Доклады казахской академии образования Ежеквартальный журнал издается с 2008 года



Pdf көрінісі
бет19/28
Дата03.03.2017
өлшемі4,5 Mb.
#7282
түріДоклад
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28

ӘОЖ 070.195 (778 59) 
КАДРДАҒЫ ТҮС 
 
Б. К. СЕРДӘЛІ 
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің доценті, 
филология ғылымдарының кандидаты 
 
Аннотация 
Импрессионистер әдепкі кезде бейнелеу өнеріне бір-біріне мүлдем қарама-қайшы 
түр-түстік  гамманы  енгізді.  Олар  алғаш  ұсақ-түйек  заттарға  жарық  өрнектерін  түсіру 
арқылы  көлеңкені  (оның  ішінде  жерге  түскен  табиғи  көлеңкелер  де  бар),  жапырақта 
шағылысқан жарық түрлерін бейнелеп көрсете білді. Қазір суретшілер де, операторлар да 
өз  туындыларында  адамның  көркемдік  қабылдау  түйсігінің  физиологиялық  және 
психологиялық ерекшеліктерін барынша танып отыр. Мақалада телеоператордың сюжет 
кадрындағы түс таңдау шеберлігі жан-жақты баяндалады. 
Түйін сөздер: түс, контраст, кадр, көпкамералы түсірілім, интерьер, жарық. 
 
Түс  шкаласының  біз  жеті  түрден  тұратынын  жақсы  білеміз,  олар:  қызыл,  ашық 
қызыл,  сары,  жасыл,  көк,  ашық  көк,  күлгін  түстер.  Түсті  қабылдау,  онымен  жұмыс 
жүргізу  заңдылықтарын  дәл  айқындау  үшін  операторлар  «түс  тегершігін»  ұтымды 
пайдаланып жүр (1-суретті қараңыз). 
Байқағанымыздай,  тегершік  диаметріне  бір-біріне  қарама-қарсы  түстер 
орналасқан. Оларды өзара араластырған кезде ахроматикалық түстер шығады. 
«Қызыл  күрең»  және  «жасыл»  түстер  шеңберді  екі  бөлікке  бөледі.  Сөйтіп,  оң 
жақта «жылы» түстер, сол жақта «суық» түстер пайда болады. 
Түстің негізгі сипаттары үш түрлі, олар: түс тоны, қою түс және ашық түстер. 
Түс тоны (I) түстің сапалық сипатын білдіреді. 
Қою түс (Р) түстің тазалығын, бояулардың ашықтығын, аралас түстердің үйлесімін 
анықтайды. 
Ашық түс (r – po) жарықтың шағылысу дәрежесін сипаттайды. 
Бұлар  ақ  түстен  қара  түске  дейінгі  сұр  бояуды  тудыратын,  күн  ашық  кезде  ғана 
ажыратуға  болатын ахроматикалық қатарлардың  таңбалары. Осы шкала  арқылы  әртүрлі 
түстердің үстіңгі қабатындағы жарық қабатын салыстыруға болады. 
Жергілікті түс. Бұл жарық сипаттарына тәуелді болмайтын заттардың сыртқы түсі. 
Күнделікті  айналамызда  байқап  жүргеніміздей,  жылы  түстер  біздің  көзімізге  белсенді 
әсер  етеді  де,  суық  түстер  әлсіз  қабылданады.  Психологиялық  жағынан  да  біз  «жылы» 
нысандарды бірінші кезекте түйсінеміз, «салқын» түстерді кештеу  ұғамыз. 
Түстердің  кереғарлығы.  Қосымша  түстерді  өзара  салыстыру  арқылы  біз 
нысандарда контрастылықтың бар екенін аңғарамыз (мысалы, сары мен күлгінді, қызыл 
мен  аспан  көкті,  жасыл  мен  қызыл  күреңді  салыстырып  байқаңыз).  Бұл  түстер  түс 
шеңберінің диаметріне қарама-қарсы жататын түстер болып саналады. 
А.  Бір  мезгілде  болатын  кереғарлық  (контраст).  Нысанның  ашық  жағы  жылы 
түспен жарықтанғанда көлеңке жағы салқын тартатынын тәжірибелі операторлар жақсы 
біледі. 
Б.  Кезектескен  кереғарлық.  Егер  ашық  түске  ұзағырақ  қарап,  сосын  көзімізді  ақ 

 
172 
пішінге  бірден  аударсақ,  жанарымыз  шағылысып,  қосымша  басқа  бір  түс  көргендей 
әсерде боламыз. 
В.  Шекаралық  кереғарлық.  Екі  түрлі  түс  түйіскен  тұста  олардың  шегіндегі  әлсіз 
сызық қоюланған сияқты болып көрінеді. 
Колорит  –  бұл  түстер  үйлесімі,  түс  таңбасы,  түстердің  белгілі  бір  эстетикалық 
тіркесі,  драмалық  үндестік.  Колорит  барлық  түстердің  жиынтығы  мен  композициялық 
қатынасын  құрайды.  Ол  белгілі  бір  түр-түстік  бірлікті  түзетін,  бейне  тудыратын 
жиынтық. Түс колориті ашық немесе қою, жылы немесе суық, байсалды немесе белсенді 
болуы мүмкін [1]. 
Оператор түсірілім барысында кадрдағы түстердің бірлігіне қол жеткізген соң түс 
кереғарлығын (контрастын), түс өңдерін қолдануы мүмкін. Мұны ол жарық беру арқылы 
жүзеге  асырады.  Бірақ  міндетті  түрде  мынаны  ескерген  жөн:  кейде  телекамера  әдепкі 
түсті  бұрмалап  көрсетеді,  әсіресе  нысан  сырттан  жеткіліксіз  жарықтандырылған  сәтте 
солай  болады.  Сондықтан  түрлі-түсті  жарықпен  жұмыс  істегенде  визуалды  бақылауды 
пайдаланған жөн. 
 Бейнелеу  туындысында  жарық  толыққанды  драмалық  фактор  бола  алады. 
Мұндағы  табиғи түстік тіркесімдер бейненің белгілі бір үйлесімін береді. Ал түр-түстік 
акценттер жарықты үйлесіммен қабылдамайды, үрей сезімін тудырады. 
Әр  адамның  түсті  қабылдауы  әрқалай.  Оператордың  жауапкершілігі  неғұрлым 
жоғары болған сайын түс таңдау шешімі де басқаша болмақ. Шығармашылық иесі, оның 
ішінде оператор да бар, болашақ көрерменге алдымен түйсік пен сезім сыйлайды. Демек 
мұнда телеоператордың таңдауы дұрыс жасалған деген қорытынды шығаруға болады. 
Түстерде  құпия  сиқыр  көп:  қайғылы  түстер,  көңілді  және  байсалды  түстер 
адамның  психологиялық  көңіл-күйіне  әсер  етеді  және  адамның  рухымен  тығыз 
байланыста болады. 
Қызыл  түс  өте  қою,  үздіксіз  тулап  жатқан  қан  сияқты,  ол  құмарлық  түсі,  терең 
махаббат пен тұрақтылық, сезім мен түйсік бояуы. 
Ашық  қызыл  түс  –  кездейсоқ  кездесетін  құмарлық  түсі,  үргіншілік  символы, 
ереуіл сипаты. 
Қара түс – ажал түсі, адамды бір-бірінен ажырататын түс. 
Сары  және  одан  туындайтын  қызғылт  сары  түс  –  шуақты  күннің,  байлық  пен 
молшылықтың түсі, сондай-ақ сенімсіздік пен күдік сипаты да. Халық әдет-ғұрпында бұл 
түс  жиі  ұшырасады:  адамдардың  бір-бірінен  одақтас  іздеуі,  сенім  артуы  осы  түске 
қатысты. 
Жасыл түс  –  сенім түсі, жайбарақаттық сипаты, көк  шүйгін  түсі, жаңа  өніп  келе 
жатқан өртең түсі, ағып жатқан бұлақ түсі. 
Аспан көк түс – ұстамдылық сипаты, барлық уақытта бірге болуды үндейтін түс. 
Кадрдағы  шілтер.  Әдетте  шілтер  интерьер  тұңғиығында  камерадан  бірнеше  есе 
қашықтықта  объективтің  оптикалық  өсі  арқылы  нысанмен  екі  аралықта  көлденең 
керіледі. Соның нәтижесінде ауа кеңістігінің көрінісі пайда болады. Дегенмен шілтердің 
артындағы  декорация  алдыңғы  тұсына  қарағанда  өте  айқын  ерекшеленеді.  Ол  өзінің 
жарық  сезгіштік  және  түс  қанықтылық  қасиетінен  айырылғанымен,  біршама  жұмсақ 
байқалады.  Шілтерді  пайдаланудың  кемшіліктеріне  декорация  тұңғиығындағы  кейіпкер 
қозғалыстарының  көрінбеуін  және  контрлық  жарықпен  жұмыс  жасаудың  күрделілігін 
жатқызуға болады. Шілтерге жарық түскен кезде бұл лезде өз шешімін табады. 
Кадрдағы  «тұман».  Павильондағы  арнайы  қондырғы  арқылы  жіберілген  әлсіз 
тұманды  фильт  пен  диффузионды  қолданыс  бейненің  кереғарлығын  жеңілдетеді, 
кадрдағы  колориялық  бірліктің  құрылуына  септігін  тигізеді.  Бұл  тәсіл  декорацияның 
барлық  кеңістігін  бірқалыпты  ұстауға  мүмкіндік  жасайды.  Олардың  контрастылығы 

 
173 
бірінші, екінші және үшінші планда бірдей көрінеді. 
Кадрдағы  «түтін».  Бұл  кадрда  кеңістік  құрудың  ең  қолайлы  әдісі.  Декорацияда 
нысандардың  контрастылығын  жұмсарту  пропорциялы  жүреді  –  нысан  камераға 
неғұрлым жақын болса, соғұрлым ол анық, контрасты болады. Кадрдағы «түтін» лазерлі 
жарықтың жіңішке шоқтарымен түрлі-түсті жарық түсіру арқылы жасалады. Мұнда көп 
және аз мөлшердегі фондық нысандарға түрлі түспен жарық беру арқылы қол жеткізуге 
болады. Түтін шығару кезінде контрлық жарық түсіру құралдарына ашық кеңістік беруі 
мүмкін. 
Көп  камералы  түсірілім.  Анық  әрі  тиімді  жарық  тек  бір  түсірілім  нүктесіне,  бір 
бағыттағы  түсірілімге  ғана  қатысты  болады.  Біз  екі  немесе  үш  телекамерамен  жұмыс 
атқарған  кезде,  режиссер  пульті  арқылы  әрбір  камераның  түсірілімін  қатар  көру 
мүмкіндігін  аламыз.  Бір  камера  үшін  сәтті  орнатылған  жарық  сол  кадрды  екінші 
камерамен басқа нүктеден түсірген кезде тиімсіз болуы мүмкін. 
Бір  камераны  екіншісінен  «оқшаулаудың»  қарапайым  мысалын  шынайы 
интерьердегі  түсірілім  кезінде  анық  бақылауға  болады.  Мысалы,  телестудия 
павильонында бұл ерекшелік бірден байқалады. Бірінші камера көрермендер залының бір 
бұрышына,  екіншісі  –  келесі  бұрышына  орнатылады.  Әрбір  камераның  төбеден  сафит 
арқылы  түсірілген  өзіндік  дербес  жарығы  болады,  ол  жарық  екінші  камераға  кедергі 
келтірмейді.  Тележүргізуші  жүретін  мизансцена  айрықша  жарық  болады.  Жалпы,  орта 
пландағы  көріністер  екі  камерамен  бір  уақытта  түсірілуі  мүмкін.  Бірақ  кейіпкер  өте  ірі 
планға шыққанда, оператор көріністің осы бөлігіндегі жарықпен жұмыс жүргізуі тиіс. 
Көп  камералы  түсірілім  ашық  павильонда  жүргізілсе,  онда  алдын-ала  жасалған 
эскиз  барысында  жарық  берушілер  мен  суретшілер  декорацияны  әрбір  камераға  арнап 
тәуелсіз бөліктерге бөлуді қарастырады. 
Тікелей  эфирдегі  ток-шоу  көріністерін  бірнеше  павильонда  (студияда)  төрт 
камераны  пайдалана  отырып  тоқтаусыз  түсіруге  болады.  Олар  бір-бірінен  толығымен 
ерекшеленген  және  әрқайсысы  өзіне  қажетті  жарыққа  ие  бола  алады.  Әрине,  әрбір 
камерадағы  жарық  мөлшері  барлық  павильонда  қойылған  негізгі  нысандарға  бірдей 
сәйкес келуі қажет. 
Камералар  статикалы  (штативпен,  жылжымалы  арбада),  динамикалы  (аспалы 
кранда) тұрғыда орналаса алады. Мұндай түсірілімде аспалы кран да, жылжымалы арба 
да  емін-еркін  қозғалады,  тіпті  бір  орнында  тұрған  камера  жете  алмайтын  бұрыш-
бұрыштан  да  кадр  жинауға  мүмкіндік  бар.  Оператор  үшін  маңызы  бар  екі  қондырғы  да 
осындай  жағдайда  параллель  екі  бөлмеде,  режиссердің  пультімен  басқара  отырып  бір 
уақытта  монтаждалатын  көп  адамдық  көріністерді  түсіре  алады.  Көбіне  бұған  екінші-
үшінші  деңгейдегі  кешендер  пайдаланылады.  Онда  оператор  түсірілімнің  әртүрлі 
нүктелерін таңдау мүмкіндігіне ие болады. 
Көркемсуретті  және  деректі  киноны  немесе  теледидардағы  сұхбатты  түсіру 
барысында операторлар жарықтандыратын рациональды схеманы пайдаланады. 
Үстел  басында  бір-біріне  қарама-қарсы  екі  адам  отыр  делік:  бірі  сұхбат  алушы, 
екіншісі сұхбат беруші. Түсірілімде үш камера қолданылады. №1 және №2 камералар «өз 
кейіпкерін»  трансфокатор  көмегімен  үлкейтіп,  ірі  планда  немесе  орта  планда  түсіреді. 
№3  камера  жалпы  планды  ұстап  тұрады.  №3  камераның  қосалқы  қызметі  де  бар:  әрбір 
кейіпкерді профильге үлкейтіп, ірі планда түсіріп отырады. Бұл түпкілікті монтаж кезінде 
жұмыс  материалы  бола  алады.  Мұндағы  «қызыл  сызық»  (камералардың  түсіру  бағыты) 
№1  және  №2  камералармен  қиылыспауы  қажет.  Осы  ережелерді  сақтаған  кезде  ғана 
түсірілім  оңай  монтаждалады  және  сұхбаттасушылар  экранда  ешқандай  «камерасыз» 
еркін әңгімелесіп отырғандай әсерде болады. 
Табиғат  аясындағы  түнгі  түсірілім.  Табиғат  аясындағы  түнгі  түсірілім 

 
174 
оператордың  жарық  түсіру  жүмыстары  бойынша  атқарылады.  Оның  қарапайым 
павильондық 
түсірілімнен 
ешқандай 
айырмашылығы 
жоқ. 
Мұнда 
жарық 
температурасының  3200К  сәулесі  қолданылады.  Оператор  жарық  түсіру  құралдарын 
көрерменнің  кадрдағы  жасанды  бейне  екендігі  туралы  сезімін  болдырмайтындай  етіп 
қолдануы  қажет.  Кешкі  және  түнгі  жарық  түсіру  көздері:  көше  шамдары,  үй 
терезелерінен түскен сәулелер, өтіп бара жатқан көліктің шағылысқан жарықтары т.б. Бұл 
көрермен  үшін  шынайы,  үйреншікті  көріністер.  Сондықтан  жарық  түсіру  құралдарын 
орнату,  олардың  сәулесін  бағыттау  –  түсірілім  нысанының  шынайы  жарықтануына 
(кешкі, түнгі) сәйкес болуы қажет. 
Көбінесе  түнгі  түсірілімде  мынадай  кемшіліктерді  байқауға  болады:  адам  үйдің 
бойымен  қабаттасып  келеді,  ал  оның  көлеңкесі  екінші  қабаттан  да  биік  болып  көрінеді 
немесе  жеңіл  машина  тоқтайды,  есігі  ашылған  сәтте  айнасынан  түскен  жарық  жан-
жағына  шағылысады.  Осы  секілді  кездейсоқ  көріністер  оператор  жұмысын  да,  бүкіл 
түсірілім тобының еңбегін де жоққа шығарады. 
Операторлар  түнгі  түсірілімді  кейде  күндіз  де  түсіреді.  Күндізгі  «түнгі  көрініс» 
керағар  жарықта  ақ-қара  түсті  таспада,  сұр  және  қызыл  түсті  фильтрлердің  көмегімен 
түсіріледі. Қаланың түнгі көрінісі ауылға қарағанда едәуір тез әрі анық түсіріледі, өйткені 
көп қабатты үйлердің табиғи көлеңкесі түнгі жарық пен түске үйлесім бере алады. 
Түнде  барлық  нысандар  күңгірт  болғандықтан,  таспаны  оператор  байыппен 
пайдалануы  тиіс.  Жарық  жеткілікті  мөлшерде  жетпеген  жерде  заттардың  түсі  мүлдем 
көрінбей қалуы мүмкін. 
Қалай болғанда да, телеоператор сюжеттегі әрбір кадрдың тұрақты композициядан 
құралатынын еш естен шығармағаны жөн. 
Интерьерде  жарықпен  жұмыс  жүргізу  принциптері.  Интерьерді  шартты  түрде 
үшке бөлуге болады: 
Жабық, күндізгі жарық пен табиғи ортадан толық оқшауланған интерьер; 
Жартылай  ашық,  қарапайым  терезелері  бар,  табиғи  ортада  күндізгі  жарықты 
өткізіп тұратын ғимарат интерьері
Ашық,  бір  қабырғасы  еденнен  төбеге  дейін  түгелдей  шыныланған  интерьер, 
күндізгі жарықпен жарықтанған ғимарат (кіре берісі толық ашық, әйнектелмеген ғимарат 
та ашық интерьерге жатады) 
Жабық  интерьерлер.  Бұл  барлық  мүмкіндіктері  қарастырылған  залдар  мен 
кабинеттер,  фойелер.  Мұндай  интерьер  түсірілімге  жиі  пайдаланылады:  түрлі  сюжеттер 
түсіріледі,  фильмдер  қойылады.  Жабық  интерьерлерде  терезе  болмайды,  сондықтан 
оларда  табиғи  жарықтың  болмауы  мүмкін.  Сол  себепті  операторға  жарықтандырғыш 
құралдар қолдануға тура келеді. 
Түсірілім  жасайтын  интерьерлер  сәулеттік  шығармашылықтың  аса  кұнды 
туындысы  болып  табылады.  Сондықтан  оларда  мұражайлық  экспонаттар  да  кезігеді. 
Мұндай  жағдайда  оператордың  жұмысы  күрделене  түседі.  Жарықтандырғыш  құралдар 
бағаналардың  артқы  жағынан  түсіріледі.  Жарық  есіктің  жақтауларында,  бұрыштарда, 
баспалдақтарда  «жасырын»  тұрады.  Антресолдар,  қабаттағы  белдеушелер  фон  ретінде 
қолданылады. 
Егер  интерьердің  қабырғалары  ақ  түсті  болса,  құрылғылардың  сәулесі  тікелей 
қабырғаға бағытталады. Олар камераның назарынан тыс тұрған жерлерге, мәселен бөлме 
төбесіне  қарай  түсіріледі.  Барлық  түсірілім  кеңістігін  толтыратын  жарық  пайда  болады. 
Бұл композицияның негізгі элементтерін бөліп көрсету үшін қажет. 
Жарық  теңдестірілімімен  жалпы  бейнелік  шешім  сәйкестігі  сақталатыны  белгілі 
(күндізгі немесе түнгі көрініс). Хроникалы (оқиғалы) хабарларда, сондай-ақ үзіліс кезінде 
залдан түсірілім жасалатын жиындарда сұхбат алуға тура келеді. Түсірілімдердің мұндай 

 
175 
түрлерінде  жиі  кездесетін  қателіктер  бар:  біріншіден,  мінберге  шығып  сөйлеушілерге 
жарықтың әлсіз түсуі; екіншіден, көрініс  арасындағы  жарық теңдестірілімінің бұзылуы. 
Кейде  сөйлеушінің  беті  жарықпен  ашық  «айшықталып»,  яғни  жарық  кадрдың  басты 
нысаны  болып  табылатын  –  бетке  түседі  де,  адамның  кеудесінен  төмен  дене  мүшелері 
мүлдем қараңғылықта қалып қояды. Мынаны ұмытпауымыз керек: ең ірі планды түсіру 
барысында  да  біз  фон  ала  алатындай  жағдайда  тұруымыз  қажет.  Оның  мөлшері  кадр 
алаңының 
2
/
3
 бөлігін қамтуы тиіс. Нашар жарықтандырылған орта аяқталмаған түсірілім 
қалыптастырады. 
Бұл  жағдайда  басты  нысанның  шығып  сөйлеуші  екенін  міндетті  түрде  бақылап 
отыру  қажет,  ол  сауатты  жарықтандырылуы  тиіс.  Бұл  тұста  екінші  планға  да  қажетті 
назар  аударған  жөн.  Себебі  онда  әрекет  жүріп  жатады:  адам  әңгімелеседі,  ары-бері 
қозғалады, демек онда тіршілік бар деген сөз. 
Жартылай  ашық  интерьерлер  қалыпты  терезесі  бар  ғимараттарда  кезігеді: 
пәтерлер,  оқу  дәрісханалары,  кеңселер,  дүкендер  т.б.  Бұл  жағдайдағы  түсірілімнің 
күрделілігі мынада: мұндай ғимараттардың терезелерінен 5500К-ға тең температурадағы 
күндізгі жарық түседі. Жасанды жарықтандыру көзі ретінде лампалар, гологенді шамдар 
т.б. қолданылады. Олар 3200К-ге тең жарық температурасын береді. 
Жартылай  ашық  интерьердегі  жарықпен  жұмыс  істеу  барысында  күндізгі  жарық 
мөлшерін беретін 5500К түс температурасын және температурасы 3200К-ға тең жасанды 
жарықты пайдаланамыз. 
Күндізгі  және  жасанды  жарық  араласқан  тұста  нысанның  жарық  түскен  беті 
біршама  бұзылады.  Мұндай  көрініс,  әсіресе,  адамның  бетінде  анық  байқалады.  Егер 
күннің  шуағы  мол  болса,  адамның  беті  сарғыш  түске  боялады,  ал  түстің  екі  түрі  тең 
келсе, нысан сұр түске ауытқиды. 
Жартылай  ашық  интерьер  кезінде  түсірілім  бағытының  кем  дегенде  үш  түрлі 
нұсқасын алу керек. 
Бірінші  нұсқа:  Терезе  алдындағы  түсірілім  (2-сурет).  Терезе  және  терезе 
сыртындағы  кеңістік  кадрдың  негізгі  түсі  болып  саналады.  Түсірілімге  түсетін  адам  не 
терезеге арқасын беріп отырады, не камераға 
3
/
4
 бөлігімен ыңғайлай жайғасады. 
Бұл  нұсқада  адамға  негізгі  жарық  камера  арқылы  беріледі.  Егер  біз  нысанды 
жасанды жарық режимінде түсіретін болсақ, онда жарықтандыру көзі түс температурасы 
есебінде  3200К  мөлшеріне  тең  келеді.  Бұл  көрініс  №1  камерадағы  фильтр  арқылы 
түсіріледі.  Біз  түсірілетін  нысанды    қызыл  жарықпен  (3200К  мөлшерінде) 
сәулелендіреміз.  Ал  көк түс жағдайында күндізгі  жарықтандыру әсерін алу үшін 5500К 
мөлшерін пайдаланамыз. №1 фильтр  кезінде бет қалыпты  жарықпен қамтамасыз етіліп, 
терезенің артындағы алаң көк түске айналады. 
«Түс тегершігінің» схемасынан көріп отырғанымыздай, ақшыл қызыл түс (жылы) 
пен аспан көк түс (салқын) бірін-бірі толықтырып тұр. Психологиялық түрде біз «жылы» 
нысандарды алға тартамыз да, «суық» нысанды артқа ысырамыз. 
Егер  терезе  кадрдың  айтарлықтай  бөлігін  алып  жатса,  оператор  диафрагманы 
пайдаланады.  Ол  терезенің  сыртындағы  заттардың  табиғатын  жарықтандыруға  сәйкес 
келуі  тиіс.  Бұл  кезде  жарық  теңдестігін  ұстап  тұру  үшін  камерадан  түсірілетін  нысанға 
жарықты  молынан  бағыттаймыз.  Бұл  жарық  та  диафрагмаға  сәйкес  келуі  қажет. 
Түсірілетін адам бетінің жарығы дұрыс ойластырылған кезде ғана бейнелі портретті ала 
аламыз.  Егер  жалпы  пландағы  түсірілімге  жарық  жетіспейтін  болса  (№1  түсірілім 
нүктесі),  орта  план  екі  терезе  арқылы  түсіріледі  (№2  түсірілім  нүктесі)  немесе  пландар 
бір терезе арқылы қамтылады (№3 түсірілім нүктесі). 
Екінші  нұсқа:  Терезе  жақтауындағы  түсірілім  (3-сурет).  Бұл  нұсқада  жарық 
терезеден  түседі.  Егер  түсірілім  нүктесі  мектеп  бөлмесінің  қабырғасында,  тақта  ілінген 

 
176 
тұста  болса,  ал  оқушылар  камераға  бетін  қарата  отырса,  күндізгі  жарықтың  мөлшері 
5500К-ға  тең  болады.  Терезеден  түскен  мұндай  жарықтар  «суретке  түсуге  ыңғайлы 
жарық»  деп  аталады.  Ал  3200К  мөлшеріндегі  электр  шағылыстырғыш  құралдардың 
жарығы,  оның  ішінде  камерадан  берілетін  жарық  та  бар,  «толықтырушы  жарық»  деп 
аталады.  Бұл  жерде  күндізгі  жарық  пен  жасанды  жарықтың  араласып  кеткенін 
байқаймыз.  Мұндай  кадрларды  түсіру  барысында  оператордың  үш  түрлі  мүмкіндігі 
болады:   
Түс  температурасының  жарықтық  легін  5500К  мөлшеріне  дейін  жеткізу  арқылы 
жеңілдеткіш  көгілдір  сүзгішті  электржарықтандыру  құралдарына  қою.  Камераға  табиғи 
жарық сүзгішін қою (№2 немесе №3 түсірілім). Табиғи режимде түсіру мүмкіндігін алу; 
Табиғи  режимде  түсіру.  Бұл  режимде  жарықтық  лек  беретін  «ДИГ»,  «АДБ», 
«ЛЮКСАР»  сияқты  электржарықтандыру  құралдарын,  яғни  күндізгі  жарыққа  жақын 
құралдарды пайдалану керек
Терезеден  түсетін  күндізгі  жарық  легін  электр  жарығы  арқылы  «үзіп  тастау» 
мүмкіндігі  (жасанды  жарықтандыру),  түсірілім  кезінде  №1  камерадағы  фильтрді 
пайдалану. 
Егер  біздің  түсірілімімізде  жасанды  жарықтың  қажетті  мөлшері  бар  болса,  ал 
терезеден түсетін күндізгі жарық интенсивті болмаса, мұндай түсірілім жасауға болады. 
Электр  құралдарынан  келетін  жарықтың  интенсивтілігі  терезеден  түсетін  жарықтың 
интенсивтілігінен 1,5-2 есе көп болуы тиіс. Сонда ғана біз көгілдір түстен, яғни күндізгі 
жарықтың араласуынан, түстің бұзылуынан арыламыз. 
Үшінші  нұсқа:  Терезе  арқылы  түсірілім  түрі  (4-сурет).  Түсірілімнің  бұл  түрі 
жасанды жарық болмаған жағдайда ғана жүргізіледі. Мұнда біз терезеден түскен күндізгі 
жарықты пайдаланамыз. Түсірілім табиғи режимде жүргізіледі. 
Ашық  интерьерлер.  Ашық  интерьерде  ғимарат  қабырғалары  еденнен  үйдің  ішкі 
төбесіне дейін айналы болады немесе үйдің кіре берісі ашық келеді. Мұндайда түсірілім 
табиғи режимде жүргізіледі. 
Жарық  қозғалысы.  Табиғат,  айналадағы  тіршілік  үнемі  дамып,  қозғалып 
отыратын  құбылыс.  Сондықтан  қозғалыстағы  жарық  үлгілерінің  қисапсыз  түрлері  көп 
[2]: 
Таң  шапағымен  күннің  алғашқы  сәулесінің  пайда  болуы  –  ағаш  ұштарының 
«қызыл жалынға» оранып, үй терезелеріндегі сәулелердің ойнақшуы
Судағы майда толқындар – олардың адамдардың жүздеріне, заттарға, қабырғаларға 
шағылысуы; 
Күн сәулесінің дірілдеген жапырақтарды «сыналай» өтіп, кейіпкердің бетіне түсуі; 
Найзағай жарқылының төңіректі жарықтандыруы; 
Алаудан пайда болған ұшқын; 
Өтіп бара жатқан көліктен түскен сәуле; 
Бірде  жанып,  бірде  сөніп  тұратын  жарнамалардан  түскен  ұшқындар  мен 
рефлекстер; 
Қозғалыстағы жарықты интерьерден де байқауға болады: 
Терезеге  ілінген  заттардың  желмен  қозғалуы,  бөлмені  жартылай  қараңғылыққа 
бөлейтін жарықтар, жартылай қараңғы түстер; 
Жасанды  жарық  көздері  –  төсек  орнының  жанындағы  түнгі  жарықтан  бастап 
концерт залының төбесіндегі орасан зор люстраларға дейінгі жарық түрлері; 
Жанып тұрған камин сәулелері; 
Көрші бөлмедегі жарық немесе бөлмедегі жарықтың біртіндеп жануы. 
Түр-түстің  қозғалысы,  жарықтың  біртіндеп  өзгеруі  операторға  сюжет  түсіруде 
ерекше қиындықтар тудырады. Оператор жарықтың белгілі бір түстік архитектоникасын 

 
177 
таңдап  алуы  тиіс,  ол  міндетті  түрде  көріністің  кескіндік-бейнелік  шешімдеріне  тәуелді 
болады.  Мысалы,  павильондағы  декорация  мен  кейіпкерлер  батып  бара  жатқан  күн 
жарығының терезеден түсетін ашық қызыл сәулесімен жарықтанады. Күн батады, ымырт 
түседі, жарық көкшіл-сұр түске айналады. Шам жанады. Декорация қайта жарықтанады, 
бірақ  ол  бұрынғыдан  өзгеше,  ұнамды  жарыққа  айналады.  Бұл  жарық  қозғалысын 
тудырған жағдайлар. 
Шағын  қонақ  бөлме  бұрышында  әйел  адамның  мрамордан  мүсінделген  сұлбасы 
тұр  –  бұл  қарапайым  портрет.  Портрет  терезеден  түскен  күндізгі  жарық  арқылы 
күнделікті күйбең тірліктен безінген мазасыз адамның кейпін береді. 
Күн  бұлттанды.  Терезенің  арғы  жағы  қараңғылана  бастады,  бөлмені  де 
қараңғылық  басты.  Найзағай  жарқылы  бөлмеге  қас  қағымдық  сәуле  шашты.  Суық  түс 
тыныштыққа  әсер  еткен  сияқты.  Терезе  әйнегінен  жүгіріп  өткен  көлеңкелер,  найзағай 
жарқылы әйел мүсініне жан бітіргендей. 
Бұлт  тарқады.  Адамдар  қонақ  бөлмеге  кірді,  камин  пешін  жақты,  жайбарақат 
риясыз  әңгіме  басталды.  Камин  пешінен  шашылған  жалынның  шуақты  жарығы 
әңгімелесіп  отырған  адамдарға  ғана  түспей,  мрамор  мүсіннің  де  бетін  аймалап  жатқан 
секілді.  Бұл  көріністен  тас  мүсіннің  сұлбасы  жұмсарды,  ол  жылудан  қыздырынған 
сияқты,  әңгімеге  де  қатысып  отырғандай.  Суық  мраморға  жан  кірді,  рухтанып  кетті... 
Бұдан  біз  жансыз  мүсіннің  қараңғылықта  өзгере  қоймайтынын,  ал  жарықтың 
қозғалысымен жан бітетінін байқаймыз. 
Бұл кинемотография мен телевизияға ғана қолжетімді жағдай. Ең бастысы, жарық 
үздіксіз  құбылып  тұруы  тиіс.  Өмірдің  шынайы  ағысы  ғана  тиісті  нәтижеге  жеткізеді. 
Мұндай  түсірілімді  жасау  оңай  емес,  бірақ  ол  толық  бейнелілік  экспрессиясын  бере 
алады. 
Тағы бір мысал. Екі адам машинада тоңып отыр. Кейіпкерлердің мұндай толқулы 
сәті түр-түстің құбылуы арқылы беріледі. Кадрдан бірте-бірте жылы түс жоғалады. Әлсіз 
шамның  қызыл  түсі  де,  автомобильдің  сары  жарығы  да  біртіндеп  сөнеді.  Кадр 
монохромға айналады. Өмірдің соңғы сәті келгенде жарық та суық болады екен. Мұндай 
кадр алу үшін грим, жылтырақ бутафорлар қолданылады. Бірақ басты бояу – түс болмақ. 
Мұндай мысалдарды көптеп келтіре беруге болады. Әрбір оператор өзінің ойы мен 
қиялы арқылы экранда осындай түрлі нәтижелер туындата алады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет