары 
қазақ  оқушы  жұртшылығына  «қазақша»  ұсынған  «туындылары».  Бұлар  жөнінде 
зерттеуші  С.Мұқанов  («Жарқын  жұлдыздар»,  288-293-б.),  Қ.Жұмалиев  («Қазақ 
әдебиеті  тарихының  мәселелері  және  Абай  поэзиясының  тілі»,  170-174-б.)  дәлелді 
мысалдарымен көрсетіп, өте жақсы айтып өткен.
37
 Малов С.К. К истории казахского языка // Известия АН СССР. - 1941. - № 3.  
- С. 99-100.
38
 Мұсабаев Ғ. Об изучении истории казахского языка... // Вестник АН КазССР. - 
1951. - № 9. - С. 83-84; Аманжолов С.А. Қазақтың әдеби тілі. - Алматы, 1949. - 211-б.: 
Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. - Алматы, 1962. - 175-б.
39
  Құрышжанов  Ө.  «Кітаби  тіл»  материалдарынан  //  Қазақ  тілінің  тарихы  мен 
диалектологиясының мәселелері. - Алматы, 1960. - 2-шығ. - 73-б.

37
тіліндегі»  кітаптары  бұзылған,  шұбарланған  жаргон  болып, 
«Салсал», «Кербаланың шөлінде», «Сейітбаттал» т.б. касталық 
(діни) әдеби стиль т.б. болып көрінеді. Біздіңше, шындығында 
да  солай  тануымыз  керек.  «Кітаби  тілде  жазылды»  де-
ген  үлгілердің,  біріншіден,  бәрі  бірдей  құбыжық  еместігін, 
екіншіден,  бұлардың  ішінде  іске  татымайтын  не  әдеби,  не 
тілдік құны жоқ, тілі жаргондық сипаттан аса алмағандарының 
да  бар  екендігін  мойындасақ  керек.  Ал  бұлардың  дәл 
қайсылары  қай  топқа  жататынын  осы  үлгілердің  бәрінің 
тіліне  жан-жақты  лингвистикалық  талдау  жасап  барып  айы-
рып, орындарын көрсету – келешектегі міндеттеріміздің бірі. 
Бірақ ХІХ ғасырдың II жартысында қазақ мәдени дүниесінде 
өмір сүрген кітаби тілдік үлгілердің қайсысын қандай сипатта 
(әдеби ме, жаргон ба); қандай дәрежеде (жеке тілдік пе, әлде 
оның бір стилі ме?), қандай құрамда (қай жанрларға жатады?) 
екендіктерін әзірге жете айырып тани алмасақ та, бізге қазір 
екі нәрсе даусыз аян: бірі – қазақ мәдени дүниесінде осы кітаби 
тілге  жататын  жазу  нұсқаларының  болған  фактісі,  екінші  – 
осы  нұсқаларды  біріктіретін,  бір-біріне  жақындастыратын 
белгілердің  болу  фактісі.  Ол  белгілер  қандай?  Біздіңше,  мы-
надай:
1)  лексикалық  белгісі,  яғни  кітаби  тілдік  үлгілердің  құ- 
рамында  қазақ  тіліндегілерге  қарағанда,  араб-парсы  сөздері 
сан жағынан әлдеқайда көп болып келуі және халық тіліне ен-
беген бейтаныс шығыс сөздерінің болуы.
Бұл  сөздер  тематикалық  сипаты  жағынан  діни  лексика 
да,  діни  емес  те  болып  келеді,  бірақ  кітаби  тілде  жазылған 
қазақша шығармалардың көпшілігінің діни мазмұнына лайық, 
араб-парсылық сөз қабаты да, көбінесе, дінге қатыстылардан 
тұрады.  Осы  салада  бір  алуан  абстракт  ұғым  атаулары  да 
шығыс  сөздері  арқылы  берілгені  байқалады.  Араб-  парсы 
сөздерінен басқа огуз тілдеріне тән және татар тіліне жата-
тын жеке сөздердің ұшырасуы жазылған үлгінің кітаби тілдік 
сипатын  танытатын  белгінің  бірі  болады  (осы  тұрғыдан 
жоғарыдағы  С.Мұқанов,  Қ.Жұмалиев  және  басқалары 
көрсеткен татарша нұсқаларды да кітаби тілдік жазбалар то-
бына қосып жіберіп жүрміз).

38
2) Грамматикалық белгісі. Оған қазақтың жалпы халықтың 
тіліне  тән  емес  кейбір  морфологиялық  тұлғалардың  актив 
қолданылуы  жатады.  Мысалы,  өткен  шақ  есімшенің  анық- 
тауыштық  қызметте  көбінесе  -мыш  жұрнағы  арқылы  жаса- 
луы, етістіктің III жағының -дүр формантын, көпшелікте -лар 
жалғауын  тіркеуі;  бірлән,  уа,  һәм  тәрізді  өзге  тілдік  шылау- 
лардың қолданылуы; кейде (өте сирек) құрмалас сөйлемнің ки 
(кім) конструкциялы болып келуі т.б.
3) Орфографиялық белгісі. Бұл – қазақ сөздерінің сингар- 
мониялық  заңға  байланысты  фонетикалық  вариантгарын 
ескермей,  жалғау-жұрнақтарды  бір-ақ  вариантта  жазу  (ат-
лар,  қазлар,  балалар,  атны,  қазны,  баланы,  атлық,  қазлық, 
балалықт.т.); сөз басындағы ж-ның орнына й жазу (йас, йах-
шы,  иігірма);  сөз  ортасына  ғ  әрпін  қосып  жазу  (йігірма, 
ұғлы, ұруғы – руы т.т.), араб-парсы сөздерін оригиналдағыша 
жазу.  Соңғының  салдарынан  қазақ  тіліне  еніп,  бұрыннан 
«қазақыланып»  кеткен  кейбір  сөздерді  қайтадан  «арабылан-
дырып», «парсыландырып» жазу дәстүрі пайда бола бастаған: 
ғақыл, ғадет, ғамал, хүкім. Және осы норманың салдарынан 
қазақ  тіліне  тән  емес  ф,  х  әріптері  жиі  жазылатын  болған
40
 
(соның әсерінен болу керек Мүрсейітте партия, доктор деген 
орыс сөздері фартия, дохтыр түрінде жазылған).
Бұл  орфографиялық  тәртіп  –  тек  кітаби  тілдік  үлгілер 
ғана  емес,  өткен  ғасырдағы  араб  жазуымен  берілген  қазақ 
жазбаларының  көпшілігіне  тән  болған  норма.  Емленің  бұл 
нормасын  біз  шартты  түрде  «шағатайша-татарша  орфограм-
ма»  деп  атауды  ұсынған  болатынбыз
41
.  Қалай  атасақ  та  осы-
лайша жазу өткен ғасырдағы жалғыз қазақ тілі емес, көптеген 
түркі  тілдерін  ортақтастыратын  тәсіл  –  норма  болғаны  аян. 
Соның  нәтижесінде  ортаазиялық  түркі  тілінде  жазылған 
кейбір  нұсқаларды  әр  халық  уәкілі  өз  тілінің  фонетикалық 
құрылымына сәйкестендіріп оқитын дәстүр де пайда болған
42
.
40
  Кітаби  тілге  тән  дыбыстық,  орфографиялық  ерекшеліктер  туралы  Ә.Құрыш- 
жановтың  аталған  мақаласында  кең  түрде,  өте  жақсы  көрсетілген  (75-88-беттерді 
қараңыз).
41
  Сыздықова  Р.  XIX  ғасырдың  соңғы  ширегіндегі  қазақ  әдеби  тілі  //  Қазақ  тілі 
тарихы мен диалектологиясының мәселелері. - Алматы, 1963. - 5-шығуы. - 22-б.
42
 Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. - Алматы, 1962. - 176-б.

39
Шағатайша-татарша  емле  нормасы  араб  жазулы  қазақ 
кітаптарының  көпшілігіне  тән  болғандығынан  тек  кітаби  тіл 
үлгілері емес, қазақтың төл ауыз әдебиеті үлгілерінің де өткен 
ғасырдағы  баспалары  осы  ережемен  жазылған.  Сондықтан 
эпостың  жырларда  «иігірмеде  яшы  бар,  ялғыз  туған  башы 
бар»  деп  жазып  «жиырмада  жасы  бар,  жалғыз  туғанбасы 
бар»  деп  оқуға  тура  келген.  Дегенмен  бұл  норманың  күллі 
қазақ орфографиясына ортақ шарттылығынан гөрі, дәстүрлік, 
«кітабилық»  сипаты  басым  болғанын  осы  жазу  нормасының 
кей  үлгілерде  сақталмай  бұзылып  отырғандығы  көрсетеді. 
Мысалы,  «Дала  уалаяты»  газетінде  ресми  бөлімде  берілген 
жарлық-бұйрық,  үндеулерде  көбінесе  шағатайша-татарша 
жазу  нормасы  сақталған  да,  жай  корреспонденцияларда, 
әсіресе,  қазақ  әдебиеті  үлгілерінде,  мысалы,  «Жиренше  ше-
шен һәм Алдар көсе» (1889, №5) немесе Еңлік-Кебек туралы 
әңгімеде  (1892,  №29)  сингармонизм  заңы  да  сақталған,  сөз 
басындағы ж әрпі де өз орнында. Сондай-ақ бұл емле норма-
сын орыс ориенталистері жинап бастырған үлгілерде, әсіресе, 
орыс  графикасымен  берілгендерінде  мүлде  қабылдамаған. 
Ал  Абай  текстеріне  келсек,  ең  алдымен,  автордың  өзінің 
қалай  таңбалағанын  айтуға  мүмкіндігіміз  жоқтығы  белгілі, 
өйткені  Абайдың  автографтары  жоқ.  Мүрсейіт  дәптеріндегі 
орфографиялық тәртіп мынадай:
1) қазақ сөздері, негізінен, қазақша жазылған, яғни мүмкін- 
дігінше үндестік заңына лайық қосымшалар құбылып отырады 
(қатаң-ұяңдықтарынан басқасы).
2) Сөз басындағы ж әрпі м-мен алмастырылмайды (йігірма 
деген бір сөзден басқасында).
3)  Қазақтың  халықтық  тіліне  енген  араб-парсы  сөздері 
«қазақы»  түрінде  жазылады:  өмір  (ғұмыр  емес),  ақыл  (ғақыл 
емес),  дос  (дост  емес),  айла  (һайла  емес),  есеп  және  хисап 
(һесаб  емес),  әдет  (ғадет  емес),  диқан  (дехкан  емес)  т.т. 
Мүрсейіт дәптерлерінде кейбір шығыс сөздері бастан-аяқ бір 
тұлғада, осы күнгіден өзгеше жазылады. Олар: осы күнгі әр, 
еш  сөздері  әрдайым  һэр,  һеш  түрінде  келеді.  Бұлар  жалғыз 
Мүрсейіт емес, күллі арабша жазуда осылай таңбаланып кел-
ген. Осы күнгі Құдай, қызмет, құрмет, хайуан, пайда, молда, 

40
Алла – Алда, жапырақ, парыз, қапа, қате, шапқат, нәпсі, та-
рап тәрізді жазып жүрген сөздеріміз Мүрсейіт қолжазбасында 
(1905 жылғы) әрдайым Хұдай, хызмет, хұрмет, хайуан, файда, 
шафкат, нәфсі, тараф, жафырақ, фарыз, қафа, хате, молла, 
Алла  түрінде  жазылған.  Бұл  сөздердің  кейбіреулерінің  орфо-
граммалары  әлі  күнге  дейін  тұрақталмағанын,  екі-үш  түрде 
таңбаланып  жүргенін  мойындаймыз:  шапқат  –  шафкат  – 
шафхат, Алла – Алда, молла – молда, хайуан – қайуан; қате, 
құрмет, бақыт сөздерін біраз уақытқа дейін хате, хұрмет, ба-
хыт деп те жазып келдік.
4) Кейбір араб-парсы сөздері екі түрлі таңбаланады. Ол көбі- 
несе стильдік мотивте орындалған. Мысалы, «Қара сөздерінің» 
көпшілігі мен өлеңдерінде сипат, есеп түрінде жазылған бол-
са,  діни  тақырыптыларында  сифат,  хисап  түрінде  жазылған. 
Сол  сияқты  38-сөзінде  сөз  басында  жорнына  й  жазу  (языл-
мыш, йырақ, яхсылық), тіпті үндестік заңын бұзып, шағатайша 
жазу  да  бар.  Олардың  көбі  Абай  шығармаларының  біздің 
заманымыздағы  басылуларында  да  көрсетіліп  беріліп  жүр.  
Мысалы, 1957 жылғы екі томдықта перзентлерім (II, 194), адам 
ұғлы (II, 194), ғибрәтлендік (II, 211) т.т., ал басым көпшілігі 
Мүрсейіт дәптерлеріндегіден өзгертіліп, қазіргі орфографияға 
түсіріліп «түзетілген». Бұл – әрине, принциптік емес: түзетсек, 
күллісін түзетуіміз керек, жоғарыдағыдай әр жерде «шағатайша-
татарша» жазылғандарын қалдырар болсақ, барлық жерде де 
қалдыру  керек.  Сірә,  Абайдың  ғылыми  немесе  академиялық 
баспаларында, жазушы шығармаларының стильдік классифи-
кациясын дұрыс көрсету үшін, орфографиялық ерекшеліктерді 
мүмкіндігінше дұрыс берген жөн.
Сөйтіп,  қорыта  айтқанда,  қазақтың  жазу  дүниесінде 
қолданылған  кітаби  тіл  дегеннің  осы  көрсетілгендей  белгі-
сипаттары  болды  да,  бұл  белгілер  әр  алуан  дәрежеде  кітаби 
емес қазақ әдеби тіліне де әсеретіп, із қалдырып отырды.
* * *
XIX  ғасырдың  II  жартысында  Қазақстанда  кітаби  тіл 
дегеннің  жанданып  етек  алуына  бірнеше  фактор  әсеретті. 
Әсіресе,  бұған  діни  әдебиеттің  дамуы  үлкен  себепкер  бол-
ды.  Өйткені  шағатай  тілі  біз  сөз  етіп  отырған  кезеңде  түркі 

41
тілдерінде  жазылған  мұсылманша  теологиялық  әдебиеттің 
ресми  тіліне  айналған  болатын.  Кітаби  тілді  С.Маловтың 
мұсылманша діни жаргон деуі де осыдан болар.
Екінші  үлкен  фактор,  біздіңше,  мынада:  XIX  ғасырдың 
II  жартысында  қазақ  тілінде  әдебиеттің  публицистика,  пе-
дагогика  (мұсылманша  оқуға  қатысты),  ғылыми  баяндау 
тәрізді өзге жанрларының пайда болуы прозалық стильдерді 
өмірге  әкелді.  Бұл  жағынан  да  ортаазиялық  жазба  әдеби 
тілге  ен  салудың  қисыны  бар,  өйткені  шағатай  тілінде  про-
за  түріндегі  тарихтың,  дидактикалық  және  ғылыми  әдебиет 
XV  ғасырдан  бастап-ақ  дамыған  болатын:  «Проза  (на  ча-
гатайском  языке)  применяется  в  XV  в.  преимуществен-
но  историками,  используется  в  литературе  дидактической 
и  научной  или  полунаучной»
43
.  Тұңғыш  баспасөз  –  «Дала 
уалаяты»,  «Түркістан  уалаяты»  т.б.  таза  шағатай  тілінде 
жазылмағанымен,  осы  тілге  тән  көптеген  элементтерден 
аман  бола  алмағандығының  басты  себебі  осыдан  деп  таба-
мыз.  Ортаазиялық  жазба  әдебиет  тілінің  бірнеше  ғасырлық 
дәстүрі  XIX  ғасыр  түгіл,  XX  ғасырдың  басындағы  қазақша 
публицистика  стилінде  (мысалы,  қазақша  тілі  жағынан  ең 
күшті «Айқап» журналын қараңыз) ізін қалдырғаны да осы-
дан. Яғни шағатай тілінде прозалық стильдердің қалыптасып 
дамуы тек баспасөздегі публицистика емес, жаңа жазба әдеби 
тіл принципін ұсынған Абай тәрізді жазушының да публици-
стикасына  («Қара  сөздерінің»  кейбіреулеріне)  әсер  еткенін 
көреміз.  Бірақ  Абайдың  кітаби  тіл  дәстүрін  пайдалануын-
да  өзге  қазақша  кітаби  тілдегі  әдебиеттерден  принциптік 
айырмашылығы  бар.  Ол  –  Абайдың  публицистикасын  өз 
ішінен  тематикалық  жағынан  жанрларға  бөлуі,  яғни  діни 
тақырыпты  шығармаларына  өз  алдына  тілдік  стиль  беруі. 
Кітаби  тіл  элементтері  Абайдың  бүкіл  прозасына  тән  емес 
дегенді  баса  айтамыз.  Және  басым  көпшілігіне  тән  емес, 
Абай  «Қара  сөздерінің»  дені  –  қазақтың  жаңа  жазба  әдеби 
тілінде  жазылған  публицистика.  Ал  38,  12,  13-сөздер  деп 
аталатын  шығармаларында  автор  ислам  дінінің  ғибадаты, 
иманы, «сифатлары» т.т. туралы әңгіме қозғайды да бұларды 
«кітаби тілдік» стильде жазады, тіпті бір қарағанда, қазақша 
43
 Бертельс Е. Э. Навои. - М.-Л., 1948. - С. 40.

42
кітаби  тілде  жазған  деуге  де  болады.  Және  әдейі  жазған. 
Сонда Абай «кітаби тіл» дегенді діни әдебиет жанрына ғана 
телиді де өз алдына әдеби тіл ретінде емес, стиль ретінде пай-
даланады.  «Кітаби  тіл»  Абай  үшін  –  құбыжық  емес,  құрал, 
сонымен қатар ол – әрі «қарсыласы». Өйткені кітаби тіл ХІХ 
ғасырдың ІI жартысындағы қазақ мәдениет дүниесінде едәуір 
етек алған құбылыс болды, қазақ жазба әдеби тіл формасы-
на претенденттердің бірі болды. Тек проза саласы емес, діни 
тақырыпты қисса-дастандар арқылы поэзия тіліне де (демек, 
тұтас әдеби тілге) «ауыз сала» бастаған тіл болды. Кітаби тіл 
нормаларының бірі – араб-парсы лексикасын молынан енгізу 
белгісі  діни  қисса-дастандарда  ғана  емес,  қазақтың  көркем 
әдеби  тіл  уәкілдерінің  тілдерінде  де  орын  ала  бастағаны 
байқалады.  Кітаби  тілге  ашықтан-ашық  бүйректері  бұрған 
Нұржан  Наушабаев,  Мақыш  Қалтаев  сияқты  ақындарды 
былай  қойғанда,  нағыз  «қазақы»,  белді  ақын  Шортанбай-
дан бастап Ақан серіге дейінгі қаламгерлердің бірқатарында 
лексика  жағынан  кітаби  тілдік  белгі-нышан  барын  көреміз. 
Шортанбайдағы мол кездесетін арабизм-фарсизмдер (жалпы- 
халықтық тілге енбегендері) көбінесе діни тақырыпқа байла-
нысты болса, Ақан серіде ғашықтық лирикасы тәрізді дінге 
қатыссыз жанрда да қолданылған. Мысалы, Ақан серінің:
Қолға алдым хат жазуға қалам, сия.
Сарби зат мұқтан шаһи Гүлнәсия.
Шараптың шашыраған жәуһарындай 
Көңлімнің заһарына салдың ұя.
Кәстәрен секілденген пәнде мақбуб
Пәндені бұрам деген көне зия.
Тағы да хат жазамын сын мен зи-дан,
Тағырыпың кейін емес әліп, би-ден.
О. Р. 3. Д. Л. айна кәрім
Көңлімнің іңкәрісі – дал мен мим, мон...
44

деген  шумақтарында  курсивпен  көрсетілген  шығыс  сөздерін 
былай  қойғанда,  әріптерге  бағыштап  өлең  құру  тәсілінің  өзі 
шығыс әдебиетінің, оның ішінде кітаби тілде жазғандардың да 
тікелей әсері, ізі екені көрініп тұр.
44
 XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары. - Алматы, 1962. - 
250-б.

43
Кітаби  тіл  Абайдың  өзін  де  бір  шарпып  алғанын  білеміз. 
Бала  кезінде,  ақындығы  балаң  кезінде  өзінің  бойын  керне-
ген  талантқа  қай  әдеби  тілді  қолдану  керектігін  санамен  де, 
тәжірибемен  де  таңдап  білерлік  дәрежеге  жетпей  тұрған 
кезінде Абай да кітаби тілді қолданып көрді. Әрине, бұл жерде 
шешуші фактор – тілдегі ізденісі емес, әдеби творчестводағы 
ізденісі,  яғни  шығыс  әдебиетінен,  классикалық  әдебиеттен 
күш,  тірек  іздеуі,  бірақ  осы  ізденіс  еріксіз  тілді  де  іздеткен. 
Тапқаны  –  шағатай  тілі.  Бірақ  ең  күшті  Абай  танушылар 
айтқандай, бұл тапқанынан тез айнып, өзге арнаға – өз ақындық 
арнасына түседі. Соған орай шағатай тілінен де бас тартады. 
Әрине,  әуелі  тілден  емес,  шығыстан  іздеген  творчестволық 
әдістен,  мазмұннан  бас  тартады,  ал  бұл  –  тілін  де  өзгертеді. 
Абайдың  қазақ  әдеби  тіліндегі  орнын  тіл  мамандарының 
ішіндегі тұңғыш рет бұдан 30 жылдан астам бұрын соншама 
зор  білімдарлықпен,  нақтылы  талдау  жасап  сөз  еткен  проф. 
Құдайберген  Жұбанов  ұлы  қаламгердің  ең  маңызды  еңбегі, 
«еленбей келе жатқан ерекшелігі» деп алдымен осы жайды ай-
тады. Өзбекстан, Түркіменстан, Қырғызстан, Қарақалпақстан, 
Татария сияқты елдердің XIX ғасырдағы ең күшті қалам иелері 
(Мақтымкули,  Бабич,  Маржани,  Насири  т.б.)  шығармаларын 
таза өз халықтарының тілінде жаза алмай, «араб-парсы сөздерін 
көп енгізген бүйреткі тілде» жазғанын дәлелдей келіп, проф. 
Қ.Жұбанов  Абайдың  барлығынан  озат  шығуы  «таза  халық 
тілімен жазып тұрып, ол жазғанын классик әдебиет үлгісінен 
шығарғандығында» деп түйеді
45
.
Шынында да, бұл – ескермейтін ерекшелік емес. Өйткені 
Абай  тұсындағы  қазақ  өмірінде  кітаби  тілдің  формальдық 
та  (діни  әдебиеттің  күшеюімен  байланысты),  материалдық 
та  (жалпы  кітап,  газет  шығару  ісінің  жандануымен  бай-
ланысты)  күш  ала  бастаған  және  Қ.Жұмалиев  айтқандай, 
«шағатайшылау,  парсышылаудың  үстіне  татаршылау  келіп 
қосылған» болатын. Мұны сол кездің өзінде-ақ басы ұлы ға- 
лым  Шоқан  Уәлиханов  болып,  қазақпен  орыстың  демократ- 
тық бағыттағы интеллигенттері сезіп, қауіптерін білдіріп, орыс-
шылап айтқанда, тревога көтерді. Ы.Алтынсарин қазақ тілінде 
жазылған  бірде-бір  кітап  жоқ,  балалардың  оқып  жүргені  та-
тарша кітаби тілде жазылғандар, олардың тілі қазақтың қалың 
45
 Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. -Алматы, 1966. -286-296-бб.

44
жұртшылығына түсініксіз дегенді өзінің «Хрестоматиясының» 
алғы  сөзінде  де,  Н.И.  Ильминский  т.б.  жазған  хаттарын-
да  да
46
  ашып  айтты.  Тіпті  бұл  кезде  орыс  ғалымдары 
(Н.И.Ильминский,  А.  В.  Васильев,  В.В.Радлов)  «отатарива-
ние киргизского (казахского) языка» деген атауды шығарады. 
Сірә, қазақ жазба тілінің татаршылануы (отатаривание, тата-
ризация) деген ұғымның ішіне екі-үш нәрсе кіретін болу ке-
рек, бірі – қазақ тілінде деп ұсынған кітапшалардың көбінің 
авторы  татар  молдалары,  татар  діндарлары  болғандығына, 
екінші  –«татар»  деген  терминнің  өзі  өткенде  түркі  деген 
жалпы атаудың да дублеті ретінде жиі қолданылғанына бай-
ланысты  болар  (мысалы,  Шоқанның  тюркский  дегеннің 
орнына  көбінесе  татар  деп  жазғаны  мәлім).  Сонда  та-
таршылау  дегеннін  бір  ұғымы  түркіше  кітабишылау,  яғни 
кітаби  тілдің  элементтерін,  нормаларын  пайдаланып  жазу 
дегенді  де  білдіргенге  ұқсайды.  Үшінші  –  қазақ  тілінің  та-
таршылануы  дегенді  Н.И.Ильминский,  А.В.Васильев  тәрізді 
орыс  ғалым-ағартушылары  айтқанда,  олардың  миссионерлік 
мақсат-талабынан  туған  «құлаққағыс»  та  жоқ  емес  сияқты 
болып көрінуі мүмкін. Өйткені XIX ғасырдың ІІ жартысында 
патша үкіметінің отаршылдық саясаты майданында қазақ да-
ласына ислам дінінің күш алып, етек жаюына қарсы күресуі 
–  Қазақстан  үшін  Орта  Азия  хандықтарының,  тіпті  одан  әрі 
Англия-Түркияның саясат-әрекеттеріне қарсы күресуінің бір 
бұтағы болып табылды. Ал ислам дінін қазақ жеріне о бастан, 
II  Екатерина  заманынан  жайып,  таратушылар  Еділ  татарла-
рынан  шыққан  молдалар  мен  діндарлар  болды.  Азын-аулақ 
болса  да,  оқу-ағарту  ісі  де  татар  молдаларының  қолында 
болды.  Осылардың  барлығы  қазақтардың  рухани  дүниесіне, 
мәдениетіне, тіліне татар уәкілдері арқылы пантюркистік идея 
мен ислам діні бойлап еніп, қазақ тілін ұлттық сипатынан ай-
ыратындай қауіп барын сездірді. Бұл қауіптің бетін қайтаруда 
жалғыз  патша  үкіметінің  отарлау  саясатының  мүддесі  емес, 
қазақ халқының өзінің ұлттық, халықтық мүддесі бар екендігін 
жоққа шығаруға болмайды.
Сондықтан  да  жоғарғы  орыс  ғалымдары  болсын  (тіпті 
олардың  ішінде  «миссионер»  лауазымды  Н.И.Ильминский 
сияқтылар да), Шоқан, Ыбырайлар болсын, осы соңғы мүддені 
46
 Алтынсарин И. Киргизская хрестоматия. - Оренбург, 1879 және Алынсарин 
Ы. Таңдамалы шығармалары. - Алматы, 1956.

45
көздегендері  хақ.  Әсіресе,  бұл  мәселені  үлкен  әлеуметтік 
пікір таласына айналдырып көтерген «Дала уалаяты газеті» 
болды.  Газет  өзінің  шығып  тұрған  жылдарында  редакция 
атынан да, жеке қазақ интеллигенттері атынан да қазақ жазба 
әдеби тілінің тағдыры, беталысы туралы мәселе көтеріп, тіпті 
диспут ашып, қазақтың жазба тілі халықтың тіліне негізделіп 
дамуын  қоштайды.  «Дала  уалаяты  газетінің»  1886  жылы 
42-нөмірінде Бөкен Адықов дегеннің: «көпшілікке арналған 
азаматтық  мазмұнды  кітаптар  («популярные  книжки  обще-
полезного  содержания»)  таза  қазақ,  тілінде  жазылуы  керек, 
ал осы күні шығып жатқандары қазақ бұқарасына түсініксіз 
түрік-татар  тілдерінде»,  –  дегеніне  Абдолла  Чуланов  де-
ген қарсылық білдіреді, ол таза пантюркистік платформаны 
ұстап: «Қазақ, татар халықтарының арасында еш айырма жоқ, 
өйткені дініміз бір, жазуымыз бір», – дейді. Осы соңғы пікірге 
газет редакциясы қарсы пікір айтып, «діннің, жазудың бірлігі 
халықтардың біреу екендігін танытпайды, қазақ халқы өз та-
рихы, өз тілі, тұрмыс-тіршілігінде өзіне тән ұлттық ерекшелігі 
бар өз алдына халық» деген концепцияны білдіреді («Дала уа-
лаяты газеті». - 1889. - №2). Газеттегі Ы.Алтынсариннің ағар- 
тушылық  системасы  жайында  ұйымдастырылған  айтыста 
да осы пікірлер айналасында сөз болады. Ыбырайдың шәкірт- 
тері  мен  ізбасарлары  бұл  диспутты  «Оренбургский  листок- 
тың»  1884  жылғы  15-нөмірінде  қорытындылап,  онда  Ыбы-
рай  Алтынсариннің  қазақ  мәдениеті  тарихындағы  орнын 
жоғары бағалап, оны «қазақтың Ломоносовы» дей келіп: «тілі 
халықтық,  әрі  айқын,  әрі  дұрыс,  әрбір  қазаққа  түсінікті»,  – 
деп қорытындылайды
47
. «Дала уалаяты газеті» бұдан он жыл 
кейін де, 1894 жылғы бір санында А.Құрманбаевтың «Қазақ 
тілі  турасынан»  деген  мақаласы  арқылы  қазақ  тілі,  кітаби-
татар тілі және Ыбырайдың қазақ жазба әдеби тілінің негізін 
салудағы рөлі туралы бұл концепциясын тағы білдіреді. «Сал-
сал»,  «Зарқұм»  сияқтыларды  «жырсымақтар»  деп,  олардың 
тілі  «Алтынсарин  тілімен  салыстырғанда,  қазақ  тілін  келе-
меш еткен сияқты, өйткені жартылай қазақша, жартылай та-
тарша», – деп ашық жазады
48
.
47
  Сулейменов  В.  Проблема  изучения  научно-педагогического  и  литературного 
наследия Алтынсарина // Вестник АН КазССР. - 1967. - № 1. - С. 22-23. 
48
 Әбілқасымов Б. Ыбырай Алтынсарин «Дала уалаяты газетінде» // Қазақ ССР ҒА 
хабарлары. - Қоғамдық ғылымдар сериясы. - 1967. - № 1. - 83-б.

46
Жалғыз  «Дала  уалаяты  газеті»  және  «Оренбургский  ли-
сток» емес, «Түркістан уалаяты газеті» де қазақ тіліне жана-
сты  материалдарды  басып,  кейбір  қазақ  ақындарының  араб, 
өзбек,татар  сөздерімен  шұбарланған  өлеңдерін  сынайды
49

Соған  қарағанда,  жалпы  қазақ  баспасөзі  қазақ  жазба  әдеби 
тілінің  негізі,  оның  әрі  қарай  дамуы  мәселесінде  жалпы 
халықтың ұлттық тіл негізін қуаттаған бағытты ұсынған.
Міне, осындай қазақ жазба әдеби тілі туралы әлеумет на-
зарын  аударып  жатқан  мақалаларды  Абай  көрмей,  оқымай 
отырмағаны  мәлім.  Бірақ,  әрине,  Абай  шағатай  тілінен  бет 
бұрып, қазақтың халықтық тілін қалағанда, жоғарғы газеттер- 
дің  тілек-талабын  орындайын  деп,  солардан  біліп-танып, 
соларға  құлақ  асып  істеген  әрекеті  емес.  Тіл  жөніндегі  өзі 
ұстаған бағыт-бағдарға Абай мүмкін жоғарғы қоғамдық ой-
пікірге қатыссыз да келген болар еді. Бірақ Абайды да, Ыбы-
райды  да,  олардың  алдында  Шоқанды  да,  одан  кейін  адал 
ниетті  орыс  ғалымдарын  да,  баспасөз  бетінде  пікірлерін 
білдірген  озат  ойлы  қазақ  интеллигенттерін  де  –  барлығын 
да қазақ жазба әдебиетінің негізі мен тағдыры, бары мен ба-
рысы  туралы  бір  платформаға  әкелген  –  сол  тұстағы  қазақ 
қоғамының  даму  жағдайларына  байланысты  факторлар 
және  осы  аталған  қаламгерлер  мен  қайраткерлердің  озат, 
прогресшіл және демократтық бағыттағы дүниетанымы мен 
программалары.
Сөйтіп,  Абай  кітаби  тілді  байқап  көрді,  әрине,  оған:  бай- 
қайын  деп  әдейі  барған  жоқ.  Абайды  шағатайшылатқан  –
творчестволық  жолының  бір  этапы.  Әдебиет  қақпасын  қағар 
шақта ақындық қуатына шағатай әдебиетінен нәр-күш іздеген 
Абай  шағатай  ақындарынша  араб-парсының  ғаруз  өлшеуін 
байқап  көрген.  Абай  проф.  Қ.Жұбановтың  сөзімен  айтсақ, 
«13-19 жастарында шағатай әдебиетінің творчестволық дәстү- 
рін  жалтыратып  тағынып,  кейін  келе  не  мистикалық,  диуа- 
налық  сарын-бағытынан,  не  өлең  өлшеуінен,  не  араб-пар-
сымен  шұбарланған  тілінен  сүйсінерлік,  сүйенерлік  қасиет 
таба алмай, ол әдебиетпен оты өрелі жанбай, тастап кеткен». 
«Ендігі тарихтық дәуренде, қауым тіршілігі жаңаша, басқаша 
боп  өзгеріп  құрылу  керек  дейтін  Абай...  енді  халыққа  басқа- 
49
 Субханбердина Ү. Қазақтың революциядан бұрынғы мерзімді баспасөзі жөнінде 
// Қазақ ССР ҒА Хабарлары. - Филология мен өнертану сериясы. - 1961. - № 3. - 71-б.

47
ша әдебиет керек деп тапса» (М.Әуезов), сонысына орай тілдік 
негізі  де  өзгереді,  яғни  шағатайдан  басқаша  тіл  керектігін 
сезінеді.  Бұл  жерде  де  Абай  әуелі  тілді  (форманы)  емес, 
творчестволық  бағытын  (мазмұнды)  өзгертеді.  Мазмұн  түрге 
әсер  етеді.  Абайдың  «Сөз  айттым  Әзірет  Әлі  айдаһарсыз, 
Мұнда  жоқ  алтын  иек  сары  ала  қыз»  дегені  –  Әріп  пен 
Көкпайды  сынаған  үй  ішілік,  ошақ  басылық  сөздері  емес, 
программалық  тезисі:  Әзірет  Әліні  айтпауы  –  ислам  дінін 
уағыздаған  мазмұнды  жырламағаны,  осыдан  барып  творчес- 
твосының негізгі тақырыбы діни болмағандықтан, «алтын иек 
қыз» тәрізді шағатай әдебиетінің сөз саптауын қолданбағаны. 
Ал  дінді,  ислам  дінін  сөз  ете  қалса,  бірер  өлеңінде  болсын, 
38,  13-сөз  тәрізді  прозалық  шығармаларында  болсын  кітаби 
тілдің  кейбір  нормаларына  (әсіресе  лексикалық  нормасы-
на)  еркін  жүгінетіні  –  тағы  да  мазмұн  мен  түрдің  қабысуы. 
Абайдың тұтас тұл бойына тән принцип – мазмұн мен түр гар-
мониясы барлық жерде де бірінші скрипкада ойнайды. Жаңа 
творчестволық  бағыт,  жаңа  тенденцияға  көшкен  Абай  енді 
сол  творчествосының  формасы  үшін  қазақтың  өз  дәуіріндегі 
халықтың тілін таңдайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет