Абай – жаңа жазба әдеби тілдің негізін салушы
Сөйтіп, Абай өзіне дейінгі ғасырлар бойы шыңдалып, нор-
малары бірте-бірте тұрақталып, әдеби сипат алып өмір сүріп
келген қазақ әдеби тілін әрі қарай жалғастырып, бірқатар жаңа
бағыт-белгілер қосып, оның даму барысындағы келесі, жаңа
этапын бастайды. Бұл этап – бір жағынан, көненің жалғасы
болса, екінші жағынан, жаңаның – осы күнгі қазақ әдеби тілінің
бастамасы, алғашқы кезеңі.
Абай творчествосының тілі бұрынғы қазақ әдеби тілінің
жаңа этапы болып саналуға бірнеше дәлел фактор бар. Олар,
негізінен, тілдің даму процесіндегі принциптер мен бағытқа
байланысты. Ең алдымен, Абай мен Ыбырай бұрынғы өмір
сүріп келген қазақ әдеби тілінің қоғам өмірінде әрі қарай
қызмет етудегі азаматтық правосын принципті түрде бекітті.
Әрі қарайғы қоғамда «кітаби тіл» нормалары емес, бұрыннан
да едәуір бел алып келген қазақ әдеби тіл нормалары негіз
болуын анық, айқын түрде көрсетті. Бұл ретте «кітаби тіл»
48
қарама-қарсысында тұрды, сондықтан да бұл бұрынғы шағын
салада болса да қызмет етіп келген жазба әдеби тіл –«кітаби
тілден» ажырап, жаңа жазба деген атрибутке ие болады. Со-
дан соң бұлар осы тілдің қоғамдық қызмет аясын кеңітуге жаңа
бағыт сілтеді; бұл әдеби тіл енді тек көркем әдебиет қана емес,
оқу-педагогика саласына да, ғылыми-публицистикаға да –
қысқасы, қазақ қоғамының күллі азаматтық рухани мұқтажына
қызмет етуге тиісті түрде дамуы қажет екенін күн тәртібіне
қойды. Үшіншіден, тілдің нормалары мен көркем әдебиетті
(әсіресе поэзияны) дамыту принциптерінде көптеген жаңа тен-
денция ұсынды. Бұл жаңа этап деп аталуына басты себептердің
бірі болады. Ол тенденциялар мен жаңалықтардың бірқатарын
біз Абай тілінің лексикасы мен грамматикасын талдау үстінде
көрсетеміз.
Әрине, Абай қазақ әдеби тілін жаңа сатыға (этапқа)
көтергенде бұрынғы принцип-бағыттардың күллісін жоққа
шығарған жоқ, керісінше, ең басты, өмірлік белгілерін сақтап,
оларды әрі қарай ұстады. Бұл принцип-белгілердің негізгілері,
біздіңше, мыналар тәрізді:
а) ауызекі сөйлеу тілін әрдайым негіз етіп ұстау. Әдеби тіл-
дің сөздік байлығы осы принцип бойынша құралатындықтан,
ол дәуірден дәуірге, ғасырдан ғасырға ауызекі сөйлеу норма-
сына орай өзгеріп отырған. Қазіргі бізге осы күнгідей болып
жеткенімен, XV ғасырдағы Қазтуғанның тілінің лексикалық
құрамы өз дәуіріне сай болғаны даусыз. Ал әдеби тілдік дәстүр
үзілмей келе жатса да, XIX ғасырдағы, мысалы, Шортанбайдың
сөз байлығы XV ғасырдан айтарлықтай өзгеше, өз тұсына
лайық болғаны тағы даусыз. Бұл принципті ауыз әдебиеті
де ұстаған. Ертеректе пайда болған «Қозы Көрпеш» немесе
«Қамбар» сияқты жырларды XIX ғасыр жыршысы айтып бер-
генде, соңғы өз тұсының сөйлеу нормасына тән лексикалық
единицаларды сыналап болса да енгізіп отырады. Сол себептен
бұларда тіпті пәдносы мен әйгілі шай-самаурында, сондай-ақ
пәуеске-тарантастар да, тіпті минет (минут) тәрізді сөздер
де кездеседі. Бұл – жырды жеткізушінің беталды кеткен
әрекеті емес, жоғарғы принцип-нормадан туған заңдылық. Ал
XIX ғасырдың өзінде пайда болған «Айман-Шолпан» сияқты
жырларда өз заманының жалпыхалықтық сөйлеу тілінің
лексикалық байлығы тіпті мол көрінеді. Ертеде өткен ақын-
49
жыраулардың мұралары бізге дейін ауызша жеткізушілердің
лабораториясынан өткенде өзгеріп отырғандығы тек шала
жаттау, ұмытып қалу тәрізді ауызша «жазудың» субъективтік
себептеріне ғана байланысты емес деп ойлаймыз. Мұнда жал-
пы заманына қарай лайықталып отыру сияқты әдеби дәстүр-
принциптің де ізі болуы мүмкін.
Сөйтіп, Абайға дейінгі қазақ әдеби тілінің басты бір даму
принципі – ауызекі сөйлеу тәжірибемен әрқашан тамырын
үзбей, бірге жылжып отыруы.
ә) Осыған қарама-қарсы жалғастылық принципі. Белгілі
бір кезенде жасалған образдар, теңеулер, метафоралар т.б.
көркемдеу элементтері үзілмей сақталып, келесі буындар-
да қайталап келіп, стандарттануы осы принцип бойынша
жүзеге асады. Бұл принцип ауыз әдеби тілі мен жеке авторлар
тілінің арасында да, әр дәуір ақындарының өз араларында да
сақталған. Сондықтан фольклорлық жырлардың буырқанып,
бұрсанып, мұздай темір құрсанып-тары, Күнікейдей көрік-
тіңді, Тінікейдей тектіңді-лері, туырлығын тілгілеп, кере-
гесін кескілеп-тері Махамбет тәрізді күшті ақындарда қайталап
келулерінің бір себебі Абайға дейінгі қазақ көркем әдеби
тілінің осы көрсетілген принципінен туған заңдылық деп ой-
лаймыз. Сондай-ақ Дулат сияқты ақындық құдіреті ерекше
биік қаламгер творчествосындағы әлденеше ондаған тар-
мақтардың шартты бағыныңқылы компонентпен құрылуы
(кей жаманға мал бітсе,не сөйлерін білмейді...) немесе тұтас
үлкен бір толғауы анаған тең, мынаған тең деген форма-
да құрылуы – жалғастылық принципінің жемісі, өйткені осы
тәсіл алдындағыларда да болған. Біз бұл жерде тақырып, идея
жалғастылығын айтып отырған жоқпыз, тілдік, көркемдік
тәсіл-тұлғалардың жалғастылығын сөз етіп отырмыз.
М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, Қ.Жұбановтар көрсеткен Абайға
дейінгі қазақ поэзиясындағы осал белгілердің бірі – артық
сөзділік (көп сөзділік) те, біздіңше, осы жалғастылық прин-
ципіне байланысты тәрізді.
Жалғастылық принципінің әдеби тәсілдерді шындай түсуде,
әдеби нормаларды тұрақтандыруда үлкен рөл атқаратыны
және мәлім.
50
Біз бұл жерде Абайға дейінгі қазақ әдебиетінің белгілерін,
жақсы-жаман сипаттарын емес, ұстанған бағыт-принциптерін
сөз етіп отырмыз. Қазақ әдеби тіл дәстүрінің осы екі негізгі
принципі Абайды осы әдеби тілге үңілтіп, оның уәкілдерін та-
нып білуге себепкер болған.
Абайтанушылардың жазғандарына қарағанда, Абай қазақ
ауыз әдебиетін, өзіне дейінгі және өзімен тұстас Арқа, Жетісу
ақындарын жақсы білген. Біле отырып, тілдеріне зер салған,
зер сала отырып, өзіне қажетін алған. Тегі, Абайдың дәл ал-
дында қазақтың халықтық тілін көркем әдебиетте, оның
ішінде поэзияда пайдалану жағынан осал мектеп болмаған
дегенді баса айтамыз. Солардың ішінен біз Дулатты атаймыз.
Дулат пен Абайдың идеологиялық бағыттары қарама-қайшы,
творчестволарының тематикасы да бірдей емее. «Сөздері бірі
құрау, бірі жамау» деген баға алғандардың бірі бола тұрса да,
Дулат ақындық шеберлігі жағынан өзіне дейінгі және заман-
дас ақындардан әлдеқайда жоғары екені көрінеді. Тіршілік пен
өлімнің Ұзақ дауы шешілген. Артына қарап үңіліп, Қайран та-
лай жыл кетті; Мөңіреп жұртқа ой қайтты Бұзауы өлген си-
ырдай; Саудагер сарттай қайтты өмір, Құмар ойнап ұтылған
т.т. осы сияқты образдарды Абайға дейінгі қазақ әдебиетінде
Дулаттан ғана кездестіреміз. Ойдың құтысы, жырдан алқа
тағу тәрізді семантикасы алшақ сөздерді тіркестіру тәсілінің
алғашқы нышандарын да Дулаттан таба аламыз. Әрине, бұл са-
ланы сан жағынан да, сапа (түр, мазмұн) жағынан да Абаймен
салыстыруға болмайды, Абайда бұл тәрізді образдар – система
болып келсе, Дулатта әр тұстан қылаң етіп бір көрінетін си-
рек дүние. Сол сияқты Дулаттың: Қыс болса тапшы қызылдан,
Жаз болса шола жұтымнан; Дүние – жемтік, мен – төбет
тәрізді тармақтарында «Бұлт ала, жер шола» деген мақалдағы
тапшы, шала сөздерін ет пен ақтың метафоралы атаулары
қызыл, жұтым деген сөздермен тіркестіру немесе адамды
төбетке, дүние, тіршілікті сол төбет кеміретін жемтікке теңеу
– соны, тың дүниелер.
Дулаттың:
Көргеннің көзі тойғандай,
Топты ортадан ойғандай.
Сәулетіңнің сағымы
Бұтағына шынардың
51
Күнді әкеп іліп қойғандай,
Сәндісің, жаным, сәндісің! –
деген алты жолдық шағын арнауы – ескі мен жаңа образдардың
синтезі: алдыңғы екі тармақ – бұрыннан келе жатқан шаблон,
соңғыларында қазақ әдебиетінде бұрын қолданылмаған ас-
социация: қыз көркінің қол жетпес алыс сәулесін (сағымын)
биікке (шынар – ең биік заттық ұғым) іліп қою – тек күшті
ақындық қиялдан шығарып, тілдік тәсіл-тұлғаларды шебер
қолдана білудің жемісі.
Дулатта өзге ақындарда көп кездеспейтін бошалаң,
тантық, баяпыр, жолан, тарпаң, жырғалаң, жобалаң, топы-
рыш-топас, көрнек (ке шығу), (ит) ырғын, ылат, дегдар, сым-
был, сұғыну, абыз т.б. сияқты сөздердің қолданылуы ақынның
қазақ лексикасын, оның ішінде архаизмдерін де, жергілікті
ерекшеліктерді де мол әрі еркін пайдалана білгенін танытады,
өйткені осы сөздердің көпшілігі мағынасы контексте ашы-
латын айқын, әсерлі образдар жасайды. Мысалы: Бәйбіше
тантық, байы арам, Бозбаласы – бошалаң (салыстыр, Абайда:
Қисыны жоқ қышқырған неткен тантық) немесе: Ел билерлік
ісің жоқ, Дегдар емес, будансың т.т.
Осылардың барлығы сөзімтал Абайға көрінбей, қағыста
қалмаған болу керек, өйткені, біріншіден, Дулат – террито-
рия жағынан Абайға ең жақын жерде өмір сүріп өткен ақын,
екіншіден, жоғарыда айтқандай, Дулат Абайдың өзіне дейінгі
ақындардың ішінде тілі жағынан өзгелерден шоқтығы биік, бір
табан ілгері тұрғаны
50
.
Әрине, Абай тіл жағынан жалғыз Дулат емес, өзгелеріне
де көп үңіліп, олқылықтарына қарап, оларды қайталамауға,
жетістіктеріне қарап, оларды әрі қарай дамытуға ұмтылған.
Мысалы, грамматикалық тұлғалардан Абайда өте активтен-
ген келер шақтық есімше, ықшамдалған ашық рай (барман,
келмен), тіпті -мақ жұрнақты тұлға тәрізділер – ауыз әдебиеті
тілі мен қазақ ақындары қолданған тәсілдер; баяндауышты
өткен шақтық көсемше тұлғасымен беруді де Абай шығарған
емес: «Алпамыс батыр» жырындағы Байшұбардың шабы-
50
Дулаттың ақындығы мен тіліне бұндай бағаны бірінші берген – Қ.Жұмалиев
пен Ы.Дүйсенбаев. Қ.Жұмалиев Дулаттың көркемдік ерекшеліктерін «XVIII-XIX
ғасырлардағы қазақ әдебиеті» деген студенттерге арналған оқулығында (Алматы,
1967) арнайы талдап көрсетеді (80-85-бб.).
52
сын суреттеген өлеңнен бастап, бұл тәсіл қазақ ақындарының
бірқатарында кездесіп отырады. Мысалы, Дулаттағы:
Өкпешілін қайтейін,
Тарпаң тайдай қылтылдап!
Пәтуасын қайтейін,
Тазы ит қуған қояндай,
Қаққанша қабақ бұлтылдап.
Келемеж қылып біреуді
Сыртынан күліп шылтылдап.
Бетпе-бет келсе сөз таппай
Самайы терлеп мыңқылдап... –
тәрізді жолдарға синтаксистік көрінісі жағынан Абайдың «Жаз-
дыгүн шілде болғанда» өлеңінің өңкей көсемшеге аяқталған
тармақтары немесе «Оспанға» деген өлеңінің 19 жолының
құрылысы өте ұқсас келеді. Сөйтіп, Абай осы тәрізді бұрыннан
бар дәстүр-тәсілдерді жоққа шығармай, керісінше, оларды әрі
қарай жаңа сапада, жаңа мақсатта дамытуды принцип еткен.
* * *
Абайдың жаңа жазба әдеби тіл этапын бастауда ұстаған
бағыт-принциптерінің ішінде және бір көңіл аударатын жайт
бар. Ол – тілдің қоғамдық қызметін Абайдың дұрыс түсінуі.
Абай дәуірі – қазақ қоғамының әр алуан саяси, әлеуметтік,
мәдени және экономикалық жаңа қатынастарға түскен дәуірі.
Ендігі қазақ қоғамының мәдени талабын жалғыз көркем
әдебиет қанағаттандыра алмақ емес. Қазақ даласына азаматтық
оқу ұрығы шашырап себілген екен, енді оның қажетін өтейтін
оқу-педагогикалық әдебиет керектігі күн тәртібіне қойылады.
Баспасөздің пайда болуы қоғамдық-публицистикалық әдебиет
жанрын талап етеді. Әр алуан ғылыми немесе жартылай
ғылыми (әзірше көпшілікке арналған) шығармалар ғылыми,
публицистика әдебиетіне лайық тіл болуын алға қояды. Сөйтіп,
тілдің қоғамдық қызметі әлдеқайда кеңиді. Оның үстіне
елдің саяси құрылысында демократизация болмаса да, қоғам
дамуының объективтік күштері идеологияда демократтық тен-
денцияларды туғызып, халық мүддесін көздейтін талап-тілек,
іс-әрекеттер пайда болады. Соның бірі – оқу-жазуға, білім-
ғылымға енді ат төбеліндей азғана үстем тап пен дін өкілдерін
емес, бұқара халықты тарту идеясы болды. Ыбырай «Кел, ба-
53
лалар, оқылық» деп жар салып, мектептер ашу үшін бар күш-
жігерін жұмсаса, Абай: «Балаңа қатын әперме, енші берме,
барыңды салсаң да, балаңды оқыт», – десе, әрине, бұларын
Абайдың өз сөзімен айтсақ, «жалпақ жұртқа» арнап айтқаны.
Демек, осы талап-мақсаттарды өтейтін тұтас бір тіл керек.
Және ол тіл азғана окығандарға түсінікті емес, қазақ қоғамын
құрайтын «жалпақ жұртқа» – қалың бұқараға да әрі түсінікті,
әрі қолайлы болуы керек.
Міне, осы қызметті енді бұрыннан келе жатқан ортаазиялық
жазба әдеби тіл (кітаби тіл) атқара алмайтыны сезіледі. Себебі,
біріншіден, ол қазақтың ауызекі сөйлеу тілі нормаларынан
алшақтап кеткен, екіншіден, қазақ жазу тәжірибесінде белгілі
бір жанрларды (діни және эпистолярлық әдебиетті) ғана
қамтитындай қызмет аясы тарылған. Осы жайды, осы сыр-
ды Ыбырай да, Абай да өте жақсы түсінген. Сондықтан олар
қазақ қоғамының мәдени-рухани дүниесінің әрі қарай даму
процесінде ең қолайлы тіл, сан салалы жазба әдебиет тілі деп
қазақтың жалпыхалықтық сөйлеу тілі нормасына негізделген
әдеби тіл формасын қалайды. Бұл қалауларын өздерінің твор-
чествосында білдіреді. Ыбырай осы тілде оқу-ағарту мүддесін
көздейтін әдебиет жанрын жасайды. Ыбырайдың әңгімелері
мен оқу құралдары («Руководство к обучению киргиз...») –
жалпыхалықтық тілге негізделген қазақтың жаңа жазба әдеби
тілінің көркем проза мен педагогикалық стилінің алғашқы
үлгілері. Абайдың да өз творчествосының жанрлық аясын
кеңітіп, «Қара сөздерін» жазуы – құр ермектің актісі емес.
Құдіреті күшті ақын «ендігі ойына келгенін ақ қағаз, қара
сиямен» өлең түрінде де жаза бере алса керек еді, бірақ ол
1890 жылдардан бастап, Мұхтар Әуезов айтқандай, «әр за-
манда бағасы жойылмайтын, бір үлкен қымбат қазына боп
табылатын» жаңа жанрды – прозамен жазылған публицисти-
ка мен ғылыми әдебиет жанрын жасайды. Тіл функциясының
кеңеюге тиісті екенін түсініп қана қоймайды, іс жүзінде
кеңейтуге өзі қатысады. Өлеңдері сияқты, бұл жанр да,
қазақтың жалпыхалықтық тілі негізінде жазылған. Сөйтіп, тіл
мәселесінс ұлттық, халықтық мүддеден қарауы, тілдің келешек
қоғам үшін атқаратын рөлін дұрыс түсінуі Абай мен Ыбырайға
жалпыхалықтық тілді тандауға мүмкіндік берген.
54
* * *
Жазба әдеби тілдің жаңа бағытта дамуына тікелей қатысты
тағы бір мәселе бар. Ол – Абайдың орыс тіліне қатынасы.
Қазақтың ауызекі сөйлеу тілінің, соған негізделген көр-
кем әдеби тілінің бұрыннан келе жатқан принциптерінің
бірі – әртүрлі қарым-қатынас нәтижесінде тіл тәжірибесіне
шеттілдік сөздерді қабылдап, тіл мұқтаждарын өтейтіндерін
тұрақтандыру, әдеби айналымға түсіру болатын. Осы ретпен
лексикамызға өте ертеден-ақ парсы, монғол, одан кейін араб,
орыс тілі сөздері енгені мәлім.
Абай осы принципті жаңа сапамен әрі қарай дамытады. Жаңа
сапа дегеніміздің мәнісі мынау: тікелей саяси, экономикалық,
мәдени қарым-қатысқа түскен орыс халқының тілінен жеке
сөздерді қабылдау – Абайға дейін де бар тәсіл. Бірақ бұл
қабылдау біржақты: сырттай. Қазақта жоқ ұғымның (көбінесе
нақтылы заттың) атауын қолдан жасап, қазақшаламай-ақ не-
месе шығыс тілдерінен балама іздемей-ақ, орысша түрін
қабылдап келді. Бұған ел билеуге, саудаға т.б. қатысты сөздер
жатады. Және әдеби тіл бұларды ауызекі сөйлеу тілінен алды.
Абай мен Ыбырай бастаған жазба әдеби тілдің бұл жөнінде
түбірлі, сапалық айырмасы болды. Олар русизмдерді қазақтың
ауызекі сөйлеу тілімен қатар тікелей орыс жазба әдеби тілінен
де алды. Бұл – жазба әдеби тілдің бір белгісі. Бұған Абай мен
Ыбырайдың тікелей көркем аудармамен айналысқандары ғана
емес, жалпы орыс тілін білгендіктері, орыс тіліндегі әдебиетті
оқи алғандықтары үлкен рөл атқарған. Сондықтан да такт;
единица, ноль, трагедия, счет, коренной тәрізді соны сөздер
Абайдың аударма емес, төл шығармаларында кездеседі. Бұл –
бір. Және бұл– орыс тілінен қазақ тіліне сандық, сырттай әсері.
Екінші – іштей, семантикалық әсері және басталған. Абайдың
көптеген жаңа теңеулері, метафоралары, эпитеттері орыс
тілінің моделімен (мағына жағынан) жасалғандығын проф.
Қ.Жұмалиев «Абай поэзиясының тілі» атты еңбегіңде өте
жақсы көрсетіп талдаған. Күңгірт көңіл, ұлыған ой, өкінді жол
тәрізді семантикасы жағынан бір-біріне жуыспайтын сөздерді
тіркестіріп жаңа образ жасауда сыртқы материал қазақтың
халықтық тілі болғанмен, бұлайша тіркестіру принципі орыс
әдебиеті ықпалымен дамыған.
55
Абай өлеңдерінің тіліндегі негізгі ойға қатысы жоқ артық
сөздердің болмауы, аз сөзбен бар ойды білдіру сияқты негізгі
ақындық шеберлігі де орыс әдеби тілі принципімен ұштасып
жатқан тәрізді.
Сөйтіп, Абайдың (және Ыбырайдың) орыс тілі ықпалына
қатынасында бұрынғы қазақ әдеби тілінде де, ауызекі сөйлеу
тілінде де жоқ тенденция-бағыттар бар. Ол – орыс тілін қазақ
әдеби тілінің дамуында негізгі әсер-үлгі алатын тіл деп тану.
Кептерше сүйінісу, бір сағаттан бір сағат, еркекке мүйіз
шығу т.б. тәрізді калькалар да осы әсер-ықпалға жатады.
Екінші тенденция – лексикалық единицаларды, калькаларды
тікелей орыстың жазба әдебиетінен алу, бұл әрекет жалғыз ау-
дарма арқылы емес, орыс әдебиетімен танысу (оқу) арқылы да
жүзеге асатынын Абай өз творчествосында, өз тілінде көрсетті.
* * *
Қазақтың қазіргі жазба әдеби тілінің іргетасы қаланған
тұсын сөз еткенде, осы жайға тікелей қатысты тағы бір
мәселеге тоқталмай кетуге болмайтын тәрізді. Ол – диалектілік
ерекшеліктер мәселесі. Қазақ филологиясында қазіргі әдеби
тіліміздің тірек диалектісі болды ма, жоқ па, болса – қай диалекті
негіз болды? деген сияқты сұрақтар Абай, Ыбырай тілдерін,
жалпы XIX ғасырдың II жартысындағы қазақ әдеби тілін сөз ет-
кен тұста ара-тұра қойылып, бір-біріне қарама-қайшы екі пікір-
тұжырым тудырып отыр. Бірі – қазіргі жазба әдеби тілімізге
белгілі бір диалект ұйтқы болған жоқ, өйткені осы күнгі жазба
әдеби тіліміздің іргетасы қаланған дәуірден – ХІХ ғасырдың
ІI жартысынан едәуір бұрын-ақ қазақтың жалпыхалықтық
тілінде, оның ішінде, көркем әдеби тілінде межелері айқын
ажыратылған диалектілік бөліністер жоқ болатын (жойылып
кеткен), сондықтан қазақтың жаңа жазба әдеби тілінің негізін
қалаған нұсқалар тілі – белгілі бір аймаққа тән диалектінің
үлгісі емес, қазақ даласының күллі түкпіріне тегіс тараған
тұтас әдеби тіл үлгісі дегенді қоштайды. Абай мұраларын зерт-
теп танушылардың басым көпшілігі (Әуезов М., Жұмалиев Қ.,
Кеңесбаев I., Сауранбаев Н., Мұсабаев Ғ., Балақаев М. т.б.)
осы пікірді ұсынады. Ал екінші пікірді айтушылар (Аман-
жолов С.) Абай қазақ тілінің солтүстік-шығыс диалектісінде
жазды, сондықтан қазіргі әдеби тіліміздің негізі осы аталған
диалект дегенді ұсынады.Бұл тұжырым бойынша, «солтүстік-
56
шығыс диалектісі» деп аталуға тиісті қазақ диалектісіндегі
жергілікті ерекшеліктердің баршасы әдеби нормаға жатады,
сондықтан Абай шығармалары тіліндегі кейбір жеке сөздер
қазіргі әдеби пайдамызға жарамай қалған болса, оның себебін
бұл сөздердің солтүстік-шығыс диалектісіне жатпағандығынан
іздеуіміз керек болады
51
. Бұған қарағанда, екі түрлі мәселеге
назар аударып, фактілер іздестіруге мәжбүр боламыз. Бірі –
Абай тіліндегі сөздердің күллісі қазірде әдеби норма ма, яғни
бұл күнде Абай өлкесіне тән жергілікті ерекшелік болып та-
былатын жеке сөздер Абай тілінде ұшыраса ма екен, екіншісі
– Абай өзге «диалектілерге», яғни өзге, шалғай өлкелерге тән
элементтерді пайдаланды ма екен?
Абай туып-өскен, жазушылық құрған өлке – Семей облысы-
ның қазіргі Абай, бұрынғы Шыңғыстау ауданы. Бұл Қазақстан
жерін диалектілік ерекшеліктерге қарай шамалап бөлгенде
шығыс өлкесіне жатады.
Қазіргі әдеби тіліміздің нормасымен салыстырғанда, бұл
өлкеде де жергілікті ерекшеліктер бар. Және олар арнаулы
зерттеулерге қарағанда, сан жағынан да, сипаты жағынан өзге
аймақтардағыдан кем емес
52
.
Диалектологтардың қазіргі кезде Абай туып-өскен аудан-
дарға және жалпы шығыс аймаққа тән деп атап жүрген лекси-
калық ерекшеліктерінің бірқатарын Абай текстерінен таба-
мыз. Мысалы, диалектолог-мамандар Семей өлкесінде кердең
сөзі «паң, менмен, дандайсыған» деген мағынада жергілікті
ерекшелік ретінде кездеседі деп көрсетеді
53
. Осы сөзді Абай
51
Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка. - Алма-
Ата, 1959. - С. 182-221.
52
Ж. Болатов Семей облысының Абай, Шұбартау аудандарында тұратын қазақтар
тіліндегі жергілікті ерекшеліктер туралы // Қазақ тілінің тарихы мен диалектологиясы.
Алматы, 1960. - 2-шығ.
53
Осы жерде және әрі қарай мынадай сөз мынадай өлкелерге тән деген мағлұматты
жылма-жыл арнайы экспедицияларға шығып жинаған мамандардың (Аманжолов С.
Болатов Ж., Сарыбаев С., Досқараев Ж. т.б.) жарияланған материалдары бойынша
келтірдік. Ол материалдар: Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории
казахского языка. - Алма-Ата, 1959; Болатов Ж. Семей облысының Абай, Шұбартау
аудандарында тұратын қазақтар тіліндегі жергілікті ерекшеліктер туралы // Қазақ
тілі тарихы мен диалектологиясы мәселелері. Алматы, 1960. - 2-шығ.; Болатов Ж.
Қошағаш қазақтарының тіліндегі жергілікті ерекшеліктер. туралы // Қазақ тілі тарихы
мен диалектологиясы мәселелері. Алматы, 1962. - 4-шығ.; Болатов Ж. Семей облысы
Көкпекті, Ақсуат аудандарында тұратын қазақтардың тіліңдегі кейбір диалектілік
ерекшеліктер туралы // туралы // Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясы мәселелері.
Алматы, 1960. - 3-шығ.; Досқараев Ж. Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері. - II
57
жиі қолданады. Сірә, бұл сөздің жалпы «паң» дегеннен гөрі
(жарасымды, орынды пандық та болады ғой!), «дандайсыған,
менмен» деген мағыналары басым болуы керек. Абай бұл
сөзді, көбінесе, жағымсыз қылықтардың қосағында қолданады.
Күлкішіл, кердең наданның (I, 88). Керенау, кердең, бір керім
(I, 76). Кердең мойын кесілсе (I,42). Дегенмен «паң, өр» мағы-
насында да жоқ емес: Нұрлы аспанға тырысып өскенсің сен,
Менмен, кердең, қайғысыз ер көңілімен (I, 234). Бұл сөз Семей,
Шығыс Қазақстан аудандарының көпшілігінде бар. Әдеби тіл
нормасындағы кердең-кердең басу, кердеңдеу сөздерінің осы
кердеңмен түбірлестігі даусыз.
Бастау сөзінің «бұлақ, қайнар, судың басы» деген мағы-
насының таралу өрісі кеңдеу. Шығыс Қазақстан, Семей, Алма-
ты, Жамбыл облыстарында қолданылатын бұл сөз де Абайда
бар: Бас қоймай ма бастауға (I, 219).
Жолғасу («жолығу, кездесу») етістігін диалектологтар Таулы
Алтай, Қошағаш, Шығыс Қазақстан аудандары қазақтарының
тіліне тән деп табады. Бұлармен шектес Шығыс Қазақстан, одан
Семей өлкелеріне де бұл тұлға жат болмағанға ұқсайды. Абай
жолығу вариантымен қатар жолғасу тұлғасын да қолданады
(және соңғысы көбірек): Астыртын барып жолғасқан (I, 64).
Және ұқсар тар төсекте жолғасқанға (I, 23). Ұрланып қаштық,
Жолғастық, Шуластық (I, 129). Демек, Абайдың күшті тексто-
логы Қ. Мұхаметхановтың: «1954 жылғы баспада Астыртын
барып жолығысқан деп берілуі дұрыс емес, қолжазбадағы
жолғасқан деген варианты түпнұсқаға сай келе ме дейміз»
54
,
–деген пікірі қисынды екені дәлелденеді.
Абай, Шұбартау аудандарының
55
тұрғындары бұл күнде
қасынысып жүру (қасыну) етістігін «тату жүру» мағынасында
қолданатын көрінеді. Шынында да бұл тұлға дәл осы
мағынасында осы аймаққа тән диалектизм екені даусыз. Басқа
бөлім. - Алматы, 1955; Сарыбаев Ш.Семей облысы Мақаншы ауданында тұратын
қазақтардың тіліндегі кейбір диалектілік ерекшеліктер //Қазақ тіл білімінің мәселелері.
- Алматы, 1959. т.б.
54
Мұхаметханов Қ. Абай шығарммарының текстологиясы жайында. - Алматы,
1959. - 42-б.
55
Талданылған сөздердің қолданылатын аудандарын бұлайша дәл атап
көрсеткенімізде, тек осы екі-үш ауданға ғана тән деп түсінбеу керек. Біз бұл аудан
аттарын бір экспедицияның маршрутына байланысты жазылған мақала атауына қарай
алдық. Әйтпесе бұл тәрізді диалектизмдердің қолданылу өрісі әлдеқайда кеңірек екені
даусыз.
58
аудандарда (Қошағаш) қарама-қарсы мағынада, яғни «қастасу,
қастаса бастау» деген ұғымда жұмсалады. Осы тұлға алдыңғы
мағынада Абайда бар: Қалжыңдамақ, қасынбақ, ыржаңдамақ
(I, 35). Бұл жердегі қасынбақ тұлғасы әдеби нормаға тән
«қасыну» (өз денесін қасу) мағынасында емес, жоғарыдағыдай
«тату жүру, жұғысу» ұғымында.
Күлмеңдеу, күлмең қағу етістігін де мамандар шығыс говор-
ларына жатқызады. Өткендегі өзге өлке ақындарынан әзірше
кездестірмеген бұл сөзді Абайдан табамыз: Күлмең қағып
қасқиып (I, 84). Күлмеңдеп келер көздері (I, 131).
Біздің ізденуіміз бойынша, Абайдың екі диалектизмді ау-
дарма шығармасында шебер пайдаланғанын көрсетеміз. Біреуі
– далаң сөзі. «Евгений Онегиндегі» атақты Ленский сөзінде:
А я – быть может, гробницы Сойду в тайнственную сень де-
ген жолдарды: Табытқа салып алып әлде мені Апарар сырын
білмес бір далаңға (II, 87) деп аударады. Осындағы орысша
сень гробницы дегендер далаңға апарылған табыт сөздерімен
білдірілген. Орыс тіліндегі сень деген сөздің өзі – поэзия тіліне
тән кітаби көне сөз. Орыс тілі түсіндірме сөздігіне жүгінсек:
Сень I. Покров (книжн. поэт, устар.) перен. В образных поэт.
выражениях – место (какое-н. или чего-н.). Могильная сень.
Родная сень. 2. Навес, полог в алтаре над престолом (церк.).
Под сенью (книж). – перен. 1) под защитой, под покровитель-
ством, 2) как бы под покровом, 3) возле, вблизи и как бы под
покровом (Толковый словарь русского языка под ред. Ушакова
Д.Н. - М., 1940. - Т. IV. - С. 150). Пушкиннің Ленский аузына
салып тұрған сень сөзі де 1-мағынада, әсіресе оның ауыспа-
лы мағынасында (салыстыр: могильная сень – гробницы сень)
қолданылған. Сень сөзін қазіргі екі тілдік сөздіктеріміз «пана,
қорғаушы, под сенью деревьев – ағаштардың панасында, под
сенью закона перен. – заң қорғанышында (?)», – деп беріпті
(Русско-казахский словарь. - М., 1954. - С. 731). Мұнда сень
сөзінің 1 покров мағынасы мен 2 ауыспалы мағынасы ғана
берілген. Ал место мағынасы аударылмаған. Осы мағынаны
Абай далаң
56
сөзімен берген.
56
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «дала» – жазықтық, иесіз жатқан жер
делініпті де, оған Абайдың жоғарғы жолы мысал ретінде келтіріліпті. Түсіндірме
дұрыс емес, бұл жерде дала сөзінің мағынасы берілген.
59
Абай Семей, Алматы өңірінде «кіре берістегі бөлме, ауыз
үй» мағынасында қолданылатын далаң сөзін алған болу керек
те, мағынасын жаңғыртып, «таинственное место гробницы»
деген қазақ түсінігі үшін мүлде жат та жаңа ұғымды білдірерлік
жаңа сөз ретінде ұсынса керек. Далаң сөзін бөлме деген сөздің
мағынасында М.Әуезов те қолданады («Абай жолы», II. 41).
Екінші диалектизм – балаң. Қазіргі әдеби тілімізде соңғы
кездерде балаң сөзі «жас, толыспаған, шикі» деген мағынада
қолданылып жүр. Ал бұл тұлға Таулы Алтай, Қосағаш қазақтары
тілінде «бос, болбыр, нашар адам» мағынасында қолданылады
екен. Семей өлкесінен жиналған диалектологиялық материал-
дардың ішінен балаң сөзін кездестірмедік, дегенмен Қосағаш
өлкесі Шығыс Қазақстанмен ұштасып жатқанын ескерсек,
бұл сөздің Абай өмір сүрген аймақта да қолданылатындығын
немесе бұрынырақ қолданылғандығын аңғарамыз. Абай
Лермонтовтың «Бородиносынан» Да, были люди в наше время,
Не то, что нынешнее племя. Богатыри – не вы!» (Лермонтов,
I, 14) «деген тармақтарды» Ондағы біздің адамдар Сендердей
емес – балаңдар! (II, 70) деп аударады. Бұл жердегі балаң сөзі
– «ондағы біздің адамдар»-ға қатысты емес, сендер дегеннің
эпитеті. Және мұндағы балаң сөзі қазіргі біздің қолданып
жүрген «жас, толыспаған» деген мағынада емес, «нашар, бос,
болбыр, батыр емес, яғни «богатыри!» дегенге қарама-қарсы
түсінікте. Сөйтіп, жергілікті халық тіліндегі балаң сөзін Абай
орынды да дәл пайдаланғанға ұқсайды.
Диалектолог Ж.Болатов Абай, Шұбартау аудандарында
қазіргі кезде қораздану етістігі бар болғанмен, қораз деген сөз
жоқ екенін, оның орнына әтеш сөзі қолданылатынын айтады.
Абай текстерінен де дәл осы картинаны көреміз: қораздану
етістігі бар. Құсы да, иесі де қоразданар (II, 23), қораз есімі
жоқ, оның орнында әтеш сөзі қолданылған: Сен біраз әтеш
үнін үйрен депті (II, 127).
Абайда кездесетін ақ шомшы сөзі (кейде ақшом вариантын-
да), сірә, өткенде шығыс өлкелерде қолданылған болу керек.
Өйткені шом сөзі әр жерде әртүрлі мағына береді. Сыр бойын-
да қамыстың бір бумасын білдіреді. Ұлытауда шом – қоршау,
қора, ал шығыста шом – жазы, түйенің жазысы
57
. Бұрын
57
Досқараев Ж., Досмамбетов К. Қазалы ауданындағы жергілікті халықтың
тіліндегі диалектілік ерекшеліктер // Қазақ ССР ҒА Хабарлары. - 1962. - №1. - 16-б.
60
егіншілікпен айналысатын аудандардан астық сатып алып,
оны шом артқан түйе керуенімен тасып, қазақ арасына әкеліп
сататын адамдарды ақшомшы деп атаған
58
. Бұл сөз астық таси-
тын көлік атынан (шом артқан түйе>шом>шомшы) ауысып,
қимыл иесін де, керуен атын да білдірген тәрізді. Салыстыр,
Абайда: Қаз, тырна қатарланып қайтса бермен, Астында ақ
шомшы жүр, ол – бір керуен (I, 71). Зерттеуші диалектологтар
ақшом сөзімен қазіргі абайлық, шұбартаулықтар (әрине, тек
осы екі аудандағылар емес болар) ұзақ жолға жүрген керуенді
атайды деп көрсетеді.
Күләпара да – қазақ арасына тегіс тараған киім атауы емес
(өзге облыстарда далбай, жалбағай т.б. аталады). Ол – қысы
қатты, жауын-шашыны мол орталық және шығыс аймақтарда
боранда не жауында тымақтың сыртынан киетін баскиім. Абай
бұл сөзді этнографиялық суреттеме өлеңіне («Ойланып ойға
жеттім жүз жылғы өткен») кіргізіп, жүз жылғы өткен киім
ішінде санағанымсн, күләпара – Абайдың өз тұсында да, тіпті,
қазірде де бар сөз.
Жарияланған материалдарға қарағанда, дарқан сөзі Ал-
маты өңірінде «ұста» мағынасында қолданылатын жергілікті
ерекшелік ретінде кездеседі
59
. Абай тексіндегі дарқан да дәл
осы ұғымда: Үшінші, «дарқансың ғой, өнерлісің ғой, шырағым»
немесе «ағеке, нең кетеді осы ғанамды істеп бер», – дегенде...
(II, 189). Бұл сөйлем қолөнер туралы жазған 33-сөзінде.
Сондай-ақ Абайдың: «Боламын деп жүргенде болат қай-
тып, Жалын сөніп, жас жүзін басады өзім (1, 218)» деген жол-
дарындағы болат сөзі де – біздіңше, әдеби тілдегі металл
атауы емес, Шығыс Қазақстан
60
аймағындағы «көздің нұры,
қарашығы» деген ұғым беретін жергілікті сөз болар дейміз.
Күсу етістігі де бұрын қазақ даласында тегіс қолданылмаған-
ға ұқсайды. Өткен ғасырдағы батыс, солтүстік ақындарының
ешқайсысынан бұл сөзді кездестірмейміз. «Безу, күдер үзу,
қашу» мағынасындағы күсу сөзін Абай өте жиі пайдаланған:
58
Сулейменов Б. Аграрный вопрос в Казахстане последней чертверти XIX в. и
нач. XX в. - Алма-Ата, 1963. - С. 247.
59
Дарқан сөзінің «ұста» мағынасында қолданылуы, әрине, тек жалғыз Алматы
емес, оған жалғас Шығыс Қазақстан, Семей аймақтарында да болуы керек не өткенде
болған болу керек. Біз Алматыны ғана атағанда жарияланған материалға (Досқараев
Ж. Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері. - II бөлім. - Алматы, 1955. - 41-б.) қарадық.
60
Бұл да сонда.
61
«Ойға тоймас қызықты қиялдан күс» (I, 239). «Жалмауыздай
жалаңдап, Ар-ұяттан күсіппін» (I, 250). «Қайтіп суып жалғаннан
күсе аламыз» (I, 217). Сондай-ақ: малдан күсу (I, 272), жан-
нан күсу (I, 281). Осыған сүйеніп, Қ. Мұхаметхановтың Абай
жолдарына: «Көрмей тұрып күсемін Темір көзді сарайды» деп
текстологиялық түзету ұсынуы
61
өте дәлелді. Бұл етістік Ду-
латта да бар: «Елім десе елеріп, Жаннан мүлде күткен ер» (76).
Бұл қатарға тағы да 5-10 сөз қосып мысалдар санын өсіре
түсуге болар еді. Қысқасы, бұдан біз қазірдің өзінде тара-
лу аумағы тар жергілікті кейбір сөздердің Абай текстерінде
орын алған фактісін көреміз. Сондай-ақ біз қазіргі кезде
Қазақстанның шығысынан басқа аймақтарға тән деп тау-
ып жүрген диалектизмдердің де Абай тілінде кездесетіндігін
байқаймыз. Мысалы, Абайда жалаңқая сөзі бар: «Жалаңқая
жат мінез жау атады» (I, 28). Мағынасы әйтеуір бір жағымсыз
қылықты білдіру болу керек. Түркменияда тұратын қазақтар
тілін зерттеуші Ә. Нұрмағамбетов бұл сөзді ол тұрғындар
«сұрқия, сұм, жалдап» мағынасында қолданады дейді. Жа-
лаңқая сөзі көрші қарақалпақ тілінде «өсекші, жалдап» дегенді
білдіреді. Бұл сөздің өткенде таралу шегі кеңірек болғанға
ұқсайды. Өйткені осы сөзді «сұм, сұрқия, жалдап» деген
ұғымда Абай өзі жасамағаны аян.
Шыныны батыс тұрғындарынша шөлмек деп атау Абай-
да мақал ішінде кездеседі: «Мың күн сынбас, бір күні сынар
шөлмек» (I, 26).
Абайдағы образды сөздердің бірі – желқабыз. «Сырты абыз
бар, желқабыз бар, Алты ауыз бар – Өзге жоқ» (I, 152). Біздің
лексикологтар Абайдың осы сөйлеміндегі желқабыз-ды жеңіл
(!) қаңбақ деп түсіндірулері түсініксіз. Бұл сөздің екінші бір
жерде келген мағынасын «жүйрік ат» деп анықтайды (ҚТТС,
I, 223).
Желқабыз сөзі қазірде Алматы, Талдықорған төңірегінде
«желдену, іші кебу» деген ұғымды білдіретін диалектизм
ретінде де көрсетіліп жүр. Осы сөздің әйтеуір «желдену, іші
кебу, ұлғаю, ісу» мағыналары бары сезіледі. Қырғыз тілінде
(солтүстік говорларында) желқабыз босанған әйелгс салқын
тигендегі аурудың аты, құрғақ желқабыз – жалпы ісік ау-
61
Мұхаметханов Қ. Абай шығарммарының текстологиясы жайында. - Алматы,
1959. - 29-30-б.
62
руының аты (Киргизско-русский словарь. - С. 244). Абай бұл
сөзді қайдан, қай мағынада алған? Сірә, біздіңше, желқабыз
сөзінің Алматы, Талдықорғандықтар қолданатын «желдену,
іші кебу» мағынасын Абай ауыстырып, «іші шерге толған»
деген ұғымда айтып тұрған тәрізді. Өйткені өлең Оспан-
ды жоқтауға арналған, алты шумақты (алты ауыз бар). Біз
келтірген шумақтың алдыңғы үш тармағы: Жұрт тынымсыз,
Бәрі ұғымсыз, Енді оларға сөз де жоқ (1, 152) болып келеді де
әрі қарай өзі, өзінің осы шығармасы туралы: «Сырты абыз бар,
Желқабыз бар, Алты ауыз бар – өзге жоқ» болып аяқталады.
Демек, бұл жердегі желқабыз – «жеңіл қаңбақ» та емес,
«іші кеуіп, желденген» де емес, «бос кеуде, көпірме» де емес
(Абай әсте өзіне-өзі мұндай баға бермесе керек), «іші қайғы-
шерге толған адам», яғни Оспандай інісі өліп, іші қайғыға то-
лып, бірақ сырттай оны білдірмей абызға (оқыған, білген, әр
нәрсені аңғарған адамға) ұқсаған өзін және осы күйін білдірген
алты шумақты өлеңі (алты ауыз бар) барын айтып отыр.
Бұл деген сөз осы күні Абай өлкесінде «мата, кездеме»
дегеннің диалектілік варианты болғанмен, Абай оны өзге
өлкелердегідей «ақша, баға» ұғымында жұмсайды: «Бұл үшін
қызықпассың сен де бір ер»(I, 265). «Бұл құрап, киім түзеп,
қарны тойған» (I, 270). «Өз пұлыңмен халің жоқ күнде тояр»
(I, 174). «Антұрған көп бұл емес»(I, 146). «Осы күнде мына
бір істің пұлы бар екен деп (II, 219)». Абай бұл сөзінің осы
мағынасынан туған әдеби нормадағы бұлдау («қымбат, бағалы
нәрсеге есептеу») сөзін де қолданған: «Біреудің малын бұлдап
қарызға алады» (II, 189). Бұл сөзін осы мағынада Дулат та жиі
қолданған: «Тәтті менен дәмдіні Қолында бұлы бар жейді»
(99). Абай, керісінше, матаны кездеме деп атайды (II, 157).
Сөйтіп, бәрін әзірге түгендей алмасақ та (өйткені бұл – тек
Абай лексикасын түгел сүзіп шығуға ғана байланысты емес,
өзге өлке ерекшеліктерінің түгел жиналуына да қатысты жай),
Абай шығармаларының тілінде қазіргі кезде Қазақстанның
өзге аймақтарына тән деп табылып жүрген бір алуан сөздерді
кездестіреміз. Бұл топтың ішінде бірнеше сөзді біз әдейі
кіргізбедік. Қолымыздағы материалдарға қарап, диалектілік
сипатына күмәнданатын жайымыз бар. Мысалы, нәсте (нәрсе)
63
тұлғасы солтүстік-батыс аудандарға тән деп регистрацияланса
да, оны біз қазірде де, өткенде де көп өлкеден табамыз. Абайда
екі варианты да бар.
Қас (қаса) сөзі – «өте, аса» мағынасында Жамбыл, Тал-
дықорған облыстарының ерекшелігі деп көрсетілгенмен,
бұл сөздің де әсіресе өткендегі қолданылу шегі өте үлкен.
Абай бұл сөзді буын санына қарай қас, қаса деп екі вари-
антта жиі қолданған. « Қас маңғаз малға бөккен кісімсініп»
(I, 35), «Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға» (I, 23). Ильминский
бұлсөздің өткен ғасырда батыста болғанын көрсетеді, қас, қаса
– чистый, настоящий (170). «Кілең, ылғи» мағынасындағы
кіл сөзін де диалектизм деп санау қиын. Бұл да – батыста да,
шығыста да, солтүстікте де, ортада да (Қызылорда) бұрында,
қазір де қолданылатын сөз. Бұлардың диалектілік сипаты кейін
пайда болып, Абай тұсында олар жалпыхалықтық сипатта бо-
лулары да мүмкін.
Абай тіліндегі кейбір сөздердің жергілікті ерекшелікке
қатысты болар-ау деген фонетикалық оформлениесі мына-
дай: Абайда найзағай емес, нажағай (әдеби нормамызда ал-
дыңғысын қуаттап жүрміз).
62
Өткен ғасырда батыс аймағында
найзағай варианты болған (Ильминский, 123). Абайда адал
сөзі қазіргі басылуларында осылайша жазылып жүргенмен,
өзінде алал түрінде қолданылған, оны Мүрсейіт дәптерлері
көрсетеді, Мүрсейітте барлық жерде де алал деп жазылған.
Илану етістігі Абайда инану тұлғасында келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |