1) здоровье; 2) истинность, правильность, достоверность, прав-
дивость. Абай осының 1-мағынасында ғана жұмсайды. Тағлим
сөзінің түп төркініндегі төрт түрлі мағынасының «1) учение,
обучение; 2) образование; 3) тренировка; 4) доктрина» біреуі,
біріншісі алынған. Сол сияқты араб тілінде 5 мағыналы мизан
сөзінің «мерило» деген 2-мағынасын, ғиззат сөзінің арабша
«слава, дороговизна» деген мағыналарын емес, «честь, до-
стоинство» деген мағынасын алып жұмсаған. Сірә, осы жерде
көңіл аударар бір жай – ол Абай шығармаларының басылула-
рында шығыс сөздеріне берілген түсініктердің кейбіреулерінің
дәл еместігі. Әрине, бұл жұмыс – әрі араб, парсы тілдерін
жақсы білетін, оның үстіне Абай сөздігін әдейі зерттеуші
мамандарға жүктелетін міндет. Сөз жоқ, бұрынғы коммента-
торлар қалың оқушы жұртшылыққа бейтаныс көптеген ара-
бизм, фарсизмдерді дұрыс түсіндіргсн, ал кейбіреулерін әлі де
қайта қарау керек тәрізді. Мысалы, дағуа сөзі 1954, 1957 жылғы
басылуларында талас,тартыс, айтыс деп түсіндірілген. Ал
90
араб тілінде бұл сөз «1) приглашение; 2) призыв; 3) распро-
странение; 4) агитация; пропаганда; 5) призвание, назначение;
6) юридическое дело» деген мағыналарды береді. Бұлардың
ешбірі де «талас, тартыс, айтыс» деген ұғымға жуықтамайды.
Әрине, некен-саяқ сәттерде араб-парсы сөздерінің төркін
тілінде жоқ мағынада қолданылып, қалыптасып кететіні бола-
ды, дегенмен дәл Абай текстінде дағуа сөзі оригинал тіліндегі
6 мағынасының біреуінде, сірә, 5-мәнінде («призвание, на-
значение») пайдаланылғанға ұқсайды. Әрине, бұл – кесіміміз
емес, жобалауымыз. Сол сияқты жоғарыда талданған хикмет
сөзі осы іспеттес, бұл сөз кітапта түсіндірілгендей, «керемет,
ғажайып, сыр, ақыл» емес, сірә, түп төркініндегі 1-мағына-
сында («даналық») жұмсалған болу керек. Немесе сұхбат
сөзі кітаптағы көрсетілген «оңаша отырыс» емес, «жолдастық»
мағынасында екенін де жоғарыда айттық.
Араб, парсы тілдерінің маманы болмағандығымыздан, біз
бұл кітапта Абай лексикасындағы арабизм, фарсизмдерге тү-
гел, жан-жақты талдау жасай алмағандығымызды ескертеміз.
Тегі, бұл – мамандар тарапынан арнайы, өз алдына зерттеуді
қажет ететін мәселе.
Сиқат, мизан, уәзін, ғиззат, тағрип, һәмише, баһра тәріз-
ді сөздерді алдыңғы топқа қоса алмадық, өйткені бұлар,
біріншіден, Абайдың өзінде өте сирек (1-2 ретпен ғана) қол-
данылса, екіншіден, қолданылу мотивтері өзгешелеу, яғни
бұлар (ғиззат-құрмет сияқты бірен-сараны болмаса) сино-
нимдік қатар құрамайды не бұрын жоқ ұғымдарды білдірмейді.
Бұлардың барлығының дерлік қазақша немесе бұрыннан
тілге сіңген арабша-парсыша дублеттері бар. Көпшілігі
стильдік мақсатпен Абайдың «діни» өлеңдері мен баласының
науқасынан қауіптеніп, Алласына жалбарынып медет тілеген
өлеңдерінде қолданылған. Мысалы, бір ғана «Алланың өзі
де рас, сөзі де рас» деп басталатын өлеңінде халықтық тілге
енген, танық сөздерді былай қойғанда, шала танық немесе
мүлде түсініксіз шығыс сөздерінің саны – 13-14. Әбдірахман
сырқаттанып жатқанда, «Дұғамның қуатын Жіберме өңгеге»
деп Алланың рахматына сыйынып жазған кішігірім (5 шумақ)
өлеңінде 16-17 араб-парсы сөзі бар, олардың ішінде бұрыннан
91
таныс Алла, жар, дұға, Құдай, сипат, бенде, шапқат, рәушан,
хат, рақат сияқтылар да, рахмат, рахит, жүмле, сиқат,
сұңғат, наме тәрізді бейтаныс немесе шала таныс сөздер де
бар.
Абай шығармаларында кездесетін шығыс сөздерінің келесі
тобы – қазақтың жалпыхалықтық сөйлеу тіліне де, әдеби тіліне
де не бұрын, не кейін енбеген, мүлде түсініксіз элементтер.
Бұлардың өлеңдері мен прозасында кездесу пропорциясы да
әртүрлі. Олардың қолданылу мақсаттары да алдыңғы талдаған
топтардан өзгеше.
Қазақ тіліне енбеген араб-парсы сөздері, негізінен, Абай-
дың прозалық шығармаларында. Онда да барлығында емес,
тақырыпқа орай белгілі бір «Қара сөздерінде». Шығыс
элементтерінің шығарма тақырыбы мен мазмұнына қарай
аз немесе көбірек қолданылуы – жалғыз Абай емес, қазақ
қаламгерлерінің тілінде өте ертеден келе жатқан ерекшелік.
Мысалы, XVIII ғасыр жырауы Бұқардың өзінде қазақтың өз
қоғамындағы руаралық қарым-қатынас туралы жырланған «Ке-
рей, қайда барасың» атты өлеңінде арабизм-фарсизмдер мүлде
жоқ, керісіншс, мұсылман дінін феодализм қоғамының тірегі
көріп, соны уағыздап айтқан «Ей, айташы, Алланы айт» деген
шығармасында жалпыхалықтық тілге енгендерінен басқа, таза
діни ұғымдарға қатысты шадияр, мұсқап, кәләм, наушаруан,
арсы, күрсі, лаухы, он сегіз мың әлем, нәубат, кебе (кәһаба)
сияқты сөздер «тұнып» тұр. Немесе Шортанбайдың азаматтық
тақырыптағы көп өлеңдеріндегі арабизм-фарсизмдердің си-
паты жалпыхалықтық болса, «Көп жалғыздың саясы», «Ей,
мүһмин, құлшылық қылсаң нетеді?», «Бұл дүниеде пайда жоқ,
Өлгеніңше дін сақта» деп арыздасқан өлердегі сөзінде араб-
парсы сөздері айтарлықтай мол.
Ал дін тақырыбын арнайы сөз етпеген Махамбет, Шерни-
яз, Шөже, Сүйінбай т.б. сияқты ақындардағы шығыс сөздері
«көпшілік қолдылар». Бұларда діни ұғымдарға қатысты не-
месе өзгеде мағыналарды беретін, бірақ бейтаныс араб-пар-
сы сөздері өте сирек. Әдеби нормасында қалыптасқан осы
заң (принцип) Абайда да сақталған. Абай поэзиясының ба-
сымы таза азаматтық тақырыптарды қамтиды. Сондықтан
92
ғанибет, махрүм, сұхбаттасу, үдде тәрізді он шақты өзі қалап
активтендірген сөздер болмаса, қалған арабизм-фарсизмдер –
таза халықтық элементтер, яғни оларды Абай жалпыхалықтық
нормадан алып, еркін пайдаланған.
Абайдың поэзия тілінің лексикасында халықтық емес шығыс
элементтері (жеке сөздер мен фразалар) екі түрлі өлеңдерінде
кездеседі: бірі – ортаазиялық түркі әдеби тіліне еліктеп жазған
«Иүзі раушан, көзі гәуһар», «Фзули, Шәмси, Сәйхали»,
«Әлифдек ай йүзіңе ғибрат еттім» деген үш өлеңінде. Екінші
– таза Алланы әңгімелейтін «Алла деген сөз жеңіл», «Алланың
өзі де рас, сөзі де рас» деген екі өлеңі де Әбдірахман ауырып
жатқанда жазған бір өлеңінде.
Біз сөз еткелі отырған араб-парсы сөздері Абайдың осы
өлеңдерінде ғана молынан кездеседі. Мұның себебі де түсінікті.
Мұхтар Әуезовтің сөзімен айтқанда, «кітапшалап жазған»,
Құдайберген Жұбановтың сөзімен айтсақ, «шағатай қармағына
ілінген» (екеуі де бір ұғымда) дәуіріндегі балаң Абайдың үш
өлеңінде шығыс сөздері молынан кездесуі заңды да, орынды
да. Өйткені ортаазиялық түркі әдеби тілінің лексикалық нор-
масы. Бұл тілде араб-парсы сөздерінің молынан пайдалануын
қалайды, сондықтан Абай да бұл норманы бұзбайды. Ал ислам
діні тақырыбын арнайы әңгіме еткен өлеңдері мен «Әбіштің
сиқатын Бере гөр, я Рахим», – деп Аллаға жалбарынған
тілек-дұғасында шығыс сөздерінің мол келуі тақырыптың
«дирижерлік» етуіне байланысты. Алланы әңгіме етсе, оның
«өз» тілі – араб тілінің жат сөздерінс жол береді, «я Рахим»
деп Алладан медет сұраса, тағы да сол Аллаға «түсінікті»
араб сөздерін келтіреді. Бұл –Абайда түр (тіл) мен мазмұнның
бірлестігі. «Осындай іш пен сырт біте қайнап қосылған Абай-
да шағатайдың іші болып, сырты болмауы немесе сырты бо-
лып, іші болмауы мүмкін де емес. Ондай диссонансты Абай
гармониясы көтермейді»
81
. Бұл пікір тек шағатайша жазылған
үш өлеңіне емес, соңғы қазақша жазылған діни циклдегі
өлеңдеріне де қатысты.
Прозалық шығармаларына келсек, олардың да басым көп-
шілігі азаматтық тақырыптарға арналған. Бұлардың тіліндегі
араб-парсы элементтері қазақ тіліне әбден енген, мағыналары
81
Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. - Алматы, 1966. - 292-б.
93
қалың көпшілікке түсінікті сөздер. Ал «Жүрегінің қуаты –
перзентлеріне» арналған атақты 38-сөзі мен қазақ оқушыла-
рына «иман деген – Алла тәбарака уаталағаның... жарлығына
мойын ұсынып, инанмақ» екенін баяндаған 13-сөзінде
қазақ тіліне енбеген, қарапайым оқушыға түсініксіз шығыс
элементтері мол келтірілген. Қалғандарында бұл тәрізді бірді-
екілі ғана сөз, кейде фраза қолданылған. Сөйтіп, жоғарыда
айтылған тематикалық принципті Абай айқындап, белгілі бір
стильдік тәсілге айналдырады.
Ислам дініне қатысты ой-пікірін айтуға Абай сол діннің рес-
ми тілі –араб тіліне иек артады. Діни ұғымдардың араб тілінде
қалыптасқан терминдері мен өзге сөздерін қазақшаламай, сол
күйінде пайдаланады. Бұларға мына тәрізді сөздер жатады:
саниғ (делающий, производящий
82
), салахият (пригодность,
целесообразность), сәмиғ (слушающий), табиб (идущий вслед,
последователь), тариқат 1) путь; 2) способ, тахмин («оценка,
догадка), тақриб (приближение), ғұрұр (высокомерие, гор-
дость), хасил (результат, получивший), сидық (правдивость,
правда), табдил (замена, перемена), тәфтиш (осмотр, обсле-
дование), тәслим (уступка, признание), ниһаят (конец, пре-
дел), мұлахаза (наблюдение), мағрифат (знание, познание),
мағишат (жизнь), исбат (доказывание), ихрар (признание) т.б.
тәрізді абстрактік ұғымдарды беретін сөздер. Бұлардың ішінде
истинжа (обмывание), рукуә (коленопреклонение), таһарат
(омовение), мәслих (помазание)т.б. тәрізді ислам діні ритуал-
дарын атайтын есімдер де бар. Сын, сапа ұғымдарын беретін
араб сөздері де бар: жаһил (неуч, невежественный), мүбәдә
(вечный), аррахман (милосердный), батил (ложный), мағмүр
(возделанный), мункар (порицательный), муафик (приемле-
мый), латиф (милый, нежный) т.б.
Сонымен қатар Абай бұл шығармаларында және бірер жер-
де басқаларында арабша тіркестер мен сөйлемдерді қолданады.
Мысалы, Алла табарака уа тағала (Аллах благословенный
и всевышний), саллалаһу ғалайһи уәссәллам (благославляет
82
Біз бұл жерлерде сөздің араб тіліндегі барлық мағынасын емес, Абай қол-
данған мағынасын ғана көрсеттік. Және арабша-орысша сөздіктен алынғандық-
тан, оқушы жұртшылыққа қазақшаға аудармасақ та, түсінікті болар деп, анық-
тамасын орысша келтірдік.
94
его Бог и приветствует), иман тақлиди (традиционная вера),
жәлиб мәнфағат (принесение пользы), уәфқы мұзаррат (со-
гласно вреду).
Кәсіби, жибли, шаһари, әзәли, әдәби, инсаният, мумканат,
ләмәкән (мекенсіз) тәрізді парсыша, арабша тұлғаланған сын
есімдерді де проза текстерінде кездестіреміз.
Түсініксіз (яғни тілге енбеген) араб түбірлеріне қазақша
жұрнақтар жалғап, махкемлемек, шәріксіз, ғарипсыз, ниһая-
тсыз, хірслану, ғұрұрлық, мағмұрлық, хүсідшілік, нәфрәтлі
тәрізді, 5-10 туынды сөз жасау фактісі Абайдың прозасын-
да бар болғанмен, бұл – жүйелі актив құбылыс емес. Және
бұлардың басымы 38-сөзде.
Абайдың прозалық шығармаларының тіліне есім, етістік-
тер ғана емес, һәмма есімдігі мен һәм, уа, ләкин тәрізді шы-
лау сөздер де қолданылған және бұлар да 38, 13-сөздердің
текстерінде көбірек кездеседі. Парсы тіліне тән һәм шылауы
ыңғайлас жалғаулық ретінде қазақша және сөзіне синоним бо-
лып едәуір актив қолданылған: Ол – наданның наданы һәм өзі
адам емес (II, 176). Бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола
алмайды һәм өзі өспейді, қуат таппайды (II, 164). Мал, мақтан,
ғиззат-құрмет адамды өзі іздеп тапса, адамдықты бұзбайды
һәм көрік болады (II, 195). Бұл сөздің қызмет аясы едәуір
кеңіп, қайталама шылаудың да орнына жұмсалады: Адам ба-
ласынан махшарда сұрау алатұғын қылып жаратқандығында
һәм ғадаләт, һәм махаббат бар (II, 199). һәм ақыл, һәм қайрат
– екі мықты қуат қосылып тоқтатады (II, 218).) һәмшылауы
тек 38-сөзде емес, өзге«Сөздерде» де едәуір жиі кездеседі.
Және, һәм шылауларының арабша дублеті уа сөзі де Абай
прозасының тілінде бірсыпыра мол пайдаланылган және ол
көбінесе уа һәм, уа және, уа ләкин түрінде өзге шылаулар-
мен тіркесте келіп, қазақша және де, бірақ та дегендердің
синонимі ретінде жұмсалған: Уа ләкин адам баласы талапты
я талапсыз болсын... (II, 218). Уа және назначение қылғанда,
тергеуі, сұрауы барлығына қарамаса... (ІТ, 157). Арабтың ләкин
шылауын да Абай қазақша бірақ дегеннің орнына жұмсағанын
тек қана прозасының тілінен көреміз: Ләкин өз дәулетінен
артық киінбегі, не киімі артық болмаса да, көңліне қуат тұтып,
тым айналдырмақ – кербездің ісі (II, 182).
95
Бұл үшеуі де тек Абай прозасының тілінде емес, қазақтың
жазба әдеби тілінде күні кешеге, тіпті осы ғасырдың 30-жылда-
рына шейін орын алып келді. Мысалы, өткендегі баспасөз тілі
мен алғашқы әр алуан прозалық үлгілер тілінен һәм, уа, ләкин
шылаулары бірқыдыру еркін пайдаланылғаны байқалады.
Тіпті мұның ықпалы ауыз әдебиеті нұсқаларына да тигенін
өткен ғасырда жарияланған эпостардың қара сөзді текстерінен
көруге болады: Байбөрінің Құлтай деген немере ағасы бар
екен. Ол һәм перзентке зар екен («Қисса Алпамыш», 1901).
Бұл батыр Қараноғайдың хан, халқыменен татуласып табы-
сты да, Жанарыстан үш тараған деген тауды барып жайла-
ды һәм қыстады («Ер Тарғын», 1898). Әсіресе, бұл үшеуінің
ішінде һәм шылауын өткен ғасырдағы қазақтың жаңа жазба
әдеби тіліне енген норма деп есептеуге болады. Өткендегі
баспасөз және өзгеде прозалық нұсқаларды (мысалы, көркем
проза жанрындағы алғашқы аудармалар – «Капитан қызы»
т. б.) былай қойғанда, бұл шылау әм түрінде «қазақыланып»,
поэзия тіліне де ене бастағанын атаймыз. Абай бұл тұлғаны
өлеңдерінде де жатсынбай қолданады: Сөйлесе сөзі әдепті әм
мағыналы (I, 24). Өткен күнге өкінбен, Әм үміт жоқ алдымда
(ІІ, 99). Әм жабықтым, әм жалықтым, Сүйеу болар қай жігіт
(II, 71). Тығылмай әм сүрінбей жүрдек көсем (I, 48).
Парсы тіліндік һәм шылауы қазақ жазба әдеби тілінде осы
ғасырдың 20-30-жылдарына шейін едәуір актив қолданылып
келіп, кейінгі кезеңдерде нормадан ығыстырылғаны байқа-
лады. Ал кітаби тіл нормаларының бірі уа, ләкин шылаула-
ры бұған қарағанда әлдеқайда солғындау пайдаланылған.
Өткен ғасырдағы проза жанрында, оның ішінде Абай «Қара
сөздерінде» қолданылғанымен, кейін бұлардың қазақша
дублеттері тұрақталған.
Сөйтіп, Абай қазақ әдеби тіліне бұрында, кейін де сіңіспеген
бір алуан араб сөздерін, тіркестерін және жеке сөйлемдерін
стильдік мақсатпен пайдаланған. Ешбір мотивсіз (әсіресе
өлеңдерінде) пайдаланылған бірен-саран бейтаныс арабизм-
дер де кездеседі. Мысалы, поэмаларында ас, тағам, арақ, ша-
рап деген қазақша баламалары бола тұрса да, нығмат, хамір
96
сөздері қолданылған: Арақ-жеміс әртүрлі нығмат дайын
(I, 174). Миуадан тартқан хамір ас артында (I, 274). Бұл жерде
не жоғарыдағыдай белгілі бір тақырыпқа, әдеби жанрға бай-
ланысты стильдік мақсат көзделіп тұрған жоқ, не буын саны,
ұйқас тәрізді өлең шарттарына бола алынбаған. Сол сияқты таза
қазақша жазылған «Ғылым таппай мақтанба» деп басталатын
тамаша шығарманың текстінде: Жамандық көрсең нефрәтлі,
Жақсылық көрсең ғибрәтлі (I, 44) деп шағатайша «киінген»
(-ты-ның орнына -лы жұрнағын жалғанған) бейтаныс араб
сөздерінің (ең болмағанда нәфрәт деген біреуінің) бары – факт.
Бұл сипатты құбылыс өте сирек. Өйткені бұл қатарға баһра,
сұхбат, ғанибет, ғайбат, үддә тәрізді арабизмдерді жатқыза
алмаймыз, оларды Абай әдеби тілде қалыптастыру мақсаты-
мен қолданғанын жоғарыда айттық. Өлеңдеріндегі қалған
бейтаныс араб-парсы сөздері стильдік мақсатпен пайдаланыл-
ғандығын және көрсеттік. Сондықтан Абайдың хамір, нығмат,
нәфрәт тәрізді сөздерді себеп-мақсатсыз қолдануын әсте
құптауға да, дамытуға да болмайды. Бірақ бұл құбылыс жалғыз
Абай емес, тіпті Бұқарлардан бастап, әсіресе XIX ғасырдың
өн бойындағы қазақ ақындарының барлығында кездеседі.
Әсіресе, мұсылманша сауаты барларында тілге енбеген араб-
парсы сөздері Абайдан жиі болмаса, кем ұшырамайды. Мыса-
лы, Бұқар текстеріндегі һәммәтлі, һәммәтсіз, Шортанбайдағы
кәмірһе типтес сөздерді барлығынан таба аламыз.
Керісінше, Абайдың шығыс сөздерін пайдаланудағы ерек-
ше сипаты қалың оқушыға бағыштаған шығармаларында
(өлеңдері болсын, «Қара сөздері» болсын) бейтаныс, жат араб-
парсы сөздерін қолданбау принципін ұстаған деп батыл айта
аламыз. Өйткені Абай сияқты араб лексикасын едәуір білген,
теологиялық, философиялық шығармаларды араб, шағатай
тілдерінде еркін оқыған жазушы мұндай принципті ұстанбаса,
халыққа жат, бірақ өзіне түсінікті шығыс элементтерін мо-
лынан қолданған болар еді. Ал жоғарғы көрсеткен бірді-екілі
фактілер екі томдық еңбектің ішінде мұхит суынан бөлінген
тамшыдай дәрежеде.
97
* * *
Ең соңғы мәселе шығыс сөздерінің фонетикалық тұлғала-
нуы жайында.
Қазақтың жалпыхалықтық тіліне ертеректсн енген араб-
парсы сөздері қазақ фонетикасына сәйкестелініп, дыбыстық
тұлғасы едәуір өзгеріп қалыптасқаны мәлім. Қазақ тіліне жат
дыбыстарды қалдырып кету немесе өзге дыбыспен ауысты-
ру сияқты жүйелі заңдылықтардың бар екенін Л.Рүстемов
дұрыс, жақсы көрсеткен
83
. Жалпыхалықтық сөйлеу нормасын-
да шығыс сөздері осылайша «қазақыланып» өзгергсн вариант-
та қалыптасқандықтан, халықтық қорды пайдаланған қазақ
ауыз әдебиеті мен ақындары, негізінен, сол өзгерген түрлерін
қолданған. Мысалы, өмір, ақыл, азап, арам, адал, әлем, әдет,
айып, пейіш, пенде, мейір т.т. Әрине, бұл заңдылықтар бойын-
ша да барлық жерде түгел бір ғана вариантта қалыптаспағаны
тағы түсінікті. Қазақстанның әр өлкесіне тән фонетикалық
ерекшелік шығыс сөздерінің жергілікті жерде дыбысталу
түріне тікелей әсерін тигізгені байқалады. Мысалы, о бастан
оңтүстік аудандарда пейіш, пүл, палуан, пенде (пәнде, пәндә)
болса, Орталық, Шығыс, Батыс өлкелерде бейіш ~ бейіс, бенде,
балуан, бұл түрінде қалыптасқандықтан, XIX ғасырда басы-
лып шыққан немесе жазылып алынған үлгілерде бұл сөздерді
екі-үш вариантта кездестіреміз. Мүрсейіт дәптерлерінде өз
өлкесіне тән дыбысты вариантында бейіс, бенде
84
, бұл. Сондай-
ақ арабша алал – (разрешенный, законный) сөзі бір өлкелерде
адал, екінші бір жерлерде алал түрінде қалыптасқанын Абай
текстері де көрсетеді. Әрине, Абайдың өз автографтары
қалмағандықтан, кейде жеке сөздердің орфограммасын сөз
ету қиын. Дегенмен Абай текстерін бізге жазып жеткізген өз
ауылдасы (Мүрсейіт Бікеұлы) болғандықтан, бұл сөздің оның
дәптерлерінде алал түрінде жазылуын автордың да қолданысы
деп есептейміз
85
. Және Абаймен территориялас Дулатта да
83
Рустемов Л. Қазақ тіліндегі араб-иран кірме сөздерінің лексика-семантикалық
ерекшеліктері. - Алматы, 1962.
84
Абайдың осы күнгі кітаптарында бірде бенде, бірде пенде болып жазылуын
автор тексінің дәл көшірмесі дей алмаймыз. Біздіңше және Мүрсейіт дәптерлері
бойынша, Абай бенде (кейде ұқсас үшін бәнде) түрлерін қолданған.
85
Абай шығармаларын соңғы бастырып шығарушылар осы күнгі әдеби
нормаға жақындату мақсатымен істеген болу керек, барлық жерде алал-ды адал
деп беріпті.
98
алал варианты жазылған. Абай осы күні мақсат тұлғасында
нормаланған сөзді мақсұт түрінде қолданғанын Мүрсейіт
дәптерлері көрсетеді. Ал абырой сөзін де Мүрсейіт тек абұйыр
вариантында жазған. Дегенмен кейбір араб-парсы сөздерінің
Абай тұсында бір өлкенің өзінде, тіпті бір жазушының
(ақынның) өзінде бір вариантқа түсіп қалыптасып болмағанын
Абай текстері де, өзге нұсқалар да көрсетеді. Мысалы: жиһан
– жаһан, кәдік – күдік, жауһар – гәуһар, ғашық – асық, кәріп
– қарып – қаріп т.т.
Мұның үстіне Абай кезеңінде араб-парсы сөздерінің
фонетикалық көп варианттылығы одан әрі көбейе түскені
байқалады. Бұрыннан халық тіліне сіңіп, бір вариантта
қалыптасқан сөздердің өзі бұл тұста екінші вариантқа ие бо-
лады. Өмір – ғұмыр, ақыл – ғақыл, айып – ғайып, әділ – ғаділ,
әдет – ғадет, араб – ғарап, адал – алал – халал, арыз –ғарыз,
зая – зайығ – зайғы, мейман – меһман, мейір – меһир, байымдау
– пайымдау – байымдау, арам – харам, мысал – мисал, қате –
қата – хате дегендердің екінші сыңарлары – ХІХ ғасырдың
ІI жартысының жемістері. Бұған себеп болған фактілердің
бірі қазақ даласында кітап шығару ісінің күшеюі болды.
Қазақ тілінің сингармонизм заңының сақталмайтындығы
(атлар, бізлерні т.б.), басы артық әліп таңбасының дауы-
стыдан басталған сөздерде косақтала жүретіні немесе қазақ
сөзі басындағы ж дыбысын й-мен беру т.б. сияқты, араб-пар-
сы сөздерін бұзбай, өз тіліндегінше жазу дағдысы да XIX
ғасыр мен XX ғасырдың алғашқы 20-жылындағы араб гра-
фикасын пайдаланған қазақ жазуының бір дәстүрі (ережесі)
болатын. Осы ережені, әсіресе, кітаби тіл үлгілері қатаң
сақтайтын. Ал таза қазақ тіліндегі нұсқаларға келгенде бұл
тәртіп көбінесе бұзылып, қазақша жазылатын. Дегенмен реті
келген жерде ауыз әдебиеті үлгілерінің өзін «Сөйле десең
бізлерге, не айтайын сізлерге
86
, деп жазып жіберу кітап ба-
86
Бұл мәселе жөнінде біз бұрынырақ жарияланған бір-екі мақаламызда толығырақ
айтқан болатынбыз: Вопросы развития казахского правописания // Вопросы казахской
филологии. - Алма-Ата, 1964; XIX ғасырдың соңғы ширегіндегі қазақ әдеби тілі //
Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясы мәселелері. - 5-шығ. - Алматы, 1963.
99
стыру ісінде үйреншікті құбылыс болды. Соның салдарынан
қазақ ақындарының өткен ғасырда шыққан кітаптарында
ғақыл, ғадет, ғүмыр, ғаділ т.т. орын алды. Мысалы, Шортан-
бай мен Дулат мұсылманша қанша сауатты болғандарымен,
бұл сөздері ғасырлар бойы қазақша қалыптасқан түрлерін
өзгертіп, арабша не парсыша айтпаған (жырламаған) бо-
лар деп ойлаймыз. Ал оларда: Кісі ғайыбын көрмейді (Ду-
лат, 61). Ғақылы болса жарайды (Сонда, 59). Аузыңа харам
салмаңдар (Шортанбай, 152). Ғазап үшін бермейсің (Сонда,
143), сондай-ақ, ғұмыр, ғалам, ғақыл варианттарын көреміз
87
.
Абай, сірә, азаматтық шығармаларының автографтарында
қазақыланған кірме сөздерді бұзбай сол халықтың қолдану
нормасында жазған болу керек деп топшылаймыз. Оған бірінші
айғағымыз – Мүрсейіт дәптерлері. Сол кездегі жазу тәртібін
жақсы білген молда Мүрсейіт Абайдың қазақша айтылған
арабизм-фарсизмдерін өз бетімен «түзетіп», кітаби тіл норма-
сына келтіруге батылы бармаған. Екінші айғағымыз – кейбір
ұйқастар. Ғашық сөзінің халықтық ашық – асық формасын
Абайдың жарыстыра қолданғанына буын саны куә болады.
Айталық, алдындағы сөз дауысты дыбысқа аяқталып тұрса, екі
дауыстыны қосып жіберіп, буын санын дәл шығару үшін асық
вариантын алады: Сорл(ы) асық сағынса да, сарғайса да (11
буын). Немесе жіңішке хәл сөзінің Абай қазақша қал (қазіргі
орфографиямыз бойынша хал) вариантын қолданғанын мына
шумақтың ұйқасы танытатын тәрізді:
Кейбіреу тыңдар үйден шыққанынша,
Кейбіреу қояр көңіл ұққанынша.
Сөз мәнісін білерлік кейбіреу бар,
Абайлар әрбір сөзді өз қалынша (I, 38).
Бұл жерде жіңішке хәлінше варианты тіпті үйлеспеген бо-
лар еді. Сондай-ақ әрекет пен берекет (баракат емес – І,60),
аспан (асман емес ) – басқан – жарысқан (I, 71), мәлім – әлім
87
Дулаттың осы күнгі жарияланып жүрген шығармаларының, соның ішінде біз
пайдаланған кітаптағы (XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары. -
Алматы, 1962) өлеңдерінің текстологиялық негізі оның 1880 жылы Қазанда басылған
«Өсиетнаме» атты кітабы, сондай-ақ Шортанбай мұрасы да бізге 1880 жылдан бастап
«Қисса Шортанбай» «Шортанбайдың Балазары» деген атпен Қазанда бірнеше рет
басылған кітаптары арқылы жетіп, текст солар бойынша басылып жүр.
100
(I, 90) т.б. ұйқастар осындай араб-парсы сөздерінің қазақша
тұлғаланған варианттарын танытады.
Сөйтіп, Абай қалың көпшілікке арнап, әр алуан азаматтық
тақырыпқа жазған өлеңдерінде шығыстан кірген сөздердің
қазақ фонетикасына сәйкестелген, «қазақы» варианттарын
қолданған. Оларды да, көбінесе, бір вариантта алған. Ал екі ва-
риантта келгендері, негізінен, екі түрлі қызмет атқарады. Мы-
салы, харекет – әрекет варианттарының екеуін екі лексикалық
единица ретінде алғанын бұрын да бірқатар мамандар байқаған
болатын, біз де көрсеттік. Ғадігет пен әділет те осы типтес:
екеуінің мағынасы өте жақын болғанмен, біреуін атрибуттық,
біреуін заттық ұғымды білдіретін екі сөз (демек, біреуі жаңа
сөз деп танылуы керек) етіп қолданады: Ғаділетті жүректің
Әділетін бұзыппын (1, 250). Хакім – әкім, қайла – айла, ғашық –
асық дублеттері де топқа кіреді. Мысалы, ғашық сөзі, көбінесе,
сүйіскен жастар арасындағы сезімді атауға қолданылса, оның
қазақшаланған асық вариантын «көңлі жарқын, жақсы көрген
адам» ұғымында пайдаланады, салыстыр: Сенетін досым да
жоқ, асығым да: Біздің доспыз, асықпыз дегеніміз (I, 56). Сенен
артық жан жоқ деп ғашық болдым (I, 98). Бірақ асық– ғашық
тұлғаларын әрдайым осылайша дифференциациялап отыр-
май, бірінің орнына екіншісін қолдана беретін де кездері бар.
Мысалы, буын саны асып кететін жағдайда, алдындағы сөздің
аяғындағы дауысты дыбыспен қосып жіберу үшін асық сөзін
алады: Сорл(ы) асық сарғайса да, сағынса да (I, 110). Ал Абай
өлеңдерінде замана – заман, қаса – қас, Құдай – Құда – Хұда –
Құдая варианттарын жарыстыра әдейі қолданады. Бұл сөздер
ұйқас және өлең өлшемі қажеттерін өтеу үшін бірде бір буыны
артық, бірде кем келе береді.
Асықсаң да, шырағым,
Саған деген Құданың
Жазылған қандай жарлығы
Есіткен жоқ құлағың (I, 125).
Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға (1, 23). Қас надан нені ұға
алсын (I, 119), Әркімді заман сүйремек, Заманды қай жан биле-
мек? Заманға жаман күйлемек, Замана оны илемек (I, 243) де-
ген төрт тармақта буын саны үшін үш рет заман тұлғасы келсе,
101
бір рет замана варианты алынған. Біз мысалды бір-бірден ғана
келтірдік, ал Абайда бұлар көп және белгілі бір жүйе болып
келеді. Бұл тәсіл – Абайға дейінгі қазақ поэзиясына да тән бо-
латын, бірақ оны жандандырып, актив пайдаланған қаламгер –
Абай. Жалғыз кірме сөздердің фонетикалық варианттары емес,
өзге де тұлғалық варианттарды (мысалы, -тұғын – -тын, менен
– мен, дағы – да) параллель пайдалану – қазақ поэзиясының
күні бүгінге дейін келе жатқан тәсіл-нормаларының бірі.
Міне, Абайдың өлең шығармаларының тіліндегі араб-парсы
кірме сөздерінің фонетикалық тұлғалануы осындай. Прозалық
шығармаларына келетін болсақ, мұнда шығыс сөздерінің
орфограммасы айқын ажыратылған екі топқа бөлінеді. Қара-
пайым көпшілік оқушыларға арналған азаматтық тақырыпты
«Қара сөздерінде» халық тіліне енген арабизм-фарсизмдерді,
сірә, автор өлеңдердегідей қазақша берген де, олардың 38,
13-сөздерінде пайдаланылғандарын түп төркінінше жазған
болу керек. Мүмкін, бұл емледе молда Мүрсейіттің қаламы-
ның ізі де бар болар. Өйткені ол «Қара сөздердің» тексін
алғашқы автографтан ешбір әрпін бұзбастан дәлме-дәл
көшірмегені, яғни мазмұнына нұқсан келтірмесе де, кей жерде
жеке сөздерді, кейде тұтас тіркестерді тастап кетіп жазғанын
біз 1905, 1910 жылғы екі дәптерін салыстырып таптық. Тіпті
кей кезде ол бір дәптерінде йәне, өзләрі, дост деп шағатайша-
парсыша жазып жіберсе, екінші дәптерінде және, өздері, дос
деп, қазақша жазады. Сондықтан болу керек, 38-сөзде сифат,
раст, хариф, ғадалат, хисаплемек, ғүмірі, хисап т.б. сөздерін
осы көрсетілген вариантында жазған. Бірақ бұлардың өзі
де біркелкі емес, сипат екі дәптерінде де бір жерлерде си-
фат, өзге жерлерде сипат, растпен дост варианттары да
сондай. Екі дәптерінде де біркелкі қатаң сақталған орфо-
грамма һеш бен һәр және хисап. Бұлардың бірқатары соңғы
(1954, 1957) басылуларда бірде Мүрсейіттің өзге дәптеріне
сүйеніп, бірде мүлде негізсіз қазіргі емлемізге салынған. 38-
сөз жалғыз шығыс сөздерінің таңбалануында емес, жалпы
орфографиясы бойынша да өзге шығармалардан оқшау тұр-
ған дүние екенін атаймыз. Дегенмен қайткен күнде де Абай-
дың теологиялық тақырыптарды әңгімелеген шығарма-
102
ларында араб-парсы элементтерінің оригиналдағы айты-
лу, жазылу нормаларын сақтау тенденциясының бары хақ.
Бұл – Абай творчествосының тематикалық сипатынан туған
ерекшеліктердің тағы біреуі.
Абай лексикасындағы араб-парсы сөздерін әңгімелегенде
және бір көзге түсетін фактіні айтуға тура келеді. Ол –
синонимдік мәнді қос сөз жасау мәселесі. Абайда да, өзгелерде
де араб-парсы сөздері өзімен мағыналас қазақ сөзімен, кейде
тіпті арабтың не парсының өз тұлғалары бір-бірімен қатар
келіп, плеонастық қос сөздер жасайды. Мысалы, Абайда:
күш-қуат, әл-қуат, ғиззат-құрмет, абұйыр-ар, ар-абұйыр,
өң-шырай т.б. Проф. Б.Юнусалиев екі синоним сөзді қатар
қолдану – жазба әдебиетке өзге тілдік элементтердің жаңа ене
бастаған кезінде болатын әдіс деп санайды. Сондықтан да ол
қырғыз тіліндегі соо-саламат, аман- эсан, сый-сипат, урмат-
сый, күч-кубат тәрізді қос сөздерге қарап араб элементтерінің
қырғыз лексикасына кейінгі кезде енгенін дәлелдейді
88
.
Жалпы тұтас тіл тұрғысынан алғанда, бұл пікірі дұрыс та
болар. Өйткені мағыналас сөздерді қосарлау – сөз мағынасын
түсіндірудің бір әдісі. Сый-құрмет, күш-қуат, мұң-мұқтаж
дегендерде бірі түркі, бірі шығыс сөзі болып, бірін-бірі
түсіндіріп, дәлірек айтсақ, түркі сөзі кірме сөздің мағынасын
ашып беріп түр.
Әрине, Абай лексикасындағы күш-қуат, әл-қуат, ынсап-
ұят, ар-намыс, сейіл-серуен, гүл-бәйшешек, әуре-сарсаң, жер-
жиһан т.б. тәрізді қос сөздердің бір сыңары араб элементі
екендігіне қарап, оларды Абай тұсында енген дей алмаймыз.
Оларды Абай жалпыхалықтық қолданыстан алған. Соны-
мен қатар Абайда дос-жар, ар-абұйыр, сәлем-сауқат сияқты
екі компонент де өзге тілдік қос сөздер де бар. Олар да –
бұрыннан қалыптасқандар. Тегі, бұл іспеттес ғиззат-құрмет,
дос-асық тәрізді бірен-саран ғана болмаса, Абайда араб-парсы
сөздерінен өзі жасаған жаңа қос сөздер өте сирек.
Абай лексикасындағы араб-парсы элементтерінің қазақ
әдеби тіліне қатысына келсек, бір тілден екінші тілге сөздің
енуі (немесе кірме сөз – заимствованное слово) туралы
88
Юнусалиев Б. М. Аталған еңбек. - 227-б.
103
мәселеге тоқтауға тура келеді. Әдетте жазба нұсқаларда
кездесетін шет тілдік сөздердің күллісі сол тілге енген (кірген)
лексикалық единица болып табылмайтыны аян. Сөз кірме
болып саналуы үшін оның белгілі бір белгілері, межелері бо-
лулары тиіс. Айталық, дәстүрлі критерийлер – кірме сөздің
қабылдаған тілдің фонетикалық және грамматикалық жүйесіне
сәйкестенуі, жаңа сөз жасау мен фраза құрауда актив болуы,
ауыспалы мағынаға ие болу қабілеті т.т.
89
Бұлардан басқа да
белгілер кірме сөздің ену дәрежесін танытады. Айталық, шет
тілдік сөздің семантикалық жағынан сіңісуі, олардың тілдегі
бұрынғы бар сөздерден мағына жағынан дифференцияла-
нуы және тілде әрдайым қолданылуы, сондай-ақ белгілі бір
стильдік сфераға жатпайтын сөз болса, оның әдеби тілдің әр
алуан жанрында қолданыла беру қабілеті, ал термин болса,
терминологияның сол саласында тұрақты түрде пайдаланылуы
тәрізді қасиеттері ол сөзді кірме элемент ретінде танытады.
Бұл шарттардың тұрғысынан келсек, Абайдағы кірме
сөздердің ішінде тілге енбеген немесе енуге тиісті емес
тобы бар. Бұл топ өз ішінен тағы ажыратылады. Қазақ әдеби
тіліне енбеген арабизм-фарсизмдердің үлкен бір бөлегі – ис-
лам діні тақырыбына қатысты ұғым, қимыл, зат атаулары.
Бұлардың қазақ тіліне ене алмау себебі тіпті де діни сөздер
болғандығында емес, біздіңше, негізгі себебі қазақ тілінде
теологиялық тақырыпты проза жанрының дамымағандығын-
да. Дін мәселелерін дәл Абайша философиялық сипатта
қазақша ғылыми проза тілімен әңгіме еткендер өте аз
90
. Бұл –
бір. Екіншіден, бұл іспеттес араб элементтері жеке сөздер емес,
тұтас не грамматикалық тіркес, не сөйлем болып келеді. Текст
ішіне өзге тілден енгізілген тіркестер, фразалар, сөйлемдер
89
Сорокин Ю.С. Развитие словарного состава русского литературного языка.
30-90-е годы XIX в. -М.- Л., 1965.
90
Ыбырай Алтынсарин қаламынан шықты деп жүрген «Шариғат-ул-ислам».
Мұсылманшылық тұтқасы (Қазан, 1884) тақырыбы ислам дінінің негіздерін баяндау
болса да, не стиль жағынан, не лексикасы жағынан Абайдын 38-сөздерінен бөлек
тұрады. Ең алдымен, ол қарапайым оқушыға бағышталған, сондықтан қазақтың өз
тілімен баяндауды көздеген де, осы кітаптың өз ішінде айтқандай, «ғараб тілін әркімгс
білмек һәм қиын, һәм көп қара халыққа мүмкін де емес» болғандықтан, араб-парсының
бейтаныс сөздерін көп қолданбау тенденциясын ұстаған. Ал Абайдың 13, 38-сөздері
«ғараб, фарсы» тілдерін кәміл білетіндерге бағышталған да онда «ғараб лұғаты» мол
орын алған.
104
сол текст жазылған тілдің лексикалық жүйесіне енген болып
саналмайды
91
, өйткені бұларды пайдаландырған – тілдік се-
бептер емес, ситуация, тематика тәрізді өзге факторлар. Бұл
элементтер дәл осы түрлерінде өзге текстерде, өзге ситуацияда
және өзге тақырыпты әдебиетте қолданылмайды. Бұл – Абай
қаламының өзіне ғана тән тұстастарының ешбірінде мұндай
айқын, жүйелі сипатта қолданылмаған тәсіл. Біздіңше, бұл –
әрине, құптарлықтай амал емес, өйткені қай жанрда болса да,
ортақ әдеби тіл нормаларын пайдалану – ұлттық дамыған жаз-
ба әдеби тілдің шарты. Ал Абай тұсындағы қазақ жазба әдеби
тілі бүгінгідей кемеліне келіп қалған нақ өзі емес, басы, баста-
масы болғаны аян. Сондықтан да бұл – жазба әдеби тіліміздің
даму жолындағы сапалық айырмашылықтардың бірі деп
есептейміз.
Ал Абай тілінде шығыстық кірме сөздердің екінші үлкен
тобы – қазақ тіліне нағыз енген (заимствованные) сөздер.
Олар – өлеңдерінде де, прозасында да, азаматтық тақырыпты
әңгімелеу үстінде де, діни мазмұнды шығармаларында да
қолданылғандар. Сөйтіп, бұларды Абай қазақтың жалпы әдеби
тілінің лексикалық байлығы, нормасы ретінде ұсынған. «Чем
шире возможности его употребления в речи, в различных ее
жанрах, тем больше оснований считать его словом общелите-
ратурного языка»
92
.
Қазақ әдеби тіліне енген араб-парсы сөздері: а) жаңа зат-
ты (немесе құбылысты), көбінесе абстракт ұғымды атайды;
б) тілдегі сөздің өзгеше семантикалық оттеногы бар дублетін
құрайды.
Бұлардың басым көпшілігін Абай жалпыхалықтық тіл қол-
данысынан алған, өзі ұсынған шығыс сөздері аса көп емес. Бұ-
дан екі тұжырым шығарып айтуға болады: 1) Абай қазақ әдеби
тілінің лексикалық нормасында бұрыннан енген, қалыптасқан
араб-парсы сөздерінің мол қорының болуын құптаған;
Достарыңызбен бөлісу: |