САБАҚҚА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР.
1-тапсырма.
Кәсіптік педагогика оқулықтарымен жұмыс істеуде, типі мен құрылымы бойынша оқу-тәрбиелік үрдісті ұйымдастырудың негізгі формасы сабақ деп қарастырылатынын түсініңіз.
2-тапсырма.
Төмендегі сабақтың түрін жіктеуді салыстырыңыз.
С.В.Ивановтың сабақтық типологиясы:
- кіріспе сабақтар;
- тақырыптың бастапқы танысу сабағы;
- заңдар, ережелермен орнатылған білім беру сабағы;
- практикадан алынған білімді сабақта қолдану;
- сабақ дағдылары;
- қайталау және талдап қорыту сабағы;
- бақылау сабақтары;
- аралас немесе қиыстырылған сабақтар
И.Н.Казанцевтің сабақтық типологиясы :
- әр түрлі сабақ түрлері;
- дәріс түріндегі сабақтары;
- әңгімелесу түріндегі сабақтар;
- сабақ-экскурсия;
- кино сабақтары;
- сыныптағы білім алушылардың өзіндік жұмыс сабақтары;
- зертханалық және басқа да практикалық сабақтар.
В.А. Онищуктің сабақ типологиясы:
- жаңа білімді меңгеру сабағы;
- дағды мен біліктілікті меңгеру сабағы;
- кешенді білімді қолдану сабағы;
- білімді талдап қорыту және жүйелілеу сабағы;
- білім, біліктілік және дағдыны тексеру, бағалау және түзету сабағы;
- аралас сабақ;
Н.П.Гузиктің сабақ типологиясы:
- тақырыпты ортақ талдау және оны зерттеу әдiстемесініңсабақтары (дәрістер);
- аралас семинарлық сабақтар (оқу материалдарына жеке жұмыс жүзеге асырылады);
- білімді талдап қорыту және жүйелілеу сабағы (тақырыптық сынақ);
-пәнаралық материалды негіздеу сабақтары (тақырыптық тапсырмаларды қорғау сабақтары);
- сабақ – практикумдары.
Сабақ типологиясын берілген тәсілдерінің қандай айырмашылығы бар, дәлелдеңіз.Қандай көрсеткіштер бойынша сабақтың типі анықталады? Сіздің ойыңызша қандай типология ұтымды?
3-тапсырма.
Екі сабақтың құрылымын талдаңыз және оларды анықтауда тәсiлдер ерекшелiгiнің мәнінашыңыз.
Аралас сабақ:
1. Ұйымдастыру бөлімі. Мақсат - жұмыс жағдайын жасау (1-2 мин).
2. Үй жұмысын тексеру: тақта алдындағы фронталды сауалнама, аралас сауалнама (ауызша және жазбаша) (10-12 мин.).
3. Жаңа білімді хабарлау, жаңа материалды талдау (әңгiме, әңгiмелесу, түсiндiрме, дәрiс жолдары, оқулықпен, картамен, дәптермен оқушылардың өзiндiк жұмысын ұйымдастыру) (10-30 мин.)
4. Жаңа материалды бекіту, алдындағы оқылған материалдармен байланыс орнат, жаттғулар, дидактикалық ойындар (5-15 мин.).
5. Үй жұмысы, оның мәні, орындау әдістемесі, орындау мерзімі, дифференциациялау және жекелендіру сипаты, практикамен байланысы, басқа пәндер бойынша тапсырмаларға қатынасы, оқу еңбегін ғылыми ұйымдастыру бойынша кеңес беру, тақтада білім алушылардың күнделігіне тапсырмалар беру, ал егер қажет болса дәптерге жазу. (5-10 мин.).
6. Сабақты қорытындылау– оқытушылардың көрсетуі бойынша ұйымдастырылады. (1-2 мин.).
Достарыңызбен бөлісу: |