д ~ л дыбыстарының алмасуына Абайда Түңлікбай сөзі
(Түңлікбайдың қатыны атың Шәріп (I, 16) ғана бар. Қалған
жағдайда маңдай, өңді, таңдай т.б. ж дыбысымен келген
сөздердің бірқатары Абайда жуан тәрізді. Мысалы, жана (осы
күнгі және). Жана вариантының жуандығын ұйқасқа қарап
топшылаймыз. Мысалы, шылдахана – байқап қара сөздерімен
шулап жана болып ұйқастырылған (I, 69). Біздіңше, бұл шы-
лау өткенде және қазіргі ауызекі сөйлеу нормамызда көбінесе
жуан вариантта қолданылғанға ұқсайды. Жалғыз Абайда емес,
өзге ақындар мен ауыз әдебиеті үлгілерінде бұл сөз жуан
сөздермен ұйқас құрайды.
62
Досқараев Ж. Диалектілік ерекшеліктерді жинау жұмысының программасы //
Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясы мәселелері. - Алматы, 1962. - 4- шығ. - 12-б.
64
м ~ б дыбыстарының алмасуына келгенде, Абайда м ды-
бысты варианты басым (мұндай – бұндай емес, мұнда – бұнда
емес), мұны бізден бұрынғылар да аңғарып көрсеткен
63
.
Грамматикалық тұлға-тәсілдердің ішінен Абайда жиі қол-
данылған тұлғалардың бірі -мақ жұрнақты қимыл есімі мен -у
жұрнақты тұлғаның барыс жалғауында тұрып, керек сөзімен
тіркесуін (болуға керек), бір жағынан, жергілікті ерекшелікпен
ұштастыруға болмас па екен деп ойлаймыз. Кейбір зерттеу-
лерге қарағанда, бұл грамматикалық тәсілдер қазірде оңтүстік-
шығыс өлкесінде едәуір актив қолданылады
64
. Оның үстіне
бұларды жалғыз Абай емес, оның төңірегіндегілер тілінен де
жиі кездестіреміз. М.Әуезов тіліндегі -мақ тұлғасын кейбір
зерттеушілер Абай тілінің әсерінен іздейді
65
. Біздіңше, бұл
ретте Абайдың да, М.Әуезовтің де ортақ бұлағы сол өңірдегі
жалпыхалықтық қолданыс ерекшелігі болмас па екен деп ой-
лаймыз. Бірақ бұл – тұжырымымыз емес, топшылауымыз ғана.
Өйткені, егер -мақ жұрнақты тұлғаны қазіргі кездегі шығыс,
оңтүстік өлке тұрғындары актив қолданатын болса, ол әдеби
тілдің (Абай және оның мектебіндегілердің) сөйлеу тіліне
кейіннен еткен әсері болуы да ықтимал немесе бір кезде қазақ
тілінде актив тәсіл болған -мақ тұлғасының Абай тілінде
(жергілікті ерекшелікке байланыссыз) стильдік мақсатпен
жанданған болуы да мүмкін. Сондықтан біз Абайдағы
бұл грамматикалық амалдарды қайткенде де диалектілік
құбылыстарға қатысты деп үзілді-кесілді алмаймыз.
Сөйтіп, Абай тілінде қазіргі әдеби нормамызбен салыс-
тырғанда өзі туып-өскен ортасы – шығыс өлкесіне де, Қазақ-
станның өзге аймақтарына да тән бір алуан жергілікті ерекше-
ліктер бар екені даусыз. Абай тілінде диалектизмдер бар
дегенді проф. С.Аманжолов та айтты. Бірақ ол осы күнгі әдеби
тіліміздің негізі солтүстік-шығыс диалектісі болғандықтан, сол
диалектіде жазған Абай тіліндегі жергілікті ерекшеліктердің
63
Досқараев Ж. Байғанин ауданында тұратын қазақтардың тіліндегі фоне-
тикалық ерекшеліктер // Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясы мәселелері. -
Алматы, 1960. - 2-шығуы. - 14-б.
64
Болатов Ж. Ұзынағаш экспедициясының материалдарынан // Қазақ тілі тарихы
мен диалектологиясы мәселелері. - Алматы, 1958. - 1-шығ. - 180-б.
65
Жанпейісов Е. Абай Құнанбаев пен Мұхтар Әуезовтің тіліндегі стильдік
кейбір ортақ өрнектер // Қазақ ССР ҒА Хабарлары. - 1962. - №11.
65
көпшілігі әдеби тіліміздің нормасы болып кетті дегенді айт-
ты
66
. Ал біздің талдауымызша, яғни жоғарғы талданған
фактілерге қарағанда: 1) Абайда жалғыз солүстік-шығыс го-
ворларына ғана тән емес, өзге, тіпті алшақ жатқан өлкелерге де
тән кейбір ерекшеліктер бар; 2) Абай тіліндегі диалектизмдер
мен жергілікті фонетикалық ерекшеліктердің барлығы бірдей
бұл күнде әдеби нормаға жатпайды.
Осы екі тұжырымның айналасында тағы біраз сұрақтар мен
пікірлер туады.
Ең алдымен, Абайда немесе сол өлкеде жасаған басқа
қаламгерлерде осы күнгі өзге аймақтарға тән жергілікті
ерекшеліктер қайдан жүрген? Біздіңше, екі себебі бар. Бірі
– бұл күнде белгілі бір аудандарда тұйықталып тұрақталған
кейбір диалектизмдер өткен ғасырда әлдеқайда кеңірек
аумақта қолданылған тәрізді. Мысалы, Абайда кездесетін,
бұл күнде өзге аймақтарға тән әшкере («жария»мағынасында),
шалма тәрізді өзге тілдік сөздер Абай тұсында не одан да
ілгерірек қазақ даласының көп жерінде қолданылған болу
керек. Бұлардың қазіргі жария, сәлде деген варианттары
әдеби норма болып соңғы кездерде қалыптасқан да алдыңғы
дублеттері әр жерде диалектизм ретінде сақталған болар.
Бірқатар диалектизмдер (там, жалаңқая) бұрынырақ оңтүстік-
шығыс-солтүстік аудандарға тегіс жайылған түрі бар. Бұл, там
тәрізді сөздер Абай тұсында екі-үш мағынада қолданылған да,
кейіннен әрқайсысы әр өлкеге тән болып қалыптасқан.
Екінші себеп – қазақтың мол ауыз әдебиетін, өз өлкесі мен
оңтүстік, орталық Қазақстанды мекен еткен ақын-жырауларды
жақсы білген Абай олардың кейбір сөздерін жатсынбай
қолданған деп табамыз. Олардың бірқатарының диалектизм
екенін (яғни біздердің кейін диалектизм деп табатынымызды)
Абай, әрине, білген де емес! Мысалы, Абай тіліндегі батысқа
тән шөлмек, орталық, солтүстік Қазақстанға тән шола («ала,
біркелкі емес»), Батысқа, Қызылорда, Маңғыстау өлкелеріне
тән азар («реніш, өкпе») сөздері өзі қолданған, талдаған мақал-
мәтелдермен келген: «бұлт ала, жер шола», «Мың күн сынбас,
66
Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка. - Алма-Ата,
1959. - С.182.
66
бір күні сынар шөлмек», «Ағайынның азары болса, да, безері
болмайды».
Абайдың өзі өскен өлкеге ғана тән бірқатар диалектизмді
қолданғанының бірнеше себептері бар. Балаң (бос, болбыр, на-
шар), кердең тәрізді сөздерді дәл образ жасау үшін пайдаланған
(әрине, бұлардың диалектизм екенін біліп әдейі қолданбағаны
аян). Ақшомшы, күләпара, күлдәрі тәрізді этнографиялық та-
рихи диалектизмдерді Абайдың пайдаланбасқа шарасы жоқ.
Бұл заттардың атауы Абай өлкесінде тек осылайша аталады,
бұлардың бірқатары басқа өлкелерде атымен жоқ. Бола қалған
күнде де олардың атаулары ортақ бір нормаға әлі түспеген.
Сондықтан Абай ғана емес, өткен ғасырлардағы қазақ
қаламгерлері тілінде өз дәуіріне, өз өлкесіне тән киім-кешек,
құрал-жабдық,қару-жарақ т.б. аттарын білдіретін жергілікті
сөздер, яғни этнографиялық диалектизмдер болуға тиісті. Бұл
құбылысты біз Абайға дейінгі және Абай тұсындағы (өзіндегі)
қазақ әдеби тілінің ерекше сипатының бірі деп табамыз, яғни
мұндай диалектизмдер әдеби тілдің сыртындағы емес, ішіндегі
элементтерге жатады демекпіз.
Бастау (бұлақ), кетік (орын, рет), қағушы (аңшы) деген зат
есімдер мен жолғасу (кездесу), қасыну (тату болу), күлмеңдеу
(күлімдеу), күсу (безу) тәрізді етістік диалектизмдерді Абай
өзіне таныс, өз жерінде қолданылатын сөздер болғандықтан
пайдаланған. Бір ерекшелігі – Абай бұлардың барлығының
дерлік осы күнгі әдеби вариантын да (бұлақ, рет, орын, аңшы,
кездесу, тату, күлімдеу, безу) қолданған. Бұл топтың саны
өзгелеріне қарағанда, едәуір болып шығады (өйткені әзір
біз айқындай алмаған бір алуан сөздеріміз және бар). Міне,
осылардың көпшілігі – қазіргі лексикалық нормамызда жоқ
(немесе пассив) сөздер. Демек, «Абай тіліндегі солтүстік-
шығыс говорларына тән диалектизмдер қазір әдеби тілге сіңісіп
кетті» деген тұжырымға сын көзімен қарауға тура келеді.
Осыған орай, ірі жазушылар (ақындар) тілінде қолданылған
сөздер мен тәсілдердің бәрі әдеби нормаға жата бермейді деген
пікірімізді және айтамыз. Тіпті қазіргі жазба әдеби тіліміздің
негізін қалаған Абайдың тіліндегі диалектілік ерекшеліктердің
бірқатары қазіргі лексикалық нормамызға түгел тән емес.
67
Және олар әдеби нормаға «солтүстік-шығыс диалектісіне»
жатпайтындықтан сыймай отырған жоқ, керісінше, сол Абай
өскен өлкеге де («солтүстік-шығыс диалектісіне де») тән
болғандықтан, яғни олардың әдеби дублеттері Абайдың өзінде
де, тұсында да бар болғандықтан, жергілікті ерекшелік ретінде
келіп, әдеби лексика қорына кіре алмай отыр.
Абай тілінде өз өлкесіне тән жергілікті сөздер бар бол-
ғанымен, ол бір ғана территориялық диалектіде жазды деген
пікірді біз де қуаттамаймыз. Өйткені Абай тілінің лексикалық,
фонетикалық және грамматикалық нормаларының негізгі-
негізгілері тек қана солтүстік-шығыс емес, Қазақстанның
барлық өлкесіне ортақ екендігін мойындамасқа шарамыз жоқ.
Ал оңтүстік немесе батыс өлкелерде осы күнгі әдеби нормаға
жатпайтын ерекшеліктер қанша болса, ондай ерекшеліктер
(жеке сөздер де, фонетика-грамматикалық ауытқушылықтар
да) солтүстік-шығыс өлкелерде сан жағынан кем кездеспейтін-
дігін соңғы жылдардағы диалектологиялық экспедициялардың
материалдары көрсетіп отыр. Сөйтіп, Абай дәуірінің өзінде-
ақ қазақ тілінің фонетика-грамматикалық және кейбір лекси-
калық нормалары жалпыхалықтық, ортақтық сипатқа ие бол-
ғанын, ал ішінара ауытқушылықтар өткен ғасырда да, тіпті
жалпыхалықтық әдеби нормаларымыз тұрақталып, қалыптас-
қан қазіргі кезеңде де бар екенін көреміз. Бұл ауытқушылықтар
Абайдың өзінде де болуы оның тілінің көркемдігі мен әде-
билігін әсте кеміте алмайды, өйткені олар, біріншіден, қай
қаламгерде болмасын сан жағынан өте шағын, екіншіден,
көпшілік диалектизмдер (кердең, жалаңқая, желқабыз т.б.) –
сөздің экспрессивтік реңкін пайдалану үшін әдеби нормамыз-
ға ену (тіпті еніп те кеткен) потенциясы күшті сөздер.
Қорыта келгенде, Абай – қазақтың сапалық жаңа типтегі
жазба әдеби тілінің негізін салушы. Бұл тіл – қазіргі жазба
әдеби тіліміздің бастамасы. Демек, дәлірек тұжырымдасақ,
Абай тілі – қазақтың қазіргі ұлттық жазба әдеби тілінің басы.
Бірақ Абай осы тілдің негізін салудағы принцип-бағыттары мен
тәжірибесінде жалғыз болған жоқ. Абайдың қатарында, уақыт
жағынан сол алдында, территория жағынан Қазақстанның
екінші қиырында, қызметі жағынан әдебиеттің өзге саласында
тұрған екінші адам – Ыбырай Алтынсарин.
68
Қазақ қоғамының, оның мәдени-рухани дүниесінің әрі
қарайғы мүддесіне қызмет ету қабілеті бар деп қазақтың жал-
пыхалықтық өз тілін, оның көркем әдебиет жанрында ғана
дамыған әдеби тілін тану және дамыту – Ыбырайдың да негізгі
принципі. Осы принципті алғашқы баспасөзді ұйымдастыру-
шы озат ойлы интеллигенттер мен орыс ғалымдары да ұстаған.
Бірақ принцип бірдей болғанмен, бұл принцип бойынша
қызмет ету, еңбек сіңіру, яғни осы принцип-бағытты іс жүзінс
асыру бірдей дәрежеде болмағаны мәлім. Бұл жерде Абайдың
шоқтығы биіктен көрінеді. Абай – жаңа жазба әдеби тілдің
негізін қалаушы ғана емес, дамытушы, тұрақтандырушы және
сол дамыту, нормаландыру ісінде үлгі көрсетіп бағыт сілтеуші.
Сондықтан Абайға дейін, оның тұсында қазақтың халықтық
әдеби тілінде, ескі жазба тілінде лексика, грамматика және
көркемдеу салаларының сыры мен сипаты, бары мен байлығы,
барысы мен бағыты қандай болды, оған Абай не қосты,
не алды, қалай өңдеді, қайтіп қырнады, қысқасы, Абай тілі
қалайша әрі жазба, әрі әдеби, әрі өте көркемдік дәрежеде бо-
лып табылады деген мәселелерге бір емес, әлденеше моно-
графия арналуға тиіс екені даусыз. Біздің бұл зерттеуіміз сол
көп зерттелмек дүниелердің бір ғана бөлімі – Абай негізін
салған жаңа жазба әдеби тіліміздің XIX ғасырдың II жар-
тысындағы лексикалық құрамы мен грамматикалық сипатын
танытуға арналады.
69
II ТАРАУ
_______________________
АБАй шығАРМАлАРы Тілінің лЕКСИКАСы
Зерттеу объектіміз туралы
(кішкене кіріспе)
Абай творчествосының дені – поэзия. Демек, ақын лекси-
касын сөз еткелі отырмыз (әрине, «Қара сөздерді» қалдырып
кетпесіміз белгілі). Жалпы ақын лексикасын – поззия тілінің
сөздік құрамын негізгі үлкен екі тұрғыдан зерттеуге болады.
Өлеңмен жазылған шығармада жеке сөздер мен сөз тіркестері
белгілі бір көркемдеу міндетін атқарып тұрады: біреулері эпи-
тет болып, бір затты (нәрсені, адамды) анықтап, суреттеп, бей-
нелеп тұрса, енді біреулері оны басқа бір нәрсеге теңеп тұрады.
Сондай-ақ сөздер әсірелеу, мағына ауыстыру т.т. сияқты
поэтикалық сан алуан тәсілдерге қажетті материал болып
келеді. Бұл – лексика топтарын көркемдеу қызметін атқаруына,
яғни поззия мүддесін өтеуіне қарай талдау болады. Атап
айтсақ, белгілі бір ақын өлеңдеріндегі эпитет, теңеу, тропа, фи-
гура т.б. тауып көрсету болады. Мұны қазақ филологиясында
поэтикалық, кейде поэтик тіл деп атап жүрміз. Бұл – бір. Екінші
тұрғыдан келсек, поэзия лексикасын лингвистикалық жағынан
талдау бар, яғни жалпы белгілі бір тілдің лексикалық құрамы
сияқты, белгілі бір ақын шығармаларының сөздік құрамын да
сөздердің тілдік тегіне қарай (төл сөздер немесе өзге тілдерден
енген кірме сөздер), актив-пассивтігіне қарай (архаизмдер,
неологизмдср және сол кездегі актив сөздер), әлеуметтік-
диалектілік құрамына қарай (жалпыхалықтық сөздер, диалек-
тизмдер, кәсіби сөздер мен терминология, жаргондық сөздер)
ажыратып зерттеуге болады. А.И.Ефимовтың ұсынуы бой-
ынша, көркем шығарма лексикасын классификациялаудың ең
бір ұтымды, қажет түрі – семантикалық-стилистік принципті
қолдану. Көптеген сөздердің «стильдік паспорты» болады.
Жазушы (ақын) өз творчествосында ең алдымен сөздің
70
мағыналық (семантикалық) көлемі мен стильдік өзгешелігін
пайдаланады.
Сөздік құрамның дамуына әсер ететін факторлар – қоғам-
ның әлеуметтік құрылысының өзгеруі, өндірістің, мәдениет-
тің, ғылымның дамуы болып табылады. Атап айтсақ, әлеумет-
тік құрылыстағы өзгерістер қоғамдық-публицистикалық сипат-
тағы сөздер тобын өзгертеді, ғылым дамыса – ғылыми термино-
логия туып дамиды, өндіріс дамуы – кәсіби техникалық сөздер
сериясын молайтады. Қысқасы, жазушы (ақын) тіліндегі осы
көрсетілген лексикалық топтар мен серияларды таңдап алып,
талдау қажеттігі туады
67
.
Біз Абай тілі лексикасын талдаудың қажеттілігіне, бір
жағынан, соңғы айтылғандарды нысана етсек, екіншіден, қазақ
әдеби тілі тарихында Абай тілінің алатын орны мен рөліне
қарай туатын өзгешеліктерді де ескердік.
Ең алдымен, Абай шығармаларының сөздік байлығын
тегіне қарай талдау өте қажет деп табамыз. Әрине, барлық
кезеңдегі барша жазушының сөздік құрамын генетикалық
принциппен талдау қажеттігі жоқ екенін зерттеушілер дұрыс
көрсетеді. Мысалы, қазіргі жазушылардың, айталық, Горький
шығармаларының тіліндегі сөздерді мынасы гректікі, мы-
насы латындікі, мыналар немістен т.т. деп талдау объектісі
етудің қажеттігі қанша?
68
. Сол сияқты, бізде де қазіргі заман-
дас жазушыларымыздың (немесе ақындарымыздың) біреуінің
сөздік құрамын мына тобы араб-парсынікі, мыналары – орыс
тілінен, мыналары – грек, латыннан, аналары ағылшыннан т.т.
деп талдап зерттеудің қажеттігі болмас еді, өйткені қазіргі жа-
зушыларымыз осы күнгі жазба әдеби тіл нормасын пайдалана-
ды және бұл қабаттар қазіргі қаламгерлердің барлығына тән.
Осы күнгі әдеби тіліміздің бүкіл лексикасының генетикалық
қабаты аян болғандықтан, оны қайталап, жазушы басы сай-
ын түгендеудің қажеті жоқ. Ал Абай, Ыбырайларға келетін
болсақ, бұл мәселеге басқаша қарау қажет. Абай – осы күнгі
әдеби тіліміздің негізін қалаушы болса, яғни ең тұңғыш нор-
масы, бастамасы болса, сол бастаманың сөздік байлығының
67
Ефимов А.Н. О языке художественных произведений. - М., 1954. - 124-б.
68
Сонда. - 121-б.
71
генетикалық құрамы қандай дегенді білу аса қажет. Мұны
білу үшін логика заңы бойынша Абай лексикасының тектік
(генетикалық) құрамын талдап, зерттеу керек. Қазақ жазба
әдеби тілі лексикасының XIX ғасырдағы, әсіресе II жарты-
сындағы, генетикалық қабатын айкындаудың тағы бір маңызы
– сол кездегі қазақша кітаби тіл проблемасына байланысты ту-
ады. Бұл – принциптік мәселе. Және бұл фактіні құр тізіп қана
қоймай, осы талдаудан мүмкіндігінше «Қазақ тілі сөздігінің
тектік құрамы жағынан Абайға дейінгі сипаты нендей еді?»,
«Абай қай қабатты негіз етті?», «Абайда араб-парсы неме-
се орыс сөздері қабаты қандай?» деген сияқты жайттарды
анықтау қажеттігі туады.
Сондай-ақ Абай лексикасын ондағы сөздердің көне, жаңа-
лығына қарай талдап суреттеудің де қажеттігін көреміз. Осы
талдау арқылы Абай тұсындағы жалпыхалықтық әдеби тілде
заманына орай қандай сөздердің қолданудан шығып қалғанын
немесе шыға бастағанын табу мүмкіндігі туады. Ксрісінше,
Абайдағы жаңа сөздерге қарап, сол кездегі жалпыхалықтық
нормада қандай элементтердің болғанын және Абайдың өзі
тілге қандай сөздер қосқанын табамыз.
Абай шығармаларының сөздік құрамын қоғам құрылысына,
әкімшілік пен заң системасына, сауда-саттық пен оқу-ағартуға
т.б. қарай жіктеп, талдау арқылы ақынның өз басының сөздік
байлығын ғана емес, өткен ғасырдың II жартысындағы қазақ
халқының бүкіл әлеуметтік, саяси, экономикалық және мәдени
өмірінің тілдегі көрінісін табамыз. Оның үстіне Абайдың бұл
қорды қалай екшеп пайдаланғанын танимыз.
Осындай классификациялап талдауымыздың барлығы –
Абай шығармаларының идеялық-тематикалық мазмұнымен
тікелей қабысып жатуға тиісті жайттар. Оның үстіне Абай
лексикасын жоғарыда көрсетілген тарамдарға бөліп таныға-
нымызда жазушының өзіне тән ерекшеліктері мен өзгеше-
ліктерін де айқындап отыруға тиіспіз. Бірақ бұл кітаптағы
негізгі мақсатымыз – Абайдың стильдік ерекшелігін тану
емес, керісінше, көбінесе ұлы жазушы тіліндегі жалпылама
қолданылатын, яғни барлық стильге де қатысты сөздерге ана-
лиз жасау.
72
Сөйтіп, ең алдымен, Абай шығармалары сөздігінің гене-
тикалық (тілдік) құрамын араб-парсы сөздері, орыс сөздері
және төл сөздерге бөліп әңгіме етеміз. Әрі қарай төл сөздердің
өзін актив, пассив топтарға (архаизм, неологизм) бөліп қарас-
тырамыз. Ең соңында Абай шығармалары тілінің лексикасына
(негізінен, төл сөздер қабатына) тематикалық классификация
жасаймыз, яғни оларды XIX ғасырдың II жартысындағы қазақ
халқының әлеуметтік, экономикалық және мәдени өмірінің
тілде ізін қалдырған елеулі салаларына қарай жіктейміз.
Абай шығармалары сөздігінің тілдік қабаттары
Абай лексикасын генетикалық тұрғыдан талдағанда,
негізінен, үш қабаттан тұрады деп табамыз. Олар: қазақтың төл
сөздері (яғни түркі тілдік), араб-парсы сөздері, орыс сөздері.
Бірқатар зерттеушілер қазақ, қырғыз тілдерінің сөздік құрамын
тілдік тегі жағынан талдағанда, төртінші қабатты – монғол
сөздерін атайды
69
. Бертінгі дәуірлердегі жеке қаламгердің тілін
әңгімелегенде, біздіңше, бұл қабатты арнайы бөліп шығармаса
да болатын тәрізді. Өйткені бұл тілдердегі монғол элементтері,
түркі-монғол туыстығы теориясын былай қойғанда және
осы күнгі әрбір түркі тілінің өз алдына жеке бөлініп кеткен
дәуірлерінде енген деп есептегеннің өзінде, олар – негізінен
қазақ, қырғыз тілдеріне ерте дәуірлерде енгендер. Абай дәуірі
тәрізді күні кешегі ХІХ ғасырдың ІI жартысында қазақ тілі
құрамындағы, оның ішінде жеке ақын-жазушылар тіліндегі
монғол сөздері – тілге әбден сіңісіп кеткендер. Көптеген араб,
әсіресе, парсы сөздері тәрізді, монғол сөздерінің де тектік
белгісі не фонетикалық, не семантикалық жағынан төл эле-
менттерден ажыратылмайтын дәрежеге жеткен. Сондықтан
кейбір лексикологтарымыз монғол тілдерінен енді деп есеп-
теп жүрген аян, баян, байсал, қарыз, кедергі, келеке, тұлға,
соны, сонырқау
70
сөздері Абай текстерінде бар бола тұрса да,
69
Юнусалиев Б. М. Киргизская лексикология. - Ч. I. - Фрунзе, 1959. - С.209-219.
70
«Көне қырғыз тілдері (қырғыз, алтай тілдері мен хакас, тува, шор тілдерінің
негізі болған диалектілер) тобындағы сонун сөзі монғолдың «жаңалық, жаңа
хабар, газета, жаңа, қызықты» мағыналарын беретін сонин сөзінен алынған, – дей
келіп, Б.Юнусалиев, – осы түбірден жасалған сонурқа сөзі қырғыз, алтай, монгол,
73
біз оларды өз алдына қабат етіп шығармадық. Өзге өлкелер-
ге қарағанда, Абай туып-өскен жер монғолдарға бір табан
жақын тұрғанмен, бұл күнде немесе Абай тұсында монғол
тілінен қазақ тіліне немесе оның шығыс говорларына
жүйелі түрде ауыс-түйіс болып жатқан лексикалық қабатты
аңғармаймыз.
Араб-парсы сөздері
Сөйтіп, Абай сөздігіндегі шығыс тілдері элементтері деген-
де, араб пен парсы тілдерін көздейміз де, көп ретте ол екеуін
бөлек-бөлек қарамай, араб-парсы немесе шығыс тілдері деп
атап отырамыз.
Абай тілінде орын алған араб-парсы сөздерін бірнеше
тұрғыдан қарап талдауға болады, яғни оларды біз:
1. жалпыхалықтық тілге енген уақытына қарай,
2. қамтитын тақырыбына қарай,
3. қолданылатын әдебиет жанрына қарай,
4. қолданылу мақсатына қарай,
5. фонетикалық-грамматикалық тұлғалануына қарай,
6. жалпыхалықтық және жазба әдеби тілге енуіне (сіңі-
суіне) қарай,
7. лексика-грамматикалық сипатына қарай (жеке соз, тіркес
немесе сөйлем) талдаймыз.
Бұл классификацияны шартты түрде өзіміз жасап отыр-
мыз. Көрсетілген топтардың кейбіреулері (1, 2, 3, 5, 6) жал-
пы тілге қатысты болса, енді біреулері (2, 4, 7) жеке жазушы
тілін зерттеуден туып отыр. Абай лексикасындағы араб-парсы
қатары түгелімен неологизмдер емес екені аян. Олардың едәуір
бөлігі қазақтың жалпыхалықтық тіліне сіңісіп, қалыптасып,
ертеден қолданылып келе жатқандар. Н.К.Дмитриевтің түркі
тілдерін арабыланған (арабизованные) және арабыланбаған
бурят-монғол тілдерінде бар да, өзге түркі тілдерінде, оның ішінде қазақ тілінде
де жоқ», – дейді (Аталған еңбек. 214-215-б.). Сонурқа сөзінің қырғыз тіліндегі
беретін мағынасы «интересоваться, удивляться, поражаться, увлекаться, считать
что-либо необычным» (Сонда, 215-б.). Бұл осы мағынада қазіргі қазақ тілінде де
бар екендігін «Түсіндірме сөздік» те, Абай тілі де көрсетеді. Абайдың: «Тойған
есек шөпті оттап маңайдағы, Сонырқап шатқа кетті қай-қайдағы» (II, 127)
дегеніндегі сонырқау етістігі «увлекаться» ұғымын береді. Сондай-ақ соны түбірін
де Абай пайдаланған: Соныға малды жайып күзетіндер (I, 74).
74
(неарабизованные) деп екіге бөлгені бойынша
71
қарасақ,
біздіңше, қазақ тілі алғашқы топқа әбден жатады. Өйткені ис-
лам діні етек жайған XIX ғасырда ғана емес, одан да көп бұрын
қазақ тілі сөздік құрамында қыруар шығыс сөздері болғаны
аян. Әсіресе тұрмыс-шаруашылыққа қатысты парсы сөздері
ену мерзімі жағынан барлығынан да бұрынғы, әріректегі топ
тәрізді. Мұндай тілдік құбылыстан дәлел ретінде Б.Юнусалиев
иранизмдердің ішінде түркі сөздеріне тән жұрнақтарды
жалғаған түрлерінің кездесетіндігін келтіреді. Мысалы, осы
пікірдің авторы келтірген қырғыз тіліндегі демік (дем + ік),
қассын (қас + сы + н), шексин (шек + си+н)
72
сөздерінің ана-
логияларын қазақ тілінен де табуға болады: демігу (дем + ік),
батыс говорларындағы жанығу (жан+ық), зораю (зор + ай)
дәлелін біз әбден қоштаймыз. Екіншіден, проф. С.Д. Асфандия-
ров өте бір қызық пікір айтқан-ды. Ол кісі: «Каспий теңізінің
солтүстік-шығыс жағалауы мен Әмудария, Сырдарияның
төменгі жақтарын мекендеген массагеттер, сірә, иран тілдес
көшпелі тайпалар болған болулары керек, олармен іргелес
отырып, тығыз қарым-қатынаста болған Қазақстанның сол-
түстігі мен шығысын жайлаған түркі-монғол тайпалары иран
сөздерін сол тұстан бастап тіліне енгізген болар», – дейді. Өз
сөзімен айтсақ: «В современном казахском языке наблюдается
наиболее большего количества персидских слов, совершенно
ассимилировавшихся и, по-видимому, проникших в язык в
очень далекое время»
73
.
Қазақ тіліндегі парсы қабатының белгілі бір тобының,
әсіресе тұрмыс-шаруашылыққа қатысты сөздердің қазақша
(түркіше) дублеттерінің қазірде болмауы да бұлардың өте
ертеден сіңісіп, өзге параллельдерді тілден ығыстырғандық-
тарының үшінші дәлелі тәрізді.
Сөйтіп, қайткенде де, Абай лексикасындағы парсы-иран-
дық дұшпан, дос, кедей, дүние, баға, пайда, жан, сауда, сауда-
гер, базар, пұл (бұл), тар азы, дерт, шаруа, өнер, зиян тәрізді
71
Дмитриев Н.К.Арабские элементы в башкирском языке // Записки Коллегии
востоковедов. - Т. V. - 1930. - С. 119.
72
Юнусалиев Б.М. Көрсетілген кітап. - 222-б.
73
Введение исторического и биобиблиографического характера // Прошлое
Казахстана в источниках и материалах. Под редакцией проф. С.Д. Асфандиярова и
проф. П.А.Кунтс. - Алма-Ата, - М., 1935. - С.11.
75
зат есімдер, арзан, майда, таза, зор тәрізді сын есімдер – әбден
сіңісіп, қазақтың төл сөзі болып кеткендер. Олар – жалпы-
халықтық нормадағы сөздер, яғни қазақтың кең байтақ даласы-
на тегіс тараған, барлық жерде түсінікті және көбінесе барлық
жерде бірдей мағынада (мағынасы кейін екіге бөлінген пұл
тәрізді бірен-сараны болмаса) қолданылып келе жатқан лексе-
малар. Оған дәлел – бұларды Абайға дейінгі ақын-жыраулар
текстерінен де, кейбіреулері XIX ғасырда жырланғанына неме-
се жазылып алынғанына қарамастан, о бастағы негізін сақта-
ған ауыз әдебиет үлгілерінен де молынан кездестіреміз.
Сондай-ақ Абайға дейінгі қазақ тіліндегі араб қабатының
бірсыпырасы – жалпыхалықтық тілге ертеректе еніп, қалып-
тасып, сіңісіп кеткендер. Олардың өзін жалпылап екі топқа
бөлуге болады: ислам дініне қатыстылары және дінге қатыс-
сыздары. Бұл екі топтың қай-қайсысы да XIX ғасырға дейін-
ақ қазақ лексикасында айтарлықтай орын алғанын зерттеуші
лексикологтар көрсетеді.
XVIII ғасыр мен XIX ғасырдың I жартысында, орта тұсында
жасаған қазақ ақын-жырауларының тілінен және ауыз әде-
биеті үлгілерінен дінге қатысты бірқатар араб сөздерін таба-
мыз. Мысалы, Бұқар жырауда: пұсырман, қыдыр, арсы-күрсі,
қыбла, сәлде, ахрет, Алла, молда, иман, мешіт, кебе, намаз,
фани; тақырыбы діннен мүлде қашық жауынгер ақын Ма-
хамбетте: фәни, құрбан, садаға, Алла, ақы; оның үлгісін әрі
жалғастырушы Шерниязда: молда, дұға, аруақ, құрбан т.б.
сөздерді ұшыратамыз.
Аса ынталы мұсылмандар болмаса да, қазақтардың сөйлеу
тәжірибесіне ислам дінінін әр алуан ритуалдарына (намаз,
ораза, дұға, қайыр, садақа, құрбан) қатысты сөздер, дін иеле-
рінің аттары (молда, сопы т.б.) және басқалары ерте кезден
бастап-ақ кіре бастағаны көрінеді. Ал дінге қатыссыз сөздер-
ден көбінесе абстракт ұғым атаулары да Абайға дейінгі
нұсқаларда едәуір бары байқалады. Дәулет, бақ, несібе, несіп,
уағада, уәде, пейіл, айбат, арам, адал, амал, құрмет, ар, абы-
рой, сабыр, әлем, ажал, уақыт, мезгіл, мақұл, мысал, өмір т.б.
сияқты көптеген сөздер халық тілінде актив қолданылғанды-
ғын XVIII-XIX ғасыр қазақ ақындарының шығармалары мен
ауыз әдебиеті үлгілері көрсетеді.
76
XVIII ғасырда, әсіресе оның II жартысына дейінгі кезеңдерде
қазақ тіліне енген араб-парсы сөздерінің басым көпшілігін
Абай өз шығармаларында: өлеңдерінде де, прозасында да ак-
тив пайдаланған.
Абай кейбір өлеңдерінде және «Қара сөздерінде» теология
тақырыптарын әңгіме етеді. Соған орай ислам дініне қатысты
сөздердің ең алдымен халық тіліне бұрыннан енгендерін
қолданады. Бейіс, бенде, иман, ахирет, аят, әруақ, тәубе,
пәни, Алла, молда, сопы тәрізді арабизм-фарсизмдерді Абай
жалпыхалықтық тілден алғаны хақ. Және бұларды тек дін жай-
ын сөз еткен жерлерде емес, орайы келгенде өзге азаматтық
тақырыптар ішінде де қолданады. Ислам діні атауларын бірер
жерде басқа дінге қатысты ұғымдар үшін де қолданады. Мы-
салы, орыс тілінен аудармаларында христиан дініндегі мо-
нах дегенді сопы деп алады: Ол монастырь – сопылар тұрар
жері (II, 150). Тегі, бұл жерде сол кездің қазақ оқушысы үшін
бірнеше бейтаныс орыс сөздерін қатар келтіруден қашып,
мүмкіндігінше мағынасы жуық сөзді пайдаланған. Бірақ
мұндай факт көп емес. Абай қазақта жоқ орыс тілінен келген
ұғым атауларын қазақшалап немесе арабша-парсышалап беру-
ге тырыспаған.
Бұрыннан жалпыхалықтық тілде қалыптасқан шығыс сөз-
дерінен сан жағынан Абайда көбірек пайдаланылғаны – дінге
қатысы жоқ атаулар. Дәулет, амал, қадір, құрмет, бақ, күмән,
ар, абырой, пейіл, несіп, уақыт, мезгіл, қаһар, шара, хал, зейін,
ақыл, дәурен, айбат, даңқ тәрізді абстракт ұғым атаулары
мен сын-сипатты білдіретін момын, арам, адал, мәлім, риза,
әділ, мақұл, залым, бекер сияқты шығыс сөздерін, сондай-ақ
оқу-мәдениет саласына қатысты хат, қалам, сия, көлем (сөз),
ғалым ~ әлім, ғылым сөздерін де, бейбақ, байғұс, пақыр, мей-
ман, дұшпан, дос, әйел, зайып, данышпан, әскер, қызметкер
тәрізді адамды әр алуан жақтан білдіретін сөздерді де Абай
еркін және актив қолданған. Бұл көрсетілген сөздер түгелімен
дерлік Бұқар, Шал, Махамбет, Шернияз
74
ақындарда да, Абай
74
Бұл фактілер осы төрт ақынның «XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ ақындарының
шығармалары» атты 1962 жылғы жинақта жарияланған текстерінен алынды. Біз
бұл төртеуін алғанда, Абайға дейінгі қазақ әдебиетінің өкілдері тек осылар ғана
77
тұстастарында да мол кездеседі. Демек, бұлар – Абайға дейінгі
кезеңдерде-ақ халық тіліне сіңген, жалпылама қолданыста
жүрген, қазақ тіліндік болып кеткен сөздер.
Абайдағы абстракт ұғым атауларының бірсыпырасы осы
көрсетілгендей, бұрыннан қалыптасқан шығыс сөздері: ар,
абырой, мейір, нала, парыз, нәпсі, қаһар, қиял, құдірет, дәурен
т.б. Абстракт атаулардың біразы өзгелердегі тәрізді, Абайда да
- лық, -шылық жұрнақтары арқылы тілге сіңіскен араб-парсы
түбірлерінен жасалған: зұлымдық, қапалық, тәкаппаршылық,
адамдық, адамшылық, мейірбандық, әділеттік, әділетсіздік
т.т.
Абай тіліндегі жалпыхалықтық қолданыстан алынған
шығыс сөздерінің 2-3 белгісін көрсетуге тура келеді. Ең алды-
мен, қазақ тіліне Абайға дейін қалыптасып, орын тепкен араб-
парсы түбірлері Абайдан бұрын да, Абайдың өзінде де қазақ тілі
жұрнақтары арқылы жаңа сөздер жасайды. Мысалы, бұрыннан
бар адалдық, арамдық, әділдік, адамдық, достық, дұшпандық,
қорлық, зорлық тәрізді есімдер де, Абай текстерінде активтен-
ген немесе жаңадан жасалған асықтық ~ ғашықтық, арлылық,
мейірбандылық, рақымдылық, қапашылық, Құдайшылық т.б.-
ның түбірі – жоғарыда көрсетілген сіңісті, түсінікті сөздер.
Тілге ертеректен енген шығыс сөздерінің грамматикалық
және тұрақты тіркес жасау қабілетін Абай жақсы пайдаланады.
Баға қылу («бағалау, жоғары көтеру»: Маманды рулы елге баға
қылған – «Айман-ІІІолпан», 1957), бәс кесу (Сексен байталға
бәс кесіп – «Қыз Жібек», 1963. 43), пейілі тарылу, сәлемге келу,
ары төгілу, шайтан сөзі, пейілінен табу, насихат сөз, ғашық
оты – ашық оты, уағдадан жылысу, уағдада тұру, қаза келу,
кәр қылу т.б. тәрізді тіркестер Бұқардан бастап XIX ғасыр
ақындарында, фольклорлық үлгілерде актив қолданылған.
Абай осылармен қатар араб-парсы сөздерін қатыстырып
бірнеше жаңа фразеологиялық және грамматикалық тіркестер
жасайды. Мысалы, ғашықтық жарасы (бұрынғы ғашық оты
~ ашық оты дегеннің үлгісімен), Хаққа мүлгу, қалың қайрат
табу, ғылым оқу, ғылым бағу, ғылым іздеу тәрізді тіркестер
деп есептеуден, әрине, мүлде аулақпыз. Бұларды мысал үшін ғана таңдап, материал
жинадық, Абайға дейінгі күллі ақын-жыраулар сөздігін сүзіп шығуға әзірге
мүмкіндігіміз болмады.
78
жасап, оларды өте жиі қолданады: Ғылым таппай мақтанба
(I, 44). Сол малды сарып қылып ғылым табу керек (II, 168).
...Ғылым тапқандардың жолына... (II, 164). Бұл – «білімді болу,
оқу» мағынасындағы тіркес. «Білім алу, оқу» мағынасындағы
ғылым оқу да осындай: Ғылым оқып ой таппай (I, 58). Ғылым
оқып білгенше (I, 182). Бұрыннан қазақ тіліне сипатты ел бағу,
балаларды бағу дегендердің қатарына Абай ғылым бағу, дін
бағу, ғылым іздеу деген жаңа тіркестер қосады: Ғылымды
іздеп, Дүниені көздеп (I, 92). Терең ой, терең ғылым іздемейді
(I, 67). Соңғы тіркес – еркін грамматикалық тіркес, әр компо-
нент – өз мағынасын беріп тұрғанмен, ғылым сөзінің тіркесу
аясын кеңітіп көрсететін фактілердің бірі.
Үшіншіден және ең негізгісі, қазақ лексикасына орныққан
кейбір шығыс сөздері көп мағыналық сипатқа ие болады. Бұл
белгі әсіресе Абайда күшті сезіледі, Абай бір алуан араб-
парсы сөздеріне үстеме мағына немесе семантикалық реңк
береді. Мысалы, қызмет сөзі – қазақ тілінде Абайға дейін-
ақ 2-3 мағынаны білдіре бастаған сөз. Біреулерге ілтипат
көрсетіп, белгілі бір міндет атқаруды қызмет, қызмет
істеу, қызметінде болу, қызмет қылу, қызмет шегу тәрізді
тіркестермен білдірген: Қызметін қайын жұрттың көрді
дейді («Қыз Жібек», 1963. 23). Қызмет шегіп жүгірді Кел-
мембет ердің жолында («Қамбар», 1957. 67). Екі қолын
қусырып Үлкенге қызмет қылады (Дулат, 61). Қызмет ету
(істеу, қылу) тіркесі «біреуге жұмыс істеу» (көбінесе тәуелді
түрде) мағынасын да білдірген: Бай кедейді көрмейді...
Қызметін бір күн қылмаса, Майлы сорпа бермейді (Шор-
танбай, 156). Абайда қызмет сөзінің осы мағыналары да
кеңінен қолданылған. Әбдірахманның әйелі Мағыштың аузы-
на: Тым болмаса қызмет қып, Өткізбедім қасымнан (1, 190)
деген сөзді салғанда, қызмет сөзі «міндет», «күту, «бағып-
қағу» мағынасында келсе, байларға қызмет қыл (I,52) де-
ген тәрізді жерлерде күнкөріс үшін жұмыс істеу мағынасын
береді. Бұл екеуімен қатар Абай қызмет сөзін 3-мағынада
пайдаланады: ол – қызмет сөзінің «әскери және әкімшілік
орын» деген ұғымы, орысша «служба» мағынасы: Баламды
медресеге біл деп бердім, Қызмет қылсын, шен алсын деп
79
бермедім (I, 25) дегенінде қызмет қылу–«патша үкіметінің
әкімшілік органында жұмыс істеу» дегенді білдіреді. Сондай-
ақ: ...Қызметке, болыстық, билікке таласу (II, 159) дегендегі
қызмет – жергілікті әкімшілік орны. Кей жерлерде жазушы
оязға қызметету немесе военный қызмет деп осы сөздің
мағынасын тіпті айқын береді: Военный қызмет іздеме
Оқалы киім киюге (I, 52). Қызмет қылма оязға Жанбай жа-
тып сөнуге (I, 52).
Бұл сөздің жеке адамдардың арасындағы қарым-қатынасын
білдіретін тар мағынадан адамдар мен үкімет арасындағы
қарым-қатынасты белгілеуге көшуі – Абайда (және ішінара
өзгелерде) кейбір сөздерді көп мағыналы ету фактісінен туған.
Сондай-ақ өнер деген қалыптасқан арабизмді Абай бірнеше
ұғымда жұмсайды. Өнер сөзі қазірде «искусство» мағынасында
тұрақталған. Ал Абайда ең алдымен бұл сөз «кәсіп, про-
фессия, қызмет» ұғымын береді: Оқудан шыға ұстады ата
өнерін (I, 271). Осының алдында: Кәсібін күннен-күнге Тәңірі
оңғарған (I, 270) деген жол бар. Бұл жердегі өнер – «кәсіп».
Арабша харекет сөзі де осы екеуіне синоним болып келеді:
Атаның харекетін ұстай алды (I, 271). Хош, қорықты елің,
Қорқытқан сенің өнерің қайсы айтып бер (I, 91) дегеніндегі
өнер – «іс-әрекет, қызмет». Қылып жүрген өнері харекеті –
әрекет (I, 60) деген жолдардағы өнер, харекет, әрекет деген
үш арабизм – өте бір қызық келтірілген семантикалық шоғыр.
Үшеуі де бір-біріне синоним болып түседі, дәл осы жерде
өнер мен харекет сөздері жалпы «кәсіп, іс-әрекет» дегенді,
ал әрекет варианты «жағымсыз іс-әрекет» дегенді білдіріп
түр. Бұл – Абайдың халық тіліне енген шығыс сөздерін көп
мағыналы етіп қолдануының өте бір сипатты фактісі. Өнер
сөзінің таза «кәсіп, іс-әрекет» мағынасында келтірілгеніне:
Қажеке, молдеке аталмақ үшін өнер қылып едіңдер (I,191)
деген сөйлемі де мысал болады. О дүниеге барғанда Құдай
тағаланың алдында жауап беретін қажы, молда, сопы, жомарт,
шейіттердің бұл дүниеде істеген істерін Абай өнер қылдыңдар
дегенінде, әрине, өнер сөзі қазіргідей «көркем өнер (искус-
ство)» ұғымында емес, тіпті жағымсыз іс-әрекет мағынасында.
Өнерсіз шатылған Кісіге сән бе екен (I, 215) дегендегі өнер де –
80
«кәсіп, қызмет, еңбек ету» мағынасындағы сөз. Сонымен қатар
өнер арабизмінің Абайдағы тағы бір мағынасы осы күнгідей
«шеберлік» («искусство»): Гомердің бейітшілігі, Софоклдің
трагедия жазатындығы, Зевскистің суретшілігі туралы айтып
келіп: Онан басқа өнерлері әшкере болған жандар дегенінде
бұл жердегі өнер нағыз искусство, шеберлікті білдіреді. Абай
орыстың өнерлері (II, 158) деген қолданыста бұл сөзбен
«шеберлік» ұғымын да, «кәсіп» ұғымын да қоса беретін
тәрізді, өйткені әрі қарай: Үлкен байлар да (демек, әр алуан
кәсіппен байығандар), үлкен молдалар да (демек, оқығандар),
ептілік, кырмызылық, сыпайылылық (демек, бұл үшеуі – ис-
кусство – шеберлік түрлері) бәрі соларда (I, 158) деген сөйлем
бар. Өнерге салды бұл аңыратып (II, 127) – мұнда да өнер –ис-
кусство. Өнер сөзін «жалпы шеберлік» немесе «жалпы кәсіп»
мағыналарында қолданған Абай «ремесло», яғни «белгілі бір
қол шеберлігін кәсіп ету» деген ұғымды қолөнер деп айырып
береді: Егерде мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Алдау
қоспай, адал еңбегін сатқан қолөнерлі – қазақтың әулиесі сол
(ІІ, 188). Сірә, осы мағынадағы қазіргі қолөнер деген сөзіміздің
түп төркіні Абай кезеңінен (мүмкін, тіпті Абайдың өзінен)
алынған болса керек.
Абай тұсындағы және оған дейінгі әдеби тілде өнер сөзінің
«шеберлік» мағынасы басымырақ болған. Біздің қолымыздағы
әзірге жиналған мысалдар осыны көрсетеді. «Өнер алды –
қызыл тіл» деген мақалдан бастап, ауыз әдебиет үлгілеріндегі:
Шығады әртүрлі өнер Айман жастан («Айман-Шолпан», 1957,
29); Мәлім болды батырға Ақылмен өнер іс етіп («Қамбар»,
1957. 50) деген жолдарда және Ильминскийдің өнербет (ис-
куссный) деп көрсетуіне қарағанда, өнер сөзі «шеберлік»
мағынасымен ұштасады.
Сөйтіп, Абай өнер сөзінің де мағынасын көбейтеді және осы
мағыналарда қолданылуын активтендіреді. Қызмет пен өнер
сөздерінің қатарына харекет, амал сөздерін де қосуға бола-
ды. Абай харекет арабизмін әрекет вариантынан бөліп алып,
«еңбек, кәсіп, жұмыс» мағынасында жұмсайды. Амал сөзі Абай
текстерінде «тәсіл» және «айла» деген екі жақын семантикаға
81
ие. Сөйтіп, тілге бұрыннан сіңген шығыс сөздерінің үшінші
белгісі полисемантизм болса, оның активтену тенденциясы
Абайда күшті сезіледі.
Хат, сурет сөздері де осындай көп мағынаға ие болған.
Хат Абайда: 1) «адамдар арасында жазылатын хабар» («пись-
мо»); 2) жалпы «жазу»; 3) хат тану тіркесінде «сауат ашу,
сауатты болу» мағыналарында жұмсалған. Мұның үшеуі
де жалпыхалықтық тілде бұрыннан бар болғанмен, оның әр
мағынасында айқындалып, нормалануы Абайдың үлесіне
тиеді. Мысалы, хат сөзінің осы күнгі «почтовое отправление
–письмо» мағынасы қазақша ресми-эпистолярлық қағаздар
тілінде мәктәбә, күтәпту, кітап және хат түрінде 3-4 сөзбен
берілген
75
. Ал халық тілінде алғашқы кезде хат сөзінің «жал-
пы жазылған нәрсе, жазу» мағынасы басым болған. Мысалы:
Неке қияр хат берсін («Қыз Жібек», 1963. 31). Жақсының
аты өлмейді, Әлімнің хаты (демек, жазғаны) өлмейді (Бұқар,
48). Шежіре туған адамның Көкірегі сызған хатпен тең (Ду-
лат, 56). Абай бірінші рет Татьянаның, Онегиннің хаттары деп
(Таңғажайып бұл қалай хат, Мағынасы алыс, өзі жас – II, 77;
Хатыңнан жақсы ұғындым сөздің бәрін – II, 80) бұл сөздің
мағынасын айқын бір білдірсе, Алматыда ауырып жатқан
Әбдірахманға өз атынан, Кәкітай атынан жазғандарын хат деп
атап (Зар хатым – бұл хатым – I, 168; Мен жазайын сізге хат
– II, 169), осы сөздің қазіргі мағынасын тұрақтандыра, беркіте
түседі.
Осы топқа қосылатын сурет сөзі өткен ғасырдағы жалпы-
халықтық тіл тәжірибесінде, сірә, көбінесе «бейне, кейіп»
мағынасында жұмсалғанға ұқсайды. Мысалы, «Қыз Жібек»
жырында Сансызбайдың кескін-келбеті Төлегенге ұқсай-
тынын: Төлегеннің суретін бойына қалай қаптаған (1963,
36) деп жырлайды. Сурет сөзінің қазіргідей салынған бейне
(рисунок, картина, написанная художником) ұғымын бірінші
қолданған Абай: Шайтанның суретіне есіктегі Бірқатар көзін
салып қарап тұрды (11, 151). Бұл – Лермонтовтың: «...рассма-
тривал дьявола, изображенного на овятых воротах» («Вадим»,
IV, 184) деген сөйлемінің аудармасы. Сондай-ақ әке кәсібін
75
Материалы по истории Казахской ССР. - Т. IV. - М.-Л., 1940.
82
ұстаған Әзім «қағазға өрнек жасап, сурет ояды» да, «харекетім
суретші, бояушылық» (II, 271), – дейді. Абайда осы суретші
деген туынды сөз «сурет салатын художник» мағынасында.
Абай сурет сөзін екінші мағынада және қолданады. Бұл да –
бұрынқазақ әдеби тілінде болмаған мағынасы. Ол белгілі бір
табиғат құбылысының, іс-әрекеттің, қимылдың т.б. суреті,
орысша «картина» дегенге сай келеді. Бүркіт салу тәрізді
қызықты аңшылық картинасын көз алдыңа келтіріп айтып-
айтып келіп (осы күнгіше айтсақ: суреттеп беріп), соңында:
«Ұқпассың үстірт қарап бұлғақтасаң, Суретін көре алмассың
көп бақпасаң» (I, 23), – дейді. Бұл сияқты «тұтас бір қимыл-
әрекеттің суреті» дегенді Абайдан бұрынғы ешкімнен
кездестірмейміз. Осы күнгі суреттеу («сипаттау, баяндау,
жан-жақты көрсетіп беру») сөзінің түбірі осы Абайдағы жаңа
мағынасынан шыққаны байқалады.
Қазірде архаизмдер тобына кеткен бірқатар шығыс сөздері
Абай тұсындағы халық тілінде актив элементтер болды.
Олардың дені – ислам дініне қатысты аят, күпірлік, ахирет,
пәни (жалған), құбыла, тағзым, сопы, имам, хазірет т.б. және
діни ритуалдардың атаулары болып келеді. Солардың бірі –
Құдайдың бірнеше атауы: қазақтың исламға дейінгі жалпы
түріктік Тәңрі-сі бар ма, парсының Құдайы-ы, арабтың Алла-сы,
Құдіреті-сі, Жаббар-ы, Расул-ы бар ма – барлығыда бұл кез-
де актив сөздер. Абай да оларды жатсынбай, синонимдік қатар
түзеп пайдаланады. Бір жерінде: Тәңрі қосқан жар едің сен (II,
85, салыстыр: халық тіліндегі Құдай қосқан қосағым) деп кел-
се, екінші жерде: Оған Құдай тағала айтып па, пәленшеден
тәуір болсаң болады деп (II, 177) дейді. Үшінші жерде: Алла
деген сөз жеңіл, Аллаға ауыз – жол емес (I, 214) деп арабша
атауын жиі қолданады.
Сөйтіп, Абай лексикасындағы шығыс сөздерінің елеулі
тобы – тілде шеттігі сезілместей болып ертеректе еніп сіңіскен,
қалыптасып орныққан лексемалар. Абай оларды шет көрмей,
жалпыхалықтық қордан алып пайдаланған. Бұлардың қазақ
тілінде етене болғандарының тағы бір белгісі – олар кез келген
қаламгерде, ауыз әдебиеті үлгілерінде жиі және еркін, кейде
83
тіпті кейбіреулері мағына үстеп қолданыла беруі. Сан жағынан,
бұлар – Абайда да жиі қолданылған сөздер
76
.
Тілге ену мерзімі жағынан қарағанда, араб-парсы сөздерінің
екінші тобы тағы бар. Олар – XIX ғасырдың ішінде, әсіресе
II жартысында еніп қолданыла бастаған немесе бұрыннан бар
болса да, осы кезеңде әртүрлі факторларға байланысты актив-
тене бастаған сөздер. Әрине, бұларды осы кезеңдікі деп әзірге
ешбір айна-қатесіз кесіп айту қиын, өйткені жоғарыда айттық,
бұл жұмыс, бір жағынан, XIX ғасырға дейінгі үлгілердің лек-
сикасын түгел регистрацияға алып, анықтауға байланысты
болса, екінші жағынан, бұл үлгілер көбінесе хатқа түспей,
ауызша жеткендіктен, соңғы жеткізушілер өз тұсындағы нор-
маларды қосып жіберіп шатастыратыны және бар. Дегенмен
жеке әрбір сөзге таласпай, жалпы алғанда, өткен ғасырда актив
қолданылған бір топ араб-парсы сөздерінің бары факт екенін
батыл айта аламыз.
Жоғарыда, кіріспеде атадық, Абай тұсында қазақ даласын-
да оқу-ағарту, кітап шығару сияқты құбылыстар бұрынғыға
қарағанда едәуір жанданды. Оның ішінде мұсылманша оқу Орта
Азия түркі халықтарының жазу дүниесіне тән элементтерді
активтендірді. Бұрынғы ақын-жырауларда қалам, қағаз, сия,
кітап, дәуіт, медіресе, шәкірт тәрізді таза оқу процесіндік
зат, адам атаулары некен-саяқ ұшырасса, ХІХ ғасырдың ІI
жартысындағыларда әлдеқайда жиі қолданылған. Мысалы,
Дулат пен Шортанбайда бұл саладан сызған хат, кітап, ғарап,
парсы (әңгіме тіл, оқу жайында), кітаптың тәмам болуы,
медресе, мешіт, мүфти, мәселе кітап тәрізді сөздер болса,
олардан кейінгі Ақан сері, Біржан, Майлықожа, Шәңгерей,
тіпті Сүйінбай, Шөжелерде осы сөздердің көбін кездестіреміз.
Ғалым ~ әлім, ілім ~ ғылым, сауат, насихат, нақлихат, мағына,
өсиет, бәйіт, ғибрат ~ ыбырат деген арабизм-фарсизмдер
де осы кездегі ақындарда, тіпті ауыз әдебиеті үлгілерінде
76
Қазақ тілін статистикалық тұрғыдан зерттеу ісінің қауырт қолға алынғанының
нәтижесінде, математиктер мен лингвист ғалымдар лексикалық құбылыстарды зерттеу
объектісі етіп отыр. Солардың бірі – математик Қ.Бектаевтың баспаға ұсынбақшы өте
қажет еңбегі – «Абай тілінің жиілік сөздігі» («Частотный словарь Абая»). Біздіңше,
бұл сөздік Абай лексикасына байланысты бірқатар мәселелерді анықтауға мүмкіндік
беретіні анық. Соның ішінде кірме сөздердің қолданылу жиілігін де осы сөздіктен дәл
білуге болады.
84
жиі қолданыла бастағаны байқалады. Әрине, бұлардың актив
қолданылуы барлық қаламгерлерде бірдей емес. Дегенмен ХІХ
ғасырдың ІI жартысындағы қазақ ақындарының көбі (кітаби
ақындар өз алдына) мұсылманша сауатты болған. Сондықтан:
Мәселе кітап шығардым. Кейінгі қалған пендеге деген Шор-
танбайда болсын; Кітап сөзін жатқа алып, мағынасын оның
білген ақынды ғана ақын деу керек деп өткен немесе: Тәмам
болды кітабым деп кітап шығарған Дулатта болсын; Азырақ
сөзді жазамын Сауатым осы болған соң деген Майлықожада
болсын, Азғантай мен жазайын ақыл дәптер деп өткен Ақан
серіде болсын; «Алла яр» жаздым, аға, Көлборсыдан деп
келген Шәңгерейде болсын – осылардың қай-қайсысында да
жоғарыдағыдай ғылым-білімге қатысты шығыс сөздерінің жиі
кездесуі олардың сауатты болғандықтарына және бұлтұста
оқу-ағарту ісінің едәуір жанданғанына тікелей байланысты.
Оқу-ағарту, мәдениет саласындағы кейбір арабизм-
фарсизмдердің активтене түскенін олардың ауыз әдебиеті
үлгілері тіліне енгені де дәлелдейді. О бастағы негізгі нұсқасы
(сюжеті т.б.) сақталғанмен, хатқа түскен кезеңінде үлкен «ре-
дакциялардан» өткен эпостық жырларға да хат, мәслихат,
кітап сияқты сөздер қосылған: Молдалар басы қосылса,
Мәселе кітап оқыр-ды («Қыз Жібек», 1963. 78). Отырған
мәслихат қып ақсақалдар (Сонда. 72). Ал біз талдап отырған
дәуірде туған «Айман-Шолпан» сияқты жырда сол кезде ене
бастаған арабизмдер тіпті мол: Хал мүшкіл жаздыруға қалам
хатқа («Айман-Шолпан», 1957, 23). Үкімге біздің айтқан
көнсін дейді (Сонда, 17). Ішінде әптиектің сабақ бар ды
(Сонда, 22). Омбының хат жазайын орысына (Сонда, 30).
Абай заманында біраз араб-парсы сөздерінің жоғының
еніп, барының активтене бастауына сол тұстағы кітаби
тілдің жандануы да әсерін тигізгсні сөзсіз. Кітаби тілде жыр-
ланған қисса-дастандар, біздіңше, біраз шығыс сөздерін
сол кездегі ауызекі сөйлеу тіліне де, қазақ әдеби тіліне де
енгізіп, орнықтырып кеткені сезіледі. Сондай-ақ шығыстың
атақты классиктерінің шығармаларын қазақша еркін аударып
жырлаған үлгілер көптеген діни емес мағынадағы арабизмдер
мен фарсизмдерді енгізіп, жалпыхалықтық және әдеби сөздік
85
байлығына қосқанын атаймыз. Мысалы, осы екі түрлі әдеби
нұсқалар біз әңгіме етіп отырған кезеңде бәйіт, дастан, қысса,
наме, дүлдүл, жамал, ділда, лағыл, гауһар-жауһар, ғажайып,
шәрбат, расул, сахаба, сүндет, махшар, перзент, пір, парыз
т.б. тәрізді сөздерді әкелген деп ойлаймыз. Және бұлардың
бірқатары қазіргі әдеби нормамызда көнерген, пассив элемент-
тер болғанымен, өткен ғасырдың II жартысында, әсіресе жазба
нұсқалар тілінде, едәуір актив сөздерболған.
Абай тіліндегі оқу-білім, ғылым, мәдениетке қатысты араб-
парсы сөздері «Оқу-ағартуға байланысты сөздер» және «Жаңа
сөздер» деген параграфтарда толық талданады.
Абай тұсында активтене бастаған шығыс сөздерінің ішінде
тек оқу-мәдениетке қатысты сөздер емес, соңғы көрсетілген
кітаби тіл мен шығыс классиктері әдебиетінің еркін аударма-
лары арқылы ене бастаған өзге сөздер де орын алады. Жазба
әдебиет түрлерінің арабша атаулары бейіт, қысса, намә деген
сөзді Абай сирек болса да пайдаланған: Бұл жазған сүңғатым,
Көңіл ашар бір намә (I, 168). Сондай-ақ діни ұғымдарға қатысты
күпір, асы (Аллаға асы,бейіске қашқын болып – II, 152), сурет
сөздері, діни ұғымдарға қатыссыз перзент, дүлдүл, шәрбат,
кесапат, тағзым сөздері кездеседі. Бұлардың бір ерекшелігі –
өте сирек қолданылғандығы.
Діни тақырыпты жырлайтын кітаби қиссалар арқылы халық
тіліне кіре бастаған перзент, перизат, дүлдүл тәрізді сөздерді
Абай қиссалардағыдай тура мағынасында емес, көбінесе ауы-
спалы мағынада жұмсайды. Бұл – принципті айырмашылық.
Мысалы, «бала» мағынасы ресми-эпистолярлық стильде де,
кітаби тілде де, көбінесе, перзент сөзімен берілген. Мысалы,
Нұралыханның 1785 жылы барон О.А. Игельстромға жазған
хатында өзінің балалары туралы: «...Өзіміздің ғизатлу фар-
зантларымызны иібәріп» – «чтобы я послал своих дорогих
детей...» деп жаздыртады
77
. Сондай-ақ қисса-жырлардың көбі
«төрт түлігі сай болғанмен, бір перзентке зар» болған ата-
ананың бала сұрап әулиелерге жалбарынатындарынан бастала-
ды. Бұл бастамалар да – «Баяғы өткен заманда, Дін-мұсылман
аманда» сияқты ислам дінінің салқынымен жазылған үгіт-
77
Материалы по истории Казахской ССР. - Т. IV. - М.-Л., 1940.
86
кіріспелер. Сондықтан бала, ұл емес, перзент.Оның үстіне
перзент сөзінде поэтикалық стиль элементінің сипаты да жоқ
емес. Ал Абай оны «бала, ұл» ұғымында қолданбайды, пер-
зент Абайда ауыспалы мағынада образ жасау үшін (Кавказдай
құзда туған перзенттенмін – II, 115) немесе: Уа, жүрегімнің
қуаты – перзентлерім (II, 194) тәрізді ауыспалы мәндегі
қаратпа ретінде қолданылған. Сол сияқты Абайдың перизаты
да – перінің қызы емес, кәдімгі Татьяна Ларина! Бұл сөзді Оне-
гин айтады: Ол – перизат, ойла, өзің біл, Не болады болса қор
(II, 77). Абайдың айдаһарыда адамзат, жан-жануарды жұтып
жатқан жыланмен қатар(поэмасында), ол –Терек өзенінің
толқыны! Насихат сөзіде – Абай тілінде «дүр жауһар аузы-
нан сөз шығарып, пайғамбардың сахабаға айтатын насихаты»
(мысалы, «Салсалдағыдай» киік етін жегім келіп отыр де-
ген, аппетитін білдіретін жай ғана сөзі) емес, осы күндегідей
көпшілікке айтылатын «үгіт сөзі»: Жігерлен, сілкін, қайраттан,
беркін деп насихат бергенде (I, 89). Осы ақылды кім үйренеді,
насихатты кім тыңдайды (II, 165). Насихат сөзі жалғыз Абай-
да емес, өзгелерде де соңғы мағынада қалыптаса бастаған. Мы-
салы, Шортанбайда: Насихат шашып кетейін Азғана сөзді ар-
тыма (151); Бір насихат айтайын, Тыңда мұны, балалар (156),
Майлықожада: Ақын-жыршы тоқталмаса, Насихат-үлгі сөз
бермей (200). Дулатта: Насихатты тындамас (61) т.т.
XIX ғасырдағы қазақша діни әдебиетте кездесетін араб-
парсы сөздерінің біразын Абай осылайша ауыспалы жаңа
мағынада қолданады да, қалған басым көпшілігін тіліне әдейі
жуытпайды. Өзі айтқандай «Әзірет Әлі, айдаһарсыз» жазған
Абай діни қиссалардың тақырыбын да, стилін де, лексикасын да
қабылдамағанын тілінен тануға болады. Қисса-дастандардағы
қырық шілтен, ғайып ерен, Баба түкті шашты Әзіз, сахаба,
жәбірәйіл, фарман тәрізді «жүрдек» сөздер Абайда жоқ, бар-
лары (мысалы, сахаба – бір рет) өте сирек немесе көбінесе ау-
ыспалы мағынада (мысалы, кәпір) қолданылған.
Оның есесіне Абай бір алуан шығыс сөздерін жиі пайда-
ланып, оларды қазақ тіліне енгізу әрекетін жасаған. Мысалы,
хикмет сөзін Абай 22 рет қолданыпты, бұл сөздің араб тілінде
үш түрлі мағынасы бар: 1) мудрость; 2) мудрое изречение, по-
87
словица; 3) знание медицины, врачевание
78
. Бұл сөзді Абай
бірінші мағынасын сақтап, өте жиі қолданған. Абайда хик-
мет контекске қарай түп тілдегідей «ақыл, даналық» дегенді
білдіреді
79
. Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де,
ғылым да – бәрі орыста зор (II, 179). ...Басынан біліп істеген
хикметімен болса... (II, 181). ...Адамды Жаратушы артық хик-
мет иесі... (II, 181).
Бұл сөз өлеңдерінде де қолданылған: Іштегі кірді қашырса,
Адамның хикмет кеудесі (I, 132). Біздіңше, мұнда да «керемет,
ғажайып, сыр» дегеннен гөрі, «дана, ақылды» деген мағынаға
жуық келетін тәрізді.
Сол сияқты ғибрат, ғанибет, сұхбат, пара («бөлік» мағы-
насында), әдді, еждиһат, серменде, ғайбат, ғафил, әзелде,
дағуа сөздерін Абай жатсынбай қолдануға ұсынған лексема-
лар қатарына қосамыз. Оған бір-екі себебіміз бар. Біріншіден,
бұл сөздер Абайда шығыс сөздері толы прозасында ғана емес,
поэзия тілінде де қолданылған және бірнеше реттен әртүрлі
шығармасында қайталап келеді. Екіншіден, бұл сөздердің
кейбіреулерінен туынды тұлғалар жасайды: сұхбаттасу,
сұхбаттастық, ғайыпты, ғаділдік, ғибраттану.
Үшіншіден, кейбіреулері белгілі бір қазақ сөздерімен
тіркесте қалыптасқан: сенімі жоқ серменде, бірдейлік дағуасы,
гғафилдік көп өткізу т.т. Төртіншіден, бұлар Абайдан өзге
авторларда да сирек болса да қолданыла бастаған. Ал бұл
қасиеттер – шет сөздің тілге ену (немесе ене бастау) фактісін
танытатын белгілер
80
. Бұл сөздердің кейбіреулерін таны-
стырып өтейік. Сұхбат 1) сообщество; 2) общение; дружба;
3) приятели) сөзін Абай ссім түрінде келтіргенде «сырласу,
әңгімелесу» мағынасында емес, біздіңше, оригиналдағы екінші
мағынасында, «жолдастық» деген мәнде пайдаланған тәрізді:
Арзан, жалған күлмейтін шын күлерлік Ер табылса, жарайды
78
Осы жерде және әрі қарай араб-парсы сөздерінің орысша баламалары екі
тілдік сөздіктерден алынды.
79
Абай шығармаларын бастырушылар (1957 жылғы басылуында) бұл сөзге бір
жерде «өнер-білім» дсп, келесі жерде «керемет, ғажайып, сыр, ақыл» деп түсінік
береді. Біздіңше, бұл сөйлемдердің бәрінде хикмет «даналық, ақыл, ақылдылық»
деген ұғымдар береді.
80
Сорокин Ю. С. Развитие словарного состава русского литературного языка в
30-90-е годы XIX в. - М.- Л., 1965.
88
қылса сұхбат (I, 38). Жолдастық, сұхбаттастық – бір үлкен
іс (I, 39), ал етістік түрінде (сұхбаттасу) келтіргенде бірінші
мағынасын («сообщество») алғанға ұқсайды, өйткені жәдігой
шал бұл сөзді баланы бірлесіп бір іс істеуге шақырғанда айта-
ды: Сырлассақ, сұхбаттассақ аулақ артық (I, 273).
Ғибрат (поучение, назидание; урок, смысл) сөзін «үлгі,
өнеге» мағынасында Абай өте жиі пайдаланган. Бұл сөзді
ара-тұра Абайдың тұстастары да қолдана бастаған: Майлы
ақынның өзіне, Ыбырат берер сөзіне (Майлықожа, 192).
Парсының «бөлік» мағынасындагы пара сөзін жалғыз Абай
емес, өткен ғасырдағы сауатты ақындардың бірқатары актив
пайдаланған: Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы (I, 66). Бір
паражанды малды ғып, Бір паражанды малсыз ғып... (Дулат,
68). Әсте фарсизмі де осындай. Абайда бұл сөз өте активтен-
ген, ол өзгелерде де жоқ емес. Арабша әуел (де) сөзімен парал-
лель, сол мағынада парсының әзел (де) сөзін Абай да, бірен-
саран өзгелер де жарастыра қолданады. Ғанибет, ғайбат
сөздері де бірте-бірте ене бастаған белгісін Абаймен қатар өзге
нұсқалардан кездесуі көрсетеді. Мысалы, Адамға ол да болса
бір ғанибет («Қыз Жібек», 1963).
Арабша хәддү 1) предел, край, конец; 2) граница, рубеж;
3) лезвие, острие; 4) заповедь; постановление, статья мусуль-
манского права, устанавливающая наказание) сөзін әдді, үдда,
үде варианттарында 1,2 және 4-мағыналарында жұмсайды.
Деді: «Әддіңді білсеңші» (II, 141). Әддін білмес шіркінді Құдай
әбден қарғады (II, 128). Сыпайылық, шеберліктің үдесінен
шығарлық қисыны бар (II, 183).
Бұларды, әрине, Абай, тектен-тек көңілі түсіп кетіп ала
салмағаны байқалады. Мысалы, ғибрат сөзі жай «үлгі, өнеге»
емес, осы күнгі «сабақ болу – сабақ алу (сделать себе урок)»
мағынасы үшін алынған. Қазіргі сабақ болу – сабақ алу
тіркестері калька жолымен кейінгі кезеңдерде (совет дәуірінде)
пайда болған. Ал ғибрат, әдді, сұхбат тәрізді арабизмдер
синонимдік қатар үшін стильдік мақсатпен алынған. Мыса-
лы, Ақылы бар кісіні Айбаттайды, даттайды (I, 59) дегенде
соңғы екі сөз – бір-біріне синоним.
Біз бұларды шартты түрде тілге жартылай енген арабизм,
89
фарсизмдер деп атаймыз, өйткені бұлар қазіргі нормамызға
келіп ұласпаса да, Абай шығармалары арқылы қалың оқушы
жұртшылыққа таныс болған, тіпті кейбіреулері (сұхбаттасу,
ғанибет, еждиһат, ғайбаттау) – біршама орын тепкен сөздер.
Абай шығармаларында, әсіресе, өлеңдерінде аса жиі бол-
маса да, қолданылған кейбір шығыс сөздері сол кездегі
жалпыхалықтық тілге де енбеген, кейін де қалыптаспаған эле-
менттер болып табылады. Бірақ бұлар – мүлде бейтаныс та
емес, контекске қарай мағынасын еркін түсінуге болатын, ара-
тұра Абайдың өзге тұстастары да пайдаланған сөздер. Оларға
сипат («саулық» мағынасындағы – Әбіштің сиқатын беркітсең
кеудеге – I, 168), Сиқатын қалқама, Бере гөр, я Рахим – I, 171),
мизан, уәзін («өлшеуіш»), ғадауат («дұшпандық»), ғиззат
(«қадір, сый»), дәркүман («күдік, күдікті»), тағлым («үйрету»)
> тағрып («түсіндіру, білдіру»), баһра («пайда, үлес»), уәрд
(«әдет, машық»), тағат («құлшылық ету»), һәмише («үнемі,
ылғи») сөздерін жатқызамыз. Қазақ тіліне енген көптеген
араб-парсы сөздері сияқты, Абай бұл көрсетілген сөздердің
де төркін тіліндегі бірнеше мағынасының біреуін ғана алады.
Мысалы, сиқат сөзі арабша, негізінен екі түрлі мәндегі сөз:
Достарыңызбен бөлісу: |